Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келды. Ежелгі шыгыс, антикалық дәуірдің ойшылары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеды, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологииялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Біздің з.б бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер- Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп. Оны этикамен тығыз байланысты қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды.Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымы жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеды. Орта ғасырда саясаттың діни- этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатта қазіргідей түсінуге мол улес қосқан Италияның 16 ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық түсіндіруденг арылтып, саяси ойды қоғамдағы өмірден туған мәселелерді ш ешуге бейімлдеді.бүгінгі таңда АҚШ-тың, шығыс елдерінің жоғары оқу орындарындасаясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университтері оған мамандар дайындайды. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері. Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдыментанымдық (еносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Ғасырлар бойы Рессей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымымыздың саясат лен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұранддрының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.Саясаттану бағалау қызметін атқарадьі. Ол саяси курылысқа, институттарға; ісгәрекеггерге және ою-ігалар-ға саяси баға береді.Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.Саясаттану реттеушілік басқаруқызметін атқарады. Оның ерекшелігі — қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері басшылыққа алынады. Саясаттанудың негізгі парадигмалары. Парадигма (гректің paradeigma-теория, үлгі деген сөзінен)- зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімд ұйымдастырудың қисынан білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.''Парадигма'' ұғымын 20ғ 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі-Г. Кун.Теологиялық парадигма- саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.натуралистік парадигмасаясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен . Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек.

Марксистік саяси идеялар.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құң туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына соииализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамнын ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы.Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролегариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Лешш (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамьпты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігіңде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатыңдығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

Қазақ даласындағы саяси ой- пікірлер(Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Асан Қайғы, Абай, Ш.Уәлиханов, алашордалықтар )

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – Әл- фараби. Екінші ұстаз болып танылған. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы». Азаматтық саясат. «Бақытқа жету жолдары». «Саясат туралы». Деген еңбектеры бар.Әл-фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін- ақыл-парасат,адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеру керек. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлген. Қайырлы- білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиеін осы жолға бағыттайды. Ал қайырымсыз надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Баласағұн-аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. «Құтадғу білік» авторы. Бұл еңбектің ерекшелігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзіннің анана тілі түрік тілінде жазылғандығы. Жүсіп дәуіріндегі қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан Құтадғу білікке мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол- тек саяси трактат емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт- санасы, әдеп- ғұрпы және т.с.с туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма.ол шындыққа бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды. Асан Қайғы –қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын, жырау . ол алғашқы қазақ хандары Керек мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік түшін талас-тартыс , дау-жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрітпей реттеудің жолын , “Ымыраға келу” теориясын ұсынған. Абайқазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтын жаршысы болды. Ол адамды ақыл, білім, ерік жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтатындай қоғамның прогрестік дамун аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса айына бір рет өз- өзіне есеп беруге швқырды. Ш. Уалихановоның негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық- зомбылығнан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді. шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық,әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. « сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: “Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа- экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалр экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адм баласы қауымдасып өзіннің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатты жақсартуға тырысады.прогресс дегеніміз де осынан сай келеді ”-дейды.

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

1. Телеологиялықанықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс(1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

2. Бихевиористіканықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

3. Инструменталистіканықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль(1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

4. Структурсистік анықтама.билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

5. Конфликтіліканықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпалретінде қарайды.

7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Біздің ойымызша, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Саяси биліктің өзіңдік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетгің істерін басқару; үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.

Коғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдык ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтык, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару ерісін құрайтын кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Субъектдеп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, корғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.

Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі , біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезіндерінде болған. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билк саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Биліктің легитимдігі. Биліктің түрлері.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

1. Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.

2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.

3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түріжәне мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түріне байланысты билік монархиялық және республикалық болып бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарға өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.

Билік мемлекеттің құрылысына қарай унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді. Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекетік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады.

Саяси тәртіп.

Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – саяси биліктің заңды түрде жүзеге асырылуы, қоғамды басқарудың (билікті жүзеге асырудың) әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтамыз.Қазіргі саяси режимдерді демократиялық және антидемократиялық – авторитарлық және тоталитарлық деп үлкен үш топқа бөледі.

Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екі түрге бөлінеді. Президенттік тәртіп жағдайында атқарушы орган тікелей соған бағынады, ал президент белгілі бір мерзімге халық арқылы сайланады. Ол меғмлекет және өкімет басшысы болып есептеледі. Президент атқарушы органдардың және министрлер кабинеті басшыларын тағайындап отырады. Атқарушы өкімет президенттік билікті жүргізу құралы болып есептеледі. Бірақ президенттік биліктің шегі болады. Ең алдымен ол заң шығарушыға құқықты емес. Президенттің кез келген үкімін заңға қайшы келген жағдайда Мәжіліс қайтаруға құқылы. Президент өз қызметінде республиканың ішкі және сыртқы мәселелерін шешумен шұғылданады. Соның ішінде республика көлеміндегі экономикалық және ғылыми-техникалық және саяси, әлеуметтік, мәдени, құқықтық тәртіпті нығайту тағы басқа мәселелер президенттің басты назарында болады. Президент Республика Конституциясында көрсетілген нормалар мен әдістерді пайдаланады. Президент Мәжіліс отырыстарына қатысып, оның жұмысының тиімді әрі нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Заң шығару барысында инициатива көрсетеді, қажет кезде заңның қабылдануын кідіртуге құқылы.

Парламенттік режим жағдайында заң шығарушы өкіметтің ролі басым. Мұнда заң шығарушы және атқарушы өкімет парламентке бағынады.

Тоталитарлық режим дегеніміз – саяси режимнің бір түрі, ол қоғамның барлық салаларына толық бақылау жасайды. Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:

1. Партия монополиясының өмір сүруі;

2. - Партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы;

3. - Идеологияның үстемдігі. Идеологияны саяси лидер анықтап отырады, сондықтан мұндай идеология халық пікіріне көп жағдайда қайшы келеді;

4. - Тоталитаризм барлық нәрсеге монополиялық бақылау негізінде құрылады. Өмірдің барлық саласына бақылау жасалынады;

5.- Террорлық полицияның бақылауы болады.

Авторитарлық режимныің ерекшелігі, ол тоталитарлық пен демократиялық режимдермен аралық сипатта болады. Өйткені мұнда тоталитарлық та, демократиялық та белгілер орын алады. Мысалы: Тоталитарлық жүйеге тән заңмен шектелмейтін диктаторлық биліктің сипаты болады. Мемлекет арқылы реттелмейтін автономиялы қоғамдық салалардың болуы. Әсіресе экономика мен жеке адамдардың өмірінде азаматтық қоғам элементтерінің болуы оны демократиялық режимге тән белгілермен жақындастырады. Оның негізгі белгілері, биліктің тоталитарлық сипат алмауы, тұтас бір идеологияның болмауы, формальді түрде болса да парламенттің, партиялардың болуы, биліктің бөлінуі т.б.. Авторитарлық билік негізінен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерді қорғау және сыртқы саясат мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге эконимикалық даму стратегиясына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты да қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ мұнда нарық заңдары бұзылмайды. Саяси элита сақталады және ол конкуренция арқылы емес керісіше тағайындалып отырады.

 Саяси жүйе туралы ұғым, құрылымы, жіктелуі.

"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901—1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда коғамды жүйелік түрде талдаған —Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктін әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

"Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін кысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Шығыс — саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жаткан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады.

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.

Саяси институттарға(ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподактар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастарқұрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар)есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін зандар мен басқа нормативтік актілер жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі — саяси мәдениет.Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыкқа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрлықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің аддына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық құндылыктарға негізделеді. Билік тармакталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұракты және тиімді қызмет атқарады. Оған АКШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.

Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы.

Демократия деген сөз гректің “Демос”— халык және “кратос’”— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халык билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

демократиялык мемлекеттердің көптүрлілігіне карамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзіңде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекетгерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

2. Халык билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атакты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп тендікке негізделген мемлекетгі айтады деген болатын. Тендік барлық салада — халык жиналысында, мемлекеттік істерге катысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. т. болуга тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар өр түрлі болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық—жалпы және барлығына бірдей қоғамдык және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және корғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұксат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекетгерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірак қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, аксүйектер) заң мен кұқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі — әділеттілік. Әділетгіліктің де бірыңгай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу — әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, когам-дағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетініңдәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостан-дық, еркіндік үшін алаңга шыққан болатын. Бұл—демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіңдікке жету үшін гасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлык түрлерінен азат етілу үшін мындаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демокра-тияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Кұкық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заң-сыздықтан кұтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылык әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматгар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол_аткарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.

Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардыңАҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751—1836) мынадай
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың
Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870—1957).
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі —
Демократияның төбе топ, элитарлық теориясы жоғары көрсетілген теорияға
Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар.
Францияның саясатшысы М. Рокар "ақпараттық демократия" деген тұжырымдаманы
Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр.
Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық,
Сонымен қатар, демократия — тарихи құбылыс. Оны бір
Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек.

 Мемлекет пайда болуы мен мәні

 Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.

Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекет белгілерімен қызметтері

 Мемлекеттің мынадай белгілері болады:

1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.

2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.

3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.

6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

2. Мемлекеттің қызметтері

Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.

Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.

Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.

Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.

Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сыртқы: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.

Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.

Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.

Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

 Азаматтық құқық және құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті. Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады

Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс: - экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас; - адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау; - заңды, демократиялық билік; - ақпаратқа бостандық беру; - заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу; - таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу; - адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту. Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. .

Демократия мәні құндылығы және өзіне тән құндылығы

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1.Мемлекет түрі.

2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық,әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократиялық қоғам белгілері

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Экономика саласындаЕңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;

1. Меншік түрлерінің әркелкілігі;

2. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;

3. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;

4. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;

5. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада

1. Саяси пікірдің әр алуандығы;

2. Көппартиялылықтың болуы;

3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

5. Оларды іс жүзінде қолдану;

6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

8. Оппозицияның болуы;

Рухани салада

1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;

2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;

3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;

6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

Әлеуметтік салада

1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;

4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

 Демократия кезіндегі билік формалары және қоғамдық өмірді құру

Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысудемократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады.

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;

3) көпшілік партиялар.

Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады

Саяси партия қызметтері

Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси партиялардың жіктелуі

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

а) маманданған;

ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.Посткоммунистік элита статусына қатысты көптеген теориялық пікірлерге қарама-қарсы дәлел ретінде оның заңдастырылғаның көрсету қажет. Біріншіден, Қазақстанда да,Ресейде де ол қалыпты көп партиялы сайлау тәртібімен түзілген:президент пен парламентті тікелей халық сайлайды. Екіншіден, ол конститутциялық тұрғыдан сараланған. Коммунистік элита қатаң иерархиялық сипат иеленді:партиялық элита даусыз басымдық иеленді, оның сонынан өз кезектерімен мемелекеттік және шаруашылықтық элита ілесті. Бұл иерархия заң жүзінде қуатталды, алайда демократиялық тәжірибеден тым алшақ жатты. Посткоммунистік элитада үш орталықтың-парламенттің, президенттің, үкіметтің болуы, сондай-ақ олардың әрқайсысының іс әрекет аясы да (“құқық күші ”де ) контитутциялық тұрғыдан тәртіптелді. Осылайша саяси элита-нақты қоғамдағы, нақты тарихи сәттегі өкімет билігін ашық пайдаланатын саяси топқа айналды. Саяси жүйелердегі элиталар мен бұқараның арақатынасыаса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Егер бұл кез- келген саяси жүйенің қажетті құрамдас бөлігі дейтін болсақ, онда олардың қолайлы арақатынасы туралы мәселе сөзсіз көлденең тұратыны анық. Элиташылар үшін элита-саяси процестің шынайы субъектісі, ал бұқара- қолайлы саяси жүйеге төнген қауіп-қатер сияқты көрінеді.Элиташыларға қарсылар үшін саяси процестің субъектісі-халық, ал элиталар-демократияға төнген қауіп- қатер ретінде қарастырылады.
Элита мен бұқараның қарым-қатынасындағы екі ұшқарылықтың да, басқаша айтсақ, элитаның бетімен кетуіне апарып соғатын нарсе оның соңынан бұқараның көз жұмып ере беруінің де, сондай-ақ өкіметтің заңдастырылғанына нұқсан келтіретін ұшқарылық бұқараның элитаға мүлдем сенбеуінің де саяси жүйеге тигізер кесірі көп. Сондықтан, домократияны бұқараның элитаға бақылау орнатуын қамтамасыз ететін, сол арқылы элитаның бұқараны саяси субъектіліктен айыруына мүмкіндік бермейтін, керісінше оның белсенділігін арттыратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұқараның сенгіштігі, бір жағынан, соңғысының басқару қызметін атқаруын жеңілдете түседі, екіншіден, оны билікті бір адамның қолында шоғарландыруға ынтықтырып,бұқарадан алшақтай бастауына , томаға-тұйық, деспоттық топқа айналып, сырттан “таза, жас қан” құйылып жатпағандықтан, біртіндеп азғындыққа ұшырауына итермелей түседі.

 Саяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси жетекшіліктің жіктелуі мен топ бастаушылардың жеке қасиеттері.

Саяси топ бастаушылар деп қоғамдық саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси топ бастаушылар мынандай қызметтерді атқарады: әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажетттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік беретін саяси бағыт-бағдарлама жасау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді енгізу және т.б. САяси топ бастаушы болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде. Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым - саяси бастаушы, көсемсымақ. 

Ол ұғым ХІХ ғасырда пайда болды. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау, өз басының атын шығару үшін адамдардың жағдайын пайдалану, көпшілікке жағымпаздану, т.б. САяси көсемнің саяси бастаушыдан ерекшелігі – саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж.Херманн ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі бойынша былай жіктейді:

1) Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын біледі. Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг, Аятолла Хомейни.

2) Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Л.И.Брежнев, К.У.Черненко, Д.А.Қонаев

3) САудагер топ бастар. Алдына қойған жоспарлы іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіреді.

4) Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады.

Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:

1. «Диагностикалық» міндет: саяси серкелер қалыптасайындеп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; яғни « диагноз» қояды.

2. Саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді.

3. Іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға тырысады.Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек. Соның арқасында оны жүзеге асыруға жұмылдырылады. 

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Оғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Жеке адамның құқығы. Бұл мәселеге адамдар өте ертеде назар аударған болаты. Ежелгі грек философтары барлық адамдар дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар үкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады.

Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болды. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.

Біздің қазіргі ұғымдағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.

Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Осылардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді.

АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.

1942 жылы 1 қаңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады.

 Саяси сана түсінігі, қызметтері, құрылымы (саяси идеология, саяси психология, саяси мінез-құлық). Саяси сананың түрлері: қарапайым, кәсіби, ғылыми, мемлекеттік. Саяси сананың деңгейлері: жеке дара, топтық, бұқаралық, қоғамдық.

Идеология түсінігі және оның негізгі теориялары мен бағыттары: марксистік, аксиологиялық, психологиялық, социологиялық. «Идеологиясыздандыру» және «қайта идеологиялану» концепциялары, батыс марксизмінің Франкфуртттық мектебінің өкілдері. Идеология – құндылықтар жүйесі ретінде. Идеологияның қызметі және деңгейлері.

Қазіргі заманғы саяси идеологияның негізгі түрлері: либерализм және неолиберализм, консерватизм және неоконсерватизм, социал-демократия, коммунизм, фашизм.

Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.

Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.

Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды.Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.

Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
 Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табылады. Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті. Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын еш қандай ой-пікір болмаған екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және бас­қа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері: 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі.
Саяси мәдениет құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Саяси мәдениетті құрастыратын басты элементтер-жалпыұлттық мәдениетке, тарихи-ұлттық, діни-дәстүрлікке, әдет-ғұрыпқа, рухани мақсаттарға т.б. тығыз байланысты. Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді.

 Саяси мәдениеттің жіктелуі, түсінігі мен мәні

 Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

· "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

· "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

· "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

 Саяси әлеуметтенудің типтері

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

· Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

· Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

· Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.

Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д.Истон мен Дж.Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңінен көрсетеді:

1.саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;

2. жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицеский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;

3. дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу;

4. институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.

Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе жадында бағынбауға үйренеді.

Саяси жанжалдар

Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

 Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

 Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері

Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалык дәрежеде дамуын камтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі. Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар. 1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді. 2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді. 3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады. 4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
Этносаяси жанжалдар.

Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- аралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
— автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
— белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
— өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі — түптеп келгенде езінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі — этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану.Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді.

Саяси процесс туралы ұғым
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.
Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. 2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. 4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау.
Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.

Саяси процестің жіктелуі
Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік кұрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айкындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін керсетеді.
Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.
Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саясн емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда онын көбіне ауқымы тарырақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін.
Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік дейді. Оныкөбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

Саяси процеске катысу түрлері.
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі— институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі.
Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді.Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.
Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін — референдум. Бұл — заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу.
Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.
Бұқаралық жиналыс бір мәселені талкылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді.
Шеру (демонстрация) — белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылык білдіруге бағытталады.
Ереуіл — саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық
Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.

Саяси процесс,саяси әреке,саяси шешім.
Саяси процесс
- күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.[
Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына сай болуы керек.
Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген нәтижелерге талдау жасау.
Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады. Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.
Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.

Саяси даму мен бейімделудің мәні.
Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.
Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.
1. Құрылымдық бейімделу. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализанияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық кұрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады
2. Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі — азаматтылық, азаматтық құқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған
3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі — сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналық негіз болатын саяси идеология сомдалып, шындалады.
4. Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шенберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады.

43 Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституцияның ерекше белгілері

Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.

1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.

ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға «социалистік» деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.

Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда болды.

2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б.

3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» және «барлық заңдар, Республика қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..

Мемлекеттік құқық ғылымында «конституция» терминін материалдық және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция – бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин «конституция» өмірде аз қолданылады. Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.

Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция – бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.

Қазақстан Республикасының конституциялық құығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.

Конституцияның сыртқы заң күші бар және ол республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, көрнекті ақын және қоғам қайраткері О. Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумыүлкен рөл атқарды. Форумда интернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Сондықтан «Кеңестерге не істеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.

Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Өз әріптестеріне арнаған үндеуде олар мұндай шешім қабылдау себебін ескі кеңестердің бүгінгі заманда елдегі саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсіндірді. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.

Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.

Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі. Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент болды.

 

 

 Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

 

48. Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.

Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар жасау саясатын жзүргізеді. Ол саясат арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, ақпарат т.б. салалардағы байланыстар жүреді. Сонымен бірге, әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушыда орталық жоқ. Әлемдік саясат мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. Әлемдік саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер өзара қарым-қатынастары барысында жасайды. Бірақта, мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер жеке тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие.

49. ҚР сыртқы саясаты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.

50. Мәңгілік ел - ұлттық идеясының мазмұны.

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы Жоспар

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады. Ол Президентіміздің жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясы.
Біздің басты мақсатымыз «2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» -делінген Жолдауда. «Бұлүшінеліміздебарлықмүмкіндіктер: ресурстар, білімдіадамдар, жұдырықтайұлт бар», - дедіҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті. Бүгінніңбиігіненқарап, 20 жылішіндежеткенжетістіктеріміздісараласақ: «Әлемелдерімойындағанмемлекеткеайналдық, халықтардостығы мен саяситұрақтылығыберік ел атандық!»Қазақстан-2030 Стратегиясындабелгіленгеннегізгіміндеттерді мезгілінен бұрынорындадық.
Ендігі жол – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті маңыздыбағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат;кәсіпкерлікті қолдау; әлеуметтік қамтамасызету;білімді өркендету;мемлекеттілік пен демократияны дамыту;сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайту;елдегі патриотизмді күшейту.
Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды. Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқытуәдістемелерінжаңғырту, отандықбілім беру жүйесінеинновациялықәдістерді, шешімдердіжәнеқұралдардықарқындыенгізугетиістігізаманталабы. Жаңазаманталабынасайпәндердіөзгерту, ескіргеннемесесұранысжоқғылымижәнебілімпәндеріненарылу, соныменбірге, сұраныскөпжәнеболашағы бар бағыттардыкүшейтумәселесіншешудепЖолдаудаайрықшаатапөтілген.Осыдан барып, жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. Тәрбиемен білім қатар жүргенде ғанаеліміздің болашағы сенімді, білімді жастардың қолында болады. Өз ерік-жігерімізбен, болашаққа деген сеніммен орнатамыз.Елбасының атап көрсеткеніндей, 2050 жылға қарай Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құрылатын болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – еліміздің жарқын болашағы бар екендігін, даму үшін, кәсіби тұрғыдан өсу үшін орасан зор мүмкіндіктер жасалатынын көрсететін, алға басуға жігерлендіретін, біздің елдің табысты болатынына сендіретін тарихи саяси құжат. Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Қоғамның қай саласына болмасын, патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, қазақы намыс жатыр. Себебі, біз қанша өмір сүрсек те, намысты қолдан бермейтін, сенімін серік еткен, жеткен биіктен әрі асуды көздейтін қайсар халықпыз. Менің ойымша, еліміздің талай қиындықты мойымай көтеруі қанға біткен тектіліктің арқасы.
Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаһанға мойындату, керек десеңіз, мемлекеттік тілдің төңірегіне тұтас елді топтастыру идеясын жүзеге асыру - шын патриоттың қолынан ғана келетін іс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биіктерді бағындырудың, 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының формуласын ойлап тапты. Мемлекетшіл болудың тағы да бір сырын ашты. Сан түрлі ұлттан, алуан түрлі мамандық иелерінен тұратын «Нұр Отан»ХДП «Астана медицина университеті» АҚ-тың «Өркен» бастауыш партия ұйымының мүшелері үшін Жолдаудың орны ерекше. Себебі, құжаттағы барлық мақсат-міндеттер партияның бағытымен ұштасып жатыр.
Біздің мақсатымыз - Елбасы Жолдауын елге насихаттап, әрбір еңбек ұжымына, қарапайым халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылады.«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, оның «Мәңгілік Ел» болуына қызмет етеді. Болашағы, алға қойған мақсаты айқын елдің – келешегі жарқын болады.

 

 


 

 

 

 

 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 2359; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!