Бухгалтерік есептің аудитпен байланысы



Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

Басқаша айтсақ, резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғыртуға міндетті.

Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі.

1. Резервтік капиталға аударымдар – 5510 К-т «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 5460 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Д-т 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты бойынша.

2. Резервтік капиталды пайдалану Д-т 5410, 5460 шоттары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

«Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 6200 бөлімшесі және 3340 Басқа да шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 6800 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивидендтер мен кіріс төлеуге;

«Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» 5610 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қалдықтардың 13 журнал-ордердің мәліметтері бойынша Бас кітапта келтірілген 5410 шот қалдықтарымен сэйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.

 
 


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады,

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Қосымша төленген капитал дегеніміз -акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен козғалысы туралы ақпарат жинакталады.

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда кайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге кұқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Резервтік капитал- акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді телеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында керсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалып-тастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімінің: "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқадай резервтік капитал" — деп аталатын шоттарда есептеледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

Алматы -2006ж., 126 бет

3. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2005ж, 225

4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2006ж., 445 бет

5. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2007 ж, 213 бет

6. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2005ж, 168 бет

7. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау//Алматы, 2008

9. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы- 2003;

10. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы – 2006

11. ҚР-ң қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы, 2008

12. Бтймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп//Алматы – 2007

13. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп принциптері//Алматы, «Экономикс», 2007

14. Қазақстан Республикасының Парламент Жаршысы, N 4, 2008

15. Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 28 ақпан №234 III Заң күші бар Жарлығы.

16. Меншікті капитал есебі//Бухгалтер бюллетені-2009

17. Кәсіпорынның жарғылық капитал есебін талдау//Қаржы – қаражат, 2008 7

18. Бухгалтерский учет//БИКОАлматы, 2001

19. Экономикалық теория негіздері, Алматы-2007

20. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп//Алматы – 2006

 

 

Қосымша 1. Кәсіпорындармен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялардың мазмұны     Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
       
1. Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы      
2. Серіктестердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) 2730, 2411-2417, 1310 – 1317, 1330, 1060, 1050, 1040, 1010, 1020  
3. Серіктестердің (акционерлік коғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы     2730, 2411-2417, 1310 – 1317, 1330, 1060, 1050, 1040, 1010, 1020
  Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына   5000, 5001  
  Серіктестердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды     1050, 1060, 1010, 1020
  Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары           5000, 5001
  Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі      
7 Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі      
  Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі   1050, 1060, 1010, 1020  
  Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, туарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы     2730, 2411-2417, 1310 – 1317, 1330,  
  Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акциларының құнына     1050, 1040, 1010, 1020
  Сатылып алынған акцилардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі: - егер акциялар өзінің атаулы құнынан төмен бағаға сатылып алынса; - егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса -            
  Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы   1254, 1040, 1010, 1020  
  Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі   2412-2417  
14 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі       2421-2428
  Негізгі құралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны      
  Инвесторлардың, серіктестердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына          
  Қайта бағалаудың нәтижесінде алынған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі      
  Бұрын жүргізілген қайта бағаладың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі           1150, 1130, 1110
  Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағаланған сомасы           5410, 6210

 

Қосымша 2. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

 

Операциялардың мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
       
  Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы        
  Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы        
  Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы   5010, 5010   5410,5430
  Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы   5010,5020  
  Ағымдағы жылғы зиянды өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы   5310, 5320  
  Өткен жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы     5310,5320    
  Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома    

 

 
 

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!