Бірліктерді көрсету эталондар арқылы жүзеге асырылады.



Базалық стандарт болып эталондардың міндеттері мен біліктілігін, жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты саналады.

Басқа стандарттардың бірқатарымен эталондардың жасалу тәртібі, олардағы қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі.

Бірліктердің өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына бару алты базалық стандарттармен бекітілген.

Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен басқарылатын және берілген физикалық өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын, мемлекетте қолданылатын; ведомстволық – жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық органдарда тексерілуге жататын өлшем құралдарына арналған.

Базалық стандарттар тобымен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ» және т.б.

Лшемдердің нәтижелерін орындау мен рәсімдеу ережелері СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық тексерістер (аттеста­ция) бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан жалықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жасалуда.

Сәйкестендіру Қазақстанның метрологиялық қызметінің әлемдік қоғамдастыққа кіруіне қажетті шарттарды жасау мен қолдау үшін қажет.

Жылы Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданған. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітеді, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет аясына қатысты қарым-қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғайды.

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi орган заңды тұлғаның белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құзыреттi және құқылы екенiн ресми танитын рәсiм;

2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргiзу ережелерiне сәйкес берiлетiн, сәйкестiктi растау жөнiндегi органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгiлi бiр салада белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

3) аккредиттеу жөнiндегi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және аккредиттеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) аккредиттеу саласы - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестiктi растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн бекiтiлiп берiлген объектiлердiң тiзбесi;

5) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;

6) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

7) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;

9) инспекциялық тексеру - аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарын сақтауына жүргiзетiн тексеру;

10) көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөнiндегi iшкi қызметiнiң қорытындылары;

11) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;

12) мемлекеттiк стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;

13) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жиынтығы;

14) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмi - техникалық регламенттердi, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердi, сарапшы-аудиторларды және сәйкестiктi растау саласында берiлген құжаттарды есепке алу құжаты;

15) мүдделi тараптар - қызметi техникалық регламенттердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

16) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау нысаны;

17) негiзге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудiң белгiлi бiр саласына арналған жалпы ережелерi бар стандарт;

18) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;

19) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiржақты тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;

20) өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң ұштасуын ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы;

21) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;

22) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

23) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi;

26) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

27) сәйкестiктi бағалау - өнiмге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесi;

28) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

29) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм;

30) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм;

31) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын сәйкестiктi бағалау рәсiмi;

32) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

33) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы;

34) сәйкестiктi растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген орган берген сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация;

35) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi;

36) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын мемлекеттi анықтау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитор - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған маман;

37) сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;

38) стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

39) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;

40) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;

41) стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөнiндегi тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөнiндегi ұйым;

42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет - бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;

43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - өнiмнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне сынақ жүргiзетiн зертхана, соның iшiнде мемлекеттiк органдар зертханасы;

44) техникалық кедергi - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi;

45) техникалық регламент - өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт;

46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;

47) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры - мемлекеттiк органдардың техникалық регламенттерiнiң, стандарттарының және өз құзыреттерi шегiнде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;

48) техникалық сарапшы - сәйкестiгi расталатын объектiге қатысты арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға;

49) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiшi - техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;

50) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

51) ұлттық стандарт - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

52) ұйым стандарты - ұйым бекiткен стандарт;

53) үйлестiрiлген стандарт - техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт;

Халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!