I Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру



ЖОСПАР

· Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру

· Ауыл экономикасын арттыруға инновация, білім және ғылымды тарту мәселелері

· Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері

I Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру

 

 

Экономиканың ең маңызды саласының бірі – бұл ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы, сонымен қатар өзіне тән ерекшеліктерге ие. Себебі бұл сала төмен табысты болып есептеледі.Ол табиғат климат факторларына тәуелді, ондағы өндіріс мерзімді циклдық жағдайда жүреді. Ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму түрғысынан алғанда да өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған эканомикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді және салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру мақсатында тиімділік көрсеткіштерін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор.

Ауыл шаруашылығындағы өндірістік тиімділік - күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдық өндірістің маңызды бөлігі - нәтижелік көрінеді. Экономикалық тиімділіктің критерийі - 1 адам басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі болып табылады.

Жалпы ұлттық табыс - өндірістің одан ары қарай ұлғаюының және жетілдірілуінің негізі болып табылады. Таза өнімге кеткен шығынның аз болуы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің критерийі болып табылады. Бұған материалдық, еңбек және жер ресурстарының рационалды пайдалану арқылы қол жеткіземіз.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экономикалық тиімділік түрлері:

1. салалық тиімділік

2. ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кәсіпорынның тиімділігі

3. ішкі шаруашылық бөлімнің тиімділігі / бригада, ферма, бөлімдер, цехтар, т.б./

4. ауыл шаруашылығының жеке салаларының тиімділігі /өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы/

5. ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлері мен дақылдар тиімділігі / картоп, бидай, қант, ет, сүт, т.б/

6. жеке шаруашылық іс шаралардың тиімділігі / агротехникалық, зоотехникалық, ветеринарлық, инженерлік/.

Осы тиімділіктердің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығы нәтижелерінің тиімділігі - ресурстардың тиімді пайдаланылуы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады.

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.

Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және айналым капиталы толығымен кіреді.
Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады:

•100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға;

•1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа);

•100 тг негізгі өндірістік қорларға;

•100 тг барлық өндірістік шығындарға.

Бұл көрсеткіштердін әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды.Бұл көрсеткіштердін қатынасы шаруашылықтың тауарлылығы туралы толық көрініс береді. Жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы жалпы және таза табыс кеңейтілген ұдайы өндірісті ұйымдастыру тұрғысында жерді пайдаланудың экономикалық жағдайын синтездейді.

Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың ең маңызды жақтарын сипаттайтын басқа бір қатар көрсеткіштер мен толықтыруларды ұсынады. Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады:

•өнімділік және еңбек ақы;

•өнімнін өзіндік құны;

•күрделі салымдардың тиімділігі.

Ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігін, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс.

Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады.

Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады.

Рентабельділік-экономиканың маңызды категориясы. Ол кәсіпорынның табыстылығы мен мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз табыстан кеткен шығынды азайту.
Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.

Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек.

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз.

Ауыл шаруашылығы тиімділігіне әсер етуші факторлар көп және алуан түрлі. Біреулері ауыл шаруашылығы ұжымдарының қызметіне байланысты, ал біреулері технология мен өндірістік ресурстарды пайдаланып, ғылыми-техникалық прогресіне жету арқылы ұйымдастыру болып табылады.

Табыстың өсуі өнімнің сапасының жетілдірілуіне байланысты. Сапасыз және стандартсыз тауарлардың нарықта арзан бағамен сатылады және кейде нарықтан шығады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында бидай, қанттың, жемістердің, сүттің сапасының маңызы зор.
Табысқа әсер етуші факторлар бір-бірімен тығыз байланысты және 1 фактордың өзгерісі келесі факторларға әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі ол ЖҰӨ арттыру, шығындарды азайту және оның өнімділігін арттыру.

Өндірістің соңғы нәтижесіне оның өндіріске кеткен материалдық-қаржылық шығындар әсер етеді.

Өндіріс көлемінің артуы, сапасының өсуі, шығындардың аз болуы көлік шаруашылығының дамуына, өндірістің тиімділігінің артуына ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда өнімнің өткізу арналарының да маңызы зор. Ол арқылы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады, табыстың өсуіне әкеледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру:

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі

- Ауыл шаруашылығының жануарларының өнімділігі

- Ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылығы

2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне кеткен материалдық-қаржылық шығынның төмендеуі.

3. Өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы.

Астық өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның деңгейін тұрақтандыру мәселесі бойынша жалпы жағдайға келер болсақ жауап өзінен-өзі тауылып отыр: елге және оның тұрғындарына жасалған көптеген эксперименттердің нәтижесінде жалпы өндірістің құлдырауы және оның салдары ретінде экономикалық тиімділіктің түсуі байқалады (бұл астық өндірісіне қатысты) Қазақстан республикасында, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазіргі кезде өндірістік резервтер мен материалдарды қамтамасыз етумен өте қиын жағдайда, ауылда жұмыс істейтін жұмыскерлер мен адамдар көп айдан бері ақшалай еңбек ақы алмайды (тек өнім түрінде). Мұндай жағдай барлық шаруашылықта байқалып жатқан жоқ, қәзір енді аз - аздап жаңа табысты шаруашылықтар пайда болып жатыр (мысалы, қожалықтар). Бірақ бұл өкінішке орай қазір барлық жерде байқалып жатқан жоқ, бұл үшін қажетті түрде шаруашылықта топырақ жағдайын тексеру үшін материалды ресуртар еркін болу керек, жаңа техника, жақсы тұқым сатып алу керек, дақылдарды егуде қорғау шаралары жүргізу керек.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!