Кандидоз Этиология. Клиника.диагностикасы мен емі



Кандидоз — ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы.

Этиологиясы. Науқастарда кең тараған түрлері — Candida albicans және Candida tropicalis. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтың түрі Candida albicans — бір клеткалы микроорганизм, сопақша немесе домалақ формалы. Псевдомицелийлері бар (жіпшелері). Candida тобы саңырауқұлақтарының басқа шынайы ашытқылардан айырмашылығы:

•     псевдомицелия бар

•     аскоспор (клетка ішінде қаллталы спора) болмауы

•     культуральды ерекшеліктері

Клиникасы. Алғашқы белгілері — үдемелі және басылмайтын аралықтың және қынаптың қышынуы. Кейде қышыну қиындық әкеліп,тітіркену шақырады және ұйқы бұзылады. Қынапта күйдіру сезімі болуы мүмкін. Жыныс мүшелерінің кілегей қабығында ақ, ірімшікті бөліністер болады. Қынаптың және сыртқы жыныс органдарының қызаруы болады. Ер адамдарда анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты кандидоз симптомдары әйелдерге қарағанда аз мазалайды

Әйелдердегі симптомдары :

•     сыртқы жыныс мүшелері аймағында күйдіру және қышыну сезімі;

•     қынаптан ақ ірімшікті бөлініс;

•     жыныстық қатынас кезінде ауырсыну;

•     зәр шығарудағы ауырсыну.

Диагностикасы

Культуральды тексеру саңырауқұлаққа қарсы препараттар штаммдар сезімталдылығын анықтайды. Жағынды алу мына схемамен жүргізіледі: стандартты әдіс бойынша тампонмен материалды «CANDICHROM II» хромогенді ортасы бар әйнекке жағады,жағынды қорытындысын қарағанда міндетті түрде әр түрлі саңырауқұлақ сандарын қарайды. (сандық анализ).

 «CANDICHROM II хромогенді ортасын қолдану біріншілік жағынды үшін негізгі қоздырғыш Candida albicans тікелей идентификация өткізуге және басқа ашытқы саңырауқұлақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

 

Емі. Аурудың жеңіл ағымында жергілікті ем препараттары тағайындалады: Ломексин (фентиконазол) капс. 1000 мг біррет интравагинальды. Мысалы, кандидозды вульвовагиниттің жеңіл ағымында (қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдалуы) кейде жергілікті ем де жеткілікті. Ауыр жағдайларда , вагинальды кандидоз рецидивінде, жүйелі және жергілікті антимикотиктердің комбинирленген терапиясы қажет: флуконазола, 150 мг ішке, және Ломексин (фентиконазол) 1000 мг бірретті интравагинальды. Кандида саңырауқұлақтарының активациясы кезінде қынапта анаэробты бактериялардың өсуі күшейеді, сондықтан құрамында саңырауқұлаққа қарсы нитроимидазол және басқа антимикробты (Неотризол)кең спектрлі жергілікті препараттар тағайындалады.

Рецидивті кандидоз емі:

Вагинальды таблетка Неотризол немесе Полижинакс 1 табл. 1рет тәул. түнде 8-16 күн

Вагинальды капсула фентиконазолмен («Ломексин») 600 мг —1 және 4 күн (екі капсула).

Флуконазол (Дифлюкан, Микосист, Флюкостат)- 150 мг ішке 1, 4, 7 күн, кейін 6 ай бойы аптасына 1 капсуладан.

№11 Билет

Атрофиялық кольпит.Этиология. Диагностика мен емі.

Вагинит (кольпит)– бұл қынаптың қабынулы ауруы. Этиологиясына байланысты: спецификалық(инфекциямен шақырылған, жыныс жолдарымен бөлінетін);• спецификалық емес (спецификалық емес инфекция, механикалық,• термиялық, химиялық, эндокринді факторлар).

 Клиникасы. Сыртқы жыныс органдары мен қынап аймағында ауырсыну, қышыну,күйдіру сезімдері • зәр шығару кезіндег күшейетін көп мөлшерде қынаптық бөліністер;• жалпы әлсіздік.• Анамнез: медикамент, гигиеналық заттар қолдану;• бірнеше сексуальды партнерларының болуы;• қорғанусыз жыныстық қатынас;• қантты диабет, күйіктер және т.б.•

Диагностикасы:

Вульвовагинит: қынаптан және беткейінен бөліндіні бактериоскопиялық тексеру. ПЦР – диагностика ИППП ға тексеру

Инструментальды тексеру : вагиноскопия қыздарда – қабынудың рецидивті түрінде

 Емі

Медикаментозды емес емі – жоқ.

 Медикаментозды ем: metronidazole: 250 mg пероральды күніне 3 рет 7 күн немесе 500 мг 2 рет күніне 7 күн. Клиндамицин 2% крем бірретті интравагинальды 5 г (1 аппликатор) түнде 7 күн немесе вагинальды свечи 100 мг 1 рет күніне 3күн немесе клиндамицин 300 мг 2 рет күніне 7 күн per os.

Тинидазол – 2 г күніне 3 күн немесе 1 г күніне 5 күн per os.

Рецидивті формасында: Метронидазол 500 мг 2 рет күніне 4күн; Метронидазол гель 1% 5 гр нан (1 аппликатор) интравагинальды 1 рет күніне түнде 10 күн,кейін 3-6 айда аптасына 2 рет. Трихомонадный вагинит Метронидазол 2 г немесе тинидазол 2г (альтернативті терапия) per os бірретті және бірден. Жыныстық партнерін емдеу емнің эффективтілігін жақсартады.

 Кандидозды вагинит: жергілікті терапия тағайындалады. Клотримазол Clotrimazole: 100 mg интравагинальды 1 рет күніне түнде 7 күн. Ем пероральды немесе жергілікті болуы мүмкін. Ем қысқа курспен (1-3 күн). Жыныстық партнерін емдеу қажеті жоқ.

Аллергиялық вагинит гормональды емес қынаптық крем және гелдер, қынап рН қалыптастыру үшін және қынаптағы тітркендіруді және қынаптық ылғалды көп мөлшерін басуға . Негізгі емдік препараттар: Метронидазол 500 мг, гель 1%• Клиндамицин 2%, таблетка 300 мг, вагинальды свечи 100 мг• Тинидазол 500 мг, таблетка• Вutoconazole 2% крем,• Сlotrimazole 1%, 100 мг, вагинальды таблетка• Miconazole 2%, вагинальды свечи 100 мг.• Tioconazole 6,5% крем• Fluconazole 150 мг• Nystatin 100,000, вагинальды свечи• Қосымша емдік препараттар: Супрастин, күшті қышыну кезінде антигистаминді препараттар

Зақымдалған эпителий регенерациясын стимулдейтін препараттар: Витамин С,• Витамин А пероральды немесе интравагинальды қолдану.

№12 Билет

Балалық кезеңдегі жыныс жүйесінің қабынбалы ауруларының ерекшеліктері.

ЭТИОЛОГИЯ Жыныс органдарының спецификалық емес қабыну прцессі дамуында негізгі себебі қыз балалардың ағзасының қорғаныш жүйесінің артық жұмысы болып табылады.Басқа да факторлар әсер етеді: иммунитеттің төмендеуі,анасындағы босану жолдарының дисбиозы, нәрестенің қалыпты бейімделу периодының бұзылысы, нәрестенің кілегейлі қабаттарының микробиоценозының бұзылысы, ОРВИ жиі ауыруы,мұрынжұтқыншақтың лимфоидты аппараттының гипертрофиясы.Баланың денсаулығына экологиялық әсерлер, тағамның сапасының өзгеруі әсер етеді.

Спецификалық емес бактериальды вульвовагиниттің рецидивінде қыз балалардың 82% жағдайда экстрагенитальной патология дамиды.

Клиникасы

Вульвовагинит зәр шығарудан кейінгі күйдіру сезімімен ,сыртқы жыныс органдары аймағында дискомфорт, қышыну, ауырсынумен және вульваның минимальды пастоздылығынан гиперемияға дейінгі катаральды көріністермен сипатталады.

Вульвовагинит шағымдарсыз және айқын клиникалық көріністермен латентті ағымды болуы мүмкін..

Жедел вагиниттен созылмалы вагинитке ауысудың негізгі симптомы жыныс жолдарынан бөлініс болып табылады.

ДИАГНОСТИКА

Вульвовагиниттің клиникалық көрінісі:

•     жыныс жолдарынан бөлініс:

—ірің тәрізді;

—қан аралас;

—ірің қан аралас;

—ірімшік тәрізді.

•     Вульваның гиперемиясы мен ісінуі;

•     дискомфорт

•     Вульва ауырсынуы;

•     дизурия;

•     Вульва мен қынаптың қышынуы.

ФИЗИКАЛЬНОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ

•     Гинекологиялық қарау

•     Ректоабдоминальды тексеріс

Жыныс жолдарынан бөліністі визуальды бағалау.

Лабораторлық және инструментальдық тексеріс:

Толық клиникалық тексерістер:

•     Клиникалық қан анализі,

•     Жалпы зәр анализі,

•     Нечипоренко бойынша зәр анализі.

•     Вагиноскопия.

•     УДЗ.

•     Қынаптық бөліністі микроскопиялық тексеру.

•     ПЦРдиагностика ИППП.

•     Серологиялық тексеру.

Емі

Спецификалық емес бактериальды вульвовагиниттің емін негізгі инфекциялық ошақты алшақтаудан бастау кереки (ауызжұтқыншақ және мұрынжұтқыншақтың созылмалы аурулары, пиелонефрит, гельминтоз, және т.б.).

•     Қынапты антисептик ерітінділерімен инстилляция ;

•     антибактериальную терапия

•     Саңырауқұлаққа қарсы препараттар қолдану;

•      Эубиотиктер қолдану;

•     десенсибилизирлеуші терапия;

•     Адаптогендер қолдану;

•     витаминноминералды комплекс.

Жергілікті ем — қынапты антисептик ерітінділерімен жуу(нитрофурал, октенисепт, диоксидин, мирамистин, инстиллагель, колларгол, сульфацетамид, бензидамин) катетермен, гексикон —0,5–1 вагинальды свечи 2 рет тәулігіне 10 күн бойы.

Антибиотикотерапия комплексінде антимикотикалық, антигистаминді препараттар, эубиотик немесе пробиотиктер қолданады. Сонымен қатар иммуномодуляторлар: ИФН α2 мен свечи 2 рет тәулігіне қынапқа немесе тік ішекке 20 күн бойы.

Жалпы ем созылмалы инфекция ошағын санациялаумен байланысты, тері ауруларын емдеу, жеке бас гигиенасын үйрету.

Бактериальды вагинозда емнің дозасы мен ұзақтығы баланың жасы мен салмағына байланысты. Метронидазол 250 мг 2 рет тәулігіне ішке және 500 мг тәулігіне интравагинальды 5–7 күн бойы немесе клиндамицин 2% крем 5 мг интравагинальды 3–6 күн.

Флуконазол балаларға 12 жас —3–12 мг/кг тәулігіне, 12 жастан асқан балаларға - 50–150 мг бірреті немесе 50 мг тәулігіне 3 күн бойы немесе натамицин 1 свечи түнде 6 күн бойы, кетоконазол 400 мг нан көп емес тәулігіне 5 күн бойы.

Инфекционномикотикалық вульвовагинитте комбинирленген препарат тержинан© тағайындалады, құрамына тернидазол, неомицин сульфат, нистатин и микродоз преднизолон, немесе клионД 100©, полимиксин B, нистатин кіреді. Препаратты біррет интравагинальды түнде10 күн бойы қабылдайды.

Трихомонадты вульвовагинит . Жалпы және жергілікті әсерә бар протозойлық препарат қолданады. Метронидазол препаратын ішке баланың жасына байланысты дозасын тағайындайды. (1–5 жаста —80 мг 2–3 рет күніне, 6–10 жас —125 мг 2–3 рет күніне, 11–14 жаста — 250 мг 2–3 рет күніне) 10 күн бойы.

№13 Билет

Ювенильды қан кету Этиология, диагностикасы. ЖТД іс- әрекеті.

Жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі(12-18 жас) дисфункционалды жатырдан қан кетуді ювенильді жатырдан қан кету деп атайды.

Этиологиясы:жүйкелі- психикалық стресс, жарақаттар, шаршағандық, қолайсыз тұрмыс жағдайлар, жедел және созылмалы түрдегі жұқпалы аурулар, улану және гипо- авитаминоздар, эндокринді бұзылыстар.

Бұл қан кету негізінде – гипоталамус- гипофизарлы –аналық без жүйесінің функциональды бұзылысына байланысты.Ақырында релизинг гормондар ФГС және ЛГ секрециясының өзгерістерінен болады,фолликулогенез және менструальды жүйе бұзылады.

Клиникалық көрінісі: Менструальды цикл 14-16 күннен 1,5-6 ай болмаған сон, жыныс жолдарынан қанды бөліністер болуымен сипатталады.Бұл менструальды циклдың бұзылысы кейде менархеден соң, кейде бастапқы 2 жылда болады.Қан кету көп мөлшерде болуы мүмкін, бұл анемияға алып келеді,сонымен қатар әлсіздік,бас айналу байқалады.

Диагностика:Диагностика негізінде анамнез жинау, (менструальды циклдың кешігуі) және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы.Лабораториялық зерттеулер:анемия және қан ұю жүйесін анықтау қажет.ЖҚА,коагулограмма,сонымен қоса тромбоциттер санын, қан кету уақытын, қан ұю уақытын,бқа анықтау қажет.Сонымен қатар гормон деңгейін анықтау : (ФСГ,ЛГ,пролактин, эстроген, прогестерон, кортизол, ТТГ,Т3,Т4) .Аналық без жағдайын бағалау үшін: УДЗ.

ВОП дәрігерінің іс-әрекеті:

Емі  этапта жүргізіледі.1-этапта:гемостазды жүзеге асыру,2-этапта:қан қайта кетудің алдын алу шаралары және тұрақты менструальды циклды қалпына келтіру.

Бастапқы емде науқастың қан жоғалту мөлшері маңызды.Гемоглабин 100 г/л, гематокрит 30% және УЗИ- де эндометрийдің гиперплазиясы болмаса, науқасқа симптоматикалық гемостатикалық терапия жүргізіледі.Окситацин 5ЕД вена ішілік 5 % глюкозамен бірге тамшылатып.Дицинон,викасол 2 мл бұлшықетке.Сонымен қатар аминокапрон кышқылы 1 таблеткаден 3 рет күніне ішу. 

№14 Билет

Климактериялық қан кету.Этиологиясы.Диагностикасы.ЖТД іс-әрекеті

Климактериялық қан кету – 45-55 жастағы әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық патология. Сонымен қатар бұл науқастарда қосымша аурулары зат алмасу, эндокринді жүйе бұзылысы (гипертония ауруы,семіздік,гипергликемия) болады.Дисфункционалды жатырдан қан кету бұл жастағы әйелдерде ауыр өтеді.

Этиологиясы:Аналық без функциясының реттейтін гипоталамустың құрылымының функциональды өзгерісі.Бұл менопауза уақытында байқалады.Жатырдан қан кетудің себептерінің бірі аналық безінің ісіктері.Бұл қан кету гонадотропты гормондардың циклдың бөлінуінің бұзылысы. Сонымен қатар, эндометрийдің гиперплазиясы кезінде байқалады.

Клиникасы:Ациклды, интервалмен 1,5-6 ай, 110 күндей жалғасады.Науқастың жағдайы дисфункциональды жатырдан қан кету кезіндегідей болады.Гиповолемия және анемия анықталады.

Диагностикасы: Гипоталамус- гипофизарлы – аналық без жүйесінің бұзылыс деңгейін анықтау қажет.

Физикалық зерттеу әдістері:Ең бірінщі науқасты сұрастыру,қан кету қанша уақытқа жалғасқанын анықтау қажет.Жалпы қарау – пальпация.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.Бимануальды гинекологиялық тексеру – ішкі жыныс мүшелеріне баға беру.

Лабораториялық зерттеу әдістері: Қан тобы және резус – фактор анықтау, ЖКА,ЖЗА, Қандағы қант деңгейі, БХА: билирубин.Қан ұю жылдамдығын анықтау,коагулограмма, гормональды кольпоцитология.Сонымен қатар:ФСГ,ЛГ пролактин,эстраген,прогестерон,кортизол гормондарының деңгеійн анықтау.

Инструменталььд ы зерттеу әдістері:трансабдоминальды УЗС, трансвагинальді, допплеррометрия, кольпоскопия,гистероскопия, кіші жамбас қуыс ағзаларының допплерометриясы,кіші жамбас қуысының МРТ,эндомерий биопсиясы.

ЖТД іс-әрекеті:Емді бастамас бұрын, науқастың органикалық ауруларын және науқас жасын, аурудың ауырлық деңгейін, постгеморрагиялық анемия деңгейін анықтау қажет.Емі хирургиялық жолмен емдік – диагностикалық тазалау және гистероскопия көмегімен жүргізіледі.Кей жағдайларда жатыр ампутациясы жүргізіледі.

№15 Билет

Көлемді,жиі және тұрақсыз етеккір келу (дисфункциональды жатырлық қан кету)

80 мл артық қан кету болса немесе ұзақтығы 7 күнге созылса (менометроррагия) және аралығы тұрақты емес қысқа болған жағдайдағы қан кету.

Диагностикалық критерийлері:

-шағым және анамнез:

1. еттеккір уақытындағы ұзақ және көлемді қан кету(әдетте 7 күннен ұзақ). Қан кету тұрақсыз.

2.әлсіздік,бас айналу,жұмысқа қабілеттілік төмендеуі

- физикалық зерттеулер

1.айнамен қарау

2.бимануальды зерттеу арқылы жатыр және оның қосылқыларының көлемін қарау

-лабораториялық зерттеулер:

ЖҚА: гемоглобин деңгейінің төмендеуі ,эритроцит (3,9*10 12/л),гематокрит (0,36л/л) деңгейлерінің төмендеуі

-инструментальды зерттеу

Әйел жыныс мүшелерінің УДЗ

Емі:

Тек медикаментозды ем.

Көлемді және тұрақты қан кету кезіндегі гормональды гемостаз эндометриядағы атипиялық процесс жоққа шығарылғаннан соң жүргізіледі.

-құрамында этинилэстрадиол 20-30мкг бар комбинирленген оральді контрацептивтер. Препаратты қан кету қарқандылығына байланысты алғашқы тәулікте 4 таблеткадан ,3 күнге дейін қан кету тоқтағанша 1-2 таблеткадан дозасын азайтып қабылдайды. 21 күн бойы КОК қабылдайды.

-левоногестрел құрамында гормональды жатырішілік жүйе бар

-анемияға қарсы ем гемоглобин деңгейін реттеу үшін

1.фолий қышқылы ,тәуліктік дозасы 0,005 г (5 таблетка)

2.темір препараттары

-Тұрақты емес етеккір кезінде:

1.цикл регуляциясы кезінд КОК

2. жүктілік қажеттілік болғанда гормонотерапия І немесе ІІ фазасында овуляцияны стимулдау үшін . І фазада эстриол 2мг,ІІ фазада микронизирленген прогестерон 200мг. Стимуляция үшін кломифен 50-150 мг етеккір циклінің 5-9 күндері.

Емнің басқа түрлері : акупунктура,физиотерапия

Хирургиялық ем: Гистероскопия бақылауымен эндометрийді гистологиялық зерттеу арқылы жатыр қуысына қыру жасау.

№16 Билет

Етеккір циклінің бұзылысы.Этиология, классификациясы.

Етеккір циклы– репродуктивті жүйе қызметінің циклдық өзгерістерімен сипатталатын әйел организмінде өтетін күрделі биологиялық процесс.

Этиологиясы:етеккір бұзылысының себептері:

1.Психикалық қатты сілкіністер.Психикалық және жүйкелік аурулар.

2.Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз.

3.Тұқым қуалаушылық және климаттық факторлар.

4.Профессионалды зияндылық, жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс атқару.

5.Індетті аурулар:нейроинфекциялар (тұмау,паротит,туберкулез, ревматизм).

6.Соматикалық аурулар (жүрек-қан тамыр аурулары, қан түзілу жүйесінің аурулар, бауыр аурулары).

7.Қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің қызметтерінің бұзылысы.

8.Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары.

Классификациясы:

1.Аменорея – етеккірдің 6 ай бойы жоқ болуы.Аменорея түрлері:

-физиологиялық (жыныстық жетілуге дейінгі кезең,жүктілік кезінде,лактация кезінде және менопауза кезіндегі аменорея) және патологиялық (әртүрлі функционалды және органикалық аурулардан пайда болған аменорея)

- біріншілік- (етеккірдің 15-16 жасқа дейін бірде бір рет келмеуі) және екіншілік- (егер етеккір бір рет келіп, сосын келмесе)

- нағыз – (фегулярлы жүйеде циклдық өзгерістердің жоқ болуы) және жалған (гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатырда және бүкіл организмде циклдық өзгерістер өтеді,бірақ механикалық тосқауылға байланысты етеккір болмайды ).

2.Гипоменструальды синдром – етеккір циклы бар,бірақ олар бұзылған.

А)етеккір кезіндегі қан мөлшерінің өзгеруі:

- гиперменорея (меноррагия) – қан мөлшерінің ұлғаюы;

-гипоменорея- қан мөлшерінің азаюы;

Б)етеккір ұзақтығының өзгеруі:

- полименорея – етеккірдің ұзақтығы 6-7 күннен асатын болса;

- спаниоменорея – ұзақтығының 1-2 күннен аспауы.

В)етеккір циклының ұзақтығының өзгеруі:

- проименорея- етеккір циклының ұзақтығы 21 күннен қысқаруы;

- олигоменорея – етеккір циклының 35 күннен асып 3- 5 ай келмеуі;

3.Дисфункциональды жатырдан қан кету- жүктілікке, жыныс мүшелерінің органикалық немесе қабыну ауруларына, жалпы организмнің жүйкелік,гемостаз немесе бауыр ауруларына байланысты емес, гипоталамо- гипофизарлы – аналық без жүйесіндегі функциональды өзгерістерге байланысты жыныстық гормондардың ретті секрециясының өзгеруімен сипатталатын қан кету.

4.Дисменорея- етеккірдің ауырып келуі, жалпы жағдайының өзгерулері байқалады.

№17 Билет

Отбасын жоспарлауда қойылатын сұрақтардың,кеңестердің негізгі принциптері.

Отбасын жоспарлау дегеніміз-ДДҰ анықтамасына сәйкес біруақытта бірнеше мәселелерді шешуге арналған шаралар жиынтығы болып табылады.Олар:

Қаламаған жүктіліктің алдын алу,тек қалаған баланы дүниеге әкелу,жүктіліктің интервалын бақылау,баланың дүниеге келу уақытын жоспарлау ата-анасының жасына сәйкес ,отбасыдағы бала санын анықтау.

Осы мәселелерді шешу үшін отбасын және некені жоспарлауға арналған медико-генетикалық консультацияға бару керек.

Маңызды болып контрацепция болып табылады,яғни ол қаламаған жүктіліктің алдын алуға көмектеседі және жасанды түсік жасататын әйелдер өлімінінің алдын алады.Жасанды түсік жасау әйел ағзасына өте ауыр асқынуларға алып келеді:қабыну аурулары,жатырдан тыс жүктілік,менструалды циклдың бұзылысы .Сонымен қатар бала көтере алмауға да алып келеді және жүктілік кезіндегі ,босану кезіндегі акушерлік асқынуларға алып келеді.Ал контрацепцияны қолдану қаламаған жүктіліктің алдын алады,сонымен қатар жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алады.

Контрацептивтік заттар төмендегі талаптарға сәйкес болуы керек:

-жоғары контрацептивтік эффективтілігі

-әйел ағзасына және ер адамға патологиялық әсері болмау керек;

-келесі ұрпаққа тератогенді әсері болмауы керек;

-қолданғанда қарапайым болуы қажет;

-бағасы қымбат емес,сонымен қатар конфиденциалды болу керек.

№18 Билет

Контрацепция әдістері.Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

Контрацепция лат. ( «contraceptio» -шектеу) жүктілікті механикалық(презерватив,мойындық қалпақтар),химиялық(қынаптық шариктер,грамицидинді паста), және басқа әдістер арқылы алдын алу.Кейбір әдістер (жиі презерватив )ВИЧ және басқа венерологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Контрацепция әдістері:контрацепция әдісінің эффективтілігін бағалау үшін Перля индексі қолданылады. Бұл индекс 1жыл ішінде контрацепция қолдана отырып ,100 әйелдің ішінен қаншасы жүкті болғанын көрсетеді.

Контрацепция (лат. «contraceptio» -шектеу) жүктілікті механикалық(презерватив,мойындық қалпақтар),химиялық(қынаптық шариктер,грамицидинді паста), және басқа әдістер арқылы алдын алу.Кейбір әдістер (жиі презерватив )ВИЧ және басқа венерологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Контрацепция әдістері:контрацепция әдісінің эффективтілігін бағалау үшін Перля индексі қолданылады. Бұл индекс 1жыл ішінде контрацепция қолдана отырып ,100 әйелдің ішінен қаншасы жүкті болғанын көрсетеді.

Табиғи контрацепция әдістері:

1.Температуралық әдіс. Базальды температураны өлшеу және графикке енгізу.

2.Цервикальды әдіс.(Биллинг әдісі) Қынаптық бөліндінің өзгерісін бақылау.

3.Күнтізбелік әдіс. Әйелдің фертильді кезеңін анықтау және бұл кезеңде жыныстық қатынаста болмауы.

4.Арнайы тест көмегімен гормондар дейгейін өлшеу. Таңғы зәрде ЛГ және ФСГ концентрациясын өлшеу.

5. Үзілген жыныстық акт. Ер адамның эякуляция басталмас бұрын жыныс мүшесінің басын қынаптан алып тастайды.

6. Лактационды аменоррея әдісі. Бала туылғаннан 6 айға дейін емшекпен қоректендіру кезінде эффективті.

Барьерлік әдіс:

Барьерлік(механикалық)әдістің мақсаты аналық клетканың сперматозоидпен кездесуін болдырмаудың алдын алу.

Ер адам үшін:

Презерватив . Жіңішке резинадан тұратын қап( жиі латекс)Жыныс мүшесіне киіледі,эякуляциядан кейн сперма соның ішінде қалады.

Әйел адам үшін :

Әйел презервативі ( Фемидом) Қынапқа салынатын полиуретаннан немесе латекстен тұратын түтік.

Диафрагма. Сперматозоидтың жатырға енуінен қорғайды.

Жатырлық қақпақша . Латекстен немесе силиконнан жасалған қалпақша жатыр мойнын жауып тұрады.

Гормоналдық контрацепция.

Гормоналдық препараттар құрамына байланысты әртүрлі әсер етеді. Комбинирленген оральді контрацептивтер (КОК) овуляцины төмендетеді,цервикальды кілегейді қоюлатады,нәтижесінде жатыр мойны сперматозоидтарды өткізбейді,сонымен қатар жатырдың кілегей қабатын өзгертеді нәтижесінде ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жабыса алмайды.

Мини –пили әсер етуі(құрамында аз мөлшерде тек прогестин бар) овуляцияны төмендетпейді тек цервикальды кілегейге әсер етеді және ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатырға бекуіне кедергі келтіреді.

1.    Комбинирленген оральді контрацептивтер. Құрамында эстроген және прогестин бар.

2.    Мини-пили. Құрамында тек прогестин бар.

3.    Гормональды инъекция. Бұлшықетішілік инъекция әрбір 3 ай сайын жүргізіледі.Құрамында прогестин бар.

4.    Норплант. Теріге имплантат қойылады,құрамында левоноргестрел

5.    Гормональды сақина.НоваРинг .Майысқыш контрацептикалық сақина;Құрамында аз мөлшерде эстроген және прогестерон бар.

6.    Гормональды пластырь Евра.Жіңішке пластырь;гормондарды ағзаға қан арқылы береді.

7.    Гормональды жатырішілік спираль (Мирена) Құрамында левоногестрел.

8.    Посткоитальды контрацепция. Контрацептикалық шара қорғалмаған жыныстық қатынастан соң жүргізіледі.

Гормональды контрацепция кемшіліктері:

1.Венерологиялық аурулардан қорғамайды.

2.Контрацептивті ұзақ қолдану кандидоз,веналардың тромбозын,инфаркт,инсульт , сонымен қатар онкологиялық аурулар (сүт безі рагі,жатыр мойнының аденокарциномасын ,бауыр рагін) тудыру мүмкін.

3.Таблетканы қабылдау ұзақ және міндетті түрде өз уақытында болуы қажет,сондықтан аса мұқияттылықты қажет етеді.

4.Әрбір ұмытылған таблетка жүктілік қаупін тұғызады.

5.Кейбір жағдайда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін: жүрек айну,бас айналу,құсу,бас ауруы,сүт бездерінің ұлғаюы,салмақ қосу.

       КОК қабылдаудың салыстырмалы қарсы көрсеткіштері:

1.    Орта дәрежелі АГ. Веналардың варикозды кеңеюі.Психикалық аурулар,эпилепсия

2.    Сүт безінің рагі.(5жыл бойыеш белгісіз)

3.    Жоспарлы хирургиялық араласу (операциядан 4 апта бұрын)

4.    Серповидті жасушалық анемия.

5.    Жедел мононуклеоз

6.    Жасы 35 тен асқан тәулігіне 15 артық шылым шексе

КОК қабылдаудың абсолютті қарсы көрсеткіштері:

1.жүрек –қантамыр жүйесінің ауыр аурулары

2.тромбофлебит

3. АГ ауыр дәрежесі

4. Бауырдың ауыр аурулары

5.сүт безінің қатерлі ісігі

6.вагинальді қан кету

7.айқын гиперлипопротеинемия

8.қант диабеті ретинопатиямен

9.жүктілік

10.емізу кезінде

№19 Билет

Комбинерленген оральды контрацепция .Көрсеткіштер,қарсы көрсеткіші.

Комбинерленген оральды контрацепция құрамында 2 гормон бар таблеткадан тұрады: эстроген және прогестин. Әйелдің аналық безінен бөлінетін табиғи жыныс гормонына ұқсас. Таблетка құрамында эстрогенді компонент ретінде қолданылады:этинилэстрадиол және прогестинді компонент ретінде:

левоноргестрел немесе норэтиндрон (бұл прогестеронның синтетикалық аналогы).

Комбинерленген оральды контрацепцияның контрацептивті эффекті әртүрлі механизмді әсер етуімен түсіндіріеді.

Комбинерленген дәрінің әсер етуі:

Овуляцияны тоқтатады(аналық без клеткаларының дамуы мен бөлінуі)

Жатыр мойны кілегейлі бөлінісінің қоюлануына әкеледі.Ол сперматозойдтың өтуіне кедергі болады.

Жатырдың кілегейлі қабығын өзгеріске әкеледі. Ол ұрықтанған аналық без клеткасының жатырдың кілегейлі қабығына бекуін (жабысуын)болдырмайды.

Жатыр түтігінде сперматозойдтың қозғалу белсенділігін азайтады

Комбинерленген оральды контрацепцияның үш түрі ажыратады:

Монофазалы: құрамында бірдей мөлщерлі эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады

Екі фазалы: екі әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады

Үш фазалы: үш әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады. Және олар түстері бойынша ажыратылады.

Гормональды контрацепция артықшылығы:

Жоғары эффективтілік

Баяу эффект: таблетканы циклдын 7-күніне дейін қабылдаған кезде

Қауіп факторы өте аз

Жағымсыз әсері өте аз (көп әйелдерге таблетка қауіпсіз)

Жыныстық қатынасқа әсер етпейді

Дәріні қабылдағанда жеңіл әрі ыңғайлы

Қабылдауды жеңіл тоқтатуға болады

Комбинирленген дәрілер бедеуліктің кейбір себептерін жояды

Комбинирленген таблетканың пайдалы әсері:

Қаламаған жүктіліктен қорғау эффективтілігімен қатар , әйел денсаулығына оң мәнді әсер етеді

Комбинерленген таблетканы қолданғанда әйел етеккірі кезінде ауырсынудың азайғанын смезінеде. Сонымен қатар етеккірдің өзі қою,қысқа уақытылы келіп өзгереді. Бұл таблетканы қабылдаған кезде етеккір циклі регулярлы болып өзгереді. Сондықтан бұл етеккір циклінің регуляры емес бұзылыстары бар әйелдерге де тағайындалады. Комбинирленген таблетканы қабылдау овуляцияны тежеумен қатар, жатырдан тыс жүктіліктің алдын алуға, аналық безі мен эндометрийдің рагын болдырмауға,жамбас астау ағзаларының қабынуын болдымауға,остеопороздың алдын алуға себебін тигізеді. Бедеулікті жоюға мүмкіндік береді,яғни қабылдауды тоқтатқаннан кейін жүкті болу мүмкіндігі жоғары.

Гормональды контрацепция жетіспеушілігі

Күнделікті қабылдауға өзіндік дисциплина мен өзіндік бақылауды қажет етеді

Әрбір қабылданбай қалған таблетка жүкті болу қаупін жоғарлатады

Міндетті түрде дәрілерді сатып алып тұру қажет

Эфективтілігі бірнешеуін қабылдағаннан кейін төмендеуі мүмкін

Егер де қайтадан жүкті болғын келсе, жүкті болу мүмкіндігі бірден қалпына келмейді (жиі 2-3 айдан соң). Жүкті болуды қажет етпей , бірақ дәріні қабылдауды тоқтатқан уақытта ,бірден жүкті болу қаупі де жоғары.

Сирек кездессе де,ауыр жағымсыз әсері: миокард инфаркті,инсульт,венозды тромбоз. Міндетті түрде дәрігер кеңесі керек.

Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан және СПИДтен қорғамайды

 Егер әйелде абсолютті қарсы көрсеткіші болса комбинирленген таблетканы қолдануға болмайды ,дәрігермен бірге басқа метод қарастырылуы керек.

Гормональды контрацепцияны қолданудың абсолютті қарсы көрсеткіші:

Болуы мүмкін жүктілік кезінде

Емізу кезінде немесе босанғаннан кейінгі 6айдың ішінде

Бауыр ауруларында

Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында

Активті шылым шегуде

35жастағыларда немесе асқан

Қант диабетінде

Айқын бас ауруларында(мигрень)

АГ

Сүт безінің рагінде

№20 Билет

Комбинерленген оральды контрацепция.Дәрі қабылдауды ұмытқан кезде ережелері

Комбинерленген оральды контрацепцияны қолдану рекомендацияланады:

Сексуальды активті жас әйелдерге

Ерлізайыптыларға:жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін

Босанбаған әйелдерге

Сексуальды активті жасөспірімдерге

Босанғаннан кейінгі емізбейтін әйелдерге

Аборт жасатқаннан кейін бірден жүктіліктен қорғанғысы келетін әйелдерге

Ауырсынумен келетін және регулярлы емес етеккір циклі кезінде

Безеулі себіндісі бар қыздарға

Анемиясы бар әйелдерге

Бұрын жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге

Рецидивирленген функциональды кистасы бар әйелдерге, анамнезінде аналық без рагі бар әйелдерге

Таблетканы қалай қабылдау керек?

Таблетканы күнделікті бір уақытта қабылдау керек, 21-28күн аралығында. 7 кунде 21-таблеткадан кейн етеккір тәріздес реакция болуы мүмкін.

Кейбір таблеткалар бір циклға 21таблеткадан тұрады. Онда қабылдауды етеккірдің 1-күні бастауға болады. Күніне 1 таблеткадан күнделікті қабылдау. Таблетка таусылған кезде 7 күн үзіліс жасалады. 7 күндік үзіліс кезінде ешқандай қорғанулар қолданбауға болады. Әрі қарай жаңа қорабын бастау керек. Қалған таблеткалыр 28 таблеткадан тұрады. Оны күнделікті ешқандай үзіліссіз қабылдау керек.

Ресейде жиі таралған комбинерленген оральды контрацепциялар: Марвелон, Силест, Овидон, Ригевидон, Нон-Овлон, Фемоден, Антеовин, Тризистон, Триквилар, Три-Регол

Бұл дәрілерді дәрігер кеңесі бойынша қабылдау керек, себебі әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы эсроген мен прогестин бар. Әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы гормондар болуы мүмкін. Сондықтан біреуі жақпаса,басқа түрін қабылдауға болады.

Комбинерленген оральды контрацепцияны қабылдаудағы жағымсыз әсерлер:

Аменорея

Қанды бөліністер

Депрессия

Бас ауруы

Қан қысымының жоғарылауы

Сүт бездерінің ауырсынуы

Дене салмағының жоғарылауы

Жыныстық әрекетінің төмендеуі

Көру мен сөйлеудің бұзылысы

Іш аумағындағы қатты ауырсыну

Әлсіздік

Жүрек айну,бас айналы,қозғыштық

Кеудедегі ауырсыну,ентігу.жөтел

Аяқтағы ауырсыну

Контарцептивті эффективтілікті төмендететін дәрілік препараттар:

Тырысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, тегретол, дилантин)

Антибиотиктер (гризеофульвин, рифампин, ампициллин и тетрациклин)

Бұндай жағдайда жүктіліктен қорғанудың қосымша әдістерін қолдану керек

Дәріні қабылдауды жіберіп алған уақытта не істеу керек?

Егер сіз бір контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз бірден есіңізге түскен уақытта қабылданыз,ол күніне 2рет қабылдаған болып есептелседе.

Егер сіз екі контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз онда екі таблетканы бірден қабылдау керек, ал келесі екеуін –келесі күні. Мысалы: егер таблетканы қабылдауды суббота немесе воскресенье умытып кетсеңіз. Онда екі таблетканы бірінші күні келесі екеуін екінші күні қабылдау керек. Бұндай уақытта қанды бөлініс болуы мүмкін. Бұнда қосымша қорғану әдістерін келесі етеккірге дейін қолдану керек.

Егер сіз үш контрацептивті дәріні қабылдауды ұмытып кетсеңіз немесе одан көп,онда бірден қосымша қорғану әдістерін қолдану керек. Бұндай уақытта басқа контрацептивті әдісті қолдануды ойлану керек. Ойткені келесіде таблетканы қабылдауды тағы ұмытып кету жағымсыз әсерге әкелуі мүмкін.

№21 Билет

Жасөспірімдерге арналған контрацепция

Жедел контрацепция

Әрбір жасөспірім жедел конрацепция жөнінде міндетті түрде білу керек.Жасөспірімдер жоспарланған жыныстық қатынасұа жиі ешқандай қорғануларсыз түседі,ал ол қаланбаған жүктілікке әкеледі немесе абортпен аяқталады. Ойткені жасөспірімдер қорғанусыз болған жыныстық қатынас бірнеше күннен кейін жүктілікке әкелетінін білмейді. Ең маңыздысы-уақытылы дәрігерге қаралу. Егер сіз жыныстық қатынаспен сирек айналыссаңыз,онда посткоитальды контрацепцияны қолдануға болады.

Мүшеқап

Регулярлы емес жыныстық қатынаспен өмір сүретін көп жасөспірімдерге мүшеқап өте жақсы контрацепция әдісі болып табылады. Ол жүкті болудан қорғап қана қоймай,сонымен қатар венерологиялық аурулардан және СПИДтен қорғайды. Бұл бірнеше портнерлары болған жағдайда өте маңызды болып саналады. Әдетте мүшеқапты қолдануда келесі қиыншылықтар болуы мүмкін: портнеры мүшеқапты қолданғысы келмейді. Бұл кезде портнерына мүшеқапты қолдану екеуінің де денсаулығы үшін маңызды екенін мұқият түсіндіру қажет.

Гормональды оральды контрацепция

Оральные контрацепция-жасөспірім қыздар арасында кең жайылған контрацепция әдісі. Бұны дәрігер тағайындайды бір жыл ішінде регулярлы етеккір циклі қалыптасып болғаннан кейін. Бұл ең тиімді әдіс. Бірақ,дәріні қабылдауды ұмытып кету әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Сондықтан бірінші өзіңіздің жауапкершілігіңізді, дәріні бір мезгілде бір уақытта қабылдауға деген дисциплинаңызды бағалаңыз. Өйткені дәріні қабылдауды уақытылы қабылдауды ұмытып кету жоспарланбаған жүкті болу қаупін жоғарлатады.

Имплантанттар

Имплантант-ұзақ уақыт әсер ететін жоғары эффективті гормональды контрацепция. Жасөспірімдерге бұл контрацепцияны қолдану қажет емес. Ал егер қолданған уақытта онда тек дәрігердің кеңесімен ғана.

Инъекционды контрацептивы

Инекция жасөспірімдерге оны сатып алмайтын болғаны үшін және көзге көрінбейтін болғаны үшін ұнайды. Инекция әдетте 3-6ай сайын жасалады. Бұл өте эффективті әдіс. Бірақ оны етеккір басталғаннан кейін 2жылдан кейін ғана қолдануға болады. Егер сіз жүкті болғыңыз келсе бұл қабілет бірден қалыптаспайды. Және мынадай жағымсыз әсерлері бар: регулярлы емес етеккір,безеу шығуы ,салмақ қосу. Сондықтан бұл әдісті қолданудан бұрын дәрігермен міндетті түрде ақылдасу керек.

Химиялық әдіс

Химиялық әдіс жүкті болудан қорғаумен қатар жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан да қорғануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл сенімді әдіс болып саналмайды.

Отбасын жоспарлаудағы табиғи әдіс

Отбасын жоспарлаудағы табиғи әдіске: күнтізбелік әдіс,базальді температураны өлшеу, цервикальды өзек кілегейін тексеру және симптотермальды әдіс жатады. Осы әдістің бәрі әйелде етеккір уақытын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, әйелде овуляция кезінде дене температурасы жоғарылайды. Осы кезде жыныстық қатынаста болмауы керек немесе басқа контрацепция әдістерімен қорғанады.

Үзілген жыныстық қатынас

Жасөспірімдердің көпшілігі үзілген жыныстық қатынасты қолданады. Бірақ бұл сенімсіз әдіс екенін ескерген жөн.

Босанғаннан кейінгі контрацепция

Босанғаннан кейінгі контрацепцияны тандаған кезде келесі факторларды ескеру керек:

Лактацияға және нәрестенің дамуына әсер етуін

Әдістің эффективтілігін

Болуы мүмкін жағымсыз әсерін және асқынуын ескеру керек

Жасын

Анамнез

Босанғаннан кейінгі контрацепция:

Лактационды аменорея әдісі

Мүшеқап

Спермицидтер

Жатыр ішілік спираль

Ер адамдарда вазектомия

Жатыр түтігін байлау

Мини-пили (экслютон, чарозетта, микролют)

Инъекция (типа Depo-Provera)

Имплантанттар (типа Norplant)

ВМС прогестеронмен (Мирена)

Комбинирленген гормональды таблетка

Комбинирленген инъекция

ВМС эстрогенмен

Лактационды аменорея әдісі-ең тиімді әдіс,уақытша әдіс

Әйел жүті болуы мүмкін жағдайларды ескеру керек:

Етеккірдің қайта қалпына келуі

Балаға қосымша тамақ бере бастағанда

Емізу уақытын өзгеркенде. Мысалу түнде емізуді тоқтатқанда

Егер бала 6 айдан асқан болса

Соматикалық аурулары бар әйелдердегі контрацепция

Гиперандрогения әйелдеріндегі контрацепция

Гиперандрогения-андрогеннің шектен тыс көп бөлінуінен немесе оның метоболизмдік бұзылысынан болады.

Контрацепция әдістері

Барьерлік әдіс-спермицидтер немесе жатыр ішілік спираль. Бұл әдіс андроген дәрежесіне әсер етпейді.

Комбинирленген оральды контрацепция: жүкті болудың алдын алумен қатар, осы патологияға емдік әсер етеді.Бұл әдістің эффективтілігінің көрінісі: гонадотропин синтезінің төмендуі, эндометрииге эстрогеннің пролиферативті эффективтілігінің тежелуі,етеккір циклінің қалыпқа келуі және андроген стимуляциясының төмендеуі.

Қант диабетімен зардап шегетін әйелдерге контрацепция қолдану

Қант диабеті бар әйелдерде жоспарланбаған жүкті болған кезде жүктіліктің және босанудың асқыну қаупі жоғары:көпсулық,преэклампсия,мерзімінен бұрын босану,босану жолдарының жарақаттануы,ірі ұрық,өлі туылу. Артериальды гипертензия және диабетикалық нефропатия дамид

Жатыр ішілік гормональды жүйе Мирена ең тиімді әдіс. Ол:

Жоғары эффективті

Жүйелік өзгерістерге әкелмейді (жергілікті әсер етеді)

Ұзақ уақыт қолданылады(5жыл)

Анемия,жатыр миомасы,эндометри гиперплазиясы кезінде емдік әсер етеді

Сүт безіне теріс әсер етпейді

Жатыр ішілік гормональды жүйені енгізу босанбаған әйелдерге 5% жағдайда қиындық тудырады.

Әйелдер жатыр ішілік гормональды жүйені енгізгеннен кейін 1 күн бойы сақталатын іштің төменгі жағындағы ауырсынуға,10 күн бойы өздігінен тоқтайтын қанды бөлініске шағымданады. Бұл организмнің бөгде денеге физиологиялық реакциясы болып табылады.

Контрацепция әдістерінің эффективтілігі

презерватив – 27,8%, үзілген жыныстық қатынас – 11,2%

(ЖІС – 8,3%, ОК – 3,8%). 48,9%

23.Жатыр ішілік спираль енгізу,спираль түрлері.Көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері. ЖІС енгізу шарттары және ЖІС алу шарттары

Жатыр ішілік спираль енгізу

Жатыр ішілік спираль артықшылығы:

Жоғары эффективтілік

Арзан бағалы контрацептив

5-8жыл бойы эффективті әсер етеді

Жеңіл енгізілуі

Жедел контрацепция ретінде қолданылуы

ЖІС кезінде жатырдан тыс жүктіліктің төмен жиелігі

Жатыр ішілік спираль келесі жағда      йларда енгізілмейді:

Жамбас астауы ағзаларының жедел және созылмалы қабыну ауруларында

Этиологиясы белгісіз жатырлық қан кетуде

Жамбас астауы ағзаларының қатерлі ісігінде

Жүктілің

Жатырдың анатомо-топографиялық өзгерістерінде,жатыр дамуының ауытқуында

ЖІС енгізуге дайындық:

Бимануальды тексеріс жүргізу. Жамбас астауы ағзаларының УДЗ,топографиясын анықтау мақсатында.

Қынап тазалығын және цервикалдь канал бөлінісін тексеру

Жатыр ішілік спираль енгізіледі: І-ІІ тазалық дәрежесінде, несеп-жыныс жүуйесінде,ішекте қабыну процесстері болмаған кезде. Жүктілік болмаған кезде.

ЖІС енгізу мерзімі

ЖІС-ді енгізудің оптимальды уақыты- етеккірдің соңғы күні немесе оның аяқталғанынан кейінгі бірінші күні

Асқынусыз өткен медициналық түсіктен кейін бірден немесе 6аптадан кем емес уақыттан кейін енгізіледі

Қалыпты, өздігінен босанғаннан кейін – бірден(10минуттан кейін) немесе 4-6аптадан кейін. Егер әйел лактационды аменореяны қолданып жүрген болса 5-6 айдан соң енгізіледі.

Кесар тілігінен кейін-12аптадан кейін

Жедел контрацепция ретінде овуляциядан кейін 5күннің ішінде

 

Жансыздандыру әдісі

Әдетте жансыздандыру қолданылмайды. Парацервикальды блокада қолдану мүмкін,әсіресе босанбаған әйелдерде.

ЖІС енгізуді жүргізу

Алдымен гинекологиялық креслоға отырғызамыз.. Әйел бөкселері кең ашылып, аяғы аяқ тірегішке тіреледі. Сол қолдың бас бармағы мен нұсқаушы саусақтарымен сыртқы жыныс ернеулері ашылады.Қынаптық айналарлы енгізу. Симса айнасын бірінші төменгі қынап қабарғасын төмен тартып тұрамыз, ол үшін 2-ші адам қажет. Ал өзіміз жоғарғы қабырғасын тарта тұрып жатыр мойнының жоғарғы ернеуін тартамыз, подьемник арқылы.

Жатырға арналған спиральды алып, ашпай тұрып ішінен екі мұртшасын түтікшесіне қарай бағыттап майыстырамыз сосын түтікше ішіше орналастырамыз. Міндетті түрде спираль орамын ашып алмауыңыз керек.

Әйел адам гинекологиялық креслода жатады стандартты қалыпта жатады. Сосын қынап қуысы мен жатыр мойнының аймағы 3% сутек тотығымен менструальды бөліністерден тазалау үшін қолданылады, сосын 2 реттік антисептикпен. Симса айнасымен қынап қуысын ашып тұрып, пулевой қысқыш арқылы жатыр мойнының жоғарғы ернеуі қысып алып, кішігірім дилатация(цервикальды каналша кеңейеді) байқалады. Содан арнайы құрылғы(зонд) арқылы жатыр куысы ұзындығын өлшейді. Зонды дәрігер оң қолы арқылы жаймен енгізеді, зондта белгіленген сандар бойынша жатыр түбіне тірелген жерін белгілеп алады.

Өлшеніп алынған ұзындықта түтікше-аппликатор арқылы спиральды жаймен енгіземіз. Оны жатыр түбіне дейін енгіземіз. Белгіленіп алған жерге келген кезде спираль жатыр түбіне келіп тіреледі. Сол кезде түтікше-аппликаторды жаймен аламыз.

Жатыр қуысына келіп тірелген спиральды түтікше-аппликатордан босатқан кезде оны «Т» мұртшалары босайды

Осыдан соң түтікше-аппликаторды артқа тартады, тартқан кезде оның ішкі бөлігін ұстап тұрады. Ары қарай түтік пен оның ішкі бөлігін бірге алып шығады. Соңғы этапта шыға берістен 2-3 см жерден мұртшаларын қиып алады.

 

ЖІС енгізгеннен кейінгі асқынулар:

Ауырсыну синдромы

Эмпульсия

Енгізгеннен кейін бірінші күні серозды бөліністердің болуы

Етеккір аралық қанды бөлініс-меноррагия

Қабыну аурулары

Жатыр перфорациясы

ЖІС алып тастау техникасы

ЖІС етеккір циклінің кез келген кезеңінде алып тастауға болады. ЖІС оптимальды алып тастау етеккір кезінде жүргізіледі,максимальды қан кету уақытында.

Алдымен гинекологиялық креслоға отырғызамыз.. Әйел бөкселері кең ашылып, аяғы аяқ тірегішке тіреледі. Сыртқы жыныс мүшелерін етеккір бөліністерінен тазалаймыз. Жатыр мойны,қынап антисептикпен өңделеді.

Синтетикалық мұртшаға тракция жасалады.

2% жағдайда ЖІС алып тастау кезінде қиыншылықтар болады. Бұл уақытта арнайы қысқыштар қолданылады.

№24 Билет

Босанудан кейінгі эндометрит, асқынуы, емдеу және алдын алу.

1 Босанудан кейінгі эндометрит жиі жеңіл формада өтеді, және жазылып кетеді. Бірақ әрбір 4 ші әйелдерде ол ауыр өтіп, асқынумен көрініп, инфекцияның генеализациясына қауіп болады.

 Клиникалық жағдайды және диагностикалау.

 Жеңіл формада ауру кеш басталады (босанудан кейін 5-12 апта), дене температурасының 38-38,5 С дейін жоғарылауы, ЭТЖ шамалы көтерілуі (25-30 мм/сағ), лейкоцитоз (9-12 шамасында). Науқастың жалпы жағдайы өзгере қоймайды, тәбеті және ұйқысы қалыпты, бас ауруы жоқ. Жатыр шамалы үлкейген, лохиялар ұзақ уақыт қанды болып келеді. Жеңіл формасында емдік шаралардан кейін тәулік ішінде әйел жағдайы жақсарады.

Ауыр босанудан кейін эндометрит босанудан кейін 2-3 тәуліктен басталады. Жатыр ауыртпалы, лохиялар іріңді, дене тепературасы 38-39 С, тахикардия, тоңазыту (озноб), әлсіздік анықталады.

Ауры эндометритте геммограма өзгеріске ұшырайды: гемоглобин деңгейі төмендеген, лейкоцитоз немесе лейкопения, таяқшаядролы лейкоциттер саны жоғарылай түседі.

Әсіресе кесар тілігі операциясынан кейінгі эндометрит ауыр өтеді. Әйелдің басы ауырады, әлсіздік, ұйқы бұзылуы, тәбет төмендеуі, іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар байқалады. Тахикардия, дене тепературасының жоғарылауы тән. Лейкоциттер саны қанда 14-30 дейін жетеді. Анемия әрбір 3 ші әйелде көрініс береді. Жатыр инволюциясы баяулаған.

 Босанудан кейінгі эндометритті диагностикалау үшін қазіргі заманауи трансвагиналді ультрадыбысты сканерлеуді қолдану нақты жауап береді алады. Бұл әдіс жоғары дәлдікпен жатыр қуысын, миометрий, және оның кері даму динамикасын көрсете алады. Сонымен қатар гистероскопияға қосымша бола алады.

Гистероскопиялық көрініс босанудың түріне байланысты (өздігінен немесе кесар тілігімен) болып келеді. Жатыр қабырғасында болбыр фибринозды қалдықтар, шырышты қабаты ісінген, көгеріп цинотикалық түрде болады. Жеңіл қанайтын тамырлар көрінеді. Эндометриттің созылмалы түрде өткен босанушы әйелдерде 9-10 тәулігінде жатыр қуысындағы қабырғасында тығыз, біркелкі фибринозды жағынды (налет), іріңді қоспалармен көрінеді. Лас ақ түстен, сарғыш жасыл түске дейін болып келеді.

 

Босанғаннан кейінгі эндометритті емдеу

Ең алдымен инфекция көзі –жатырға әсер ету керек. Жатыр ішінде қалдық заттар табылса, онған вакуум-аспирация жүргізіп, жатыр қуысын жуу қажет. Аспирацияны жалпы наркозбен жүргізу керек. Ыдыраған өнімдердің сіңірілуін азайту үшін жатыр қуысын антисептиктер және антибиотиктермен жуу жүргізіледі. Кең спектрлі антибиотиктерді ерте тағайындайды. Екі антибиотиктен кем емес, максимальді дозада микрофлора сезімталдығына байланысты енгізеді.

Антибиотиктер комбинациясы келесідей болуы мүмкін: оксациллин, метициллин 40 г тәулігіне; цепорин, кефзол, цефамизин 4,0 г тәулігіне; канамицин 0,5 г 4 рет тәулігіне; гентамицин 40 мг 2 рет тәулігіне.

Антибиотиктермен бірге сульфаниламидті препараттар да тағайындайды. Кандидоз және дисбактериозды алдын алу үшін нистатин 5 млн. ӘБ 4 реттен тәулігіне тағайындайды. Инфекция көзі анаэробты болуын ескере отырып, цефалоспориндерді (цефотаксим, цефметазон), гентамицин клиндамицинмен бірге тағайындау ұсынылады. Гиповолемияны жою үшін детоксикация және коллоидты –осмостық бұзылыстарды түзету жүргізу керек. Ол үшін көп компонентті гидратациялық терапия ұсынылады. Ол үшін 400 мл реополиглюкин ертіндісі, 200 мл қан плазмасы, 400 мл 10% глюкоза ертіндісі, 250 мл Рингер ертіндісі қолданылады. Тәулігіне инфузияның жалпы көлемі 1250 мл болу керек. Сонымен қатар іріңді қабыну аурулары гиповитаминозы дамуымен жүретіні белгілі. Сол үшін комплексті терапияға С және В тобындағы дәрумендерді қосу керек. Босанудан кейінгі эндометритті сәтті емдеп, жазу сепсис және перитониттің алдын алу болып табылады. Себебі дәл осы аурулардың бастамасы эндометриттен басталады.

 

 

№25 Билет


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 2243; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!