Сот сарапшысы біліктілігін беру. 15 страница



4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

3.Сараптама тағайындау тәртібі.

35-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ

270-бап. Сараптаманы тағайындау

Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының материалдарды арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн зерттеуінің нәтижесiнде алынуы мүмкiн жағдайларда сараптама тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргізетін адамды тиiстi жағдайларда сараптама тағайындау қажеттiгiнен босатпайды.

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

1. Егер iс бойынша:

1) өлiмнiң себептерiн;

2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

4) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

6) iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi.

  2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамның психикалық жай-күйiне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті.

272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді.

4. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның заңды өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.

5. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады.

6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды.

Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы.

Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзінің іс жүргізуінде жатқан қажетті нәрселерді, материалдарды сарапшының билігіне береді.

7. Қылмыстық процестегі сараптама осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы адвокаттың сұрау салуы негізінде қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектісін талап етіп алдыру қажет болмаған жағдайларда жүргізіледі.

8. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің осы баптың жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы сұрау салуды жібергені туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол қажет болған кезде сарапшыға қосымша мәселелерді жолдайды. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы негізінде берілген сарапшының қорытындысы екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жолданады.

9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы.

10. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.

Билет№28

1.Сот сараптамалық үлгілер алу тәртібі.

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.

Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:

1)       қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;

2)       сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;

3)       тері бетінің ізі, тістің қалыбы;

4)       қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;

5)       дауыс фонограммасы;

6)       материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;

7)       гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.

Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пайда болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:

-         экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);

-         еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);

-         шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;

-         табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).

Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.

Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.

Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы болады, онда, атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді алуы тиісті адам; қандай үлгілер және қашан алу керек; үлгілерді алу үшін кім және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді алу үшін кімге және қашан алу керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.

Қылмыстык процесті жүргізуші органнын үлгілер алуынын тәртібі мынадай:

Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды өзіне шаөыртып немесе ол тұрған жерге келіп, сарапшылык зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың кұкықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажетті іс- әрекеттерді жеке өзі немесе маманның қатысуымен жүргізеді, үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.

Тиісті жағдайларда үлгілерді сұрыптап алу, тінту, эксгумация жүргізу арқылы немесе оларды жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Егер үлгілерді алу үшін дәрігерді немесе басқа маманды тартудың кажетгілігі бар болса, онда процесті жүргізуші орган сарапшылық зерттеу үшін үлгі алынуға тиісті адамды, сондай-ак тиісті тапсырмасы бар қаулыны дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу іс-әрекеттерінің барлық қаты- сушыларының құқыктары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Дәрігерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселені тиісті қаулы шығарған, процесті жүргізуші орган шешеді.

Процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман қажетті іс-әрекеттер жасайды және сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алады. Үлгілер буып-түйіледі және олар мөрмен бекітіледі, осыдан кейін дәрігердің немесе басқа маман жазған ресми құжатпен бірге заттай дәлелдемелер ретінде іске қосып тігу үшін жіберіледі.

Қан үлгілерін, адам ағзасынан бөлініп шығатындарды алу туралы заң талаптарын тергеушілер мен сарапшылардың біржақты түсінбеуін атап айткан жөн. ҚІЖК-нің 257-бабы 2-бөлігіне сәйкес сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу сарапшылық зерттеудің бір бөлігі болған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін, алайда бұл жағдайда эксперименттік үлгілер жөнінде сөз болады. Сондыктан да, кәсіптік дағдыны талап ететін, табиғи үлгілер болып табылатын қан, шаш, адам ағзасынан болініп шығатын үлгілерді қылмыстық істі жүргізуші органның тапсырмасы бойынша мамандар алуы керек.

Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан алу қажеттілігі туған кезде, процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға немесе басқа маманға тиісті қаулыны жібереді.

Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Процесті жүргізуші орган мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құкылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Процесті жүргізуші орган сарапшының ұсынған үлгілерін қарап, содан кейін оларды заттай дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қоса тігеді.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу кезінде жеке адамның құқықтарын қорғаудың мәні зор. Осыған орай, сарапшылык зерттеу үшін үлгілер алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Жанға қатты батыра жасалатын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалык ауру болса - оның заңды өкілдерінің қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана жол беріледі.

Үлгілерді алу тергеу іс-әрекеті болғандыктан, тиісті қаулыны орындау қатысты адамдар үшін міндетті болып табылады.

Үлгілер алынуы тиіс сезікті мен айыпталушы одан жалтарса, олар күштеп әкелінуі мүмкін, ол кезде үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін. Жәбірленуші мен куәдан сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, мұндай әрекетті жасауды сезікті немесе айыпталушы өзін қылмыс жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеру үшін табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтаудан басқа жағдайларда, мәжбүрлеп алыну мүмкін емес.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 332; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!