Жасанды тістерді дайындайтын пластмассалар.



 Ортопедиялық стоматологияда алынбайтын протездерге қолданылатын пластмассалық материалдардан «Синма-М» және «Синма-74» бұл акрильды материалдар жоғары температуда қататын полимерезациялық материал. Құрылымы «ұнтақ-сүйық» тан тұратын полимеразациялық материал. Ұнтақ құрамына суспенциялды сополимер мен фтор, ал сұйықтық құрамына акрилды мономер мен олигомер. Ал «Синма-74» сұйықтығында олигомер болмайды. Сол себепті оны тікелей үлгілеуге қолданылмайды. Ал олигомердін «Синма-М» көптігі оның мықтылығы басқаларына карағанда жоғарылау. Пластмассаны дауындау полимерезациясы: ұнтақ пен сұйықтығынын қатынасы 2:1 болады, бір тіске 2,5 грамм мен есептеледі немесе бір гильзамен есептеледі. Пластмассаны полимерезация уақыты 45минут. Болады. Біле-білсек пластмасса 4 күйден өтеді, оларға: ұнтақ; жіптәрізді; қамыр тәрізді; резина тәрізді құйлерден өтеді.

 

95. Изаколды қолдану көрсеткіштері.

Изакол пластмассаны кюветада қалыптау кезінде пластмассалық материалдын ғанышқа жабысып калуын алдын-алатын алгинатты оқшаулағыш материал. Изаколдың құрамы натрий алгинаттан (1,5-2) щевелевокислого аллюминий (0,02), 40 формалин ерітіндісі (0,3) бояулар мен судан. Изакол препараты Харьков атындагы заводтан шығарылған. Препарат сұйық коллоидты құрылымнан тұрады, сол себепті бөлме температурасын. Изаколды қолдану технологиясы: кисточка көмегімен изаколды суда қайнаған балауызы ерітілген ғаныш бетіне жұқалап жағылады. Екі рет қайта жағу ұсынылады. Изакол кепкеннен кейін пластмассаны берік оқшаулайды. Изакол жағылған кюветаға пластмассаны қайнатып болған соң, өңдеуден өткізу керек. 

 

 

96. стандартты (Қалыпты) қасықтар.

Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербесболып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.

 Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді.Функционалдықасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады , соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар;

1. бүйірі толық қасықтар;

2..толық жазықты қасықтар;

3. бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық;

4.бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық ;

5.жартылай оң жақ тістеріне арналған және жартылай сол жақ тістеріне арналған

 

97. . Жартылай тіс қатары болмағанда Кеннеди бойынша жіктелуі

Кеннеди классификациясы:


Тіс қатарлары ақаулары 4 классқа бөлінеді.

Бірінші класқа екіжақты шеткі ақауы бар тіс доғасы жатады.

Екінші класқа – біржақты шеткі ақауы бар тіс доғасы.

Үшінші класқа – бүйір бөлімдегі тіс доғасының ішінара ақауы.

Төртінші класқа – тіс доғасының алдыңғы бөлімінің ішінара ақауы. Соңғысынан басқа класстар кіші класстарға бөлінеді.

Кеннеди жіктелуімен тіс доғасының бірнеше ақауы болғанда пайдалану қиынға соғады. Осындай жағдайларда Кеннеди келесі ережелерді ұсынады.

Егер әр түрлі класстарға жататын тіс доғасынң бірнеше ақауы болатын болса,оны жоғарыдан төменге қарай қарастырып,төменгі класстарға жатқызамыз. Мысалы, тіс қатарының 00004300|00045600 формуласында бірінші және төртінші класс ақауы бар. Бұл жағдайда тіс доғасын бірінші классқа жатқызамыз. Тіс қатарының формуласы 87654000|1000340000 болса бұл ақау төртінші және екінші классқа жатады. Бұл жағдайда тіс қатары екінші классқа жатады. 

 

98. Штамталған көпір тәрізді протез дайындаудың зертханалық кезеңдері, ерекшеліктері

Штампталып дәнекерленген көпір тәрізді протездердің кемшіліктерін ескере отырып, соңғы кездері біртұтас құйылған көпір тәрізді протез қолданылуда.

Бұл протездер, тіс қатарының ақауын шектейтін, тірек тістерінің егеліп дайындалуы пластмаееалы немеее металды-керамикалы тіссауыттарынікі сияқты, жалпы ереже бойынша жасалады.

Tiс қатарының ақауын шектейтін тістердің бір-біріне қисайған кезінде оларға параллельдік беру үшін, қатты тіндердің егелу тереңдігін, олардың қисаю дәрежесін анықтау маңызды. Бұл үшін тістерді егеместен бұрын параллелометрияны қолдана отырып,диагностикалық мүсіндерді зерттейді. Зерттеу кезінде тістерді егеудің бағыттаушысы жэне қатты тіндер қабатын алып тастайтын жерлер, еркін немесе таңдау әдісімен анықталады.

Тұтас құйылған көпір тәрізді протезді дайындаудағы тіс технигінің атқаратын манипуляциялары:

• құрамалы комбинирленген жұмысшы және көмекші мүсіндерді дайындау;

• мүсіндерді артикуляторға немесе окклюдаторға орнату, тірек тістердің тұқылдарын екі қабат компенсациялық лакпен жабу;

• тірек элементтер мен аралық (денесінің) бөлімнің балауыз репродукциясын дайындау.

Тірек элементтері ретінде жасанды сауыттар, жартылай сауыттар және салмалар қолданылады. Оларды балауыздан мүсіндеудің ерекшеліктері жоғарғы тарауларда жазылған.

Тұтас құймалы көпір тәрізді протездің денесін дайындау, жоқ тістердің анатомиялық пішіндерін жэне тіс қатарларының окклюзиялық қарым катынасын ескерумен орындалады. Көпір тәрізді протездің аралық бөлімінің пішіні альвеолды өсіндінің шырышты қабатына байланысты екі түрлі болады:

- шайылу кеңістігінің болуы, бұл кіші және үлкен азу тістер аумағында қолданылады;

- шайылу кеңістігінің болмауы, алдыңғы тістер төңірегінде қолданылады.

Шайылу кеңістігінің көлемі клиникалык шарттарға байланысты

(альвеола өсінділерінің сему дәрежелері, тірек тістердің биіктіктері,

күлген кездегі тістердің сауыттары мен қызылиектің көрінуі, тіссіз альвеола қырының жалпақтығы).

Мүсінделген көпір тәрізді протездің балауыз репродукциясының беті жылтыр, тірек элементтер мен аралық бөлім ерітілген балауызбен біріктіріледі. Келешек протездің мүсінделуінің жоғары дәлдікпен орындалуы, протездің дәлдігін, құйманың механикалык өңделу мөлшерін, оның беріктігін анықтайды.

Мүсіндеу үшін арнайы кұрал-саймандар жиынтықтары қолданылады, электр шпатель, воскотоп, әртүрлі балауыздар (сауыт үшін, фрезерлі, мүсіндеуші). Көпір тәрізді протездің қаңқасын полимерге немесе керамикамен қаптауға арнап мүсіндеуде және металды үнемдеу мақсатында жасанды тістер үшін балауыз дайындықтар болады.

Тұтас құйма көпір тәрізді протездерді құю екі әдіспен жүргізіледі:мүсінде және мүсінсіз. Мүсінде құю үшін отқа төзімді қалыпты массадан, мысалы «Силаур», «Силамин» даярланған мүсін қолданылады. Осы әдіс тиімді.

Мүсіннен тыс, құйма көпір тәрізді протездерді даярлау барысында, балауыз дайындыққа, протезді шешу бағытында, орналаскан металл ағатын құю жүйесі тірек тіс сауыттары мен жасанды тістің әркайсысына орнатылады.

 

99. Пластмассаны дайындау әдісі

 

Пластмасса – дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолмен алынатын немесе төменгі молекулалық заттарды синтездеу арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін.

    Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.

    Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил. 

    Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :

а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.

ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.

б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.

 

7 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері

Клиника (дәрігердің жұмысы) Зертхана (тіс – технигінің жұмысы)
1- келуі : Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру. - Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу; - Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау;   2-келуі: Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту Модель құю ; Модельді орталық оклюзияда құрастырып, оклюдаторға бекіту; Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау;    Балауызды пластмассаға ауыстыру. Пластмассалы қаптаманы өңдеу және жылтырату.

    Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.

    Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.

8 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер

        

Жұмыс істеу кезеңдері Жұмыс істеу реттілігі.
Ғаныштық үлгіні желімдеу. ғанышты модель дайындау. Балауыз біліктерін дайындау. модельді оклюдаторға ғаныштау. Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау.    6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау.     7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.   полимеризация.   9. пластмассалы қаптамны өңдеу және жылтырату. ·Қызыл иек жиегі сызығын белгілеу және тіс аралық кеңістікті ажырату. ·Ерітілген балауызды егеленген тіске құяды және қаптаманың анатомиялық пішінін келтіреді. ·Пластмассалы қаптама пішінделген тісті модельден кесіп алады.   ·Қалыпты жұмысшы жағдайына келтіру. ·Қалыптың төменгі бөлігіне сұйық ғаныш құйылады да оның ішіне қаптаманың балауыз құрылымы салынады. ·Қалыптың жоғарғы бөлігі салынып үстінен ғаныш құйылады. ·Ғаныш қатқаннан кейін қалыпты ыстық суы бар ыдысқа салады. ·Қалыпты ашып ыстық сумен балауызды ағызып жібереді.   ·Қамыр тәріздлі пластмассаны дайындау. ·Қаптаманы қалыптау. ·Қалыпты қыспақтың астына салу. ·Қалыпты қыспақтың астына алып оны бюгельге бекітеді.   ·Қалыпты бюгельмен бірге суға салады. Полимеризация жүргізіледі, одан кейін суыған қалыптан қаптама алынады.   ·Тегістегіш моторда тегістеу, зімпара қағазымен өңдеу. Ішкі бетін бұрғымен тегістеу.  

    Дайын пластмассалы қаптаманы ауыз қуысында бекіткенге дейін судың ішінде сақталады.

1. Жасалынатын пластмассаның сауыт қалыңдығы 0,5-0,7 кем болмау керек. Бұл сауыттың беріктігі мен түсінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сауыт жасамас бұрын целлулоидты қалпақша дайындап алады. Содан кейін қалпақшаны тез қататын пластмассамен құйып толтырады. Пластмасса қатқан соң сыртқы қалпақшаны кесіп алып тастайды. Алынған сауытты тегістеп, жылтыратады.

2. Ең жақсы нәтижені алу үшін аралас әдістерді қолдану керек. Әуелі үлгі арқылы пластмассадан сауытты дайындап аламыз. Содан кейін оны жақтың қабысуына кедергі жасамау үшін оның енін пішінін және биіктігін қалыпқа келтіріп, тіс сауытына орналастырады. Содан соң сауытты тістен шешіп алып, оынң ішкі жағын мономерлеу сүртіп, ішіне тағы тез қататын пластмассамен толтырамыз. Бұны жасап біткеннен кейін сауытты тіске отырғызады. Сығылған пластмассаны алып тастайды. Пластмасса әбден қатқаннан кейін сауытты тістен шешіп аламаыз. Артық пластмассаны кетіріп, сауытты жылтыратып, оны гипске бекітеді. Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда тиімді.

3. Сақина көмегімен қалып шешу арқылы пластмассадан сауыт жасау. Сауытты термопластикалық масса мен цементпен құйып толтыру арқылы алады. Цементпен жасалған тістің үлгісін әуелі балауыздан үлгіні жасайды, оны гипстейді, пішінін келтіреді, сығады да пластмассаны жылтыратады. Цементпен жасалған тістің берік үлгісіне қарап, сауытты дайындағанда сауыт дәл шығады. Ол ауызда сауыттың тісте орнығуын жеңілдетеді.

 

100. протездеуге маңызы бар шырышты қабат пен б-еттердің анатомо-физиологиялық мінездемелері

Тістерін толық жоғалтқан науқастарда жақ-бет жүйесінің кызметтік бұзылыстары, жак сүйектерінің семуі мен оны жауып жататын жүмсақ тіндерде анык көрінеді. Жақ сүйектерінің альвеола өсінділері жұқара бастайды, төменгі жақ бұрышы доғаланады. Мұрын-ерін қатпарлы тереңдеп, мұрынның ұшы, еріннің езулері төмен түсіп кетеді. Беттің 1/3 бөлігінің биіктігі төмендейді, бұлшық еттері босаңсып, бет-элпеті қартайған түрге ұқсайды. Жоғарғы жақта сүйек тінінің семуі альвеолды өсіндінің вестибулярлы бетінде байқалса, төменгі жақта - тіл жақта басымырақ, осыған байланысты «кәрілік прогения» дамиды.

Шайнау қысымының аздығынан, бүлшық еттердің көлемі кішірейіп, босаңсып, семиді, ал буын шұңқыры жазықтау болып келеді де, буын бастары артқа және жоғары қарай ығысады.

Ортопедиялық емнің қиындығы: тістерді жоғалту мен сему процестерінің дамуына байланысты, беттің төменгі бөлігінің биіктігі мен пішіні анықтайтын бағдарлардың жоғалуында.

Жоғарғы жақта еріннің үзенгісіннің беку орнына назар аудару керек. Ол өтпелі қатпарда басталып, альвеолды қырынан эр түрлі қашықтықта бекуі мүмкін. Жоғарғы жақтың бүйір беткейінде ұрт-альвеолды тәждер орналасады. Жоғарғы жақ төмпешігінің артында қанат-жақ қатпарлары орналасады. Олар ауызды ашқанда керіледі.

Осы айтылған анатомиялық қызметтік өзгерістерді қалып-өлшем алу кезінде және жоғарғы жақтың протез шекарасын анықтауда ескерген жөн. Қатты және жүмсақ тандайдың арасындағы шекараны А-сызығы деп атайды. Бұл алмалы протездің артқы шекарасын анықтауда, бағдар болып саналады, оны протездің шеті 1 -2 мм жауып түруы керек. Альвеолды өсіндінің шыңында, орталық күрек тістердін тандай бетінде және орталык жік бойында күрек тіс емізікшесі орналасқан. Бүл таңдайдың алдыңғы бөлігінде орналасқан көлденен қатпарлармен жалғасады және олардың қалып-өлшемде жаксы түсірілуі қажет, әйтпесе олар, протезді кигенде кысылып, ауыру сезімін шақырады. Қалып-өлшемде таңдай жапсары, екі тандаи пластинкалардың қосылған жері. Жоғарғы жақтың семуі кезінде, торус анық көрінеді. Оны жауып жататын шырышты қабат жұқа және аурушаң болып келеді. Сондықтан протез жасағанда оны оқшаулау керек.

Төменгі тіссіз жаққа протез жасағанда тілдің, төменгі еріннің жүгеншелеріне, ұрт-альвеолдық қатпарларға көңіл болу керек және олардың іздері қалыпта жақсы қайталануы қажет.

Ретромолярлы аймаққа көңіл бөлген жөн, өйткені оны төменгі жаққа протез шекарасын кеңейту кезінде колданылады. Бұл тығыз және фиброзды немесе жұмсақ және батыңқы болуы мүмкін, бірақ эр жағдайда оны протезбен жабу керек.

Бекіту дегеніміз, бұл протезді тыныштық жадайда ауыз қуысында көмекші қозғалыстарды қолдану аркылы бекіту. Протездің бекуі ауыз қуысының анатомиялық жағдайына, шырышты қабаттың түріне және қалып-өлшем алу әдісіне байланысты.

Протезді бекіту әдістерін механикалық, биомеханикалық, физикалық және биофизикалық деп бөледі.

Механикалық бекуде пластиналық және шиыршық серппелерді қолданады. Оларды қолданудың кемшіліктеріне, альвеолды өсінді мен қатты таңдайға тұрақты күш түсуі, бүлшық еттердің тұрақтықысым әсерінде болуы, астың тұрып қалуы. Бұл әдіске теменгі протезге салмағы жоғары металды енгізу арқылы оны салмақтандыру, протезді, сүйек ішілік имплантанттармен бекіту жатады.

Биомеханикалық бекітуге анатомиялык ретенция, қызыл иектік кламмерді қолдану жатады. Төменгі протездерді бекіту үшін Кеммени пелоттары колданылады.

Физикалық бекіту әдістеріне магниттерді және теріс қысымды кеңістікті қолданады. Бұл теріс қысымды алу үшін протез негізінің қатты таңдайға қараған бетінде камера жасалады. Ауыз қуысына кіргізгеннен кейін протезді таңдайға кысып, камерадан ауаны ығыстырып шығарады, эластикалық тіндер протезді кері итереді. Осының есебебінен камерада теріс қысымды кеңістік пайда болады.

Бұл әдіс кемшіліктеріне байланысты қолданылмайды. Оларға камераның астындағы шырышты қабаттың өзгеруі, жарақаттың пайда оолуы, протездің тұрақты түрде жабысып түруы жатады.

Соңғы жылдары физикалық биологиялық бекіту әдісі кеңінен қолданылып жүр. Оның мәні протездің бекітілуі, адгезия мен Функционалды сорылу негізінде жүзеге асады. Tiс протезінің адгезиясын камтамасыз ету үшін, протез бетімен протез орныньщ бетінің сәйкес келуі керек. Ауыз қуысының шырышты қабыгының макро ғана емес, микрорельефі де протез негізінде өз суретін табуы керек. Сілекейдің жұка қабатымен бөлінген протездің жақта ұсталып тұруын қамтамасыз ететін конгруентті беттер арасында молекулалық жабысу күші пайда болады. Жабысу күші кілегейлі қабықтың микрорельефінің қайталауына және протез орнының аумағына байланысты. Кейбір зерттеулердің көрсетуінше 200-300 граммнан аспайтын жабысу күші, протездің тыныштық жагдайда бекітілуіне жеткілікті болғанымен, шайнау қысымы кезінде жеткіліксіз болады.

Функционалды сорылу протез астында теріс қысымды тудыруға негізделген. Протез қанша жақсы жасалғанмен, ол әр түрлі шайнау қысымдарында аздап ығысады. Осы кезде протез бен оның астыңғы кілегейлі қабықтың арасында теріс қысымды кеңістік пайда болады және протез қысымдар айырмашылығы әсерінен үсталып тұрады. Клиникада бұған жоғары сапалы функционалды қалып-өлшем алумен, протез шекарасын, жиегін, оның көлемін тура анықтау арқылы жетеді. Жоғарғы жақта протез шекарасы альвеола өсіндісінің вестибулярлы жақтауында пассивті қозғалмалы кілегейлі қабықты жабуы керек. Протез жиегінің осындай конфигурациясында протездің бекітілуі мықты болады, өйткені, сыртқы ауа клапанды аша алмайды. А-сызығы бойынша жоғарғы протездің артқы жиегі жұмсак таңдайға 1-2 мм өтіп тұруы қажет. Төменгі жаққа протезді ретромолярлы және тіл асты аймағын жабатын ретроальвеолярлық аймаққа «қанатша» жасай дайындалады. Егер төменгі жақта протездің функционалды сорылуына қол жеткізе алмағанның өзінде, шекараны кеңейту дұрыс, өйткені, осының нәтижесінде протез орнының аудан бірлігіне түсетін қысым азаяды. Протездің жақ сүйегінде түрақтылығы жоғарылаған сайын, науқас оган тезірек үйренеді, ал шайнау функциясы жоғары деңгейде болады. Осыған байланысты протезді түрақтандыру мәселесінін үлкен практикалық маңызы бар.

Ең басты көңілді протез орнының шырышты қабығының жағдайына бөле отырып, төрт классқа бөлген:

1. Бірінші класс: жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да шырышты қабығы сәл икемді жабылған жақсы айқындалған альвеолярлы өсінділер бар.

 

Таңдайдың үштен бір бөлігі шырышты қабықтың біркелкі қабатымен жабылған. Шырышты қабықтың табиғи қатпарлары (ерін, тіл және ұрттың үзбелері) жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да альвеолярлы өсіндінің ұшынан жеткілікті алып тасталынған. Шырышты қабықтың бұл классы протезге ыңғайлы тірек болып табылады, сонымен қатар металды негізбен де.

2. Екінші класс: шырышты қабық жансызданған, альвеолярлы өсінді және таңдайды жұқа қабатпен жабады. Табиғи қатпарлардың бекіген жерлері альвеолярлы өсіндінің ұшына шамалап жақын орналасқан. Тығыз және жұқарған шырышты қабық алмалы протездiң тiрегi үшiн ыңғайлы, әсіресе металл базис үшін.

3. Үшінші класс: альвеолярлы өсінділер және қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігі қопсытылған шырышты қабықпен жабылған. Шырышты қабықтың бұндай күйі альвеолярлы өсіндінің төмен болуымен үйлеседі. Осындай шырышты қабықпен келген емделушілер ең алдымен емделуі керек. Протездеуден кейін оларға протез қолданудың қатаң тәртібін ұстану керек және міндетті түрде дәрігердің байқауында болу керек.

4. Төртінші класс: шырышты қабықтың қозғалмалы жүктері бойлай және оттискті массаның шамалы ғана қысымында жеңіл ығысады. Жүктер қысылып, протездің қолдануын қиындату немесе қолдануын мүмкін емес қылдырады. Бұндай қатпарлар төменгі жақта байқалады, көбінесе альвеолярлы өсінділер жоқ болғанда. Бұл түрге тағы да бос жұмсақ қыры бар альвеолярлы өсінділер де жатады. Бұл жағдайда протездеу тек оны алып тастағаннан кейін ғана мүмкін болады.

 

101. клиникалық сиап тексерудің маңызы

Ортопедтік стоматологияда тіс протездерін дайындау, белгілі бір кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдердің бір бөлігі шеберханада, ал бір бөлігі пацнетің ауыз қуысында жүргізіледі. Әрбір орындау кезеңінде қателіктерді түзетіп отырады.

Нысанаға алынған жұмыс объектісінің зерттелуі үш түрлі болады:

1. Өлшеу арқылы. Істелетін жұмыстың өлшемдерге сәйкес келуі сызғыш, транспортир жэне микрометр көмегімен жүзеге асады. Бұл зерттеудің мақсаты: а) өлшемдердің қысқа, кем немесе аз мөлшерде болмауы үшін. б) өлшемдердің шамадан тыс ұзын, кең, немесе үлкен болмауы үшін.

2.Бақылау арқылы сәйкестендіру. Егерде объект қалыптың ішіне немесе мүсіннің үстіне орналасатын болса, бұл жүмыс жиі-жиі бақылауды қажет етеді.

3.Көзбен бақылау. Объект беттерінің өзгешеліктерін сипаттау үшін, мүсіннің көз арқылы зерттелуі тура жэне сенімді әдістердің бірі болып саналады. Көз арқылы тексеру: а) бір көз арқылы (қүс көзі) қарасымен тексеру; б) екі көзбен тексеру; в) көз деңгейінде тексеру. Бірінші, не болмаса екінші жағдайларда зерттеу әдістерімен эдетте цилиндр секілді немесе конус-цилиндр түрінде таңдалған мүсіндердің зерттелуі іске асады. Тістердің бір-біріне параллельдігін немесе дивергенциялығын екі көзбен бақылау әдісі қолданылады.

102. тіс жақ сүйегіндегі б-еттердің тексерудің клиникалық әдістері

 

103. Төменгі жақ сүйегін көтеретін және түсіретін бұлшық еттері тексеру әдістері

Төменгі жақ сүйегі тақ сүйек және ол бет әлпетінің төменгі бөлігінің негізі болып табылады. Бет- жақ аймағындағы жалғыз қозғалмалы сүйек жэне оған көптеген бұлшық еттердің жабысуына байланысты түрлі қызметтерді атқарады. Төменгі жақ сүйегі денесінен, альвеола өсінді бөлігінен және жоғары қарай ұзарып екі айырым өсінділермен бітетін бұтақтарынан түрады. Бұтақтар төменгі жақтың денесімен тік бұрыш жасап, жоғары карай өтеді де, артқа аздап қисайған.Төменгі жақтың бұрышы 30-35 жаста 117,1° кұрайды, ал 70-75 жаста, тістер толық болмағанда, сүйек затының сему барысында, бұрыш 124,6° дейін үлкейеді. Бұтақтың сырқы беті бұдыр, ол шайнау бүлшық етінің (m.masseter) бекитін жеріне сәйкес келеді. Бұтақтың ішкі бетінде төменгі жақ сүйек тесікшесі (foramen mandibularis) орналасқан. Бұл тесікшенің орналасу деңгейі төменгі азу тістердің окклюзиялық беткейінен 1 см жоғары жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Төменгі жақ сүйегінің денесінің ішкі бетінде «ішкі қисық сызық» (Ііпеа obliqua ietema) орналасады. Ол сызық артқы жаққа жоғары көтеріліп, «сыртқы қисық сызықпен» бірігеді де, «моляр арты үшбүрышын» (tuberculum mandibulurea) түзеді жэне төменгі ақыл тістің артында орналасады. Ортопедиялық стоматологияда, осы аймақты «альвеола сілекей төмпешігі» деп те атайды, бұл төмпешік алмалы-салмалы протезін жасағанда оның артқы шекарасын анықтайтын нысана болып табылады. Жоғарыға қарай шығып тұратын бұтақ екі өсіндімен аяқталады, олар бір-бірінен жарты ай тәрізді ойықпен бөлініп тұрады. Алдыңғы немесе тәж тәрізді өсіндіге самай бұлшық еті (m.temporalis) бекиді. Артқы немесе буындық өсінді буын шұңқырында орналасады. Төменгі жак сүйектің денесі сагиталды бағытта имек түрде, ал жоғарыдан қарағанда пішіні парабола тәрізді. Төменгі жақтың альвеола болігінде тіс ұяшықтары орналасады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі шеті айтарлықтай кеңейген, алдыңғы бетінің ортасында иектік шығыңқы орналасқан (tuberculum mentale). Төменгі жақ сүйегінің денесінің сыртқы бетінде, шамамен екінші премоляр аймағында иектік тесік (foramen mentalis) орналасқан, оның артынан жоғары қарай сыртқы қисық сызық орналасқан (linea obliqua externa), ол тәж тәрізді бұтақтың алдыңғы шетін айналады. Төменгі жақ денесінің ішкі бетінің ортасында, яғни тіл жағында, иек төмпешігі орналасады (spina mentalis), оған иек-тіл асты жэне иек-тіл бүлшық еттері бекиді. Төменгі жақ сүйегінің айтарлықтай сезімтал жэне жіңішке аймақтары сүйір тіс пен премолярдың маңайында, осымен қатар жақ бұрышы мен буындық өсіндінің мойны болып табылады.

 

 

104. Тістем және оның түрлері

Орталық окклюзия жағдайында тіс қатарларының түйісуі - тістемдеп аталады.

Тістем екі топка бөлінеді:

- физиологиялық тістем;

- патологиялық тістем.

Физиологиялық тістемге шайнау, сөйлеу қызметін толықкамтамасыз ететін жэне эстетикалык жағынан алғанда адамның бет әлпетінің пішінін бүзбайтын, өзгертпейтін тістем жатады.

Патологиялық тістемде шайнау, сөйлеу кызметтерімен қатар адамның бет пішіні өзгереді.

Тістемдердің физиологиялық жэне патологиялық деп бөлінуі шартты. Кейбір жағдайларда, мысалы: пародонт ауруларында немесе кейбір жеке тістерді жоғалтқанда немесе олардың ығысуында физиологиялық тістем патологиялық тістемге өтуі мүмкін.

Физиологиялық тістем түрілері:

- ортогнатиялық;

- тік тістем;

- физиологиялық прогнатия /бипрогнатия/;

- опистогнатикалық тістем.

Патологиялық тістем түрлері:

- прогнатиялық тістем;

- прогениялық тістем;

- терең тістем;

- ашық тістем;

- кисық немесе қайшы тістем.

Ортогнатиялык тістем - ең көп тараған тістем. Тістем түрін

зерттеуді үш бағытта (вертикалды, сагиталды, трансверзалды) қарастыру керек.

Ортогнатиялық тістемнің белгілері барлық тістерге қатысты

болса, ал басқа тістемнің түрлері тек алдыңғы немесе шайнау тістеріне қатысты болуымен сипатталады.

Ортогнатиялық тістем белгілері. Әрбір тіс екі қарсы

(антагонист) - негізгі және жанама тістермен түйіседі. Жоғарғы жак сүйегінің ақыл тістері мен төменгі жақ сүйегінің орталық күрек тістерінің бір-бірден ғана антогонистері бар. Әрбір жоғарғы тіс өзі атгас төменгі және өзінен кейін тұрған тістермен, ал әрбір төменгі тіс

өзі аттас жоғарғы жэне өзінің алдында орналасқан тістермен түйіседі.

Төменгі және жоғарғы тістердің осылайша өзара

байланыстылығының ерекшелігі - жоғарғы орталық күрек тістердің өзі аттас төменгі күрек тістерден анағүрлым жалпақ болуымен түсіндіріледі. Осыған байланысты жоғарғы тістер төменгі тістерге қарағанда дисталды бағытта ығысқан. Жоғарғы ақыл тіс төменгі ақыл тіске қарағанда енсіздеу, сондықтан жоғарғы тіс қатарының дисталды ығысуы ақыл тістердің түсында теңеледі жэне олардың артқы беттері бір жазықтықта жатады.

Алдыңғы тістерге қатысты тістем белгілері. Жоғарғы және

төменгі жақ сүйектерінің орталық күрек тістерінің арасымен өтетін орта сызық бір сызық бойымен орналасқан. Бұл эстетикалық көрнектілікті қамтамасыз етеді. Осы симметрияның бұзылуы күлгенде білініп, аз да болса бет пішінін бұзады. Алдыңғы жоғарғы тістер төменгі алдыңғы тістердің тіс сауыттарының шамамен 1/3 бөлігін жауып түрады. Төменгі алдыңғы тістер өздерінің кесу қырларымен жоғарғы алдыңғы тістердің таңдай төмпешіктерімен түйіседі.

Азу тістерінің ұрт таңдай (V-L) бағытындағы тістесу белгілері. Жоғарғы кіші және үлкен азу тістерінің ұрт төмпешіктері төменгі кіші және үлкен азу тістерінің аттас төмпешіктерінің сырт жағында орналасқан. Осыган байланысты, жоғарғы шайнау тістерінің тандай төмпешіктері төменгі тістердің шайнау беттерінде орналасқан сайларына (фиссуларына), ал төменгі тістердің ұрт төмпешіктері жоғарғы сайларына сэйкес келеді. Төменгі бүйір тістердің жоғарғы тістермен жабылып түруы, төменгі тіс доғасына қарағанда жоғарғы тіс доғасының кеңдігіне байланысты түсіндіріледі. Осыған 40 байланысты, төменгі жақ сүйектің бүйір қозғалысының құлашы және түйісу аймағы үлғаяды.

Шайнау тістерінін сагиталды бағыттағы тістесу белгілері.

Жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы үрт төмпешігі төменгі өзі аттас молярдың ұрт төмпешіктерінің арасымен өтетін көлденең сайда орналасады. Жоғарғы бірінші молярдың артқы ұрт төмпешігі өзі аттас төменгі молярдың артқы ұрт төмпешігі мен екінші төменгі молярдың алдыңғы ұрт төмпешігінің арасында орналасады. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің шайнау тістері төмпешіктерінің мұндай орналасу күйі - «мезиодисталды» байланыс деп аталады.

Тік тістем. Тік тістемнің ортогнатиялық тістемнен

айырмашылығы, тік тістемде жоғарғы күрек тістердің кесу қырлары төменгі күрек тістердің кесу қырларымен тікелей тиіседі. Бүйір тістердің түйісулері ортогнатиялық тістемге үқсайды, тек олардың төмпешіктері аласа болып келеді.

Физиологиялық прогнатия (бипрогнатия) және

физиологиялық опистогнатия. Бұл тістем түрлеріне ортогнатиялық тістемнің барлық белгілері тән, айырмашылыгы сол: физиологиялық прогнатияда екі жақ сүйегінің альвеолярлық өсінділері және алдыңгы

тістері алга еңкіш орналасқан, ал опистогнатияда альвеолярлық өсінділер мен күрек тістер керісінше орналасқан.

Патологиялық тістемдер. Ортогнатиялық және тік

тістемдеріндегі тістердің өзара байланысы морфологиялық жагынан гана емес, сондай-ақ функциялық, яғни қызметтік қалыптылыгы мен сипатталады.

Tiс қатарларының өзара байланысының ауытқуы аномалияны, яғни, ауытқушылық жағдайын туғызады.

Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы,

сондай-ақ шайнау, сөйлеу қызметтері бүзылуымен катар, науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді.

Патологиялық тістемдерге прогнатия, прогения, ашық, терең және қайшы тістемдер жатады.

Прогнатия. Прогнатия жогаргы жақ сүйегінің алга шығып тұруымен сипатталады. Төменгі жақ сүйегінің дисталды ығысуы немесе жоғарғы жак сүйегінің алга ығысуы салдарынан алдыңгы және бүйір тістердің де қалыпты тістесуі бұзылады.

 

Физиологиялық тістемде жоғарғы күрек тістер кескіш төмпешікті түйісудің болуына байланысты, төменгі күрек тістерді жауып тұрады.

 

Прогнатиялық тістем антогонист тістер арасында саңылау пайда болады. Кей жағдайда төменгі тістердің кесу қырлары шырышты қабатқа тиіп оның жаралануы әбден мүмкін.

Прогнатиялық тістемде жоғарғы біріші молярдың алдыңғы ұрт төмпешігі төменгі өзі аттас бірінші молярдың төмпешігіне түйіседі, кейде екінші премоляр мен бірінші молярдың алдыңғы ұрт төмпешігі мен арасындағы сайға түседі.

Прогнатияның ауыр түрінде жоғарғы тістер жоғарғы ерінді

ысырып, алға шығып, тістердің кесу қырлары көрініп тұрады.

Төменгі ерін керісінше, жоғарғы тістердің астына келеді. Мұның барлығы сыртқы бет әлпетіне із қалдырып, бет-пішінін өзгертеді, сонымен қатар шайнау және сөйлеу қызметтерін де бүзады.

Прогения. Бұл тістем түрінде төменгі жақ сүйегінің алға

жоғарғы жақ сүйегіне салыстырғанда ілгері орналасуы орын алады, соның салдарынан төменгі алдыңғы тістер жоғарғы өзі аттас тістерді жауып тұрады. Егер төменгі жақ сүйегі алға аздап жылжыған болса, онда алдыңғы тістердің арасындағы байланыс сақгалынады. 

 Жақ сүйектерінің мүндай байланысында тамақ алдыңғы тістермен тістеледі .

 

 Прогениялық тістем

Егер төменгі жақ сүйегінің алда орналасуы анағұрлым көп болса, жоғарғы және төменгі алдыңғы тістердің арасында саңылау қалып, күрек тістермен тамақ кесу мүмкін болмай қалады да, тамақ бүйір (азу) тістермен кесіледі. Төменгі жақ сүйегінің мезиалды жылжуына сәйкес жоғарғы бірінші молярдың төмпешіктері екінші төменгі молярдың төмпешіктерімен түйіседі. Прогенияда төменгі жақ

сүйегінің, тіс доғасының жоғарғы тіс доғасына қарағанда көлемді болуына байланысты төменгі шайнау тістерінің ұртты төмпешіктері өзі аттас жоғарғы шайнау тістерінің ұртты төмпешіктерінен сырт жатады. Прогенияда науқастың сыртқы бет пішіні күрт өзгеріп, сөйлеу және шайнау қызметтері де бұзылады.

Терең тістем. Терең тістемде төменгі күрек тістердің кесу

кырлары жоғарғы иістердің төмпешіктерімен түйіспейтіндіктен терең жабылып түрады. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары жоғарғы тістердің мойны бөлігімен жанасуы мүмкін. Кейде мүндай байланыстың болмауы да мүмкін, бұл жағдайда тістер қызыл иекке тиіп, оны жарақаттайды .

Терең тістем

Терең тістеммен қатар, терең жабылу құбылысы болады. Терең жабылуда жоғарғы күрек тістер төменгі кұрек тістердің биіктіктерін вертикал бойынша 1/3 бөлігінен артық жауып тұрады, бірақ кесу қырлары таңдай төмпешіктерімен түйісуді сақтайды. Терең тістемде

бұл түйісу болмайды. Терең жабылу ортогнатиялық тістемнің анатомиялык варианты болып табылады, ал терең тістем ауытқушылыкка (аномалияға) жатады.

Ашық тістем. Тістемнің бұл түрінде алдыңғы тістер, кейде кіші азу тістерде тістеспейді, бүл кезде тек қана үлкен азу тістер түйіседі.

Қызметтік бұзылулар байкалады . Алдыңғы тістердің

арасындағы түйіспеушіліктің болмауы азу тістерімен тамақты тістеуге мәжбүр етеді.

Ашык тістем

Пайдалы шайнау ауданының (окклюзиялык аймақ) кысқаруы тамақтың шайналуын да киындатады. Тамақ шайнау үдерісіне тілдің қатысуының орны ерекше, бұл кезде тіл көлемі жағынан үлкейеді.

Науқастың тез сөйлеуі бүзылады, сыртқы бет-пішіні де (беттің төменгі бөлігі үзаңқырап кетеді) өзгереді.

Қайшы немесе қисық тістем. Қайшы тістем кезінде төменгі азу тістер ұрт төмпешіктерімен өздерінің аттас жoғapғы азу тістерінің ұрт төмпешіктерін сыртқа жагынан жауып жатады. Алдыңғы тістер калыпты жағдайда тістеседі. Мүндай тістем жоғарғы тіс қатарының кысқаруы негізінде пайда болады. Қайшы тістем бір жакты немесе екі жақты болуы мүмкін

105. Пластмассадан жасалған сауыттырдың дайындау технологиясы

 

Пластмасса – дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолмен алынатын немесе төменгі молекулалық заттарды синтездеу арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін.

    Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.

    Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил. 

    Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :

а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.

ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.

б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.

 

7 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері

Клиника (дәрігердің жұмысы) Зертхана (тіс – технигінің жұмысы)
1- келуі : Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру. - Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу; - Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау;   2-келуі: Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту Модель құю ; Модельді орталық оклюзияда құрастырып, оклюдаторға бекіту; Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау;    Балауызды пластмассаға ауыстыру. Пластмассалы қаптаманы өңдеу және жылтырату.

    Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.

    Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.

8 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер

        

Жұмыс істеу кезеңдері Жұмыс істеу реттілігі.
Ғаныштық үлгіні желімдеу. ғанышты модель дайындау. Балауыз біліктерін дайындау. модельді оклюдаторға ғаныштау. Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау.    6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау.     7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.   полимеризация.   9. пластмассалы қаптамны өңдеу және жылтырату. ·Қызыл иек жиегі сызығын белгілеу және тіс аралық кеңістікті ажырату. ·Ерітілген балауызды егеленген тіске құяды және қаптаманың анатомиялық пішінін келтіреді. ·Пластмассалы қаптама пішінделген тісті модельден кесіп алады.   ·Қалыпты жұмысшы жағдайына келтіру. ·Қалыптың төменгі бөлігіне сұйық ғаныш құйылады да оның ішіне қаптаманың балауыз құрылымы салынады. ·Қалыптың жоғарғы бөлігі салынып үстінен ғаныш құйылады. ·Ғаныш қатқаннан кейін қалыпты ыстық суы бар ыдысқа салады. ·Қалыпты ашып ыстық сумен балауызды ағызып жібереді.   ·Қамыр тәріздлі пластмассаны дайындау. ·Қаптаманы қалыптау. ·Қалыпты қыспақтың астына салу. ·Қалыпты қыспақтың астына алып оны бюгельге бекітеді.   ·Қалыпты бюгельмен бірге суға салады. Полимеризация жүргізіледі, одан кейін суыған қалыптан қаптама алынады.   ·Тегістегіш моторда тегістеу, зімпара қағазымен өңдеу. Ішкі бетін бұрғымен тегістеу.  

    Дайын пластмассалы қаптаманы ауыз қуысында бекіткенге дейін судың ішінде сақталады.

1. Жасалынатын пластмассаның сауыт қалыңдығы 0,5-0,7 кем болмау керек. Бұл сауыттың беріктігі мен түсінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сауыт жасамас бұрын целлулоидты қалпақша дайындап алады. Содан кейін қалпақшаны тез қататын пластмассамен құйып толтырады. Пластмасса қатқан соң сыртқы қалпақшаны кесіп алып тастайды. Алынған сауытты тегістеп, жылтыратады.

2. Ең жақсы нәтижені алу үшін аралас әдістерді қолдану керек. Әуелі үлгі арқылы пластмассадан сауытты дайындап аламыз. Содан кейін оны жақтың қабысуына кедергі жасамау үшін оның енін пішінін және биіктігін қалыпқа келтіріп, тіс сауытына орналастырады. Содан соң сауытты тістен шешіп алып, оынң ішкі жағын мономерлеу сүртіп, ішіне тағы тез қататын пластмассамен толтырамыз. Бұны жасап біткеннен кейін сауытты тіске отырғызады. Сығылған пластмассаны алып тастайды. Пластмасса әбден қатқаннан кейін сауытты тістен шешіп аламаыз. Артық пластмассаны кетіріп, сауытты жылтыратып, оны гипске бекітеді. Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда тиімді.

3. Сақина көмегімен қалып шешу арқылы пластмассадан сауыт жасау. Сауытты термопластикалық масса мен цементпен құйып толтыру арқылы алады. Цементпен жасалған тістің үлгісін әуелі балауыздан үлгіні жасайды, оны гипстейді, пішінін келтіреді, сығады да пластмассаны жылтыратады. Цементпен жасалған тістің берік үлгісіне қарап, сауытты дайындағанда сауыт дәл шығады. Ол ауызда сауыттың тісте орнығуын жеңілдетеді.

 

 

106. Ортогнатикалық тістесудің морфо-функциональды белгілері, клиникадағы маңызы

Тістем және оныц түрлері

Орталық окклюзия жағдайында тіс қатарларының түйісуі - тістемдеп аталады.

Тістем екі топка бөлінеді:

- физиологиялық тістем;

- патологиялық тістем.

Физиологиялық тістемге шайнау, сөйлеу қызметін толық

камтамасыз ететін жэне эстетикалык жағынан алғанда адамның бет әлпетінің пішінін бүзбайтын, өзгертпейтін тістем жатады.

Патологиялық тістемде шайнау, сөйлеу кызметтерімен қатар адамның бет пішіні өзгереді.

Тістемдердің физиологиялық жэне патологиялық деп бөлінуі шартты. Кейбір жағдайларда, мысалы: пародонт ауруларында немесе кейбір жеке тістерді жоғалтқанда немесе олардың ығысуында физиологиялық тістем патологиялық тістемге өтуі мүмкін.

Физиологиялық тістем түрілері:

- ортогнатиялық;

- тік тістем;

- физиологиялық прогнатия /бипрогнатия/;

- опистогнатикалық тістем.

Патологиялық тістем түрлері:

- прогнатиялық тістем;

- прогениялық тістем;

- терең тістем;

- ашық тістем;

- кисық немесе қайшы тістем

Ортогнатиялык тістем - ең көп тараған тістем. Тістем түрін

зерттеуді үш бағытта (вертикалды, сагиталды,трансверзалды)қарастыру керек.

Ортогнатиялық тістемнің белгілері барлық тістерге қатысты

болса, ал басқа тістемнің түрлері тек алдыңғы немесе шайнаутістеріне қатысты болуымен сипатталады.

Ортогнатиялық тістем белгілері. Әрбір тіс екі қарсы

(антагонист) - негізгі және жанама тістермен түйіседі. Жоғарғы жаксүйегінің ақыл тістері мен төменгі жақ сүйегінің орталық күректістерінің бір-бірден ғана антогонистері бар. Әрбір жоғарғы тіс өзіатгас төменгі және өзінен кейін тұрған тістермен, ал әрбір төменгі тіс өзі аттас жоғарғы жэне өзінің алдында орналасқан тістермен түйіседі.

Төменгі және жоғарғы тістердің осылайша өзара байланыстылығының ерекшелігі - жоғарғы орталық күрек тістердіңөзі аттас төменгі күрек тістерден анағүрлым жалпақ болуыментүсіндіріледі. Осыған байланысты жоғарғы тістер төменгі тістергеқарағанда дисталды бағытта ығысқан. Жоғарғы ақыл тіс төменгі ақылтіске қарағанда енсіздеу, сондықтан жоғарғы тіс қатарының дисталдыығысуы ақыл тістердің түсында теңеледі жэне олардың артқы беттерібір жазықтықта жатады.

Алдыңғы тістерге қатысты тістем белгілері. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің орталық күрек тістерінің арасымен өтетінорта сызық бір сызық бойымен орналасқан. Бұл эстетикалықкөрнектілікті қамтамасыз етеді. Осы симметрияның бұзылуыкүлгенде білініп, аз да болса бет пішінін бұзады. Алдыңғы жоғарғытістер төменгі алдыңғы тістердің тіс сауыттарының шамамен 1/3бөлігін жауып түрады. Төменгі алдыңғы тістер өздерінің кесуқырларымен жоғарғы алдыңғы тістердің таңдай төмпешіктеріментүйіседі.

Азу тістерінің ұрт таңдай (V-L) бағытындағы тістесубелгілері. Жоғарғы кіші және үлкен азу тістерінің ұрт төмпешіктерітөменгі кіші және үлкен азу тістерінің аттас төмпешіктерінің сыртжағында орналасқан. Осыган байланысты, жоғарғы шайнау тістерініңтандай төмпешіктері төменгі тістердің шайнау беттерінде орналасқансайларына (фиссуларына), ал төменгі тістердің ұрт төмпешіктеріжоғарғы сайларына сэйкес келеді. Төменгі бүйір тістердің жоғарғытістермен жабылып түруы, төменгі тіс доғасына қарағанда жоғарғытіс доғасының кеңдігіне байланысты түсіндіріледі. Осыған40байланысты, төменгі жақ сүйектің бүйір қозғалысының құлашы жәнетүйісу аймағы үлғаяды.

Шайнау тістерінін сагиталды бағыттағы тістесу белгілері.

Жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы үрт төмпешігі төменгі өзі аттасмолярдың ұрт төмпешіктерінің арасымен өтетін көлденең сайдаорналасады. Жоғарғы бірінші молярдың артқы ұрт төмпешігі өзіаттас төменгі молярдың артқы ұрт төмпешігі мен екінші төменгімолярдың алдыңғы ұрт төмпешігінің арасында орналасады. Жоғарғыжәне төменгі жақ сүйектерінің шайнау тістері төмпешіктерініңмұндай орналасу күйі - «мезиодисталды» байланыс деп аталады.

Шайнау тістерінің алдыңғы артқы бағытта түйісу белгілері.

Жоғарғы азу тістің алдыңғы ұрт төмпегі төменгі аттас азу тістің ұрт төмпектреі арасындағы көлденен сайда орналасқан. Бірінші жоғарғы азу тістің артқы ұрт төмпегі аралығында және екінші азу тістің алдынғы ұрт төмпегінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі азу тістерінің төмпектерінің бұлай орналасуы көбіне мезио-дитальды қатынас деп аталады.

 

Шайнау тістерінің ұрт-таңдай бағытындағы түйісу белгілері.

Жоғарғы кіші және үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары, аттас кіші және үлкен азу тістердің аттас бұдырларынан сыртқа қарай орналасқан. Бұның арқасында жоғарғы тістердің таңдай төмпегі төменгі көлденен жүлгеге сай келеді, ал төменгі ұрт – жоғарғы тістердің көлденең жүлгесіне келеді.Алдынғы төмен және бүйір тістердің жоғарғылармен жабылуы жоғарғы тіс доғасының төмеңгіден кең екендігімен түсіндіріледі. Бұның арқасында бүйір қозғалыстар және окклюзионды алаң ұлғаяды.

Тік тістем. Тік тістемнің ортогнатиялық тістемнен айырмашылығы, тік тістемде жоғарғы күрек тістердің кесу қырларытөменгі күрек тістердің кесу қырларымен тікелей тиіседі. Бүйіртістердің түйісулері ортогнатиялық тістемге үқсайды, тек олардыңтөмпешіктері аласа болып келеді.

Физиологиялық прогнатия (бипрогнатия) жәнефизиологиялық опистогнатия. Бұл тістем түрлеріне ортогнатиялықтістемнің барлық белгілері тән, айырмашылыгы сол: физиологиялықпрогнатияда екі жақ сүйегінің альвеолярлық өсінділері және алдыңгытістері алга еңкіш орналасқан, ал опистогнатияда альвеолярлықөсінділер мен күрек тістер керісінше орналасқан.

107.Артикуляция, окклюзия, анықтамасы, окклюзия түрлері

Артикуляция – бұл төменгі жақтың барлыққозғалсыскезінде жақтар мен тісқатарларыныңжазықтықтақатынасы.

Артикуляцияның- бұл анықтамасынатөмеңгі жақ тек шайнауқозғалысығанаемес, сөйлеу, есінеу және т.б. кездердегіқозғалыстаржатады. Артикуляцияныпрактикалықмақсатта ең қолайлысы окклюзия варианттарыныңбір-бірінеауыспалытізбегіндеқарастырған жөн.

Окллюзия- бұл жоғарғы және төменгіжақтардыңтісқатарыныңнемесежекелейтістоптарыныңбелгілібіруақытаралығындақабысуы. Яғни окклюзия -бұл артикуляцияныңбірмоментіболыптабылады.

Төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатынасының күйіне байланысты былай бөлінеді:

1) салыстырмалыфизиологиялықтыныштық күй.

2) орталық окклюзия немесежақтардыңорталыққатынасы.

3) бүйірлі оң окклюзия

4) бүйірлі сол окклюзия

5) алдыңғы окклюзия.

Салыстырмалыфизиологиялықтыныштық күй шайнау бұлшықеттерінің минимальды белсенділігінде және мимикалық бұлшықеттерінің толығымен босаңсуындағы төменгі жақтың бір артикуляциялық күйі. Төменгі жақты көтеретін және түсіретінбұлшықеттердің тонусы біркелкі.

 

Орталықтокклюзиятүйісунүктелерініңмаксимальдысанындатістердіңқабысуыменсипатталады. Бұл кездебеттіңорталықсызығыорталық күрек тістерарасыменөтетінсызықпенсәйкескеледі. Төменгі жақ басы буынбұдырыныңскатында, оның негізіндеорналасады. Бұл кездешайнаубұлшықеттерініңбіркелкі және біруақыттажиырылуыбақыланады.

Алдыңғы окклюзиядатөменгі жақтың алдығажылжуыболады. Бұл латеральдықанаттәріздібұлшықеттіңекіжақтыжиырылуыменжүзегеасады. Орталық күрек тістерарасындағысызығыбеттіңорталықсызығыменсәйкескеледі. Төменгі жақ басы алдығаығысып және буын бұдыры ұшындаорналасады.

Бүйірлі окклюзия төменгі жақтың оңға немесе солға ығысуыменжүзегеасырылады. Төменгі жақтың оңға жылжуындалатеральдықанаттәріздібұлшықеттіңқарама-қарсы жағы жиырылады, ал солға керісінше.

 Орталық окклюзияның бүйір көрінісі

Орталык окклюзияда беттің орта сызығы орталык күрек тістердіңортасымен өтетін сызыкка сэйкес келеді.

Буынның басы буын төмпешігінің негізінде орналасады. Осыкезде екі симметриялы орналасқан шайнау жэне самай бүлшықеттерінің бір мезгілде және біркелкі жиырылуы байқалады.

Алдыңғы немесе сагиталды окклюзия кезінде төменгі жақ сүйегінің алға қарай ығысуы байқалады. Бұл латералды қанаттыбұлшық еттердін екі жакты жиырылуы нэтижесінде болады. Беттіңорта сызығы күрек тістердің арасынан өтетін орта сызыққа сәйкескеледі. Шықшыт буындарының бастары алға ығысып, буынтөмпешіктерінің ұшында орналасады.

Алдыңғы окклюзия (Бонвильдің үш нүктелі түйісуі)

Бүйір окклюзия төменгі жақ сүйегінің оңға (оң окклюзия) немесесолға (сол окклюзия) ығысуында пайда болады. Төменгі жаксүйегінің оңға ығысуында жылжыған қапталда буын басы өз осінайналып, орнында қалады. Сол жақтағы буын басы буынтөмпешігінің шыңына жақындайды.

Бүйір окклюзия қарама-қарсы жақтың латералды бұлшық еттерінің жиырылумен жүзеге асады, мысалы: оң бүйір окклюзияқарама-қарсы сол жақтағы латералды қанатты бүлшық еттердіңжиырылуымен, ал сол бүйір окклюзия керісінше - оң жақтағылатералды канатты бұлшык еттің жиырылуымен сипатталады.

108. Жогарғы және төменгі жақ сүйектері алдыңгы тістерінің құрьшысының ерекшеліктері

Тістер жақ сүйектеріне тіс сауттары сыртына жайғасып, жоғарғы және төменгі тіс доғасы түрінде орналасқан. 16 - дан тіс болады.

    Әрбір тістің 4 беті болады:

 1) Ауыз алдында қараған бет, ол алдынғы тістерде еріннің шырышты қабықшасымен, ал артқы тістерде жақтың шырышты қабықшасымен жанасады.

 2) Ауыз қуысында, тілге қараған бет.

 3) Өз қатарындағы көршілес тістермен жанасатын бет. Тістердің тіс доғасы орталығына бағытталған жанасқыш беттері деп белгіленеді. Алдынғы тістерде мұндай бет - медиальды, ал артқы тістерде дистальды болып табылады. Алдынғы тістерде бұл бет латеральды, ал артқы тістерде – артқы болып табылады.

 4) Шайнау беті, немесе қарама – қарсы тістермен қабысу беті.

    Тістегі патологиялық процестердің болған жерін анықтау үшін стоматологтар аталған беттерге сәйкес терминдерді пайдаланады: вестибулярлы, оральды медиальды, мезиальды, дистальды, окклюзиялы, апикальды. Тістің оң немесе сол жаққа жататынын анықтау үшін үш белгіні пайдаланады:

 1) Түбір белгісі.

 2) Тіс сауыты бұрышты белгісі және.

 3) Тіс сауыты қисығы белгісі.

    Түбір белгісі мынада: түбірдің бойлық осі тіс сауыты ортасымен өтетін сызықпен бұрыш түзе дистальды жаққа қарай қисайған. Тіс сауыты бұрыштының белгісі мынада: тіс сауытының вестибулярлы жақ бойынша тістің шайнау жиегі сызығы мезиальды бетке ауысқанда дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда кішілеу бұрыш түзеді.

    Тіс сауыты қисықтығы белгісі мынада: тіс сауытын вестибулярлы беті дистальды бетке ауысқандағыға қарағанда мизальды бетке тіктеу ауысады. Демек вестибулярлы беттің медиальды кесіндісі көлденең бағытта дистальды кесіндіге қарағанда дөнестеу болады. Бұл тіс сауытының медиальды бөлігінің дистальды бөлігіне қарағанда мықтылау дамығандығына байланысты. Тіс сауытының вестибулярлы бетінің медио – дистальды еңісі түзіледі.

    Жеке тістің жоғарғы немесе төменгі жақ сүйекке қатысты екенің тіс сауыты пішіні, сондай-ақ түбірлердің пішіні мен саны арқылы анықтауға болады. Сондықтан тістердің белгілі бір тобының тіс сауыты пішіні мен түбірі санын ғана емес, сол топтың әрбір тісінің тіс сауыты пішіні мен түбірінің санын білу керек.

    Әрбір жақ сүйекте төртеуден болатын күрек тістердің, пішіні қомақты тамақты кесіп - бөлетін қашау тәрізді келеді. Жоғарғы күрек тістер сауыты көлемділеу, ал төменгілерінікі екі есе енсіздеу. Түбірі біреу, төменгі күрек тістердікі бүйір жақтарынан қысыңқы. Түбір төбесі аздап латеральды қисайған.

Жоғарғы медиальды күрек тіс – күрек тістер тобындағы ең ірісі. Оның сауытының ерін беті көлденең және бойлық бағыттарда дөңес. Оның үш кішкене бойлық бөлігі бар, олардың әрқайсысы шайнау бетінде бедерімен аяқталады. Ортаңғы біліктің екі жағында біреуден бойлық ойыс жатады. Тіс сауытының тілге қараған беті көлденең және бойлық бағыттарда ойыс келеді. Мойын бөлмінде төмпешік болады, одан тілге қараған бөлімінде төмпешік болады одан тілге қараған беттің дистальды және мезиальды жиегімен тістің шайнау жиегіне қарай кететін біліктер шығады. Тістің үш белгісінің тіс сауытының қисықтығы барынша айқын бөлінеді. Түбірі конус пішінді және сауытынан ұзындау; бүйір жүлгелері онша байқалмайды. Оның үш беті бар: ерін беті және екі апроксимальды беттер.

Жоғарғы латеральды күрек тіс. Медиальды күрек тістен кішілеу және одан мынадай өзгешеліктері бар: тіс сауытының ерін бетінде ортағы бойлық жүлге орналасады ал оның екі жағында мұқалмаған тістердің кесетін жиегінде бір-бірден кішкене төмпешікті қырат жатады. Медиальды күрек тістерге қарағанда бұлардың тілге қараған бетінде бүйір біліктері жақсы байқалады. Көбіне осы бетінде тіс төмпешігінің окклюзиялды орналасқан ойыс – шұңқыр болады.

    Медиальды беті дистальды бетіне қарағанда ұзындау және тік бұрыш жасай кесетін жиекке айналады, ал дистальды беті едәуір дөнгелектенеді. Тіс сауыты бұрышты белгісі жақсы байқалады. Медиальды күректістікіне қарағанда түбір қысқалау, мезодистальды бағытта қысыңқы: көп жағдайда ол түзу, бүйір жүлгелері болады. Дистальды беті медиальды бетіне қарағанда дөңестеу.

    Медиальды және латеральды төменгі күректістер. Төменгі күрек тістер екі жақсүйекте де ең кішкене тістер. Соның өзінде медиальды күректіске қарағанда кішілеу. Екі тістің де барлық күректістерге тән белгілері бар. Олардың тіс сауыттары нағыз қашау пішінді. Ол алдынғы бетінде бойлық бағытта сәл дөнестеу де, көлденең бағытта жайпақтанған, артқы бетінде бойлық бағытта ойыстанып, көлденең бағытта жайпақтанған. Біліктер онша дамымаған, кейде болмайды. Түбірі едәуір жайпақтанған. Медиальды күректісте бұрыш пен түбірдің қисықтық белгілері болмайды. Оң жақтағы медиальды күректісті сол жақтағыдан айыру үшін түбірдегі айқын байқалатын латериалды бойлық жүлгенің маңызы бар. 

    Медиальдыға қарағанда латериальды күректістің сауыты кендеу де, түбірі қомақтылу. Соның өзінде бұл тісте бұрыш пен түбір белгілері айқын, ал қисқтық белгісі нашар білінеді.

    Иттістер әрбір жақ сүйегінде екеуден болады, бүйірленген қисынқы және бүйір жүлгелері бар ұзын жалғыз түбірі бар. Тіс сауытының бұрыш жасай түйісетін екі кескіш жиегі бар; оның тілге қараған бетінде мойнында төмпешік орналасады. Ол тіл және ерін беттері кескіш жиегінде түйісетіндей болып жайпақтанған. Оның вестибулярлық беті көлденең және бойлық бағыттарда дөнес. Онда әр уақытта, әсіресе кескіш жиегінде бетті кіші медиальды бөлікке және үлкен-дистальды бөлікке бөлтін жақсы байқалатын бойлық бөлік болады. Тілге қараған бетінде мойынға қарай тістің төмпешігінде түйісетін бүйір біліктері айын байқалады. Тіс сауытының кескіш жиегі 2 жартыдан тұрады: кішілеу – медиальды жарты және үлкендеу - дистальды жарты, бұлар жиектің төбесіне тоғысады. Жиектің дистальды жартысы медиальды жартыға қарағанда сәйкесті апроксимальды бетке қарай тіктету түседі. Иттістерге барлық тіс белгілері тән бетке қарай тіктеу түседі. Иттестерге барлық тіс белгілері тән (түбірінің, бұрышының, тіс сауыты қисықтығының).

    Жоғарғы иттіс.  Сауыты қомақты. Оның жанасатын беттері кескіш жиекке қарай едәуір ажырайды. Тіс сауытының тілге қараған бетінде қомақты орта білік етеді, ол тіс төмпешігінен басталып, едәуір қалындап, кескіш жиекке қарай кеңейеді. Жанасу беттері табанына кеңдеу де, бірақ қысқалау. Түбірі қомақты және барлық тістер түбірлері ішіндегі ең ұзыны. Оның апроксимальды беттері кең. Ерін жиегі тіл жиегімен салыстырғанда доғал әрі кең.

    Төменгі иттіс жоғарғыдан кішілеу. Сауытының вестибулярлы бетінде де сондай-ақ тілге қараған бетінде бойлық біліктер нашар байқалады. Тіс сауытының вестибулярлы беті сәл дөнес, тілге қараған беті ойыс; жанасу беттері параллель келеді, соның өзінде медиальды беті мойынға мүлде ұқсастанбайды, ал дистальды беті беті оған шамалы қисайған. Сауытының кескіш жиегі жоғарғы иттістікіне қарағанда қысқалау да және оның медиальды бөлігінің ұзындығы жағынан дистальды бөлігінен айырмасы шамалы.

    Иттістердің алдында орналасқан тістер бір бағытта өзгеріске ұшыраған- оларда тіс сауыты жайпақтанып, кескіш жиек - тіс ұщы, ал олардың арт жағында орналасқан тістер басқа бағытта өзгерген: тамақты ұсақтап, ұнтауға арналған тіс сауыты жақсы дамыған, ал иттістер бейтарап аймақта қалғандай бастапқы конус пішінін және тістің өте ертедегі қызметін – тамақты жару және жұлып – бөлу қызметін сақтап қалған. Сондықтан олар алдыңғы және артқы тістердің шекарасында орналасқан.

Жоғарғы және төменгі күрек тістерініц ортақ белгілері. Бұл тістердің сауыт бөліктерінің пішіндері алдыңғы жағынан қарағанда күрек іспеттес, сауыттың сыртқы беті томпақ, тандай беті иілген апроксималды беттері үшбұрышты, үшбұрыштын төбесі кесу қырларына бағытталған. Сауыт бөліктің кесу қыры жалпақ, ал мойын
бөлігі қысыңқы. Кесу қырының мезиалды бүрышы сүйір, ал дисталды бұрышы – доғал.Тақтай беттен қарағанда үшбүрышты,үшбұрыштың төбесі мойын бөлікке қарай бағытталған, және оның жоғарғы үштен бір бөлігінде төмпешігі болады.

Жоғарғы және төменгі күрек тістердің айырмашылықтары.
Сауыт бөлігін М-D (мезиал-дистал) бағытта қарағанда ең томпақ тіс үстіңгі ортаңғы күрек тіс. Екінші орында үстіңгі бүйір күрек тіс.Үшінші орында төменгі бүйір күрек тіс. Төменгі ортаңғы күрек тіс ең жіңішке тіс болып табылады.Үстіңгі күрек тістердің таңдай беттерінде оңға және солға біртіндеп үлкейетін сайлар болады. Таңдай бетінің дистал және медиал қырлары эмальдың қалыңдауымен мойын бөлікке жалғасып
жатады. Тістердің мойын бөліктеріндегі төмпешік үстіңгі тістерде айрықша шығыңқы және сайлардың бірігетін жеріндегі шұңқыр - «соқыр тесік» деп аталады.
Төменгі күрек тістердің ішкі беттерін ойыстығы жоғарғы тістерге
салыстырғанда аздау.Үстіңгі күрек тістердің мойын сызығының (collum dentis)
контуры домалақ пішінді болса, төменгі күрек тістерде бұл сызық, сопақша немесе гиперболла сияқты.

Сүйір тістер. Сүйір тістер тістердің ішіндегі ең ұзыны, оның сауыт бөліктері конус түрінде, күрек тістерге салыстырғанда қомақты және апроксималды беттері томпактау болып тіс доғасының бұрыштарында орналасады. Вестибулды беті томпақ және тікесінен орналасқан онша айқындалмаған білік төмпешік түрінде орналасқан, кесу қырында білік айқын байқалады. Білік тістің вестибулды бетін өзара теңдей
емес екіге бөліп жатады, кішірегі медиалды (5 m) ал, үлкендеуі дисталды (5 d). Медиалды бұрыш, дисталды бұрышқа салыстырғанда төмен орналасқан.
Сауыттың таңдай беті қысыңқы, аздап томпақтау. Сауыттың шеті күрек тістеріндей тік емес, мезиал жақтың 1/3 бөлігіне жақын орналасқан төмпешік (1), сауыттың қырын екі доғал кесіндіге бөледі.

109. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын тіс-жак протездерін атаңыз

Тіс-жақ жүйесінің негізі тіреніш жэне қозғалыс элементтерінен тұрады. Тістердің аурулары, оның қатты тіндерінің қажалып мүжілуі,тіс қатарларының бүгіндіктерінің бұзылуы, жақ сүйектерінің біртұтастығының бұзылуы тіс-жақ жүйесінің қызметінің өзгерісіне, ал осының салдарынан бет-жак тіреніш жэне қозғалыс аппараты, осымен бірге бетэлпетінің жэне тіс-жак жүйесін құрайтын мүшелер мен тіндер өзгеріске ұшырайды.Жоғарыда аталған өзгерістердің алдын алу және бастапқы қалыпқа келтіру үшін тіс протездері мен әр түрлі аппараттар колданылады. Ортопедтік аппараттар бүзылған, пішіні өзгерген

мүшелерді қалыптастырумен қатар, олардың қызметтерін дұрыстайды. Ортопедтік аппараттар бағыттаушы аппараттар, әртүрлі шендеуіш, қүрсаулар түрінде болады. Tic протездері тіс қатарының кетіктерін толтырумен қатар, тіс қатарларының өзара қатынастарын өзгертеді, шыкшыт буынына да әсерін тигізеді, осымен қатар табиғи тістерді кұрсау үшін де қолданылады. Жоғарыда айтылған тіс протездерінің түрлерінен

басқа, бет әлпеттің протездері де қолданылады, олар бет әлпеттіңаймағында кемістік болғанда - қорғаныш және косметикалық қызметтерді аткарады. Бетәлпеттің кемістіктеріне мүрынның, көз алмасының, еріннің, құлақ қалканының болмаулары жатады.

Стоматологиялық тіс протездерін жэне аппараттарды олардың қолданылу мақсаттарына орай 5 топка бөлуге болады

1. Тістердің протезі.

2. Ортодонттық аппараттар.

3. Беттің жарақат алған кезінде қолданылатын аппараттар.

4. Жақ сүйектерінің протездері.

5. Бетәлпетінің протездері (эктопротездер).

Tic протездері:

- салмалар, жасанды тіс сауыттары, штифтті немесе өзекті тістер

- тістің сауыт бөлігін қалпына келтіреді;

- көпір тэрізді, жартылай пластиналы, бюгельді (доғалы), металл

негізді алынбалы протездер - тіс қатарының ақауларын бүтіндейді;

- толық алынбалы тіс протездері табиғи тістер түгелдей болмаған

кезде қолданылады.

 

110.Салмалар туралы түсінік,оларды қолдануға көрсеткіштер.

Салмалар (inlay, onlay) шағын (микропротездер) тіс протездері, тістің сауыт бөлігінің пішінін және онын атқаратын функциясын орнына келтіру үшін қолданылады, осымен қатар олар көпір тәрізді және алынбалы тіс протездерінің тірек элементтері ретінде де колданылады.
Металл қорытпаларының құйғаннан кейін көлемдік шөгулерінің аз болатындығына байланысты, соңғы кезде тіс сауыттарының ақауларын салмалармен ортопедиялық емдеу кеңінен қолданылып
жүр. Пломбаларға қарағанда, салмалардын артықшылықтарын көруге
болады:
- салмалар үшін жасалған қуыс амальгамалық немесе басқа
материалдан жасалған пломба үшін арналған қуыстарға
салыстырғанда әрдайым дұрыс та кемшіліксіз;
- салма арқылы тістің тура анатомиялык пішінін шайнау
бетіндегі бұзылған дөңестер мен эмаль белдіктерін, экваторын, кесу
қырларын жэне көршілес тістермен түйісу нүктелерін толығымен
орнына келтіруге болады;
- тісаралық түйісу мен апроксималды жақтардың пішіндерін
сақтау, дұрыс жатуын бақылау, бекітуге дейін мүмкін;
- қуыстың кіреберіс шеттерінде қиғаштық (фальц) жасау жэне
оны салманың шетімен жабу, онымен шектесіп жатқан эмаль
призмаларын сынудан сақтайды жэне де тамақ қалдықтарының кіруін
болғызбайды.

Пломбалаған кезде фальц жасау тиімсіз, себебі фальц тұсындағы пломбаныц жұқа қырлары сынады немесе үгіліп, пломба шетінде шұнкыр түрінде ақау болады;
- салманың беттерін жылтырату мүмкіндігі - оныц
артықшылығы болып табылады. Пломбаны жылтырату керектігі
шарт, бірақ, өкінішке орай, бұл амал орындалмайды. Қарапайым
пломбаның апроксималды беті эрдайым жылтыратуға келмейді;
- құйма салма өзініц тұрақты көлемін сақтайды жэне де
химиялық әсерге ұшырамайды;
Кариестің қатты тіндеріне терендеп жайылуында, белгілі бір
заңдылық байқалады.
Кариестің пайда болған жерлерін жэне олардың тіс тіндерінде
жайылуын ескермей қуысты қалыптастыру - кариестіц екінші рет
пайда болуына соқтырады.

Салма үшін арналған қуысқа қойылатын талаптар:
1. Қуыстың кіреберісі оның табанынан кеңдеу болуы үшін оның
қарама-қарсы жатқан қабырғаларын девиргирлеу керек;
2. Қуыстың қарама-қарсы қабырғалары параллель, ал табанына
перпендикуляр болулары керек.
3. Тістің қатты тіндерінің сақталуы үшін, қуыстың кіре берісінде фальц жасау керек.
4. Қуыс түбі мен оның қабырғалары шайнау қысымына шыдамды
және төзімді болуы керек.
5. Міндетті түрде қуыстың шетінде орналасатын ретенциялық
қосымша алаң қажет. Вертикалды және трансверзалды күш
қысымдарынан салма орнынан ығыспауы қажет.
6. Фальц жасау арқылы салманың эмальға тығыз бекуін
қамтамасыз ету керек.
7. Дайындалған қуыстың шеті тек эмаль шекарасында ғана емес,
міндетті түрде дентинді қамтуы қажет.
Салманы дайындау кезендері:
1. Тістің сауыт бөлігінде салма үшін қуысты әзірлеу;
2. Келешек салманы мүсіндеу;
3. Салманы жасау (полимеризация, қүю, күйдіру арқылы);
Салманы тіске бекіту
Салмалар оларды дайындау әдістеріне байланысты, тура жэне
кері, деп екіге бөлінеді.
Тікелей немесе тура әдіс арқылы пластмассадан салманы
дайындаудың клиникалық жэне технологиялық кезендері.
Клиникалық кезендер:

салма үшін тістің сауыт бөлігінде қуыс дайындайды;
- дайындалған қуысқа балауыздан салма репродукциясын
дайындайды;
- балауыз репродукцияны тіс технигіне жібереді.
Салманыц балауыз композициясын тікелей ауыз қуысында
орындайды. Бүл тәсілді тіс қуыстарының оның шайнау беттерімен
мойын бөліктерінде орналасқан жағайларда қолдану тиімді деп
есептеледі.

111. Пластмассалы тіс сауытын дайындаудың көрсеткіштері.      

Клиника кезеңдері:

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті сауыт бөлігін егеудің өз ерекшелігі бар, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз. Пластмассалар ауырлық күшке тұрақсыз болғандығы себепті, тірек тістің кіреуенке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді.

Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап 

1)жансыздандырылады

2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз.Пластмассаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек.....(уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің астына енгізіледі. Сумен жуылып, антисептикпен тірек тісті өңделеді, ауамен кептіріледі.. Тірек тістің қабырғасы мен қызыл иектің астына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда екі қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдалады. Таңдалған қасыққа қалып өлшемніңбазистік массаны салып тірек тістің өлшемі алынады. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастаймызда, екінші қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз.

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде , тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің астына жібереміз.

Зертханалық кезең

1. сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйамыз, үстелдің үстіне гипс блокін құйамызда , оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшемді аударамыз, артықша гипсті ұқыптылықпен жинаймыз.он, он бес минут қатуын күтеміз. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшемді ажыратамыз.

2. Тірек тістің мойын бөлігін сызып аламыз да балауызбен модельдейміз. Балауызбен түссіз болу шарт

3. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп аламыз;

4. кювейтаға қаймақ тәрізді гипсті құйамызда, балауызды модельдің сауыт бөлігінің вестибуляр бетін жағары қаратып жайғастырамыз. Ол қатқаннан соң, суға салып аламызда үстіне гипстің екінші қабатын құйамыз. Кювейтаның бетін жауып, оның қатуын он, он бес минут күтеміз.

5. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрамызда кювейталарды ашамыз. Ондағы балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жібереміз.

 6. Гипстегі қалыпты өлшемге ажратқыш жағамыз( изакол), он бес минут қатуын күтеміз.

 7. Пластмасса тіс сауытын жасау үшін Синема, Сигма 10, Сигма 75, Сигма М сияқты пластмассалық материалдарын қолданамыз. Кішкене шыны ыдыс алып, ішіне екі, үш, төрт тамшы мономер тамызамыз, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосамыз,үстін жауып қоямыз. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы қалыпты өлшемді толтырамыз. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысамыз.

8.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатамыз, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытамыз.

9. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталарды ажыратамыз. Дайын болған пластмасса тіс сауытының артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып аламыз(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, молынан сауыт тіске жағып аламызда, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасаймыз(үйкелеу)

3. Сауыт тісті пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. Сауыт тісті пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған сауыт тісті малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. Пластмассалы тіс сауытын жуғыш ұнтағы бар ыстық суда щеткамен жақсылап жуамыз.

 

Клиника кезеңі

1. Дайын болғанпластмассалы тіс сауытын ағын суда жуып, кептіріп, спиртпен өңдеп аламыз.

2. Пацентің ауыз қуысында пластмассалы тіс сауытын тірке тіске кигізіп шақтап көреміз, бәрі дұрыс болса,қайта шешіп алып тіс сауытын және тірек тісті медициналық өңдеп, кептіреміз. Шақтап көруге байланысты, тіс сауытын уақтынша цементке отырғызуымыз мүмкін.

3. Залалсыздырылған шыны тақтайшаға стеклоиномер цементінің сұйықтығын тамызып, шпательмен аз аздап ұнтағымен араластырамыз, қаймақ скілді масса дайын болғанда пластмассалы тіс сауытының ішіне салып тірек тіске қатырамыз, пресстелген мақтамен антогонис тіспен тістетіп қоямыз (валик).

4. он бесминуттан соң мақтаны алып тастаймыз, тағы он бес минут күтеміз.

5. Артық цементті ұқыптылықпен тазалап, 3 сағат пластмассалы тіс сауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес береміз

112. Жартылай алмалы-салмалы протезд дайындаудың көрсеткіштері.

Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протезді дайындауда олардың негізгі элементері:

Базистик пластмасса, кламмер, жасанды тістер.

Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындаудың көрсеткіштері;

а. Көпір тәрізді протезді қойуға мүмкіндік болмағанда;

б. Тірек тістер екінші дәрежелі қозғалыста;

в. тірек тістер жеткіліксіз;

г. тірек тістердің ара қашықтығы алшақ:

Осы жағыдайларда жартылай алмалы салмалы протездер қойылады.

Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері:

а. Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез.

б. Жартылай алмалы-салмалы қарапайым кламмерлі доғалы протез.

в. Жартылай алмалы-салмалы аточментті бекітілетін доғалы протез.

г. Жартылай алмалы-салмалы био денто пластты протез.

д.Телескопиялық сауыттарға бекітілген жартылай алмалы-салмалы протез.

Клиникалық кезең:

1.Науқастың ауыз қуысын зертеп , тексеріп , диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп , альгинатты немесе силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.

2.Жақ сүйегінен альгинитты массамен анатомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. Таңдалған қасыққа базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.

2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып,болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.

Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.

Қазақ ғалымы, м.ғ.к. К.М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.

3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі,ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша)білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1.2см, ал алдынғы тістер аймағында ені 0.6-0.8см аспауы керек. Біліктердің биіктігі тістердің биіктігінен 1-2мм жоғары болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.

 Клиникалық кезең:

3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса,окклюзиялық, шаблонды балауыздармен тістетіліп,орталық окклюзия анықталады.

4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзбелерінің орны, фонтал тістердің шегарасы және күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

4. . Балауыздан дайындалған протездің шаблонын окклюдаторға орнатады.

5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі. Тірек тістермен жанасқан бөлігіне кламмер орнатады.

6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кювейтаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

7. Кювейтаны престпен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.

8. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кювейталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

 9. Кювейтадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз( изакол), 15 минут қатуы күтіледі.

10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

12. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)

3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуамыз.

8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.

Клиникалық кезең:

5. Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі.

113. Штифтік тістер, түрлері, сауыттарды дайындаудағы клиника-зертханалык кезендерінің ерекшеліктері, көрсеткіштер мен қарсы көрсегкіштер

 Штифттік (өзекті) тіс - дегеніміз тіс түбірінің өзегіне немесе

арнасына (каналына) енгізілген штифт және жасанды тіс сауыттардан тұратын алынбайтын тіс протезі. Ол тістің жоғалған анатомиялық пішіні мен қызметін орнына келтіріп қана қоймай, оның түбір бөлігін сақтайды. Бұл амалға тіс қатарының тұтастығының бұзылуының алдын алу шарасы деп қарауға болады.

Қазіргі уақытта әрқайсысы өзіндік құрылымдық ерекшелігімен және дайындау технологиясымен өзгешеленетін штифттік тістердің түрлері бар. Әлдебір штифттік тіс құрылымын тандау клиникалық жағдайларға байланысты. Бұл, біріншіден, сақталған тіс тұқылының

жағдайы. Тістің түбірі қызыл иектен шығып немесе онымен бір деңгейде тұруы керек. Қызыл иектен шығып тұрған қатты тіс тіндері зақымдалмаған болуы керек.

Tiс түбіріне де белгілі бір талаптар қойылады. Толық клиникалық тексеріс үшін түбірлер рентгенге түсіріліп зерттеледі. Бүл түбір ұзындығын, оның кеңдігін, пломбалаудың дәрежесі мен сапасын,әқабырғаларының қалыңдығын, периапикалды тіндерде дерттің (киста,

гранулемдер) жоқтығын анықтап береді.

Түбір өзегінің ұзындығы болашақ жасанды сауыт бөлігінін

ұзындығынан қысқа болмайтын штифтті орнатуға мүмкін

болатындай болуы керек.Протездің түбір үсті бөлігін ұстап тұра алатын, қажетті жуандықгағы штифтті орнату үшін, түбірдің өзегі немесе арнасы жеткілікті кең болуы керек. Түбірдің ұшында кисталардың болуы,әегерде оларға лайык ем жүргізілсе, оларға штифтті тісті дайындауәмүмкін болады. Түбір өзегі пломбалаған тіске қызыл иекте жылға

тесіктер (свищ) пайда болса, түбір жүлынады. Штифтті тістерді дайындау талаптарына, көбінесе алдыңғы жоғарғы тістер мен бірінші премолярлар сай келеді.

Сыртында сақинасы бар штифтті тіс

Штитфтті тістің бүл түрін ең алғашқы рет Ричмонд ұсынған, сол себепті сол кісінің есімімен аталады .

Пластмассалық штифтті тіс

Штифтті тістердің ішіндегі дайындалуы мен кұрылымы жағынан ең қарапайымы пластмассалық штифтті тістер болып табылады.

Tiс түбірінің көрініп тұрған бөлігін дайындау, оның шетін егеп түзетуден тұрады. Мойын бөлігінің қызыл иек деңгейінен 1-2 мм шығып түрғаны дұрыс.

Штифтті тіске арнап түбірді дайындауда, түбір үшына дейін

пломбамен толтырылған болуы керек. Түбір өзегін пломбадан тазарту мен кеңіту үшін диаметрі арна диаметіріне сәйкес келетін шар тэрізді, тіліктік бұрғыларды қолданады. Түбір қабырғаларының тесілуін болдырмау үшін бүрғыны арна ішіне жылжыту кезінде оны басқа жаққа бүрмау керек. Бұрғыны күшпен баспау керек, оны ақырын

Ғана жылжытып отыру керек.

Түбірдің өзегін кеңейту арнайы кеңейткіштермен жасалады.

Содан соң штифттерді диаметрі үйлесімді тот баспайтын немесе алтын сымдардан (750 сынама) дайындайды немесе стандартты штифттерді қолданады. Штифттің түбірішілік бөлігі үшбұрышты, төртбұрышты немесе сопақша пішінде болады. Оның сатылы, спираль тәрізді болуы да мүмкін. Осылай дайындалған штифттің түбірішкі бөлігі оның оз осінен айналуына кедергі болады. Штифттің түбірлік бөлігін шақтау кезінде, оның түбір аузын жапқанға дейін

қысқарта береді, сонымен қатар, штифт түбірдің үшына келіп тіреледі. Егер штифттің түбір үсті бөлігі сымнан жасалған болса, оны бұрыштап немесе ілгек сияқты иеді. Стандартты штифтті жалпайтып, қосымша кесінділер жасайды. Бұл штифтті қалып-өлшемге бекіту

үшін керек, ал келешекте - пластмассалық тіссауыт бөлігін бекіту үшін де керек.

Осыдан кейін қалып-өлшем алып, одан гипс мүсін қүяды. Мүсін қүйғаннан кейін сауыт бөлігін балауыздан мүсіндейді де, оны пластмассаға ауыстырады.

Л.В.Ильина-Макросянның штифтті тісі

Штифтті тіс құрылымының бір кемшілігі болып сілекейдің

әсерінен штифт айналасындағы цементтің сорылып кетуі саналады.

Осы жағдайды болдырмау үшін, және де штифттің түбір өзегіне жақсы бекіп, өз осінен айналу мүмкіндігінің алдын алу және түбір қабырғасына қысымды азайту мақсатында JI.B. Ильина-Маркосян, түбір өзегінің аузында қосымша салма үшін жәшік тәріздес қуыс жасауды ұсынды. Бұл конструкцияны дайындауда түбірдің ауыз қуысына шығыптұрған шетін даярлау өте маңызды. Тістің мойын бөлігінің шеті ойыс, түзу, еңкіш, дөңес немесе шатыр түрінде болады.

Түбірдің мойын бөлігін салма үшін даярланғаннан кейін өзекке штифт орнатылады, қосымша салмаға арналған қуысты және түбір бетін балауызбен толтырады. Балауыздан мүсінделген салма және мүсінделген түбір үсті жабуды штифтпен бірге алып, металға айырбастайды. Асыл металдар немесе кобальт-хром қорытпаларын қолданған ұтымды. Металдан құйылған құйманы түбірге салып көреді де, онымен бірге қалып-өлшем алып мүсін жасайды, алынған мүсінде сауыт бөлігін даярлайды. Түбір үсті жабу мен салма түбір ішіндегі цементті сілекейден айырады, қорғайды, қосымша салма шайнау қысымын азайтады.

Түбір үсті бөлікті штампталып - дәнекерленген фасеткалы тіс технологиясын қолданып та дайындауға болады.

Жасанды тіс сауыттың мықты болуы үшін, оның түбір үсті

бөлігін штифтпен біртүтас құйма түрінде даярлап, оның

вестибулярлы беті пластмассамен немесе керамикамен қапталады.

Пластмассамен қаптау үшін фасетка үшін қорғаныш сияқты тіссауыттың тандай бөлігін балауыздан мүсіндейді.

Балауыздан мүсінделген түбір үсті фасетканы, жабуды, салманыжәне штифтті металға айырбастайды. Осыдан кейін штифтті тістіқаптағыш материалмен каптайды.

Л.В.Ильина-Макросянның штифтті тісі

Штифтті тіс қүрылымының бір кемшілігі болып сілекейдің әсерінен штифт айналасындағы цементтің сорылып кетуі саналады. Осы жағдайды болдырмау үшін, және де штифттің түбір өзегіне жақсы бекіп, өз осінен айналу мүмкіндігінің алдын алу және түбір қабырғасына қысымды азайту мақсатында JI.B. Ильина-Маркосян, түбір өзегінің аузында қосымша салма үшін жәшік тәріздес қуыс жасауды үсынды.

Бұл конструкцияны дайындауда түбірдің ауыз қуысына шығып тұрған шетін даярлау өте маңызды. Тістің мойын бөлігінің шеті ойыс, түзу, еңкіш, дөңес немесе шатыр түрінде болады

Түбірдің мойын бөлігін салма үшін даярланғаннан кейін өзекке штифт орнатылады, қосымша салмаға арналған қуысты және түбір бетін балауызбен толтырады. Балауыздан мүсінделген салма және мүсінделген түбір үсті жабуды штифтпен бірге алып, металға айырбастайды.

Асыл металдар немесе кобальт-хром қорытпаларын қолданған үтымды. Металдан құйылған қүйманы түбірге салып көреді де, онымен бірге қалып-өлшем алып мүсін жасайды, алынған мүсінде сауыт бөлігін даярлайды. Түбір үсті жабу мен салма түбір ішіндегі цементті сілекейден айырады, қорғайды, қосымша салма шайнау қысымын азайтады.

Түбір үсті бөлікті штампталып - дәнекерленген фасеткалы тіс технологиясын қолданып та дайындауға болады.

Жасанды тіс сауыттың мықты болуы үшін, оның түбір үсті бөлігін штифтпен біртүтас құйма түрінде даярлап, оның вестибулярлы беті пластмассамен немесе керамикамен қапталады. Пластмассамен қаптау үшін фасетка үшін қорғаныш сияқты тіс сауыттың тандай бөлігін балауыздан мүсіндейді.

Балауыздан мүсінделген түбір үсті фасетканы, жабуды, салманы жэне штифтті металға айырбастайды. Осыдан кейін штифтті тісті қаптағыш материалмен каптайды

Тұқылды штифтті салма

Толығымен бүлінген тіс сауыттарды қалпына келтіру үшін

штифтпен біртұтас кұйылған тұқылды штифтті салма кең таралған.

Бүл құрылымың басқа штифтті тістермен салыстырғанда

басымдылығы көп:

1) эстетикалық талаптарға сай, себебі алынбайтын протездер

(пластмассалы, фарфорлы, металды-пластмассалы, металды-керамикалық, телескопты тіс сауыттары) үшін тірек ретінде қолдануғаболады;

2) сыртқы тіс сауыты штифтпен цемент арқылы байланысқандықтан қажетті жағдайда үстіңгі құрылымды штифттен бөліп алуға

мүмкіндік бар;

3) түбір өзегіне берік және тығыз орналасады;

4) тістің сауыт бөлігінің толық бұзылған кезінде және мойын

бөлігінде бүлінушілік болса да қолданыла береді.

Тұқылды штифтті, құйма салманы алдыңғы тістерге ғана емес, сондай-ақ бүйір тістерге (премолярлар мен молярларға) де және

оларды алынбайтын және алмалы-салмалы протездер үшін тірек

Ретінде қолдануға мүмкіншілік бар.

Штифттік тістерді қолдану үшін тіс түбіріне арнайы талаптар

Қоиылады. Көптүбірлі тістерде жиі қолданылатын түбірлер төменгі үлкен азу тістердің дисталды, ал жоғары үлкен азу тістерде үрт және таңдайлы түбірлер. Каналдары түбір үшына дейін пломбаланған болулары керек.

Tiс түбірін штифттік тіс үшін дайындаған жағдайда түбір

өзекшесінің жүмсарған жэне бұзылған тіндерін толығымен алып тастайды.

Тұқылды штифттік салманы дайындау тіс сауыт бөлігінің сақталған қатты тіндерінің мөлшеріне байланысты.

 Егерде тіс сауытының қабырғалары қалың сақталса, оларды көп егемейді, егерде қабырғалары жүқа болса, онда оларды сақтамайды, дұрысы оларды мойын бөлікке дейін егеп тастау. Тұқыл қызыл иекпен бір деңгейде немесе одан төмен болған жағдайда түбірдің үшкір қырлары мен жұқа төмпешіктері тегістеледі.

Tiс түбірінің өзегін дайындағаннан соң жасанды тұкылды балауыздан мүсіндейді. Бұл үшін мүсіндеуші «Лавакс» балауызының жалағын қыздырып, өзек ішіне ендіреді.

 Тұқылды штифтті салманың тіс сауыт бөлігінің бұзылу

дәрежесіне байланысты құрылымдары

Қыздырылған ортодонттық немесе кламмер сымды балауызбен толтырылған түбір өзегіне енгізеді. Балауыз суып, қатқаннан кейін штифт алынады. Штифт пен балауыз түбірдің кіреберіс аузына дейін ғана жауып тұрады. Суыған соң балауызды штифтті суырып, бағалайды, штифтті қайтара түбір өзегіне кіргізіп түқылды мүсіндейді. Түбір үстінен штифттің айналасына жүмсарған балауыз

орналастырылады, антогонист-тістердің таңбасын алады, тіс тұқылының сауыт бөлігін мүсіндеу барысында, балауыз қалдықтарын алып тастайды.

Осыдан кейін дайындалған балауыз композицияны металға

айырбастайды. Оны өңдегенен кейін оның түбірге тығыз жанасуымен, антогонистерге қатысының жеткіліктігін бақылап, ауызкуысында тексеріледі. Даярлаудың дұрыстығына көз жеткізгенненсоң, тұқылды штифтті салманы түбір өзегіне цементпен бекітеді.

Тұқылды штифтті салма алдыңғы тістерге ғана емес, сондай-ақ бүйір тістерге (премолярлар мен молярларға) де жэне оларды алынбайтын жэне алмалы-салмалы протездер

Толығымен бүлінген тіс сауыттарды қалпына келтіру үшін штифтпен біртүтас кұйылған түқылды штифтті салма кең таралған.

Бұл қүрылымың басқа штифтті тістермен салыстырғанда басымдылығы көп:

1) эстетикалық талаптарға сай, себебі алынбайтын протездер (пластмассалы, фарфорлы, металды-пластмассалы, металды-керамикалық, телескопты тіс сауыттары) үшін тірек ретінде қолдануға болады;

2) сыртқы тіс сауыты штифтпен цемент арқылы байланысқан-Дықтан қажетті жағдайда үстіңгі құрылымды штифттен бөліп алуға мүмкіндік бар;

3) түбір өзегіне берік жэне тығыз орналасады;

4) тістің сауыт бөлігінің толық бүзылған кезінде жэне мойын бөлігінде бүлінушілік болса да қолданыла береді.

Түқылды штифтті, құйма салманы ер үшін тірек ретінде қолдануға мүмкіншілік бар.

Штифттік тістерді қолдану үшін тіс түбіріне арнайы талаптар Қоиылады. Көптүбірлі тістерде жиі қолданылатын түбірлер төменгі

үлкен азу тістердің дисталды, ал жоғары үлкен азу тістерде - үрт және таңдайлы түбірлер. Каналдары түбір үшына дейін пломбаланған болулары керек.

Tie түбірін штифттік тіс үшін дайындаған жағдайда түбір өзекшесінің жүмсарған жэне бұзылған тіндерін толығымен алып тастайды.

Тұқылды штифттік салманы дайындау тіс сауыт бөлігінің еақталған қатты тіндерінің мөлшеріне байланысты. Егерде тіс сауытының қабырғалары қалың сақталса, оларды көп егемейді, егерде қабырғалары жүқа болса, онда оларды сақтамайды, дұрысы оларды мойын бөлікке дейін егеп тастау. Түқыл қызыл иекпен бір деңгейде немесе одан төмен болған жағдайда түбірдің үшкір қырлары мен жүқа төмпешіктері тегістеледі.

Tiс түбірінің өзегін дайындағаннан соң жасанды тұкылды ба­ лауыздан мүсіндейді. Бүл үшін мүсіндеуші «Лавакс» балауызының жалағын қыздырып, өзек ішіне ендіреді.

114. Штифтік тісэ түсінігіне аіғықтама беру, түрлері, қолдануға көрсеткіштер

Штифттік (өзекті) тіс - дегеніміз тіс түбірінің өзегіне немесе

арнасына (каналына) енгізілген штифт және жасанды тіс сауыттардан тұратын алынбайтын тіс протезі. Ол тістің жоғалған анатомиялық пішіні мен қызметін орнына келтіріп қана қоймай, оның түбір бөлігін сақтайды. Бұл амалға тіс қатарының тұтастығының бұзылуының алдын алу шарасы деп қарауға болады.

Қазіргі уақытта әрқайсысы өзіндік құрылымдық ерекшелігімен және дайындау технологиясымен өзгешеленетін штифттік тістердің түрлері бар. Әлдебір штифттік тіс құрылымын тандау клиникалық жағдайларға байланысты. Бұл, біріншіден, сақталған тіс тұқылының

жағдайы. Тістің түбірі қызыл иектен шығып немесе онымен бір деңгейде тұруы керек. Қызыл иектен шығып тұрған қатты тіс тіндері зақымдалмаған болуы керек.

Tiс түбіріне де белгілі бір талаптар қойылады. Толық клиникалық тексеріс үшін түбірлер рентгенге түсіріліп зерттеледі. Бүл түбір ұзындығын, оның кеңдігін, пломбалаудың дәрежесі мен сапасын,әқабырғаларының қалыңдығын, периапикалды тіндерде дерттің (киста,

гранулемдер) жоқтығын анықтап береді.

Түбір өзегінің ұзындығы болашақ жасанды сауыт бөлігінін

ұзындығынан қысқа болмайтын штифтті орнатуға мүмкін

болатындай болуы керек.Протездің түбір үсті бөлігін ұстап тұра алатын, қажетті жуандықгағы штифтті орнату үшін, түбірдің өзегі немесе арнасы жеткілікті кең болуы керек. Түбірдің ұшында кисталардың болуы,әегерде оларға лайык ем жүргізілсе, оларға штифтті тісті дайындауәмүмкін болады. Түбір өзегі пломбалаған тіске қызыл иекте жылға

тесіктер (свищ) пайда болса, түбір жүлынады. Штифтті тістерді дайындау талаптарына, көбінесе алдыңғы жоғарғы тістер мен бірінші премолярлар сай келеді.

Сыртында сақинасы бар штифтті тіс

Штитфтті тістің бүл түрін ең алғашқы рет Ричмонд ұсынған, сол себепті сол кісінің есімімен аталады .

Пластмассалық штифтті тіс

Штифтті тістердің ішіндегі дайындалуы мен кұрылымы жағынан ең қарапайымы пластмассалық штифтті тістер болып табылады.

Tiс түбірінің көрініп тұрған бөлігін дайындау, оның шетін егеп түзетуден тұрады. Мойын бөлігінің қызыл иек деңгейінен 1-2 мм шығып түрғаны дұрыс.

Штифтті тіске арнап түбірді дайындауда, түбір үшына дейін

пломбамен толтырылған болуы керек. Түбір өзегін пломбадан тазарту мен кеңіту үшін диаметрі арна диаметіріне сәйкес келетін шар тэрізді, тіліктік бұрғыларды қолданады. Түбір қабырғаларының тесілуін болдырмау үшін бүрғыны арна ішіне жылжыту кезінде оны басқа жаққа бүрмау керек. Бұрғыны күшпен баспау керек, оны ақырын

Ғана жылжытып отыру керек.

 

Түбірдің өзегін кеңейту арнайы кеңейткіштермен жасалады.

Содан соң штифттерді диаметрі үйлесімді тот баспайтын немесе алтын сымдардан (750 сынама) дайындайды немесе стандартты штифттерді қолданады. Штифттің түбірішілік бөлігі үшбұрышты, төртбұрышты немесе сопақша пішінде болады. Оның сатылы, спираль тәрізді болуы да мүмкін. Осылай дайындалған штифттің түбірішкі бөлігі оның оз осінен айналуына кедергі болады. Штифттің түбірлік бөлігін шақтау кезінде, оның түбір аузын жапқанға дейін

қысқарта береді, сонымен қатар, штифт түбірдің үшына келіп тіреледі. Егер штифттің түбір үсті бөлігі сымнан жасалған болса, оны бұрыштап немесе ілгек сияқты иеді. Стандартты штифтті жалпайтып, қосымша кесінділер жасайды. Бұл штифтті қалып-өлшемге бекіту

үшін керек, ал келешекте - пластмассалық тіссауыт бөлігін бекіту үшін де керек.

Осыдан кейін қалып-өлшем алып, одан гипс мүсін қүяды. Мүсін қүйғаннан кейін сауыт бөлігін балауыздан мүсіндейді де, оны пластмассаға ауыстырады.

Л.В.Ильина-Макросянның штифтті тісі

Штифтті тіс құрылымының бір кемшілігі болып сілекейдің

әсерінен штифт айналасындағы цементтің сорылып кетуі саналады.

Осы жағдайды болдырмау үшін, және де штифттің түбір өзегіне жақсы бекіп, өз осінен айналу мүмкіндігінің алдын алу және түбір қабырғасына қысымды азайту мақсатында JI.B. Ильина-Маркосян, түбір өзегінің аузында қосымша салма үшін жәшік тәріздес қуыс жасауды ұсынды. Бұл конструкцияны дайындауда түбірдің ауыз қуысына шығыптұрған шетін даярлау өте маңызды. Тістің мойын бөлігінің шеті ойыс, түзу, еңкіш, дөңес немесе шатыр түрінде болады.

Түбірдің мойын бөлігін салма үшін даярланғаннан кейін өзекке штифт орнатылады, қосымша салмаға арналған қуысты және түбір бетін балауызбен толтырады. Балауыздан мүсінделген салма және мүсінделген түбір үсті жабуды штифтпен бірге алып, металға айырбастайды. Асыл металдар немесе кобальт-хром қорытпаларын қолданған ұтымды. Металдан құйылған құйманы түбірге салып көреді де, онымен бірге қалып-өлшем алып мүсін жасайды, алынған мүсінде сауыт бөлігін даярлайды. Түбір үсті жабу мен салма түбір ішіндегі цементті сілекейден айырады, қорғайды, қосымша салма шайнау қысымын азайтады.

Түбір үсті бөлікті штампталып - дәнекерленген фасеткалы тіс технологиясын қолданып та дайындауға болады.

Жасанды тіс сауыттың мықты болуы үшін, оның түбір үсті

бөлігін штифтпен біртүтас құйма түрінде даярлап, оның

вестибулярлы беті пластмассамен немесе керамикамен қапталады.

Пластмассамен қаптау үшін фасетка үшін қорғаныш сияқты тіссауыттың тандай бөлігін балауыздан мүсіндейді.

Балауыздан мүсінделген түбір үсті фасетканы, жабуды, салманыжәне штифтті металға айырбастайды. Осыдан кейін штифтті тістіқаптағыш материалмен каптайды.

Л.В.Ильина-Макросянның штифтті тісі

Штифтті тіс қүрылымының бір кемшілігі болып сілекейдің әсерінен штифт айналасындағы цементтің сорылып кетуі саналады. Осы жағдайды болдырмау үшін, және де штифттің түбір өзегіне жақсы бекіп, өз осінен айналу мүмкіндігінің алдын алу және түбір қабырғасына қысымды азайту мақсатында JI.B. Ильина-Маркосян, түбір өзегінің аузында қосымша салма үшін жәшік тәріздес қуыс жасауды үсынды.

Бұл конструкцияны дайындауда түбірдің ауыз қуысына шығып тұрған шетін даярлау өте маңызды. Тістің мойын бөлігінің шеті ойыс, түзу, еңкіш, дөңес немесе шатыр түрінде болады

Түбірдің мойын бөлігін салма үшін даярланғаннан кейін өзекке штифт орнатылады, қосымша салмаға арналған қуысты және түбір бетін балауызбен толтырады. Балауыздан мүсінделген салма және мүсінделген түбір үсті жабуды штифтпен бірге алып, металға айырбастайды.

Асыл металдар немесе кобальт-хром қорытпаларын қолданған үтымды. Металдан құйылған қүйманы түбірге салып көреді де, онымен бірге қалып-өлшем алып мүсін жасайды, алынған мүсінде сауыт бөлігін даярлайды. Түбір үсті жабу мен салма түбір ішіндегі цементті сілекейден айырады, қорғайды, қосымша салма шайнау қысымын азайтады.

Түбір үсті бөлікті штампталып - дәнекерленген фасеткалы тіс технологиясын қолданып та дайындауға болады.

Жасанды тіс сауыттың мықты болуы үшін, оның түбір үсті бөлігін штифтпен біртүтас құйма түрінде даярлап, оның вестибулярлы беті пластмассамен немесе керамикамен қапталады. Пластмассамен қаптау үшін фасетка үшін қорғаныш сияқты тіс сауыттың тандай бөлігін балауыздан мүсіндейді.

Балауыздан мүсінделген түбір үсті фасетканы, жабуды, салманы жэне штифтті металға айырбастайды. Осыдан кейін штифтті тісті қаптағыш материалмен каптайды

Тұқылды штифтті салма

Толығымен бүлінген тіс сауыттарды қалпына келтіру үшін

штифтпен біртұтас кұйылған тұқылды штифтті салма кең таралған.

Бүл құрылымың басқа штифтті тістермен салыстырғанда

басымдылығы көп:

1) эстетикалық талаптарға сай, себебі алынбайтын протездер

(пластмассалы, фарфорлы, металды-пластмассалы, металды-керамикалық, телескопты тіс сауыттары) үшін тірек ретінде қолдануғаболады;

2) сыртқы тіс сауыты штифтпен цемент арқылы байланысқандықтан қажетті жағдайда үстіңгі құрылымды штифттен бөліп алуға

мүмкіндік бар;

3) түбір өзегіне берік және тығыз орналасады;

4) тістің сауыт бөлігінің толық бұзылған кезінде және мойын

бөлігінде бүлінушілік болса да қолданыла береді.

Тұқылды штифтті, құйма салманы алдыңғы тістерге ғана емес, сондай-ақ бүйір тістерге (премолярлар мен молярларға) де және

оларды алынбайтын және алмалы-салмалы протездер үшін тірек

Ретінде қолдануға мүмкіншілік бар.

Штифттік тістерді қолдану үшін тіс түбіріне арнайы талаптар

Қоиылады. Көптүбірлі тістерде жиі қолданылатын түбірлер төменгі үлкен азу тістердің дисталды, ал жоғары үлкен азу тістерде үрт және таңдайлы түбірлер. Каналдары түбір үшына дейін пломбаланған болулары керек.

Tiс түбірін штифттік тіс үшін дайындаған жағдайда түбір

өзекшесінің жүмсарған жэне бұзылған тіндерін толығымен алып тастайды.

Тұқылды штифттік салманы дайындау тіс сауыт бөлігінің сақталған қатты тіндерінің мөлшеріне байланысты.

 Егерде тіс сауытының қабырғалары қалың сақталса, оларды көп егемейді, егерде қабырғалары жүқа болса, онда оларды сақтамайды, дұрысы оларды мойын бөлікке дейін егеп тастау. Тұқыл қызыл иекпен бір деңгейде немесе одан төмен болған жағдайда түбірдің үшкір қырлары мен жұқа төмпешіктері тегістеледі.

Tiс түбірінің өзегін дайындағаннан соң жасанды тұкылды балауыздан мүсіндейді. Бұл үшін мүсіндеуші «Лавакс» балауызының жалағын қыздырып, өзек ішіне ендіреді.

 Тұқылды штифтті салманың тіс сауыт бөлігінің бұзылу

дәрежесіне байланысты құрылымдары

Қыздырылған ортодонттық немесе кламмер сымды балауызбен толтырылған түбір өзегіне енгізеді. Балауыз суып, қатқаннан кейін штифт алынады. Штифт пен балауыз түбірдің кіреберіс аузына дейін ғана жауып тұрады. Суыған соң балауызды штифтті суырып, бағалайды, штифтті қайтара түбір өзегіне кіргізіп түқылды мүсіндейді. Түбір үстінен штифттің айналасына жүмсарған балауыз

орналастырылады, антогонист-тістердің таңбасын алады, тіс тұқылының сауыт бөлігін мүсіндеу барысында, балауыз қалдықтарын алып тастайды.

Осыдан кейін дайындалған балауыз композицияны металға

айырбастайды. Оны өңдегенен кейін оның түбірге тығыз жанасуымен, антогонистерге қатысының жеткіліктігін бақылап, ауызкуысында тексеріледі. Даярлаудың дұрыстығына көз жеткізгенненсоң, тұқылды штифтті салманы түбір өзегіне цементпен бекітеді.

Тұқылды штифтті салма алдыңғы тістерге ғана емес, сондай-ақ бүйір тістерге (премолярлар мен молярларға) де жэне оларды алынбайтын жэне алмалы-салмалы протездер

Толығымен бүлінген тіс сауыттарды қалпына келтіру үшін штифтпен біртүтас кұйылған түқылды штифтті салма кең таралған.

Бұл қүрылымың басқа штифтті тістермен салыстырғанда басымдылығы көп:

1) эстетикалық талаптарға сай, себебі алынбайтын протездер (пластмассалы, фарфорлы, металды-пластмассалы, металды-керамикалық, телескопты тіс сауыттары) үшін тірек ретінде қолдануға болады;

2) сыртқы тіс сауыты штифтпен цемент арқылы байланысқан-Дықтан қажетті жағдайда үстіңгі құрылымды штифттен бөліп алуға мүмкіндік бар;

3) түбір өзегіне берік жэне тығыз орналасады;

4) тістің сауыт бөлігінің толық бүзылған кезінде жэне мойын бөлігінде бүлінушілік болса да қолданыла береді.

Түқылды штифтті, құйма салманы ер үшін тірек ретінде қолдануға мүмкіншілік бар.

Штифттік тістерді қолдану үшін тіс түбіріне арнайы талаптар Қоиылады. Көптүбірлі тістерде жиі қолданылатын түбірлер төменгі

үлкен азу тістердің дисталды, ал жоғары үлкен азу тістерде - үрт және таңдайлы түбірлер. Каналдары түбір үшына дейін пломбаланған болулары керек.

Tie түбірін штифттік тіс үшін дайындаған жағдайда түбір өзекшесінің жүмсарған жэне бұзылған тіндерін толығымен алып тастайды.

Тұқылды штифттік салманы дайындау тіс сауыт бөлігінің еақталған қатты тіндерінің мөлшеріне байланысты. Егерде тіс сауытының қабырғалары қалың сақталса, оларды көп егемейді, егерде қабырғалары жүқа болса, онда оларды сақтамайды, дұрысы оларды мойын бөлікке дейін егеп тастау. Түқыл қызыл иекпен бір деңгейде немесе одан төмен болған жағдайда түбірдің үшкір қырлары мен жүқа төмпешіктері тегістеледі.

Tiс түбірінің өзегін дайындағаннан соң жасанды тұкылды ба­ лауыздан мүсіндейді. Бүл үшін мүсіндеуші «Лавакс» балауызының жалағын қыздырып, өзек ішіне ендіреді.

115. Пластмасса және металды керамика жеке тіс сауыты үшін тірек тісті егеу.

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті сауыт бөлігін егеудің өз ерекшелігі бар, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз. Пластмассалар ауырлық күшке тұрақсыз болғандығы себепті, тірек тістің кіреуенке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді.

Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап 

1)жансыздандырылады

2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз.Пластмассаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек.....(уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің астына енгізіледі. Сумен жуылып, антисептикпен тірек тісті өңделеді, ауамен кептіріледі.. Тірек тістің қабырғасы мен қызыл иектің астына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда екі қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдалады. Таңдалған қасыққа қалып өлшемніңбазистік массаны салып тірек тістің өлшемі алынады. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастаймызда, екінші қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз.

Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде , тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің астына жібереміз.

Металды керамикалы тіс сауытын дайындауда тірек тістің сауыт бөлігін егеу, дәл пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудағы тірек тістің егелуімен бірдей , ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз.

Металды керамикалы тіс сауытын дайындауда металлдың және керамиканың қалындығын ескеру қажет . Қалындықтын көп болуы себепті, тірек тістің кіреуке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді. Металды керамикалы арналып егелетін тірек тістерге қойылатын талаптар:

1. Бұл протезді жоспарлау кезінде тірек тістердіңметалл-керамикалық сауыттармен қапталу мүмкіндігін біліп алу керек.

2.Көпір тәрізді протездің аралық бөлігін кәрленмен әрлеу мүмкіндігін анықтау керек.Бұл үшін тіс қатары аққауының альвеолааралық кеңістігінің биіктігін анықтау керек.

3.Үлкен көлемді көпір тәріздіпротезді тірек тістерге бекіткенде, олардың пародонтқа артық күш түсіретінін ескеру керек.

4.Шарты түрде тірек тістер рентгенологиялық зертелу қажет.

5.Металл-керамикалық көпір тәрізді протедерді алдынғы және бүйір топ тістеріне қолдануға болады.

Бұл протезді қолдануға кері көрсеткіштері:

1.тіс қатарының үлкен аққаулары(3-4тістен көп);

2.аққаудың жанындағы клиникалық тірек тіссауытының төмен болуы;

3. ауыз қуысындағы шырышт қабаттың пародонтиті және пародонтозы;

Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін, болашақ протездің конструкциясын және оны орындауға кететін уақытты, шарты түрде нарқы келісіледі.

Металл керамикалы сауыттарға арналып егелген тістер міндетті түрде уақытша пластмассалық тіссауыттарымен қапталады.

 

 

116 Штифтік тістерге қандай талаптар қойылады? Көп түбірлі тістерге азу тістер,кіші азу тістер тұқылды штифтілігі салмалар қолдануға,пластмасса қатпарларды 1 сәтте дайындауға,оларды дайындау жолдарына көптеген жолдар арналған.Көпір тәрізді протездің тірегі болатын,сондай-ақ әр түрлі шайналатын конструкцияларға негіз болып табылатын тістерге әр түрлі тұқылды штифті қатпарларды кеңінен қолдану соңғы жылдары аса өзекті.Тұқылды штифтілі қатпарларды дайындау кезінде барлық жағдайларда төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек. 1.Түбір арналарды төбесіне дейін бітелуі тиіс; 2.Түбір тұрақты болуы тиіс жұмсарған дентин миқият алынып тасталуы тиіс 3.Тік бағыттағы арналар 8-10мм тереңдікке дейін кеңейтіледі.Бұл арналар кейін болашақ тұқылды штифтілігі салмаға негізгі тірек болады. 4.Қосымша тірек ретінде жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тістері мен азу тістерінің мойын арналарын,төменгі жақтың медиальды арналарын 0,5-4,5 мм тереңдетеді. 5.Тұқылды штифтілі салмаларды жасау жанама әдіс кезінде орын алуы мүмкін көлемдік өзгерістерге жол бермеу үшін тек тікелей әдіспен жүргізіледі.    
117 Штифтік қүрылымдармен протездеуге түбірді дайындау. Тіс пен түбір өзегін дайындауды жұмсарған дентинді алып тастаудан қатты тіндерді кесуден бастайды және одан əрі штифтік орын дайындайды.Өзекті кеңейтуді рентгенограмманың бақылауымен жүргізуі қажет.Түбір өзегін дайындау жəне штифт ұзындығы мен қалындығын анықтау кезінде түбір өзегінің орташа параметрлерін ескерген жөн.Құйылған штифті салмалардың тəжірбиеде көбіне алдыңғы тістерге қолданылуына байланысты,Н.Г.Абоомасовтың зерттеу нəтижелері бойынша алдыңғы тістердің түбір үзындықтарын ескеру керек.Тіс түбірі өзегін дайындау кезінде қабырғалардың қаоыңдығы ескеріледі.Сүйір тістердің қабырғалары бəрінен қалың болады,одан əрі кері тəртіпте-орталық күрек тістер мен бүйірлік күрек тістер.Төменгі жақтағы орталық жəне бүйірлік күрек тістердің қабырғаларының қалыңдығы бірдей.Азу тістер өзегінің қалыңдығы жас ұлғайған сайын қалыңдай береді.Азу тіс өзегінің диаметрінің азаюы шамамен қарама-қарсы екі қабырғаның қалыңдығының үлкеюіне тең.Алдыңғы тістер қабырғасының қалыңырақ бөлігі оральды қабатта.Өзектің сағасын кеңейткен соң вестибула-оральды бағытта тереңдігі 1,5-2мм ені 1,5-1мм болатын сопақша амортазициялық қуыс жасау керек,бұл құйылған штифті салманың орнығуын жақсартуға мүмкіндік береді және оған ротациясына жол бермейді.Салманың штифтілік бөліктерін конструкциялау жөнінде ортақ пікір жоқ.Түбір ұшына қарай кезегімен азаятын 2жəне азаятын екі жəне одан да көп баспалдақтан тұратын сатылы штифті жасауға ұсыныстар бар.Алайда бұндай конструкция протез алаңындағы қатты тіндерді дайындауды қиындатады,тісті дайындау барысында да салманы цементке бекіту кезінде де асқынулар пайызын ұлғайтады.
118 Штифті тістер технологиясы Штифті тістер – штифтің көмегімен түбір өзегінде бекітіліп, табиғи тістің сауытты бөлігін қалпына келтіретін алынбайтын протездің бір түрі. Ол сауытты қаптамадан бөліктен түбір қорғаныс пластинкамен штифтен тұрады. Сауытты бөлігі табиғи тістің (сауыттың) едәір бұзылған немесе жоқ болған кезінде анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіреді. Түбірлік қорғаныс пластина түбірлі зақымдалуын және цементтің сорылуын сақтайды. Штифті тістер – бір түбірлі, сирек көп түбірлі тістерде қолданылады. Oл төменгі жақтың күрек тістерінің түбір өзектері қолданылады. Штифті тіс түбір өзегіндегі бүйірлі қысымға төтеп бере алатын штифтен және сауытты бөліктен тұрады. Л. В. Ильина – Маркосян жіктелуі бойынша штифті тістер 3 топқа бөлінеді. Штифті тістредің сауытты бөлігі немесе түбір үстілік қалқаны түбірге кигізіліп (жанасып) тұрады. Түбірдің шығыңқы бөлігі қалпақшамен жабылады. Штифті тістің бекітуші бөлігі түбірдің шығыңқы бөлігіне ғана емес, түбір өзегінің қабырғаларына да вкладка арқылы кіріп тұрады. Е. И. Гаврилов стандартты штифті тістердің тістреді жеке топқа бөлуді ұсынады. Түбір қорғаныс пластинасының конструкциясында байланысты В.Н. Копейкин штифті тістердің сақиналы және тұтас құйылған деп бөлуді ұсынады. Ол штифті тістерді культті қаптама және Логанның қаптамасына жатқызады. Дайындалу әдісіне байланыты – штитфі тістер құйылған және дәнекерленген; материалына байланысты – металлддан пластмассалы, фарфорлы және беттелген; Тағайындалуы байланысты – қалпына келтіруші, тіректі, тіректі – қалпына келтіруші болып бөлінеді. Штифті тістер кигізілетін түбірге қойылатын талаптар: Түбір ұшы маңында созылмалы қабыну ошағы болмай, түбір өзегі түбір ұшына дейін цементпен керек. Түбір тұқылы қызыл иек деңгейінде немесе одан сәл шығыңқы болуы керек. Түбір өзегінің қабырғалары қалың, кариеспен зақымдалмаған болуы керек. Түбірдің ұзындығы сауыт ұзындығының 2: 1 қатынасындай болуы керек. Штифті тістерге қойылатын талап: Түбірді қоршаған тіндерді зақымдамауы керек; Түбір өзегіндегі цемент еріп, сарылып кетпеуі үшін түбірге нығыз отыруы керек; Штифтің көмегімен түбір өзегінде жақсы бекітілуі керек. Эстетикалық талғамға сай болуы керек. Құйылған культті штифті толтырғыштар Тіс сауытты толығымен зақымдалып, жоғалған кезде, қаптама, штифті тіс және толтырғыштарды пайдалану мүмкін болмаған уақытта құйылған штифті толтырғыштардың көмегімен протездеуге болады. Ол тұтас құйылған штифтен, толтырғыштан және культті сауытан тұрады. Сауыт фарфорлы, пластмассалы және құрасты оылған болады. Құйылған культті штифті толтырғыштың штифті тістердің алдында мынандай артышылықтары бар: Бір тұтас құйылған болғандықтан олар мықты келеді, түбір өзегінде жақсы бекиді; Алдыңғы және бүйірлі тістердің түбірлерін қолдануға болады. Жабынды қажеттілігіне қарй ауыстырып отыруға болады. Тіс түбірі терң деңгейде зақымданғанда да қолдануға болады Жекеленген (қисық) дұрыс орналаспаған тістерді түзету үшін қолданылады Дәрігер бірінші клиникалық қабылдауда тістің сауытты бөлігінің қалғанын немесе түбір бөлігінің жұмсарған дентинінен тазалай отырып, өткір қырларын егелеп, дайындайды. Түбір қабырғаларының сақталуына және мықтылығына байланысты құйылған культті түбірге орналасуы әр-түрлі болады. Егер түбірдің ортаңғы бөлігі зақымдалса құйылған культ түбір өзегінің сағасына орналастырады да шеткері бөліктері бос қалады. Ал егер түбірдірдің беткей бөлігі түгел зақымдалса, құйылған штифті толтырғыш түбірдің осы ауданға түгел жанаса орналасады да, шетінен жабын конструкцияға арналып уступ жасалынады. Түбірдің беткей бөлігі өңделіп біткен соң түбір өзегі болашақ сауыттың биіктігіндей тереңдікке өңделеді. Ол үшін өзек сағасына овальді немесе тік бұрышты, тереңдігі 1-2 мм, көлденені 2-3 мм болатындай қуыс өнделеді. Бұл қуыс штифтің тіс өзегінде айналып кетуін тудырмайды және түскен күшке төтеп беретін амартизатор қызметін атқарады. Өнделген өзекке жұмсарған балауызды штифт кіргізіп, тістің болашақ сауытын модельдейді. Бұл балауызды конструкцияны шығару үшін оральді беткейіне қыздырылған штифт кіргізіледі, салқындаған соң тістің өсі бағытымен ептеп шығарылады. Штифті толтырғыштардың балауызды репродукциясын жасаудың басқа да методикасы бар. Модельдеуге арналған балауыз таяқшасы жұмсартылып балауыз штифт пішінделеді де түбір өзегіне кіргізіліп, өзек сағасындағы қуысқа нығыздалады. Алдын – ала өзекке өлшеніп, жасалған штифтің бір ұщын қыздырып , балауызды (вкладка) олтырғыш тұрған өзекке енгізіледі. Штифтің айналысына балқытылған блауызды қоса отырып, болашақ жасанды сауыттың культясын пішіндейді. Штифт салқындаған соң бір ұшынан ұстап ептеп шығарылып алынады да металға ауыстырылады. Құйылған штифті толтырғыштың жасалуын жеңілдетіп, жылдамдату үшін ағылшынның Cottrell Compani фирмасы стандартты металдан жасалған дайын, бір шетінде винтті бұрамасы (нарезкасы) бар якорьлерді шығарады. Якорьлер түбір өзегіне арналған ұзындығы 17 мм, оның 10 мм-і түүбір өзегі үлесіне тиеді. Комплект ішіне отвертка фреза түбір өзегін кеңейткішт түбір өзегі ішіне бұранда (нарезка) жасайтын метчик кіреді.  
119 Штифтік тістерді дайындаудагы клиника-зертханалық кезендерінің ерекшеліктері
120 Ричмонд   (сыртқы сақинасы бар штифті тіс Ричмонд бойынша штифті тіс штифтен,түбір үсті каппасынан және тіссауытынан тұрады.Ричмонд бойынша штифті тісті дайындау кезеңдері.Тіс түбіріне металл каппа дайындалады.Бұл мақсат үшін штампталған тіссауытқа шақтап тіс тұқылын егейді де көшірме қалып алады,тіс мойнын тығыз қоршап тұратын және қызылиек шетінің астыңғы жағына 0,1-0,3 мм кіріп тұратын қалпақша дайындайды.Каппаның түбінде,өзектің сағасына сәйкес келетін орында тесік бұрғылайды және осы тесік арқылы түбірдің ұшына дейін штифт жүргізеді.Штифт қалыңдығы өзек саңылауының диаметріне сәйкес,ұзындығы жөнінен оның шеті каппадан 5-6 мм жоғары тұратындай дәрежеде өзектің ұзындығынан артық болуы тиіс.Штифті каппаны өзекке орнықтырып,оларды дәнекерлеу үшін дәрігер штифті каппадан қалып алады.Ауыз қуысынан қалыпты алған кезде штифті каппаны қалықа түсіреді,осы қалып бойынша құйылған модель каппа мен штифтін ауыз қуысындағы қалпын қайталайды.Штифті каппамен дәнекерлейді және ауыз қуысында каппаның түбір қабырғаларына жанасуын және оның қызылиек шетінің астыңғы бөлігіне ену тереңдігін тексереді.осыдан кейін протез салынатын жақтан жұмыс қалыбын және қарама-қарсы жақтан көмекші қалып алады.Бұдан соң модельдерді құйып,,зертханашы тіссауыт дайындайды-құйылған металл,пластмасса немесе құрамдастырылған тіссауыт.Дайын болған штифті тісті ауыз қуысында көреді.Және де қызыл иек шетінің астына каппаның енутереңдігін тексереді.Штифті тістің тіссауыты жок тіссауытының морфологиялық ерекшеліктерінің орнын толыгымен толтыруы тиіс.Тіс қатарларын жапқанда штифті тіс қатарынан итермелеуі тиіс,бұны штифті тістің тіссауытына саусақты басу арқылы тексереді.Тістерді түйістіргенде саусақта антогонистің соққысы сезілмеуі керек.Егер соққы сезілсе,дәрігер көшірме алатын қағаздың көмегімен тістемнен жоғары және тісті жылжытушы нүктелерді анықтайды,егейді.Тісті орнықтырған соң дәрігер оны тапсырады.
121 Ильия - Маркосян бойынша (қондырмасы бар штифті тіс) Л.В.Ильина-Маркосян бойынша штифті тіске түбір дайындаудың ерекшелігі-тіс шеті вестибулярлық жақтан қызылиек шетімен бір деңгейде егіледі,түбірдің тіл жақтағы шеті де дәл осылай егіліп тегістеледі.Түбір өзегі де осылай өңделеді.Түбір өзегімен түбірдің 2/3 ұзындығына дейін өтіп,өзекті рентген суретіне сәйкес кеңейтеді.Өзектің сағасында салмаға арналған орын дайындалады,оның қабырғалары пааллель болуы тиіс.Түбір егелген соң кейін тот баспайтын болаттан штифт орнықтырылады.Арнайы балауызды қыздырып,оның түбір өзегіне енгізеді,одан соң мүсіндегіш қатты балауызбен өзек сағасы алдындағы қуыстан қалып алады және одан соң мүсіндегіш қатты балауызбен өзек сағасы алдындағы қуыстан қалып алады және орнықтырылған металл штифтіні қыздырады.Оны крампонды қысқышпен қыстырып алып,балауыз арқылы түбір өзегінің ұшына дейін жылжытады.Осыдан кейін балауызға суық су шашып,өзектен штифті балауыз репродукциясымен бірге алып тастайды,оны құюға зертханаға жібереді.Құюдан кейін салмасы бар штифті өлщеп көреді,егер салма түбірдің қабырғаларына жақсы жанасып тұрса,штифпен бірге ғаныш қалып алады.Жұмыстың одан кейінгі тәртібі штифтілігі тістің басқа түрлерін дайындау ретімен бірдей.  
122 Пластмассадан қарапайым штифті тіс Протездеу саласында пластмассалар қолданыла бастаған соң олардан штифті тістер де дайындала бастады.Оның логанның тіссауытынан ерекшелігі,пластмассадан жасалған тіс зертханалық жолмен дайындалады.Штифті дайындау үшін тот баспайтын болатты пайдаланады.Стандартты штифті түбір өзегіне штифтің бір бөлігіне түбірден жоғары тұратындай етіп орналастырады.Алдымен бұл штифті қалыпқа орнықтыру үшін кейін пластмассадан жасалған тіссауытты бекіту үшін оған жалпақ пішін береді немесе қысқыштармен бүгеді.Штифтін түбір үсті бөлігін жақсы бекіту үшін оған жалпақ пішін береді немесе қысқыштармен бүгеді.Штифт түбір өзегіне мықты орнығуы тиіс.Штифт дайындаған соң тіс қатарларынан қалып алады.Қалып бойынша модельдер құйылады.Штифтің түбір үсті бөлігін алдын-ала дайындап алып,балауыздан сауыт мүсінделеді.Бұл үшін штифті қысқартады және пластмасса жақсы беку үшін онда ойықтар жасалады.Балауыздан жасалған штифті тіс штифпен бірге модельден алады.Штамп және контрштомп құрып кюветаға ғаныштаймыз сосын балауыз пласмассаға алмастырамыз.Полимерленген соң штифті тісті өңдейді тегістейді жылтыратады.Дайын протезді түбірге бекітеді.Протездің кемшіліктері пластмассадан жасалған салмалар немесе тіссауыттар дайындау кезінде болатын кемшіліктермен бірдей. Тез қататын пластмассаларды пайдалану штифті тісті дайындауды жеңілдетеді және тездетеді,соның арқасында ол Логан тіссауытынан жасауға ұқсас келеді.Протез 1 сеанста жасалады.Штифті түбір арнасына орнатып,тез қататын пластмассаны даярлайды.Және тіссауыт пішінін жасай отырып оны штифке жағады.Пластмасса әбден қатқан соң штифтілігі тісті түбірден суырып алып,ауыз қуысынан оқшау тегістеп,жылтыратады,осыдан кейін цементпен түбірге бекітеді.
123 Кламмерлер және олардың түрлері Кламмерлер жүйесі; Тірек ұстағыш кламмері барлық үш қызметті(тіреу,тұрақтандырушы, кідіртетін) бір атқаратын неғұрлым жетілгенкламмерлер түрі болып табылады. Құйылған тірек ұстағыш кламердің құрылымы төрт негізгі элементі қамтиді: екі иықты(ветибуляр және ауыздық) окклюзиялық бастырманы( тістің окклюзиялық бетінде орналасқан),дененсі(,бұл байланыстырушы элемент,ол тісте түрлі нұсқада орналасады), өсінді( ол кламмердің өзін доғал протездің металл қанқасымен қосады). Кламмерлер түрлері; Нео әфирмасы оның негізді типтерін жүйелеп, бөліп көрсетеді. I.Аккердің қатты тірек ұстағыш -кламмері; II.Роучтың эластикалық тірек- ұстағыш; III. Аралас кламмер; IV.Артқы(кері) әрекеттің немесе жартылай бір иықты кламмері; V.Дөңгелек немесе сақиналы кламмер; Сонғы жылдары стоматологияда дәлдігі жоғары технологиялардың қарқынды дамуына байланыты кламмерсіз бекітілетін тіс протездерінің құрылымдары жетілдірілді. Протез бекітудің мынадай түрлері кең тарауда; -магнит элементері көмегімен: -телескопиялық сауыттар көмегімен -құлыпты бекіту(аттачмендер) -магниттті бекіткіштер екі қызмет атқарады: тірек жіне ретенциялық, сондықтан олар бікітудің қосымша элементері ретінде қолданылады. телескопиялық сауыттар екі сауыттан тұратын жүйе, бір сауыт(ішкі немесе патрица)дайындалған тірек тіске цементелген, екіншісі (сыртқы немесе матрица)үйлестірілген құрылғының алмалы-салмалы бөлігі қанқасына орналасады  
124 Субъективті жэне объективті мәліметтерді толтыру Науқасты тесеру обьективті және субьективті мағлұматтарға негізделген зертеу әдістерімен жүргізілу керек. Субъективті дегеніміз- науқас адамның өз айтқандары арқылы ауру жөнінде ой-пікірін түйіндеу, ал объективті дегеніміз-түрлі құрал аспаптардың көмегімен, зертханалық және басқа да әдістермен тексеру. Ауру адамды қараған уақытта сырқаттан, клиникалық көрінісінің жағдайына байланысты анатомиялық зақымдалу жайын айтып қана қоймай, онымен брге тіс-жақ сүйегі аппаратының жағдайын да анықтап алу қажет. Бұл үшін тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі тексеріледі, ол адамға тағам шайнатып көреді, төменгі жақ сүйегінің қозғалысын арнайы әдіспен жазып алады, бұлшық еттердің биотоқтарын зерттейді, тағы да басқа әдстер қолданылады. Функционалдық зақымданудың жайын анықтаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол пайда болатын негізгі себептердің бірі болады, әрі кейде оның сипаттамасын беруі мүмкін.Обьективті тексеру Зерттеу клиникалық – физикалық, аспаптық және зертханалық болып бөлінеді. Физикалық әдістерге қарау, сипап сезу, аспаптыққа- тісті тықылдатып тексеру, электрометрия, термометрия, ренгенография оның ішінде (томография, пантомография, телерентгенография) зертханалыққа – функциональды шайнау сынамасы, мастикоциография т.б. әдістер жатады.Науқасты сырттай қарау кезінде бет әлпетінің ассиметриясы бар ма, жоқ па (еріндердің, ұрттардың, ауыз бұрышының, төменгі жақ бұрышының) басқа ақаулардың, беттің түсінің өзгеруі, ымдаудың бұзылулары, мұрын ерін қатпарларының тегістігін, шала салданулар, ісіктер, қабынулар, тыртықтар жарақаттан кейін пайда болады немесе басқа патологиялық процестерден кейін пайда болатын ақаулар бар жоқтығы қаралынады.Ауыз қуысының кілегей қабатының күйін бағалау.Ауыз қуысының кіре берісінің кілегей қабығын қарағанда түсі мен қызыл иектің жағдайын анықтайды (сему процесі, гипертрофия, ісіну, стоматит, жыланкөздер, тыртықтар). Еріндердің, ұрттардың және ауыз бұрышының кілегей қабатында мүйізгектену, шоғыр жинақтар немесе бірлі жарымды шөгінділер түрінде байқалуы мүмкін. Көпетеген авторлар соңғы өзгерістерді прекорцинамотозды процес деп бағалайды. Кейде ұрттың кілегей қабатында бүйір тістердің түйісу деңгейінде іздері қалып қояды. Мұндай кілегей қабық көп жағдайда тістеледі де жарақатталады. Сапасы төмен алынбалы протезді қолданғанда альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінде және еріндердің кілегей қабатында фиброзды гиперплазия кездеседі, ол протезбен үнемі зақымдалу салдарынан пайда болады. Осындай фиброзды өзгерістерді прекарциноматоздар процесі деп есептеп ,оны кесіп алып тастау керектігін айтады. Ауыз қуысының, таңдай және ағзаның кілегейлі қабатын қарағанда қабыну және ағзанын жеткіліксіз қоректену өзгерістері байқалады: ісінулер, жаралар, мүйізгектену, лейкоплакия, бадамша бездерінің гиперплазиясын, тілдің бетіндегі қақтар, бүртіктердің гипертрафиясын байқайды. Кейін таңдай күмбезінің тереңдігін, торус шекарасын, альвеолярлы өсінділер мен альвеолярлы бұдырладың сему дәрежесін, альвеолярлы өсіндінің пішінін (сүйір, біз тәрізді, жартылау доғалы) анықтайды және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтайды (альвеолотомия). Зерттеу кезінде пласмассадан жасалған электр жарықты қалақша қолдану өте ыңғайлы. Қалақша көмегімен ауыз қуысының және жұтқыншақтың терең аймақтарын, үлкен азу тістердің дистальды беткейлерін және ауыз қуысының барлық кілегей қабатын қарауға болады. Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.     Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі: 1-ші дәреже – тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады. 2-ші дәреже – бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады. 3-ші дәреже – тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді) 4-ші дәреже – тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек. Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады. Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады. Ересек адамдарда В.А.Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады – бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды – бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады..
125 Тексеру жоспарын құру және негіздеу,Диагноз кұру,Протез кұрылымын негіздеу. Диагностикалық процесстер кезеңі.Диагноз қою.Болжам Науқасты тексеру әдістері екіге бөлінеді: клиникалық және параклиникалық (құрал – жабдықты тексеру, зертханалық тексеру және рентгенологиялық тексеру әдістері жатады). Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады: Анамнез (шағым жинау) Науқастың сырт пішінін қарау. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру. Ауыз қуысын тексеру: а) Ауыз қуысын тексеру. б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру. в) Тістерді және тіс қатарын тексеру. г)  Пародонтты тексеру. д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру. Диогностикалық процесс бір – бірімен байланысқан дәрігердің жұмысымен тығыз байланысты келесі кезңдерден тұрады: Субъективті симптомдарды анықтау (шағым) Әр түрлі тексеру әдістерін қолдана отырып объективті симптомдарды анықтау Зертханалық және ауруханалық тексеру әдістерін қолдана отырып морфологиялық өзгерістерді анықтау.  Зертханалық тексеру нәтижесі арқылы функциональды бұзылыстарды анықтау. Аурудың нозологиялық түрін анықтау. Ауруды тудыратын этиологилық факторларды ашу. Науқас ауруының ағымын және патогенезін анықтау.   Болжам.     Диогностика - бұл клиникалық медицинада, соның ішінде ортопедиялық стматологияда ең күрделі бөлімдердің біріне жатады. Әр түрлі тексерістердің нәтижелерінің көмегімен аурудың симптомдарын анықтауға болады, аурудың этиологиясын, патогенезін, клиникалық және патология ауытқуларды біле отырып, дұрыс диагностика жүргізуге болады. Дәрігер белгілі бір реттілікпен жиналған фактлерді синтездеу үшін жекелеген симтомдарды жинайды және оны анализден өткізеді. Симтомдардың дұрысытығын дәлелдейтін әр түрлі тексерістердің нәтижесін алғаннан кейін оларды белгілі аурулардың симтоматикасымен салыстырады да бір немесе бірнеше гипотеза ұсынады. Диагноз қою барысында жұмысшы гипотезалар бірнешеу болуы мүмкін. Олардың барлығы әсіресе күрделі клиникалық жағдайларда жақсылап тексерілгені жөн, дәрігер қателік жіберіп алмауы үшін. Бір аурудың диагнозын екінші аурудың диагнозымен шатастырып алмауы үшін, науқас бірнеше аурумен ауруы мүмкін, сондықтан да негізгі аурудың асқынуларына дұрыс диагноз қою қажет. Гипотезеларды тексеру міндетті түрде салыстырмалы диагнозды жүргізуді талап етеді.Сондықтан да, диагнозда қалыптастыру реттілігі былай болады: біріншіден, аурудың себебіне мінездеме беру, оның этиологиясын және патогенезін анықтау; екіншіден, аурудың патологоанатомиялық негізіне түсініктеме беріп, оның орналасу жерін анықтау; үшіншіден, функциональды бұзылыстардың дәрежесін және түрін көрсету; төртіншіден, аурудың түрі мен ағым ерекшеліктерін нақтылау. Барлық қойылған сұраққа жауап беретіндей етіп диагнозды құрау әрқашанда мүмкіндік тудырмайды. Мысалы, прогения жағдайында оның түрі (нақты, жалған), қызметінің бұзылуы анықталады, бірақта оның пайда болу себебін анықтау қиын. Ортопедиялық стоматологияда диагноз қою салдары: Ашық тістесу (мешел түрі) барлық алдыңғы тістердің арасы ашық, шайнау және сөйлеу қызметі бұзылған, макроглоссия. Бұл жағдайда диагноз клиникалық талаптарға толық жауап береді, өйткені ашық тістесудің себебін көрсетеді (мешел), бұзылыстардың орнын (алдыңғы тістер), қызметінің бұзылыстарын көрсетеді. Сонымен бірге тіл бұлшық етінің гипертрофиясы көрсетілген. Тістердің жартылай болмауы (төменгі жақ тіс қатарының оң жақты шектелмеген ақау) төменгі жақ қозғалысының бұзылыстарымен бірге тістесу беткейінің бұзылысы. Бұл жағдайда патологиялық процесстің орны, аурудың түрі (тістесу беткейінің бұзылысы) және қызметінің бұзылысы көрсетілген.     Кейде адамда бір уақытта екі ауру белгілері болуы мүмкін. Бұл жағдайда мынадай сұрақ тууы мүмкін: аурудың қайсысы негізгі, ал қайсысы ілеспелі. Белгілі клиницист – терапевт А.Л. Мясниковтың пайымдауы бойынша, негізгі ауру ол – науқасты дәрігерге алып келуге септігін тигізген ауруды жатқызады және сол ауруды емдеуге дәрігердің барлық ойы соны емдеуге бағытталған. Науқаста қатты таңдайдың жырығы және алдыңғы тістерде тіс жегсі кездеседі. Бірінші диагноз негізгі болады, ал екіншісі ілеспелі болады.     Дәрігер стоматолгқа науқасты диагностикалық тексерулер жүргізгенде оның негізіне келесі ережелер жатады: науқастың шағымына қарамастан тіс жақ және бет аймақ, оларды құрастыратын әр мүше толығымен тексерілуі қажет. Аурудың пайда болу себебін анықтау қажет, ағзаның жалпы жағдайын бағалау керек және ағзада бірге жүретін жалпы соматикалық ауруларды анықтау қажет.Науқасты тексеру диагноз қоюмен аяқталады. Нозологиялық принціптерге сәйкес диагноздың құрамы мынадай болады: Белгілі аурудың аты Мүмкіндік бойынша оның табиғаты (этиологиялық компоненті) Негізгі пайда болу механизмі (патогенетикалық компонент) Патологоанатомиялық көріністер (морфологиялық компонент) Белгілі функциональды жүйелердің бұзылыстарының дәрежесі және мінездемесі (функциональды компонент).     Диагноздың этиологиялық компоненті себебімен байланысты нозологиялық түрдің мінезімен ерекшелінеді. Емдеуді қажет ететін шайнау – сөйлеу аппаратының көптеген аурулардың этиологиясы белгілі немесе қажетті деңгейде қаралған. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары және жарақаттар, сонымен қатар бұл аурулармен бірге пайда болу себептері белгісіз басқа ауруларда кездеседі. Мысалы, осы уақытқа дейін әлі белгісіз кейбір аурулар: туғаннан тістің болмауы (адентия) олардың ретенциясы немесе қиын жарып шығуы, тістің қатты тіндерінің шамадан тыс көп мұқалуы. Бірақта ауруды тудыратын себептерді білу науқасты нәтижелі емдеу үшін жеткіліксіз болады. Балаларда кішкентай күнінен бастап жағымсыз әдеттер қалыптаса бастайды (саусақтарын немесе басқа заттарды сору) , бұл ашық тістесуге алып келеді. Бірақта ашық тістесу барлық балаларда бірдей кездеспей тек қана кейбіреуінде болады. Сондықтан да ауытқуларды тудыратын себептерден басқа оны әрі қарай дамытатын патологиялық механизмдерімен жағдайды білген жөн.Диагноздың патогенетикалық компоненті аурудың және оның асқынуларының патологиялық механизмдерінің еркшелік мінезін жатқызады.Диагноздың морфологиялық компонентінде ағзалар мен тіндердегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістердің орналасуын қарастырады. Патологиялық процестің анатомиялық мағынасынан басқа диагноздың морфологиялық компоненті ауру ағымының сапалы ерекшелігіне мінездеме береді морфогенезбен байланыса отырып (мысалы, «іріңделген гранулема»), патологиялық өзгерістердің тереңдігін және таралуын көрсетеді (мысалы, «шоғырланған жиектік пародонтит») немесе функциональды бұзылыстардың морфологиялық негізін көрсетеді (мысалы, «самай төменгі жақ буынының ревматойдты артриті»).Диагноздың функциональды компоненті аурумен байланысты функциональды жеткіліксіздік туралы ақпарат береді. Ол айтарлықтай дәрежеде емдеу жоспарын анықтайды және аурудың болжамын бағалағанда маңызды орын алады.Клиникалық диагнозды қалыптастыру белгілі ретпен жүреді және диагнозда келесі реттіліктер көрсетіледі; Негізгі ауру. Негізгі аурудың асқынуы. Ілеспелі аурулар және олардың асқынулары.     Негізгі ауру дегеніміз - өз бетімен немесе аурудың өршуі себебінен дәрігерлік көмекті қажет ететін және оны емдеуге дәрігердің барлық көңілі бағытталған құбылысты айтады.Аурудың асқынған түрін диагностикалық немесе емдеу шараларын жатқызады.Ілеспелі аурулар деп – науқастағы негізгі аурудан басқа этиологиясы және патогенезі әр түрлі ауруларды жатқызады. Диагностиканың үш негізгі тарауы бар: Симптоматология – аурудың симптомы туралы ілім. Науқасты тексеру әдістері. Диагноздың әдістерін және теориясын анықтайтын методологиялық негіздер.     Диагностика процестер кезеңдерін шартты түрде былай бөлуге болады: 1.Клиникалық және параклиникалық тексеру барысында аурудың барлық симптомдарын жинау және анықтау. 2.Алынған ақпаратты ойластыру, салыстыру, оған анализ жүргізу. 3.Анықталған белгілер арқылы ауру диагнозын қалыптастыру (интеграция және синтез). Тәжірибеде диагностикалық процестердің әр түрлі фазаларын бөлу қиын, өйткені ол үзіліссіз және уақытта шектеулі.Диагноз қою - дәрігердің клиникалық ойлау қаблетіне, эрудициясына, интуициясына байланысты болады. Аурудың болжамы бұл – аурудың ағымына, патологиялық процестердің заңдылықтарын білуге негізделген пайда болу, дамуды алдын ала білу құбылысы жатады. Ортопедиялық стоматология ауруларының болжамы жағымды болады (жақсы), жағымсыз болады. Науқасты тексеру процесінде физиологиялық қалыптан және оның нұсқауларынан ауытқуда болатын симптомдар анықталады. Бір уақытта ашылған құбылыстардың анализі және синтезі жүреді, өйткені дәрігер естіп және көріп қана қоймай әр қашанда бәрін ойлаудан өткізеді. Сондықтан да физиологиялық қалыптардың білімінсіз, тіс жақ жүйесін құрастыратын әр түрлі мүшелердің қызметін және олардың құрылысының әр түрлі физиологиялық нұсқауларын білмеу, олардың топограиясы мен функциональды қарым – қатынастарынсыз диагностика процестерін толығымен білу қиындық тудырады, сол арқылы дұрыс диагноз қойылмай қажетті емдеу жұмыстары да дұрыс жүргізілмейді. Тістерді, тіс қатарларын және пародонттың қалыпты жағдайын білмеу, оларды тексерген уақытта құрылыстарының өзгеру нұсқауларын анықтау қиын. Самай төменгі жақ буынының топографиясын білу, бет терісінде оның проекциясын анықтау және есту жолдарымен қарым – қатынасын білу арқылы ғана оған тексеріс жүргізуге болады. Диагностикалық процестерді қалыптастыру алдында, ең бірінші ойда барлық мүшелермен тіс жақ жүйесін құрайтын тіңдердің топографо – анатомиялық қарым – қатынастарын, құрылыстарын құрастырған жөн.  

 

126) Объективті мэліметтерді толыктыру

Науқасқа байқатпай сұрақ қою кезінде оның бетін байқайды. Мұнда бет ассиметриясының бар-жоғы, беттің төменгі үштен бірінің өзгеруі, ұрттардың, еріннің солуы, мұрын-ерін қатпарларының білінуін анықтайды. Аталған белгілер тістерді жоғалтқанда, қалыптан ауытқығанда, тістем деформациясында, қатерсіз ісік, жарақат пн операциядан кейін болатын жақ сүйек ақауларында кездеседі.

Ортопедиялық стоматологияcы клиникаcында беттi үш бөлiкке: ЖOFaрыFа, ортаFа және темeнгiгe бөлiп қарастырy кең тараFан. Беттiң жоFaрFы бөлiгi маңдайдың шашты бөлiгi мен қастарды қосатын сызық шекарасында орналасқан. Беттiңортаңғы бөлiгi қастарды қосатын сызықтан басталып мұрын пердеciне дейiн созылады. Беттiң төмeнгi белiгi перде бойымен өтетiн сызық пен иeктiң төменгi бөлiгi aралыFында oрналасқан. Осы үш бөлiк биiктiri aрасында, әciресе классикалық бейiн беттерi үшiн қатаң тәyeлдiлiк орнатылFан.

Yйлeciмдi бет белriлеpi:

- үш бөлiгi (жоғарғы, орта, төменгi) биiктiri жаFынан шамамен бipдей,                                 - мұрын-еpiн бұрышы 90-100С шамaсында;

-бет дөңес бұрышы 160-170С,

-жоFapғы алдыңғы тiстер сагитталды еңкiштiгi 90-100С.

-жоFaрFы алдынFы тiстер трансверзальдi еңкiштiri 5-10С, осы керcеткiштер аттаc төменгi тiстерде 0°

-жоaғрғы тic катары иінінің, жоғaрғы epiннiң және көз саңылаyы көлденең қимaсынынң бұрыштары бipдей, 170С шегiнде тербeледi,

-сүзгiенi екi жоғapғы орталық күрек тic eнiне тең;

- көзаралық ен бip көздiң енiне тең, ал осы eкi өлшем жоғaрғы күрек тістер еніне тең келеді,

-құлақ биiктiгi беттiң әрбip үштен бip бөлiгiне тең, ал сагитталды жaзықтықта мұрын бейiнiнен үйлеседi.

Ортопедиялық максаттар үшiн беттiң төменгi бөлiгiнiң биiктiгiнiң, екi өлшемiн айырып көрсеткен жөн.

-бipiншіөлшем орталық окклюзияда түйicкен тiстер қатарында алынады, мұнда беттiң төменгi бөлiгi окклюзиялы морфологиялық деп атaлады.

-екiншi өлшемдi шайнаy бұлшық еттерiнiң кызметтiк тыньштық күйiнде aнықтaйды, бұл кезде төменгi жақ сүйeгi туcipiлiп тic aрасында саңылау пайда болады, бұл-қызметтiк биiктiк немесе физиологиялық тыньштық биiктiгi деп атайды.

127) Протездің эдеттегі құрылымын жэне емдеу жоспарын негіздеу

 Тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау тіс қатарының ақауларының орны мен көлеміне, сақталған тістер санына, олардың қатты тіндері мен парадонтына анатомиялық ретенция ( альвеолярлы өсінділер, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына және тістем түріне байланысты.

Тіс протезі конструкциясын таңдаған кезде, қалып-өлшем тәсілінің, және де болашақ протезді бекіту тәсілін таңдаудың ерекшеліктерін білу маңызды.

Тіс протездерінің конструкцияларының әртүрлілігіне қарамастан, олардың барлық түрлерінде қайталанатын ортақ элементтер бар, олар- негіз (базис), протезді ұстап тұратын тетіктер мен жасанды тістер.

Протез негізі (базис)- протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассалы немесе металды пластинка.

Жасанды тістер- пластмассалы, фарфорлы, ал кей кезде металдан құйылған тістер пайдаланылады.

Тіс протездерін бекіту үшін- әр түрі кламмерлер, тіссауыттары, магниттер, аттачмендер және имплантанттар сияқты механикалық тетіктер қолданылады. Кламмерлер көмегімен бекіту тәсілі ең көп таралған.

 

128) Кламмерлер жэне олардың түрлері

Ұстағыш кламмерлер. Металдан жасалған ұстағыш кламмерлердің кез келгенінің құрамасын үш негізгі элемент ерекшелендәреді, атап айтқанда: иық, дене, өсінді.
Кламмердің иығы деп оның тіссауытын қапсыра қамтитын, экватор мен тіс мойны арасындағы аймаққа тікелей орналасқан серіппелі бөлігін атайды. Ол тірек тіс бетіне ұзына бойы тығыз тақала жабысуы, оның кескіндік үйлесімін қайталауы және икемділік қасиетке ие болуы қажет. Кламмердің орны тістің анатомиялық пішінімен анықталады.
Кламмердің денесі. Кламмердің денесі деп тірек тістің экватор үстіне, оның ақауы бар бүйірінің жанасатын беткейіне орналасқан, иық пен өсіндіні жалғастыратын бөлікті атайды. Оны тіс мойнына орналастыруға болмайды.
Өсінді кламмерді протезге бекітуге арналған. Ол тіссіз қызылиек жотасының жолынан 1-1,5мм қашықтықта жасанды тіс астында жатады.
Тірек-ұстағыш кламмер. Тірек-ұстағыш кламмері барлық үш қызметті( тіреу, тұрақтандырушы, кідіртетін) атқарады. Кламмердің құрылымы төрт негізгі элементті қамтиды: екі иықты, окклюзиялық бастырма, денесі.
Нейр жүйесі бойынша кламмерлердің жіктелуі:
сурет

129) Анестетиктер, олардың касиетгарі, қүрамы (новокаин, тримекаин, лидокаин). 141

 

130) Протездің құрылымын тандау

Тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау тіс қатарының ақауларының орны мен көлеміне, сақталған тістер санына, олардың қатты тіндері мен парадонтына анатомиялық ретенция ( альвеолярлы өсінділер, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына және тістем түріне байланысты.

Тіс протезі конструкциясын таңдаған кезде, қалып-өлшем тәсілінің, және де болашақ протезді бекіту тәсілін таңдаудың ерекшеліктерін білу маңызды.

Тіс протездерінің конструкцияларының әртүрлілігіне қарамастан, олардың барлық түрлерінде қайталанатын ортақ элементтер бар, олар- негіз (базис), протезді ұстап тұратын тетіктер мен жасанды тістер.

Протез негізі (базис)- протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассалы немесе металды пластинка.

Жасанды тістер- пластмассалы, фарфорлы, ал кей кезде металдан құйылған тістер пайдаланылады.

Тіс протездерін бекіту үшін- әр түрі кламмерлер, тіссауыттары, магниттер, аттачмендер және имплантанттар сияқты механикалық тетіктер қолданылады. Кламмерлер көмегімен бекіту тәсілі ең көп таралған.

 

 

131)Көпір тәрізді протездің металлопластмассадан жасау клинико-лабораториялық жасау сатысы.

1. осмотр
2. диагноз
3. жансыздандыру
4. егеу (кертпе жасау)
5. слепок алу ( қос қабатты) біріншісін ретрационный жіппен, екіншісін жіпті алып тастап
6. зертxанаға жібереміз
7. Зертxаналық кезең
8. каламмен белгілеп аламыз
9. құрама гипс құямыз( екі түрлі гисптен тұрады)
10. қаймақ тәрізді супергипсті қалыпқа құямыз
11. штифті құямыз
12. штифті майлаймыз
13. үстіне қарапайым гипс құямыз
14. оклюдаторға отырғызамыз
15. қатқан соң қалыпты өлшемнен ажыратамыз
16. тірек тісті кесіп аламыз
17. тіс сауыты электрозоид аппаратымен жұқа етіп балауызбен қаптаймыз
18. тіс сауыты арнайы лакпен боялады
19. тіс сауытын вазелинмен майлацмыз
20. еріп тұрған воскқа батырып аламыз
21. қатты балауызбен моделировка жасаймыз
22. мойын бөлігіне балауызбен моделировка жасаймыз
23. елка жасаймыз
24. балауызды мүсінді аппок ыдысына салып, формативті масса құямыз
25. муфель пешіне қойып, 0-900С дейін 30мин ұстаймыз
26. манжет ішіндегі шырша тәрізді мүсін еріп кетеді
27. металл қоспаларын тигель ыдысына саламыз
28. тигель мен манжетті алып центрафугаға саламыз
29. центрафуганы қосқанда тигельдің ішіндегі қайнап тұрған металл қоспасы, манжеттің ішіндегі қуысты металға толтырады
30. балғамен манжетті ұрып, металл қаңқасын ажыратамыз
31. металл штампикті аламыз
32. құмсепкішпен металл қаңқасын тегістейміз
33. Клиникалық кезеңде шақтап көреміз
34. Клиникаға жіберіп шақтап көреміз
35. мүсінді соңғы модельдеуден өткіземіз
36. балауызды кюветаға көмеміз, екінші бөлігін жауып престейміз
37. ыстық суда 5-7 мин қайнатамыз
38. балғамен ашамыз
39. кептіріп, Изокол жағамыз
40. полимеризация жасаймыз
41. кюветаға полимерді толтырып престейміз
42. бөлме темп суға салып 45 мин қайнатамыз
43. кюветаны алып суытанымыз, балғамен ашамыз
44. ж а-с пластинкалы протезді аламыз
45. образивті борлармен өңдеп, артық пластмассаны алып тастаймыз
46. #1 зымпыра қағазбен тегістейміз
47. полировка жасаймыз
48. порошокка салып, щеткамен жуып тазалаймыз
49. мед өңдеп клиникаға жібереміз
50. Клиникалық кезең
51. ауызға шақтап коррекция жасаймыз
52. кигізіп береміз
53. ақыл-кеңес береміз

 

132)Винирлер, оларды колдану көрсеткіштері

Винирлер- тісті қалыпқа келтірудің аса сұранысқа ие әдістемелері. Винирлер техгикасының артықшылығы- тіс субстанциясын сақтауында. Винир бастырмалары бар тістер табиғи тістерге өте ұқсас. Олар бояуға тұрақты болады.

Винирді қолдануға көрсеткіштер:

Сынығы елеусіз және беті тегіс емес тістерді қалпына келтіру

Түсін өзгірткен бітемеледрі жасыру

Түсі өзгерген тістерді қалпына келтіру

Ортодонтиялық емдеуге балама ретінде

Винирлер үлкен тіс аралықты жабу, тіс қатарын тегістеу үшін жиі қолданылады. Брекет киюден гөрі осы аталған шара неғұрлым арзанға түседі.

Қарсы көрсеткіштер:

Ауру тістер

Әлсіреген тістер

Косметикалық емделген тістер және аз ғана кіреукеге ие тістер, не алдыңғы бетінде кіреукесі мүлде жоқ тістер винир астына пайдаланылмайды.

Бруксизмге шалдыққан пациенттерге винир салмайды.

 

133)Винирді дайыңдау клиникалык кезендерінің ерекшеліктері

Алдымен науқасты қарап, мед құжат толтыру қажет. Науқастың аузын кең ашып, күлімдеген сәтін фотоға түсіріп, рентген суретін жасайды. Содан соң үлгі жасайтын қалып түсіреді. Қарау кезінде дәрігер мен науқас бірлесе винирмен емдеудің нәтижелерін болжайды. Қажетті винирлерді алу үшін дәрігерге 1-2 аптада екі рет бару қажет.

1 кезең. Тісті винир астына өңдеу. Стоматологтың міндеті- болашақ винир қалыңдығына тең шамада алдыңғы беттен кіреукені алып тастау. Мұның алдында жергілікті жансыздандыру жүргізіліп, екі әдістің бірімен із түсіріледі.

А. Стоматологтардың көбі ізді із массаларымен түсіріп, тіс техникасы зертханасына тапсырады. Онда осы іздер бойынша винирлер дайындалады.

Б. Стоматологта арнайы машина болуы мүмкін, ол тістен із түсіретін камерамен жалғасады. Суретке кapaп, машина стоматологиялык кәрленнeн бiрнеше минут шiнде винир кeciп шығарады. Бұл әдiстiң артықшылығы шапшаңдығында: винир бip келгенде дайын болaды. Дегенмен, көптеген дәрiгерлердiң айтyы бойынша, зертxанада қолмен дайындалған виниpлеpдiң эстетикалық және физикалық қасиеттерi машина жаcаған виниpлерге қарағанда жоғары.

Винир түciн бағалay. Кәрлен винир жiңiшке, мөлдiр зат болғандықтан, оның түciне желiмдейтiн цемент асер етуi мумкiн. Стоматолог керек түстi тандап, ол қатпaстан бұрын аз ғана мөлшерiн виниpге жағып, оны тiске орнатады. Осылай виниpдiн ақырғы түciн таңдауға болaды.

Винирдi тiске желiмдеy. Түрi мен пiшiнi тандалған виниpдiтiске желiмдейдi. Алдымен оны тазалап, бекiтугe дайындайды, яғни жылтыpaтады. Содан сон тic бeтi apнайы гельмен өңделедi. Кейiннен кipeуке кедip-бұдыры цемент пен тiстiң тұрaқты байланысын калыптастырады. Ендi цемент тамшысы виниpге тамызылып, тiске орнатылады. Стоматолог оның тiске дурыc oтырFaнын тексeредi. Oдан сон цемент көк жарықпен қатырады. Ендi шеттерiн тегiстейдi. Винир сұлбасын баFалап, керек жағдайда түзетiм жасайды.

 

134)Жартылай алмалы-салмалы протездің негізгі құрылысты бөліктері

1. базисті пластмасса
2. кламмер
3. жасанды тіс Кезеңдері:
4. осмотр
5. диагноз
6. протез конструкциясын жоспарлау, тірек тістердің параллелдігін анықтау қажет болғанда штампталған немесе м-к жеке тіс сауытын кигізу, қисық тістерді дұрыстаймыз, деснаны емдейміз, тастарды аламыз қысқыша дайындаймыз.
7. слепок аламыз
8. Зертxанаға жібереміз
9. қалыптық өлшемді қарапайым гипспен ғаныштаймыз
10. қалыпты өлшемді гипстік модельден ажыратамыз
11. карандашпен шекарасын сызып аламыз
12. пластинкалы балауызбен протездің шекарасы сызылған жерді мүсіндеп аламыз
13. балауыздан екі тірек тістің арасына пілте( подушка) жасаймыз
14. клиникаға жібереміз
15. орталық оклюзияда тістем биіктігін өлшейміз
16. антропометриялық өлшем аламыз
17. балауызды мүсінді ауыз қуысында шақтап көреміз
18. Зертxаналық кезең
19. балауызды мүсінді оклюдаторға орнатамыз
20. орталық оклюзияға сүйеніп, пілтені алып тастап кламмер орнатамыз, жасанды тістерді теріп шығамыз
21. клиникаға жіберіп балауызды ауыз қуымында шақтап көреміз
22. Зертxаналық кезең
23. мүсінді соңғы модельдеуден өткіземіз
24. балауызды кюветаға көмеміз, екінші бөлігін жауып престейміз
25. ыстық суда 5-7 мин қайнатамыз
26. балғамен ашамыз
27. кептіріп, Изокол жағамыз
28. полимеризация жасаймыз
29. кюветаға полимерді толтырып престейміз
30. бөлме темп суға салып 45 мин қайнатамыз
31. кюветаны алып суытанымыз, балғамен ашамыз
32. ж а-с пластинкалы протезді аламыз
33. образивті борлармен өңдеп, артық пластмассаны алып тастаймыз
34. #1 зымпыра қағазбен тегістейміз
35. полировка жасаймыз
36. порошокка салып, щеткамен жуып тазалаймыз
37. мед өңдеп клиникаға жібереміз
38. Клиникалық кезең
39. ауызға шақтап коррекция жасаймыз
40. кигізіп береміз
41. ақыл-кеңес береміз

 

135)Жансыздандыру түрлерінің инъекциялы жэне инъекциялы емес эдістері

Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады.

Адреналин гидрохлоидінің 0,1% ерітіндісі. Бір реттік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1 мл, яки 16-20 тамшы. Адреналинді анестетикке – 1 тамшы. 100 мл анестетикке – 2-3 тамшы. Анестетикке қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, анестетиктердің тез тарап кетуін баяулатады. Сонымен қатар операция кезінде қан ағу азаяды. Анестетиктің күшін арттырғанмен адреналин қан қысымен көтеріп жіберуі мүмкін, бронх бұлшықетінің тонусын босатып ентігу, жүрек аритмиясына соқтырады. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн.

Адреналиннен уланған адамға фентоламин (ол эндо-экзогендік адреналинді тежейді); диурезді арттыратын дәрілер (рингер ерітіндісі, лазекс), нитроглицерин қолданылады. Соңғы кездері улағыштығы аз, тамырларды тарылтқыш жаңа дәрілер алынды, олар: норадреналин, мезатон, вазопрессин. Олар анестетиктердің күшін, мерзімін арттырғанымен, қан ағуын онша азайта алмайды.

Жергілікті анестезияның түрлері

Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады.

Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері. Апликация анестезиясы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды айтуға болады.

Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрң тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқталынады.

Хлоэтил (қайнау температурасы 12-13°) ампуладан 30-35 см қашықтықтан анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.

Физика-химиялық түрі – бұл электрофарех арқылы анестетикті тінге енгізу. Үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге, тістің қатты тіндерін анестезия жасауға қолданылады.

Соңғы кездегі стоматологияда анестезияның жаңа түрлері рефлекстерапия, инешаншу, электроакупунктура – аналгезия өріс алды.

Жергілікті анестезияның инъекциялы түрі. Анестетиктің тінге ине немесе жоғары қысым арқылы енгізілуі инъекция түріне жатады. 1853 жылы Вудтың іші қуыс ине арқылы операция жасалатын жерге әртүрлі дәрілерді енгізуі инъекциялы анестезияға жол ашты. Шприц пен инеге мынандай талаптар қойылады: поршеньнің шприцке дәл келуі, иненің ұзындығы 4-5 см-дей болуы, тиісті тереңдікке енгізілген соң да иненің 1-1,5 см-дейі қалуы керек, иненің түбі таттанбаған, ұшы қайырылмаған, ұшы 45° бұрышпен өткір болуы шарт. Ең дұрысы бір-ақ рет қолданылатын шприц

 

 

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 4665; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!