Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке араласу (килігу) шегі мен негіздерінің түсінігін ашыңыз.



Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады.Қолданастағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде:

1. Жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу;

2. Мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау шаралары аталған (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 4 бабы).

Мемлекеттік әкімшілік басқару түрлері мыналар:

- өндірілетін өнімдер сапасына ҚР заңдары арқылы талаптар қою;

- тиісті сападағы екендігіне куәлік беретін орталықтардың ашылуына рұқсат беру;

- кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;

- кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;

- кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жауаптылығын бекіту.

Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету құралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде бөлуге болады.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жұйесі.

Жалпы құзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 14 бабына сәйкес ол:

1. мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;

2. жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады.

3. Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады;

Жергілікті өкілеттік органдар:

1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын бекітеді;

2) жергілікті атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.

ҚазақстанРеспубликасыныңжергіліктіатқарушыоргандары:

1) жекекәсіпкерліктіқолдау мен дамытудыңмемлекеттіксаясатыныңіскеасырылуынжүзегеасырады;

2) жекекәсіпкерліктідамытуүшінжағдайларжасайды;

3) өңірлердемемлекеттікбағдарламалардыңіскеасырылуы мен орындалуынқамтамасызетедіжәнеолүшінжауаптыболады;Аталған саладағы арнайы құзырет органдары болып қолданастағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. қарашаның 26 ғы №1237 қаулысымен бекітілген ҚР Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереженің 1 тармағы.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары.

Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің оңдай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б.

Мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез құлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:

  • Тұтынушылардың тауарлар кауіпсіздігіне құқығы;
  • Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;
  • Сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады.

ҚР баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар, көтерме бағалар, бөлшек сауда бағалары, реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.

Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті құқықтық реттеу ҚР тауар нарықтарында әділетті бәсекелестік үшін қолайлы шарттар құруға және қолдауға бағытталған. 09.07.98 ж. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңымен реттелінеді.

Кез келген мемлекетке оның қызметтерін жүзеге асыру үшін негізгі қайнар көзі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын қаржы қаражаттары қажет. Соған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің салық міндеттерін және тиісінше салықтық реттеуді уақытында орындауының орасан зор маңызы бар. 10.12.2008 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық Кодексімен) анықталады. Валюталық реттеу кәсіпкерлердің қатысуымен қатынастарды мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Валюталық реттеу елдің төлем теңгерімін (баланс), ұлттық валютаның орнықтылығын нығайтуды, ішкі валюта нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын өткізу тәртібін белгілеу және оның сақталуына бақылау жасау бойынша жүргізілетін қызмет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тағы бір бағыты лицензиялау.

Жекешелендіру. Жекешелендіру объектілері мен субъектілеріне талдау жасаңыз. Жекешелендіру тәртібі мен Жекешелендіру тәсілдерінің айырмашылығын көрсетіңіз.

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. ҚазақстанРеспубликасындамемлекетменшігіненалужәнежекешелендірупроцесішаруашылықсеріктестіктержәнеакционерлікқоғамдаржөніндезаңдаржүйесімен, нормативтік актілерарқылыжәнемемлекеттікбағдарламаларнегізіндежүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үшкезеңменөтті. Біріншікезеңде (1991 — 1992) “Кішіжекешелендіру" бағдарламасыбойыншамемлекеттік сауда және қызмет көрсетукәсіпорындары (31 мыңнысандардың 50%-і) жаппайсатылды, не болмасаеңбекұжымдарынаберілді. Екіншікезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппайжекешелендіру орта жәнеүлкенкәсіпорындарбойыншажүргізілді, жекежобаларбойынша 5 өнеркәсіпорындарыақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялықкупондарғасатылды, 44 ірікәсіпорындарсенімдібасқаруғатапсырылды, оныңішінде 12-сі шетелинвесторларынаберілді. Үшіншікезеңде' (1997 жылданбастап) жекешелендіруотын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылымсалаларындаөтті. АталғанкезеңдердеҚазақстандажабықжәнеашықакционерлікқоғамдаркөптепқұрылды. Іріжәнеорташакәсіпорындарүшінжабықакционерлікқоғамдаржекешелендірудіңнегізгітүріболды. Оныңқұрылтайшыларыболуға тек еңбекұжымы мен мемлекеттікбасқаруоргандарынақұқықберілді. 1994 жылданбастапжекешелендіру нысандарын сатусаясатыжүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына жәнепрактикағакөпжаңалықтарәкелді. 2001 жылданбастапжекешелендірудәуірінежаңадәуіркелді, оны Амирханов Жантөреалыпкелді. Жантөрежекешелендірудіқаттықаламағанадамеді. Бірақ та, өмірдекөзіашылып, Амирханов Жантөредегенесімдітарихтақалдырды.

 

 

39.Жекешелендіру барысындағы мәмілелерді рәсімдеу тәртібінің белгілерін көрсетіңіз.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1.Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2.Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3.Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1.1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

 

2.1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3.1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4.1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

 

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

 

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

 

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!