Нарықта делдалдарды пайдаланудың қажеттілігін туғызатын себептер



Меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан аума­ғын­­да тіркелген барлық кәсіпорындар мен бірлестіктерге рұқ­сат етілген сауда делдалдығы нарықтық экономиканың маңызды және ажырағысыз бөлігі болып саналады.

Делдалдар – бұл келісімдер жасауға тілек білдіруші тараптарды байланыстыратын тұлға. Олар тауарларды тасымалдау, сақтау, өткізу, сақтандыру және басқа салаларда әрекет етеді. Делдалдар тапсырыс берушілердің есебінен жұмыс жасайды және сол үшін сыйақы алады. Брокерлер, диллерлер, комиссионерлер, маклерлер, сауда және өнеркәсіп агенттері делдалдарға жатады.

Делдалдық фирма – бұл тауарларды тікелей тұтыну­шы­ларға өткізуге көмектесетін коммерциялық кәсіпорын не­месе ұйым, яғни бұл сатушылар мен сатып алу­шы­лар­дың контрактылар жасауына көмектесетін және осы негіз­де делдалдық операцияларды жүзеге асыратын фирмалар мен ұйымдар.

Сыртқы экономикалық операциялардың үнемділігін арттыру делдалдарды қатыстырудың мақсаты болып саналады. Мысалы, экспорт кезінде сауда делдалы тауар өндірушіні тауарларды өткізумен байланысты көптеген міндеттерден босатады. Ол импорттаушы елдің тауарын жеткізіп береді, тауарларды сұрыптайды, буып-түйеді, орайды, нарық сұранысын ескере отырып, түр-түрлері бойынша тауарларды іріктейді. Тауарларды өндірушілер шетел нарығында беки түсу үшін делдалдардың тәжірибесі мен білімін пайдаланады, сонымен бірге импорттаушы-елдің өзіндік өткізу жүйесінде маңызды қаржы үнемдейді.

Осымен байланысты маңызды деген сауда-делдалдық фирмалар қоймалардың, жөндеу шеберханаларының, тау­ар­ларды көрсететін залдардың, бөлшек сауда кәсіп­орын­да­ры­ның үлкен жүйесін ұстайды, неғұрлым үнемді және пайдалы делдалдық операцияларды жүзеге асырады. Келесі факторлар нәтижесінде үнемділік пен пайда артады:

1. Делдалдардың қатысуы тауарлардың өту жедел­ді­гін арттырады, соның нәтижесінде капитал айналымы жыл­дамдап, пайда көбейеді.

2. Делдалдар нарықтық конъюнктураның өзгеруіне жедел және белсенді әсерленісін білдіреді, өйткені сатып алушылармен тығыз байланыс жасайды. Бұл тауарды неғұрлым пайдалы жағдайда өткізе отырып, оларға экспорт мүддесі үшін табысты жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Делдалдар тауарлардың бәсекеге төтеп бере білу қабілеті мен сапа деңгейі туралы бастапқы ақпараттарға иелік етеді.

3. Делдалдарды тарту тауарлардың бәсекеге төтеп бере білу қабілетін арттыруға көмектесетін болады, өйткені делдалдар техникалық қызмет көрсетуді және сату алдын­да­ғы сервисті жүзеге асырады, сондай-ақ аралық қоймалар­да­ғы тауарларды жеткізіп беру мерзімін қысқартуға да әсе­рін тигізеді.

4. Маңызды делдал фирмалар өздерінің капитал­да­рын өткізу жүйелерін құру мен дамытуға, қоймалардың ма­те­риалдық-техникалық базаларын дамытуға жұмсайды. Экс­порттаушылар сыртқы нарықта сұраныспен пайдала­ны­ла­тын тауарлар өндіруді ұлғайту мақсатымен меншікті қар­жыларын үнемдеу үшін тура осындай делдалдарды із­дей­ді.

5. Делдалдардың, негізінен, белгілі бір тауарларды жаппай өткізуге маманданатындығымен байланысты, өткізілетін тауар бірлігіне шығындар кемиді, бұл пайданың өсуіне және қосымша коммерциялық пайдалар алуға әкеледі.

Негізінен, делдалдарды тарту (қатыстыру) олардың қызметін пайдаланудың дұрыстығы туралы алдын-ала эко­но­микалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Делдалдарды тарту экспорттаушылардың өз бетімен тауарларды өткі­зуі­мен салыстырғанда, табысын көбейтіп және қосымша пай­да алуына көмегін тигізу тиіс.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін делдалдар кең түрде қатыстырылады, олар сатушыларға берілген басымдықтар сияқты сатып алушыларға да сондай басымдықтар береді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!