Кәсіптік бастауыш білім беру



Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру, Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру. Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді. Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.


 

Орытынды

Осы курстық жұмыс бойынша ең алғаш қазақ жерінде пайда болған білім беру жүйелерімен танысып сонау алтын ғасырларға көз тастап бүгінгі күнімізге шүкіршілік еттік. Осынау кең байтақ жерімізді бабаларымыз білектің күшімен, білімнің нәрімен қорғап қалып аманат еткен жердің қадірін білуді үйрендік. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесімен және оның мақсат міндеттерімен таныстық. Еліміз болашақ жастарға сенім артып көп деген мүмкіндіктер туғызып отырғандығымен де таныстық.

Қосымша зерттеулер жұмысы оқушының пәнге қызығушылығын оятып, тарих сабағына деген ой-өрісін, шығармашылық қабілетінің дамуына көп әсер етеді. Бұл таңдаған тақырыбым біздің бойымыздағы:

- тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгердік;

- таңдап алынған тақырыпқа өз бетімізбен зерттеу жүргіздік;

- тақырыптардағы нақты сұрақтарды тереңірек ұғындық;

- қабілетті көрсете білдік және дамыта алдық;

Аталған қасиеттерді қалыптастыра отырып, қазақстан тарих пән олимпиадаларында көп көмегі тиеді деп есептейміз.

Әлемдік деңгейге мыңдаған саңылақтар шығарған тәуелсіз елдің дарынды жастары бірі ретінде біздіңде тарих саласында қосар үлесіміз аз емес деп ойлаймыз.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!