Нысанға мəліметтер беру

Нысан жайындағы мəліметтер тізімге енгізіледі. Егер жаңа қабат құру кезінде кесте əлі құрылмаса, онда кесте құрылымын қайта жасау келесі түрде орындалады: Кесте/Өзгерту/Қайта құру (ары қарай Жаңа кесте құруға қараңыз). Ақпарат құралының көмегімен енгізіледі. Курсорды нысанға апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз жəне пайда болған терезеге нысан туралы ақпарат енгізіңіз

Терезе / Жаңа тізім (Window/ New Browser) немесе пиктограммасын басу арқылы тізімді ашуға болады. Пайда болған терезеде қажетті кестені таңдап ОК басыңыз. көмегіне қарағанда «Тізім» терезесінде нысандар атрибуттарын енгізу ыңғайлы, бірақ нысандарды шатастырмас үшін нысандарға атаулар мен индекстер қою керек. Картада немесе тізімде нысанды белгілегенде нысанға сай қара түсті кубпен белгілейді

 

 

Сұраныс

Сұраныс белгілі қабаттың барлық нысандарын таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін Сұраныс / Таңдау басыңыз. Пайда болған терезеде (5.3-сурет). Аспалы менюде қажетті қабатты таңдап ОК басыңыз. Таңдалған қабаттың барлық нысандары белгіленеді.

 

 

Ескерту: Егер сіз Browse Results опциясын таңдасаңыз, онда тізім терезесі пайда болып, картаны жабады. Қажетіне қарай сіз оны жабасыз немесе бүктеп (сворачивать) қоясыз.

 

Сұраныс көмегімен тікелей графикалық нысандарға немесе атрибутты мəліметтер базасына Сұраныс/Таңдауды (Query/Select) басып, сұраныс терезесін шақырамыз

 

 

Пайда болған Таңдау/(Select) терезесінде Select Records from Table жолында таңдаған кестені көрсетіңіз: (бұл жағдайда Landcape_reg_500), that Satisfy жолындағы таңдау жағдайы:(бұл жағдайда бағандағы атрибуттардың қосындысы бойынша I жəне II ³ 100000 болатын нысандар таңдалынады), Store Results in Table жолында қорытынды кесте атауы енгізіледі: (бұлжағдайда Selection атауы қалдырылады), Sort Results by Column жолында қорытынды кестеде нысандардың орналасуынөсуі бойынша реттеу: (бұл жағдайда Index_L), Browse Results опциясында таңдау нəтижелері кесте түрінде берілуі үшінгалочка қою керек, егер картада болса, алып тастайсыз.

Save Template/ батырмасын басу арқылы сұраныс құрылымын сақтауға жəне / Load Template/ арқылы алғашқы сақталғанды шығаруға болады.

 

SQL – сұраныс

SQL – сұраныс тілі, мəліметтер базасы колонкасында есептеулер жүргізуге, берілген жағдайларға сай мəліметтер базасында таңдау жүргізуге жəне т.б. мүмкіндік береді. Бұл жетекшілік SQL тілін толығымен үйренуге жеткіліксіз, себебі бұл өте ұзақ жəне қиын процесс. Тек сұраныс құрылымы жəне қарапайым есептеулер мен таңдау мысалдары қарастырылады. Сұраныс/ SQL сұраныс… (Query/ SQL Select…) басамыз, SQL іске қосылады

 

From Tables жолында мəліметтер бойынша кесте таңдалынып есептеулер жүргізіледі (бұл жағдайда Landscape_reg_500), Select Columns терезесінде: аспалы жолдарды пайдаланып есептеулер құрылады (Columns – берілген кестеден бағандар таңдалады, Operators – операторлар таңдалады (+, -, /, *, <, >, <= жəне т.б.)), Functions – есептеулер үшін қажет функциялар таңдалады (бұл жағдайда Area(obj.”sq km” – графикалық нысанда атрибуттарынан автоматты түрде алынған аудан км2). Құрылған есептеулер ландшафт аудандарында автоматты түрде компьютермен есептелген картаға енген векторлы объектлерге сай I жəне II баған қосындысының пайыздық қатынасын алуға мүмкіндік береді. Order by Columns жолында: қорытынды бағанда реттелетін жазбалар бойынша баған таңдалады. Ең соңында / Verify/ батырмасын басу арқылы тексеру жүргізіледі, синтаксистің қате екендігін не дұрыстығын көрсететін терезе пайда болады. Егер Syntax is correct! – теңдеу дұрыс құрылған. / ОК/- ді басыңыз, қорытынды кесте пайда болады

 

Қорытынды кестеге баған қосу үшін тышқанның оң жақ батырмасын кестеге апарып басып, Pick Fields… таңдау керек, пайда болған терезеде Fields in Table тізімінен Columns in Browse тізіміне баған қосып, / ОК/ -ді басыңыз.


Дата добавления: 2015-12-16; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!