Лшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады.



Мемлекеттiк метрологиялық қызмет. Метрологияның нормативтi негiздерi.

Лшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.

Лшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу қажеттілігінің туындауына әкелді.

Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі өлшемдердің бірлігіне қол жеткізу болып табылады.

Бұл метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізін құрайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді,

Лшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі мынандай міндеттерді орындауға арналған: өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді, барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.

Лшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік жүйесінің нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық институттардың әдістемелік нұсқаулары, 119 басқарушы құжаттар және 60 нұсқаулықтар мен ережелер.

лшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!