Безопасностьжизнедеятельности



Nbsp; 2 Өміртіршілік қауіпсіздігібөлімі 3.1 Ленталы конвейердегі электр жетегін пайдалануда техника қауіпсіздігін сақтау шараларына талдаужасау. 3.1.1 Еңбек қорғау бойынша жалпыталаптар Бұл нұсқау ленталы конвейермен жұмыс кезінде сақтық шараларының негізгі талаптарын регламенттейді. Конвейермен жұмыс істеуге 18 жастан асқан, тиісті біліктілігі бар және а) медициналық байқаудан өткен; б) кіріспе нұсқаулар мен жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауларды өткен; в) тәжірибелі жұмысшының бақылауымен машықтануды өткен; г) негізгі мамандық бойынша және істелетін жұмыс түрі бойынша еңбек қорғау сұрақтары бойынша білімін тексеруден өткен; д) электр қауіпсіздігінен білімін тексеруден өткен және электр қауіпсіздігі бойынша 1 біліктілік тобына аттестатталған адамадаржіберіледі. Еңбек қорғаудан қайталау нұсқаулықты және тиісті жыл сайынғы білімін тексеруді өз уақытында өтпеген жұмысшы жұмысқа жіберілмеуітиіс. Аспаптармен, құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеуге үйретілмеген жұмысшыға оларды пайдалануға болмайды. Жұмысшыөртқауіпсіздігі және де ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауы керек. Темекі шегу тек қана арнайы белгіленген жерлерде ғана рұқсат етіледі. Жұмыс алдында және жұмыс кезінде спиртті сусындар мен есірткі заттарды пайдалануға тыйым салынады. Жұмысшыға конвейермен жұмыс кезінде әсер ететін неғұрлым қауіпті факторларға мыналар жататынын білукерек: - қондырғының қозғалатынбөліктері - жұмыс орнындағы шуылдың жоғарыдеңгейі Конвейерде жұмыс істейтін адам, арнайы киім беру нормаларымен қарастырылған, арнайы киімде жұмыс істеуі керек. ЖҚЗ мамандық бойынша жеке қорғаныс заттарын беру нормаларына сәйкес беріледі. Жұмысшы тек жетекшіден алған жұмысты ғана орындауы тиіс. Жұмыс кезінде сақ болуы керек және басқа жұмыстар мен әңгімелерге көңіл аудармауы керек. Өзінің жұмыс орнындағы қорғаныс талаптарының бұзылуын және де аспаптың және жеке қорғаныс әдістерінің жарамсыздығын байқаған жағдайда өзінің жетекшісіне айтып және ескерілген жарамсыздықтар жойылмайынша дейін жұмысқа кірісуге болмайды. Жұмысшы жәбірленген адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсету талаптарына сәйкес дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді білуі және оны орындай алуы керек. Және болған жағдайды жетекшіге хабарлауы тиіс. Егер жазатайым оқиға жұмысшының өзімен болған жағдайда ол шамасы келгенше денсаулық сақтау пунктіне, медициналық мекемеге қаралуы керек және ол жерден жұмыс берушіге хабарлама жеткізілуі қажет. Жұмысшы жеке бас гигиенасын сақтауы керек. Тамақтан бұрын немесе темекі шекпес бұрын қолды сабынмен жуу қажет. Ішу үшін суды тек осыған арналған құрылғылардан алуы тиіс. Нұсқаулық талаптарының орындалмағаны үшін жұмысшы ішкі еңбек тәртібі және заң бойынша жауапқа тартылады.   3.1.2 Жұмысқа кірісер алдындағы еңбек қорғаушарты Конвейермен жұмыс істемес бұрын киімді қалпына келтіру (ілгекті тағып, жеңді түріп, салбырап тұрған киім бөліктерін жинап, бас киім кию) қажет. Жұмыс орнын қарап, аяқ астынан жұмысқа кедергі келтіретін барлық заттарды алып тастау керек. Егер еден тайғақ болған жағдайда оны сүртуді сұрау қажет немесе оны өзі істеуі керек. Берілген аспаптың жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізуі тиіс. Жұмыс орны жеткілікті жарықтандырылғанына көз жеткізу керек; жергілікті жарықтандыру кіші вольтты 36 В болуы тиіс. Қажетті жағдайда тасымалды шамды пайдалану керек.   3.1.3 Жұмыс кезіндегі еңбек қорғауталаптары Конвейердің құрылымы: - қатып қалу және жүктің тұрыпқалуын; - жүктің конвейерден құлауын болдырмауыкерек. Конвейерді қалыптасқан техникалық жағдайлардағы немесе пайдалану құжатындағы нормалардан асырып жүктеуге болмайды. Конвейердің қолмен даналама жүкпен жүктелетін қабылдағыш бөлігі горизонтальды аймақта немесе конвейердің жүктеу жағына 5° ылди көлбеу бөлігінде орналасуы керек. Көлбеу конвейерлерде (конвейердің көлбеу бөліктерінде) даналама жүктер тасымалдау кезінде конвейердің жүкті алып жүруші элементіне қатысты қозғалмайтын жағдайда болуы керек және жүктелген кездегі орынынан қозғалмауы тиіс. Трассада вертикальды немесе көлбеу алаңдары бар конвейерлерде жетек кенеттен тоқтап қалса, жүк тиелген жүк тасымалдағыш бөлікті өздігінен кері бағытқа қозғауға болмайды. Көп жетекті конвейерлерде әр жетекте тежеуіш құрылғылар болуы керек. Егер конвейерге қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдарға конвейердің жанынан өтуге немесе оған еркін қол жеткізуге мүмкіндік болатын жағдайда, конвейердің қозғалатын бөліктері конвейердегі технологиялық үрдіспен байланысты немесе конвейердің барлық трассасында,қалыпты жұмыс орындарында қоршалуы тиіс. Қоршауларды металл бөліктерден, тордан және басқа да берік материалдардан жасаған дұрыс. Торлы қоршауларда ұяшықтардың көлемі конвейердің қоршалған бөліктеріне қол жеткізу мүмкін болмайтындай етіп жасалуы керек. Конвейердің қорғаныс қоршаулары сенімді, берік,ашылатын(ілгішпен) немесе бөлек секциялардан жасалған алмалы-салмалы болуы керек. Конвейерге қызмет көрсету ыңғайлы болуы үшін қоршауларда қақпақтар мен есіктер болуы қажет. Жетекті, керме және итеруші барабандар, белдік және де басқа табыстаулар, муфталар мен сол сияақтылар, тіреуші роликтер мен лентаның төменгі бөліктерінің роликтері адамдар болуы мүмкін аймақтарда қорғалуы немесе қоршаулы керек. Даналама жүктерді тасымалдауға арналған конвейерлер барлық ұзындығында 200 мм аспайтын борттармен жабдықталады. Қысқа конвейерлер (10 м дейін) басқы және аяғындағы бөліктерінде конвейерді тоқтататын "СТОП" авариялық батырмамен жаабдықталуы тиіс. Егер конвейер трассасының барлық бөлігі конвейерді кез-келген жерде тоқтатуға мүмкіндік беретін тросты сөндіргішпен жабдықталған болса, конвейерді тоқтататын оның басында және аяғында орналасатын батырманы қондырмауға болады. Аса қауіпті жерлердегі ашық трассалы конвейерлер және де ұзын конвейерлер (10 м көп) оған қызмет көрсету үшін кіретін жағынан ұзындығы бойынша кез-келген жерден авариялық жағдайда тоқтатуға болатын қосымша сөндіргіш құрылғылармен жабдықталуы керек. Конвейерді басқару үлгісінде авариялық жағдайды жойғанға дейін, конвейер жетегінің қайта қосылу мүмкіндігін жоққа шығаратын оқшаулағыштың болуы қажет. Конвейерлерде лента немесе арқан-тартпалы құрылғылар үзілген жағдайда сөндіргіш құрылғылар болуы керек. Бір конвейерде әр жерде орналасқан бірнеше қосқыш батырма болған жағдайда, олар конвейердің кенеттен тыс қосылуын жоққа шығаратындай электрикалық оқшауланған болуы керек. Конвейердің ауық-ауық майланатын жерлері қорғаныс құрылғыларын алмай-ақ қол жетімді болуы тиіс. Конвейерді монтаждау үзілмейтін қозғалыстағы транспортты құрылғылардың қауіпсіз пайдалануына жауапты жұмысшының басқаруымен жүгізілуі керек. Конвейерді пайдалануға жіберу қабылдама-тапсырма сынақтар нәтижелерінің негізінде іскеасырылады: - стационарлы конвейерлерде - оларды пайдалануорнында; - көшпелі және қозғалмалы конвейерлерде - дайындаушымекемеде. - Жұмысқа қабілеттілікті және ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін, конвейер систематикалық түрде техникалық қызмет көрсетуден, ағымдағы және күрделі жөндеуден өтуі тиіс. - Конвейерді пайдалану кезінде негізгі қауіпсіздік шараларына мыналар жатады: - конвейерді тоқтатуүшін.     3.2 Жұмыс бөлмесінде жарықтану жүйесіне есепжүргізу Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін. Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайыны бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көзден қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықты қамтамасыз етеді, бірақ бөлменің жұмыстық бетінде 2 лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасызетеді. Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден халықты шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болу керек. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін өңірлер шекараларының бойында қарастырылады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ету керек. Жарық көздерінің орналасқаны бойынша жасанды жарықтанулар: жалпы, жергілікті және құрамаға бөлінеді. Жалпы жарықтануда шамдарды жұмыс орындарына біқалыпты жарық беру үшін жоғарыда орналастырады. Жергілікті жарықтануда жарық ағыны жұмыс орындарына тікелей шоғырланады. Осы жағдайда жұмыс орны мен қоршаған кеңістік жарықтануының күрт айырмашылығы болады, жұмыстың жағымсыз жағдайлары құрылады, зақымдану қауіпі өседі. Бір жергілікті жарықтандыруды пайдалану тек кезеңдік жұмыста пайдаланылады. Құрама жарықталуда жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру қосылады. Жасанды жарықтануда жарық көзі ретінде шоқтану шамы мен газоразрядтық шамдарды пайдаланады. Жарық көзінің негізгі сипаттамалары: қайтарымы және қызмет мерзімі болып табылады. Шоқтану шамын әзірлеген кезде қарапайым болады, пайдалануда сенімді, бірақ жарық қайтарымы аз (20 лм/Вт аспай) және көк пен күлгінкөк түстері жеткіліксіз болған кезде түс айырымын қиындатады да сары және қызыл түстерінің жайсыз спектралдық құрамы болады. Газоразрядтық шамдардың ұзақ қызметтік мерзімі (10 000 сағат), үлкен жарық қайтарымы (750 лм/Вт), жарықталатын бетінің аз жарықтылығы, жарықтың жақсы спектралдық құрамы болады. Олардың кемшіліктері: шамның екпінділігі жоқ болғандықтан жарық ағынының лүпілі, төмен температурада және төмен кернеуде тұрақсыз жұмысы, іске қосудың күрделі сұлбасы. Жарық ағынының лүпілі жабдықтың айналып тұрған бөлігін қозғалыссыз немесе қозғалыссыз тұрғандарды айналғандай көрсететін стробоскопиялық құбылысын шақырады. Жарық көзі (шамның) жарықтандыратын арматурамен бірге шамдалыны құрайды. Шамдалы шамның бекітілуін, соған электрлік энергияның берілуін, ластанудан және механикалық бұзылулардан сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыстық орындарын жарықтандыру параметрлерін таңдау жасалатын жұмыстан байланысты. Объектінің көлемінен байланысты жұмысшының көзі барлық жұмыстарды және заттың қашықтығын байқауы бойынша сегіз разрядқа бөлінеді. Жұмыс орындарын жарықтандыру келесі шарттарды қанағаттандыру керек: жұмыс беттерін жарықтандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек; бөлмедегі жарықтың бірқалыптығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; өзінің спектралдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек. Жарықтандыру жүйесін есептеу жарық түрін таңдаудан, шамдалы түрі мен санын анықтаудан тұрады. Жарықтандыру жүйесін есептеудің ең қарапайым әдістері: нүктелік және меншікті қуатын қажетке жарату коэффициенті әдісі болып табылады. Қажетке жарату коэффициенті әдісі жұмыс бетіне түсетін жарық ағынының жарық беретін аспаптың толық ағынына тең болатын қатынасының коэффициентін анықтаудан тұрады. Есептеу әдісін жарықтандыру ағыны арқылы орындаймыз. Бұл есептеу әдісінде шамдалдан түсетін жарық ғана емес, сонымен қатар аймақты жарықтандыратын жұмыс беткейіндегі жарықты ескереді. Сондықтан, ол сарғыш немесе ашық бояумен қапталған бекткейде ғимаратты есептеу кезінде едәуір қолайлы. Есептеуге жарықтандыру қондырғысының жарық ағыны қолданатын коэффициент кіреді (η ). Бұл коэффициент шамдалдың түрінен, төбе мен қабырғаға түсетін жарық коэффициентінен және де көлем байланысын анықтайтын ғимараттың көрсеткішіне тәуелді. Жарықтандыруды есептеу келесі амалдар арқылы жүзеге асырылады : - Жарықтандыру жүйесінтаңдау - Жарық көзінің түрінтаңдау - Жарық шамдардыңорналасуы - Светотехникалық есептеу және жарық беретін қондырғының қуатын анықтау.   Бөлме Механикалық цех Өлшемі 10х12х3,5 Шам түрі ППД-100 Шам саны 12 Көру жұмысының разряды IV, в Шағылу коэффициенттері   rпот 50 rст 30 rпол 10   Көру жұмысының разряды IV(в), сол себепті қалыпты жағдайдағы жарықтық Eн = 200 лк [Ә.4. кесте 3.12]. Жұмыс орнындағы жарықты нүтелік әдістің келесі формуласымен анықтаймыз: Е=  Fл ×m 1000 ×K з ×åeГ мұндағы Fл – шамның жарық ағыны; m - шағылу арқылы қосымша жарықтандыруды есептейтін коэффициент, эмальданған шамдар үшін m=1,1; åeГ-жалпы жарықтандыру; K з - қор коэффициенті ( K з =1,5); Жарық ағынын анықтамалық мәліметтерден анықтаймыз, ол үшін жарық көзін таңдаукерек. Жалпы жарықтандыру келесі формуламен есептеледі:   I cos3 a åеГ =a                   h2 ×К з есептеледі:   алынады. алынады. h- аспа биіктігінің есептелетін шамасы, ол келесі формуламен Һ=Н-(Һс+Һр.п) Һр.п - дене бетіндегі жұмыс биіктігі. Ол 0,8÷1 м аралығында Һс- жарық шамының аспа биіктігі. Ол 0÷1,5м аралығында Н=3,5м; Һс=0,1; Һр.п=0,8м Һрас=3,5 - (0,1+0,8)=2,6 м   Жарық шамдарының ара қашықтықтарын табамыз:   l=1,2÷2, LA үшін l=2, LBүшін l=2. Ұзындығына қарай LA=l* Һрас=2*2,6 = 5,2м; Еніне қарай LB=l* Һрас=2*2,6= 5,2м. Шамдарды келесідей орналастырамыз:   Сурет 1 – Берілген мәндер бойынша жарық шамдарды орналастыру сұлбасы Суретте 12 дана ППД-100 шамы орнатылған. Шам мен қабырға арасындағы ара қашықтық: Ұзындығына қарай L1=1,5 м; Еніне қарай L2=2 м. Шамдар арасындағы ара қашықтық: Ұзындығына қарай LA=5,2 м; Еніне қарай LB=5,2 м. Бөлмедегі шамдардың орналасу сұлбасына А нүктесін белгіледік. Осы нүкте үшін барлық шамдардың шартты жарықтылық қосындысын анықтаймыз: ЕАГ ≥ Енорм шартын тексереміз. Нүктенің шамдардан ара қашықтығын анықтайыз: d6,7 = d1 , d5,8 = d2 , d2,3,10,11 = d3 , d1,4,9,12 = d4 d1 = 1.5м; d2 =4.5м; d3 =   =5,41; d4 =                  =6,88. tga =d1 / h(м) tga=1,5 3,5 = 0,42 a= 23° tga =d2 / h(м) tga=4,5 = 1,28 a= 52° 3,5 tga tga =d3 =d4 / h(м) tga=5,41 = 0,97 a= 44° 3,5 / h(м)tga=6,88 =1,54 a=57° 3,5   Берілген кесте бойынша жарық күшін Ia және соs3a табамыз:   a=23°    Ia1=276кд     cos3α=0,96 a= 52° a=44° a= 57° Ia2=192 кд     cos3α=0,526 Ia3=242кд      cos3α=0,81 Ia4=160 кд     cos3α=0,478   Табылған мәндерден есептейміз:   Ia×cos3a   276×0,96 еAГ1=1                                   = h×К з 3,5×1,5 = 50,47 лк Ia×cos3a     192×0,526 е  = 2                        =                =21,37лк AГ 2 h ×К з 3,5 ×1,5   Ia ×cos3a  242×0,81 е  = 3 =       =41,49лк AГ 3 h ×К з 3,5 ×1,5   Ia ×cos3a  160×0,74 еAГ4 = 4 = h ×К з 3,5×1,5 = 22,55 лк   åеАГ =50,47 + 21,37 + 41,49 + 22,55 = 135,88 лк   яғни А нүктесіндегі шартты жалпы жарықтандырудың мәні 135,88 лк- кетең.     ЕАГ =Ф×m×åеАГ 1000 ×К з =2100 ×1,1×135,88= 209,26лк 1000 ×1,5     Егер Ег³Ен шарты орындалса, жұмыс орнындағы жарықтандыру жеткілікті болады. Ен=200лк, 209,26<200. Осы жағдайда шартымыз орындалды.  

Безопасностьжизнедеятельности


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 280; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!