Деформациялық манометрлер



Деформациялық манометрлер өздерінің қарапайымдылығына, ыңғайлылығына, төзімділігіне байланысты өндірістерде жиі қолданылады. Деформациялық манометрлердің көмегімен өлшенетін қысымның мәні, сол қысымның шамасына сәйкес, сезгіш элементтердің деформациялануына байланысты.

Түтікті пружина. Қысымды сезетін сезгіш элементтердің бірнеше түрлері бар. Солардың қатарына түтікті пружинаны, сильфонды, гофрленген және жазық мембраналы, мембраналы қораптарды жатқызуға болады. Түтікті пружиналы сезгіш элементтерді, әдетте, Бурдонның пружинасы деп те атайды. Бұл сезгіш элементтің бір ұшы қысымның шамасына байланысты қозғалатын болса, екінші ұшы бекітілінген.

Түтікті пружиналы сезгіш элементті 1845 жылы неміс инженері Шинц ойлап тапқан. Шинцпен жұмыс бабамен араласып тұратын париждік Бурдон оны патенттеді. Сондықтан бұл сезгіш элементті 1848 жылдан бастап, Бурдон түтігі деп аталынатын болды.

Артық қысымның әсерінен Бурдон түтігі тарқатылады да атмосфралық қысымнан аз қысымның әсерінен ширатылады.

Мембраналы манометрлердің жұмысы қысымның мәнініе байланысты мембрананың деформациялану шамасын өлшеуге негізделінген. Мембрананы агресивті газдардың және сұйықтардың әсерлерінен сақтау үшін оның беті қорғаушы заттармен өңделеді, не болмаса, сол ортаға төзімді жұқа қабыршақтармен қапталады. Мембраналар болаттың түр-түрінен, қоладан, латуннан жасалынады.

Қысымды өлшеген кезде мембраналы сезгіш элементтердің деформациясы (ауытқуы, майысуы) төмендегі теңдікпен анықталынады:

(6.1)

мұндағы R - мембрананың радиусы; h - мембрананың қалыңдығы; µ - Пуассонның коэффициенті; Е – мембраның материалының серпімділік модулі.

Сильфондар. Штромейер 1907 жылы алғашқы рет қысымды өлшеу үшін сезгіш элемент ретінде сильфонды ұсынған.

Өстік N күшінің әсерінен сильфон түбінің өстік ығысуы δ (6.2) теңдеуімен өрнектеледі:

(6.2)

мұндағы ho – ішкі диаметрі; n – гофрдің саны; α – тығыздалу бұрышы; Ао А1 А2 Во – коэффициенттер.

Мембраналы сезгіш элементтері бар өзгерткіштер қатарына 6.1.суретте келтірілген Метран фирмасының Метран-43 өзгерткішін мысалға келтіруге болады.

 

Өлшеу құралына


6.1.сурет. Метран-43 қысымды өлшейтін өзгерткіш.

 

Мұндай өзгерткіштерді әртүрлі технологиялық процестердегі қысымдардың шамаларын өлшеуге ойдағыдай қолдануға болады. Өлшенетін қысымға байланысты Метран-43 өзгерткішінен халықаралық стандартқа сәйкес электрлік сигнал 4-20 мА шығады. Өлшеу дәлдігі өте жоғары және жұмыста сенімді.

Осы фирманың Метран -43-ДД (моделдері 3494,3494-01, 3494-02, 3494-03) қысымды өлшеу өзгеткіштері, құлама қысымды өлшейтін болғандықтан, сұйық пен газдардың шығынын өлшеуге өте қолайлы құрал.

Қазіргі кезде Метран фирмасының өнімдері қысымның барлық түрлерін өлшеуге керекті өзгерткіштерді шығарады. Өнімдерінің барлығы халықаралық дәрежегі сай. Солардың бірі Метран 100 сериялы қысымды өзгерткіш. Осы интеллектуалды өлшеу құралының көмегімен абсолюттік, артық, құлама қысымдардың шамаларын өлшеуге болады. Шығатын сигналы 4-20мА тең. Сезгіш элементтерінің жұмыстары пьезорезисторлік эффектке (6.2.сурет) негізделінген.

 

 

6.2.сурет. Метран 100 қысым өлшейтін өзгерткіші.

 

Метран 100 көмегімен газдың, пардың, сұйықтың қысымдары өлшенеді. Өлшеу шектері 0-100 МПа аралығында. Сезгіш элементі ДД үшін өлшеу шегі: 0,1; 0,25; 4; 10; 16; 25; 40МПА. Сегіш элементі ДГ үшін өлшеу шегі: 0,25; 0,4; 4; 6; 10МПа тең.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!