Делдалдарға сыйақы беру тәсілдері



 

Шетелдерде делдалдарға сыйақы есептеу мен төлеу­дің келісімдерде міндетті түрде көрсетілетін бірнеше тә­сіл­дері бар.

Өткізу нарығындағы тауарларды өткізу бағасы мен экспорттаушылар бағалары арасындағы айырма дел­дал­дарға сыйақы берудің ынталандырушы тәсілдерінің бірі болып саналады. Мұндай жағдайда делдал өткізілетін тауарлардың бағаларын жеткіліксіз түрде болжау есебінен негізсіз жоғары пайда алмас үшін, тауарды экспорттаушы экспортталатын тауарлардың өткізу бағаларын, нарықтағы өткізу деңгейін жақсы білуі тиіс.

Дегенмен, делдалдан өзінің тауарларын міндетті түрде экспорттық бағадан жоғары емес деңгейде сатуды талап етуге болмайды. Делдал өзінің шығындарын ғана жауып қоймай, сонымен бірге пайда алатындай ақша табуы тиіс. Сондықтан экспорттық (фактуралық) бағалардан делдалдың пайдасына пайыздар есептеледі, бұл пайыздар делдалды өткізу көлемін ұлғайтуға және белгілі бір шамаға дейін бағаны көтеруге ынталандырады, әрине бұлардың бәрі келісімде қосымша ескертілуі қажет. Экспорттау­шы­лар келісімде әрқашанда жоғары шекті бағаны белгілеуге ұмтылады. Мұндай жағдайда баға фактурасы және бағалар айырмасымен сыйақы төлеудің аралас формасы қол­да­ны­ла­ды, бұл экспорттаушының мүддесіне жауап береді.

Делдалдардың нарықта тауарлардың жаңа үлгілері бойынша зерттеулер заң кеңестерін және жарнама науқандарын жүргізуі кезінде сыйақыларды, атқарылатын жұмыстардың көлеміне қатысты, күні бұрын келісілген сомада белгілеу дұрыс болып саналады.

Егер делдалдың шығындарын күні бұрын анықтау қиынға түсетін болса, сыйақы төлеу «кост пласт» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйенің маңызы, дел­дал­дың экспорттаушы-сатушыға келтірілген шығын­дар­ды рас­тай­тын құжаттарды беруінен көрінеді. Сатушы дел­дал­дар­ға келісілген пайызға көбейтілген және делдалдың пайда­сын құрайтын шығындарды өтейді.

Әлемдік саудада делдалдардың түрлеріне қатысты сый­ақылардың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Сенген­дер­ге (поверенный) сыйақы контрактылар сомасына пайыздар түрінде есептеледі. Қосымша міндеттемелер тұрақты сомалардан немесе «кост плас» жүйесі бойынша алынады. Комиссионерлерге комиссиялық сыйақылар, агенттерге – агенттік сыйқылар төленеді, ал өткізуші делдалдарға сыйақы төлеудің барлық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Сыйақылар төлеудің барлық тәсілдері делдалдың пайда табуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі уақытта сыртқы нарыққа өз бетімен шығу құ­қы­­на ие болған қазақстан кәсіпорындары, жарнама сипа­тын­дағы қызметтер көрсету, контрактылар мен келісімдер жасау, маркетингтік зерттеулер бойынша шарттар жасай­тын сыртқы сауда салалары мен ведомстволарының дел­дал­дық қызметтерін жиі пайдаланатын болады. Мұндай қыз­меттерге сыйақылар, «кост плас» жүйесі арқылы төле­не­ді.

Сыйақы төлеудің бүкіл тізіп шыққан тәсілдері ішкі, сол сияқты халықаралық саудаға да қатысты. Халықаралық саудада сыйақы төлеудің екі тәсілі қолданылады:

а) делдал оған есептелетін соманы, жеткізілген тауар­лар үшін экспорттаушыларға төлейтін төлемнен ұстап қа­ла­ды;

ә) жеткізілген тауарлар үшін делдалға төленген тө­лем­дерден сатушыларға сыйақылар аудару жүзеге асы­ры­ла­ды.

Сыйақы төлеудің екінші тәсілі қазақстанның сыртқы сау­да ұйымдары үшін қолайлы болып саналады, өйткені дел­далдардың жасаған келісімдері бойынша өз алған мін­дет­темелерін қаншалықты орындауларына байланысты, олар­ға төленетін төлемдерді реттеуге және бақылауға мүм­кін­дік береді.

Брокерлер, комиссионерлер және сауда үйлері қазақ­стан­дағы делдалдықтың неғұрлым кең тараған түрлері бо­лып саналады.

Сыртқы экономикалық қызметтер аясында жұмыс іс­теу­ші қазақстандық делдалдар комиссионерлер сияқты ба­сым түрде қатысады және шетелдік клиенттермен, тау­ар­лар­ды экспорттаушы өндірушілермен немесе импорт тау­ар­ларға тапсырыстар берушілермен комиссиялық және тап­сырма бойынша шарттар жасайды.

Республиканың сыртқы экономикалық кешенін ре­фор­малау жағдайында оған нарық конъюнктурасын, мар­ке­тинг­тік қызметті жақсы білетін, келісімдердің халық­ара­лық қалыптары мен жағдайларын сақтайтын шетелдік дел­дал­дар кең түрде тартылуда. Әсіресе, тәжірибесі жет­кі­лік­сіз өнді­ру­ші­лерге сыртқы экономикалық байланыстардың қулық­та­рын терең сезініп, білу қиындыққа түседі. Сон­дық­тан рес­пуб­ликада сыртқы экономикалық салада ұйым­дас­қан дел­далдық қызметтің болуы аса маңызды болып са­на­ла­ды.

 

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!