Дыбыстарды жіктеу принциптері.

Азақ тілі. 1.Фонетиканың зерттеу объектісі, ғылым саласы ретінде зерттелуі. Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы – тілдік қатынас. әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүхзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқ орындалады. Сөйлеу – адамзат іс-әрекеттің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология , логопеди, тіл білімі т.б. ғылымдардың қарастыратын нысаны. Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі – фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді құрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Жүнісова М «Қазіргі қазақ тілі» бойынша: ХІХ ғ түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөнінде біраз пікірлер айтылған. Бұл туралы ең алғашқы мағлұмат берген Н.И.Ильминскийболды. Ол : «Қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа бөліп, сегіз дауысты дыбыс, 29 дауыссыз дыбыс», -деп атап көрсетті. Ильминский негізінен дыбыстардың орналасу тәртібіне қарап, ол артикуляциялық жағынан жақындығын ескерген деген болжамдар да бар. В.В.Радлов «Солтүстік түркі тілдер фонетикасы» -деген еңбегінде «қазақ тілінде 9 дауысты, 20 дауыссыз дыбыстарды атап»,- акустика-артикуляциялық топқа бөледі. В.В.Радлов қазақ , түркі тілдерінің жалпы дыбыстық жүйесіне, дыбыстардың сөз ішінде қолданылу ерекшеліктерін олардың дистрибуция кезеңінде, фонетикалық процесстердің заңдарына, сингормонизм құбылысына, екпін категориясына тоқталады. А.М.Мелиоранский қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеп, дыбыстардың жасалу орны мен комбинаторлық алмасуы үндестік заңы екпін мәселесіне қысқаша мәлімет береді. Ол; «Қазақ вокализмі 9 дауысты, консононтизмі 21 дауыссыз»,-деп Мелиоранский де Радлов сияқты Л сонор дыбысын жуан-жіңішке болып айтылатын дербес дыбыс деп түсіндіреді. Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары деген зерттеуінде (фонетиканың зерттелуіне) арнайы осы жүйесіне қатысты 1-2 пікір бар. қазақ тілі туралы әр жерде алғашқы шаруалардан, жиһанкездердің жазбаларынан басталған. Сондықтан бұл тақырыпты қазақ тіл білімінің ең байырғы және оның дамуының барлық дәуірінде де қайталана қаралып, келе жатқан әрі көне, әрі жаңа тақырыбы деуге болады. Қазақ тілі фонетикасы қалыптасуының алғашқы қадамы тілімізде қандай дыбыстар барлығын айқындаудан басталған. өйткені 20 жылдың аяғына шейін (1929ж) пайдаланып, араб графикасын ешқандай өзгеріссіз араб тілінде қандай болса, сол қалпында қолд келдік. айқап журналының 1912 жылғы бірнеше санында пікіралысу ұйымдастырылды. айтылған пікірлер қазақ тілінде қанша дыбыс бар, олардың 5 дауысты дыб деп жазды. Сөйтіп орыс түркітанушыларының дайын пікірлерін дұрыс пайдалана алмады. Фонетикаға байланысты 20 жылдар ішінде айтылған пікірлерде қазақ тіліндегі акустикалық жағынан жіктеу төңірігенде ғана болды. осы бағытта айтылған пікірлерді жинақтай келе 1929 жылы заңды негіздерге әліппеде қазақ тілінде 29 дыбыс бар. олардың 9 дауысты, 20 дауыссыз деп көрстетті. Ғылыми негізде зерттелу жайы. Қазақ тілінің фонетикасын ғылыми негізде зерттелуі Қазан төңкерісінен кейін ғана басталған.мектептерде арналған оқулықтардың ғылыми граммтикалардың кейбір монографиялық зерттеулердің нысанынан айналған. алғаш рет қазақ тілінің фонетикасы туралы жүйелі мағлұматты Құдайберген Жұбанов берген. 1932-1933 ж – оқу жылында КазПИ-дің залында өз лекциясын Қазақ тілінің фонетикасынан бастаған:1;Фонетика нендей ғылым? 2; тіл дыбыстарын қалай танып келдік, қалай тануға тиіспіз? деген мәселелерден бастаған. Фонетиканың зерттелу нысанын (обьектісін) анықтап, дыбыстардың өзіне тән қасиеттерін белгілейді;1; фонетика дыбыс болған жердің бәрін тексермейді, 2; фонетика адамның шыққан дыбыстардың бәрін зерттемейді.3; музыкада дыбыс, бірақ ол фонетика емес,4; бір тілмен сөйлейтін адамдардың дыбыстарының бәрін тексермейді,5; фонетика тілдік дыбыстарды тексереді,-дейді ол. «Фонетика»- дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылы» , -деген пікіі бар. 1936 жылғы Қазақстан баспасына шыққан «Қазақ тілі грамматикасының» 4 бөлісмі сөздің дыбыс құрылысына арналған. «Дыбыс деген не?; дыбыс пен мағына; дыбыстардың саны мен сапасы мәселелері» сөз болған. мысалы; осы соңғы дыбыс сапасы мен саны туралы мәселеде І.Жан «Қойшы ойы» деген өлеңінде 488 дыбыс бар. Олар 488 түрлі емес, 28-ақ дыбыс бар, оның 1-і -10 рет,1-і -50рет қайталанады. Сөйтіп 488 болып тұр. Мұндай стилистикалық тәсіл қазірдің өзіндеде лингвистикада жиі қолд. тіпті арнайы сабақ бар. ол пән лингвистикалық статистика деп аталады. Қ.Жұбановтың осы еңбегіндегі пікірлеріне тікелей тоқталайық: қазақ тілінде сапасы жағынан 26 дыбыс, олырды 3-ке бөлесіз: дауысты; дауыссыз; сонар. А,Е,О,У,Ы,Ұ,Ү,І,Ө І. Дыбыстау түріне қарай дауысты дыбыстар 3 бөлінеді: 1.1) толық дауыстылар: а, е, ә, ө, о 2) келте дауыстылар; ы, і мен ү,ұ 3) қосынды дауыстылар: ұу,үу,ый,ій 2. жасалу түріне қарай : 1) ерін дауыстыла: о,ө мен ұ,ү 2) езі дауыстылар: а,ә, ы, і, е ІІ. Дауыссыз дыбыстардың салдары басымдар: қ,к,ш,с,т,п,б,,д,ж,з,ғ,г (12) дауыссыздарды: үнділер, үнсіздер, үздіксіздер, көмей, тіс, ерін, жабысыңқы- жуасыңқы, сыбыр-сыбыс дауыссыздар деп бөледі. ІІІ.Сонар дауыссыздар: 1) тура жолды;у,й 2) айналма жолды:р,л,м,н,ң 3) мұрын жолды айналма: м,н,ң 4) ауыз жолды айналма; Р,Л дыбыстардың жасалуына дыбыс шығаратын апараттарға түгел тоқталады. Үнсіздер: қ, к, т, п, ш,с Үнділер: ң, г, д, б, ж,з Сонарлар: у, й, һ, л, м,н,р Көмей: к,қ, ғ, г,ң Ерін: п,б,у,м Тіс ; т, ш,с,д,ж,з,ң Таңдай: й,р жасалу түрлеріне: 1) жабысыңқы: қ,ғ,г,б,п, 2)жуасыңқы: т,с,д,з,ш,ғ,ж Профессор Қ.Жұбанов – ғылымда 1930 ж бастап көзге түскен ғалым. ол өзінің 1933 жылы «Политехникалық мектеп» деп аталатын журнал беттеріне жарияланған «Қазақ тілінің ғылыми курсу жөніндегі лекциялар» дейтін еңбегінде «Қазақ тілі- осы уақытқа шейін жүйелді түрден тексеріліп ғылым тезіне түспеген ғылым. бұл уақытқа шейін қазақ тілін зертеудің бәрі де тиіп-қашпа зерттеулер, терең қаралмаған, үстірт қана, негізгі мәселелерді қамтымаған. граммтикалық әдебиеттердің барлығы – мектеп граммтикалары, - деп жазды ол. Бұны сол дәуірдегі ғылыми дәрежеге беріәлген әділ баға деп тану керек. Жұбановтың ғылыми курсы фонетикадан бастап: ғылыми фонетиканың нысаны, тіл дыбысмтар, ғылымда орныққан пікірлер, оларға автордың өз көзқарасы тәрізді мәселелрде ғана қамтии алды. оны анықтауға ғалымның өмірі жетпеген. лекцияның соңына жалғасы бар деген белгі ұсынған. Ғылыми фонетикаға қатысы бар тағы бір еңбегі: «История фонетики каз. яз.» деген атпен 1935 жылы мақала түрінде жарияланған. мұнда да тарихи фонетика кіріпсе бастама пікір ғана айтылған. Қ.Жұбанов жекелеген тіл салаларына тоқталған. «Қазақ сөздерінің буындық құрамы мәселесінде: буынның тек дауысты дыбыстар арқ жасалатынын түсіндіре келіп, құрамындағы дыбыстар соңына қарай 1 дыбысты екі дыбысты, 3-4 дыбысты» деп бөледі. Әрқайсысының қандай дыбыстық құрамында болатынын тоқталады. Жұбановтың үндестік заңдары мен екпін мәселесіне тоқталған піәкірлері бар. 1940 ж шейін мектеп оқулығы дәрежесіндегі грамматика болғаны рас. Н.Сауранбаев қазақ тілінде 32 фонема бар дейді: а,ә,б,г,л,е,(э),ж,з,и,к,л,м,н,о,п,р,с,т,у,ш,(ү),ы,і.қ,ө, ұ, ү, ң, е, ф,х. в, һ. 1953 ж Сауранбаев жоғарыдағы ф, х,в,һ дыбыстарын қазақ фонемаларының құрамынан алып, й, у сонар дыбыстарын қосады, 29 деп көрсетеді. 1954 ж «Қазіргі қазақ тілі» оқулығын (автор Смет Кеңесбаев) баспадан шығады. фонетикаға қатысты мәселелер жан-жақты қамтылған. Сондай да тарихи, эксперименттік салыстырмалы фонетикалық салаларының проблемалары шешілмеген еді. 1981 жылға дейін осы проблемалар бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды. Фонетиканың структуралық және математикалық жолымен анықтау, машина арқылы аударма жұмысын жүргізу мәселесі қолға алынды. Қазақ тілінің дыбыстары соңғы жылдарда эксперименталды зерттеліп, оның анатомиялық-физиологиялық акустикалық жақтарын анықтайтын Қазақстан Респуб Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында тәжірибе фонетиксының лабараториясы құрылды. Апараттармен жабдықталған лабароторияла тіл дыбыстарының ждсалу орнын дәл , анық білуға акустикалық сапасын анықтаужұмысы жүргізіледі. Қазіргі қазақ тілінің тәжірибе фонетикасы бойынша Ә.Жүнісбековтың «Қазақ тілінің дауысыталы артикуляция-спектралдық жағынан талдау» деген жұмысы, М.Райымбекованың «Қазақ дауыстылардың созылыңқылығын зерттеу» , С.Татубаевтың «Дауысты дыбыстар спектіріне статистикалық талдау» зерттеулері бар. Қзақа тілінің дыбыстық жүйесі басқа да түркі тілдерімен салыстырыла зерттеліп жүр. Б.Қалиевтың Қазақ , қарақалпақ тілдеріндегі салыстыра қаралған еңбегі . Тарихи фонетикаға байланысты жазылған еңбектерде Орхон-Енесей жазба ескерткіштері , ортағасырлық әдебие мұраларының дыбыстық жүйесі мен қазақ тілінің тарихи фонетикасына байл зерттеулерді атауға болады. Ә.Құрысжанұлының «13-14 ғ ескі қыпшақ эазба ескерткіштері тілінің фонетикалық құрылысы» . Ж.Аралбаевтың: «Қазақ тілінің тарихи фонетикасы», Ғ.Айдаровтың «Орхон-Енесей жазу нұсқаларының фонетикасына мағлұмат», Қ.Ш.Хұсайыновтың «В.В.Радловтың еңбектерінде қазақ тілінің фонетикасы мен лексиканың зертелуі» атты еңбектері т.б. Фонетиканың даму, қалыптасу жолдары. Тіл білімінің бір саласы б.т\ын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары-күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді. Фонетиканың зерттеу нысаны: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, буын, екпін, орфография мен орфоэпият.б. фонетика ғылымы алға қойған мақсатын ақарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. 1)Салыстырмалы фонетика-тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады (синхрониялық). 2)Тарихи фонетика (далахрониялық) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. 3)Салыстырмалы фонетика- тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтарын қарастырады. 4)Салғастырмалы фонетика-тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді. М: қазақ тілі мен орыс тілдерінің не қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айрым белгілерін анықтауосы салғастырмалы фонетиканың міндеті. Қазақ тілінің фонетикасы туралы алғаш пікір Ильминский еңбегінде айтылады. Оның 1860ж жазылған, «материалы кизучению киргизского наречие» деген еңбегі бар. Одан кейін Радлов еңбектерін атауға болады. Ал қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, есімдерімен байланысты. А.Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.Бұл еңбегінде автор дыбыс, дыбыс түрлері, жіктелуіне тоқталған. Ал Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»1966ж жарық көрген еңбегінде осы фонетика мәселесі де сөз болған. Сонымен қатар Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, Базарбаева, т.б.көптеген ғалымдар өзіндік пікрлер айтып, фонетика саласын зерттеген. Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.\r\n\r\nҚазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш — өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.\r\n\r\nСөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.\r\n\r\nДыбыс. Әріп. Фонема.\r\n\r\nФонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар — әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ. 2. Дыбыс, әріп, фонеме.Дауысты, дауыссыз дыбыстар олардың жіктелу емлесі. Сөздің айтылуы бар да‚ жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл – жазылған (көзбен көріп отырған) тіл‚ яғни сөзді қатесіз жазу‚ жазылуындай етіп оқу. Ал айту (сөйлеу) соның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек. Дұрысы‚ жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда‚ әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де‚ содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы‚ оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау‚ оқу‚ жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны‚ сөздің өмір сүру формасы –дыбыс. Әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі (мәселен‚ д‚ d, ﺪ т.б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және есітеміз‚ ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу‚ айналып келгенде‚ дыбысты айту болып шығады. А. Байтұрсынов өзінің алғашқы “Тіл – құрал” деп аталатын еңбегінде (1914 ж.) осыны айырықша қадағалап айтқан: “Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-бірін қатыстырып‚ шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін‚ көзге көрінбейтін нәрсе‚ қарып көрінетін‚ естілмейтін нәрсе”. Содан бері 90 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым да аса қажетті қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз. Фонетика оқулығының өзінде әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жүр. Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен‚ о‚ ө‚ ұ‚ ү)‚ кейде бір әріп (мәселен‚ ю‚ я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу‚ йүу‚ йа) өрнектейді. Керісінше‚ кейбір әріптердің (ь‚ ъ) дыбыстық мәні жоқ. Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен‚ адам‚ ана‚ жер‚ кісі‚ ойла‚ ат‚ қара‚ қызыл‚ кел‚ ескер‚ сент.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы‚ ойланба‚ тонға‚ басшы‚ көзсіз дегендер айтуда оқұ‚ ойламба‚ тоңға‚ башшы‚ көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі. Фонетика үшін сөздің жазылуы емес‚ айтылуы маңызды. Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызметінің жемісі. Дыбыс жеке тұрып дыбысталады‚ бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса‚ дыбыстар тілдің мағыналы бөлшектері сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады. Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінде санаулы ғана дыбыстар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас‚ көз‚ жер‚ су‚ адам‚ үй‚ қоян‚ сиыр‚ ауыл‚ қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай‚ мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса‚ дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет етеді. Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал‚ мал‚ қал‚ жал‚ сал‚ тал; жай‚ жақ‚ жап‚ жар‚ жас‚ жат‚ жау; бар‚ бер‚ бор‚ бүр‚ бұр‚ бір сияқты дыбыс тіркестерінің әртүрлі сөздер екенін бірден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне ұқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ‚ дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады (малдың‚ малға‚ малды‚ малы‚ малда т.б.). Қысқасы‚ тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға)‚ тануға (түсінуге)‚ ажыратуға қызмет етеді. Бұл дұрысы‚ фонемалардың негізгі функциясы (гр. орындау‚ атқару)‚ қызметі. Фонема (гр. phonema – дыбыс) – сөздер мен морфемаларды құрастырып‚ оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде‚ әдетте‚ біз ойланғаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар‚ олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне‚ фонемаларға топтастырылады. Мәселен‚ ат‚ ет‚ от‚ өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар. Шынтуайтқа келгенде‚ дауысты дыбыстардың әсерімен ол (т дыбысы) бірде жуан (ат‚ от)‚бірдежіңішке (ет‚ өт)‚бірде еріндік (от‚ өт)‚ бірде езулік (ат‚ ет) болып‚ біршама ауытқу‚ ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да‚ қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай аукытқу‚ рең тіл білімінде аллофон(гр. allos – басқа) делінеді. Сондықтан сөз дыбыс емес‚ фонемадан құралады десе де болады. Фонема сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған – орыс және поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртенэ. Осы уақытқа дейін түркологияда‚ соның ішінде қазақ тіл білімінде де фонема сөзі өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды. Ол үндіевропа тіліндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін‚ ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек‚ түркі тілдерінде бұған сингармема тіпті синема деген атаудың лайықты болатынын айтады. Бұл атаулар сингармонизмнен туындайтынын аңғару қиын емес. ауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. А.Байтұрсынов: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді», ─ дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның өзі сол кездегі араб графикасына негізделген. Ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны жеті, сегіз, тоғыз, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес болып келеді. Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы ешқандай дау тудырмайды. Қазіргі қазақ тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны ─ тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық ─ қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Оларды (и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады. Мұндай дауыстылар бар десек, тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі т.б. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сонымен, қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі. Тілдің қатысына қарай:        Жуан (гуттураль)дауыстылар: а, о, ұ, ы, у; Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и. Жуан дауыстыларды айтқанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріңкілейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Еріннің қатысына қарай: Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у; Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и. Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігі) танып білуде маңызы зор. Жақтың қатысына қарай: Ашық дауыстылар: а, ә; Жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е; Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у. Ашық дауыстыларды айтқанда, астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда, екі жақ бір-бірінен қашықтай түседі де, қысаңдарды айтқанда, бір-біріне жуықтай түседі. Қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде осы уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ә, о, ө, і) және қысаңдар деп екіге бөліп келді. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің құрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, і) монофтонг (жалаң дауысты), үш (о, ө, е) дифтонг бар дейді. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстардеп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар:1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар. 1.Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ. 2. Ұяңдауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з– салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақболады. 3. Үн мен салдырдыңқатысынан жасалып, салдырдан үнбасым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң. Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұпқұрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады. Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстарболып саналады. Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б. Қазақтың төл сөздерінде л, рдыбыстарының алдынаны, ідыбыстары айтылады, бірақжазылмайды.

Дыбыстарды жіктеу принциптері.

Дыбыс. Дыбыстардың жіктелу принциптері. Түрлері.Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақ ғасырлар бойы дамып келе жатқан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді.Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазу кең тарағанымен,айту маңыздырақ, себебі әр адам алдыме сөйлеуді үйренеді де содан соң жазуғк көшеді. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, жазу, оқудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Сонымен дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін олардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, әр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын , т.б.қасиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық заңдылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар дауысты және дауыссыз болып 2 үлкен топқа топтастырылады: қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н.И. Ильминский, В.Радлов, Мелиоранский, Н. Созантов т.б. еңбектерін атауға болады. Ал қазақ ғалымдарынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Мырзабеков, т.б. атауға болады.Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,е, и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай, жақтың қатынасына, еріннің қатынасына қарай деп 3 топқа жіктеледі: Тілдің қатынасына қарай:жуан: а,о,ұ,ы,у; жіңішке: ә,ө,ү,і,е,у,и. Жуан дауыстыларды айтқанда тіл сәл артқа қарай тардылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішке дыбысты айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Еріннің қатынасына қарай: еріндік : о,ө,ұ,ү,у,. Езулік:а,ә,ы,і,е,и. Еріндік даауыс-ы айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Жақтың қатынасына қарай: Ашық: а,ә,ө,о,е,; қысаң: ұ,ү,ы,і,и,у. Ашық дауыстыларды айтқанда үсііңгі жақ қозғалмай, астыңңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаң дауыстыладрды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі.Тілімізде дауыссыз дыбыстар саны 26. Ауаның өкпеден еркін шықпай, дыбыстау мүшелерінің біріне соқтығысуы арқылы жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстар акустика-артикулациялық ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді.1. Дауыстың қатынасына қарай: қатаң: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,п,ц,ч; ұяң:б,в,г,ғ.д,д,ж,з; үнді л,м,н,ң,р,й,у; Айтылу жолына қарай: шұғыл :п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң, ызың:ф,в,с,ш,ж,з,х,һ,ғ,л,й,у, діріл: р. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де шұғыл қайта жалғасады.Ал ызыңды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады. Діріл дауыссызы тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.3жасалу немесе айтылу орнына қарай: ерін фонемалары: п,в,б, ф,м,ц; тіл фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,л,р,й. Көмей фонемасы:һ.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі»бойынша:

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер(лат. Дауысты)- сөздің жаны, сөздің жанды тамыры. Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлер орыс ориенталистері Н.И.Ильминский, В.в.Радлов, П.М.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов т.б. зерттеушілердің еңбектерінен табуға болады.

Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байт есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты(а,о,ұ,ы,е), он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты деген. Қорыта айтсақ, А.Байт еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,і. Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрінде жіктелді.

Белгілі лингвияст Қ.Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударды. Ал автордың «Қазақ тілі граммтикасы» еңбегінде 1936ж бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді.

1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х,,ф,втаңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а,е,ә,о,ұ,ү,ы.і.и.у,ө дауыстылары нақтыланып, снаы 11-ге жеткізілді.

1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э,ю,я әріптері қосылды.

Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М.Балақаевтың «Қазақ тілінің граммтикасында» 13 дауыстыны (а,о,ұ,ү,і,э,е,у,и.я,б) көрсетеді. 1944 жылы Ғ.Бегалие пен Н.Сауранбаевтың педучилише оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің граммтикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. 1954 жыыл «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекте қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. мұның фонетика тарауын академик С.Кеңесбаев жазған бұл оқудлықта қазақ тілінде 11 дауысты көрсетілді.

Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә.Жүнісбеков: «Строй каз языка.Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.

Тілші С.Мырзабеков сөздерінің құрамындағы и,у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгойд та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысына екі дыбыстың ұу,ыу,іу,ый,ій қосындысы екенін айтады.

Бүгінге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а,ә,о,ө,ұ,у.і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын 12 деп көрсетеміз: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у.ы.і.э.

Қазақ тіңліндегі дауысты дыбыстар жалаң(монофтонг) және құранды (дифтонг)болып 2 бөлінеді. Жалаң джауыстыларға мыналар жатады: а,ә,ы,і,ұ,ү. Құранды дауыстыларға : е,и,о,ө,у

Белгісіз автор:

Дауысты дыбыстар олардың фонетикалық сипаты.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттерін еқарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып 2 үлкен топқа бөлінеді. .Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,е, и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э.Қазақ тілінде дауысты дыбыстар: тілдің қатынасына қарай жуан, жіңішке; жақтың қатынасына қарай: ашық, қысаң, еріннің қатынасына қарай: еріндік, езулік болады. Жуан: а,о,ұ,ы,у; жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,і,и,э,е. Жуан дауыстылар дегеніміз-тілдің ұші кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Жіңішке дауыстылар деп-тілдің ұшы ілгері қарай созылып жатуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды айтамыз. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық д.дыбыстар дейміз. Оларға:а,ә,ө,о,е. Қысаң дауыстылар дегеніміз-жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды айтамыз: ы,і,ұ,ү,у,и; Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы рақылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дыбыстылары дейміз. Оларға: о,ө,ұ,ү,у. Ал езудің кейін тартылуы арылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауысты дыбыстар д\з: а,ә,ы,е,і,и,э. Дауыстылардың айтылу, жазылу ерекшелктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынадай сипаттама беруг еболады. А-тілде ең көп кездесетін, көнеден келе жатқан дыбыс. А сөздің кез-келген буынында келе береді.а-жеке тұрып сөз, сөздерге жалғанатын қосымша да бола алады. Ал ә дыбысы сөздің басқы буындарында ғана сирек кездеседі. ә дыбысы жіңішке буында келеді. Ы, і, е дыб-ы езулік, қысаң және қолданылуы жағынан бір біріне ұқсайды. Ы, і, е дыбыстары сөздің барлық буындарында жазылады. ө,о,ұ,ү дыбыстары көбіне сөздің басқы буындарында жазылады. И дыбысы орыс тілі арқылы енген сөздердің құрамында ғана кездеседі.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, түрлері.

Ф.Оразбаева, Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі»бойынша:

Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда саны -25, кейде26. бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығында «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң» дейді.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер-дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат,ет, от, өт. мұнда бір ғана т-ның 4 үрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік(ат), жіңішке езулік(ет), жуан еріндік(от), жіңішке еріндік(өт). осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік(у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингорматиптен немесе 66 сингорма-дауыссыздан құралады. Басқаша айтқанда 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б,ғ,г,д,ж,з,й,қ,-к,л,м,н,ң,,п,рс,т,у,ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбысы жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.

Қазақ тіліндегі дауыссыздыбыстардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40ж дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ,ғ мен к,г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай-ақ й,у (кейде р,л) дыбыстарын кезінде А.Байт, х,Досмух және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.

Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в,ф,ц,ч дыыбстары негізінен орыс сздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад.І.Кеңесбаев: «Орыыс графикасы негізінде қазақ әдебюи тіліне в,ф,ч,х тәрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде «қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в,ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары еебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады.

Дауыссыз дыбыстар аустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай 3 жіктеледі:олар:

1. дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:а) үнділер: л,м,н,ң,р,й,у; ә) ұяңдар: б,в,г,ғ,д,ж,з;б) қатаңдар: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц, чұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.

2. дауыссыздардың айтылу (ауаның шығу) жолына қарай: а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч.м,н,ң; ә) ызың (фрикатив)дауыссыздар: ф,в,с,ш,ж,з,һ,ғ,л,й,у; б) діріл дауыссыз;-р

3. жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай: а) ерін (лабиаль) фонемалары: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч.кг.қ,ғ,х,ң,л,р,й; б) көмей (фарингаль) фонемасы:-һ

тіл фонемалары 3 бөлінеді:

а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х

белгісіз автор:

Дауыссыз дыбыстар. Фонетикалық сипаты.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттерін еқарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Өкпеден шыққын ауаның кедергіге ұшырап, дыбыстау мүшелерінің біріне соқтығуы арқылы жасалған дыбыстарды дауысссыз дыб.д.а. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс ба. Олар :б,в,г,ғ,д,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,т,(у), һ,х,ц,ч,ш,қ,ф. Дауыссыздар үн мен салдыр қатынасына қарай қааң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді. Тек қана салдырдан жасалған дыбыстар қатаң бауыссыз дыб-р д.а. Оларға : п,ф,к,қ,т,ш,с,х,п,ц,ч; дыбыстары жатады. Үн мен салдардың қатынасы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дау\з дыб\р д.а. Бұларда үн мен салдыр басым болады б,в,г,ғ,д,з,ж,һ. Ал үн мен салдырдың қатынасынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз дыбыстар д\з: л,р,м,н,ц,и,у. 2)Дау\з дыб\р айтылу жолына қарай:шұғыл дауыссыздар:п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң,; ызың дауыссыздар: с,ш,щ,ф,в,ж,з,ғ,л,у,ш,; діріл дауыссыздар:р болып бөлінеді. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері бір іріне жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жасалады. Ал ызыңды айтқан кезде дыбыстау мүшелері бір біріне жуысып, ауаның жолын барынша тартады. Діріл дауыссызы (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады. Жасалу не айтылу орнына қарай:ерін фонемалары:п,б,м,ф,в,у; тіл фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,қ,г,ғ,х,ң,л,п,һ,й; көмей фонемасы б\ып 3-кежіктеледі.

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық негізде жіктелуі.

Сапархан Мырзабек «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» 1999:

Жасалу немес айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен 3 топқа бөлінеді: а) ерін (лабиаль) фонемалар: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,гқ,ғ,ң,л,р,й; Б) көмей(фарингаль) фонемасы: һ.

Ерін фонемалары іштей еріндік «п,бм,у) және ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене ерін үстіңгісі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады: тіл фонемалары үшке бөлінеді: а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х.

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның проктикалық мәні аз.

Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен,қан, қон сөздерініңң соңындағы н дыбысы қосымша жасалған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы «(қанмен, қамды)болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.

ҮНСІЗДЕР:артикуляциялық жақтан ұқсатығының арқасында б,п, және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады: мысалы: -бын/-пын/-мын;-мыз/-пыз/-быз; -мен/-бен/-пен, -ма/-ба/-па т.б. сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыыбстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: ақпаба(ақ бала), сәрпай (сәтбай), қабады(қап-ады). Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып(тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп).

І.Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығындағы келген б дыбысы? А) б мен в-ның аралығынан айтылады. ә) «ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылды. Б) в-ға әнтек бейімделу айтылады.

М.Дүйсебаева: «Қазақ тіліндегі қос ерінді (билабиаль) б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, сонар дыбыс пен дауысыты дыбыстың арасында , ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысына жуық айтылады. Мысалы: Бурабай, әрбір, Ақтөқбе, қабақ, әдеби, жазба, жабу, табу, сабақ сөздері Бұуравай, әрвір, ақтове, қавақ, әдеви, жазва, жавұу, тавұу, савақ түрінде айтылып тұр»,-дейді.

А.Айғабылов в-ның өрісін ұзарта түседі. Оның түсінгенше, дыбдыр, сыбдыр, күбжіңде, абзал сөздері «тек дывдыр, күвжіңде, авзал» түрінде айталыды., сондай-ақ «алып жібер, сатып же, доп жоқ тіркестері айтылуда алыв жібер, сатыв же, дов жоқ болып айтылады.

М.Серғалиев: «Қазақ тілінің табиғатын толық игергісі келген адамның сөйлеу тіліндегі б дыбысының әр алуан дыбысталуын білгені жөн. Сөз ішінде немесе сөз аралығында а,ә,е, о,ө,ұ,ы,і дыбыстарынан кейін екі дауысытының аралығында, сондай-ақ з,й,л,р,у дауыссыздарынан кейін келсе және д,з,ж, дауыссыздарының алдында тұрса, в дыбысына жуық айтылады: жав-жаңа, (жап-жаңа), бір вет(бір бет), бөкевай (бөкебай), кевенек(кебенек).

1941 жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» өңделіп 3-рет басылды. Қаулы мен енген аталған үш әріп (в,ф, х) дауыссыздарыдың қатарынан орын алды.

Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму ,жолдары» (1987) д.а. еңбегінде аталған әріптердің қөазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сыналып ені жолын қадағалайды. Ол 1944 жылы педучилищеге арналған «Қзақа тілі грамматикасы» оқулығының авторлары Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиевтің «қазақ сөздерінде қолданылмайтын ф,в,х дыбыстарын қазақ фонемалары тобына қосуларына... қосылуға болмайды»,-десе, «Аталған оқулығының түзетіліп, тек өз атымен ғана 1953 жылы шыққан басылымында Н.Сауранбаев жоғарыда көрсетілген ф,х,в,һ дыбыстарын қазақ фонемалары құрамынан шығарып» тастағанын айтады.

ҮНДІЛЕР. Үнді дауыссыздарыда салдырдан үн басым болады да, олар «н –нан» басқасы дауысыталыр сияқтыөзге дыбыстарыдың әсерінен алмасуларға ұшырамайды.

М фонемасы артикулияцисы жағынан ұяң б мен ұқсас тек м*да дауыс басым, ауа мұрын арқылы шығады. Үнемі м сөздің барлың позициясында актив қолд және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. Сөз басында 20955 сөзде ұшырайды. Бұл жағынан ол алғашқы ондықтың қатарында тұр.

Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тісіне (қызыл иекке) нық тиіп, тиез ажырауынан жасалады. Тіл ұшы төменгі күрек тіске тіреледі. Не сәл жоғарырақ тұрады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде ұшырайды. Бұл фонемадан басталатын 788 сөздің дені өзге тілдерден енген сөздер. Н өзінен кейінгі көрші п,б,м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс(Жанпейіс), жамбады (жанбады), қаммен( қанмен) және қ ,к,ғ,г-нің әсерінен ң: жаңға(жанға), кеңге(кенге), сәңқой(сәнқой) болып айтылады.

Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ауаның шығу жолына қарай м,н,ң мұрын жолды үнделер д.а.

Ң сөз басында мүлдем кездеспейді, ал қалған позицияларда актив қолд, бірақ өзгеріске ұшырамайды. Буын ң-нан бастала береді:жа-ңа, әке-ңе,ата-ңа, ө-ңеш т.б.

Л фонемасын айтқанда тілдің ұш жағы үстіңгі күрек тіспен қызыл иекке тіреледі де , орта тұсы ой түсіп, арт жағы жұмсақ таңдайға қарай көтеріліп, кейін тартылады. Тілдің екі бүйірі тқмен түмсіп ауаның өтуіне мүмкіндік береді, мұны әдетте қос бүйір фонема дейді.

 

3. Буын буынның түрлері. Буынның алмасуы, жылысуыСөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.

Дауыстыдыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыздыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қаншадауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы,қарлығаштардың деген сөзде бес дауыстыдыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

Бір дауысты дыбыстан құралған жәнедауыссыз дыбыстанбасталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буындеп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға,т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буынжалаң ашықбуын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та,т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстанбасталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт,т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқааяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбысболып келген буынбітеубуын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт

Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі» Ф.Оразбаева бойынша:Қазақ тіліндегі буынның түрлерін Қ.Жұбанов 6-ға, Н.Сауранбаев 4-ке, С.Мырзабеков 2-ге бөледі. Ал С.Кеңеспабев 3-ке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді. құрамындағы Дауссыз және дауысты дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тілінде буынның 3 түрі бар.: ашық, бітеу, тұйық буындар. Бұлай бөлу буынның теориялықта, практикалық та мәніне сай келеді. есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауссыздарды В әріпімен таңбалап, буынның түрелірн, оның дыбыстық құрамын бұлай өрнектеп көрсетуге болады. 1) ашық буын жеке дауыссыздан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Дыбыстық құрамы: 1. А:а,ә, а-на; ә-же,а-та, е-не, о-қы 2. ВА : ба-ла-сы, бі-лі-мі; 3.ВВА: ста-нок, ста-кан,4. ВВВА: стра-тег, стра-тегия, 2) тұйық буын –соңғы дауыссызз дыбысқа аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы: 1. АВ: ат, от, ай 2. АВВ: ант,өрт, 3)Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауысызға аяқталады. 1. ВАВ: бас-тыр, бас-тық 2ВАВВ: қант, жалт-жұлт, 3.ВАВВВ: пнкут, центр, 4.ВВАВ: шкаф, крем,5ВВАВВ: спорт, штамп 6.ВВАВВВ: спектр. 7.ВВВАВ: штрек, штрихБайырғы қазақ сөздері, қала берді, бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А,ВА,АВ,АВВ;ВАВ,ВАВВ.Академик А.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір бар екенін анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053 ВАВ,158 АВ, 117 ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40 –тан әрең асады.

Буын категориясыСөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз.Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасайды.Буынға тән негізгі белгілер: 1)буын болуы үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы қажет және оның саны бір буында біреуден артық болмауы керек. 2)буында мағына болмайды.Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. М: ат-ты-лар-ға деген 4 буынды сөздің ат(түбір), 2-ші буыны- ты (сын есім тудыратын жұрнақ) 3-ші буыны –лар (көптік жалғауы) 4-ші буыны –ға (септік жалғауы). 3) қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (бала-ларым-ыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға т.б.) не жіңішке буынды болып келеді. (бе-ре-ке-лі, сән-ден-ді-ріп). 4)қазақ тілінің төлсөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Сонымен қатар айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны бір-біріне сай келуі шарт емес. Кейбір сөздердің жазылуындағы буын санынан айтылуындағы буын саны болса (М: литр сөзі айтылуында 2 буынды сөз болып айтылады), керсінше, кейбір сөздердің айтылуындағы буын санынан жазылуындағы буын саны көп болады (М: Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауысссыздардың алдыңғысының түсіріллуі нәтижесінде айырылуда бір буын кемиді). Дбысқұрылысына қарай буын 3 түрге бөлінеді:1)Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын түрін айтамыз.М: а-та, ба-ла, ы-ды-ра, ба-ла-сы т.б. 2)Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталатын буынды бітеу буын дейміз-нан, бастық, қант, тас, қарт т.б.3)дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын тұйық буын деп аталады. М:өрт, ат, ән,ырс-ырс, ас т.б.

Буынның алмасуы, жылысуы.

Сапархан Мырзабек «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» 1999ж:

Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізі түбір сөздер (түбір морфемалар )мынадай болып келеді: 1) бір буынды: ай, ат, бау, бас.2) екі буынды: а-на,а-та, ә-ке, ба-ла.3) үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет.4) төрт буынды: ы-ра- қы-мет(рақмет),і-ре-зеңке(резеңке), 5) бес буынды: у-ни-вер-си-тет,по-лик-ли-ни-ка.

Дыбыстың жылысуы. Сөйлеу кезіндегі ең кішкене единица (елеулі бөлшек)- буын. Жат тілде (мәселен, қытай тілінде) сөйлеп тұрған адамның аузынан жеке сөзден гөрі ылғи бір буындар тізбегі шығып жатқаны ұқсайтыны да содан. Ана тілінде сол буындардың белгілі бір тізбегінен сөз құралып, сөздер жымдасып, бунақ құрап айтылады. Сонда бунақ дегеніміз әлденеше буынның тұтасқан шоғырмағы деуге болады.

Басқаша айтқанда, сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке көбіне екіден, үштен ұстасып, кірігіп, топ құрап айтылды . Осындай топтарды бунақ дейміз.

Фонетиканың бас оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын(тоыр ат-торат), буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды. Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар.

Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ.Жұбанов деуге болады.

«Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да буынның саны кемімейді?». Мысалы: айт-а-айта; айт-ар-айтар, жаз-ар-жазар.

«Буындар кіріксе, буын буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене,аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке,жақсат болы кетеді (сонда). Соңғы жағдайда буын жігі қалай айрылатыны айтылмайды.

Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан буын жылысуын дыбыс жылысуы деген жөн болар.

Енді осы жылысатын дауыссызға назар аударайық. Бұл дыбыс бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер деуге әбден болады. соның арқасында : сарала(сары ала), мен сарала (етістік), алтай (алты –ай) мен Алтай(жалқы есім).

Келесі буынға ылжыған дәнекер дауыссыз бастапқы үнін , реңін (жуан не жіңішке,қатаң-ұяң, еріндік-езулік қалпын) кейде сақтап көбінесе өзгертіп тұратыны бар. Буындар жігіндегі мұндай дыбыстар сөздерді біріне-бірін желімдеп, байланыстырып, қиюластырып зор фонологиялық қызмет атқарпады.

Дыбыстың алмасуы. Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолд. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені, жазу сөздің айтылуы дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.М.жан етістігінен өрбитіңн жанды, жанбады, жанған(жоқ) сияқты формаларда түбірдің басқы қаллпы сақталып жазылады. Алайда, осындағы н әрпі 3 сөз формада 3 түрлі дыбысталады. Тілдің табиғаты фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсіндіруге болады.

Алмасу-алтернация. (лат. Чередоания) әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбытың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады.

Мұны былай түсіну керек: жан,жанбады, жанған-3 түрлі сөзформа.: олардың лексикалық мағыналары бірдей себебі түбірі (жан) ортақ.

Сонымен дыбыстық алмасу фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтиждесі мұны комбинаторлық (лат. Біріктіру/тіркестіру) немесе позициялық (лат. Жағдай-шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. Кенет пайда болған, байланныссыз) өзгеріс түр де танылады.

4. Қазақ тіліндегі үндестік заңы.

Ұ.Исабекова «Қазіргі қазақ тілі» Ф.Оразбаева бойынша:

Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Морфемалардың бірыңғай жуан немесе жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Фонетиканы жақсы меңгеру арқылы қазақ тілінің үндестік заңын аңғаруға , айқындауға болады, мәселен: қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында қатаң к,п,қ дыбыстарының дауыстылармен (сондай –ақ үнді, ұяңдармен) де қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге болады. ал морфемалардың құрамында бұлар қатар тұрады, айталы береді:апа, әке, ақыл , - еке(Асеке, қалеке, басеке). Бұл тарихи дамудың нәтижесі.

Әсіресе, морфемалардың аралығында (мұны жігінде, жапсарында деуге болады) қатар келген дыбыстар (буындар), олар акустика-артикуляциялық жақтан үнемі бір-бірне жуықтап өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде көбіне алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа (буынға) ықпал етіп игереді. Мұны тіліміздегі қосымшаның көп вариантты болып, келуінен көруге болады. мәселен, бір ғана көптік жалғауы 9 нұсқада ұшырайды. Оның аталуы (-лар,-лер/дар/дер/тар/тер) орфонографиялық норма болып есептеледі де, қалған үшуі айтуда ғана кездеседі.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей: 1) түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады; 2)Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша жіңішке болып келеді; 3)Түбірдің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады. 4) Т.бірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады. 5) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады.

Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп атайды. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс.М:Түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту яғни ерін үндесітігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылықтар түрінде танылады.

Қазақ тілінде ерін үндесітігі бар ма, бар болса, неше буынға жететін дейтін мәселе әлі күнге дейін толық шешімін таба алмай келеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында піікр айтушылар академик І,Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып отыр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндесітігі тіпті еленбейді болады. осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды».

Еріндіктерді «бас буыннан басқасын да келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» -деп жазуда шектеген А.Байт екені белгілі. Бұған қарағанда олар бас буыннан басқа буында айтылмайтыфн сияқты.

Ерін үндесітігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ тілі жөніндегі еңбектерін екшеп , зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға бірақ тоқталған едік.

Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндесітігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады. академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» д.а. еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз) сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін : бөлтүрүк , дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазылған.

Қазақ тілінің гшраммтикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдө,төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй, жүдөгүймүн, дүдегүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді.

Сингормониз-тіліміздің тарихи дамуның нәтижемсінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілдерден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдылығына ерін үндестігі де жатады.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды: олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолд ұқсас екендігін ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған Ұ.Шүленбаева да осы пікірді қуаттап, көп буынды сөздер тұтасымен еріндік болып айталады деген тұжырым жасады.

Буын үндестігі – сингармонизм.

Майра Жүнісова «Қазіргі қазақ тілі» оқулық бойынша:

Сингорманизм (грекше бірге және байланыс, үндесу) түркітілдеріне тән ең күшті заң. Осы уақытқа дейін сингорманизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді. Түбірдегі дауысты жуан не жіңішке болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан не жіңішке болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты. Біртіндеп, сатылап барып, бір буын екінші буынды үйлестірумен бара-бар сөздердің барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы , яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты,бірімен-бірі үндесіп тұрады.

Сингорманизмнің басты фонологиялық қызметі қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембердің (фр. Дыбыстың сапасы болуы) сақталуында.

Үндіеуропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (фр. Мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингорманизм (сингорма) атқарады.

Бір ғана дыбыс тілінде түсінетін т. ат, ет, өт, от сөздерінде т,т, Т, т болып 4 түрлі (езулік-жуан, езулік-жіңішке, еріндік-жуан, еріндік жіңішке).

Дауыстылардың сингормотиптері жақты қызметіне сай келеді де 3 түрлі болады.1) қысаң дауыстылар дқ, 2)ашықтар да, 3)дифтонгілер-жартылай ашықтар (дд).

Сингорманизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы ұғымға орай қолд терминдердің де маңызы зор. Қ.Жұбанов «сингормонизм грек сөз. Қазақшалағанда – үндесу деген болады».

Ә.Жүнісбеков сингорманизмге байланысты қоладнылатын терминді ұсынады тек орыс тілінде.

Яғни, дауыстылар үндестігі 4 түрге бөлінеді.

1. сингорманизм-дауыстылар тіркесі үйлесітк

2. аккомодация-дауысты-дауыссыздар тіркесі-бейімдестік

3. ассимиляция-дауыссыздар тіркесі-ұқсастық

4. диссимиляция.

Сингорманизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.

Мылтықбай Қараев «Қазақ тілі» 1993:

Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстары да сөз ішінде, сөз бен қосымшаның, сөз бен сөзддің арасында, бірімен-бірі үндесіп, біріне-бірі жасалуы, айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Мысалы: бала-лар, ана-лар, мектеп-те, қыстақ-та деген сөздерге қосылған қосымшаларды алайық. Бала, ана деген сөздер үннен тұратын дауыссыз дыбысқа аяқталған. Дауыссыз дыбыстардың ішінде үні көп дыбыстар- үнді дыбыстар. Сондықтан дауыстыға аяқталған сөзге үнді дауыссыздан басталатын қосымша жалғанып, олар бір-бірімен үн жағынан үйлесіп тұр.

Сол сияқты мектеп, қыстақ сөздері қатаң дауыссызға аяқталғандықтан оларға қатаңнан басталатын та/те қосымшалары жалғанып олар салдыр жағынан біріне-бірі үндесіп тұр. Сонымен бірге , бұл мысалдардың бәрі жуан жіңішке болып үндескен. Бала , ана, қыстақ деген сөздер жуан болағндықтан, оларға жуан қосымшалар жалғанған. Мектеп деген сөз жіңішке болғанды

Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се (айтылуда: жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр: жасалу орны жағынан да, жасалу жолы жағынан да, дауыс қатысы жағынан да — бұл екеуі бірдей. Сол сияқты, з + ш немесе с + ш түрінде екі дауыссыз қатар түрса ш + ш түріне айналады; мысалы: сөз + шең, жұмыс + шы (айтылуы: сөшшец, жұмышшы); ш + с болса да ш + ш түріне айналады: қаш + са, шаш + са (айтылуы: қашша, шашша); з + ж түрі ж + ж-ға айналады: боз жігіт (айтылуы: божжігіт);

Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр; ал ақ бала дегеннің айтылуы ақпала болып, өзінен бұрынғы қатаң дыбыстың ықпалымен б дыбысы п дыбысына айналып түр; бала + лар (ұй\лер), қыз + дар (кәз + дер), ат + тар (шәп + тер) жоғарыдағы ізбен үндесіп түр. Осы келтірілген мысалдардан мынаны көруге болады: бір дыбыс екінші дыбысты толық, дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір ғана артикуляциялық белгі жағынан өзгертіп тұр; екінші сөзбен айтқанда, көршілес дыбыстар дауыс қатысы жағынан үндесіп түр: дыбыстар тіркесі үяң + қатаң (қатаң + үяң), үнді + қатаң (қатаң + үнді) немесе дауысты + қатаң, (қатаң + дауысты) түрде келмей, қатаң қатаңды тілеп, дауысты және үнді мен ұяң үяңды (немесе үндіні) тілеп тұр.[2]

Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, өзге тілдерде де тым сирек кездеседі.

Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз.[3]

Толымсыз ассимиляция - екі дыбыстың жартылай ықпал етуі (қаз. Агіт + бай - Айт + пай ұяң дыбыстың қатаңға айналуы).

Толымды ассимиляция - екі дыбыстың қосылып, бірдей айтылуы нэтижесінде пайда болатын ассимиляция (қаз. Дос + жан - Дошшан).

5. Екпін жəне оның қызметі туралы көзқарастар

Қазақ тілінде екпін негізінен сөздің соңғы буынына түседі деген көзқарас қалыптасқан. Сөз ішіндегі екпіннің орны туралы да əр түрлі пікір қалыптасқан. Екпіні тиянақты тілдерде екпін сөздің белгілі бір буынына түсетін болса, екпіні тиянақсыз тілдерде екпін арнаулы бір буынмен байланысуы шарт емес. Орыс тілінде екпін тиянақсыз болуы себепті, бірдей сөз екпіннің орнына қарай əр түрлі мағына береді. Мысалы, замок-за´ мок; мука-му´ка. Демек орыс тілінде екпін тиянақсыз болса, қазақ тілінде екпін тиянақты, сөздің соңғы буынына түседі, бұл екі тілдің өзіндік ерекшелігімен байланысты [3; 271]. Мұндай пікірді алғаш урянхай тілі екпіні туралы айта келіп, «урянхай тілінде, сондай-ақ басқа түркі тілдерінде екпін сөздің үнемі соңғы буынында болады», — деп Н.Ф.Катанов айтқан еді [5]. Бұл пікірді басқа ғалымдар да осы кезге дейін қайталап келген-ді. Ж.Аралбаев қазақ тілінде екпіннің кейде сөздің соңғы буында болмауы жаңадан басқа тілден енген сөздерге, кейбір екпін алмайтын морфемаларға екпіннің соңғы буыннан бас буынға көшуі түрлі эмоциялық оттеноктарды білдіретін сөздерге байланысты, сөз лепті айтылғанда, мəнерленіп айтылғанда екпін сөздің басқа буынына ауысады деген еді [2; 111]. Ал Б.Я.Владимирцов түркі тілдеріндегі екпін о баста сөздің бас буынында деген пікір айтқанды [6]. Бұл пікірді А.Гебен, Ф.Е.Корш, М.Расянен, Е.Д.Поливанов, М.Черкасский, тағы басқа ғалымдар да қолдаған екен [7; 62]. Екпіннің кейінгі кезде сөздің соңғы буынына ауысуы, Ж.Аралбаевтың пікірі бойынша, «агглютинативтік құрылысқа байланысты жасалған тіліміздің соңғы бір тарихи кезеңінің жемісі болуы керек» [2; 112]. Екпін тек сөз түбірінде ғана емес, А.М.Мамедов сөзімен айтқанда, «большинство тюркологов считает, что ударение в тюркских языках двухполюсное, то есть тюркское слово имеет не одно, два ударения: главное, падающее на начальный слог, и побочное, падающее на конечный слог», — деген пікірлер де бар [7; 62]. В.Радлов көмекші екпін ең бас буында, негізгі екпін ең соңғы буында болады деп түсінген еді. Ол «қарындас» деген сөздің буындарын қосымша арқылы (қарындасларымнан) көбейтіп, көмекші екпін соңғы буында болатынын айтқан [8].

Ал ғалым Ə.Жүнісбеков қазақ тілінде сөздік екпін жоқ екендігін, оның қызметін сингармонизм атқаратынын айтады: «Словесное ударение и сингармонизм выполняют в языке одну и ту же функцию. Следовательно, их «сосуществование» в одном языке, на наш взгляд, неоправдано» [9; 62]. Сөз шегін ажырату қызметін қазақ тілінде екпін емес, сингармонизм атқарады. Н.С.Трубецкойдың айтуынша, қатар тұрған сөздер əр түрлі буынды болса, екпіннің қажеттігі сезілмейді, ал олар бірдей буынды сөздер болса, сөз шегін ажыратуда екпін қызметі қажет болады екен [10]. Соңғы буын екпінді айтылады, соңғы буындағы дауысты екпінді, күшті жəне созылыңқы айтылады деген пікір қалыптасқан. Егер алғашқы буында ашық дауысты, ал келесі буында қысаң дауысты келсе, онда соңғы буын алғашқы буыннан үш параметр (күші, созылыңқылығы, негізгі тоны) бойынша да қалып қояды

Кезінде І.Кеңесбаев «қазақ тілінде екпінді дауысты күшті айтылып, созылыңқы дыбысталады» десе, М.Райымбекова «ол күшті айтылғанымен, созылыңқы дыбысталмайды», ал А.Есентемірова «Екпінді дыбыс созылыңқы дыбысталғанмен күшті айтылмайды» деген еді [11; 25]. Қ.Жұбанов: «Қазақ тілінде де түбір сөздің екпіні соңғы буынында болады. Бірақ қайсыбір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды да, сонан, екпін аяққа бара алмай, тоқтап қалады» деп, екпіннің тіліміздегі қызметін жоққа шығармаған [12; 191].

Қ.Жұбанов болса: «Екпін бір сөздегі буындарды тарқатпай матастырып ұстау үшін керек» — деп, «суалмаған» деген сөзді мысалға келтіреді. Екпіннің сөз жігін, шекарасын ажыратудағы қызметін түсіндіру үшін -су, -ал, -ма, -ған деген қатар тұрған буынды мысал етеді: суалмаған (сиыр), су алмаған (құдық), су ал маған [12; 208]. Ғалым қазақ тілі екпіні фонологиялық жағынан бір сөздегі буындарды тарқатпай матастырып, шегін ажытарып, сөз айқындаушы қызмет атқарып тұрады деп есептеген. Кезінде екпін мəселесі жөнінде бірігіп жүргізген зерттеулерінде Ж.Аралбаев пен

Дегенмен, қазақ тіл білімінде екпін қызметіне байланысты əр түрлі көзқарастар жалғасып келеді. Əңгіме тек екпіннің бар-жоқтығы емес, түркі тіліндегі екпіннің табиғаты, оның қызметі, қандай түрі ерекше мəнге ие деген т.б. мəселелер жөнінде əлі де пікір алшақтық бар. Қорыта айтқанда, орыс тілінде сөз екпіні дыбыстарды бір сөзге біріктіріп, дұрыс қолданылуын қамтып тұратын болса, қазақ тілінде бұл фонологиялық қызметті стнгармонизм атқарады. Сол себепті сингармонизмнің фонологиялық қызметін жан-жақты зерттеу барысында ғана тіліміздің өзіндік табиғатын терең тануға қол жеткіземіз.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

1. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

2. Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

3. Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

4. Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

6. Орфография және орфоэпия. Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын орфография қарастырады.

Қазақ орфоэпиясының негізі үндестік заңдарда жатқанын, үндестік заңдарын меңгеру, айналып келгенде, айту нормаларын меңгеру екенін түсіну қиын емес. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғашқы пікір айтушылардың бірі – проф. М. Балақаев. Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталатын еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.» Кітапта орфоэпиялық мәселелерге байланысты бірсыпыра құнды мағлұматтар айтылған.

М.Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» аты айтып тұрғандай осы мәселеге арналған арнайы зерттеу. Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілінің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді: халықтың дәстүрлі сөйлеу тілі, белгілі бір мәдени орталық, баспа орындары мен мәдени мекемелер, жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған осы саладағы ізденістерге үлгі боларлық еңбек – Р. Сыздықованың «Сөз сазы» кітабы. Бұл кітапта қазақ тілінде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсірілген.

Сонымен орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзі айналып келгенде, жеке дыбыстардың, дыбыстар тіркесінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен байланысты.

Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан түсіндіруге келмейді. Графика бойынша өлөң, құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба тілі (жазуы) тілдің тек дыбыстық (айтылу) жағын ғана қамтып қоймайды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология және фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады. Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес, былай болуы әлдеқайда қолайлы, әрі қонымды (мысалы өлең деп жазу өлөңнен әлдеқайда тиімді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.

Сөздің дыбыстық құрамын белгілеуде көбіне – көп басшылыққа алынатын принцип жетекші принцип не негізгі принцип деп аталады. Қазіргі орфографияда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.

Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу: жанбады, жазса, жазшы, жұмысшы т.б.

Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әпрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді: жаз, жасса, жамбады, жашшы т.б.

Дәстүрлік принцип – сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазу: хабар, халық, жаһан, қаһар т.б.

Қазақ орфографисының негізгі принципі – морфологиялық принцип.

Омофон (гр. homos — бірдей, phone—дыбыс) — айтылуы бірдей, жазылуы мен мағынасы әр басқа сөздер. Мысалы, ащы (дәм), асшы (аспаз) сөздері айтылуда ашшы болып дыбысталады, қарала (қарсы мағынасы — ақта), қара ала (қара түс пен ақ түстің араласып келуі) сөздерінің айтылуы - қаргша. Қазақ тілінде омофондар түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркестері сыңарлары аралығындағы дыбыстардың ілгерінді-кейінді ықпал, элизия және тағы басқа фонетикалық заңдылықтардың пайда болуынан, орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтаудан туындайды. Сондай-ақ әр түрлі жазылатын бірақ бірдей дыбысталатын фонемалар да омофон деген ұғымға кіреді. Мысалы, қазақ тіліндегі һ және х әріптерінің дыбысталуы ұқсас: қаһарман, хат, хабар, қаһар, гауһар.[1]

Омограф (гр. homos — бірдей, grapho — жазамын) — біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше дыбысталатын, мағыналары әр басқа сөздер мен сөз формалары. Омонимия құбылысының айырықша түрлері. Қазақ тілінде омографтар негізінен зат есім мен етістіктің болымсыз түрінен жұп құрайды. Мысалы, тартпа (зат есім), тартпа (етістік); бөлме (зат есім), бөлме (етістік); алма (зат есім), алма (етістік), шығарма (зат есім), шығарма (етістік); шаппа (зат есім); шаппа (етістік); қойма (зат есім), қойма (етістік); жайма (зат есім), жайма (етістік) т. б. Екпін омографтардың зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі. Омограф тіл-тілдің барлығында кездеседі. Мысалы, орыс тілінде замок(кұлып) және замок(қамал); мука(ұн) және мука (азап) т. б.[1]

7. Лексикологияның зерттелу обьектіс. Қолдану аясы шектеулі сөздер Лексикология – сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Ендеше лексикология – тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады.

Лексикологияның зерттейтін объектісі – сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз.

Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасау, пікір алысу үшін қолданады. Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ұғымның, түсініктің атауы болады. Әрбір сөздің білдіретін ұғымы сөз мағынасы делінеді.

Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің lexikos- сөздік + logos- ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым.

Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады. [35.63].

Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап жан-жақты зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, Айтбаев, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

Лексика қаттауына тек жеке сөздер емес, тұрақты сөз тіркестері –фразеологизмдер де жатады. Сондықтан фразеологизмдердің мағыналық өзгерістерін зерттеу де жоғарыда аталған ғылым саласының үлесіне тиеді [64.701].

Тіл қаттауларының ішінде сыртқы, яғни экстралингвистикалық деп аталатын факторлардың әсеріне ұшырағыш, өзгерімпазы – сөздік (лексика) саласы. Әрине, лексика қаттауының сол тілдің өзінің табиғи даму заңдылықтарына қарай, яғни ішкі лингвистикалық өзгерісі де болып жататыны белгілі. Бұлардың екеуін де диахрондық лексикология деген ғылым саласы зерттейді. Бұл өзгерістердің ішінде жиі ұшырайтыны сөз мағынасының өзгерісі, атап айтқанда, сөздің алғашқы мағынасының ұмыт болып, не қолданыстан шығып қалуы, не жаңа ұғым атауына айналуы, я болмаса қарама-қарсы мағыналарға ие болуы, сондай-ақ сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сол мағынаны айқындай түсетін қосалқы элементтерді қабылдап қолданылуы, көне мағынаның тұрақты сөз тіркесі құрамында ғана сақталуы т.т. осы сияқты құбылыстарды тіл білімінің тарихи(диахрондық) лексикология тарауының тарихи семасиология бөлімі қарастырады [68.201].

Лексикология ономастика ғылымымен де байланысып жатады. Ол (ономастика) кісі, жер-су атауларын жеке объектісі ретінде қарастырады. Ол іштей кісі аттарын зерттейтін антропонимика мен географиялық жер-су атауларын анықтайтын топонимика сияқты екі салаға бөлінеді.

Қолдану аясы шектеулі сөздер: Диалект,кірме,термин,жаңа,көнерген,кәсіби,табу,эвфемизм,дисфемизм сөздер жатады.

8 Сґздіѕ лексикалыќ маєыналары. Синоним, антоним ќўбылыстарыныѕ зерттелуі

Сөздің лексикалық мағынасы тіл жүйесіндегі барлық қатынастарды (парадигмалық, синтагмалық, деривациялық) қамтиды. Лексикалық мағынаға негіз болатын тек нақты заттар ғана емес, бұйымдар, хайуанаттар мен адамзат, сондай-ақ солардың қасиеттері де. Мұнымен қоса құбылыс, оқиға, әрекет және олардың түрлі сипаттары да лексикалық мағынаға негіз бола алады. Лексикалық мағынаны нақты және абстрактілі, жалпы және жеке (жалқы) деп жіктеуге болады. Ең алдымен сөз өзінің сыртқы тұлғасын сомдайтын дыбыстардың тіркесіміне тәуелді. Бұны сөз бен оны құрайтын дыбыстардың арасындағы қатынас деуге болады. Екінші, сөз бен заттың (ұғымның) арасындағы байланыс. Тілдегі сөздер ең алдымен заттардың атауын білдіреді. Яғни, лексикалық мағына дегеніміз заттың атын білдіруге негізделуімен сипатталады.

Лексикалық мағына әуелгі кезде лексикологияның қалыптасқан «семантика» құрамында зерттеле бастады. Кезінде орыс тіл біліміндегі дәстүрлі лексикологияда (В.В.Виноградов, т.б.) сөздің лексикалық мағынасы атауыш мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына түрлеріне бөлініп, қарастырылып келгендігі белгілі.

Сөз мағыналарына қатысты арнайы еңбек жазған Б.Қалиев пен А.Жылқыбаева жалпылық және нақтылық мәселесін былай ажыратады: «... ұғым екеу: жалпы ұғым және жеке (нақты) ұғым. Бір сөзде осы екі ұғымның екеуі де болуы мүмкін. Мәселен, терек десек бірде дүние жүзіндегі терек атаулының бәрін ұғамыз (терек – ағаштың бір түрі), бірде өзіміз қасында тұрған, қолымызбен сипап немесе құшақтап тұрған теректі ғана ұғамыз (мына терек жуан екен). Алдыңғысы – жалпы ұғым, соңғысы – жеке, нақтылы ұғым. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен қызмет бірлігі тәсілдері арқылы жүзеге асырылса, бірде метонимия мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Тілдегі омоним, антоним және синоним қатарлары, сөздердің көпмағыналық сипатталуының нәтижесі де, тілдегі метонимия, синекдоха және метафора құбылыстары сол нәтижені жүзеге асырушы тәсіл болып табылады.

Сөздің тура мағынасы дегенде оның контексте өзгеріссіз қолданылуын айтамыз. Мамандар бұл көріністі лексикоцентристік жұмсалым деп атайды. Сөз өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан ауытқымайды. Контекст, тілдік орта оған еш әсер ете алмайды. Сол лексемалардың жекеленген салаларының контексте көрініп айқындалуын текстоцентристік қызметі (жұмсалымы) деуге болады.

Синонимнің зерттелуіҚазақ тіліндегі синонимдерді жүйелі түрде зерттеу, оның сөздігін құрастыру өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасынан басталады. Содан кейінгі жарты ғасырлық кезеңде синонимдерге қатысты тақырыпта бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды. Түркітану ғылымында ең алғашы арнайы синоним саласындағы ғылыми еңбек ғалым Ә. Болғанбаевтың монографиясы (1950) болып табылады[;128б]. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың "Қазақ тіліндегі синонимдер" атты монографиясы (1970) қазақ тіл біліміндегі іргелі ғылыми еңбек деп бағаланады. Оның құрастыруымен "Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі" 1962 жылы тұңғыш рет жарық көрді. Бұл сөздік 1975 жылы екінші рет басылып шықты. Ғалым өз еңбегінде қазақ тіліндегі синонимдік қатардың бәрінен гөрі етістікте, сондай-ақ зат есім мен сын есімде көбірек кездесетінін атап көрсетті. Оның еңбектерінде лексикалық синонимдердің сипаты, мағыналық реңктері, синонимдерді қолдану тәсілдері кең талданған [22].

Сонымен қатар М. Серғалиевтің «Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы» атты еңбегінде қазір қазақ әдеби тіліндегі синтаксистік сөз тіркестерінің синоним болу мүмкіндіктері қарастырылған.

Жалпы қазақ тіл білімінде сөздің әр алуан варианттары мен дублет сөздер жүйелі түрде С. Бизақов еңбектерінде зерттелген. ( Бизақов. С. Варианттылық және әдеби норма//филол.ғылым докторы...дисс.авторефераты. Алматы, 2000).

Профессор Ф. Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімді синонимдер» атты еңбегінде қазіргі қазақ тілінің лексикасына қатысты сын есім синонимдердің басты-басты ерекшеліктері қарастырылып, олардың жасалу жолдары кеңінен сөз болды

Антонимдердің зерттелуі

Тюркологияда антонимия мәселесі елуінші жылдардың соңында ғана зерттеле бастады (Мусабаев, 1959; Киекбаев, 1966; Ахатов, 1975, 1979).

Қазақ тілінің антонимін Ж. Мусин өзінің кандидаттық диссертациясында зерттеді (1970). Ғалымның бұл зерттеуі түркі тіл біліміндегі тұңғыш антонимия мәселесіне қатысты еңбек болып табылады.

Қазақ тілінің антонимдерін Ж. Мусин, А. Жұмабекова зерттеп, антонимдер сөздіктерін құрастырған. Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі - ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама-қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама-қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж. Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А. Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама-қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н.С. Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет

 

9 Фразеологизмдер. Фразеологизмдердіѕ зерттелуі, тїрлері.

Фразеологизмдер. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома(қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру,

Зерттелуі.Фразеологияның түрлерін біреу мағынасына, енді біреу құрылымына, үшіншісі- қызметіне қарай топтастырып, әркім әр түрлі классификациялайды. Академик В.В.Виноградов фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының өзара қатысы жағынан алып, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, Н.М.Шанский төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосады. К.Ахановта осы төрт түрін мақұлдайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес деп екіге бөледі. Барлығын жинақтай келе І.Кеңесбаевтың фразеологиялық түйін тіркесі- В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірлігіне, түйіс тіркес- фразеологиялық тізбегіне, мақал- мәтелі- сөйлемшеге келеді. Сол сияқты фразеологизмдердің мақал- мәтелдерге қатысы , фразеологиялық антонимдер, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық омонимдер деп бөліп қарастырамыз.

Түрлері.

Фразеологиялық тұтастық- құрамындағы сөздер бір- бірімен әбден тұтасып, жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер. Мысалы: жеті қараңғы түнде, ала жібін аттамады, мұрынынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді- қолы тимеді, аттың жалы, түйенің қомында- абыр- сабыр уақыт, бір ұрты май, бір ұрты қан- залым, екі жүзді т.б.

Фразеологиялық бірлік- тұтастық сияқты мағына жағынан тұтас тұрақты тіркес. Бірақ мұнда құрастырушы сыңарларының мағынасы жойылмаған, тек солғындап, біртұтас ауыспалы мағынада қолдану. Мысалы: төбе шашы тік тұрды, езуі екі құлағында, жегені желім, пышақ кесендей тиылды, мойнына су құйылып отыр, ескі жараның аузын ашты, ит байласа тұрғысыз, көз көрмес, құлақ естімес, ит көйлекті бұрын тоздырған, ит басына іркіт төгілді, т.б.

Фразеологиялық тізбек- фразеологизмнің бұл түрі еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану арқылы пайда болған. Мұнда еркін сөз бен фразеологиялық сөздің тіркесуінен жасалады, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тар заман, қоныс тепті, қонақ асы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ала қол, кең қолтық, жуан жұдырық, шер көкірек, еркек кіндік, салқын қанды, көзі тірісінде, көз шалым жер, көзімдей көр, көзі жоғалды т.б.

Фразеологизмдер кейде антонимдерден, синонимдерден, омонимдерден жасалады. Фразеологиялық антонимдер: ыстық қанды- суық қанды, дүниеге келу- дүниеден кету, қолы ұзару- қолы қысқару, ит пен мысықтай болу, ит арқасы қиянда-таяқ тастам жер, әмпәй- жәмпәй болу- жүз жыртысу т.б.

Фразеологиялық синонимдер: қыз қуу, отқа май құю, бауы берік болу, қыл көпір, ақ сұңқар құс, ордалы жылан т.б.

Фразеологиялық омонимдер: есі кету- қуаныштан, қорыққаннан, ауыз ашу- таңқалу, ораза кезінде ауыз ашу, сөйлеу бастау, бас жару- ожарлық әрекет жасау, өсімдіктің гүлденуі т.б.

 

10. Сөз құрамы және сөздік қор (тума лексика, кірме лексика). Сөздік құрамының толығу жолдары.

Сөз құрамы.лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,

 

Сөздік қор. тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.

Кірме лексика - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.

Тума лексикаҚазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қа-лыптаеқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.

Сөздік құрамының толығу жолдары.

1.Кірме сөздер

Интернационалдық терминдер.Қөптеген терминдер белгілі бір тілдегі ғылым мен өндірістің немесе шаруашылык пен кәсіптің белгілі бір саласын ғана меншіктеп, соган телінді болып тар көлемде өмір сүреді. Қейбір терминдер жалгыз бір тілдің аясында шектелген түрдс емес дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ кең шенберде қолданылады. Осындаи көптеген тілдерге ортак халықаралық сөздерді интернационалдық терминдер деп атайды. Мысалы, социализм химия, атом, театр, графика, конституция, рсволюция, демокра тия, архитектор, циклон, совет, роман, поэзия, пейзаж, конти- нент, аптека,

Орыс тілінен енген сөздер. жәшік (яшик керует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшкс, мөшке ( лампы (лампа);

Монғол тілдерінен енген сөздер. оен (ноян), нохор (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), |тар (қолдық қары), жил-(жыл), жим (жым) жороо (жорға), завсар (жапсар), магнай (маңдай), мөнх (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (ІІ) (сана), сүүн(н) (сүт), төмөр (темір), туг (ту), намал (түиемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір),

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Мысалы:ас, абырой, ар, дүние, аспан, батыр, бақыт, шаруа, қызмет, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, баға, әл, азамат, айуан, дос, т. б.

2.Морфологиялық (^аффикстік) тәсіл арқылы.

· Туынды зат есімдердің мынадай түрлері бар: сатушы. бей- бітшілік, балалық, жұтқыншак, келіншек,

· Туынды сын есімдердің мынадай түрлері бар: өнімді, тонды, сыйлы, малды, жаздық, жылдық, көйлектік,

· Сан есімдерден мынадай туынды сөздер тараған: екілік, беттік, төртпақ, үшкіл, төрткіл, жүздеп,

· Туынды үстеулердің мынадай түрлері бар: ауызша,ойша, жаэдай, заттай. киімшең, ысырапсыз,

· Туынды етістіктердің мынадай түрлері бар: үрлеу, тістелеу, аландау, уһлеу, көпіршу, көндігу, бұрау

· Есімдіктерден мынадай туынды сөздер тараған: әнеки, мұн-ша, соншама, сонда, сондай, әнеугі, түнеугі,

3. Синтаксистік тәсіл арқылы.

Біріккен сөздер. қарақат (кара кат), қарлығаш (кара ала құсс), ышқыр (іш кұр), бүгін (бұл күн),

Қос сөздер ,атақты-ататы, қолма-қол, құп-қу, әп-әдемі, әйел-еркек, ағалы-інілі аяқ- табак. мал-жан жылап-еңіреу, күнімен-түнімсн,

Күрделі сөздер.ант ұрған . Өр көкірек

 

 

11. Морфологияның зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері, ғылым саласы ретінде зерттелуі.

           Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу, сөз формаларын зерттеу.

Зерттелуі.

Тіл білімінің қазіргі грамматика саласына негізін беріп, ғылыми даму бағытын жасап берген ғалымдардың көшбасшысы ретінде А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановты атаймыз. Осы ғалымдардан кейін басқа зерттеушілердің тізбегі сатыланып, жалғаса береді.

Қазақ грамматикасының бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» атауымен жазылған А.Байтұрсынов еңбегі. Бұл қазақ тілі морфологиясы туралы шыққан алғашқы зерттеу болып табылады. Қазір ғалымның бірнеше зерттеулік еңбегі жинақталып «Тіл тағылымы» деген үлкен басылымдық кітапта беріледі.

Қ.Жұбановтың алғашқы еңбегі – 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы».

Осы екі ғалымнан кейін ғана С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, А.Ысқақов, К.Аханов, Ы.Маманов, С.Исаев, Н.Оралбай, Т.Сайрамбаев, А.Қалыбаева, Қ.Шаяхметов, Б.Момынова, Б.Қасым, т.б. ғалымдарды тіл білімінің грамматика саласына қатысты зерттеушілер қатарына қоса беруге болады.

1930 жылдардың соңында морфологияға байланысты еңбектің бірі – С.Аманжолов жазған, орта мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығы. Кезінде бұл оқулық сынға алынған. Өйткені еңбектегі пікірлер теориялық жағынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерімен салыстырғанда, нақты болмаған. Еңбекте сөздер тұлғасына, тобына қарай жіктеп көрсетіледі.

60-70 жылдардағы морфологиялық зерттеулер – Ш.Сарыбаев «Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер», Ж.Шакенов: «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы», А.Ибатов «Қазақ тіліндегі есімдіктер», Ә.Төлеуов «Қазақ тіліндегі есім категориясы», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», ҚРҒА «Қазақ тілінің грамматикасы».

70-90 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: А.Қалыбаева-Хасенова «Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты», Ә.Төлеуов «Сөз таптары», А.Ибатов «Қазақ тілінің туынды сөздері сөздігі», А.Қалыбаева, Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» және басқасы.

1990-2000 жылдардағы морфологиялық зерттеулер: Ж.Шәкенов «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар», С.Исаев. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты», Б.Қасым, А.Салқынбай, Б.Момынова және басқа көп ғалым еңбек жазды.

 

 

12. Зат есім, оның зеттелуі. Грамматикалық категориялары. Зат есімнің жекелік көптік мағынасы, берілу жолдары, ерекшеліктері. Зат есімнің жіктелуі, ерекшелігі.

Зерттелуі.Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның казак тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған “Тіл-кұрал„ атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына катысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан “Тіл- кұралда ол (бірінші жылдық) сөздерді магынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулык, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, эрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаган.

Ғалым зат есімге «Сөздердің кейбіреуі нэрсенің өзін атайды. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз,«- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: “Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз баска заттар туралы (7,161),,.

А.Байтұрсынұлы “Тіл-кұралдың„ (екінші жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни “Заттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері- көзге көрінбейтін, құлакка естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар,,, деп екіге бөліп, “Сол деректі һэм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім (7, 200),, деген аныктама берген.

Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанына айналып, ғылыми түрде талдана бастады. Бұл жерде казак тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылганын байкауға болады. Қ.Жұбанов жасаған “Қазак тілінің програмында (1936),, сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, зат есімнің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру максатында 20 сағат берілген. Сондай-ақ ғалым “Қазак емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері,, атты макаласында зат есімді “заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана аныктап, аныкталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады (16, 233),,,- деп сипаттаган.

Сөз таптарына катысты пікірлерді академик Н.Сауранбаев еңбектерінен де кездестіруге болады. Онын 1939 жылы “Халык мұгалімі,, журналында жарияланған “Қазак тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы,, деген макаласында сөздерді таптастыруды жүйелеу жөнінде ұтымды ойлары бар.

1954 жылы шықкан “Қазіргі казак тілі„ атты окулықта да зат есім жеке сөз табы ретінде карастырылды. Зат есімге байланысты жүйелі пікір көрнекті ғалым А.Ыскаковтың “Қазіргі казак тілі„ (1964, 1974, 1991) оқулығында кеңінен қамтылды. Осы оқулықта зат есімнің семантикалык, морфологиялық жэне синтаксистік белгілері толық сипатталған.

           Зат есімге катысты пікір 1967 жылы шыккан “Қазак тілі грамматикасында,, да бар. Ондагы “Зат есім„ тарауын С.Омарбеков жазған. Бұл тарауда зат есімнің жасалу жолдары, түрлену жүйелері талданган. Ғалымның талдауындағы бір ерекшелік-казақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі-жаісгылык және жаксыздык категориясы деп дэлелдеп “Жактылык пен жақсыздык категориясы,, деген тақырыпша берген.

Грамматикалық категориялары

Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы

Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан да басқа амал-тәсілдері бар.

Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқада ұшырайды. Мұның –лар, -лер нұсқасы аяғы дауысты дыбыс пен й, у, р дыбыстарына біткен сөздерге, -дар, -дер нұсқасы аяғы мұрын дыбыстары мен л, з, ж дауыссыздарының біріне біткен сөздерге, -тар, -тернұсқасы аяғы қатаң дауыссыздар мен ұяң б, г дыбыстарына біткен сөздерге жалғанады. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапқы лексикалық мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады. Мысалы: өзендер, кітаптар, жануарлар, ыдыстар.

Зат есімнің тәуелденуі деп нақтылы бір заттың кімнің меншігі екенін білдіретін грамматикалық белгіні айтады.

1-жақ: -м, -мыз, -міз -ым, -ім, -ымыз, -іміз

Балам, баламыз малым, малымыз

2-жақ: -ң, -ңыз, -ңіз -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

Балаң, балаңыз малың, малыңыз

3-жақ: -сы, -сі -ы, -і

Баласы, інісі малы, елі

Зат есімнің септелуі

Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септікжалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.Мысалы: есік алды, - есіктің алды, малға бай, хат жазды – хатты жазды, Жаңбыр көктемде көп жауды, қойдан жуас,

Зат есімнің жіктелуі

Сөздің жіктелуі деп оның грамматикалық үш жақтың әрқайсысына тән жіктік жалғауын қабылдауын айтады. Сөзге жіктік жалғауының жалғануы – бастауыш пен баяндауыштың сөйлем ішінде бір-бірімен синтаксистік қарым-қатынасқа түсуінің негізгі амалы.

Қазақ тіліндегі жіктік жалғауының жекеше, көпше түрі, екінші жағынан анайы, сыпайы түрі бар. Олар:

І жақ: -мын, -мін, -пын, -пін, -бын, -бін -мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз

ІІ жақ: -сың, -сің -сыңдар, -сіңдер

-сыз, -сіз -сыздар, -сіздер

ІІІ жақ: ø ø

Есім сөздердің, соның ішінде зат есімдердің бәрі бірдей жіктік жалғауын қабылдай бермейді. Лексикалық мәні жағынан алғанда зат есімдердің ішінен жіктелетіні – адамның қызметі, кәсібі, мамандығы, қабілеті, тегі, туыстығы, жынысы, жас шамасы сияқты жеке басына тән белгілері мен қасиеттерін білдіретін сөздер. Екінші сөзбен айтқанда, жіктелетін зат есім көбінесе субъектіні білдіретін сөз болуы тиіс.

Жалпы және жалқы есімдер

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

· кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

· үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

· өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

· газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

· географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

· қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.

   

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.

2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.

 

 

13.   Сын есім. Қазақ тіл білімінде сын есімнің зерттелуі. Сын есімнің мағынасы, морфологиялық белгілері және қызметі, шырай категориясы.

Зерттелуі.

Сын есім-өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, син-таксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың “Тіл-құрал” оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге“Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? -деген қысқаша анықтама берілген.

Қ.Жұбанов “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері”атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын…(16, 234) түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге “заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін,салмағын, түсін(түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы(63, 174),” “Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру(31, 67) ”деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл

Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды. Мысалы, Қайтып кірер есікті қаттысеріппе. Осы сөйлемдердегі қатты, деген сөз-сын есім. Ол сөйлемдегі етістікке қатысты болып, оның сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде проф. М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: “Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады(8, 86),”-дей келіп, бұл пікірін одан әрі “олардың (сын есімдер-Ж.Б.) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады(8, 201),”-деп нақтылаған.

Ғ.Мұсабаев.(39) Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан- жақты қарастырған еңбек жазды. Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген.

Морфологиялық сипаттары

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).

Мағынасына қарай

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір), көлемі мен аумағын (үлкен,ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін (ащы, тәтті) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс

Шырай категориясы

1. Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

2. Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен. Сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.

14. Сан есім, құрылымы, мағыналық түрлері. Сан есімнің зерттелу жайы.

Морфологиялық сипаттары

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандар

Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Синтаксистік қызметі

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

Мағыналық түрі

Есептік сан есімдер

Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады)Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы:он алтыншы, он жетінші

Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

Топтық сан есімдер

дан (-ден, -тан, -тен)аффиксін қосу арқылы жасалады. Мысалы:төрттен, бестен

Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: үш жүздей, бес-алты

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы:үштен екісі

Зерттелуі

Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз болды. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің, А. Казембектің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.

Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т. Сайрамбаев зерт- теуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған Қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов: «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі... сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды»,-дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді

Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші- сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл сан мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалгыз, некен-саяқ, дара және осы сөздердің әрқайсысының мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталған. Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге бөлген:

1. әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар;

2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер,

Ғалым бірінші топқа сүт пісірім, шай қайнатым, бір шай ішім, ет асым, ат шаптырым, ел жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер т.б. секілді тіркестерді жатқызған.

Ал екінші топқа жүз бас қой, бір қап бидай, бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп ағаш т. б. секілді сөздерді жатқызып, бул сөздерді счеттік (нумеративтік) сөздер деп атаған.

А. Ысқақов қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын сөздер бар екендігі,олардың жеке-дара түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездесетіндігін айта келіп, жарым, жарты сөздері бөлшектік ұғымдардың,

жалғыз, жалқы, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың,

центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдердің,

 қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш(жер) аралық өлшемдердің және

ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт, мерзім өлшемдердің атаулары есебінде қолданылатындығын көрсеткен .

Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар сан есімге жатпайды. Мысалы: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері-сын есімдер, центнер, қарабатпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр ,шақырым сөздері-зат есімдер, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше-тұрақты тіркестер)

15. Есімдік, оның зерттелуі. Есімдіктің мағыналық түрлері. Есімдіктің

синтаксистік қызметі.

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.[1] Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Зерттелуі

Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер». Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.

Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» - деген анықтама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.

А.Ысқақов есімдіктер: «заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары» - деп сипаттайды.

Ғалым Ә.Төлеуов: «Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады» - деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады Есімдіктерді арнайы зерттеген – ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: «Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді» -деп, « ...оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер» - деген түсінік береді

Есімдіктердің мағыналары                                   

Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау мен сен ол
Ілік менің сенің оның
Барыс маған саған оған
Табыс мені сені оны
Жатыс менде сенде онда
Шығыс менен сенен онан (одан)
Көмектес менімен сенімен онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Өздік есімдік

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.

2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине

1. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

Есімдіктің синтаксистік қызметі.

Есімдіктер басқа да сөз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.

Есімдіктіц бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлыгына жуыгы бастауыш кызметін аткара алады.. Мәселен, Мен казак кыздарына қайран калам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, озім айтам өз жайымды… (Қ. Аманжолов). Қарагым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сиякты мені ешкім еркелетіп, сен сиякты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).

Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Кобінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш кызметінде жұмсалады. Сондай-ак бұл кызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебаіідагы кыстаудың ең үлкен бөлмесі — осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).

Бсімдіктіц толықтауыш қызметіпде жумсалуы. Есімдіктердің бэрі сөйлемде толыктауыш мүше қызметін аткара береді. Есімдіктер кимыл- эрекеттің тура жэне жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толыктауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу — бакытсыздық, өзіне шексіз риза болу — ақымактык (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).

Есімдіктіц анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Аныктауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына кыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас — деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына кағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов).

Есімдіктіц пысықтауыш қызметінде жүмсалуы. Пысыктауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астык алу алтын алудан қиын.

 

 

16.    Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Лексика-грамматикалық сипаты, Етістіктің грамматикалық категориялары, топтастырылуы.

Зерттелуі

Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралы» оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: «Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.

Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?

...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер–бәрі де етістік болады» (6)–деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді.

1915 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралында» етістікке: «Етістік дегеніміз» - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер» (7) дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл құралы» 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.

30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.

Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді.

Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.

Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.

С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра, сол етістіктер өздерінің мазмұнындағы барлығына ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын етістіктерді іштей топ-топқа жіктеуге болады.

Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады;

Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын тұйық етістіктер жатады. Жетекшілік қызмет атқарады. М, айт, жең, қада, жақ т.б.

Лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын не жарты, не бүтін жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде қызмет атқаратын түбір етістіктер. М, ет, жат, ал, бар, баста, бер т.б.

Өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға ие болып қызмет ететін, көмекші есебінде жүретін етістіктер М, екен, жазда, де, е, еді етістіктері.

Грамматикалық категориялар

Етістіктің грамматикалық категориялары лексика-грамматикалық категориялар және таза грамматикалық категориялар деп екіге бөлінеді. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категориялары жатады. Ал сипат, шақ, рай, модаль категориялары етістіктің таза грамматикалық категорияларыболып табылады.

Салт Сабақты

Негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру туынды түбір деп танылып жүрген ойлау, шегелеу, ескерту күрделі түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру т.б. етістіктер және әр түрлі тұлға түрлері де сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы тура объектіні тікелей талап етеді; онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады. М, Кітапты оқып шықтың ба?

Келгенмін, келсе, ойнасам, келгісі келу т.б. салт етістік болып табылады, өйткені бұлар тура объектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. М, Асан асықтармен ойнап отыр. Етістік көмектес септігімен тіркесіп тұр.

ЕТІС категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп танылады.

Етіс түрлері:

Өздік -

қимыл, іс-әрекет субъектіге

қарай бағытталады.

-ын, -ін, -н; -лан, -дан, -тан;

М, киінді, сұранды

Өзгелік –

іс-әрекет екінші субъекті

арқылы іске асады.

-ғыз; -дыр; -ыр

М, өсіру, айтқыз, келдір

Ырықсыз –

Іс-әрекет өздігінен орындалатын

мән үстейді.

-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н

М, оқылды, тазаланды

Ортақ –

Іс-әрекет бірнеше субъекті

арқылы іске асады

-ыс, -іс, -с

М, салысты, айтыс т.б.

 

Етістіктің болымды-болымсыз категориясы

Етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары тұлғаларына ма, ме, ба, бе, па, пе қосымшасы қосылу болымсыздық категориясы жасалады. Және есімшеге емес, жоқ көмекші етістіктері тіркесіп жасалады. М, барған жоқ, бармады

Етістік түбір күйінде, әр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын білдіретін етістіктер- болымды етістіктер. М, барды, келді т.б.

 

Рай категориясы

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктердің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

· Рай түрлері:

· Ашық – іс-әрекеттің 3

· шақтың бірінде тұрып, субъектінің

· шындыққа қатысы.

· М, Тыңда, дала, Жамбылды!

· Бұйрық – айтушының

· тыңдаушыға не бөгеде біреуге

· бұйыра сөйлеуі.

· М, ғылым таппай мақтанба (А)

· Шартты – іс-әрекеттің болу-болмау,

· орындалу мүмкіндігі, шартын

· білдіріп, етістікке –са, -се

· қосымшасы жалғану арқылы.

· М, Мен айтсам бола ма?

· Қалау – сөйлеушінің іс-әрекетті

· істеу- істемеуге ниетін білдіруі.

· -ғы, -қы қосымшалары, шартты

· райға игі еді сөздері тіркесу

· арқылы. М, барса игі еді

 

Шақ категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқандығын, не әлі болмағанын, бірақ болатындығын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы.

 

Шақ түрлері:

Шақтар: Түрлері: Жасалу жолдары:
1. Осы шақ 1. Нақ осы шақ   1. Ауыспалы осы шақ 1.Отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістіктеріне көсемше қосылу арқылы   2.Көсемшенің –а, -е, -й тұлғасына етістіктің жіктеліп қосылуы. М, құс ұшады, әнші ән салады
2. Өткен шақ 1. Жедел өткен шақ 2. Бұрынғы өткен шақ 3. Ауыспалы өткен шақ 4. –ды, -ты, -ді, -ті қосымшасы үстелу арқылы. М, барды 5. -ған, -қан, -кен, -кен арқылы жасалады. М, айтқан 6. -ар,-ер, -р еді; - мақ, -бақ еді. М, бармақ еді
3. Келер шақ 1. Болжалды келер шақ 2. Мақсатты келер шақ 3. Ауыспалы келер шақ 4. –ар, -ер,-р болымсыз түрінен кейін –с қосымшасы қосылу арқылы. М, жүрерсіз 5. -мақ, бақ –пақ қосымшасы жалғану арқылы. М, жүрмек, айтпақ 6. Көсемшенің –а, -е,-й қосымшасы жалғану арқылы. М, жүреді

 

Көсемше

· Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдық және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар.

Түрлері: Жасалу жолдары:
1.Есімше 1. –ған, -ген, -қан, -кен 2. -атын, -етін, -йтін 3. -ар, -ер, -р етістіктің болымсыз түрінен кейін -с
2. Көсемше 1. –ып, -іп, -п 2. -а, -е, -й

 

Есімше

· Етістік пен сын есім арасындағы аралық категория.

· -ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”,

· -ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”,

· мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”.

 

 

17.   Есімше, көсемше , жасалу жолдары, зерттелуі. Қимыл есімі, жасалуы, зат есімдермен арақатынасы.

Есімшенің жасалуы
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.

1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.
2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.
3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.

Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.
4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.
Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.
Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.

 

Көсемшенің жасалуы

Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады:
1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.
2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п,
3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

Көсемшенің жіктелуі.
1-ж. мен жаза-мын, сөйлей-мін, барып-пын, келіп-пін.
2-ж. сен жаза-сың, сөйлей-сің, барып-сың, келіп-сің, сіз жа-за-сыз, сөйлей-сіз, барып-сыз, келіп-сіз
3-ж. ол жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті
1-ж. біз жаза-мыз, сөйлей-міз, барып-пыз, келіп-піз
2-ж. сендер жаза-сыңдар, сөйлсй-сіңдер, барып-сыңдар, келіп-сіңдер. сіздер жаза-сыздар, сөйлей-сіздер, барып-сыздар, келіп-сіздер.
3-ж. олар жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті.
Көсемше тұлғасына мынадай жіктік жалғаулары жалғанады. І-жак жекеше -а, -е, -й тұлгасынан кейін -мын, -мін, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -пын, -пін, көпше -мыз, -міз және -пыз, -піз, ІІ-жақ жекеше анайы. Екеуінде де -сық, -сіқ, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сындар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, Ш-жақ жекеше де, көпше де -а, -е, -й тұлгасынан кейін -ды, -ді, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -ты, -ті болып жалғанады.

Есімшенің зерттелуі. Көне түркілік кезеңде, ортағасырлық дәуірде қазіргі тіл фактілерімен салыстырып қарағанда, есімше мәнінде қолданылған есімше формалары анағұрлым көп болған..
Қазақ тілінде есімше категориясын арнайы зерттеп, еңбек жазған Т.Ерғалиев (1958) қазіргі қазақ тілінде түпкілікті немесе толық адъективацияланған есімше формалары деп мына қосымшаларды көрсетеді: -аған/еген –қашаған, тебеген, алаған; -ғалақ/гелек – ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ; -шақ/шек – еріншек, сүріншек, ұрыншақ; -ғыш/гіш – білгіш, сезгіш, сенгіш; -мыш/міш, -мыс/міс – алдамыш, әлеміш, жасамыс; -геш – күлегеш
Сөзжасам мәселелерін зерттеуші Ж.Сарбалаев та осы пікірді қуаттайды.
Сөйтіп, әрі есім қабілетін бойына сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты білдіру қасиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына есімше категориясы болып қалыптасқан. Ал есімшеге байланысты пікір білдірген зерттеушілер еңбегімен Ы.Маманов пікірін салыстыра келгенімізде, етістіктің есімше формасын шақтық мағыналық жағынан ажыратуы қазіргі қазақ грамматикасындағы пікірлермен сәйкес келетіндігін аңғардық. Ғалымның –ушы, -уші қосымшасын осы шаққа жатқызуын да дұрыс деп есептейміз. Өйткені қандай контексте, қандай мағынада жұмсалмасын, іс-әрекеттің осы уақытта жасалып жатқандығы аңғарылады.. Есімшенің салыстыру, мөлшер мағынасындағы семантикалық реңктерді танып, функционалды-семантикалық өрістер арқылы берілуінің кейбір түрлерін көрсеткен. Мысалы, Дастарханда нанның бір жейтіндейі қалды. Шелектің түбінде қол шаятындай су қалды т.б

Көсемшенің зерттелуіне Ы.Е.Мамановтың қосқан үлесі. Көсемше туралы пікірлер түркі тілдерін зерттеген ғалымдар еңбектерінде-ақ айтыла бастаған. Ал Ы.Мамановтың көсемше туралы айтқан ой-пікірлері қазіргі қазақ тілін зерттеуші ғалымдар көзқарастарымен орайлас келеді. Атап айтар болсақ, -а, -п тұлғалы етістіктердің күрделі етістік жасауы; пысықтауыш және бірыңғай баяндауыш жасау қызметі; құрмалас сөйлем жасауға қатысы және шақ жасаушылық қызметі.
-Ғалы формалы мақсатты көсемшенің 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» Ы.Маманов пікірінің негізінде шақ категориясын жасауға қатысы жоқ екендігі дәлелденеді.
Ғалымдар арасындағы талас тудырып жүрген тағы бір мәселе – көсемше формаларының қайталанып және қосарланып айтылуы. Біз ғалымның сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшаларға қойылатын өлшемдерін басшылыққа алып, қосарлану тәсілімен жасалған көсемшелерді үстеуге жатқыздық. Бұл пікірді зерттеуші Ө.Жұмағұлова «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» (1999) атты диссертациясында толық қуаттайды.
О.Бекжанүбірі көсемшеге байланысты мақаласында (1983) атқаратын қызметіне қарай жай сөйлемдегі негізгі етістіктің амалдарын сипаттайтын төл қызметтегі көсемшені «негізгі» , ал ашық райдағы шақ, күрделі етістік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемшені «кейіпті» деп атайды.
Қазіргі функционалды грамматика тұрғысынан қарасақ, көсемшенің «кейіпті» деп аталатын қосалқы қызметін аспектуалдылық, модальдылылық, темпоралдылық (раймен байланысты) категорияларынан кездестіруге болады. Мысалы, аспектуалдылық категориясында көсемшенің аналитикалық етістік құрамында амалдың өту сипатын әртүрлі қарқынмен, әртүрлі фазада (басталу, жүріп жату, аяқталу) беретіні айтылады. Сондай-ақ модальдық мағынадағы етістіктердің де жасалуына көсемшенің қатысы сөз болады. Таксистік қатынас (келе салысымен) жасау қызметі де айқындалған.
Ы.Мамановта бұл терминдер қолданылмағанмен, көсемшенің қосалқы қызметі, амалдың өту сипаты, фаза, модальдық мағынадағы етістіктер қызметі сөз болғандықтан, функционалды грамматиканың кейбір элементтері кездеседі деп айта аламыз.

Қимыл есім - етістікке тән шақтық қасиеттен де, жіктелу, райлық қасиеттерден де тысқары тұратын, есімдерше түрленетін етістіктің ерекше бір түрі. Етістіктің райлары шаққа қарай түрленіп, жіктеліп сол арқылы қимылдың иесімен жақ жағынан байланысқа түсетін болса, Қимыл есімде ондай қасиет жоқ. Ол есімдерше септеледі, тәуелденеді, бірақ етістіктерше жіктелмейді, шақ пен жаққа қатысы болмайды, мағыналық жағынан қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сондықтан да бұл қимыл есім деп аталады. Қимыл есім етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, болымсыз түрлеріне және етістерге - у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау, жуыну, тарану, алғызу, сөйлесу т.б. Қимыл есім қимыл, іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болатындықтан, заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады, тіпті кейбір Қимыл есімдер белгілі бір заттың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: егеу, қашау, көсеу.

Мұндай сөздердің бір қатары әрі етістік, әрі есім ұғымын білдіретін омонимдік сипат алған. Бұлар мағынасына қарай былайша топталады: 1. Үй бұйымдары атаулары: жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу. 2. Құрал атаулары: егеу, қашау, көсеу. 3. Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, асу. 4. Деріксіз ұғымдық қасиеті бар зат атаулары: оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау т. б. Қимыл-есім тұлғалы омонимдердің зат есімге айналған түрі контексте айқындалады: ағашты қашау, қашау — таптырмайтын құрал, қаңылтырды бояу, дүкенде бояу сатылып жатыр, кітап оқу, оқу инемен құдық қазғандай т. с. с. Қимыл есімдер түрленуі жағынан болсын, мағынасы жағынан болсын зат есімге жақын жатқанымен, ол өзінің бастапқы етістікке тән мағынасынан қол үзбейді, яғни Қимыл есім етістік мағынасын сақтай отырып, әр түрлі қимылдық қатынастарды білдіреді. Мұндай қимылдық қатынастарды білдіруі Қимыл есімнің тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Қимыл есімдер септелуге байланысты толықтауыш, бастауыш, пысықтауыш қызметін, кейде өзінің бастапқы қалпында тұрып, баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы: сөйлеуді ұнатады, бояу өң береді, айтуға келді, мақсат-өнімді арттыру, тұрмысты жақсарту

Қимыл есімдерге - лық, - лік әсіресе - шы, - ші жұрнақтары жалғану арқылы туынды зат есімдер жасалады. Мұндай жағдайда қимыл-есім туынды түбірге негіз болады. Мысалы: жазушы, сатушы, оқушы, оқулық, жалғаулық т.б. Сонымен, Қимыл есімдер тиісті тұлғада түрленуіне қарай, белгілі сөздермен тіркесуіне орай сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене алады.

 

 

18. Шақ категориясы, зерттелуі. Шақ түрлері мен берілу амал-тәсілдері.

Шақ категориясының зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі.Шақ (ағылшын тілінде tense, француз тілінде temps, неміс тілінде tempus, испан тілінде tiempo) – іс-әрекеттің сөйлеу сәтіне қатысты анықталатын етістіктің грамматикалық категориясы. Орыс тілінің құрылымдық грамматикасында шақ категориясы «категория времени», ал функционалдық грамматикада «темпоральность» терминімен аталады.
Ы.Маманов еңбектерінде шақ темпоралдылық деп аталып, функционалды грамматика тұрғысынан арнайы зерттелмегенімен, шақ формаларының функционалдық аспектісі назардан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінде дәстүрлі грамматика мәселелерінің функционалды аясын аңғара білген бірден-бір ғалым Ы.Маманов болды. Бұған қазақ және түркі тілдеріндегі шақ категориясын арнайы зерттеген ғалымдар еңбектеріне сипаттама беру арқылы көз жеткізуге болады...
Ғылыми ізденісіміздің негізгі арқауы болып отырған Ы.Мамановтың тұжырымдауынша, қимылдың, уақиғаның дәл өту мезгілін сөйлемде нақты түрде мезгіл үстеулерімен және жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркеу арқылы ғана білдіре алады. Бұл тұжырымның функционалды грамматиканың зерттеу нысанына сай айтылғанын атап айту керек... Ы.Маманов болжалды келер шақты субъективтік мәндесөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен ашық райға жатқызбайды. Дегенмен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен, әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. Оларды оқулықтарда, лингвист ғалымдардың монографияларында шақ категориясының әртүрлі топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ж.Түймебаев өткен шақ формасы, оның жіктелуі, транспозициясы (шақ формаларының ауысып қолданылуы) және классификациялау принциптері туралы жарияланған бірнеше мақаласында оқулықтар мен зерттеу еңбектеріндегі өткен шақ түрлеріне берілген анықтамалардың тіл ғылымының қазіргі деңгейіне сай еместігін, өткен шақтың грамматикалық табиғаты жеткілікті ашылмағандығын т.б. шешімін таппаған мәселелерді сөз етеді [15]. Бұл аталған грамматикалық категорияның әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді

Шақ категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқандығын, не әлі болмағанын, бірақ болатындығын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы.

 

Шақ түрлері:

Шақтар: Түрлері: Жасалу жолдары:
1. Осы шақ 2. Нақ осы шақ   2. Ауыспалы осы шақ 1.Отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістіктеріне көсемше қосылу арқылы   2.Көсемшенің –а, -е, -й тұлғасына етістіктің жіктеліп қосылуы. М, құс ұшады, әнші ән салады
2. Өткен шақ 4. Жедел өткен шақ 5. Бұрынғы өткен шақ 6. Ауыспалы өткен шақ 7. –ды, -ты, -ді, -ті қосымшасы үстелу арқылы. М, барды 8. -ған, -қан, -кен, -кен арқылы жасалады. М, айтқан 9. -ар,-ер, -р еді; - мақ, -бақ еді. М, бармақ еді
3. Келер шақ 4. Болжалды келер шақ 5. Мақсатты келер шақ 6. Ауыспалы келер шақ 7. –ар, -ер,-р болымсыз түрінен кейін –с қосымшасы қосылу арқылы. М, жүрерсіз 8. -мақ, бақ –пақ қосымшасы жалғану арқылы. М, жүрмек, айтпақ 9. Көсемшенің –а, -е,-й қосымшасы жалғану арқылы. М, жүреді

 

 

19. Үстеу, семантикалық сипаты, зерттелуі. Үстеудің мағыналық топтары.

Үстеудің синтаксистік қызметі.

Үстеудің зерттелуі.Қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді.Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік;

Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»- деген түсінік береді. Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады.

Үстеу туралы арнайы еңбек жазған – профессор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бұл еңбектің І тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, ІІ тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір көнерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. ІІІ тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз таптарының қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады. А.Ысқақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады»

Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Семантикалық сипаты. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — мағына жағынан заттың қи-мыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатын сөздер. Бірақ үстеу сөздер заттың қимылы мен сындық белгілерін тек етістіктер мен сын есімдер арқылы көрсетіл-ген белгілердің белгісі түрінде ғана білдіре алады.

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — әр алуан сөз таптарынан құ-ралып, өз алдына жеке сөз табы болып қалыптасқан ең алдымен оларға қатысты сөздердің жалпы категориялық мағынасы негізінде, яғни ол сөздердің бәрі қимыл мен сынның әр түрлі белгілерін білді-руіне байланысты топтасқан.

--Тілімізде қимыл белгілерін білдіру кейбір есім сөздердің жеке формалары арқылы да және етістіктің кейбір формалары арқылы да берілуі мүмкін. Бірақ үстеулердің олардан ерекше семантикалық ай-ырмашылығы бар. Егер есімдер мен етістіктер, ретіне қарай, қимыл не сын белгісін білдіретіндей болса, олардың мағыналары сол төркіндерінің негізгі нақты мағыналарына үйлес, соған негіздес болып келеді. Ал, үстеу сөздердің мағыналары, керісінше, соншалық абстракцияланып, жалпыланып нақтылығынан айрылғандай болып келеді. Мыс:Желбегей киген қызыл жемпірі мына ыстық күнде оны пы-сынататын түрі бар. (Соқпақбаев) Күнде жақсы бола ма, Бір қы-лығы жаққанға (Абай) деген екі сөйлемдегі күнде сөзі — формалык, жағынан біркелкі болып келгенімен, мағына жағынан бір-бірінен тіпті алшақ сөздер. Алғашқы сөйлемдегі күнде сөзі белгілі заттық атау ретінде жұмсалатын күн сөзімен тығыз мағыналық байланыста қолданылып тұрса, кейінгі сөйлемдегі күнде сөзі нақтылы күн мағынасынан алшақтап, -д е қосымшасымен бірге тұрып абстракцияланған мерзім мағынасында айтылып тұр.

           -- Кейбір сөздердің белгілі бір грамматикалық формаларда қолда-нылу негізінде өз орталарынан оқшауланып, өзгеше лексикалық және грамматикалық дербестікке кешуі оларды үстеу сөздердің лек-сика-семантикалық табына ауысуына әкеп соқса, сонымен қатар, басқа сөз таптарындағы өзімен формалас сөздермен омонимдес болып келуіне әкеп соқтырады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан анық көруге болады. Сол сияңтьг, басқа сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған көптеген туынды үстеулер де өзі формалас сөздер-мен омонимдес болып келеді. Мыс.:

Күлкісі жадыраған ж а з д а й еді дегендегі жаздай сөзі (сын есім) Ж а з д а й жауын көп болғандықтан ба, тау да, тас та жап-жасыл (Әбішев) дегендегі жаздай сөзімен (үстеумен) формалық жағынан бірдей болғанымен мағына жағынан әр басқа да, әр түрлі сөз таптарына жататын сөздер. Ал, өзенді ж а ғ а л а й бастады деген мен үй ішіне жағалай кілемдер тұтылған (Әуезов) дегендегі жағалай сөздері де, Б а с ы н д а ми жоқ, Өзінде ой жоқ. Күлкішіл кердең наданның (Абай) деген мен Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ, Б а с ы н д а ойлап тегін абайладым (Абай) дегендегі басында сөздері де — форма жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан әр түрлі омонимдес сөздер.

           -- Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер іштей заттың амал-қимылы, іс-әрекеті белгісінің белгісін білдіретін және заттың сынын білдіретін болып екі жікке бөлінеді. Мыс.:

Сенің қара мысық сияқты айлакер екеніңді ж а ң а білдім. (Хұсаинов) Тез үйіңнен шық, жаным, Атыңды ертте, бері кел., (Әлімбаев) Б е р і келші, бетіңнен иіскейін. (Мұқанов) Сізбен жүзбе-жүз кездесу үшін әдейі қалдық (Исаев) дегенде жаңа, бері, әдейі үстеулері сөйлемдегі білдім, кел, келші, қалдым сияқты естістіктер арқылы бейнеленіп тұрған қимыл, әрекет белгілерінің әр түрлі мезгілдік, мекендік, бейнелік, мақсаттық белгілерін білдіріп тұр. Де-мек, мұндай үстеулер үнемі етістіктерге қатысты айтылады да, қи-мылдың әр алуан белгісін білдіреді.

Мағыналық түрлері.

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын (я бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Үстеудің синтаксистік қызметі.

Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін (М.Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А.). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ.Мұст.).Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), бише (қалай отырман?), жоғары (қайда көтерілу) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (ІІІ жақ), сонда (ІІІ ж) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып, заттанып келіп, бастауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал). Бүгін – мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді. Тым-ақ қиын іс болды (А.). Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.

 

20.Шылау.Шылаудың зерттелуі жайында.

А.Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі: 1. Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т.б. жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септеулік шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізілген. Ол туралы А.Байтұрсынов былайша түсінік береді: «Кей сөздер жалғау орнына жүреді жаңа жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы»

Шылаулардың тарихына мән беріп, арнайы тоқталған – М.Балақаев. Ол 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері» атты еңбегінің «Шылау сөздер тарихы» тарауында шылауларды шығу тегі, дамуы турасында ғалымдар пікірлеріне шолу жасай келіп, былай деп жазады «... шылау сөздердің кейбірі бастапқы сөзінен онша өзгере қоймаған, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдем қашықтап кеткен...»

Профессор С.Аманжолов шылауларға: «Сөйлемдегі сөздердің басын қосуда ерекше орны бар дәнекерлік қызмет атқаратын нәрсе...» деп анықтама береді де, бөлінуін екі түрлі деп көрсетеді: жалғаулық, демеулік. Жалғаулықтарға «сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасын біріктіретін, бірақ өз алды жеке жазылатын сөз сымақтар» деп да, де, не, немесе, бірақ, яки, және, әлде т.б. атайды. Бұлардың өзін іштей қолданылуына қарай екіге бөледі: екі сөйлем ортасында я бір сөйлем ортасында я екі сөз ортасында қолданылатындар (не, бірақ, алайда, кейде) және бір сөйлем ортасында қолданылатындар (және, мен, да, де). Демеулікті де екі түрге бөледі: а) сұрау-тілек демеулігі (ма, ме, шы, ші, ә, сірә); ә) құрау демеулігі (құсап, ары, бері, соң, кейін, сияқты, ішінде, астында, үстінде, арқасында, қасында, арқылы, үшін, дейін, шейін, таман, қарай, ақ, ғана т.б.). Ғалым құрау демеулігінің барлығы тек белгілі бір сөздің артынан айтылатынын атап, демеуліктердің құрау түрлері жеке тұрғанда, мәнді (ішінде, астында), мәнсіз (ақ, мыс) болып бөлінетінін айтады. Ғалым бөлінісінде жалғаулықтардың тобы қазіргімен бірдей болып келсе, демеуліктер ажыратылмай, септеуліктермен араласып кеткен яғни септеулік шылаулар деген сөз қолданылмайды. Профессор Қ.Жұбанов шылауларды қосалқылар, жалғауыштар деп атаған. Қосалқыларға: «Түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге жаңадан көбінесе үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз»-деп анықтама береді. Қосалқылардың өзін дәйек және аяқ қосалқы деп екіге бөліп, дәйек қосалқыға тым, бек, қас, ең деген қазіргі күшейткіш үстеулерді, ал аяқ қосалқыларға шейін, сайын, мен, да, ақ, ғой шылауларын жатқызады.

Шылаулардың бір жағынан, жеке сөз тәрізді дербес тұлғада болуы, екінші жағынан, мағынасының дерексіз, абстрактылы болып, көмекшілік қызметте қолданылуы ғалымдардың біразының оларды дербес сөз деп, ал кейбір зерттеушілердің оларды жалғау мен жұрнақтарға теңеуіне себеп болды. Профессор Р.Әміров 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген еңбегінде былай деп жазады: «Шылау сөздер өздерінің мағынасы, қызметі жағынан грамматикалық категорияға жуық болғанымен, олар сөз қатарына жатуға тиіс. Өйткені, біріншіден, шылаулар басқа сөздер сияқты дара тұлғаға ие. Сөйлем ішінде бөлек тұрады. Екіншіден, грамматикалық мағыналар да, басқа сөздер сияқты, дүниедегі құбылыстарды танудан туады....шылау сөздер де белгілі бір ұғымға ие. Ол ұғым – атаулы сөздер білдіретін ұғымнан абстрактылау, дерексіз, дегенмен, ол – адамның дүние тану, ойлау жұмысы негізінде туған ұғым»

Қазақ тілінің грамматикаларында, А.Ысқақовтың еңбектерінде шылау сипаты толық ашылған деуге болады.

Шылаудың жекелеген түрлеріне қатысты еңбектер де баршылық. Олардың қатарынан септеуліктер мен демеуліктер жайында еңбек жазған Ф.Кенжебаеваны, Қ.Әміралиевті, Қ.Қадашеваны, Ғ.Иманғалиеваны және демеулік шылаулардың функционалды негізін танытуға арналған Ы.Шақаманның зерттеу еңбегін атауға болады. Әйтсе де шылаудың функциялық аясы, кейбір семантикалық ерекшеліктері, олардың қалыптасу жолдары сияқты зерттеуді қажет ететін тұстары да жоқ емес.

1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен:

- негізгі сөз таптары,

- көмекші сөздер,

деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер тобына етістікті, көмекші сөздерге шылауларды жатқызса, азат сөздер тобы ретінде модаль сөздер мен одағайларды атайды. [4,32].

Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді:

1. Зат есім 6. Етістік

2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер

3. Сан есім 8. Шылаулар

4. Есімдік 9. Одағай

5. Үстеу 10. Модаль сөздер

Модаль сөздер секілді сөз табы ретінде бірде танылып, бірде танылмау қазақ тілі білімінде белгілі дәрежеде шылау сөздерге де қатысты болмақ болды. Қазақ тілі сөздерін түрлі топқа жіктеген В.Г.Кондратьев, . [6,И.М.Тронский.. сияқты орыс түркологтары еңбектерінде союз, послелог (кейде частица) деген атпен шылау сөздердің түрлері жеке-жеке сөз табы ретінде берілгені мәлім. Сөз таптарын алғаш рет қазақ тілінде жүйелеген А.Байтұрсынов та союз, послелогтарды тиісінше жалғаулық, демеулік деп атап, бөлек-бөлек сөз таптары ретінде таниды. Ал, 30-жылдардағы Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, С.Аманжолов еңбектерінен бастап, бұлар шылау сөздер деген ортақ атпен біріктіріліп, бір сөз табы ретінде анықталды. Ал, 50-жылдар аяғы мен 60-жылдар ішінде шылау сөздердің түрлерін жеке сөз таптары ретінде тануға қайта ықылас болғаны байқалды.

1955 жылы Р.Әміров жалғаулықтарды, 1964 жылы Ф.Кенжебаева септеуліктер мен демеуліктерді кандидаттық диссертация деңгейінде зерттеп, қорғады. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматикада жалғаулық, септеулік пен демеуліктердің әрқайсысы жеке сөз табы ретінде қаралады. Тілімізде бір алуан сөз лексикалық мағынадан айырылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру үшін немесе сөзге қосымша мағына үстеу үшін жұмсалып, грамматикалық мағына болмағанымен, өздеріне тән, қызметіне тән мағыналары бар. Ол-–абстрактылы грамматикалық мағына. Мағынасындағы, жұмсалуындағы осы ерекшеліктері ескеріліп бұл сөздің құрамындағы айрықша бір топ, сөздердің айрықша түрі ретінде дараланып шылаулар деп аталады. Шылау деген атау бұл сөздерді сөз табы ретінде емес, сөздік қордағы өзара грамматикалық ортақ сипаты бар ерекше түр, топ екенін атайды. Шылаулар сөз тіркестерін құрауға тең компонент болып қатынаса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жалғасады.

Осындай ортақ сипаты негізінде бір топ болып танылған шылау сөздер сөз табына қойылатын талаптар (критерий) тұрғысынан саралағанда, өзара мына үш тапқа бөлінеді:

Септеуліктер.

Жалғаулықтар.

Демеуліктер.

Сөз таптарының қатарына шылаулар осы тапқа сай дараланып енеді – делінген онда. [8,86]. Алайда қазақ тілі білімінің кейінгі дамуы барысында бұл тұжырым орныға алмады, яғни қазіргі кезде жалғаулық, септеулік, демеуліктер біріктіріліп, шылау сөздер атауымен бір сөз табы ретінде белгілі. Жалпы шылау сөздер түрлерінің әрқайсысының бірде жеке-жеке сөз таптары ретінде, бірде бәрі біріктіріліп, бір сөз табы ретінде танылуы, бізше, қазақ тілі біліміндегісөзтаптастыру теориясының даму жағдайына тікелей байланысты.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы жоғарыда аталған орыс түркоглогтары мен XX ғасыр басындағы А.Байтұрсынов еңбектерінде шылау сөздер түрлерінің жеке-жеке сөз таптары ретінде танылулары зерттеу авторларының қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында семантикалық принципті ғана басшылыққа алуының нәтижесі болды. Ал, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, қазақ тілі білімінде сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің енуіне байланысты жалғаулық, демеулік, септеуліктердің ортақ морфологиялық, синтаксистік белгілері анықталып, бір сөз табы аясында біріктірілді.

Септеулік шылаулар өзінің алдындағы сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылауларды септеуліктер дейміз.

Меңгерілетін септіктер Септеуліктер
1. Атау арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойынша, бойына, бойында, бері, басқа, бұрын, әрі, тәрізді, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.
2. Барыс дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.
3. Шығыс бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.
4. Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса.

2. Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі
2. Қарсылықты бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйтсе де, өйтсе де,өйткенмен, сонда да
3. Талғаулықты әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде
4. Себеп-салдарлық себебі, өйткені, сондықтан, сол үшін, сол себепті
5. Шарттық қатынасты егер, егерде, онда

3. Демеулік шылаулар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

1. Сұраулық демеуліктер -ма -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ше
2. Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, -да, -де, -та, -те
3. Шектік (тежеу) демеуліктер -ғана, -қана,-тек, -кейде-ақ
4. Болжалдық демеуліктер -мыс, -міс, -кейде-ақ
5. Болымсыздық немесеқарсы мәнді, салыстыру демеуліктер түгел, тұрсын, тұрмақ
6. Нақтылау мәнді демеуліктер -қой, -ғой, -ды, -ді, -ты, -ті.

 

21.ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ тіл білімінде де сөзжасамның кейбір мәселелерінің бұрыннан сөз болып келе жатқанын ескере отырып, сөзжасамның зерттелу тарихын екі аспектіге яғни екі кезеңге бөліп қарауды жөн санаймыз: 1. Сөзжасамның қазақ тіл білімінің жеке саласы болып қалыптасқанға дейінгі дәуірі; 2. Сөзжасамның қазақ тілінің жеке дербес саласы болып орнығуы.

Қазақ тіл білімінің тарихында қазақ тілі туралы тұңғыш ғылыми еңбек жазған адам-ол белгілі миссионер ғалым Н.И.Ильминский. Оның 1860-1861 жылдары Қазан университетінің ғылыми жазбаларында «Материалы к изучению киргизского наречия»  деген атпен жарияланған зерттеуі қазақ тіл білімінің басы болып табылады. Бұл еңбегінде оның өзіне дейін жарық көрген түрік, әзербайжан, татар тілдерін дыбыстық, грамматикалық жағынан сипаттаған әкелі-балалы Ф.Халфиндердің, И.Гигановтың, М.Казембектің аталған грамматикаларды жазудағы тәжірибелерін жақсы пайдаланғандығы, үлгі тұтқандығы анық байқалады.

Екінші бөлімде автор негізінен грамматика мәселелерін сөз етеді. Бірақ тек қана сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктерін сөз етумен шектеледі. Қазіргі қазақ тілінің морфологиялық жүйесінде ұшырайтын біраз сөз таптарын атап, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын айтады. -лы, -ты, -лық жұрнағы тәріздес он шақты сөз тудырғыш қосымшаларды мағынасы мен қызметіне қарай саралайды. Бұдан Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі тарихында ең бірінші болып сөз тудырудың морфологиялық тәсілін аузыға алғанын көреміз. Ол сондай-ақ күрделі қос сөздерді де атап, оған дәлел ретінде біраз мысалдар келтіреді. Десек те аталған жұмыста бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда елеулі олқылықтардың ұшырайтынын атап өту лазым. Хронологиялық тәртіп тұрғысынан алғанда, қазақ тіл білімінің тарихындағы екінші еңбек-орыс армиясының офицері М.Терентьевке тиесілі. Ол 1875 жылы Санкт-Петербургте «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» [3] атты кітабын жариялайды. Мұндағы автордың «қырғыз грамматикасы» деп отырғаны әрине, қазақ тілінің грамматикасы. Автор еңбегінің қырғыз (қазақ) тіліне қатысты тарауларын жоғарыда аталған Н.И.Ильминскийдің бізге белгілі зерттеуіне сүйене отырып жазғандығын және оның қолжазбасын Ш.Бөкеев пен Ибрагимовтердің қарап шыққандығын, олардың ескертпелерімен жұмыс жасағандығын айтады.

Қазақ тіл білімінің қалыптасып даму тарихында Петербург университетінің профессоры, белгілі түрколог П.М.Мелиоранскийдің 1894 жылы жарық көрген «Краткая грамматика казак-киргизского языка» [5] және 1897 жылы осы кітаптың жалғасы ретінде шыққан синтаксис мәселелерін қарастырған еңбектерінің алатын орны айрықша. Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеп жүрген кейбір ғалымдардың әділ атап көрсеткеніндей, «бұл еңбек шын мәнінде қазақ тіл білімінің жаңа беті» болды [1,23].

Автордың сөзжасам, сөзжасамдық тәсілдер туралы ой-тұжырымдары қамтылған бірінші кітабы шағын кіріспеден, алты бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде автор қазақ тілінің табиғаты, оның еңбек жазылған дәуірдегі жалпы жай-күйі туралы өзіндік ой айтады: «Қырғыз (қазақ-Ж.С.) тілін зерттеушілердің барлығының да айтатынындай, ол түркі тілдері ішіндегі ең таза, ең бай наречиелердің бірі» [5, 10]. Одан әрі ол қазақ тілінің өзге тілдердегідей өз ішінде түрлі диалектілерге ажырамайтындығын, өзінің о бастағы біртұтас таза қалпын сақтап қалған тіл екенін жазады.

П.М.Мелиоранский қазақ тілінде барлығы сегіз сөз табы бар деп санайды. Олардың қатарына зат есім, есімдік, етістік, сан есім, үстеу, жалғаулық, демеулік сияқты грамматикалық категорияларды жатқызады. Осы аталған сөз таптарын сипаттағанда, әсіресе, есім сөз таптарына тоқталғанда, олардың туынды түрлерінің түбірге белгілі бір сөз тудырғыш аффикстерінің жалғануы арқылы жасалатынын айтады. Ғалым қазақ тіліндегі сөз тудыру қабілеті бар деп мына жұрнақтарды ерекше бөліп көрсетеді: -лық/-лік, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -шаң/-шең, -сақ/-сек, -дақ/-дек, -тақ/-тек, -қы/-ғы, -кі/-гі, -лау/-леу, -ша/-ше, -рақ/-рек, -ғана/-гене, -нікі/-дікі. Бұл қосымшалардың қызметі мен мағынасына қысқаша сипаттама береді. Олардың қай сөз табынан қай сөз табын тудыратынын атап өтеді. Аталған жұрнақтардың қатысуы арқылы жасалған туынды сөздердің тізбесін мысалға келтіреді. Зерттеушінің туынды сөз жасайды деп берген жұрнақтардың тізбесіне көз салсақ, оның бұл мәселеде басқа авторларға қарағанда көш ілгері кеткенін, теориялық тұрғыдан көп ізденгендігін байқамау мүмкін емес. Сонымен қатар автордың біраз теориялық қателіктерге бой алдырғанын айта кеткен дұрыс. Мысалы, ғалымның -ша/-ше, -нікі/-дікі/-тікі тәрізді қосымшалары туынды сын есім жасайды деген қорытындысын құптай қоюға болмас.

П.М. Мелиоранскийдің аталған грамматикалармен тұстас, қатар жарық көрген зерттеулерінің бірі-В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» [6] деп аталатын еңбегі. Бұл кітапта септік жалғаулар, сын есім және оның шырайлары, есімше түрлерінің шаққа қатысы жайында осыған дейін жарыққа шыққан грамматикаларға қарағанда теориялық жағынан біраз алға жылжушылықтар байқалғанымен, жаңа сөз жасау проблемасына келгенде автор өзінің алдындағы зерттеулердің деңгейінде қалып қойған. Сөзжасамдық жұрнақтар жайын қозғағанда П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда сөз болған еңбегінде осы салаға байланысты айтылған ой-пікірлерді қайталап ұсынудан аса алмаған.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеу негізінен орыс ғалымдарының еншісіне тисе, енді өткен ғасырдың алғашқы ширегінен бастап қазақ тіліне қатысты барлық проблемаларды жүйелі әрі терең қарастыру міндетін жергілікті халықтан яғни, қазақ ұлтынан өсіп шыққан зерттеушілер өз мойындарына алды. Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов Қ.Жұбановтан бастап қазақ тілінің мәселелерімен айналысқан зерттеушілердің барлығы да қазақ тілінің өзге де проблемаларымен қатар сөзжасамның теориялық және практикалық мәселелеріне де назар аударып, соны ой-пікірлер, тың тұжырымдар білдірді. Бұл орайда, сөзжасам, сөз тудыру тәсілдерінің түрлері, олардың жаңа лексикалық бүтін жасауда қайсысы актив, қайсысы пассив, сөздік құрамды туынды сөздермен толықтыруда алатын орны және т.б. жайттар жөнінде грамматистер мен лексикологтар өздерінің зерттеу объектісі тұрғысынан бағалы пікірлер айтып, сөзжасамның теориялық ауқымын үнемі кеңейтіп отырды. Біздіңше, бұл дұрыс та, себебі сөзжасам тілдегі лексикалық-грамматикалық категориялардың қатарына жатады. Лексикалық болатыны-сөзжасам тілдің сөздік құрамын байытады, жаңа ұғымды (заттық, сапалық, сандық, қимылдық т.б.) білдіретін жаңа сөз жасайды. Грамматикалық болатыны сөз тудыру тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздер тілдегі белгілі бір сөз таптарының құрамына кіреді. Сол тәсілдердің нәтижесінде сөздің құрамы, тұлғалық бітімі өзгереді, басқа сөздермен тіркесімділік қабілеті артады, жаңа сөздердің сөйлем мүшесі ретінде қолдану өрісі кеңейеді. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, әрине, сөзжасам проблемаларының тек қана грамматика аясында қалып қалмай, лексикологияның да аспектісі ретінде танылуы орынды.

Сөзжасамның негізгі мәселелері-туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, сөздің тұлғалық түрлері: қос сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз және осы салаға қатысты терминдер туралы алғашқы мәліметтер. А.Байтұрсыновтың 1914 жылы жарыққа шыққан «Тіл - құрал» атты еңбегінде кең түрде беріледі. Зерттеуші қосымшалардың жеке сөз болып табылмайтындығын, сөзге ғана жалғанатын буындар екенін айта отырып, оның қызметі мен мағынасы жағынан екі түрлі болып келетіндігін ескертеді. «Қосымшалар екі түрлі,-дейді ғалым,-біреулері жалғанған сөздің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді, сондықтан бастапқы қосымшалар тысқары жалғаулар не тікелей жалғаулар деп аталады; Екінші жалғаулар ішкері жалғаулар не тікелей жұрнақтар деп аталады»,-дейді.

А.Байтұрсынов сөзжасам мәселелерін сөз таптары аясында қарастырады. Қазақ тіліндегі әрбір сөз табын сөз еткенде, олардан туатын жаңа сөздердің қандай жұрнақтар арқылы қалыптасатындығына ерекше көңіл бөледі. Әрбір сөзжасамдық жұрнақтың семантикалық мүмкіншіліктеріне дейін терең талдап көрсетеді. Мысалы, зат есімнен зат есім тудыратын -лық (-лік), -дық (-дік), -тық (-тік) жұрнағының тілдегі негізгі қызметі жаңа сөз жасау екенін айтады да, аталған қосымшаның қатысуы арқылы жасалған туынды зат есімдерді мағыналық тұрғыдан үш топқа жіктеп көрсетеді: «Әуелі, сол зат үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін, мәселен, «арқа» деген сөзге «-лық» жұрнағын қосып, «арқалық» дейміз: арқа үшін жұмсалатын нәрсені атау үшін... Екінші, басқа нәрселерге сол затты өлшеу болатындығын көрсету үшін, мәселен, «ай» деген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап, «айлық» дейміз, айдың өлшеу болғандығын көрсету үшін... Үшінші, сол заттың қалпын көрсету үшін, мәселен «аға» деген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап «ағалық» дейміз, аға қалпын көрсету үшін...» [7, 212-213].

Қысқасы, А.Байтұрсыновтың «Тіл құралын» қазақ тіл біліміндегі сөзжасам мәселелерін кең ауқымда қарастырған, әрбір сөз табының өзіне тиесілі сөзжасам жүйесін анықтап берген аса құнды еңбек деп білеміз.
Профессор Қ.Жұбанов та грамматикаға байланысты зерттеулерінде сөзжасам мәселелеріне айрықша ден қойған. Оның 1936 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» [8] атты мектепке арналған оқулығының алғашқы бөлімінде морфологияға қатысты ғалымның пікірлері баяндалған. Онда сөздің жалпы морфологиялық құрылымы, оның қандай морфемалардан құралатындығы, сөз таптарының лексика-грамматикалық категория ретіндегі сипаттары анықталған. Сөзжасамға қатысты қолданылатын сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, жұрнақ, туынды түбір, кіріккен сөз, қосар сөз, қосымша т.б. термин сөздердің мән-мағынасын айқындайды, сөздің сыртқы тұлғасы мен ішкі мағынасына үлкен мән беріп, сөздің сыртқы тұлғасының өзгеруі өз кезегінде оның ішкі мағынасына да әсер етіп, басқаша сипатта танылуына арқау болатынын айтады. Зерттеуші сондай-ақ сөздің сыртқы көрінісін сөз тұлға деп алып, оның іштей түп мүше мен жамау мүшеге ажыратады. Әрине, бұл жерде оның «түп мүше» деп түбір морфеманы, «жамау мүше» деп қосымшаны меңзеп отырғаны баршаға түсінікті болса керек. Профессор Қ.Жұбанов «Күрделі сөздердің жасалуы» (Образование сложных слов в казахском языке) атты еңбегінде күрделі сөздердің теориясы мен жасалу жолдары, құрамы мен түрлері, аналитикалық тәсіл, оның тілде күрделі аталымдар жасауда алатын орны т.б. хақында теориялық маңызы зор пайымдаулар жасайды.

 Сөзжасамдық тәсілдер.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:

1) синтетикалық тәсіл,

2) аналитикалық тәсіл,

3)лексика-семантикалык/тәсіл.

Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.

Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.

Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.

Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.

Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де - лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның кұрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалык тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға катысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.

Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.

Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.

Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.

Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.

Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға қажеттілігіне байланысты.

Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.

Сонңмен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан түрады. Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады.

Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жүрнақ екінші орында тұрады.

Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.

Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықган көпшілік сөзжасамдық жұрнақгар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.

Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалык мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.

Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботакан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.

Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.

Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:

1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,

2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған.

Мына туынды түбірлердегі жүрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б.

Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі.Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.

Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.

Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).

Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.

Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.
Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі.Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.

Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.

Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:

1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,

2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.

Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.

Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.

Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған.

Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.

Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.

Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:

•         негіз сөздің қай сөз табына жататыны;

•         негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;

           сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.

 

 

22. СӨзжасамдық ұя, оның мағынасы. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық бірліктер.

Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына жатады.

Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.

Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.
Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше.

Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады.

Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.

Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.

 

 

23. Сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер.

Сөз тіркесінің зерттелуі
Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.

И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. «Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады» деп тұжырымдайды Сайрамбаев Т. [6, 4-5.]Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы»,«Пысықтауыш» т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.

Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады.

Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары» деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни «сөйлем мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.

Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:

Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде біраз тоқталған. [7, 58.] Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксистік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.

Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.

С. Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор «жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі» - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды.

М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды. [9, 92.]

Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп қарастырады.

М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мәселе мынада:

Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше "syntaxis").Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатынзерттейтін ілім.

Толық мағыналыкемінде екі сөздің тұлғалықжәне мағыналықжағынан байланысқан тобы сөз тіркесідеп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағысөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

 

 

24. Сөздердің байланысу түрлері. Есімді тіркестер. Етістікті тіркестер.

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесініңқұрамындағы сөздерді өзгертіпайтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көріктіқыз, көріктітабиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар

Кеше хабарласты

Саны он үш

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделісөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес Синтаксистік күрделі тіркес
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез. Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

Жайсөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.

Күрделісөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқысыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.

Есімді сөз тіркесі Етістікті сөз тіркесі
Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір. Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепкекелу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.

Сөздер шылауарқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейіндайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.

Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.

Сөздеринтонацияарқылыда байланысады.Мысалы, Абай – ақын,Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу;

2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелуретімен бастауыштықжәнебаяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесебайланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.

Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.

Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.

Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.

Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштыққатынас,толықтауыштыққатынасжәне пысықтауыштыққатынас.

1. Анықтауыштыққатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқысөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.

Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.

Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел –табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл –заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа– тамақтың дәмі.

Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әр түрлі сынынбілдіруі олардың грамматикалықмағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.

2. Толықтауыштыққатынасмеңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.

3. Пысықтауыштыққатынасмеңгеру, қабысу және жанасубайланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалықмағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы: оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.

Синтаксистік қатынастың түрлері Байланысу түрлері Сұрақтары Мысалдар
Анықтауыштық қатынас Матасу, қабысу Кімнің? Ненің? Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.
Толықтауыштық қатынас Меңгеру Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.
Пысықтауыштық қатынас Меңгеру, қабысу, жанасу Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен? Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

 

 

25.Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінуі.Бастауыш, баяндауыш түрі, жасалу жолдары. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сөйлем мүшелерінің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 193640 жылдар шамасында жазылған материалдар назар аударарлық. Ол кезде бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Басымов, С. Аманжолов, Ə. Ермеков, М. Балақаев еңбектер атайаламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбірек назар аударылды. Мəселен, 1938 жылы Х. Басымов: «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір білдірді [3,22].

Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым – А. Байтұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сөйлем мүшелерін топтауын ғылыми жағынан қазр де теріске шығаруға болмайды. Сөйлем мүшелері жайлы арнайы тоқталған ғалым – Қ. Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екіжақты қарастырады. Оның орын тəртібі, кейде олардың жасалуы сияқты мəселелер бойынша мақалалар жазып, кітаптарында тоқталған.«Из истории порядка слов в казахском предложении», «О построении речи на казахском языке» жəне «Қазақ тілі грамматикасы» сияқты мақалалары мен кітаптарында автор сөйлем мүшелері туралы ғылыми талас пікірлерге тоқталмайды. Тек олардың жасалуы, негізгі анықтамалары сияқты мəселелерді сөз етеді. Ал оның сөйлем мүшелері жайлы ғылыми көзқарасын «Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан» атты көлемді мақаласынан көруге болады. Автор сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары туралы жоғарыда аталған еңбегінде тұрлаулы жəне айқындауыш деп бөле келіп, əсіресе сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі туралы өзіндік жаңа ұсыныстар жасауды мақсат еткен. Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда А. Байтұрсыновтың жүйелеуіне сын айтады. Оның сөйлем мүшелерін жасаудағы көзқарастарына бүтіндей қарсы екендігін дəлелдейді. Қ. Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы автор-ларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүше-лерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс тіл білімі мамандарының топтауы негізіндегі айқындауыш деп атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтау-да септік жалғаулы сөздердің барлығын, тіпті ілік жалғауды сөздерді де, толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады.

Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысықтауышқа қосуының негізгі себебі, олардың мағыналық жағын еске алғандықтан емес, тек тұлғалық, яғни анықтауыштық тұл-ғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып отыр. Оған қоса септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосумен бірге, кейде ілік, кейдбасқа септік жалғаулы сөздердің түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

рін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың

тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға

алады. Қ. Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов: а) тұр-

лаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толық-

тауыш жəне пысықтауыштардың сұраулары мен анықтамала-

рының араласып келуіне, б) оларды бір-бірінен айыруда ғылыми

негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін

бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі [5,5-11].

Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жік-

теуі ғылыми жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баян-

дауышты негізгі сөйлем мүшелері дейді де, тұрлаулы сөйлем

мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ. Жұ-

банов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп атаса,

С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олар-

дың аттары бөлек болғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей. Екеуі

де тұрлаусыз сөйлем мүшелерін толықтауыш жəне анықтауыш

деп топтастырып, оларды тек тұлғалық жағынан қарастырумен

шектелген. Сондықтан да Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелерін топ-

тастыру туралы пікірі осы уақытқа дейін нақ сол күйінде оқы-

тылып жүр. Ал С. Аманжоловтың жоғарыдағы мақаласындағы сөй-

лемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ойлары кейінгі еңбектерінде

басқаша беріледі. Автор сөйлемнің тұрлаулы жəне тұрлаусыз мү-

шелері деп топтай келіп, тұрлаусыз мүшелерді одан əрі анықта-

уыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бөліп көрсетеді. Демек,

енді тек тұлғалық жағына ғана емес, мағыналық жағына баса на-

зар аударғанын байқаймыз.

Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Ба-

лақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулық-

тар жазды. Бірақ бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне

назар аудармайды. Көбіне олардың жасалу жолына ғана тоқта-

лады. Х. Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше

анық-тауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген [6,29]. І. Бəй-

тенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталса

да оның жіктелуіне көңіл бөлмейді. Көбіне сөйлем мүшесіне

қойылатын сұрақтар, олардың қай сөйлем мүшесіне тəн, тəн еместігі туралы айтады

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп жіктеп, əрқайсысына жекежеке мақалалар жазды. Оны жоғары оқу орындарына арналған оқулық дəрежесіне дейін дамыта білді. Қазақ тіл білімінде

сөйлем мүшелері туралы үш түрлі көзқарас бар.

1) Кейбір тілші ғалымдар осы күнгісөйлем мүшелерінің сақталу принципінайта келіп, оларды жаңа атаулармен толықтырғысы келеді; 2) Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі қолданып келген сөйлем мүшелерінің аттарын жалпыалып тастап, оның орнына жаңаша атаулар енгізуді көздейді;

3) Ғалымдардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшесінғана сақтап, тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынады.Осылардың ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау мен тұрлаусыз мүшелерді жоюкерек дейтін пікірлерін ескерсек, қазіргі сөйлем мүшелерін топтау грамматикалық бөлуге емес, ло-

гикалық бөлуге саяды. Біріншіден, сөйлем мүшелерін топтаған

кезде көбіне сөздердің мағыналық жағына баса назар аудару

жағы басым. Екіншіден, сөйлем мүшелерінің өзара жігітолық

ашылмайдыдеген қағидаларға əкеліп соғады. Сөйлем мүшелерін

топтастырудағы осысияқты көзқарастар қазақ тіл білімінде1936-37 жылдары орын алған еді. Жалпы, тіл білімінде сөйлем мүшелерін айқындауда мына принциптер басшылыққа алынады. Біріншіден, сөйлем мүшесінжалпы мағыналық жағынан қарастырады. Екіншіднсөйлем мүшелерін грамматикалық жағынан, яғни əрбір сөйлем мүшесібелгілібір сөзтаптарынан жасалуын негізге алады. Мысалы: затесім атау, тəуелдік, көптік жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден, синтаксистік жағынан, яғни қай сөйлем мүшесі қайсөйлем мүшесімен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алы-нады.

Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыкка шығуына сәйкес қазак галымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаган ғалымдардың ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов,Бэйтенов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді. Олардын кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген.

Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. ¥лы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазак тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр” (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.

Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).

Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мэселелерімен қатар, эдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарык көрген “пысыктауыш пен пысықтауыш мэселесіне” деген макаласында: “Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толыктауыш болып жүрген жэне талассыз пысыктауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”,- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде біркатар галымдар Карсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы жэне мағынаны нак, дәл бере алмайды.

М.Балақаев “Қазіргі казак тілінің” синтаксистік окулығында: “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады”,- деп нақты көрсетеді ( .7).Сондай-ак тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М.Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды ( 62,95). Алайда олар өте ыкшам, кыска берілген. Р.Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін аныктауыш, толыктауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сүрауларын, ережелерін, магыналык жэнОе кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев Ш.Бектүровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бүл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов,Түрлаусыз мүшелер, олардың теориялык мэселелері бойынша Т.Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор “Есім пысықтауыш”, “Сөйлем мүшелерінің теориялык мэселелері” бағдарламасында, Р.Өмірбековамен бірігіп жазған “Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары” деген зерттеулерінде сөйлемнің түрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топка бөліп көрсетеді ( 49,7).Сонымен сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелері тіл мэдениеті, әдеби тілдің дамуы, калыптасуымен тығыз байланысты. Олар көптеген тарихи оқигалармен бірге дамып, біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда тіл галымдарының көпшілігі бұл мәселеге зор маңыз беріп отыргандығы байқалады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің кейбіреуі, олардың ішінара түрлері әлі де болса зерттей түсуді кажет етеді

Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша

Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.

 

Сызықша койылатын жерлер:

1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер.

3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.

4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.

6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин).

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.

8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай).

9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).

 

26.Анықтауыш, жалпы сипаты. Күрделі және үйірлі анықтауыштар. Айқындауыш мүшелер.

Аныктауыш деп зат есімнен не болмаса заттык мағынада қолданылған мүшені аныктайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Ол Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Қүрамына карай дара жэне күрделі болады.

Дара анықтауыш. Демежанға үлкен, сүлу көздерімен жылы қарап, аса биязы алғыс айтты (Қ.Жұмаділов).

Күрделі анықтауыш. Дайыров — іскер жігіт эрі іске бүтіндей беріліп, өте терең бойлайды (С.Шаймерденов).

Мағынасына карай сапалыкжәне меншікті болып жіктеледі.Сапалық анықтауыш деп заттың сапасын, сынын, түр-түсін, тағы баска белгілерін накты керсетіп, анықтайтын сөзімен іргелесе, кабыса байланысатын түрін айтады. Шет елдерде колдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады (Жас Алаш).Меншікті анықтауыштар өзі катысты сөздермен алшак та, іргелес тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тэн мағынаны береді. Кейде ілік жалғаулы сөз сөйлемнің соңында келіп те өзі катысты сөздермен байланысы нақтылы білініп тұрады. Кішкене түйме көздерн нагашымның кызара бөрткен ұлан-байтақ жүзіне әлденеше мәрте көз жүгіртіп, әлденеше мэрте аударып экетті (Ә.Кекілбаев).

Айқындауыш - қазіргі қазақтың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Сондықтан да айқындауыш сөйлемді айтатын адамның ойымен байланысты болып келеді және сол берілетін ойдың ерекше қырларын берудің амалы болып табылады. Алайда бұлар анықтауыштар сияқты синтаксистік емес, стилистика – синтаксистік тәсіл. Сонымен бірге бір заттың не нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды.

Айқындауыш жайлы қазақ тіл білімінде алғаш сөз қозғағандардың бірі –С.Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады... Осы бастауышты я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз”,- деп анықтама береді. Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар да айқындауышқа қысқаша тоқталып өтеді.

С.Исаев “Қазақ тілі” оқулығында: “Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады”,-(29,135) десе, М.Қараев: “Сөйлемде бір мүшені айырықша назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер беріледі. Мұндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады”,- деп анықтама береді (36,174). Бұл ғалымдар өз еңбектерінде айқындауыш мүшені қарастырып қана өтсе, жалпы қазақ тіл білімінде аталған мүше жайлы біршама деректі О.Күлкенованың еңбектерінен алуға болады. Ол өз еңбегінде айқындауыштарды толық, жан-жақты зерттеуге тырысады. “Айқындауыш дегеніміз – анықтауыштың ерекше бір түрі. Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығыз тең байланыста тұратын сөйлемнің шартты бағыныңқы мүшесі. Айқындауыш анықталатын сөздің жетегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып, дәлдеп, анықтап тұратын бір я бірнеше сөз тіркесі. Сөз табы жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас жасалып, тұлға жағынан өзінің алдындағы анықталатын сөзімен түрлес болады да, мазмұн жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып, дәлелдейді я атап көрсетеді”. Осы анықтама айқындауышты танытуға жеткілікті. Сонымен бірге автор айқындауыштың түрлері, жасалу жолдары, тыныс белгілері, орын тәртібін, тағы басқа белгілерін бере білген.

Айқындауыштар, негізінен, анықтауыш мүшеге ұқсас. Дегенмен төмендегідей айырмашылықтары бар: а) Анықтауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анықтаса, айқындауыш зат пен затты өзара қатыстылығы, ұқсастығы жағынан салыстыра айқындайды.

ә) Анықтауыш пен анықталушы сөз сабақтаса байланысса, айқындауыш пен айқындалатын сөз салаласа байланысады.

б) Орны жағынан да әр түрлі болады. Анықтауыштар тек қана анықтайтын сөзінің алдында тұратын болса, айқындауыштар, керісінше, айқындайтын сөзінің соңынан тұрады.

Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы үтірмен бөлінеді.Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың негізгі үш түрі бар. Олар: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш– айқындайтын сөзінен соң тұрып, оқшауланып айтылып, сол сөзді әр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір әдемі кешінде, жиырма тоғызыншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазақ әдеб.).

С.Аманжолов оңашаланған айқындауышқа тоқтала отырып, оның екі түрін береді. Біріншісі – сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын оңашаланған сөз. Екіншісі - өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз (2,158).

Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал Барақ сұлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І.Есенберлин.).

Қосарлы айқындауышдеп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.

 

27.Толықтауыш.Тұлғалық,мағыналық түрлері. Пысықтауыш, мағыналық түрлері.

ТолықтауышОл сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі бола отырьщ тұлғалык жағынан атау мен ілік септігінен баска септік жалғауларынын бірінде келеді және сол сөздің мағынасы обьектілік мэнде болады.

Сондай-ак олар атау мен ілік септіктен баска септіктің сұрақтарына жауап береді, сонымен коса атау тұлғалы сөз туралы, жөнінде, жайында септеуліктерімен тіркесіп келіп те толыктауыш бола алады.

Толықтауыштар тура жэне жанама болап екіге бөлінеді.

Тура толыктауыш деп табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні көрсететін мүшені айтады. Құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті, қүлан мен маралды мая-мая етіп тастапты (Ертегілер).

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септігінде келіп, іс-эрекеттің жанама көрінісін береді. Өз үйіне келсе, әкесіне жинап беріп кеткен таудай отыннан бір жагым, үйдей еттен бір асым, жеңді білектей судан қанжығадай калған екен (Ертегілер).

Пысықтауыш.Пысыктауыш сөйлемдегі қимыл-эрекеттің жүзеге асуының мезгілін, орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін көрсетеді.

Қазақ тіл білімінде пысықтауыштың қалыптаскан бес түрі бар. Осыған Ж.Көпбаева алтыншы етіп, мөлшер пысықтауыш деген түрін косады. М.Томанов 1967 жылғы академиялык грамматикада мөлшер пысықтауышқа шағын сипаттама берген,. О.Төлегенов, Ә.Хасенов, Ш.Бектаевалар да бұл терминдерді колданған. Бірак пысыктауыштың алтыншы түрі ретінде жан- жакты зерделей, баска тілдердегі пысыктауыштын түрлерімен салыстыра отырып, зерттеген -Ж.Көпбаева( 34,123).

 

Мезгіл пысықтауыш деп іс-әрекеттін орындалган мерзімін, уакытын білдіретін мүшені айтады. Арада бір-екі ай өтіп, жиын-терін болган иіақта Ерғабыл қояр да коймай жүріп, макта теруден жинаған акшасына мотоцикл сатып алды (Д.Исабеков).

Мекен пысықтауыш орындалған амал-әрекеттің орнын, мекенін көрсетеді. Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты (Ғ.Мүсірепов).

Қимыл-сын (амал) пысықтауыш қимылдың іске асуының сынын, сапасын білдіреді. Осылай сапарға шығарда екі түн кітапхана куысында жарқанатша бұғынып отырып, біраз көне кітап оқыған (Д.Досжанов).

Себеп пысықтауыш жай-күйдің, іс-кимылдың себебін баяндайды. Жаппар қатты ұялгандықтан есіктің алдында кібіртіктеп калды (Жас Қазак).

Мақсат пысықтауыш деп эрекет, істің орындалуының максатын білдіреді. Тілеу орнынан түрайын деп бір-екі үмтылып еді, тұра алмады (Ә.Кекілбаев).

Мөлшер пысықтауыш іс-кимылдың немесе кимыл уакытынын мөлшерін, сандык, баға, салмак дәрежесін, істің істелу каркынының өлшемін білдіреді. Қойшы жыл он екі ай қой соңында сүйретіліп жүрсе де, онын таоан акы, маңдай тері іске аспайтын (Қаз.әдеб.).

Құрамына карай дара, күрделі болып бөлінеді.

Дара пысықтауыш. Үстіндегі көйлегінің де етек-жені кең ойылыптЫ (Қ.Нұрғалиев).

Күрделі пысықтауыш. Кенет көк тұйғын әлденеден секем алғанДаИ’ тогай жаққа қарап, бір-екірет үрді “Қ.Жұмаділов).

 

28.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Сұраулы және лепті сөйлемдердің жасалу жолдары.
1.Хабарлы сөйлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалды.

2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрінде де кездесе береді. Мысалы, Көлқора табанына бір топ атты сау ете қалды. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырады (Ә.Н). Сондай-ақ, екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Кәлен көз қиығын қарт балықшыға қайта тастады (Ә.Н.).

2,Сұраулы сөйлем. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады:

1. ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы:

- Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма? (Ә.Н.).

- Теңізге шықпаймыз ба? (Ә.Н.).

2. Сұрау мағыналы ғой, ау, ше шылаулары арқылы:

- Балалы болды деп есіттім ғой?

- Ие, құр қол емес, күл шашары бар (Ә.Н.).

- Қаратаз ше?

- Ол да сонда… (Ә.Н.).

1. Сұрау интонациясы арқылы:

- Сен артыңа ерген жастарды адастыратын алапаттың тұрманысың.

- Алапат? (Ә.Әбішев).

Мәди ақырып қалды:

- Мұнан жеті жыл бұрын? (Ә.Әбішев).

2. Сұрау есімдіктері арқылы: «Бұл не? Қалың жаудан қаймықпайтын бетімнің мына қыздан қайтқаны қалай? Мен кеше қандай едім? Қайрап алып қалың жауға сермеген көк семсер емес пе едім? Бүгін қандай? Қанатым қайырылғандай, семсерім майрылғандай күйдемін, бұл қалай?» (Ә.Әбішев).

Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады:

- Көп керек шығар? – Екі жүз елу пұт жетеді (Ғ.Мұст.).

Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ.

3. Бұйрықты сөйлем– бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойыладыЖасалу жолдары:

1. баяндауышы 2 жақтағы бұйрық рай арқылы.
2. баяндауышта –шы-ші- жұрнақтары байқалады.
3. баяндауышы қалау рай арқылы.
Мысалы: Тыныш отыр! Сен айтпа! Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Жіберіңдер, түсіріңдер!

3. Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрық мақсатымен айтылса, бұйрықты сөйлем болады. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір қимыл әрекетке, іске итермелеу. Мысалы: Тапсырманы орындамай көрші! Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.

1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз – ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді.

Дәл осылайша ел ішінен тері-терсек жинап жүрген Ебейсінді бір күні Тәңірбергеннің атқосшысы – ақикөз жігіт іздеп кеп:

- Мырза шақырып жатыр. Қәне, дереу атқа мін,- деді (Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер»,

2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды –айып, -ейір, -айың, -ейін формалы етістіктер жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айып, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін, -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған.

ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.

4. Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш, өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді.

1. Эмоциялық мағына таңдану арқылы: Еламан бір сәт көзін жұмып тұрып, құшырлана жұтты.

– Қайран дала! Жарықтық, осы жусан дәрі-ау!… (Ә.Нұрп.).

2. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да, де (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.,

 

 

29.ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ. ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМ.

Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [1,276]. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген.
Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Құдайберген Жұбанов жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында Құдайберген Жұбанов сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылу түрлеріне қарай 1) сұраулы сөйлем, 2) лепті сөйлем, 3) тілекті сөйлем, 4) жай сөйлем деп төртке бөлсе, Құдайберген Жұбанов қандай сазбен айтылатынына қарай сөйлемді үш түрге бөлген. 1) хабар сазды сөйлем. 2) сұрау сазды сөйлем, 3) леп сазды сөйлем деп. Соның ішінде хабар сазды сөйлем болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады.
Сонымен қатар С.Аманжолов жалаң және жайылма сөйлемдерді жай сөйлемнің құрылымдық типтері емес, осы сөйлемдерді ішінен хабарлы, сұраулы, лепті, атаулы деп қарастырған. Сөйлемдердің түрлерін 2 бөлген:

1. Жай, құрмалас, 2. Жалаң, жайылма..
Н.Сауранбаевтың 1954 жылы Алматы «Қазақ ССР Ғылым академиясы» баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне тоқталып ереже беріп кеткен. Жақсы талданған, мысалдар нақты салыстырмалы түрде берілген. ІІІ. Сөйлем және оның тұрлаулы мүшелері атты бөлімнің ішінде жай сөйлемнің түрлерінен жалаң және жайылма сөйлемдерге жеке тоқталған. Ал VІІІ. бөлімді «Жай сөйлемнің түрлері» деп алып, ішінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдерге тоқталып кеткен.
Ж.А.Жақыпов өз еңбегінде толымсыз сөйлемге толық талдау жасап, оның жасалу жолдарын көрсеткен. Ж.Жақыповтың пікірінше, «толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мүшелердің қатыспай тұруының екі себебі бар: контекст және ситуация. Басқаша айтқанда, түсіп қалған мүшені контекст немесе ситуация арқылы тауып қоя аламыз» [8,61].
М.Балақаевтың 2007 жылы Астана: «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» кітабында «Жай сөйлем синтаксисі» тақырыбында сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық.
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Толымсыз және толымды сөйлемдерді оқытқанда келесі әдістерді пайдалану тиімді және қызықты деп қарастырдық.

Жақты сөйлем

Тұрлаулы мүшелері белгілі жақта қиысқан, үнемі бастауышы бар, бірақ ол кейде арнайы айтылмай-ақ, баяндауыш арқылы табылатын сөйлемдіж а қ т ы с ө й л е мдейміз.

Мысалы: 1. Мен қоғамға еңбегімді арнадым. Жарасыммен, шабысыммен майданда озбай қоймаймын.

Берілген сөйлемдардің екеуінде де мен деген І жақ жіктеу есімдігінен болған бастауыш бар. Ол бірінші сөйлем құрамында айтылып, екінші сөйлем құрамында айтылмаған. Бірақ соңғы сөйлемнің бастауышы мен деген сөз екенін ондағы баяндауыштың (қоймаймын) тлғасы-ақ көрсетіп тұр.

Кейбір жақты сөйлемдер белгілі бір жақпен нақтыланып айтылмай, ш жаққа да тән болып қолданылады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе ІІІ неІІ жақта тұрады. Мысалы: Ол кезде көмірді қауғамен, тартатын. Қыс азығын жаз жина.

Осындай, мағынасы үш жаққа ортақ болып келген жақты сөйлем жалпылама ж а қ т ы с ө й л е мдеп аталады.

Жалпылама жақты сөйлемдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі.

Жақсыз сөйлем

Тұрлаулы мүшелері кірігіп күрделі баяндауышқа айналған, бастауышсыз сөйлемді ж а қ с ы з с ө й л е мдейміз.

Мысалы: 1. Малды ажарлы қылып асырау керек. 2. Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. 3. Таяудағы жылдарда киім мен аяқ киім шығаруды едәуір молайтуға тура келеді. 4. Бұл туралы бірнеше сөздер айтқым келеді.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы үнемі күрделі болады да, мынандай жолдармен жасалады:

Ондай күрделі баяндауыштың құрамындағы бастауыш ыңғайлы сөз көбінесе етістіктен болады:

а) жай не тәуелденген етістіктен соң керек, қажет, мүмкін, тиіс сөздерінің бірі келу арқылы. Мысалы: Мына кісінің айтқан адамын көру керек.Міне, сондықтан біз тіліміздібайытуымыз керек.Тоңазытқыштар, ыдыстар, дастарқандар, түрлі галантериялар сияқты тұрмыста қолданылатын бұйымдар өндіруде пластикалық заттар ерекше орыналуға тиіс.

ә) Барыс жалғаулы жай не тәуелденген тұйық етістіктен кейін тура келу (келмеу), болу (болмау), жарау (жарамау), керкек (керке емес) сөздерінің бірі айтылу арқылы.Мысалы: Осындай шақта мұхит ар жағына сапар шегуге тура келді.Жұмыс істеуге әдеттену керек.Мұндай тығыз жұмысты ертеңге қалдыруға болмайды.

б) Тәуелсіз етістік пен келеді (келмейді) деген көмекші етістіктің тіркесуімен. Мысалы: Мен жұрттың бәрін сұлу кейпінде көргім келеді.Ол бұған ой тоқтатқысы келмейді.

в) –п (-ып, -іп)тұлғалы көсемшеге болмайды деген болымсыз көмекші етістіктің тіркесуімен. Мыалы: Оның шек-сілесі қатты.Баланың қорыққандықтан жүрегі аузына тығылды. Көзім енді жетті.

Толымды және толымсыз сөйлемдер

Белгілі дәрежеде аяқталған ойды білдіруге қатысты мүшелері түгел айтылатын сөйлемді т о л ы м д ыс ө й л е мдейміз.

Мысалы: Тың игерушілер астықтан мол өнім алды. Колхозшылар жемшөп әзірлеуге кірісті.

Ойға қатысты кейбір мүшелері алдыңғы сөйлемнен немесе сөйлемдегі сөздердің грмматикалық тұлғаларынан-ақ белгілі болғандықтан айтылатын сөйлемдіт о л ы м с ы зс ө й л е мдейміз.

Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Мәкен бұл кісіні таниды екен. Баяу, салмақпен басып оның қасына тоқтады. Ат тарта жөнелді.

Баяндауыш тұлғасынан-ақ белгілі болғандықтан бірінші сөйлемдегі бастауыш (мен) айтылған. Екінші, үшінші сөйлемнің бастауышы – Мәкен. Ол алдыңғы сөйлемнен белгілі болғандықтан, соңғы сөйлемде арнайы айтылмаған. Ең соңғы сөйлемде арбаны деген тура толықтауыш та жоғарғыдай себеппен қайталанбаған.

Сөйлемдегі ойды білдіруге қажетті сөздер мейлінше ықшам қолданылады. Әрбір сөйлем сөйлеу жүйесіне қатысты болғандықтан, бір сөйлемде айтылған немесе басқа жағдаймен белгілі болған сөздер келесі сөйлемдерде қайталауды керек етпейді. Осыған байланысты, қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдер көбінесе мынандай жағдайларда көрінеді:

Баяндауышы І,ІІ жақ жіктік жалғаулы сөзден жасалған сөйлемдер баяндауышсыз-ақ айтыла береді. Айтылмаған бастауыштар (мен, біз, сен, сендер, сіз, сіздер деген жіктеу есімдіктері) баяндауыштағы жіктік жалғаулары арқылы белгілі болады. Мысалы: Жұмыстан соң оқимын (мен).Жолдастар, еңбек өнімділігін арттырыңдар (сендер).

Ілік септігіндегі өздік және жіктеу есімдіктерінен болған анықтауыштарсөйлемдегі тәуелдік жалғаулы сөздерден-ақ белгілі болғандықтан айтылмайды. Мысалы: Қарындасым трактор айдайды (менің).Ол қазір жұмысына кетеді (өзінің).

Алдыңғы сөйлемнен белгілі болып тұрған сөйлем мүшелері қайталауды қажет етпейді.

Мұндай толымсыз сөйлемдер әсіресе диалогта жиі кездеседі. Мысалы: – Ағылшын тілін білесіз бе? – деді Ықылас. – Аздап.

Соңғы сөйлем аздап деген бір сөзден жасалып, алдыңғы сөйлемде айтылан сөйлемдер қайталанбаған.

Бастауышқа ерекше ой екпіні түсіріліп сөйлем соңында айтылғанда, жатыс, барыс септігіндегі сөздерді меңгерген баяндауыш сөйлем құрамында айтылмай қалады. Ондай баяндауыштар көбінесе бар деген сөз бен дербес мағынада қолданылған бол, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінен жасалады. Мысалы: Үлкен ақ үй есігінің алдында жолдас Макаров тұр. Үстінде ақ көйлек. Қасында институт партия хатшысы.

Атаулы сөйлем

Бастауыш тұлғалы сөздер мен сөз тіркестері кейде арнайы ой екпінімен, сезімді дауыс ырғағымен айтылады да, сөйлем ыңғайында қолданылады. Мұндай сөздер мен сөз тіркестері а т а у л ы с ө й л е мдеп аталады.

Мысалы: Вокзал. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан поездар. Бірі кетіп, бірі келіп жатыр. Бірінен-бірі айырғысыз жебе құлақ, күміс бақай ақ қозылар. Барлығы дерлік марқайып, жетіліп кеткен.

Атаулы сөйлемдер дербес жұмсалмайды, басқа сөйле қатарында айтылады. Сондықтан ондағы ой өздігінен аяқталмай, баяндалуға тиісті негізгі ойдың жалғасын керек етіп тұрады.

Атаулы сөйлемдарде көбінесе мекендік, мезгілдік және заттық ұғымдағы атаулар арқылы болмыстағы заттар мен құбылыстар бейнеленеді. Мұндай сөйлемдер әсіресе көркем әдебиетте жиі ұшырайды.

 

30. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері. Салалас сөйлем.Сабақтас құрмалас сөйлем.

. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы алғаш сөз қозғағандардың бірі А. Байтұрсынов болды. Ғалым А.Байтұрсынов жай сөйлемдердің құрмаласуы әдетте екі түрлі болатынын талдап көрсетті. Олардың біріншісін сыйыса құрмаласу деп, ал екіншісін қиыса құрмаласу деп атады. Егер сөйлем сыйыса құрмаласатын болса, сыйысулы құрмалас деп аталады, ал қиыса құрмаласса, қиысулы құрмалас деп аталады. Ғалым сыйысулы құрмалас сөйлемдердің қатарына бірнеше сөйлемдердің сыйыса құрмаласуын жатқызып, оны мына мысал арқылы талдап көрсетеді: Қарабай мен Сарыбай аңға шықты. Оның пікірінше, осы сөйлемде Қарабай аңға шықты. Сарыбай аңға шықты деген сөйлемдер екі қайтара айтылмас үшін бір сөйлемнің ішіне сыйыстырылып, бір сөйлем болып берілген. Сондай-ақ ғалымның сыйысулы құрмалас сөйлемдердің екі түрін көрсетеді: шұбалаң(Мен бүгін ерте тұрдым, жуындым, киіндім, шай іштім, сабаққа бардым) және ықшам түрі (Мен бүгін ерте тұрып, киініп, шай ішіп, сабаққа бардым)

Ал қиысулы құрмалас сөйлемдер біріне-бірі тең болып та, кем болып та құрмаласады. Қиысулы құрмалас сөйлемдер тең болса, олар салалас құрмалас, ал егер тең болмай, бірінен-бірі кем болып қиысса, онда ол қиысулы құрмалас сабақтас құрмалас деп танылған [2, 302].

Тілші мамандар Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ғ.Басымовтардың құрмалас сөйлем жөніндегі көзқарастары алғаш отызыншы жылдардан бастап көріне бастады. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері мен қолданылуы жөнінде бірінші болып сөз қозғағандардың бірі Қ.Жұбанов болды.

Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем туралы көзқарастары ғалымның 1936 жылы құрастырған оқу бағдарламасы мен «Жанғазы» деп аталатын хатында көрініс тапқан. Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі топқа бөліп қарастырған. «Құрмалас сөйлем екі түрлі: а) сөйлемнің бір мүшесі жалаң сөзден жасалмай, ішін жарып ақтарғанда, өзі бір сөйлем болса, осындай күрделі мүшесі бар сөйлемді күрделі сөйлемнің (құрмаластың) бір түрі – сабақтасы болады. Мақтаулы жырау – осы. Жырау – бастауыш, осы – баяндауыш, мақтаулы – бастауыштық анықтауышы. Мұндағы мүшелердің бәрі де жалаң. Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал жұрт мақтайтын жырау – осы десек күрделі сөйлем болады, күрделінің сабақтасы болады, неге десең мұнда анықтауыш емес, өзі бір сөйлем: жұрт мақтайтын – солайымен тұрып бір-ақ анықтауыш, бірақ ішін жарып қарасақ, өзара бір сөйлем: жұрт бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуі қосылып барып жыраудың анықтауыш болады.

 

ә) Жалғасқан сөйлемдердің жиынтығы – күрделінің салаласы болады. Жанғазы – жуас та, Ақжарқын асау. Бұл – салалас.

Екеуінің айырмасы: сабақтаста күрделі сөйлем бас сөйлемнің бір мүшесіне ғана байланысты болады да, біріне – бірі мүше емес»

Қ.Жұбановтың сабақтас құрмалас сөйлем туралы бұл көзқарастары кейін С.Жиенбаев пен Н.Сауранбаевтың еңбектерінен өз жалғасын тапты.

Құрмалас сөйлемдерге қатысты мағыналық-құрылымдық жағынан анықтама берген ғалымдар С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтар болды. Бұл ғалымдар: «Күрделі ой жеке, дара жай сөйлемнің шеңберіне сыймайды. Ал адамның ойы көбінесе күрделі түрде айтылуды керек қылады»деп, ондай құрылымдардың аралас, сабақтас, салалас болып келетіндігін көрсеН. Сауранбаев: «Жай сөйлемдердің бірде тең дәрежеде салалас болып, бірде бір-біріне бағынып сабақтасып құрмаласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы (восприятие)» – деп көрсетеді.

С. Аманжолов салалас құрмалас сөйлемдер туралы «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен, мағына жағынан бірімен-бірі байланысып жату керек» [9, 176] десе, сабақтастар туралы «Сабақтас сөйлемді жіктегенде, басыңқы мен бағыныңқы екі ара қарым-қатынасынан туған мағынаға қараймыз (олар істің мақсатын, шартын, мезгілін т.б. білдірмек). Бұл – мағыналық классификация» [9, 200] деген тұжырымдар жасады. Сондай-ақ ғалым құрмаластың үшінші түрі аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде «Қазақ тілінде салалас, сабақтастан құрылысы басқа, аталатын орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа құрмалас сөйлемдер бар. Ол – аралас құрмалас сөйлем» [9, 213] – деп, қорытынды жасады.

Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуінде елеулі еңбек еткен ғалымдардың тағы бірі – Т. Қордабаев. Ол құрмалас сөйлемдердің күрделі ойды білдіретіндігін ескере отырып, құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берді: «Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз» [10, 194]. Ғалым сондай-ақ, «Ой дамып жетілмеген, күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлемдердің болуы да мүмкін емес. Құрмалас сөйлем адамның ой-өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып дамуымен байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған» [7, 196] деген де пікір айтты.

Құрмалас сөйлемдерді жаңа қырынан зерттеушілердің бірі проф. Р.С. Әмір құрмаластық құрылымдардың пайда болуындағы коммуникативтік мақсаттар мен сөйлеушінің тілдік талғамына байланысты мәселелерге басты назар аударады. Ғалым Р.Әмірдің пікірінше: «Сабақтас құрмалас сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде, лебізде тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас сөйлемдер басым жұмсалады. Ол, сондай-ақ, тізбектілік құрылымның (сабақтастың) таңдаулы болуы адамның о бастағы табиғат құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру, тану, айту дәстүріне байланысты, соны үлгі ету дәстүріне байланысты орныққанын айтады. Адам бұл айтылғандардың орналасу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып көрген, айтқан, таныған. Осы дәстүр, тәртіп синтаксистегі тізбектіліктің орнығуына, қалаулы болуына негіз болды» [16, 24-29], - дейді

Р. Әмір мұнда сабақтастық құрылымның алғашқыда пайда болуына негіз болған басты факторды атап көрсетеді. Сонымен қатар ғалым құрмалас сөйлем компоненттерін актуализациялау туралы да сөз қозғайды [17, 3-12]. Олар - әр түрлі орын тәртібі, ажарландыру, әрлендіру тәсілдері. Мысалы, автор бірінші компонент ретінде болымсыз тұлғалы шартты рай етістікті (-маса) баяндауыш етіп қарастырып, екінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін құрылым қатыстырылып, экспрессивті құрмалас сөйлем құралады дей келіп, мынадай мысалдар келтіреді: Осындайда қол ұшын бермесе, қашан көреміз туыстығын (Ә. Ақпамбет). Оспан айтпаса, кім айтады бұл сөзді (Ә. Ақпамбет). Бұл құрмаластық құрылымның жасалуында сөйлем құрамындағы синтагмалық бөліктердің стильдік мақсатта орын ауыстыруы, яғни автор тілімен айтқанда, сөйлемнің актуализациялануы жағдай жасайды. Қалыпты құрылымда бұл: Бұл сөзді Оспан айтпаса кім айтады? – түріндегі жай сөйлем болар еді.

Ал ғалым Р. Әмірдің классификасы өзіндік жаңалығымен ерекшеленеді. Ол қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрді бөліп көрсетеді: 1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер; 2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер; 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Оның ішінен іргелес салаластарды бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер деп топтайды да, одан әрі төмендегідей грамматикалық-семантикалық топтарға жіктейді:

Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

 Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Ал жалғаулықты салалас құрмаласты өз ішінде ыңғайлас салалас, себептес салалас, қарсылықты салалас, талғаулы және кезектес салаластар деп жіктейді [19; 695-701].

Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру дәстүрі де бар. Оның алғашқысы бойынша сабақтастар:

Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер деп жіктеледі.

Құрмалас сөйлемЕкі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді

түрі

Салалас құрмалас сөйлем Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

Сабақтас құрмалассөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Аралас құрмалассөйлем

Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Салалас құрмалас сөйлемніңтүрлері, жалғаулық шылауларымен тыныс белгісініңкестесі

Түрлері Жалғаулықтары Тыныс белгісі
1 Ыңғайлас салалас Және, да, де, та, те, әрі. Үтір
2 Қарсылықты салалас Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де. Үтір, үтір мен сызықша
3 Түсіндірмелі салалас Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады. Қос нүкте, сызықша
4 Себеп-салдар салалас Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б. Үтір, қос нүкте немесе сызықша
5 Талғаулы салалас Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я болмаса, Үтір
6 Кезектес салалас Кейде, бірде, біресе. Үтір

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

3. Себеп бағыныңқылы сабақтас;

· Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,

2. мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,

3. қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.

4. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі

 

31. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының салалары мен басым бағыттары, зерттеу әдістері

Фонетика төмендегідей салаларға бөлінеді: Сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы, эксперименталды

Сипаттамалы (синхрондық)– фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық жүйесiн қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тiркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпiн, орфоэпия мәселесi осы саланың объектiсi болып табылады. азiргi қазақ тiлiнде орыс тiлiнен енген мың-мыңдаған сөздер бар. Бiз оларды орыс тiлiндегiдей етiп айтуға, сондай –ақ жазуға тиiспiз. Мұның өзi орыс тiлi фонетикасымен де етене тығыз байланысты болуды талап етедi. Орыс тiлiнiң дыбыс жүйесiн, фонетикалық заңдылықтарын жақсы бiлгенде ғана әлгiндей сөздердiң айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге, жетiк бiлуге мүмкiндiк туады. Орыс тiлi оқулықтар мен оқу құралдарына өте бай.

Тарихи (диахрондық)– фонетика тiлдiң дыбыс жүйесiн тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлерi, олардың дамуы, тарихи өзгерiстер, буын, екпiн мәселелерi, үндестiк заңдары әр дәуiрдегi жазба ескерткiштер материалдары бойынша айқындалады.

Салыстырмалы– фонетика туыс тiлдердiң дыбыс жүйесiн салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгiлерiн айқындайды. Бұл тұрғыда, тiлдiң дыбыс жүйесiн қазiргi және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тiлдердiң фонетикасын де ескерген жөн. Мұның өзi дыбыстың өзгеру, даму жүйесiн айқындауға көп мүмкiндiк бередi. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбiне, бiр –бiрiне байланысты, әсерлi болады да, зерттеулерде қатар жүргiзiледi.

Салғастырмалы – фонетика туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тiлдердiң дыбыстық жүйесiн салыстырып зерттеу. Тiл дыбыстары – күрделi құбылыс. Їйткенi әр дыбысқа тән басты 3 ерекшелiк бар; бiрi – акустикалық, бiрi –физиологиялық, бiрi - қоғамдық ерекшелiк. Сондықтан тiл дыбыстарын зерттегенде, оған әрi физик, әрi физиолог, әрi лингвист тұрғысынан қарауға тура келедi. Осыған орай фонетиканы 3 салаға бөлуге болады:

1. функционалды – дыбыстардың әлеуметтiк, қоғамдық мәнi.

2. Артикуляторлы – дыбыстарды жасалуы мен физиологиясы.

3. Акустикалық - дыбыстарды анатомия – физиология белгiлерi бойынша зерттейдi.

Зерттеу, баяндау тәсiлдерiне ор

Экспериментальды фонетика

Арнайы аппараттардың көмегімен зерттеу (ослограф аппатары)

 

32. А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасына қатысты тұжырымдары, дыбыстарды жіктеу тәжірибесі

Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Еңбек сол кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасын икемделген қазақ тілінде жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. Әріптердің қолдану ерекшелігін түсіндіре отырып, мысалдар, мәтіндер ұсынды. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын құрамын дұрыс ажыратылмай, оқуда көп қиындықтар келтірді. Мысалы: қйсқ (қыйсық), алтн (алтын), салқн (салқын), сзқ (сызық)., т.б. Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен.

А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.

Дыбыстар жайлы

А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды . Соның ішінде қорытынды мақаласы 1928 жылы жарық көрді. Мақала «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. «Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, әрі айтуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек» (Сонда, 372-б) – деп, акустикалық, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыққа алған.

Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) және шала (р, ң, л, м, н, у, й)деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», - дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты (р, л, у, й), мұрын шығысты (ң, м, н)боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л),босаң бөгеулі (ң),қысаң бөгеулі (н),тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұғыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы)және қымқырулысы (о, ұ) деп бөледі. Оған себеп «Аңғалдары орын таңдамайтынын», ал «қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейтінін» атап көрсетеді.

 

33. Дыбыс пен фонемаға қатысты ғылыми тартыстар, қазақ тілі дыбыстарының архифонемалары

Фонема деген не? -

Фонема (гр. рһопёта — дыбыс)— сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы.

Тілде әдетте біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр турлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт, деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар.

Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол (т дыбысы) бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (ет, өт), бірде еріндік (от, өт), бірде езулік-(аг, ет) болып, біршама ауытқу ерекше-ліктерімен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, реңк тіл білімінде аллофон (гр. аllоs — басқа) делінеді. Сондыктан сөз дыбыс емес, фонемадан құралады десе де болады.

Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған — орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ [47, 31]. Осы уақытқа дейін туркологияда, соның ішінде қазак тіл білімінде де фонема өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков осы үғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды [44, 60]. Ол индоевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатыныкн дәлелдеді [45, 6]. Мұның өзі біздің тіліміздегі ең күшті заң — сингармонизмнен туындайтынын аңғару киын емес.

Алда Ә. Жунісбековтің есімі әлденеше рет қайталанатын болады. Ол фонетика саласындағы тұңғыш ғылым докторы [42—45]. Ғалым тіліміздегі дыбыстардын. саны мен сапасы, сингармонизмнің сипаты, әсіресе, сөз екпіні жайында түркологияда қалыптасқан қасаң қағидадан өзгешелеу, соны сүрлеуімен ерекшеленеді. Бұл сүрлеу даңғыл жолға айналуға тиіс. Түбінде солай болады да. Әзірше өзімізге мектептен үйреншікті дыбысты пайдаланамыз.

Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы. ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан да дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді. Орыс тілінде олай емес, дауыссыздардын, жуан, жіңішке айтылуының (угол — уголь, стол — столь, мел — мель, тол — толь, кол — коль, кон — конь т. б.) сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан олар бас-басына жеке фонема болады.

34.Тіл дыбыстарының жасалуы, сөйлеу аппараты, дыбысты қарастырудың аспектілері (анатомия-физиологиялық, акустикалық, лингвистикалық)

ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне – бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.

Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (француз тілінің resonance – «жаңғырық» деген сөзінен алынған) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декадасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады.

Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің (жасанды және жануарлар тілінен бөлек) ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.

Мысалы: Сен едің базарым (Абай).

Осы сөйлемде бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с – е – н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е – д – і – ң), үшінші сөз (базарым) жеті дыбыстан (б – а – з – а – р – ы – м) құралған.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.

Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды.

Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) тапқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады.

1.Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.

Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша қызмет атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, дыбыстық тілге ие болды.

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерін және олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелер сөйлеу аппараты деп аталады. Сөйлеу аппаратына: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б.

Сөйлеу аппараттары атқаратын қызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппараттарына жататындар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді.

2. Акустикалық (физикалық) аспект. Табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.

Дыбыстың ырғағы бір секунт ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі.

Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқына (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі.

3. Лингвистикалық (функционалды) аспект.Тілдік қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас құралы дәрежісіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология (гр. fono – дыбыс, logos – ілім) деп те атайды. Лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан қарайды. Лингвистикалық аспект тіл дыбыстарының табиғатын, қызметін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.

Сөйлеу аппараты

Дыбыс күшінің жеткіліктігі. Шешеннің даусы тіпті күшейткіш техника құралдары жоқ болғанның өзінде де кез келген аудиторияда естіліп түруы керек. Бұл қасиетті дауыстың динамикалық диапозоны деп атайды. «Дыбыстың күші» мен «қаттылығы» деген ұғымдарды шатастыруға болмайды. Дыбыс күші – бұл децибалмен өлшенетін энергия. Қаттылық – бұл әркімнің дауысты қабылдау ерекшеліктеріне байланысты субъективтік ұғым. Ерлер мен әйелдердің дыбыс желбезектерінің ұзындықтары мен жуандықтары әр түрлі болып келедә, сондықтанда олардың дауыстарының жоғарылығы да әр түрлі: ерлерде, орташа есеппен алғанда, 100-250 Гц, әйелдерде – 200-40 Гц. Диапозондардың айырмашылық шектері әншілер дауысында байқалады (бас және меццо сопрано).

Дауыстың жіберілуі – дауыстың қажетті нысандарғы, әрбір тыңдаушыға барып жете алатын қасиеті. И. Андрониковтың «Алғашқы рет эстрадада» деген әңгімесінде атақты ғалым-музыкатанушы И. М. Соллертинскийдің оны сахнада қалай өнер көрсетуге үйреткендігі туралы әңгімеленеді: «... дыбыс күші. Егер сені бірінші қатардағылар естісе, ол сені отыз екінші қатардағылар естіді деген сөз емес. Ал отыз екінші өатардағылар естіді мен бірінші қатардағылар арасындағы айырма, міне, осына жатыр. Сонымен қатты сөйлеу керек».

Дыбыстың жылжымалылығы, икеміділігі сөйлеушінің ойын толық және реңкімен беруге көмектеседі.

Дауыс тембрі – бұл дауыстың «бояулары» - анықтығы, сыңғыры, жұмсақтығы, жылылығы, т.б. Дауыстың тембрлік реңіне қарай тыңдаушылар айтушының ойын әр түрлі түсінеді: Дауыстың алғашқы тембрін резонаторлардың көмегімен өзгертуге болады. Біз тембрді жағымды не жағымсыз, жұмсақ темірдей, сықырлаған, шаңқылдаған, т.б. деп қабылдаймыз. Әр адамның даусының тембрі әр басқа. Тембр тек адамның жасына қарай ғана емес, оның көңіл-күйіне , денсаулық жағдайына байланысты да өзгеріп отырады.

Дауыстың ұшқыштығы, бұл оның басқа дыбыстарлың, шудың арасында еш нәрсемен араласпай, жоғалмай, сақталып қалуы.

Шыдамдылығы – бұл дауыстың ұзақ уақыт сөйлегенде өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтпай, көпке шыдап, аз шаршауы. Арнайы жаттығулар жасай отырып, дауысты жаттықтыруға, оны көп жүктемелерге шыдамды етіп қалыптастыруға болады. Жүйелі түрде жаттыға отырып, оны дамытуға, диапазонын кеңейтіп, резонаторларды дыбыстауға мәжбүр етіп, тембрін жақсартуға болады.

 

35. Буын түрлері (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев жіктеулері), буынның ығысуы мен жылысуы

А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, «Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға «бітеу» деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар» (13, 344-345 б.) деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы «буыншы» әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұраудағы дауысты әріптердің мәнін «әлгі әріптер кіріспейтін буын» болмайды деп көрсетеді. «Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазындар» (13, 344 б.) деген тапсырма жаттығуынан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.

Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А.Байтұрсынов ережелерін негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Проф. Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін көрсеткен

«Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады» дей келіп, осы үрдісті проф. І.Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық, түйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді І.Кеңесбаевтың пікірінше қазақ тіліндегі буынның негізі дауысты дыбыс болып табылады, ал дауыссыздар сол дауыстыларға икемделіп тұрады. Ғалым орыс тіл біліміндегі «қарқын теориясын» қолдайтынын білдіреді

Буынның ығысуы мен жылысуы.

Фонетиканың бас оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын(тоыр ат-торат), буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды. Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар.

Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ.Жұбанов деуге болады.

«Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да буынның саны кемімейді?». Мысалы: айт-а-айта; айт-ар-айтар, жаз-ар-жазар.

«Буындар кіріксе, буын буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене,аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке,жақсат болы кетеді (сонда). Соңғы жағдайда буын жігі қалай айрылатыны айтылмайды.

Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан буын жылысуын дыбыс жылысуы деген жөн болар.

Енді осы жылысатын дауыссызға назар аударайық. Бұл дыбыс бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер деуге әбден болады. соның арқасында : сарала(сары ала), мен сарала (етістік), алтай (алты –ай) мен Алтай(жалқы есім).

Келесі буынға ылжыған дәнекер дауыссыз бастапқы үнін , реңін (жуан не жіңішке,қатаң-ұяң, еріндік-езулік қалпын) кейде сақтап көбінесе өзгертіп тұратыны бар. Буындар жігіндегі мұндай дыбыстар сөздерді біріне-бірін желімдеп, байланыстырып, қиюластырып зор фонологиялық қызмет атқарпады.

 

36.      Қазақ тіліндегі үндестік: буын үндестігі, тіл үндестігі және ерін үндестігі. Үндестік заңына бағынбайтын жағдайлар жіне оныңқазақ тілі айтылымына ықпалы.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді.

Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

1. Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)

2. Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)

3. Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

1. Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)

2. -нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)

3. -жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)

4. -хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)

5. -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)

6. -ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

7. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап

Тіл үндестігі

Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздар мен дауыссыздар үндеседі.

Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.

Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се(айтылуда:жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр

Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр;

Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз. Түрлері:

Толымсыз ассимиляция - екі дыбыстың жартылай ықпал етуі (қаз. Агіт + бай - Айт + пай ұяң дыбыстың қатаңға айналуы).

· Толымды ассимиляция - екі дыбыстың қосылып, бірдей айтылуы нэтижесінде пайда болатын ассимиляция (қаз. Дос + жан - Дошшан).

 

Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) - Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Диссимиляция –ассимилияцаға қарама- қарсы құбылыс

Диссимиляция- дыбыстардың комбинатырлық өзгерістерінің бірі. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Бұл әдеби тілде сирек құбылыс, нормаланбаған тілде кездеседі.Мысалы молла (молда), каредор (каледор )т.б. Екі қосарлы дауыссыз айтуға ыңғайсыз, сондықтан «л» дыбысы «д» дыбысына айналып кеткен

Ерін үндестігі.

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп аталады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр [1]. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.

 

 

37. Дыбыс өзгерістерінің түрлері: ассимиляция және диссимиляция, оның себептері

Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздар мен дауыссыздар үндеседі.

Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.

Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се(айтылуда:жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр

Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр;

Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз. Түрлері:

Толымсыз ассимиляция - екі дыбыстың жартылай ықпал етуі (қаз. Агіт + бай - Айт + пай ұяң дыбыстың қатаңға айналуы).

· Толымды ассимиляция - екі дыбыстың қосылып, бірдей айтылуы нэтижесінде пайда болатын ассимиляция (қаз. Дос + жан - Дошшан).

 

Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) - Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Диссимиляция –ассимилияцаға қарама- қарсы құбылыс

Диссимиляция- дыбыстардың комбинатырлық өзгерістерінің бірі. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Бұл әдеби тілде сирек құбылыс, нормаланбаған тілде кездеседі.Мысалы бомба, трамвай т.б

 

38. Ќазаќ тіліндегі фонетикалық құбылыстар жайлы С.Мырзабековтың пайымдаулары, фонетикалыќ ќўбылыстарєа ўшырайтын дыбыстар

С. Мырзабеков “Қазақ тілінің фонетикасы” атты еңбегінде: “Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісінде екіншісінің қосқаны – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жансақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у. Мысалы, бу, су, ки, қи сөздерінде дауысты дыбыстарының кездеседі деп қарауы. Бір қызығы зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы бар екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков және басқа ғалымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі әріпті дауысты дыбыс деп қарамайды. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында 17 дауысты дыбыс бола алмайтынын дәлелдеген: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін” – деп жазған. Ғалымның пікірінше, и мен у-дың дауысты дыбыс бола алмайтындығы дауысты дыбыстардың қазақтың төл сөздерінде қатар келмеуіне байланысты. И мен у тек қана кірме сөздерде дауысты дыбыс бола алады, әйтпесе байырғы сөздерде и, у қосынды дыбыстардың таңбасы.

С. Мырзабеков өзінің “Қазақ тілінің фонетикасы” атты еңбегінде екі аффрикат дыбысын көрсетеді, ол ц мен ч.

Дауыссыз дыбыстар

Жасалу немес айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен 3 топқа бөлінеді: а) ерін (лабиаль) фонемалар: п,б,в,ф,м,у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,гқ,ғ,ң,л,р,й; Б) көмей(фарингаль) фонемасы: һ.

Ерін фонемалары іштей еріндік «п,бм,у) және ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене ерін үстіңгісі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады: тіл фонемалары үшке бөлінеді: а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р; ә) тіл ортасы: й; тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х.

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның проктикалық мәні аз.

Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен,қан, қон сөздерініңң соңындағы н дыбысы қосымша жасалған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы «(қанмен, қамды)болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.

Буын

Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізі түбір сөздер (түбір морфемалар )мынадай болып келеді: 1) бір буынды: ай, ат, бау, бас.2) екі буынды: а-на,а-та, ә-ке, ба-ла.3) үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет.4) төрт буынды: ы-ра- қы-мет(рақмет),і-ре-зеңке(резеңке), 5) бес буынды: у-ни-вер-си-тет,по-лик-ли-ни-ка.

Дыбыстың жылысуы. Сөйлеу кезіндегі ең кішкене единица (елеулі бөлшек)- буын. Жат тілде (мәселен, қытай тілінде) сөйлеп тұрған адамның аузынан жеке сөзден гөрі ылғи бір буындар тізбегі шығып жатқаны ұқсайтыны да содан. Ана тілінде сол буындардың белгілі бір тізбегінен сөз құралып, сөздер жымдасып, бунақ құрап айтылады. Сонда бунақ дегеніміз әлденеше буынның тұтасқан шоғырмағы деуге болады.

Фонетиканың бас оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын(тоыр ат-торат), буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды. Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар.

Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ.Жұбанов деуге болады.

«Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да буынның саны кемімейді?». Мысалы: айт-а-айта; айт-ар-айтар, жаз-ар-жазар.

«Буындар кіріксе, буын буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене,аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке,жақсат болы кетеді (сонда). Соңғы жағдайда буын жігі қалай айрылатыны айтылмайды.

Бұлардың арасында жылысатын тек дауыссыздар болатындықтан буын жылысуын дыбыс жылысуы деген жөн болар.

Енді осы жылысатын дауыссызға назар аударайық. Бұл дыбыс бунаққа енген әр түрлі сөздердің (буындардың) арасын жымдастыратын, кіріктіретін дәнекер деуге әбден болады. соның арқасында : сарала(сары ала), мен сарала (етістік), алтай (алты –ай) мен Алтай(жалқы есім).

Дыбыстың алмасуы. Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолд. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені, жазу сөздің айтылуы дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.М.жан етістігінен өрбитіңн жанды, жанбады, жанған(жоқ) сияқты формаларда түбірдің басқы қаллпы сақталып жазылады. Алайда, осындағы н әрпі 3 сөз формада 3 түрлі дыбысталады. Тілдің табиғаты фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсіндіруге болады. Мұны былай түсіну керек: жан,жанбады, жанған-3 түрлі сөзформа.: олардың лексикалық мағыналары бірдей себебі түбірі (жан) ортақ.

 

39. Жазудың маңызы мен ќызметі, ќазаќ жазуының тарихы, көне

әдеби мұралардағы тыныс белгілері

Жазу — адамдардың қашыктықта тұрып, қарым-катынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу коғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуіп ауызша сөйлеу тілі канағаттандыра алмады. Сондыктан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұктаждыққа қарыздар.

А.Байтұрсынұлы «Біздің заман — жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген.

Жазу тарихы

1 питроглиф (таңба)

Буын жазуы

3 әріптік жазу

Араб жазуы

5 төте жазу (А.Байтұрсынов)

Латын

Кириллица

Латын

Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады. Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады;

Идеографиялық жазу

идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу, цифр(сан). Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы, цифрлар, математикалық, химиялық, т.б. ғылыми-техникалық шартты таңбалар;

Буын жазуында

буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған финикия, көне семит, тибет, бирма, жапон, үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған;Бұған жапон, үндіжазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. Буын жазуы оқытуға, үйренуге, қолдануға ыңғайлы болды. Себебі таңбалардың саны аз, ықшам еді (35 — 40-тан бастап 200-ге дейін жетеді). Буын жазуы сөзді, тілді, әсіресе, оның фонетикалық дыбысталуын (фонетикалық транскрипцияға жақын) дәл көрсетуге әрі сөздің граммат. формаларын беруге қолайлы. Біртіндеп қоғамның даму барысында неше түрлі жазулар пайда болды: силлабикалық, әріптік, дыбыстық, финикий, арамей, грек, т.б. Римдіктер грек әліпбиін өз тіліне сәйкестендіріп өңдеді де, латын әліпбиін жасады. Бұл әліпби француз, ағылшын, неміс, швед, чех, поляк, испандықтарға, т.б. тарады. Славян халықтарының кейбіреулері грек әліпбиінің негізінде глаголица және кириллица әліпбиін жасады. Халықтың өсу, даму тарихына, мәдениетіне байланысты оның жазуы да өзгеріп, жетіліп отырады.

Дыбыстық жазу

дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы кейін мұсылман дінінің таралуымен бірге келген араб әліпбиін ұзақ уақыт қолданды. 1926 ж. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, “төте жазу” әліпбиін жасады. 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келе

Араб жазуы

Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.

Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴﺍ (Ешдәулт),

Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңысақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны,

Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар — сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған.

Төте жазу

1912 жылы А.Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Байтұрсынов емлесі қазақ қазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру кайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы осы «төте жазу жүйесімен» «Оқу құра­лы» деп аталатын тұңғыш кітабы жарыққа шықты

Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді басты назарда ұстады:
біріншіден, араб әліпбиін қазақ тілі­нің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;
екіншіден, араб әліпбиіндегі (алфавитіндегі) қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;
үшіншіден, араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;
төртіншіден, үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыс­тылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;
бесіншіден, ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп, негіздеу.
Осылайша қазақ балаларының өз ана тілінде сауаттарын ашып, хат тануына көп күш жұмсаған Ахаң 1912 жылы «Айқап» журналының 4-5 сандарында өзі құрастырған «ұлттық әліпби» жобасын «Жазу тәртібі» деген атпен мақала түрінде жариялап, көпшілік талқысына ұсынады.

Жазу тәртібі менің ойлауымша болса жарар еді» дей отырып, араб жазуында дауыссыз дыбыстардың бір емес бірнеше таңбасы барлығын, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін, ал қазақ тілінде дауыссыз емес, дауысты дыбыстардың ғана жуан, жіңішке болатынын, сондықтан артық таңбаларды алып тастағанын нақты мысалдар арқылы дәлелдей келе: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты» дейді.

Латын жазуы

КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды

Кириллица жазуы

Көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылықабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯпайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.

Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe]дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.

Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды[1].2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді[2][3]. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. [4]. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда[5]. Әліпби 32 әріптен тұрады

 

40. Ўлттыќ јліпби жасаудыѕ алєышарттары мен маѕызы, А.Байтўрсынўлы јліпбиініѕ ќўрамы, графикалыќ ерекшеліктері. Латын јліпбиіне негізделген жаѕа ќазаќ јліпбиі

ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: “Дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты ды-быстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауыс-ты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыс-тар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады”.

Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ жазуындағы әріп- дыбыс қатынасы, , , , фонемаларының орфографиялық ерекшеліктері, қазақ орфографиясының негізгі принциптері айқындалды. Дегенмен, алғашқы әліппенің олқылықтарын да білген жөн. Олар мыналар:

1) «ы» таңбасы «и» таңбасымен бейнеленді.

2) «ұ» дыбысы мен «у» дыбысы бір ғана таңбамен «ұ» мен бейнеленді. М: оқұ құралы, тұұады (туады);

3) басы артық «а» таңбасы қыстырылып жүрді: Әүлкен (үлкен), әүчүн үшін;

4) ы, і дыбыстары жазылмай қалып отырды. Жатр (жатыр), бр (бір), жртық (жыртық);

 5) қазақ әліппесінен шығарып тасталған араб әріптері шет тіл- ден (араб, парсы) ауысқан сөздерде әлі қолданудан шықпады;

Бұл мәселе алғаш 1924ж. 12-18 маусымын- да Орынбар қаласында өткен “Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде” көтерілді.

Съезде мынадай мәселелер сөз болып, шешімін тапқан:

 - қысаң езуліктер барлық позицияда жазылсын;

- қ-к, ғ-ғ фонемалары арнайы таңбалармен белгіленсін, өйткені “әрқайсысы ауыздың әр жерінен шығатұн дыбыс” (А.Байтұрсынұлы); “қаныкей, қайткенде, бірақ сықылды үндестік заңына келмейтұн сөздерді бөліп дәйекшемен жазу қиын” (Е.Омаров);

 - х, һ, ф, ш әріптері әліпбиден шығарылсын, ш орнына өзге түркі тілдерінен алшақтамас үшін ч әрпі қолданылсын (Е.Омаров) деген ұсыныс болғанмен фонемасы ш әрпімен берілді;

- ә әрпі сөз аяғында айтылмайтынын білдіру үшін жіңішке түбірге паз, уар кірме жұрнақтары жалғанғанда дефиспен жа- зылсын (білім-паз, сөз-уар) (Е.Омаров) деген пікір болғанмен, сөз дефиссіз дәйекшемен жазылып, сөз аяғындағы а [ә] болып оқылмайды делінді;

- жалғау мен шылауды айыруда екпін қызметі пайдаланыл- ды, мысалы, атта жал бар, өгізде мүйіз бар деген сөйлемде алты екпін бар, ал ат та көлік, өгіз де көлік деген сөйлемде та, де тұлғаларының жеке екпіні бар, сондықтан соңғысы шылау болып табылады;

- қарыз, мұрын сөздерінің түбір тұлғасында да, тәуелдеулі тұлғасында да ы, і әріптері таңбалансын, қарз-қарызы, мұрн- мұрыны деп жазу сөз жүйесінше де, дыбыс жүйесінше де дұрыс емес;

 - у, и – дыбыстары үлкен пікір-таластан, жеке комиссия мүшелерінің қарауынан кейін дауыссыз дыбыс деп табыл-ды (Ә.Бөкейхан, Е.Омаров, Қ.Досмұхамедұлы, Н.Шағиұлы, А.Байтұрсынүлы, М.Жолдыбайұлы), Т.Шонанұлы, Р.Сүгірұлы, Н.Зәлиұлы и, у дыбыстарын дауысты қатарына жатқызды; Т.Шонанұлы, М.Дулатұлы аталған дыбыстар дауыссыз болғанмен, бір таңбамен беру қолайлы деді, бірақ съезд қаулысында қосар әріппен таңбалау қабылданды.

 Сөйтіп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелері 1924ж. Орынбор съезінде қабылданды.

 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 5238; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!