Халықаралық тауар аукциондарын өткізудің мазмұны мен негізгі кезеңдері



Аукцион – сатып алушылар арасында бағамен жа­ры­су­ымен сатып алу-сату келісімдері арқылы жүзеге асы­ры­ла­тын, арнайы ұйымдастырылған, мерзімдік әрекет ететін нарықты білдіреді.

Халықаралық аукциондарда сатылатын негізгі тауар­лар: аң терілерінен жасалған тауарлар, жуылмаған жүн, шай, темекі, гүл, көкөніс, жеміс-жидек, орманның тропи­ка­лық тектері, жылқы, балық және т.б. Мысалы, АҚШ пен Ка­надада аукциондар арқылы аң терілерінің 70%-ы, Да­ни­я­да – 90%-ы, Швеция мен Норвегияда 95%-ы өткізі­леді. Ха­лық­­аралық аукциондар арқылы сондай-ақ әлемдік нарықта сатылатын шайдың 70%-ы, Автралия мен Жаңа Зеландияда экспортқа шығаратын жуылмаған жүннің 90-95%-ы саты­ла­ды.

Әрбір аукциондық тауарлар үшін өзінің аукциондық сауда орталықтары бар. Мәселен, Санкт-Петербург, Нъю-Йорк, Монреаль, Лондон, Лейбциг, Копенгаген, Осло, Стокгольм және т.б. аң терілері мен тері шикізаттарының сауда орталықтары болып саналады. Бүкіл әлемде 150-ден аса халықаралық аң терілерінің аукциондары өткізіледі. Шаймен жасалатын аукциондық саудалар үшін тән сипат олардың оны өндірумен айналысатын жерлерге жақын орналасуы болып саналады, мәселен, Үндістандағы каль­кут­та мен кочеште осы елдің экспортқа шығарын шайының 70%-ы, сол сияқты Коломбодағы Шри-Ланкада сыртқа шығарылатын шайдың 70%-ы сатылады. Жапонияның, Нор­вегияның, ҚХР-дың, АҚШ-тың фирмалары қатысатын Сингапурдегі шай аукционы әлемге танымал. Индо­не­зияда, сондай-ақ Үндістанда, Шри-Ланкеде өндірілетін шай­лар Лондондағы, Гамбургтегі, Бремендегі, Лоасанедегі (Замбия) аукциондар арқылы өткізіледі; гүлдер – Амстер­дам, Алсмер; көкөністер мен жеміс-жидектер – Антерпен мен Амстердамда; жылқы – Довиль (Франция), Лондон, Успен (Мәскеу түбінде) аукциондарында сатылады.

Жеке ірі сауда фирмалары, компаниялар, сатушы­лар­дың одақтары мен ассоциациялары, арнайы аукциондық делдалдық (брокерлік) кеңселер тауар аукциондарының ұйымдастырушылары болуы мүмкін. Ұйымдастырушылар өздерінің есептерінен сатып алынған тауарларды ұсынады. Сонымен қатар олар өндіруші-фирмаларға, ассоциация­лар­ға немесе фермерлер коопера­тив­теріне жататын сатып алын­ған өнімдерді өткізуге қатысады.

Халықаралық аукциондарды ұйымдастыру мен оның техникасы, онда сатылатын тауарлардың сипатымен анық­т­алатын өз ерекшеліктеріне ие. Дәлірек айтқанда аукцион­дар­ды өткізу 4 кезеңнен тұрады: әзірлік, тауарларды тек­се­ріп қарап шығу, аукциондық сауда, аукцион келісімдерін ресімдеу және орындау.

Аукциондық сауданың қарқыны өте жоғары және сатып алушыдан аса жоғары ден қоя білушілік пен тез әсерін білдірушілікті талап етеді. Бір тауарды сату үшін орта есеппен 30 секунд қана жұмсалады. Аукциондық келісімді ресімдеу аукцион аяқтала салысымен жүзеге асырылады. Сатып алушы үлгі (типтік) контрактыға қол қояды. Жасалған контракт негізінде төлем жасайтын сатып алушыға есеп-құжат жазылып беріледі. Төлемнің 30-35%-ы контрактыға қол қойғаннан соң бірден төленеді, қалған сомасы тауарды түсіргеннен кейін немесе оны алғаннан кейін салынады. Тауар үшін белгіленген мерзімде оның со­масы төленбеген жағдайда аукционды ұйым­дастырушылар келісімді бұзылған деп санап, тауарларға өздерінің ұйғарымдары бойынша иелік ете алады, ал келтірілген шығындар алынған аванс есебінен жабылады.

Аукциондық сауда сатып алушылардың көпшілігін өзі­не тартады және тауарлардың үлкен көлемін шо­ғар­ландыра отырып, жабдықтаушылар үшін, сол сияқты сатып алушылар үшін де маңызды түрде қолайлы жағдайлар ту­ғы­зады. Дегенмен, аукциондық саудаға қатысып, табысқа же­ту үшін халықаралық тауар аукциондарын ұйым­дас­ты­рудың ережелері мен тауарлар туралы көбірек ақпарат­тар­дың болуы қажет.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!