з.ғ.к., ассоц. профессор С.А. Сарина

Халықаралық төрелікпен дауларды шешу процедурасы» тақырыбындағы дипломдық жұмысына

Пікір

 

Студент Ж.М. Шамшетова «Халықаралық төрелікпен дауларды шешу процедурасы» тақырыбына дипломдық жұмыс жазған.

Жұмыс кіріспе, үш тарау және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Халықаралық коммерциялық арбитражды шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы дауларды шешуші механизм әрі орган ретінде танимыз. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі де осы органның қызметіне байланысты болып отыр. XX және XXI ғасырда сыртқы сауданың, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына байланысты халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттеуге үлкен көңіл бөлінді, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.

Дипломдық жұмыстың логикалық құрылымы сақталған: кіріспеде автор өз жұмысының өзектілігін көрсетіп, басты мақсаттарын ашық айқындаған.

Бірінші бөлімінде арбитражға деген қызығушылықтың сауданың дамуымен қатар өсуі, арбитражды, сауда сияқты ежелгі деп айтуға болатындығы мен саудагер мамандығы әлемде ең ежелгі болып табылмаса да, халықаралық саудамен айналысқандықтары туралы айтылады. Ассириялықтар ежелгі египтіктерді сатқан; қытайлықтар -Үндістан, Грек және Рим халықтарын сатқан және сол кездерде олар сауда дауларын шешумен жиі айналысқан. Халықаралық коммерциялық арбитраждың тарихи пайда болу негіздері, олардың ерекшеліктері мен қажеттілігі және де Халықаралық коммерциялық арбитражға қатысты өте маңызды халықаралық құжаттар жүйесі, Арбитраждық келісіммен оның түрлері жан-жақты терең зерттеліп қарастырылған.

Екінші бөлімінде әйгілі Париждегі Халықаралық сауда палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық соты, Стокгольмның Сауда палатасының Арбитраждық Институты, Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот, Германдық арбитраж Институты, Американдық Арбитраждық Ассоциациясы мен Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотының қызметі мен құзыреті туралы, арбитраждық тергеу бойыша әрқилы отырыстар мен тыңдаулар орнын, сағатын және күнін тағайындау тәртіптері, Бейбіт келісімдерге келудің салдары мен Арбитраждық комиссияның құрылуы, құрамы мен қызметі қарастырылған.

Сонымен қатар арбитраж аd hос (тура-"бұл үшін", яғни белгілі істі қарау үшін), басқаша "бір реттік" деп аталады және нақты дауды қарау үшін тараптармен арнайы құрылатындығы, дауларды шешуде халықаралық мәміле қатысушыларының қызметін жеңілдету, халықаралық деңгейде арнайы регламенттер жасау, тараптармен процедураны таңдауды жүзеге асыру оған сәйкес арбитраждық сот өндірісті жүргізу тәртіптері терең зерттелген.

1976 жылы халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) Арбитраждық регламентті қабылдады және де Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды танудың және арбитраждық өндірісте оны қолданудың бірнеше жолдарын қарастырған.

Соңғы бөлімде шетелдік арбитраждың шешімін тану және оны ретке келтіру мәселелерінде, даудың сипатына байланысты, халықаралық коммерциялық арбитраждың екі түрге: жалпы және арнайы бөлінетіндігі, даулардың белгілі категориясын қарастыратындығы, №125 ГАФТА (GAFTA) арбитраждың Ережелеріне сәйкес, арбитраждық соттың барлық шешімдері жазбаша түрде толтырылады және дербес арбитрмен қол қойылуы тиіс, ал егер істі трибунал қараса, онда арбитраждық соттың барлық үш мүшесі қол қоятындығы сонымен бірге, көптеген елдерде, арбитр шешімге қол қойған елде, арбитраждық шешім шығарылған болып есептелетіндігі айтылған. Арбитраждық шешімді тану және орындаудан бас тартудың негіздеріне 1996 ж. "Арбитраж туралы" Англияның Заңы, 1993 ж. "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" РФ Заңы, 1929 ж. "Шетелдік арбитраждық келісімдер және шешімдер туралы" Швеция Заңы, 1958 ж. Нью-Йорк конвенциясын қарастырады.

Қорытынды бөлімінде автор өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін және халықаралық арбитраждың қызметті жетілдіру шараларын келтірген. Сонымен бірге халықаралық коммерциялық арбитраждың ерекшелігін, арбитраждық тергеуді жүзеге асыруы мен өзгерту, тоқтату әдістерін қарастырған. Дауларды шешудің жарамды тәсілдерінің бірі ретінде 1975 жылғы Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Жиынның Қорытынды актісі мен арбитраж туралы ережелер екендігі, осыған байланысты Қазақстан Республикасына да халықаралық коммерциялық арбитраж туралы Заңды қабылдаған жөн деп таниды.

Дипломдық жұмысты жазу барасында автор Отандық және де шет елдік ғалымдардың оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттерін терең зерттеп қолдануы жұмыстың дербестігін көрсетеді.

Дипломдық жұмысты рәсімдеу сапасы қойылған талаптарға сай келеді. Жұмыс өте мұқият, жоғарғы деңгейде жазылған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Шамшетова Ж. дипломдық жұмысын аттестациялық комиссияның алдында қорғауға ұсынуға болады.

 

Ғылыми жетекші:

з.ғ.к., ассоц. профессор С.А. Сарина


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!