Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесін атаңыз. 1 страница



Трасология - криминалистикалық техниканың дәстүрлі саласы болып табылады. Трасология - механикалық әсерге түсетін іздерді зерттейді. Трасологиялық зерттеудің мәнін - түйісетін (контактілі) объектілерге механикалық жағынан әсер етудің ерекшеліктерін және осының нәтижесінде пайда болатын іздерді зерттеу қүрайды.

Қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелеуге болады: статикалық және динамикалық; көлемді және беткі қабатты: локальды және перифериялык.

Статикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есіктегі бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.

Динамикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б.іздер жатады.

Көлемді іздер дегеніміз - із қалдырушы объектінің із қабылдаушы жұмсақ объектіде шұңқыр түрінде қалуы, яғни қабылдаушы объектінің деформацияға түсу (өз қалпын өзгерту) нәтижесінде пайда болған іздер. Мұндай іздерде ұзындығы, енімен қатар үшінші өлшем - тереңдігі көрсетіледі. Сондыктан осы іздерді зерттеу арқылы мәліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы: лайлы жерде қалған көлік құралының протекторларының іздері және т.б.

Беткі кабатты іздер дегеніміз - тығыздығы жағынан шамамен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбірек) объектілердің бір-бірімен қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болған іздер. Бұл іздер көлемді емес, беткі қабатты болып табылады. Мысалы: қол саусақтарының шыны бетіндегі майлы іздері, протектордың асфальтта қалған іздері, бояу жағылған еден бетіндегі аяқ киімнің іздері.

Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді: қатпарлану (отслоение) және қ абатталу (наслоение) іздері. Қабатталу іздері - із қалдырушы объекті бөліктерінің із қабылдаушы объектінің бетінде қалып қою нәтижесінде пайда болады, Байланысқа түскен объект беткі қабатта өз белгілерін қалған бөлшектері арқылы бейнелейді. Мысалы: қол саусақтарының майлы іздері, қанаған қолымен - есік, терезе бетін ұстау нәтижесінде қанға боялған іздердің қалуы және т.б. Қатпарлану іздері - із қалдырушы объект із қабылдаушы обьектінің беткі қабатының бөліктерін өзімен алып кету нәтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқ киімнің қалған іздері және т.б.

Локальды іздер дегеніміз - объектілердің беткі қабатының байланысқа түсуі нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқ киім ізі (көлемді немесе беткі қабатты) мен жер (топырақ) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жан-жағындағы беткі қабат өзгерісіке ұшырамайды.

Перифериялық іздер - керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: сыртқы беті шаң болған аяқ киімнен таза еден бетінде қылмыскердің жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы табан конфигурациясын қайталайтын із еден бетінде қалуы арқылы пайда болады.

 

5.Адамның трасологиялык іздері мен бұзу құралдарының іздерін атаңыз.

Трасологиялық маңызы бар адам іздеріне: қол іздері. аяқ. аяк киім іздері. тістердін іздері. сондай-ақ папиллярлы өрнектері жоқ басқа да іздер, атап айтқанда: бас (бет) бөлшектерінің (құлақ, ерін, мұрын, шеке т.б.) іздері жатады.

Колдын іздері - басқа іздерге қарағанда қылмысты тергеу мен ашу кезінде жиі әрі нәтижелі қолданылады. Қол іздері арқылы адамның жынысын, шамамен жасын (ересек немесе бала екендігі), қай қолмен және қандай саусақпен қалдырылған із екендігін, кей жағдайларда кәсібі мен қолдарындағы т.б. кемістік белгілерін анықтауға мүмкіндіктер болады. Қол іздері арқылы осындай идентификациялық емес жағдайлармен қатар, адамды жеке идентификациялауға болады.

Ұзындық бірлігіне сәйкес папиллярлы сызықтардың шамамен санын көрсететін кесте.

0,5 см-де орналасатын папиллярлы Жас шамасына байланысты

_______ сызықтардың саны________ адамдардың тобы__

12-13 8-12 жас аралығындағы үл және қыз

балалар

10-12 жасаөспірім
9-10 ер адамдар
____________ 6-7_________ I толықадамдар____________

_________ Бұл қолдың функционалдық маңызымен және ондағы майлытер заттарының болу маңыздылығымен анықталады. Сонымен қатар, қол алақанының (және аяқ табанының) беткі қабатындағы биіктігі мен енінің шегі белгісіз кішкене әжімдерге бөлінген папиллярлы сызықтармен анықталады. Тік сызықты учаскілердегі кейбір папиллярлы сызықтар белгілі бір ұзындыққа жеткен кезде иіле отырып күрделі өрнектерді қалыптастырады. Папиллярлы сызықтар еш уақытта қиылыспайды, бірақ та олар қосылуы немесе айырылып-бөлінуі, сөйтіп әртүрлі түрдегі өрнектерді қалыптастыруы мүмкін. Папиллярлы сызықтармен қатар алақанның беткі қабатынан тері бедерінің басқа да белгілерін кездестіруге болады. Оларға - флексорлық (иілетін) сызықтар, әжім қабаттары және тері саңылаулары жатады. Бұл тері бедерінің ең кішкентай элементтері болып табылады.

Жоғарыда қарастырылған алақанның беткі қабатындағы табиғи бедер іздерінің белгілерімен қатар жасанды белгілерді де кездестіруге болады. Оларға зақымданған - тыртық, күйік іздері және т.б. әртүрлі іздер жатады. Криминалистикада қол саусағындағы тырнақ фалангілерінде орналасқан папиллярлы өрнек бедерлерінің ерекшеліктеріне аса маңызды көңіл бөлінеді. Папиллярлы өрнектердің құрылымын трасология бөлімінің бірі «дактило­скопия» зерттейді.

Папиллярлы өрнектердің криминалистикалық маңызы олардың келесідей өзіндік ерекше қасиеттерімен: жекешелігімен, салыстырмалы тұрақтылыгымен және ө згермейтіндігімен, өзгерсе қайтадан қалпына келетіндігімен, сондай-ақ жіктелетіндігімен анықталады. Бұл қасиеттердің барлығы терінің анатомиялық құрылымымен анықталады.

Папиллярлы сызықтар ананың күрсағында жатқан баланың даму кезеңінде пайда болып, өмір бойы өзгеріссіз сақталады. Өрнектің өзара орналасуы мен бөліктерінің қалыптары өзгермейді, тек көлемі ғана өзгереді. Осы тұрақты байланыс трасологияда ең қажетті белгі болып табылады.

Дерма зақымдалған кезде ғана учаскедегі мұндай өрнектер қайтадан қалпына келмейді. Дегенмен де, бұл кезде пайда болған жасанды белгілердің (тыртықтар) өздері папиллярлы өрнектердің ерекше белгілері болып табылады.Папиллярлы өрнектердің жекелілігі, бұл өрнекті сипаттайтын қайталан-байтын белгілер жиынтығынан тұрады. Папиллярлы өрнектердің белгілері жалпы және жеке деп бөлінеді. Жалпы белгілері бойынша бұл өрнектерді дұға тәріздес, ілмек тәріздес және шеңберлі деп үш түрге бөлеміз.Өрнек түрін анықтау үшін, оның орталық бөлігі зерттеледі.

Механоскопия - бұлу құралдарының, өндірістік механизмдердің, қрыптардағы, пломбылардағы іздерді зерттеуге арналған трасологияның бір бөлімі.

Бұзу құрал-жабдықтарының ізі туралы сөз қозғалмас бұрын, алдымен олардың қандай бөгеттерді.(кедергілерді) бұзу үшін қолданылатыны туралы айтып өткеніміз жөн. Бұзу деп - кіруге тыйым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру мақсатымен белгілі бір объектілерді атап айтқанда: қабырғаны, объектінің төбесін, есік-терезені, еденді (ғимараттарды, сейф, шкаф, бекітілген құрылыстарды) және сол сияқты басқа да бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз.

 

6. Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты мен объектілерінің сипаттамасын атаңыз.

Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөліміне жатады.

Баллистика (гр. сөз. «balle» - «лақтырамын») - оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқданындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы. Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді:

1. атыс қарулары;

2. оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары, материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар;

ату кұралдарын қолдану іздері.. Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынша

топтастырылады:

1. Атыс-қарулары қолдануына байла­нысты:

Жауынгерлік - нақты күшпен соғыс техникасын жою үшін пайдаланатын қару жарақ; Окулык - қару-жарақтың құрылысын білу үшін және ешқандай ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату қажеттігін оқып үйренуге арналған; Спорттық -арнайы жарыс спорттарында колданылатын ату кұралы;

Аңшылық - аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және эуестік қару жарақ құралдары.

Ату кезінде қаруды ұстау мен басқаруәдісі бойынша:. тапанша; - револьвер; - винтовка; - карадин-. автомат;. тапанша-пулемет; - мылтық болып бөлінеді.

3 • Автоматтану дәрежесі боиынша: - автоматтандырылмаған; -жартылай автоматғандырылған; - автоматтандырылған.

 

7. Құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлерін атаңыз

Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу дегеніміз -кылмыстық және азаматтық істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттарды зерттеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында жаратылыстану және басқа да техникалық ғылым салаларынан алынған теориялық ережелер мен арнайы әдістерді жүйелендіру негізінде қалыптасқан криминалистикалық техниканың жеке бір саласы.

Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеуге жататын мәселелер шеңбері, зерттеу кезінде қодцанылатын әдістер сиякты кең ауқымды және көптүрлі. Құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеудің жалпы мәселелері идентификациялық және идентификациялык емес деп екі топқа бөлінеді. Оларға мыналар жатады:

• құжаттар бір әдіспен жасалған ба (немесе реквизиттері);

• құжаттағы мөр таңбалары осы мөрмен басылған ба;

• құжаттағы жазбалар осы қаламмен жазылған ба;

• құжат мәтіні осы жазу машинкасында басылған ба;

• құжаттың бланкісі осы клише көмегімен орындалынған ба;

• құжаттың бланкісі осы станокта басылған ба;

• құжаттың бланкісін дайындауда осы бояулар қолданылған ба;

* кужатың бланкісін дайындау үшін қағаз қолданылган ба;

• құжаттың бланкісін дайындау үшін материалдар қолданылған ба және т.б.

• Идентификациялық емес:

• құжат мәтінінде қавдай да бір өзгерістер бар ма, бар болса қандай, қандай әдіспен жасалған және құжаттың бастапқы мазмұны қандай болған;

• құжат немесе оның реквизитгері қандай әдіспен жасапған;

• құжатай уақытта жасалған және де оның реквизиттері қандай кезектілікте жасалған;

• құжат қандай техникалық құрал-жабдықтар мен материалдардың көмегімен дайындалған;

• мөрдің таңбасы қандай әдіспен салынған;

• өшіп қалған, түссіздендірілген және қан жұққан жазбалардың мазмүлы қандай;

• жанған, жыртылған құжаттардың мазмұны қандай;

• жалған қүжатты жасау үшін қолданылған материалдар қайда және қандай аяда қолданылады және т.б.

Техника-криминалнстикалық зерттеудің тікелей объектілеріне төменде-гілер жатады: реквизиттер, құжат материалдары және техникалық қдоалдар.

1. Құжаттардың реквизитгері, оларға: мәтіндер. жазба мәтіндері, қолтаңба және басқа да таңба түрлері; баспа түріндегі таңбалар (мөр, жазу машинкасының және мөртаңба, телеграфтық, кассалық және басқа да белгілерді басатын аппараттар мен құрылғылар); фотосуретгер, маркілер, бланкілер жатады.

2. Құжаттарды немесе оның жекеленген реквизиттерін жасау үшін қолданылатын техникалық құралдар: жазу құралдары (шарикті қаламның стержені, қарындаштар, фломастерлер), компьютерлер, принтерлер, сканерлер, ризографтар, клишелер, мөр және мөртаңбалар, баспаханалық техникаға жататын жазу құрылғылары: баспа машинкалары және басқа да белгілерді басатын күрылғылар (кассалық, телеграфтық және т.б.); қағаз тескіштер,
компостерлер, перфораторлар; қырып тазарту жолымен штрихтарды кетіру үшін қолданылатын құралдар; қағаз кесетін машинкалар; түптейтін құрылгылар және т.б.

3. Құжат материалдарына келесідей қолжазба материалдары жатады: сия, тушь, шарикті қаламның пасталары, бояулар, қарындаш графиті, электрографикалық тонерлер; құжаттар жасайтын қағаз, картон; қосымша қолданылатын қажетті материалдар клей, қорғағыш қабаттар, түптеуге қажетті (леде­ рин тәріздес) материалдар, өндеу, түзету үшін пайдаланылатын (сұйықтықтар, «штрих» тәріздес), құралдар; уландырғыш заттар күнделікті үй-тұрмысында қолданылатын химиялық заттар, фармацевтік препараттар және т.б.Жоғарыда аталган тікелей объектілерге қатысты қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жеке әдістемесі қалыптасқан. Олар, құжаттарға сот-техникалық сараптамаларын жүргізу кезінде қолданылады. Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жекеленген әдіс-тәсілдерін тергеуші құжаттарға тергеу қарауын жүргізген кезде қолдануы мүмкін.

Қылмыскерлер әртүрлі әдіс-тәсілдермен жалған күжаттар жасаулары мүмкін. Жалған жасаудың техникалық әдістері негізінен екі топқа бөлінеді: толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден тұрады. Жартылай жалған жасаудың әдістеріне: тазарту, уландыру, жуу, қосып жазу, қосып басу, фотосуреттерді және кағаз беттерін ауыстыру. Құжаттарды толық жалған жасау келесідей нүсқаларда жүргізіледі. Қылмыскер мөр басылған және мекеме штампы койылған құ-жаттың таза бланкісін тауып, оған тек мәтін енгізіп, басқарушының қолтаңбаларын жалған қояды. Басқа нұсқасы, қылмыскер таза бланк тауып, оған жалған мер және қолтаңба қойып, сәйкес мәтін енгізеді. Соңғы бір нұсқасы, қылмыскер құ_жат бланкін қолдан дайындап, құжатқа қажетті қалған реквизиттерді енгізеді. Құжаттарды техникалық жалған жасаудан қорғау үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. Құжатгардың жалпы жүйесі бойынша қатаң тіркеудегі құжаттарды бөліп қарауға болады.

8. Криминалистиканын әдістерін түсіндіріңіз.

Криминалистика өзінің алдына қойған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді. Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен қатар арнайы тәсілдер де қолданылады.

Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда көрсетілген жеке қылмыстарға тән белгілер қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады. Криминалистика өзінің міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан басқа ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады. Мұнымен қатар криминалистикалық объектілерді зерттеуде, басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.о. Бұл көрсетілген жалпы ғылыми тәсілдер криминалистикалық зерттеулерде, тергеу әрекеттерін жүргізгенде де қолданылады. Әр тәсілдің өзіне тән міндеті және ерекшелігі болғанымен олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады.

Енді айтылған жалпы ғылыми тәсілдердің әрқайсысын сипаттай келіп. олар-дың криминалистикалық зерттеуде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Бұл жоғарыда аталған жалпы ғылыми тәсілдердің колданылу ерекшеліктері тексерілетін объектілердің түріне және зерттеуде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты.

Бақылау тәсілі дегеніміз - бір нәрсені (не затты) арнайы кадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну.

Мақсатты және ұйымды түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші-криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын табады. Мұндай бақылау нақты заттың, не болмаса басқа деректер мен мәліметтерді тексеру арқылы қабылданады.

Криминалистикада, көбінесе, бұрын өтіп кеткен қылмыс жайы тексеріледі. Сондықтан тексеруші (тергеуші) қылмыс жайын өзі бақылап қабылдамайды. Ол қылмыстың мән-жайын істегі деректер, қылмыстың болғанын көрген куәлердің жауабы арқылы танысып біледі. Кейде іздерді, деректі заттарды тікелей бақылау әдісі де қолданылады. Криминалистикада объектілерді бақылау мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

1. заттай дәлелдемелерді, яғни қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке заттар, құжаттар, олардың үлгілерін, осы заттай дәлелдемелердің белгілерін, қасиеттерін;

2. жеке адамдарды, олардың түр сипатының белгілерін, мінез-құлқын, темпераментін;

3. адамдардың іс-әрекеттерін, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері мен қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеттерін;

4. жеке бір оқиғалар, құбылыстар және солардың себебінен із пайда болу процестерінің ерекшеліктерін бақылау.

Бақылау Криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Кейбір объектілерді жай қарап, бақылау арқылы қабылдауға болады және олардың түпнұсқасын сипаттайтын белгілерді бақылап қабылдау үшін қосымша техникалық құралдарды пайдалануға тура келеді. Осыған байланысты бақылау жай және күрделі бақылау деп екі түрге бөлінеді. Жай бақылауға зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай бақылап зерттеп, өзіне тән ерекше белгілерін қабылдайды. Бірақ адамның көзі объектінің бар белгісін, оған тән қасиетін көре алмайды. Оларды көру үшін ерекше бір әдіс, техникалық құралдар керек. Көздің көру шегін кеңейту арқылы, жай көзге ілінбейтін, көрінбейтін заттардың белгісін қарап қабылдау, күрделі бақылау деп аталады.

9. Объект ұғымы - криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау - идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты.

ХХ-ғасырдың 1-жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX-ғасыр аяғындағы дентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар.

Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікір-таластық талдаулар екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең пікір-таластық 1940 жылдары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалистикалық идентификация объектісіне - заттарды, адамдарды, олардың ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдық заттармен құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікір-таластықтар 60-жылдары тоқтады.

Криминалистикалық идентификация объектілеріне «қандай дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады.

Бір көзқарастар (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) бойынша криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы қүрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттар жатқызылды. Ал бұл қатты денелер болып табылады. Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объекті-леріне кез-келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, газ тәріздес заттар жатқызылды.

Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез-келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған.

ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген материалды объектілерді тендестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен ендіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өндеп жетілдіру мен айналысқан криминалистердің арасынан B.C. Митричевтің еңбегін атауға болады. B.C. Митричевтің баста-масымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды.

Криминалистикалық идентификацияның объектісі - жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы түрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!