Резервтік капиталдың есебі



Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5500-ші "Резервтік капитал" бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-ші "Заңдармен белгіленген резервтік капитал" және 5520-ші "Басқа да резервтік капитал".

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖІПС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысыңда, құрылтайшьшардың шарттарында) белгіленеді, соңдай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды калыптастырған (қүраған) кезде 5610 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал каражаттарын пайдалану 5410-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3030, 3340 — артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен телеген кезде; 5510-шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)", 5530-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5530-ші "Басқа да резервтік капитал" шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 55410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала есептелмеген, төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында керсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалып-тастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімінің: "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқадай резервтік капитал" — деп аталатын шоттарда есептеледі.

Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы ессбінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Д-т: "Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы" шоты,

К-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік ссепте:

Д-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай резервтік капитал" шоттарының тиістісі,

К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)";

"Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)";

"Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шотта жүргізіледі. (Қосымша 2)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2005 жылғы 22 желтоқсанындағы №426
бұйрығымен бекітілген
               
"__" _________ жылғы жай-күй бойынша
меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп
               
ұйымның атауы _______________________________________
ұйым қызметінің түрі ___________________________________
ұйымдастыру-құқықтық нысаны ___________________________
ұйымның заңды мекен-жайы ____________________________
          Мың теңге    
  Жол коды Бас ұйымның капиталы Аздық үлесі Капиталдың жиыны
    Шығарылатын капитал Резервтік капитал Бөлінбеген табыс Барлығы    
               
Есеп беру жылдың 1 қаңтарына арналған сальдо              
Есеп саясатындағы өзгерістер              
Қайта есептелген сальдо (010-жол +/- 020-жол)              
Активтерді қайта бағалаудан түскен пайда/залал              
Ақша ағындарын хеджерлеу              
Шетелдік қызметтің бағам айырмасы              
Капиталдың өзінде тікелей танылған пайда/залал (031-жол +/- 032-жол +/- 033-жол)              
Кезеңдегі пайда/залал (040-жол +/- 050-жол)              
Кезеңдегі пайданың/залалдың барлығы              
Дивиденттер              
Акциялардың эмиссиясы              
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар              
    Есеп беру жылының 31 желтоқсанына арналған сальдо (060-жол - 070-жол + 080-жол - 090-жол)              
Алдағы жылға ауыстырылған 1 қаңтарға сальдо              
Есеп саясатындағы өзгерістер              
Қайта есептелген сальдо (010-жол +/- 020-жол - 132-жол)              
Активтерді қайта бағалаудан түскен пайда/залал              
Ақша ағындарын хеджерлеу              
Шетелдік қызметтің бағам айырмасы              
Тікелей капиталдың өзінде танылған таза пайда/залал (131-жол +/- 132-жол +/- 133-жол)              
Кезеңдегі пайда/залал              
Кезеңде танылған пайданың/залалдың барлығы (140-жол + 150-жол)              
Дивиденттер              
Акйиялардың эмиссиясы              
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар              
Алдағы жылдың 31 желтоқсанына арналған сальдо              
               
               
Басшы _________________________ _________        
(аты-жөні) (қолы)            
Бас бухгалтер _________________________ _________        
(аты-жөні) (қолы)            
Мөр орны              
               
                             

 


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!