Хлорамин ерітінділерін даярлау 10 страница



10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

11. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Мұзды мұйықты қолдану

 

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері:ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері:ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты         2 сағатқа қоюға болады.

Қыша қағаздарын қою

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).

4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

- қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;

- емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

-

Ыстық ылғалды компресті қою

Мақсаты:емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.

Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

Дайындаңыз:ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін,               2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Науқасты жылы жабыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.

Салқын компресті қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері:жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған       2 салфетканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.

7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

 

Ескерту:бүкілемшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою

Мақсаты:қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері:инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері:қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар:терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз:компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

8. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

10. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

11. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

13. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

Сүлікті қою

Мақсаты:емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.

Қолдану көрсетілімдері:гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.

Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.

Қоятын жерлері:емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.

Асқынулар:терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды,     40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.

5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

6. Теріні құрғатыңыз.

7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

8. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.

10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

11. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.

12. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).

13. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.

14. Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.

15. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.

16. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.

17. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.

18. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).

19. Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

21. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1043; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!