Кесте 1. Инвестицияны қайта бағалау операциялары



5430 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының темендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1140 шоттары кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2210-2310 шоттары кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары ұшін 5440-ші "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция-неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шотгың дебеті бойынша керініс табады.

Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5440 "Басқа да" шотының дебеті бойынша көрініс табады, ал егер де керісінше болса, онда 5440 шотының кредитінде көрсетіледі.


Дата добавления: 2015-12-18; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!