Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесін атаңыз. 3 страница



Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта қарастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасынсыз қарастыру мүмкін емес.

Идентификация мен диагностика мәселелері бір-біріне қарсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентификациялык мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификациялык. мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің анықталуы мүмкін. Осы іздерді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау - диагностиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып табылады. Диагностиканың көмегімен сөзіктіні ұстауға, жэбірленушіні өлтіру құралын аныктауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялык, зерттеу жүргізіледі.

Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретінде қылмыс оқиғасын құ-райтын материалдық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты кұрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн. Идентификация объектісі ретінде тек қана материалдық заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардың күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, оқиға механизмдері де кіреді.

 

16. Жауап алғанда колданылатын тактикалық әдістер мен беттестіру тактикасын анықтаңыз.

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.

Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұлдай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.

Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.

Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.

Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.

Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жагдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мүндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез тұсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.

Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытгалған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажет оқиғаны да есіне түсіреді.

 

17. Бейне және дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдану және криминалистикалық фото, бейне және дыбыс жазбаларын қолдануды процессуалды-криминалистикалық рәсімдеуін анықтаңыз.

Криминалистикалық фото-, бейне және дыбысжазбаларының қорытындылары процесуалды-криминалистикалық рәсімделгеннен кейін ғана тергеу процесіне толық қолданылуы мүмкін.

Фототүсірілім қолданылған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында келесі мәліметтер орын алуы қажет: фотосуретке түсірілген объектілер жайлы;

1. қолданылған фотографиялық құралдар (аппараттың типі, объективтің түрі, жарық фильтрінің маркасы және т.б.) туралы;

2. суретке түсірудің тәсілі мен жағдайы, жарықтандыру сипаты және түсірілім уақыты, оқиға болган жердің түсірілім нүктесі кестеде немесе жоспарда көрсетіле отырып хаттамаға бекітілуі тиіс;

4. қажет болған жағдайларда алынған қорытындылар жайлы мәліметтер.

Хаттамаға тіркелетін фототүсірілімдерді фотокесте түрінде рәсімдеу қажет.

Әрбір түсірілімнің астына тиісті нөмір қойып, қысқаша түсіндірме беру керек. Барлық түсірілімдерге тергеу органының мөрлері қойылып куәландырылады. Мұнда мөртаңбаның бір бөлігі фотосуреттің төменгі шеткі жағына, ал келесі бөлігі кесте парағының бетіне түсіріледі. Фотокестелердің аты болуы керек, онда фотокесте қай тергеу әрекетінің хаттамасына бекітілгендігі және тергеу әрекетінің уақыты көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар хаттамаға тіркелетін түсірілімге тергуші қол қояды. Егер фотосуретке түсіруді басқа тұлға жүзеге асырган жағдайларда міндетті түрде олардың қолдары қойылады.

Аталган кестелер, оның негативтері пакетке салынып, сәйкес түсініктемелер беріле отырып тергеу әрекетінің хаттамасымен бірге қылмыстық іске қосымша ретінде тіркеледі.

Бейнефонограммадағы жөндеу жұмыстары жасалған бейнефонограмманы пленкі бөліктерімен бірге пакетке салып буып-түйіп және оны мөрлеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеу қажет. Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекетіне сәйкес бейнежазбаға түсірілген әрбір жеке участкелер, олардың әрқайсысының мазмұны және бейнежазбаны түсіру кезіндегі нақты уақыты хаттамада көрсетілуі тиіс. Тізімге тергеуші өзінің қолтаңбасын қояды. Бейнежазба аяқталғаннан соң оны қарап тексеру куәгердің және тергеу әрекетін жүргізу

барысы мен оны түсіруші тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылып, хаттама толтырылады. Жауап алу барысында хаттамаға мүмкіндігінше бейнежазбаны қолдану кезінде жасалған бейнефонограммадан басқа да стенофонограммаларды да бекіту қажет. Бұл жауап алынушының әділетсіз берген жауабының нәтижесін дәлелдеуді қамтамасыз етеді,

Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында қолданылатын фототүсірілімдер сарапшының зерттеудегі қорытынды бөлімінен көрініс табуы қажет және мұнда міндетті түрде фототүсірілімнің түрі мен оның негізгі жағдайлары көрсетілу тиіс.Сарапшының қорытындысына ұсынылатын фототүсірілімдер, әдетте арнайы бланкіде фотокесте түрінде рәсімделеді. Әр фотосуреттің астына міндетті түрде анықтамалық қолтаңбалар қойылады. Егер фотосуретте қандай да бір (сәйкес, бірыңғай келетін немесе айыратын және т.б.) белгілер жасалған жағдайда фотокестеге бақылаушы фототүсірілімдер (сол фотосуреттер, бірақ еш белгі қойылмай) жапсырылуы қажет.Әрбір фотосурет сараптама мекемесінің мөрімен бекітіледі. Мұндай фотокестелердің басында, олар қандай қорытындыларға тіркелетіндігі (қорытындының нөмірі және оның жасалу уақыты мен сарапшының куәландыратын қолы қойылуы тиіс) жөнінде жазылуы керек.

18. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір окпанды атыс қаруларын, сонымен катар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған октарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу мен ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу жолдарын анықтаңыз.

Бұл тіркеудің түрі арқылы ұрланған және жоғалған атыс қаруларын іздестіру шараларын жүргізуге, сонымен қатар атыс қаруын қолданып жасалынған қылмыстарды ашу мен тергеуге мүмкіндік туғызады. Тіркеу келесідей картотекалар түрінде жүргізіледі:

а) ұрланған және жоғалған ату қарулары бойынша;

э) табылған, алынған және өз еркімен тапсырылған атыс карулары бойынша жеке оқ-гильза картотекасы жүргізіледі.

Қару-жарақ тіркеуге қойылмас бұрын оқ-гильза картотекасы бойынша тексеруден өтеді. Оқ-гильзалардың ішінде осы қарудан атылғандары бар ма, ашылмаған қылмыстар бойынша осы қарудың қолданған қолданбағандығы анықталады.

Тіркеу карточкасында қару-жарақтың түрі, жүйесі, моделі, шығарылған жылы, нөмері, сыртқы бейнесінің белгілері, кұрылысының ерекшеліктері бекітіледі. Картотекадағы карточкалар ең алдымен қару-жарақтың түрі бойынша, содан соң жүйесі, моделі, нөмері және езге де белгілері бойынша орналастырылады. Оқтар, гильзалар, патрондар калибрі бойынша іріктелініп, содан соң іздер қалдырған қару-жарақтың түрі, жүйесі және моделі бойынша тіркеледі.

Коллекцияда сонымен бірге ок, гильза, патрондардан көрініс тапқан қару-жарақ бөліктері ерекшеліктерінің үлкейтілген фотосуреттері сақталынады. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу. Жоғарыда көрсетілген тіркеудің бірінші түрі ұрланған заттарды іздестіруге септігін тигізеді. Тіркеуге әртүрлі заттар алынады. Олар бұрын қылмыскерлер ұрлаған, тастап кеткен немесе жоғалтқан деп жорамалдауға негіз бар кезде ұрланған немесе табылган заттар ретінде жеке немесе мемлекеттік меншіктегі мүліктер бола алады. Сонымен қатар, тінту немесе ұстау кезінде алынған иесі белгісіз заттар.

Тіркеуге алынатын заттардың белгілері толық егжей-тегжейлі жекелендірілетін белгілерімен қоса сипатталуы керек. Картотекаға сәйкес заттардың, оған ұқсас заттардың фототүсірілімдері, зат жасалынған материалдар үлгілері мүмкіндігінше қосымша тіркеледі. Карточкалар ең алдымен заттардың криминалистік маңыздылығы бойынша (ұрланған, жоғалған және т.б.), содан соң олардың атауы (алфавиттік тәртіппен), түрі және топтық белгілері бойынша жүйеленеді.

 

19. Оқиға болған жерді карау кезеңдері және тәсілдері мен куәландыруды анықтаңыз.

Окиға болған жерді карау екі кезеңге белінеді және осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл колданылады.

Тергеу әрекеті окига болған жерді жалпы шолып караудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді окиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезеңде тергеуші окиға болған жерді толығымен, жалпы шолып карау арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі дәл те санауға болады.

Бұл кезеңнің негізгі міндеті - оқиға болған жерді нактылап аныктау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, карауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғүрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрақтар: қылмыскер бұл жерге (айталық, пэтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстын ізі қай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объектілердің орналасуын, олардың ара қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алганда оқиға болған жерді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын кажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада қарау, ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар окиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарау әдісі де қолданылады.

Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі - адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу кезінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және карау мезгілінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Осыған байланысты олар тергеулік және медициналық куәландыру деп аталады.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады. Айталық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба. тағы басқа да ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау кезінде жалаңаштан-дыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу кезінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жүмыстардың бәрі моральдык нормаларға сай болуы тиіс.

20. Тінтудің тактикалық әдістері және оның корытындысын бекіту жолдарын анықтаңыз

Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Соңдықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту арқылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондықтан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер қолдану арқылы, тінтетін ұйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тэсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен гана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін.

Бұдан кейін жүргізілетін жүмыс - тінту нысанын жалпы шолып қарау, ауланы, бөлмелерді бақылап, дайындық үстінде алған бағдарлық мәліметтерге сәйкес пе, жоқ па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге қазіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, нақты жаңа жағдайларға байланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті цылмыскер болып, оның қару қолдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.

Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпылай тштіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұқыпты, мұқият тексеріп шығу қажет. Қалтасынан табылған құжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге қойылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қатыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.

Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі бір тәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толық және дұрыс қолданылуына байланысты.

Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қайдан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрықша назар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер алдында анықтап, шешіп алады. Ал, қайдан іздеу керектігі тінтілетін нысанды (үйді, бөлмені) жалпы шолып қарағанда анықгалады.

21. Криминалистикалық габитологияның түсінігі және оның ғылыми негіздерін және адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесін атаңыз.

Габитология - әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.

Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңгеру - білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен қолданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әртүрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өңцелген). Идентификациялауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі - адамды сыртқы бейне белгілері бойынша салыстыру болып табылады.

Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялаудың әдістері мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицинасы, математиканың кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне сүйене отырып ұзақ жылдар бойы қалыптасқан.

Адамдарды криминалистикалық идентификациялауға мүмкіндіктің болуы, кез-келген адамның сыртқы бейнесінің басқа адамда қайталанбайтын белгілерінің болуына байланысты. Әлемде сыртқы бейне белгілері

жиынтығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді, тек бір-біріне ұқсас адамдар кездеседі. Бір қағида криминалистикалық идентификация теориясы мәліметтеріне және тікелей анатомиялық мәліметтерге негізделеді. Барлық материалдық дүние объектілері өзіне-өзі ғана тең, тіпті бір тектес объектілердің өзінде де бір-бірінен айыратын ерекшеліктері болады.

Адамның сыртқы бейнесінің барлық белгілері тұрақты емес, олар жиі өзгерістерге түсіп түрады.

Адамның сыртқы бейнесінің ең мәнді өзгерістері ұзақ уақыт ішінде пайда болады. Олар әсіресе адам сүйегі қалыптасқан кезендерде көзге қатты түседі, яғни балалық және бозбалалық кезеңдерде. Жасөспірімдердің өзгеріске ұшыраған белгілерін бейнелеу немесе суретке түсіру және теңдестіру жолдарымен бекіту аралығында айтарлықтай көп уақыт өтпейтіндіктен криминалистикада ол белгілердің мәнді маңызы жоқ. Ұзақ жылдар өтсе де,

кейбір белгілер катты өзгеріске ұшырамайды (адамның құлақ қалқаны, оның формасы, бөлшегі).

Адамның сыртқы бейнесі зақым алған жағдайда қатты өзгеріске ұшырайды, бірақ зақым көбінде адамның бетінің жеке бөліктеріне ғана түсуі мүмкін (тыртық, күйік), сондай-ақ ол салыстырмалы түрде аз кездеседі.

Сыртқы бейненің ең тұрақты белгілері сүйекті-шеміршек негізімен байланысты, мысалы: адам бетінің формасы, маңдай формасы мен оның орналасуы, мұрын арқалығының формасы және оның орналасуы, құлақ қалқаны және т.б.

 

22. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқыктык негіздері мен тіркеудің түрлерін атаңыз.

Қылмыспен күрес жүргізу мақсатында біздің дәуірімізге дейін де тіркеу әдістері қолданылған. Әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру, яғни тану мен жазалауды қатарынан жүзеге асыру (б.д.д. ІІ-ші ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы). Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа бөлшегіне күйдіріп түсірді.

Таңбалау қылмыскерлерді үстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның кайда, қашан және не ұшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын аныктауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты тексерулер жүргізді.

Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында (1882 ж.) А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистикалық оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «қылмыстық тіркеу» - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі танда криминалистикалык тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, суреттермен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі - бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы – криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу тетігі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып келеді.

Криминалистикалық тіркеулер қылмыстық процесуалдық зандарда тікелей қарастырылмаған. Бірақ та криминалистикалық тіркеуді жүргізу тәртіптері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары негізінде анықталады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында бекіту тәртібіне қатысты заттай дәлелдемелерді сақтау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды қатыстыру; сот сараптамасын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен қатар, полиция мен жедел-іздестіру қызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалық тіркеудің қүқықтық негізі болып табылады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!