лемдік валюта нарығы

Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л-фараби Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

 

Реферат

Тақырыбы: Әлемдік валюта нарығы

 

Қабылдаған: э.ғ.к., Медуханова Л.А.

Орындаған: «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің 3 курс

студенті Алтынбекова Гульнара

 

 

Алматы, 2014


Жоспар:

Кіріспе:

1. Әлемдік валюта нарығы: негізгі қызметі мен қатысушылары

2. Әлемдік валюта нарығының құрылымы

3. Валюталық операциялардың түрлері

4. Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары

Қорытынды

Қолданған көздер тізімі

 

 


Кіріспе

 

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық нарықтар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Әлемдік валюта нарығы - шетелдік валютаны сатушы мен сатып алушы мүдделерімен сату, сатып - алудағы бекітілген валюта курсы бойынша сұраныс пен ұсынастың қалыптасуы нәтижесіндегі экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Валюта нарығының дамуы үшін халықаралық экономикалық байланыстардың тереңдеуі, банк капиталының орталықтануының күшеюі, әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы, валюталық шектеудің көп елдерде алынып тасталуы осы нарықтың дамуында алғышарттары болды.

Қазіргі валюта нарығы күрделі жүйе. Ол үздіксіз даму үстінде болды. Халықаралық валюта нарығы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы, табыс аударымы қарыздар мен демеу-қаржылар, ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар. Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді.


лемдік валюта нарығы

Жалпы әлемдік валюта нарығы туралы мәліметтер 3 жылда 1 рет өтетін Халықаралық есеп айырылысу банкінде жиналады. Мұндай ақпарат жинақтаулар 1989 ж, 1992 ж, 1995 жылдары жүргізілген болатын. Соңғы жинақтауда 26 ел қатысып, 2414 қаржылық институтты қамтыған.

Валюта нарық саудасының көлемі басқа экономикалық қатынастарды басып озады, себебі оған: тауар саудасы, қызмет саудасы, халықаралық капитал қозғалысы, еңбек күші мен технология кіреді. Әлемдік валюта нарығында барлық валюталармен сауда операциялары жүргізіледі. Ең көп тараған сатылатын валюта жұптары: доллар-марка, доллар- иена, доллар-фунт, доллар –франк, доллар- канадалық доллар, француз франкі-марка, доллар- лира, марка –иена, марка –фунт. Көрініп тұрғандай 10 жұптың ішіндегі 7-і доллар болып отыр.

Географиялық валютан нарығы қатты орталықтанған. Әсіресе Лондон, Нью-Йорк, Токио қалаларында 55% әлемдік валюта саудасы жүргізіледі, басты басымдық Лондон қаласында. Келесі топта Сингапур, Гонконг, Цюрих, Франкфурт. Аталған қалаларда күнделікті айналыс жоғары деңгейде.

Валюта нарығы - шетел валютасын сату, сатып - алу операцияларында қалыптасатын тұрақты экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастардың жүйесі. Әлемдік валюта нарығындағы операциялар бірыңғайланған. Ол күні бойына жұмыс жасайды.

Әлемдік валюта нарығының сипаттары: өтімділігі; Forex нарығында күнделікті келісім көлемі 1-3 трлн долл.ды құрайды, ол АҚШ-тың 1- 3 жылға дейінгі бюджетін құрайды; қолжетімділік, яғни тәулік бойы валюта операцияларын жүргізуге болады; сауда ұйымы жүйесін икемді реттеуі; төмен шығын деңгейі т.б.

Әлемдік валюта нарығының негізгі қызметтері: халықаралық есеп айырылысуларды жүзеге асыру, әлемдік валюта жүйесінің дамуымен байланысты өзара тығыз байланыс, әлемдік валюта мен несие нарықтарының өзара байланысын қамтамасыз ету, валюта курсын реттеу, нарық қатысушыларының табыс алуы, валюталық қатынастарды реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізу т.б. Сондай ақ коммерциалық (нарық қатысушыларын шетелдік және ұлттық валютамен қамтамасыз ету); бағалық (әлемдік валюта нарығы мен экономикалық жүйе тепе теңдік сақтап тұруы); ақпараттық (нарық қатысушыларын қызмет жүргізілуі туралы ақпаратпен қамтамасы ету); реттеуші (ұлттық, халықаралық заңдарға негізделіп, әлемдік валюта нарығын реттеуге арналған ұйымдар).

Ал әлемдік валюта нарығының негізгі қатысушылары: банктер, қаржылық мекемелер, брокерлер мен брокерлік фирмалар, валюталық биржалар, халықаралық валюта несие мен қаржылық ұйымдар.

 

Қатысушыларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

 

1. Қатысушылар операцияларды өздерінің және де клиенттердің мүдделерінде жүргізеді. Сондай ақ қатысушылар бір бірімен тікелей қарым қатынасқа түсіп те делдалдар арқылы да әрекет ете алады. Бұл топқа орталық банктер, түрлі коммерциялық банктер, қаржылық мекемелер. Орталық банктердің қызметі валюта нарығында маңызды. Басты міндеті мемлекеттің валюта саясатын жүргізу. Коммерциялық банктер. Негізгі валюта операцияларының көлемді бөлігін иеленеді. Клиенттер өтінішін қанағаттандыру. Әлемдік валюта нарығына әсер ететін ірі халықаралық банктер: Deutsche Bank, Barclays Bank, Union Bank of Switzerland, Citibank, Chase Manhattan Bank, Standard Chartered Bank т.б. Валюталық биржалар. Бірқатар мемлекеттерде валюталық биржа қызмет атқарады. Телекоммуникациялық технологиялардың дамуы нәтижесінде көптеген биржалар тәулік бойы жұмыс жасайды.

2. Екінші топтағы қатысушыларға арнайы брокерлік және дилерлық ұйымдардан тұрады. Валюта операцияларынан басқа олар ақпараттық қызмет атқарады.

3. Қаржылық банктік емес мекемелер. Бұл қатысушылар шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асырмайды, банк қызметін пайдаланады. Оған: сақтандыру, зейнетақы қоры, инвестициялық компаниялар, хеджерлік қорлар кіреді.

Фирмалар сыртқа сауда операцияларын жүзеге асырады. Компаниялар халықаралық саудаға белсенді қатысып, шетелдік валюта сұранысы мен ұсынсына белсенді қатысады.

Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының негізгі мақсаты - өздері үшін «сәтті» операцияларды жүзеге асыру. Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау алып сатарлық және арбитражды, шетелдік инвестициялау, төлемдердің халықаралық трансферті (бір елден басқа елге ақша қаражаттары, пайда және басқа да валюталық құндылықтардың аударымы) түрлеріне бөлінеді. Жаһандану нарығында әлемнің ірі қаржылық орталықтарында валюталық қызмет жүзеге асырылады:

  • Азия – Тынық мұхиты аймағы – Сидней, Сингапур, Гонконг, Токио.
  • Еуропа – Цюрих, Франкфурт, Лондон.
  • АҚШ – Нью-Йорк, Чикаго.

 

Валюта нарығында түрлі валюталық операциялар жүзеге асады. Валюта нарығы дәстүрлі түрде екіге бөлінеді: спот келісімдері және валюталық деривативалар яғни, тікелей форвардтар, своптар, фьючерстар, опциондардан тұрады.

Спот келісімдері - қарапайым стандартталған келісімдер негізінде жүргізілетін және есептеулері 2 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалатын екі валюта айырбасы. Соңғы кездері қалыптасқан валюта саудасына қарамастан спот әлемдік валюта нарығында әлі де маңызды орынға ие болып келеді.

Форвардық валюталық операциялар-бұл валюта айырбасының алдын ала келісілген курсы бойынша бүгін жасалып, бірақ келісім орындалуы болашақта белгілі бір мерзімге ауыстырылған келісім. Форвардық операцияларда баға белгілеу екі әдіспен жүзеге асады:

Аутрайт келісімдері - валюталандыру күні бірыңғай айырбасталым операциясы спот мерзімінен басқа. Егер 24 қаңтар 2014 жылы айырбасталым келісімі жасалса, валюталандыру күні екінші жұмыс күні болады, яғни 26 қаңтар. Споттан форвардық келісім айырмашылығы егер сол күні ол 3 ай мерзімге жасалса, валюталандыру күні 26 сәуір 2014 жыл болар еді. Әдетте аутрайт банк пен корпоративті клиенттер арасында жасалады. Яғни форвардтық валюталардың споттан басты айырмашылығы спот келісімдерде бүгін айырбасталатын валюта курсы туралы келісіледі, ал форвардтық болса, болашақта бір мезетте айырбасталатын валюта курсы қарастырылады.

Форвардық операциялар 1 жыл мерзімге дейін жасалады. Олардың стандартты кезеңдері болады: 1, 2, 3, 6 ай және бір жыл тікелей валюталандыру күнімен.

Форвардық операциялар валюта тәуекелділігін сақтандыруда кеңінен қолданылады. Сыртқы сауда ұйымдары түрлі валюталарда түсімі мен төлемі бар форвардық келісімдерді қолдана отырып, валюта курсының өзгерісін сақтандыра алады. Мысалы, мұнай өндіретін Ресей кәсіпорны мұнайды шетелге экспорттап, алынған АҚШ долларына қажетті трубаларды неміс маркасына Германиядан сатып алу керек. Кәсіпорын эскпорттық валютада бір валюта, төлем басқа валютада жүргізеді. Егер кәсіпорын мұнай сатылым кестесі мен труба сатып алу уақытын жақсы білсе, онда валюта курсынан өзін сақтандыра алады. Неміс құрылғыларын сатып алу мезетінде долларға неміс маркаларын сатып алу келісіміне отырса болады.

Егер форвардтық курс спот курсынан төмен болса, шетелдік валюта форвардтық жеңілдікпен, ал форвардтық курс споттан жоғары болса, онда шетелдік валюта форвардтық үстеме бағамен сатылады. Форвардық үстеме мен жеңілдік спот курсына қатысты бір жылға пайыз бойынша есептеледі:

 

Premium/Discount = *n*100

 

E - валюта курсы сәйкесінше форвард пен спот курсы. N - төлем уақытына дейінгі кезең саны.

Своп келісімдері – екі валютаның белгілі санымен айырбасталатын және сондай мөлшерде кері айырбасталатын болашақта келісілген бір мерзімде жүргізілетін құрылымдық жағынан спот келісімдеріне жақын келісім түрі. Түрлі валюталандыру күні бар екі қарама қарсы айырбасталым операциясының қиылысуы, бір мерзім спот мерзіммен сәйкес келеді. Банктер арасында не көп ұлтты корпорациялар арасында жасалады. Валюталық своп шетелдік инвестицияларды сырттан несие алатын экономикалық агенттіктерге тиімді. Своптың кең тараған үш түрі бар:

Спот – форвард - бірінші айырбас спот мерзімге, ал кері айырбас форвард мерзіміне сәйкес болады. Мысалы, үш айдан соң.

Форвард-форвард- бірінші айырбас форвард мерзіміне, ал кері айырбас кейінгі форвардық мерзімге сәйкес келеді. Келісім орнатылған соң үш айдан соң іске асып, алты айдан соң аяқталуы.

Қысқа своптар – бір айдан аз мерзімді своп. Бірінші спот күні, ал екінші мерзім бір апта.

Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім. Ол ұйымдастырлған биржаларда 1972 жылдары пайда болды. Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер- депозиттер, облигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.

Фьючерстік келісімдер орналастыратын және орналастырмайтын болып бөлінеді. Орналастыратын келісімді аяқтау үшін активті жеткізу мен келісім жасау. Ал орналстырмайтын келісімді аяқтау үшін кері келісім арқылы яғни алдымен келісімге отыру арқылы жасалады.

Фьючерстік келісімнің нарықтық құны сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Егер сатып алғысы келетіндер саны сатушыға қарағанда көп болса, баға өседі, нарыққа жаңа сатушылар келіп сатушы мен сатып алушы арасында қайтадан баланс пайда болады.

Фьючерстік келісімге тән белгілер:

Биржада онда қабылданған шарттар бойынша жасалады. Сондықтан жоғары икемді.

Стандартты болып келеді. Яғни инвестордың фьючерстк келісімді сатуы да сатып алуы де тез жүреді.

Келісімнің іске асуы биржадағы клирингтік палатамен кепілдендіріледі. Ол үшін міндетті кепілдеме қойылады.

Келісім негізі алғашқы активтердің шектеулілігі. Баға өзгерісін болжау мүмкін емес. Фьючерстік келісімдер: ауыл шаруашылық тауарларына, нақты ресурсқа (алтын, мыс), шетелдік ваютаға, бағалы қағаздарға жасалуы мүмкін. Валюталар жинағы фьючерс шеңберінде шектеулі. Оған: доллар, иена, марка, канадалық доллар, фунт, швецарлық франк кіреді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерленетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі.

Опцион – сатып алушыға белгілі төлем арқасында құқық беретін, бірақ белгіленген күні белгіленген бағамен валютаны сату немес сатып алуға міндеттемейтін келісім. Ол сатып алушыға сатып алуға (call option) немесе сатуға (put option) құқық береді.

Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, ұтыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті контрактіге сәйкес тез арада сата отырып, зиянды төмендетеді.
Сөйтіп опцион контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін, міндеттеме болып табылмайтын контрактіні атайды. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Сатып алу опционы кез келген контрактідегі мерзімде, контрактіде көрсетілген акциялар санын белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді. Екі жағдайда да опционды сатып алушы төлейтін сыйақы мөлшері әр түрлі себептерге байланысты келеді, соның ішінде сол акциялардың бағалы қағаздар нарығындағы жағдайы, опционның ерекшеліктері, опциондық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың шекті қатынасы әдетте сыйақы бір акцияға есептеліп көрсетіледі. Қалыпты жағдайда контрактінің мерзімінің ұлғаюымен байланысты сыйақы мөлшері де ұлғая түседі, бірақта тіекелей қатынастағы тәуелділік болмайды. Опционды сатып алушы мен сатушының өздеріне алған міндеттемелері де бірдей емес: егер сатып алушы уақтылы сыйақы төлеуді міндеттемесі ретінде санаса, ал сатушы ақшалай қаражаттары немесе бағалы қағаздарының кепілі түрінде, өз міндеттемелерін орындауға белгілі бір кепілдеме беруге тиіс. Ондай кепілді салу және оның мөлшері нарық экономикасы дамыған барлық елдер үшін іс жүзінде ортақ жүйемен реттеледі.Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланыстыекі типке бөлінеді: еуропалық, американдық.

Еуропалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберілетін опцион. Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез келген уақытта да орындалуға жіберілетін опцион.
Опциондар өздерінің қызмет ету уақытында қайта сатылу негізінде иеленушілерін бірнеше рет ауыстырады. Бұл жерде қайта сату барысындағы баға опционның қызмет ету мерзіміне таянған сайын төмендеп отырады. Опциондармен жасалатын мәмілелер биржалық залдың бір немесе бірнеше секцияларында жүргізіледі. Опциондармен жасалатын сауда екі бағытта жүзеге асады: «қоғамдық бұйрықтарға» негізделген мәмілелерде брокерлік-дилерлік фирмалардың мүдделері есебінен жүргізілетін мәмілелерде. Бірінші категория клиенттерге қызмет көрсетеді, яғни опциондарды сатып алу немесе сату барысында брокерлік қызметті қажет ететін жеке және заңды тұлғаларға арналады. Бұл мәмілелер делдалдық фирмалардың ісінде төленеді. Екінші жағдайда, фирма өзінің есебінен зиян шегеді. Бұл жерде брокерлік және дилерлік қызметтің арасындағы айырмашылық байқалады.

Ұйымдастырушылық деңгейіне қарай валюта нарығы биржалық және биржадан тыс валюта нарығы болып бөлінеді.

Биржалық валюта нарығы жақсы ұйымдасқан. Міндеті: валютасын саудасын ұйымдастыру, уаықтша бос валюта ресурстарны орналастыру, валюта курсын бекіту, табыс алу басты мақсат емес. Сол себепті негізінен бұлар коммерциялық емес ұйымдар. Барлық биржалық деривативалармен сауда пайыздық және валюталық фьючерстер мен опциондарға орталықтанған. Негізінен деривативалармен келісім биржада доллар, марка, иенамен жүргізіледі. Белсенді түрде сатылатын деривативалар: фьючерстер мен опциондар. Биржамен сауданың биржадан тыс саудадан айырмашылығы келесі жетекші елдерде орталықтанған: Ұлыбритания, АҚШ, Германия. Деривативалармен сауда жүргізілетін ірі еуропалық биржалар: London International Financial Futures and Options Exchange, Chicago Board of Trade, Deutsche Terminborce т.б.

Биржалық сауданың биржадан тыс саудадан айырмашылығы биржалық сауда сауданың жоғары транспаренттілігі мен стандартталуын, қаржылық тәуелділікті төмендету, биржалар арасында электронды байланыс жүйеснінің дамуы.

Биржадан тыс сауда over-the-counter деп аталады. Банк, дилер, брокер, инвестициялық компаниялар мен жеке тұлғалар арасында жүзеге асады. Ұйымдаспаған нарықта жүзеге асады. Әлемдік нарықтағы қаржы деривативаларымен сауда осы биржадан тыс сауда еншісіне тиеді. Бұл биржа түрі бойынша жалпылама ақпарат орталық банк арқылы жүзеге асады. Биржалық нарыққа қарағанда айырмашылығы валюталық деривативалар маңызды орынға ие. Қысқа мерзімді деривативалармен келісім яғни, бір жылға дейінгі мерзім ішіндегілер 80%-дай жүзеге асырылады. Биржадан тыс саудасының негізгі орталығы – Лондон, одан кейін АҚШ, Токио, Сингапур, Гонконг т.б.

Биржадан тыс нарықтың артықшылығы келісімдердің икемділігі, қаржылық инновацияларды жылдам енгізу, банкті реттеу мен бақылаудың ұлттық механизмі т.б.

Екі биржа түрі де қарама - қарсы келіп отырса да, бір - бірін толықтырып отырады. Себебі екеуінің қызмет етуінің әдістері әртүрлі.

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, әлемдік валюта нарығы - шетелдік валютаны сатушы мен сатып алушы мүдделерімен сату, сатып - алудағы бекітілген валюта курсы бойынша сұраныс пен ұсынастың қалыптасуы нәтижесіндегі экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.

Валюта нарық саудасының көлемі басқа экономикалық қатынастарды басып озады, себебі оған: тауар саудасы, қызмет саудасы, халықаралық капитал қозғалысы, еңбек күші мен технология кіреді. Әлемдік валюта нарығында барлық валюталармен сауда операциялары жүргізіледі. Ең көп тараған сатылатын валюта жұптары: доллар-марка, доллар- иена, доллар-фунт,доллар –франк, доллар- канадалық доллар, француз франкі-марка, доллар- лира, марка –иена, марка –фунт.

Әлемдік валюта нарығындағы операциялар бірыңғайланған. Ол күні бойына жұмыс жасайды.

Әлемдік валюта нарығының сипаттары: өтімділігі; қолжетімділік, яғни тәулік бойы валюта операцияларын жүргізуге болады; сауда ұйымы жүйесін икемді реттеуі; төмен шығын деңгейі т.б.

Валюта нарығы экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

Қолданған көздер тізімі

 

1. Максимова В.Ф. Максимов К.В. Вершинина А.А.. Международные финансовые рынки и международные финансовые институты / Учебно-методический комплекс / Москва, 2009

2. Филиппова, И. А. Современные внешнеэкономические связи: учебное пособие / И. А. Филиппова. – Ульяновск: УлГТУ, 2011. – 159 с.

3. Международная экономика. Михайлушкин А.И.,Шимко П.Д.–Москва.: Высшая школа, 2002.

4. Международная экономика. А.Киреев. - Москва: «Международные отношения», 1997.

5. Интернет ресурс. Мировой валютный рынок. http://www.grandars.ru/student/finansy/valyutnyy-rynok.html

6. Международные финансовые рынки и международные финансовые институты. Максимова В.Ф., Максимов К.В., Вершинина А.А.

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!