Реквизиттен кейінгі: философия

Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ жббп кафедрасы  

Силлабус 

Пән: «Мәңгілік ел» құндылықтары

Мамандық: қоғамдық денсаулық сақтау

Оқу сағат көлемі/кредиттер*: 135с/3 кредит

Курс және оқу семестрі: 1 курс, ІІ семестр

 

Семей 2017


Пәннің Силлабусын  Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы жәнеЖББП кафедрасы құрастырған

(кафедра аталуы)

Авторы(лар): Купанова С.А.

 

Кафедра отырысында талқыланған  28 тамыз 2017 ж.                                 

№1 хаттама

Кафедра меңгерушісі _________Сергазина Г.М.

 

Дипломға дейінгі білім беру бойынша ББК мәжілісінде талқыланды

«31» тамыз 2017ж.                   № 1 хаттама

Төрағасы _________________ (Уразалина Н.М.)

 

 

Оқу әдістемелік кеңесте бекітілген

«31» тамыз 2017ж.                   № 1 хаттама

Төрағасы _________________ (Жунусова А.Б.)

 


 

1.Оқытушылар туралы мәліметтер:

 

Т.А.Ә. Лауазымы, ғылым дәрежесі, ғылым деңгейі Категориясы/ жетістіктері және ғылыми мүддесі
  Сергазина Г.М. Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. ШҚО әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дамуы
  Купанова С.А. Аға оқытушы, педагогикалқы ғылымдар магистры, ШҚО әлеуметтік-экономикалық тарихы.
  Рыманов Д.М. оқытушы, магистр философии Социальная философия, этносоциальные процессы, евразийская концепция развития общества, а так же философские вопросы управления, в частности этические вопросы управления. Автор учебного пособия «Курс философии в графиках и таблицах» - Семей, 2009 г.
  Табулдинова Г.Н. оқытушы, тарих магистры Национальная идентичность в условиях современной модернизации Казахстана.
  Базарбеков Г.Ж. Аға оқытушы, педагогикалқы ғылымдар магистры 1854-1917жж. Семей облысының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы
  Муздыбаева Т.А. Аға оқытушы, педагогикалқы ғылымдар магистры 18-19 ғғ. Семей облысындағы сауданың даму тарихы
  Аманбекова Н.Д. Преподаватель кафедры СИК и ООД, магистр истории Қазақстанның шығысындағы шағын қалалардың қалыптасу тарихы (ХІХ-ХХ ғ.І жарт.)

Қысқаша ақпарат:

2.Пән саясаты:

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраныңқоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды - біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

· Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстанбастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

· Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және қатаң сақтау.

· Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

· Өрткеқарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

· Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тыныштықты және тазалықты сақтау. 

· Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинарлық) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.4 курстан дәрістерге қатысу - ерікті түрде. Бейнедәрістерді «Сириус» АБЖ орналастыру, дәріс сұрақтарын аралық бақылау және емтихан сұрақтарына кіргізу.

· БОӨЖ (білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысына) қатысуда кафедраның талаптарын орындау.

· Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

· Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітапшаның болуы.

· Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті сындырған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

· Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

· Кафедра өміріне белсене қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына т.б.).

· Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялармен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

· Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

· Емтихандарға ұялы телефондарды, i-Pad,басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарыналуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефонды, i-Pad, шпаргалкалар және б. еске түсіру құралы ретінде пайдаланса:

· -емтиханның ауызша түрі немесе дифференциалды сынақ кезінде жауап жоққа шығарылады емтиханнан шығарылып соңынан акт жасалады; қайталап билет таңдау мүмкіндігінен айырылады, «0» баға қойылады.

- емтиханның тестілік түрінде – емтиханнан шығару негізінде тестілеу аяқталады, жауап толық жоққа шығарылады, «0» баға қойылады.

- пәндер бойынша тестілерді ықпалдаса тапсыру кезінде шпаргалка табылса, тест аяқталады, осы пән бойынша «0» баға қойылады, басқа пәндер бойыынша басталмаған тестілер жалғастырылады.  

· Шпаргалкалар және ұялы телефондар, i-Pad және басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын пайдалану кезінде аппеляцияға беруге тиым салынады

· Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып тіркелген орнынан берілген анықтама (бакалавриат үшін - студенттік емхана, ОДА, ПСТ) табылады: студенттік емханадан анықтама нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек, жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

· Шетел студенттері үшін, оқу жылының басталу уақытына тұрып жатқан елінен кеш келген жағдайда, визаны және құжаттарды рәсімдеуге байланысты сабақтарды босатқандығы себепті болып саналып, сабаққа шыққан күннен бастап бір ай мерзімі ішінде өтеледі

· Білімалушының сабақтарды себепті және себепсіз босатқан жағдайда деканаттан рұқсатнаманы сабаққа шыққаннан кейін 7 күн ішінде алуы керек.

· Деканаттан алынған рұқсатнамалар оқу топтарының журналдарында сақталады.

· Кафедраларда өтелімдер сабақтан тыс уақытта өтелімдерді өткізу туралы Ережеге сәйкес өткізіледі, жай күндері де рұқсат етіледі (сол сияқты теориялық кафедраларда кезекші оқытушы 18.00 дейін болуы керек).

· Білімалушы себепті жағдаймен босатылған сабақтарды сабаққа шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтеуі керек.

· Білімалушы сабақтарды себепсіз босатқан жағдайда сабаққа шыққан күннен бастап 2 апта ішінде қосымша оқыту түрі (ҚОТ) ретінде ақылы түрде ҚОТ көрсетуге келісім шартты құрумен жүргізіледі.

· Дәрістерді босатқан жағдайда себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеуі керек. Дәрістер тегін өтеледі, өтеулер журналында міндетті түрде тіркеумен кафедра өтелімдері кестесіне сәйкес және деканатқа босатылған дәрістердің болуы мен өтелуі бойынша мәліметтер беріледі. Дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

· Өтелмеген екі және одан да көп дәрістер болған жағдайда пән бойынша ЖРБ сынақ кітапшасына қойылмайды және білімалушы осы пән бойынша емтиханға жіберілмейді .

· Әскери кафедрадан өтумен байланысты білімалушының дәрістерді босатуы жеке кесте бойынша өтеледі. 

· Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

· Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою өтеулерден кейінгі бір тәулік ішінде жүргізіледі. Босатылған сабақтар мен дәрістерді өтеуді қабылдау сессияға 3 күн қалғанда тоқтатылады.

· Егер білімалушы себепті жағдайлармен қорытынды бақылауды босатқан жағдайда және бір ай ішінде өтемесе, журналда «бж» орнына «0» қойылады және оның рейтингі автоматты түрде төмендетіледі.

· Бекітілген мерзімде білімалушы екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттестатталмаған деп саналады.

· Білімалушылардың аттестатталуы туралы мәліметтерді уақыттылы беруге  кафедра меңггерушілеріарнайы жауапты.

· Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

· Оқытушы бағаларды күнделікті жариялауы керек және дубликат үшін топтар старосталарына оқу журналын беруіп отыруы керек.

· Оқу пәнін бір оқытушы ғана жүргізуге болмайды. Оқу ісі меңгерушісі алынатын ставкаларды есепке алумен ПОҚ бөлуі керек.

· Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

· Ағымдағы сабақтарда және қорытынды бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған кезде білімалушы төмен ЖРБ алады, ол өз ретінде емтихандарға жіберуге әсер етеді.

· Білімалушы пәннің аудиторлық сабақтарының (дәрістер, практикалық) жалпы сағат көлемінен себепсіз 50% және одан да көпбосатса, онда пән бойынша аралық аттестаттау (емтиханға/дифф.сынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуі керек.

· Білімалушы жазғы (ақылы) семестрден өткен кезде себепті жағдайлармен (денсаулығына байланысты) босатса, бірақ GPA жинамаса, онда ол академиялық қарыздармен курстан курсқа ауыстырылады. Академиялық қарыздарды жою мерзімі – бір академиялық мерзім.

· Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, барлығы қосылады да, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде емтихандық ведомстке қойылады.

· ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

· Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыр5анда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен сессияға 3 күн қалғанда рәсімделеді, сонымен қатар білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабасы басылады, онсыз білімалушының емтиханға кіруге құқығы жоқ.

· Семестр аяқталғаннан кейін емтихандық сессияға рұқсатнама алу үшін 1 күн беріледі.

· Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -ден 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

· Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4,5 курс білімалушылары «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

· Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады. Егер емтихандық баға 19,8 баллды құраған жағдайда, яғни 40%, онда қортынды баға есептеледі.

· Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар - 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

· Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

· Пән бойынша апелляцияға өтініштерді беру емтиханнан кейін келесі күннен кешіктірмей 12 сағатқа дейін білімалушы бастамасы бойынша мынадай жағдайларда өткізіледі:

- түсініксіз немесе орынсыз тұжырым;

- дұрыс жауап жоқ;

- бірнеше дұрыс жауаптар;

· -пәннің жұмыс бағдарламасында көрсетілген оқу бағдарламасы шегінен шығатын сұрақтар.

· Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар және аппеляциялық комиссияның теріс шешімін алған білімалушы ақылы негізде пәнді қайтадан өтеді.

· Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек). осы жағдайда білімалушыға деканның өкімімен емтиханды жеке кесте бойынша тапсыру тұрақталады.   

· Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

· Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

· Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту балын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта балын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

· Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

· Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

· «Қазіргі заманға Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

· «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағасын оңды бағаға көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

· Бітіруші емес курс білімалушыларына сессия қорытындылары бойынша академиялық қарыздарды жою үшін ақылы семестр 6 апта ұзақтығымен жазғы мезгілде ғана өткізіледі.

· Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №94 бұйрығы 99 тарауы 16 наурыз 2011 ж.)

 

3. Реквизитке дейінгі: Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, құқық негіздері және антикоррупциялық мәдениет негіздері

Реквизиттен кейінгі: философия

5. Дублиндің дескрипторларға сәйкес оқытудың соңғы қорытындысы

А. Білу және түсіну

- «Мәңгілік Ел»пәнінің негізгі ұғым-түсініктерінің (этнос, ұлт, діл, ұлттық діл, ұлттық идея, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезім, этникалық сана, ұлттық мәдениет, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, зияткерлік әлеует, бәсекеге қабілеттілік және т.б.) мәнін;

- Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы мәнін, Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының мәнін; Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін; ұлттық идеяны ұлттық ақиқатқа және халықтың тарихи тағдырына айналдыратын негізгі факторлардың мәнін;

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі ретіндегі қазақтану ілімінің мәнін;

- болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімінің дамуындағы әдіснамалық негіздердің мәнін;

- ұлттық идеяның маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы тұлға ұлттық сана-сезімінің қалыптасу моделінің мәнін;

сезімді қалыптастыру үшінтарих, тіл, салт-дәстүр, ұлттық болмыс сынды қазақ халқының ұлттық мәдениетінің маңызды компоненттерінің мәнін терең зерделеп, ұлттық мүддені, қазақ елінің ұлттық құндылықтары мен құндылықтар бағдарын саналы түрде түйсініп қабылдау қажеттігін;

- азаматтық барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін:

1) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі, барша Қазақстан халқы руханияты мен бірлігінің өзегі ретінде белсенді түрде меңгеру;

2) бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихы­на, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамыту;

3) жоғары деңгейлі ұлттық абырой, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен гуманизмді дамыту;

4) этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбатқа әзірлік;

5) өмір, еркіндік, ар, сенім, махаббат, бақыт сынды негізгі жалпы адамзаттың құндылықтарды, Жер бетінде бейбітшілік, тыныштық орнап, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге септігін тигізетін Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық сынды «мәңгілік» мұраттарды басшылыққа алу қажеттігін;

- жалпыұлттық (жалпымемлекеттік) барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшінҚазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында

а) өзін-өзі кемелдендіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға, бойындағы негізгі күш-қуатын орынды жұмсауға мүдделі;

ә) жаңа білімді игеруге, бастамашылдық негізде тың идеяларды ойлап табуға және Отан игілігі үшін оларды жүзеге асыруға дайын, зияткерлік дамыған, бәсекеге қабілетті, креативті және салауатты тұлғаға деген сұранысты терең түйсіну қажеттігін.

В. Білімін және түсінігін қолдану:

- а) «Мен – қазақ халқының өкілімін» деңгейіндегі этникалық барабарлық;

- ә) «Мен, Біз – Қазақстан Мемлекетінің өкіліміз» деңгейіндегі азаматтық барабарлық, «Мен, Біз, Баршамыз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз» деңгейіндегі жалпыұлттық (жалпымемлекеттік) барабарлықтың қалыптасу дәрежелерін анықтап, оған сай болу.

б) барабарлықтың әр деңгейіндегі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолда­рын табу.

в) тұлға құқығы мен еркіндігін, барша қазақстандық этностарға ортақ құндылықтарды құрметтеу арқылы өзін азаматтық қоғамда лайықты ұстау

- этнопедагогикалық, этномәдени, көпмәдениетті құзіреттіліктерді, ұлтаралық келісім мен қарым-қатынас мәдениетін;

- әлеуметтік-саяси құзіреттіліктерді;

- ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерді;

- мәселелерді шешуге қатысты құзіреттіліктерді.

С. Пікірін білдіруНегізгі адамгершілік құндылықтары мен медицина бойынша білімді интеграциялау, күрделі мәселелерді шешу және медицинадағы білім мен дағдыларды қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде шешімдер қабылдау. Негізгі проблемаларды талдау, қоғамның әлеуметтік-мәдени кеңістігіне бағыттау.

D. Коммуникативті қабілеттілігі коммуникативті әдістер мен әдістердің кең спектріне ие болу, науқаспен байланыс орнату, сенімді қарым-қатынас ортасын қалыптастыру, кері байланысты ұйымдастыру, кәсіби медициналық қызметте оларды тиімді пайдалану мақсатында.

E. Оқуға қабілеттілігі ойлаудың шығармашылық қабілеті, күрделі көп деңгейлі мәселелерді шешу, кәсіптік қызметте индукция, шегеру, талдау, синтездеу, диалектикалық және басқа әдістер сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданумүмкіндігі.


6. Модуль/пән бойынша сағаттарды бөлу

Пән аталуы

Барлық сағат

Аудиторлық сабақтар

ОӨЖ

Аралық бақылаудың түрлері

Дәрістер   Тәжірибелік сабақтар
1 Мәңгілік ел құндылықтары 135 30 15 22,5

ауызша

2          
Барлығы:

7. Дәрістің тақырыптық жоспары:

 

Дәріс тақырыптары Дәрістердің негізгі сұрақтары Сағаттар

1 пән/модуль компонент (модуль болса)

1 Қазақстан республикасы президентінің стратегиялық құжаттары және Қазақстан халқына жолдаулары аясындағы қазіргі Қазақстанның ұлттық идеясы мен ұлттық саясаты   1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мәселесіне орай. 2.«Ұлттық идея», «ұлттық мұрат», «ұлттық көшбасшы», «ұлттық элита», «ұлттық рух» ұғымдарының мәні. 3.Полиэтникалық қоғамдағы ұлттық идея мен ұлттық мұратты этномәдени және азаматтық тұрғыда ұғыну. Олардың бірлігі мен өзара байланысы. 4.Қазақстанның ұлттық идеясы: этникалық бірегейліктен бірлік пен мен келісімге. 5.Бәсекелестікке қабілеттілік ұлттық идеяның маңызды құрамдас бөлігі ретінде. 6.Ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мазмұнды қызметі контексінде жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 7.«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі – қазақ тану 1
2 Адам санасы құрылымындағы ұлттық өзіндік сана   1.Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. 2.Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы. 3.Тұлғаның ұлттық сана-сезімінің психологиялық аспектілері. 1
3 Этникалық әлеуметтендіру және бірегейлік – тұлғаның ұлттық сана- сезімін дамытудың негізі   1.Этникалық әлеуметтендіру – этноәлеуметтік рөлдерді меңгеру барысында тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту үдерісі. 2.Этникалық «Мен-тұжырымдама» - ұлттың өзіндік бірегейлену үдерісі. 3.Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері. Студент тұлғасының этникалық бірегейлігін қалыптастыру факторлары мен тетіктері. 1
4 «Мәңгілік ел» ұлттық идея контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру   1. «Тәрбие» ұғымының мәніне сипаттама. 2.Болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру: мақсаты, міндеттері, мазмұны. 3.Ұлттық тәрбиелік мұрат контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беруді өзектендіру. 4.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері аясында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі. 5.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі. 6.Болашақ мамандарға «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру факторлары. 1
5 Менталитет – елдік жаңғырудың сапалы өлшемі және өресі   1. «Діл» ұғымының мәні. 2. Қазақ халқының ділі және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар. 3. Қазақтың менталитетіндегі «Ел» термині. 4. Елтану қазақ халқының ментальдылығын дамыту жүйесі ретінде. 5. Қазақ халқының, Қазақстан халқының ментальдылығын дамытудың заманауи аспектілері. 1
6 Қазақтың ұлттық мәдениеті және оның болашақ маман тұлғасының ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі   1.Ұлттық мәдениет мәні мен мақсатының жалпы сипаттамасы, оның компоненттері. 2.Дәстүрлі мәдениет және оның қызметтері. 3.Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және оның ерекшеліктері. 4.Ақын-жыраулар –Ұлы дала рухының иелері. 5.Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы. 1
7 Қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері   1.Қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көздері. 2.Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің әсері. 3.Қазақ мәдениетіндегі Абай мен Шәкәрімнің орны. 4.А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы. 5.Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері. 1
8 Қазақ елі идеясының қалыптасуы мен даму тарихы   1.«Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан. 2.«Түрік елі» идеясының өмірге келуі. 3.Ислам өркениеті және «Ел» ұстанымының жаңа мазмұнға ие болуы. 4.Ұлттық «Қазақ елі» идеясының өмірге келуі. 5.«Зар Заман» аталған қоғамдық ой ағымындағы «Қазақ Елі» идеясы. 6.Алаш қозғалысы және «Қазақ елі» идеясы. 7.Советтік билік және «Қазақ елі» идеясы. 8.Тәуелсіз Қазақ мемлекеті – «Қазақ елі» идеясын іске асыру мүмкіндігі. 1
9 Ұлттық тіл – ұлттық сана-сезім діңгегі ретінде   1.«Ұлттық тіл», «мемлекеттік тіл » және «ұлтаралық қатынастар тілі» ұғымдарының мәні. 2.Қазақ – тілі ұлттық құндылық және ұлттық мұра ретінде. 3. Тіл – ұлттарды біріктіретін басты белгі ретінде. Басқа халықтардың тіліне деген толерантты қатынас. 4. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі. 5.Көптілділік - қазіргі жастардың көпмәдениеттілігін дамыту жолы. 1
10 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі 1.Қазақ отбасы. Қазақ отбасының құрылымы. 2.Қазақ отбасындағы тәрбие принциптері және ұрпақтар сабақтастығы. 3. Қазақ отбасындағы тәрбиенің әдістері мен құралдары. 4. Қазақ отбасындағы тәрбие жүйесі. 1
11 Қазақ халық педагогикасындағы әдеп негіздері   1.«Әдеп» ұғымының мәні. 2.Қазақ халық педагогикасындағы әдеп идеялары. 3.Қазақ әдебінің қағидалары мен өзіндік ерекшеліктері. 4.Қазақ әдебінің түрлері. 1
12 Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі   1.Дін туралы түсінік. Әлемдік діндер. 2.Исламның Қазақстанда таралуы. 3.Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай. 1
13 Ұлтаралық қатынас мәдениеті   1.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы, қызметі мен маңызы. 2.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары. 3.Ұлтаралық қатынас мәдениеті мемлекеттің ұлттық саясатының нәтижесі ретінде. 4.Ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу үдерісі. 5.«Қазақ елі» - ұлттық бірлік, ұлтаралық қатынас және қоғамдық келісім идеясы 1
14 Жастардың салауатты өмір салты – салауатты ұлттың қалыптасу негізі   1. Жастар денсаулығы – қазіргі қоғамның аса маңызды құндылығы. 2.Жастар арасындағы әлеуметтік қауіпті індеттер: нышандары мен зардабы, салдары. 3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру – студентті кәсіби-тұлғалық дамытудың шарты. 1
15 Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі   1.«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы. 2.Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері. 3.«Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың негізі 4.Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар. 1
Барлық сағаттар: 15

8. Оқыту әдістері, мақсаттары, түрлері және оқу пәнін бағалау (үлгі)

 

Компетенциялар коды

Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтардың тақырыптары

Бағалар

Оқыту әдістері

Бағалау әдістері Бақылау түрлері БӨҚ Тақырыптардың негізгі сұрақтары
1 БК-1.1 БК-1.3. Қазақстан республикасы президентінің стратегиялық құжаттары және Қазақстан халқына жолдаулары аясындағы қазіргі Қазақстанның ұлттық идеясы мен ұлттық саясаты Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мәселесіне орай. 2.«Ұлттық идея», «ұлттық мұрат», «ұлттық көшбасшы», «ұлттық элита», «ұлттық рух» ұғымдарының мәні. 3.Полиэтникалық қоғамдағы ұлттық идея мен ұлттық мұратты этномәдени және азаматтық тұрғыда ұғыну. Олардың бірлігі мен өзара байланысы. 4.Қазақстанның ұлттық идеясы: этникалық бірегейліктен бірлік пен мен келісімге. 5.Бәсекелестікке қабілеттілік ұлттық идеяның маңызды құрамдас бөлігі ретінде. 6.Ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мазмұнды қызметі контексінде жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 7.«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі – қазақ тану
2 БК-1.2. БК-2.1. Адам санасы құрылымындағы ұлттық өзіндік сана Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. 2.Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы. 3.Тұлғаның ұлттық сана-сезімінің психологиялық аспектілері.
3 БК-1.1 БК-1.3 Этникалық әлеуметтендіру және бірегейлік – тұлғаның ұлттық сана- сезімін дамытудың негізі Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Этникалық әлеуметтендіру – этноәлеуметтік рөлдерді меңгеру барысында тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту үдерісі. 2.Этникалық «Мен-тұжырымдама» - ұлттың өзіндік бірегейлену үдерісі. 3.Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері. Студент тұлғасының этникалық бірегейлігін қалыптастыру факторлары мен тетіктері.
4 БК-1.1 БК-2.1 «Мәңгілік ел» ұлттық идея контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1. «Тәрбие» ұғымының мәніне сипаттама. 2.Болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру: мақсаты, міндеттері, мазмұны. 3.Ұлттық тәрбиелік мұрат контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беруді өзектендіру. 4.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері аясында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі. 5.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізі. 6.Болашақ мамандарға «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру факторлары.
5 БК-1.1 БК-2.1 Менталитет – елдік жаңғырудың сапалы өлшемі және өресі   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1. «Діл» ұғымының мәні. 2. Қазақ халқының ділі және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар. 3. Қазақтың менталитетіндегі «Ел» термині. 4. Елтану қазақ халқының ментальдылығын дамыту жүйесі ретінде. 5. Қазақ халқының, Қазақстан халқының ментальдылығын дамытудың заманауи аспектілері.
6 БК-1.1 БК-1.3 Қазақтың ұлттық мәдениеті және оның болашақ маман тұлғасының ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Ұлттық мәдениет мәні мен мақсатының жалпы сипаттамасы, оның компоненттері. 2.Дәстүрлі мәдениет және оның қызметтері. 3.Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және оның ерекшеліктері. 4.Ақын-жыраулар –Ұлы дала рухының иелері. 5.Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы.
7 БК-1.1 БК-2.3 Қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көздері. 2.Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің әсері. 3.А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы. 4.Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері.
БК-2.1 1 аралық бақылау Ауызша сұрау АБ сұрақтар Қосымша 8 аптада ОСӨЖ уақытында билетпен ауызша сұрау 1. «Ұлттық идея», «ұлттық мұрат», «ұлттық көшбасшы», «ұлттық элита» ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңдер. 2. Ұлттық идеяны этномәдени және азаматтық ұғынуды, олардың бірлігі мен өзара байланысын ашып көрсетіңдер. 3. Ұлттық көшбасшы мен ұлттық элита ұлттық идеяны нақты іске асыруда қандай рөл атқарады? 4. Тәуелсіздіктің қалыптасуы кезеңінде стратегиялық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары тұрғысында ұлттық идеяның дамуы қалай жүрді? 5. «Ұлт коды» дегеніміз не және оны сақтау не үшін қажет? 6. Жаңа қазақстандық патриотизм мәнін ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мазмұнды қызметі контексінде ашып көрсетіңдер. 7. Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасының үш негізгі принциптерінің мазмұнын ашып беріңдер. 8. Президент «Қазақстан-2050» жаңа стратегиялық курсын жүзеге асыруда ерекше жауапкершілік ең бірінші қазақтарға артылады» деген сөздерге қандай мән берді? 9. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі ретіндегі қазақтану ілімінің мәнін ашыңыз. 1. «Ұлттық сана» және «ұлттық өзіндік сана» ұғымдарының мағынасын ашыңыз. 10. «Тұлғаның ұлттық өзіндік санасы», «қазақ халқынын ұлттық өзіндік сана­сы» ұғымдарына мазмұнды, жан-жақты сипаттама беріңіз. 11. Қазіргі студент тұлғасының ұлттық өзіндік санасының, және қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының құрылымдық компоненттерін сипаттаңыз. 12. «Ұлттық өзіндік сана» ұғымының мәнін және оның ерекшеліктерін этнопсихологиялық көзқарас тұрғысынан ашып көрсетіңіз. 13. Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына әсер ететін фак­торларды анықтаңыз. 14. Жоғары оқу орындарындағы қазіргі педагогикалық процесте студенттерді рухани-құндылықтарға бағыттау үшін жасалатын шарттарды атап көрсетіңіз. 15. Студенттердің этникалық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерулеріне жоғары оқу орындарындағы қандай оқу курстары көмектесуі мүмкін? 16. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде және шетел тілдерін білу студенттердің ұлттық өзіндік санасының қалыптасуында қандай рөл атқарады? 17. Болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларын атап көрсетіңіз, сонымен қатар өзіңіздің ол жұмыстарға қаншалықты қатысыңыз бар екендігін анықтаңыз. 18. Студенттің өзіндік ұлттық санасының қалыптасуына және дамуына волонтерлік қызмет, СҚБ және жастардың қоғамдық ұйымдары қалай әсер етеді? 19.  «Әлеуметтендіру», «этникалық әлеуметтендіру» ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңіз. 20. «Тұлғаның этникалық сана-сезімі» ұғымына мазмұндық сипаттама беріңіз. 21. Сол немесе басқа этностың әлеуметтендіру шарттарын немесе факторларын және этникалық әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттаңыз. 22. Этникалық әлеуметтендірудің негізгі қағидаларын атаңыз. 23. Тұлғаның этникалық құзыреттілігіне анықтама беріңіз және адам дамуының әртүрлі жастық кезеңдеріндегі этникалық құзыреттілікті қалыптастырудың шарт­тарын, кезеңдерін бөліп көрсетіңіз. 24. Этникалық сана-сезім мен тұлғаның этникалық бірегейлігінің арақатынасын сипаттаңыз. 25. Этникалық бірегейлікті қалыптастыруда көпэтникалық және моноэтникалық орта қандай рөл атқарады? 26. Этникалық бірегейліктің түрлерін атаңыз. 27.  Ұлттық идеяның маңызды құраушылары контекстінде болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін ашып көрсетіңіз. 28.  Ұлттық идеяның маңызды құраушылары ретінде олардың бірлігі мен өзара байланысы мен өзара шарттылығы ретінде «тәрбие», «этникалық тәрбие», этномәдени тәрбие», «көпмәдени тәрбие» ұғымдарының мәнін сипаттаңыз. 29.  «Ұлттық тәрбиелік мұрат» ұғымына анықтама беріңіз. 30.  Заманауи Қазақстанда «ұлттық тәрбиелік мұратты» қалай таныстырасыз? Өзіңіздің ұстанымыңызды дәлелдеңіз. 31.  Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделінің мәнін оның үш құраушысы контекстінде ашып көрсетіңіз: «МЕН, БІЗ, БІРГЕ – зияткер және бәсекеге қабілетті ұлтпыз ». 32.  Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың әдіснамалық негізін ашып көрсетіңіз. 33.  Ұлттық тәрбие ұғымының әдіснамалық негізін ашыңыз. 34.  Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізіне және олардың«Мәңгілік Ел» ұлттық идеяның маңызды құраушылары контекстінде болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін дамытуға әсеріне сипаттама беріңіз. 35.  Ұлттық тәрбие факторлары (мегафакторлар, макрофакторлар, мезафакторлар,микрофакторлар) мәнін ашыңыз. 36.  Ұлттық тәрбие мегафакторының контексінде «мәдениет диалогы» феноменін анықтаңыз. 37. Сіз «діл (менталитет)» ұғымын қалай түсінесіз? 38. Ұлттық құндылықтарға нені жатқызуға болады? 39. Қандай белгілері қазақтарды этникалық қауымдастық өкілі ретінде сипаттайды? 40. Табиғат жағдайлары қазақтың ділін қалыптастыруға қалай әсер етті? 41. Тұлғаның ұлттық ділін қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етеді? 42. Қазақ ділінде «Ел» ұғымы нені білдіреді? 43. Елтану ұғымын меңгеру – қазіргі таңдағы қазақ жастарының ділінің даму жүйесі ретінде 44. Қазақстан халқының бірлігі мен қазақ халқының ділінің дамуындағы аспектілер. 45.  «Ұлттық мәдениет» деген ұғымның мағынасын анықтаңыз. 46. Ұлттық мәдениетті құрушылар кімдер? 47. Ұлттық мәдениеттің негізгі компоненттерін атаңыз. 48.  «Дәстүрлі мәдениет» түсінігінің мәнін ашыңыз. 49. Дәстүрлі мәдениет қызметіне қысқаша сипаттама беріңіз. 50. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы, оның ұлттық санасының құрылымында қандай рөль атқарады? 51. Жыраудың атқаратын қызметтерін әйгіле. Дала көшпенділерінде ақындар, жырау не үшін пір саналды? 52. Қазіргі таңда жастар тәрбиесінде дәстүрлі ұлттық мәдениет қандай мағынада көрініс табады? 53. Қазақтың философиялық ойларының негізгі даму кезеңдерін атаңыз. 54. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарының мәнін және оның қазақ халқының ұлттық сана сезіміне әсерін атаңыз. 55. Қазақ халқының ұлттық сана сезімінің дамуында түрік ойшылдарының Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қ.Яссауи рөлі мен мәні. 56. Алғашқы қазақ ойшылдары Асан қайғы, М.Дулатидің қазақ халқының руха­ни мәдениетінің дамуындағы қосқан үлесін анықтаңыз. 57. XVII-XVIII ғғ. Үш ұлы би Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би қазақ халқында әділдік пен даналықтың, жоғары абырой мен ардың, қазақ халқының бірлігі символы қызметіне мінездеме беріңіз. 58. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы ағартушылардың Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлының ағартушылық туралы, адамгершілік және білімге құмарлық сияқты өмірлік мәні бар ойларының мәнін ашыңыз. Жаһандық білім беру контексінде А.Құнанбаевтың рөлі. 59. Қазіргі заман жастарының адамгершілік-рухани тәрбиесінде Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» атты шығармасының мәнін ашыңыз. 60. Қазіргі заман жастарының ұлттық сана-сезім тәрбиесінде қазақ халқының рухани мұралары қандай орын алады?
8 БК-1.1 БК-2.3 Қазақ халқының философиялық ойының оның рухани мәдениетінің қалыптасуына әсері   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көздері. 2.Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің әсері. 3.А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы. 4.Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері.
8 БК-1.1 БК-2.3 Қазақ елі идеясының қалыптасуы мен даму тарихы   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.«Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан. 2.«Түрік елі» идеясының өмірге келуі. 3.Ислам өркениеті және «Ел» ұстанымының жаңа мазмұнға ие болуы. 4.Ұлттық «Қазақ елі» идеясының өмірге келуі. 5.«Зар Заман» аталған қоғамдық ой ағымындағы «Қазақ Елі» идеясы. 6.Алаш қозғалысы және «Қазақ елі» идеясы. 7.Советтік билік және «Қазақ елі» идеясы. 8.Тәуелсіз Қазақ мемлекеті – «Қазақ елі» идеясын іске асыру мүмкіндігі.
9 БК-1.1 БК-2.3 Ұлттық тіл – ұлттық сана-сезім діңгегі ретінде   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.«Ұлттық тіл», «мемлекеттік тіл » және «ұлтаралық қатынастар тілі» ұғымдарының мәні. 2.Қазақ – тілі ұлттық құндылық және ұлттық мұра ретінде. 3. Тіл – ұлттарды біріктіретін басты белгі ретінде. Басқа халықтардың тіліне деген толерантты қатынас. 4. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі. 5.Көптілділік - қазіргі жастардың көпмәдениеттілігін дамыту жолы.
10 БК-1.3 БК-4.2 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Қазақ отбасы. Қазақ отбасының құрылымы. 2.Қазақ отбасындағы тәрбие принциптері және ұрпақтар сабақтастығы. 3. Қазақ отбасындағы тәрбиенің әдістері мен құралдары. 4. Қазақ отбасындағы тәрбие жүйесі.
11 БК-1.1 БК-2.3 Қазақ халық педагогикасындағы әдеп негіздері Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.«Әдеп» ұғымының мәні. 2.Қазақ халық педагогикасындағы әдеп идеялары. 3.Қазақ әдебінің қағидалары мен өзіндік ерекшеліктері. 4.Қазақ әдебінің түрлері.
12 БК-1.1 БК-2.1 Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.Дін туралы түсінік. Әлемдік діндер. 2.Исламның Қазақстанда таралуы. 3.Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай.
13 БК-1.1 БК-2.1 БК-2.3 Ұлтаралық қатынас мәдениеті   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1.«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы, қызметі мен маңызы. 2.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары. 3.Ұлтаралық қатынас мәдениеті мемлекеттің ұлттық саясатының нәтижесі ретінде. 4.Ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу үдерісі. 5.«Қазақ елі» - ұлттық бірлік, ұлтаралық қатынас және қоғамдық келісім идеясы
14 БК-1.1 БК-1.3 Жастардың салауатты өмір салты – салауатты ұлттың қалыптасу негізі   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау 1. Жастар денсаулығы – қазіргі қоғамның аса маңызды құндылығы. 2.Жастар арасындағы әлеуметтік қауіпті індеттер: нышандары мен зардабы, салдары. 3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру – студентті кәсіби-тұлғалық дамытудың шарты.
15 БК-1.1 БК-1.3 Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі   Ауызша сұрау КБ Тест, қорытынды сұрақтар Кіші топтар, миға шабуыл, ауызша сұрау  1.«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы. 2.Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері. 3.«Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың негізі 4.Болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар.
2 аралық бақылау Ауызша сұрау АБ сұрақтар Қосымша ОСӨЖ уақытында билетпен ауызша сұрау 1. Сақ және үйсін-қаңлы қоғамдары арасындағы өзара сабақтастық, олардың мәдениетіндегі ұқсастықтар жөнінде не айтқан болар едіңіз? 2. Үйсіндер қоғамының Іле аңғарына қоныс аударуы: оның себеп-салдары туралы айтыңыз. 3. «Түрік Елі» (б.з.д.VI ғ.) идеясының мазмұнын ашып көрсетіңіз. 4. Түрік қағандарының әлсіз жақтары және түрік қағанатының ыдырау себептері туралы не айтуға болады? 5. Қарахандар мемлекетінің түрік халықтарының мәдениетінде алатын орны жөнінде не айтуға болады? 6. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» және М. Қашқаридың «Түрік сөздігі» еңбектерінің білім жүйесінде алатын орны жөнінде айтыңыз. 7. «Қазақ Елі» идеясының өмірге келген мезгілі және даму кезеңдері туралы тұжырымдарыңызды білдіріңіз. 8. «Ақтабан шұбырынды» заманындағы «Қазақ Елі» идеясы. 9. Қазақ қоғамдық ойындағы «Зар заман» ағымы және оның өкілдері жөнінде не білесіз? 10.  Алаш қозғалысы құжаттарындағы және оның жетекшілерінің еңбектеріндегі «Қазақ Елі» идеясы туралы түсінігіңізді баяндаңыз. 11. «Қазақ Елі» идеясының Советтік билік тұсындағы жағдайы. 12. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында «Қазақ Елі» идеясын қоғамдық өмірде орнықтыру мүмкіндіктері жөнінде айтыңыз. 13. «Ұлттық тіл», «мемлекетттік тіл» және «ұлтаралық қатынастар тілі» ұғымдарының мәнін ашыңыз. 14. Ана тілінің ұлттық тәрбиедегі, адам өміріндегі маңызы неде? 15. «Тіл – ұлттарды біріктіруші құрал» деген түсініктің мәнін айқындап, ойыңызды негіздеңіз. 16. Қазақ тілінің шығу тарихына сипаттама беріңіз. 17. Неліктен «тіл-халықтың айнасы, адамзат баласының өмірлік сыйы» деп ата­лады? 18. Тіл – ұлттық сана-сезімнің айнасы, діңгегі» деген сөздің мәнін түсіндіріңіз. 19. Өзге тілдерге деген толерантты қатынас туралы өз ойыңызды дәйектеңіз. 20. Қазақстандағы үштұғырлы тіл қазіргі жастар тәрбиесіне қалай әсер етеді? Ойыңызды дәйектеңіз. 21. Көпмәдениетті тұлға деп қандай адамды айтады? 22. Қазақ отбасына сипаттама беріңіз және оның құрылымындағы ұрпақтар сабақтастығының атқарар рөлін түсіндіріңіз. 23.  Қазақ отбасындағы тәрбие қағидалары мен дәстүрлері арасында қандай бай­ланыс бар деп ойлайсыз? 24. Қазақ отбасы тәрбиесінің алғышарттары мен бастау көздерін айқындап, сипаттаңыз. 25. Көп балалы отбасыларының тиімділігі неде болған? Дәлелдеңіз. 26. Қазақ отбасындағы тәрбие әдістері мен құралдарын толықтырыңыз. 27. Қазақ халқындағы отбасылық құндылықтарды атаңыз және олардың мәнін ашыңыз. 28. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үрдісі қалай әсер етуде? Талқыға салыңыз. 29. «Этика», «мораль», «үрдіс», «дәстүр», «адамгершілік», «мінез-құлық» ұғымдарының өзара байланысы. 30. Этикалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары. 31. Ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуындағы әдеп түрлері. 32. Этика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. 33. Қазақ әдебін қалыптастырудың қағидалары. 34. «Дін» сөзінің мағынасы қандай? Діннің құрылымы қандай? Оған қандай құрама бөлшектер кіреді? 35. Бірқұдайлық діндердің ерекшелігі неде? 36. Буддизм діни ілімінің негізін қалаушы түсініктерді ашыңдар. Оларға анықтама беріңіздер. 37. Қазақстан аумағында буддизмнің таралуы жайлы не білесіз? 38. Христиандықтың ерекшелігі неде? Сіз христиандықтың қандай бағыттарын білесіз? Оларды сипаттаңыздар. 39. Ислам діни ілімі жайлы айтып беріңіз. 40. Мұхаммед пайғамбардың тарихи рөлі неде? 41. Қандай мұсылман мазхабтарын білесіз? Олардың ілімдерінің ерекшелігін салыстырыңыздар. 42. Қазақстан мұсылмандарының арасында қандай мазхаб кең таралған? 43. Қазақстан аумағында исламның таралуы жайлы айтыңыз. 44. Қазақ рухани дүниесінің қалыптасуындағы исламның рөлі жайында хабар­лама дайындаңыз. 45. Абайдың шығармасына діни идеялардың ықпалы неден көрінеді? 46. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты кітабындағы негізгі ережелер жайында айтыңыз. Ойшыл қандай исламдық құндылықтарды айтып отыр? 47. Қазақстанның дін саласындағы саясатын сипаттаңыздар. 48. Қазақстанда діни жағдай қандай? Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшелігі неде? 49. Ұлтаралық қатынас мәдениеті қашан және қайда пайда болды? 50. Ұлтаралық қатынас мәдениеті қандай элементтерден тұрады және қандай міндеттерді шешеді? 51. Ұлтаралық қатынас мәдениеті Қазақстанда қалай қалыптасты? 52. Қазіргі Қазақстанның этнодемографиялық ахуалын баяндап беріңіз? 53. Қазақстанның ұлттық саясатының ұстанымдарын ашып беріңіз? 54. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қандай компоненттерден құралады? 55. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда Қазақстан халқының бірлігі Доктринасының рөлі қандай? 56. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда білім мен тәрбие қандай рөл атқарады? 57. Көпмәдениетті тұлғаның сипаттамасын беріңіз? 58. «Қазақ елі» идеясы қоғамды қалай топтастырады? 59. «Қазақ елі» идеясының құндылықтары қалайша жоғары ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыра алатындығын ашып көрсетіңіз? 60. «Қазақ елі» идеясы неге қоғамдық келісімнің негізі бола алады? 61. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз? 62. Қазақ халқының салауатты өмір салтына байланысты қандай дәстүрлерін білесіз? 63. Бүгінгі студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға қандай мазмұндық сипаттама бересіз? 64. Денсаулық дегеніміз не? 65. Саулықтың қандай түрлері ажыратылады? 66.  «Жеті ата» ұғымының мәні неде, оның денсаулыққа қандай қатысы бар?  67. Психобелсенді заттардың денсаулыққа қандай әсері бар? 68. Гигиеналық және санитарлық ережелерді сақтайсыз ба? 69. Қазіргі жастар денсаулығы туралы қандай түсінік бересіз? 70. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік аурулардың пайда болуының себептері қандай? 71. «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы немен сипатталады? 72. Қазақстан қоғамының дамуындағы ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамытудың мәні немен түсіндіріледі? 73. Жеке тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптастырудың теориялық негіздерін не құрайды? 74. Ең көп тараған интеллект түрлері қандай? 75. Интеллектің даму деңгейін анықтайтын қандай әдістер мен әдістемелерді білесіз? 76. Қоғам тарапынан мамандар даярлау мәселесіне қандай талаптар қойылады? 77.  Жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың басты құралы не? 78. Білім беру жүйесіндегі инновациялар қандай мәселелерге байланысты? 79. Университетте білім беру жүйесіндегі инновациялық тенденцияларды талдаңыздар. 80.  Ақпараттық ғасырда өмір бойы үздіксіз білім берудің мәні неде?

және т.б


9. Студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) бақылауды ұйымдастыру жоспары

№   СӨЖ тақырыбы/тақырыпшасы Тақырыптың негізгі сұрақтары Тапсырма/СӨЗ жүргізу түрлері СӨЖ бақылау түрлері Сағат саны
1 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні 1. «Ұлттық идея», «ұлттық мұрат», «ұлттық көшбасшы», «ұлттық элита», «ұлттық рух» ұғымдарының мәні. 2.Қазақстанның ұлттық идеясы: этникалық бірегейліктен бірлік пен мен келісімге. 3.«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі – қазақ тану реферат Ауызша қорғау 4,5
2 Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасы 1.Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы. 2.Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. реферат Ауызша қорғау 4,5
3 Болашақ дәрігерлерге ұлттық тәрбие беру 1.Болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру: мақсаты, міндеттері, мазмұны. 2.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері аясында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі. 3.Болашақ мамандарға «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру факторлары. реферат Ауызша қорғау 4,5
4 Қазақ халқының, Қазақстан халқының ментальдылығын дамытудың заманауи аспектілері. 1. «Діл» ұғымының мәні. 2. Қазақ халқының ділі және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар. 3. Қазақтың менталитетіндегі «Ел» термині. 4. Елтану қазақ халқының ментальдылығын дамыту жүйесі ретінде. реферат Ауызша қорғау 4,5
5 Ұлттық мәдениет мәні 1.Ұлттық мәдениет мәні мен мақсатының жалпы сипаттамасы, оның компоненттері. 2.Дәстүрлі мәдениет және оның қызметтері. 3.Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және оның ерекшеліктері. реферат Ауызша қорғау 4,5
6 А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы. Қазақ халқының рухани мәдениетнің қалыптасуының көзі реферат Ауызша қорғау 4,5
7 Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының рухани-адамгершілік аспектілері. 1.Шәкәрімнің рухани мұрасы 2. Шәкәрімнің рухани-адамгершілік мұрасының әсері реферат Ауызша қорғау 4,5
8 Тәуелсіз Қазақ мемлекеті – «Қазақ елі» идеясын іске асыру мүмкіндігі. 1.«Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан. 2.Ұлттық «Қазақ елі» идеясының өмірге келуі. 5 Қазақстан тарихындағы «Қазақ Елі» идеясы. реферат Ауызша қорғау 4,5
9 Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі. 1. Қазақ – тілі ұлттық құндылық және ұлттық мұра ретінде. 2. Басқа халықтардың тіліне деген толерантты қатынас. 3.Көптілділік - қазіргі жастардың көпмәдениеттілігін дамыту жолы. реферат Ауызша қорғау 4,5
10 Қазақ отбасындағы тәрбие 1.Қазақ отбасындағы тәрбие принциптері және ұрпақтар сабақтастығы. 2. Қазақ отбасындағы тәрбиенің әдістері мен құралдары. 3. Қазақ отбасындағы тәрбие жүйесі. реферат Ауызша қорғау 4,5
11 Қазақ мәдениетіндегі адамгершілік мәселелері   1.Қазақ халық педагогикасындағы әдеп идеялары. 2.Қазақ әдебінің қағидалары мен өзіндік ерекшеліктері. 3.Қазақ әдебінің түрлері. реферат Ауызша қорғау 4,5
12 Жастардың діни сана-сезімінің тұрақтануы 1.Дін туралы түсінік. Әлемдік діндер. 2.Исламның Қазақстанда таралуы. 3.Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай. 4. Жастардың діни сана-сезімінің тұрақтану мәселелері реферат Ауызша қорғау 4,5
13 Қазақстандағы ұлтаралық қатынас 1.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары. 2.Ұлтаралық қатынас мәдениеті мемлекеттің ұлттық саясатының нәтижесі ретінде. 3.«Қазақ елі» - ұлттық бірлік, ұлтаралық қатынас және қоғамдық келісім идеясы реферат Ауызша қорғау 4,5
14 Салауатты өмір салты 1. Жастар денсаулығы – қазіргі қоғамның аса маңызды құндылығы. 2.Жастар арасындағы әлеуметтік қауіпті індеттер: нышандары мен зардабы, салдары. 3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру – студентті кәсіби-тұлғалық дамытудың шарты. реферат Ауызша қорғау 4,5
15 Қазақстанның интеллектуалдық ұлты   1.«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы. 2.Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері. 3.«Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың негізі. реферат Ауызша қорғау 4,5

11. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Мәңгілік Ел:– Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Интервью Президента РК Агентству «Хабар»:«Размышления у подножия Улытау» (24 августа 2014 года) //pravo.zakon.kz/4648972-ervju

2.Обращении Ассамблеи народа Казахстана к гражданам страны» (Астана,17 января 2014г.).

3. В чем значение формулы «Казахстан - Мәнгіліқ Ел»?//altyn-orda.kz/v-chem-znachenie

4. Национальная идея «Мәңгілік Ел»// …nform.kz/rus/article/2627527.

5. Куддусов Х.С. Национальная идея и ее специфические особенности в ус­ловиях обретения независимости. – Дисс. канд. политич.наук . – Душанбе, 2002. – 146 с.

6. Телемтаев М. Национальная идея российского народа. ...М.:Изд. «ЭКО», 2005. - 406 с.

7. Нысанбаев А.Н. Национальная идея: мировой опыт и Казахстан. - Общена­циональная идея Казахстана: опыт философско-политилогического анализа. /Под ред. А.Н.Нысанбаева. - Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 412 с.

8. Нысанбаев А., Кадыржанов Р. Национальная идея Казахстана: гражданская или этническая? http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1166999820

9. Aсланова Р.А. Национальная идея: на пути, пройденном от символа незави­симости к будущей модели развития//1news.az/authors/oped/... копия

10. Кант И. Критика чистого разума. – СПб., 1993..- 341 с.

11. Кропоткин П.А. Речи бунтовщика // Кропоткин П.А. Анархия, её филосо­фия, её идеал: Соч. -М., 1999. – 11с.

12. Глушкова С.И. Специфика национального идеала в отечественной фило­софско-правовой и общественной мысли //library.by/portalus/modules/...

13. Кумыков А.М. Национальный идеал российской государственности: соци­ально-философский анализ. – Автореф. дисс…д.философ. наук, 09.00.11 Ростов-на-Дону – 2008. – 27с.

14. Концепция формирования государственной идентичности Республики Ка­захстан. (Одобрена распоряжением Президента Республики Казахстан 23 мая 1996 г. N2995.) // Казахстанская правда. 1996. 29 мая.

15. Лапенко М.В. Идейная консолидация казахстанского общества http://www.contur.kz/node/161

16. Доктрина национального единства Казахстана, 2010 г.

17. Послание Президента Республики Казахстан-Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства - декабрь, 2012 г.

18.Kazakhstan Today- Алматы. 13 ноября. 2009 г.

19.Молдабеков Ж. Парадигма казахтану: осмысление образа науки и идентич­ности национального бытия. //Второй международный симпозиум «Социология образования», 16-17 мая 2013. - Алматы, 2013. -С.376-380.

19. Слотина Т.В. Психология личности: Учебное пособие - СПб.: Питер, 2008.

20. Крысько В.Г. Этническая психология: Учебное пособие. Серия «Высшее профессиональное образование». М.: Изд-во Академия, 2008.

21. Целищев Н.Н. Язык, этническая идентичность и национальное самосозна­ние http://aon.urgau.ru/uploads/article/pdf_attachment/101/13_

22. Афоризмы и цитаты. http://www.youfrase.ru/aphorisme.php?theme=344

23. Ольшанский Д.В. Основы политической психологии - Екатеринбург: Дело­вая книга, 2001.

24. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. М., 2001.

25. Крысько В.Г., Саракуев Э.А. Введение в этнопсихологию. М., 2001.

26. Лебедева Н. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. М., 1999.

27. Пралиев С.Ж., Нарибаев К.Н., К.К.Жампеисова, С.Т.Иманбаева, Хан Н.Н., Молдабеков Ж.Ж., М.К. Койгельдиев, Г.В.Кан, Калиева С.И. и др. Концепция реализации национальной идеи «Мәңгілік Ел» в вузах Казахстана. – Алматы: «Ұлағат». КазНПУ им.Абая, 2015.- 54с.

28. Дуйсенбеков Д.Д., М.М. Муканов как основатель казахстанской психоло­гической школы и создатель историко-этнической концепции соотношения рас­судочной и мыслительной деятельности человека // «Методология и история пси­хологии». 2009. Том 4. Выпуск 2. С. 160-167.

29. Муканов М.М. Психологическое исследование рассудка в историко-этниче­ском аспекте. Дисс. на соиск. уч. степени д-ра психологических наук по специ­альности 19.00.01 – общая психология. М.: Институт психологии АН СССР, 1980. – 409 с.

30. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. -М.: Изд. группа «Прогресс», 1996. – С.308-333.

31. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология: учебник / Т.Г. Стефаненко. – М.: Изд-во РАН, 1999. –320 с.

32. Налчаджян А.А. Этнопсихология: учеб. пособ. / А.А. Налчаджян. – 2-е. изд. – СПб.: Питер, 2004. – 381с.

33. Тесленко А.Н.Педагогика и психология социализации личности: Учебное пособие. - Астана: ЕАГИ, 2011. – 375 с.

34. Дашдамиров А.Ф. Нация и личность: монография / А.Ф. Дашдамиров. – Баку: ЭЛМ, 1976. – 226 с.

35. Дробижева Л.М. Российская и этническая идентичность: противостояние или совместимость / Россия реформирующаяся.- М., 2002. -242 с.

36. Хотинец В. Ю. Этническая идентичность и толерантность. - Екатеринбург: Изд-во Урал, ун-та, 2002. - 124 с.

37. Фатов А.В. Социальное воспитание студенческой молодежи в культурно-досуговой деятельности. Автореферат дисс. … канд. пед. наук. - М. , 2007. - 23 с.

38. Концепция формирования государственной идентичности Республики Ка­захстан. (Одобрена распоряжением Президента Республики Казахстан 23 мая 1996 г. N2995.) // Казахстанская правда. 1996.


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 281; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!