Е С Е Б І    М Е Н   Т А Л Д А У Ы

Ф. 4-34

 

С.БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

КЕЛІСІЛДІ Оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор ________________Кабиева А.А. 20__ ж. «__» _____________ БЕКІТЕМІН Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі _________Тоқсанбаева Т.Ж. 20__ ж. «__» _____________

5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына

арналған дипломалды тәжірибенің

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Ақтөбе, 2017

 

 

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

Аитова Нұрлыхан Нуруллақызы

 

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығына арналған дипломалды тәжірибесінің

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Педагогика факультеті

Оқу түрі: күндізгі

 

Ақтөбе, 2017

Дипломалды педагогикалық тәжірибе бағдарламасы 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған. ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №107 бұйрығымен бекітілген Ережеге сай   құрастырылды.

 

 

Құрастырған:          Аитова Н.Н. – қазақ тілі мен әдебиеті 

   кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

  

                               

 

 

Пікір берушілер:

 

Ниязова Ғ.М. -         Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік өңірлік                                            

                             университетінің доценті,ф.ғ.к.                                            

Амангазиева М.К. -        С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің         

                             доценті, ф.ғ.к.    

                               

 

© С.Бәйішев ат. АУ-нің әдістемелік қамтамасыздандыру және инновациялық даму бөлімі, 2017

МАЗМҰНЫ

Кіріспе....................................................................................................................6

 

1. тәжірибенің  мақсаты мен міндеті..................................................7

 

2. тәжірибе  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ мазмұны........................................7

 

3. тәжірибенІ даЙындау мен ұЙымдастыру және

тәжірибе өтетін орындар........................................................................8

 

4. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ  КҮНДЕРІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ СТУДЕНТТІҢ ЕСЕП БЕРУІ КЕЗІНДЕ ТАПСЫРАТЫН   ҚҰЖАТТАРЫ.......................................................................... 8

 

5. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ  НӘТИЖЕЛЕРІН  БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:.............................................................................................................10

 

6. РЕЙТИНГТІК–БАЛЛ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

..................................................................................................................................10

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.............................................................11

ҚОСЫМША............................................................................................................12

 

 

КІРІСПЕ

 

      Дипломалды тәжірибе дипломдық жұмысты орындайтын білім алушылар үшін ұйымдастырылады. .

           Қазіргі білім беру жүйесіндегі бағыттар мен жаңа әдістердің диплом жұмысында көрініс табуы ескеріле отырып тәжірибені ұйымдастыру жұмысының белгілі міндеттері анықталады.

       Тәжірибе мақсаты, мазмұны мен міндеті диплом жұмысын орындауға қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас, сонымен бірге тәжірибе өзінің сипаты жағынан кешенді. Өйткені арнайы пән Қазақ тілі мен әдебиеті және осы пәндерді оқыту әдістемесі пәндері арасында студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделген.

Дипломдық жұмыс – бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының (ҚР МЖМБС 3.08.267-2006) талаптарына сәйкес, жоғары оқу орындары студенттерінің оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби дайындығын анықтауға бағытталған.

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

­ сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдар, практиктер өткізген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

­ зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

­ нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

(ҚР МЖМБС 3.08.267-2006) сәйкес диплом жұмысының тақырыптары:

­ мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

­ қазіргі жағдай мен болашақтағы гуманитарлық және білім бағытындағы ғылымның дамуына сай болып,  шынайы міндеттерді есепке алуы керек. Осы міндеттердің орындалуы дипломалды тәжірибеде жүзеге асырылуы қажет.

 

1. ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Дипломалды тәжірибеніңмақсаты  дипломдық жұмысты жазудың аяқталуы болып табылады.

           

Дипломалды тәжірибенің негізгі міндеттері:

  • диплом жұмысының тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау;
  • дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтерді және практикалық материалдарды талдау;
  • дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша қорытынды, заңдылықтарды, дәйектемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
  • дипломдық жұмысты белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу.

 

 

2. ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Дипломалды тәжірибе жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмыс орындалатын 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының түлектері үшін бітіруші  курста өткізіледі. Дипломалды тәжірибе дипломдық жұмысты жазу үшін мамандықтың білім беру бағдарламасында көзделген. Дипломалды тәжірибе бойынша басшылықты әдеттегідей диплом жұмысының ғылыми жетекшісі немесе мамандықтың (біліктіліктің) ерекшелігін және тәжірибе базаларының қызметін жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар жүзеге асырады.

Дипломалды тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен айқындалады.

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ұсынылатын тақырыптар ең алдымен тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті мәселелеріне бағытталады, сонымен қатар білім бағыты бойынша мамандандырылатындықтан қазіргі білім парадигмаларына сай заман талабын, өндіріс (білім беру ұйымдары) талабын қанағаттандыратындай мазмұндағы тақырыптар ұсынылады. Тақырыптар әр диплом жұмысын жазатын студенттерге шаққанда кемі 3 тақырыптан келетіндей көлемде ұсынылып, таңдауы бойынша әр студентке бір тақырыптан бекітіледі. Ұсынылған тақырыптар қосымшада тіркелген (№5 үлгі).

 

 

3. тәжірибенІ дайындау мен ұйымдастыру және тәжірибе өтетін орындар

     Дипломалды тәжірибенің ұзақтығы мамандықтың күрделілігіне және біліктіліктің деңгейіне қарай білім берудің  жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стантартына сәйкес дипломдық жұмысты жазуға берілетін кредиттер санымен айқындалады. Оқу жоспарымен анықталған тәжірибенің өту мерзімі мен уақыты С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры бұйрығымен бекітіледі.

Тәжірибе басталмастан 1 жеті бұрын оқытушы – тәжірибе басшыларының міндетті түрде қатысуымен ұйымдастыру конференциясы  өткізіледі.

Тәжірибені өткізудің орындары – кафедра базасы, кафедра жанындағы ғылыми-зерттеу зертханалары, мамандыққа ғылыми-зерттеу орталықтары, қажеттілігіне қарай білім беру мекемелері (орта мектептер, колледж, т.с.с.)

 

Тәжірибені басқару және бақылау әдістері

 

        Дипломалды тәжірибе ұйымдастыру мен оқу - әдістемелік басқаруды кафедра жүзеге асырады.

     Кафедра тәжірибесінің дайындығын, ұйымдастырылуын, толық өткізілуін жүзеге асырады, басқарушы - оқытушыларды тағайындайды, тәжірибесінің басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру мәжілісін өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, тәжірибеге келісімшарты, т.б.) қамтамасыз етеді.

     Тәжірибенің қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп, дипломалды қорғаудағы баяндама және тәжірибе басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады.

Студенттің міндеттері:

- тәжірибе өтетін орынға тәжірибенің басталуына байланысты    бекітілген мерзімде келу;

- атқаратын жұмыстарға жауапкершілікпен қарау;

- бекітілген форма бойынша күнделікті әрдайым жүргізу және   тәжірибені өту туралы есепте жазып жүру;

- ішкі тәртіп ережесін бұзған студент-практиканттарға практика   өткен жердегі бөлім бастықтары шара қолдана алады. Бұл

  жөнінде студенттің университетте әрі қарай білімін жалғастыру   туралы мәселені шешу үшін кафедра мен университет   ректорына хабарлау қажет;

- өндірістік  тәжірибе бағдарламасын орындамаған, пікір   алмаған немесе есебін қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға   алған студент тәжірибені қайтадан 2 - рет өтуге жіберіледі   немесе ЖОО - нан шығарылады.

 

Тәжірибенің қорытындыларын рәсімдеу тәртібі

 

1.Күнделікті жүргізу және тәжірибе қорытындыларын рәсімдеу.

      Әрбір студент бірінші күннен бастап, 1 күнгі істеген жұмыстарын жаза отырып, дипломалды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп жүргізеді. Күнделік-есепте студенттің қай күні, қай жерде болғаны көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың мазмұны, өз бетімен жұмыс жүргізілді ме және мүмкіндігінше жұмыстың көлемі көрсетілуі қажет.

Күнделік-есеп көк сиямен ұқыпты толтырылады. Тәжірибе жетекшісінің басшылығымен өткен әрбір жұмыс күн сайын күнделікке жазылуы тиіс және ол жетекшінің қолымен расталады.

Дипломалды тәжірибе аяқталғасын тәжірибе жетекшісі студенттің диплом жұмысының қаншалықты орындалғанын, дипломалды практика жоспарының орындалу деңгейін тексеріп, күнделікке баға қойып, студент жұмысы бойынша өз ескертпелерін жазады.

Тәжірибе аяқталған соң күнделік-есеп тәжірибе басшысының тәжірибе есебінде көрініс тауып, тіркеледі.

2. Тәжірибе бойынша есеп құру.

       Студент - практикант тәжірибе нәтижелері бойынша есеп, күнделік-есеп жазады. Бұл құжат тәжірибені өту барысында барлық бөлімдер бойынша дайындалады. Есеп жоспарға сай беріледі.

     3. Тәжірибе бойынша есепті қорғау және оның қорытындыларын бағалау.

      Студент дипломалды тәжірибесін аяқтаған соң пікір алу мен қорғау үшін кафедраға құжаттарын  тапсырады. Барлық қосымша құжаттармен есеп кафедраға тапсырылады. Есеп кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады.

 

ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕРІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ СТУДЕНТТІҢ ЕСЕП БЕРУІ КЕЗІНДЕ ТАПСЫРАТЫН ҚҰЖАТТАРЫ:

1. Студенттің дипломалды тәжірибе кезеңінде жасаған жұмыстары жөніндегі есебі;

2. Практика кезінде жасаған жұмыстарының жоспар-кестесі;

3. Күнделік-есеп;

4. Студенттің бекітілген диплом жұмысы тақырыбына сай жұмыстары (диплом жұмысының нұсқасы);

 

 

     

4. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:

- Дипломалды тәжірибенің жоспар-кестесіне сай орындалған жұмыстардың деңгейі;

- Студенттің зерттеу тақырыбын игеру деңгейі;

- Болашақ маман ретіндегі зерттеушілік, әдістемелік, сүйіспеншілік, қызығушылық, шығармашылық қабілеті;

- Студенттің алда тұрған міндетті орындап,мәселені шешудегі қабілеті;

- Диплом жұмысы тақырыбына сай ғылыми, еңбектерге талдау жасау қабілеті;

- Диплом жұмысы сапасын бағалау;

- Студенттің тапсырған құжаттарына талдау жасау;

- Дипломалды тәжірибе бойынша студенттерге жетекшісінің пікірі.

5. РЕЙТИНГТІК – БАЛЛ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

Тәжірибені бағалау төмендегі жүйе бойынша жүзеге асырылады:

1. Диплом жұмысы жетекшісінің бағалауы 30 %.

2. Дипломалды практика жетекшісінің бағалауы 30 %.

3. Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағасы 40 %.

      Қанағаттанарлықсыз баға алған немесе есепті тапсырмаған жағдайда студент оқудан шығарылады.

         

Студенттердің тәжірибеден өтуін бағалау кесте бойынша жүзеге асады.

 

Кесте-1

Тәжірибе компоненттері max. балл
1. Диплом жұмысы жетекшісінің бағалауы 30 %
2 Дипломалды практика жетекшісінің бағалауы 30 %
3 Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағалауы 40 %
а Студенттің жұмыс жоспар-кестесі мен күнделік-есеп бойынша атқараған жұмыс деңгейі 10%
ә Алдын-ала қорғаудан өту бойынша 25%
б Диплом жұмысының ресімделуі 5%

 

 

Баға Мәні Балл Пайыздар, %
А

Өте жақсы

4,0 95-100
А- 3,67 90-94
B+

Жақсы

3,33 85-89
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+

Қанағаттанарлық

2,33 70-74
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F Қанағаттанарлықсыз 0 0-49

 

Оқу - тәжірибиесін аяқтаған студент 15 беттен аспайтын толық қамтылған, мазмұнды тәжірибе есебін тапсырады. Тәжірибе есебі А4 стандарт бетке (14 шрифт, сол жақта - 3,0 см, оң жақта - 1,0 см, үсті - 2,0 см, асты - 2,0 см. белгіленіп); 1,5 интервалында жазылуы тиіс. Мысал ретінде есептің көлемдік мазмұны (Қосымша 1).

 

Тәжірибе есебін жетекші тексеруді өткізгеннен кейін арнайы комиссия отырысында студент өз есебін қорғайды. Тәжірибе нәтижесі 5 балды жүйемен бағаланады. Баға сынақ кітапшасына қойылады.

Дер кезінде тәжірибеден өткендігі туралы есепті тапсырмаған немесе дәлелсіз себептермен қалған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент жоғарғы оқу орнынан шығарылуы мүмкін.

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

Нормативтік актілер мен әдебиеттер:

  1. 1995ж. 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
  2. ҚР Президентінің 2002 жылы 28 шілдедегі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы» заң күші бар жарлығы.
  3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, бакалавриат мамандығы 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті. ҚР МЖМББС 03.2005-2009 Астана.
  4. Типтік оқу бағдарламалары. Жоғары кәсіптік білім.
  5. Кәсіптік  практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары. ҚР БҒМ 26.01.2016, №107 бұйрық.

Қосымшалар

Студенттердің дипломалды тәжірибе бойынша іс қағаздарының үлгілері

№1 үлгі (есепке мұқаба бет)

С. БӘЙШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

Дипломалды тәжірибе бойынша

 

ЕСЕП

 

 

(практика базасының атауы, оқу орны)

 

 

 

Орындаған: ________________

___________________________

Практика жетекшісі:_________

___________________________

 

 

Ақтөбе, 2017

                                                                                                                               №2 үлгі

 

_____________________________ факультеті ________курс

 

 студент-практиканттың     ___________ жылдың «______»  __________ «______» __________ аралығында _____________________   базасында

 

дипломалды тәжірибеден өту қызметі жөніндегі  

 

 

Е С Е Б І    М Е Н   Т А Л Д А У Ы

1. Кіріспе (дипломалды практика барысы, уақыты, диплом тақырыбы аясы туралы)

2. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу мен жалпылау туралы

3. Дипломалды практикада зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтер мен практикалық материалдарды талдау бойынша

4. Диплом жұмысы тақырыбына қатысты негізгі әдебиеттерге шолу жасау

5. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, дәлелдемелер мен ұсыныстардың тұжырымдалуы жөнінде

6. Дипломдық жұмысты белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуі

7. Дипломалды практика бойынша есеп беру, диплом жұмысын алдын ала қорғауға дайындығы туралы

8. Дипломалды тәжірибе кезінде жасалған өзге жұмыстар жөнінде (эксперименттер жасау, сауалнамалар алу, кітапханаларда отыру, интервью жүргізу, мақалалар жариялау, тарихи құжаттармен жұмыс, мұрағаттарға бару, т.с.с. )

9. Қорытынды, ұсыныстар.

 

 

№3 үлгі

Диплом алды практиканың жұмыс жоспар-кестесі

 

 

__________________________________________мамандығы бойынша

 

Білім алушының____________________________ _____________курс                            

                                            аты-жөні, тегі

                                                 

 

________________________________________________________________________________

                                                   (оқу орнының атауы)

 

 

р/с

Дипломалды практика бағдарламасына сәйкес орындауға жататын жұмыстар тізбесі

Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері

ескертпе

басталуы аяқталуы
         
         
         
         
         

 

 

Дипломалды тәжірибенің жетекшісі _____________

 

20___ж. « »__________

 

 

№4 үлгі

Дипломалды практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

 

Білім алушы_______________________________________________

                                             аты-жөні, тегі

р/с

Дипломалды практика бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Дипломалды практика жетекшісінің қолы

басталуы аяқталуы
           
           
           
           
           
           

 

1. Оқып болған әдебиеттердің, технологиялардың, еңбектің озық әдістерінің, негізгі талдау әдістерінің, зерттеу аспектісінің, т.б. сипаттамасы

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім алушының қолы_____________________________

 

20___ж. « »__________

 

Дипломалды тәжірибенің тікелей жетекшісі _____________

 

20___ж. « »__________

 

1. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы бойынша дипломалды практикасы жетекшісінің қорытындылары

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Дипломалды тәжірибенің ұйымдағы жетекшісі _____________

                                                                                     қолы

20___ж. « »__________

 

№5 үлгі

2016-2017 оқу жылына 5В011700 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімдерінің бітірушілеріне арналған диплом жұмыстарының тақырыптары

1) Абайдың қарасөздеріндегі рухани таным

2) Абайдың этика-эстетикалық көзқарастарының тарихи-идеялық негізі

3) Адамның мінез-құлқына қатысты атаулардың танымдық-лингвистикалық табиғаты

4) Ақтөбе аймағындағы ақындық дәстүр жалғастығы

5) Ақын-жыраулар поэзиясындағы көне сөздер

6) Ақын Фариза Оңғарсынованың поэзиясының көркемдік қуаты

7) Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығындағы рухани ұлттық дәстүр

8) Әдеби шығармашылық және көркемдік әдіс

9) Әсет Найманбаевтың шығармаларындағы шығыстық дәстүр

10) Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасы

11) Бата-тілек мазмұнды сөздердің суггестиялық табиғаты

12) Балалар көркем әдебиетінің лингвостатитистикасы

13) Б.Күлеев және А.Құнанбаев поэзиясының үндестігі

14) Б.Уорф интерпретациясы бойынша хопи және ағылшын тілдеріндегі уақыттың көрінісін қазақ тілі материалдарымен салыстыра талдау

15) В.фон Гумбольдттың тіл мен мәдениет арақатысына көзқарасы

16) Ғаламтор желілілеріндегі қазақ тілінің қолданысы

17) Дискурс теориясы негіздері

18) Детектив дискурс мәселесі

19) Ділдік лингвистика негіздері

20) Есенбай Дүйсенбайұлы шығармаларының тілдік ерекшеліктері

21) "Едіге" тарихи-қаһармандық эпосындағы басты кейіпкерлер образы

22) "Едіге" тарихи-қаһармандық эпосының ұлттық нұсқалары

23) "Едіге" тарихи-қаһармандық эпосының зерттелуі және теориялық негіздері.

24) Есенбай Дүйсенбайұлы лирикалық қуаты

25) Жай сөйлемді оқытуда ойын технологиясын қолдану

26) Жетес би шығармашылығындағы рухани құндылықтар

27) Жөкей Шаңғытпайұлы - эпик ақын.

28) Жамбыл Жабаев шығармаларындағы ұлттық болмыс

29) Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух

30) Жыраулық поэзияның кейінгі қазақ әдебиетіне әсері

31) Жарнама саласындағы қостілділік мәселесі

32) Жаңа технологиялар негізінде қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың құрылымдық-жүйелілік ерекшеліктері

33) Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен әдеби белестері

34) Көркем шығармаларды жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту

35) Көне түркі әдеби ескерткіштерінің қазақ әдебиетімен сабақтастығы

36) «Кіндік», «құймышақ» концептісі 

37) Қазақстандағы үштұғырлы тіл мәселесі

38) Қазақстан тұрғындарының кеңістіктік түсініктері: лингвотанымдық аспект

39) Қазіргі қазақ тіліндегі әскери терминдердің қалыптасуы

40) Қазіргі қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасуы мен зерттелуі

41) Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа бағыттар мен тәжірибелер

42) Қазіргі қазақ драмматургиясының дамуы мен өркендеуі

43) Қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінің тарихи грамматикалық байланысы

44) Қазіргі қазақ драмматургиясындағы жанр, стиль мәселесі

45) Қазақстан батыс өңірі әдебиетінің жиналуы, зерттелуі және дамуы

46) Қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүр, мазмұн мен форма

47) Қазақ жер-су атауларындағы дыбыстық семантика

48) Қазақ фольклорының жанрлық ерекшеліктері

49) Қазіргі қазақ тіліндегі функционалдық стильдер жіктелісі

50) Қазақ ұғымындағы топонимдік және этномәдени кеңістік

51) Қазақ тілі сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

52) "Қарасай-Қази" тарихи-қаһармандық эпосының ұлттық версиялары

53) Қазақ әдебиетіндегі хандар бейнесі

54) Қазақ әдебиетіндегі батырлар бейнесі

55) Қазақ әдебиетіндегі шығыстық сарын

56) Қазақ тіліндегі «жаулық, орамал» атауларының этнолингвистикалық, лингвотанымдық мәні

57) Қазақ тілінде «ғашықтық» сезімінің вербалды, бейвербалды берілу ерекшеліктері (қазақтың ақын-жазушылар шығармалары негізінде)

58) Қазақ тіл білімінің қазіргі даму бағыттары

59) Қазақ және қытай халықтары тіліндегі мақал-мәтелдер менқанатты сөздердің лингвотанымдық табиғаты: салғастырмалы талдау

60) Қазақ ақындары шығармаларындағы «ауыл», «қала» концептісі

61) Қазақ тіліндегі «ұят» концептісі

62) Қазақ тіліндегі «шаш» түсінігіне қатысты әдет-ғұрыптардың лингвотанымдық мәні

63) Қазақ халқының «ат қою» ерекшелігі, ат қою мәдениетінің тілдегі көрінісі

64) Қазақ тіліндегі топонимикалық атаулардың танымдық негізі

65) Қазақ және ежелгі грек мифологиясындағы ұқсас сарындар

66) Қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері

67) Қазіргі жаңа сөздердің сөзжасамдық негіздері

68) Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әйел шығармашылығының руханилылығы

69) Қазіргі қазақ әдебиетіндегі айтыс жанрының көркемдік қуаты

70) Қуандық Шаңғытбаев шығармаларының поэтикалық қуаты

71) Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі

72) Лингвоэкология ғылымының қазақ тіл білімінде қалыптасуы

73) Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік қуаты

74) Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы нумеративтік лексика

75) Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-лингвистикалық негіздері

76) Мәтінге лингвистикалық сараптама жасау негіздері

77) Метафоралардың танымдық табиғаты

78) Міржақып Дулатов шығармаларындағы ұлттық идея

79) Мұхтар Мағауин шығармаларындағы отарлық езгі көріністері

80) Мұхтар Әуезов шығармашылығы және фольклор

81) Модульдік технология негізінде оқыта үйрету ойындары арқылы етістікті оқытудың жаңаша көзқарастары

82) Молдульдік оқыту технологиясы негізінде тілдік ортаны қалыптастыру

83) Нұрейіс Байғанин шығармашылығындағы көркемдік айшықтар

84) Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі фразеологизмдердің қолданысы

85) Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктері

86) Отбасылық ғұрыптар лексикасы

87) Оқушылардың мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту

88) Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында және мұғалімнің шығармашылығын арттырудағы молдульдік технологияның маңызы

89) Поэтикалық мәтін және интертекстуалдылық

90) Сан есімді мақал-мәтелдердің лингвомәдени негіздері

91) Сәкен Сейфуллин шығармашылығындағы Алаш идеясы

92) Сөйлеу әдебі және лингвистикалық мәдениеттанудың негізгі мәселелері

93) Табиғи құбылыстарға қатысты атаулардың семантикалық мазмұны, тіркесімділік қабілеті

94) Тарихи романдардағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

95) Тарихи романдардағы әйел сипаты: танымдық лингвистикалық аспект

96) Тіл синергетикасы негіздері

97) Тілдік таңба және оның мәдени контекстегі бейнесі

98) Тобық Жармағамбетов және қазақ прозасы

99) Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларындағы діни-ағартушылық идея

100) Тұрсынбек Кәкішев және сын мәселесі

101) Түркі тілдеріндегі топонимикалық атаулардың танымдық негізі

102) Ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптартың лингвотанымдық мәні

103) Ұлтаралық қарым-қатынас нәтижесіндегі лексикалық қордың өзгеруі

104) Үмбетбай Уайдиннің әдеби мұрасы

105) Фольклор және рухани құндылық

106) Халық ақыны Сарышолақ Боранбайұлының әдеби мұрасы

107) Шешендік өнер және рухани құндылық

108) Шешендік өнердің этнопсихолингвистикалық мәні

109) Ым тілі (паралингвистикалық аспект)

110) Ізтай Мәмбетовтің аудармашылық қыры

111) Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарихи көркем бейне

112) Этнопсихолингвистикалық зерттеулер және ғылым ретінде қалыптасуы

113) Эпостағы топонимдік фольклор

114) Эпостық жырлардағы «батыр» концептісінің этномәдени сипаты

115) 12 жылдық мектептегі зерттеушілік оқыту технологиясының оқушы  

құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі

 

 

Дипломалды педагогикалық тәжірибе бағдарламасы 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған. ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №107 бұйрығымен бекітілген Ережеге сай құрастырылды.

 

 

Құрастырған:       Аитова Н.Н. – қазақ тілі мен әдебиеті    кафедрасының   

                                                       доценті, ф.ғ.к.

 

 

 

 

 

 

Редактор: Аитова Н.Н.                                                                                                                   

 

Компьютерде беттеген: Итемген А.Т.

 

 

 

 

(С.Бәйішев атындағы АУ-нің оқу-баспа орталығы, Ақтөбе, Ағ. Жұбановтар көшесі -302А, тел. 8-71-32-97-47-02)


Дата добавления: 2018-04-04; просмотров: 837; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!