Жаңа экономикалық саясат тұсындағы концессиялық келісімдердің ерекшеліктерін көрсетіңіз.



Азақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға байланысты бүгінгі таңдағы контрактілердің ерекшеліктеріне тоқталыңыз

Жер қойнауын пайдалану үшін жасалатын контракт – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасындағы шарт

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған контрактың түрлері:

а) барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған контракт;

б) бірлескен барлау және өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған контракт;

в) өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған контракт;

г) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға немесе пайдалануға арналған контракт.

Контрактінің шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сай келуге тиіс.Контракт жасалған кезде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетін контрактінің шарттары контрактіге қол қойылған кезден бастап жарамсыз деп есептеледі

Жұмыс бағдарламасын қоса алғанда, бірлескен барлау мен өндіруге жасалған контракт бойынша өндіруді жүргізудің шарттары мен тәртібі контрактіде белгіленген тәртіппен, жасалған контрактіге қосымша қосалқы рәсімделуге тиіс.

Барлауға контракт алты жыл мерзімге жасалады. Мердігер контрактіде және тиісті жұмыс бағдарламасында белгіленген міндеттемелерді орындаған жағдайда мердігердің контрактінің қолдану мерзімін ұзартуға құқығы бар. Контрактінің қолданылу мерзімі - әрбір кезең ұзақтығы екі жылға дейін болып, екі рет ұзартылуы мүмкін. Егер мердігер мерзімді ұзарту үшін контрактінің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей өтініш жасаған болса, барлауға контрактінің мерзімі ұзартылуы мүмкін

Өндіруге арналған контракт 25 жылға дейінгі, ол пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орындарына – 45 жылға дейінгі мерзімге жасалады.

Бірлескен барлау мен өндіруге контракт мүмкін болатын ұзарту мерзімі ескеріле отырып, барлау мен өндірудің мерзімін қамтитын мерзімге жасалады.Бұл ретте мерзімдерді ұзартуға жоғарыда аталған ұзарту ережелері қолданылады

Пайдалы қазба табылған жағдайда контрактінің қолданылу мерзімін коммерциялық табуды бағалау үшін мердігердің қажет кезеңге ұзартуға құқығы бар. Контрактінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім ол құзыретті органға келіп түскен күннен бастап үш айдан кешіктірмей қаралуға тиіс

Контрактілік аумақтық шегінде, жер қойнауының бір бірімен өзара аралас ретінде де, бөлек те бір учаскесі немесе жер қойнауының бірнеше учаскесі болуы мүмкін. Контрактілік аумақтың шегінде бөлінетін жер қойнауы учаскесі белгілі бір терендікпен шектеліне алады. Егер барлау және өндіру жүргізу кезінде пайдалы қазбалар табылатын болса, кен орнының географиялық шекаралары көрсетілген геологиялық немесе тау – кендік аумағы шегінен шығып кеткен болса, онда оны кеңейту туралы мәселе конкурс өткізілместен контракт шарттарын өзгерту арқылы шешілуге тиіс. Контрактінің аумағын қайтарудың шарттары мен тәртібі контрактіде айқындалады. Контракт аумағының бөліктерін қайтару, контракт аумағы ЖҚ – Жарлықтың 91 – 8 бабына сәйкес осындай геологиялық бөлуден қайтарылатын бөліктерді қоспағанда, геологиялық бөлуді қайта рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады.

Контракт оған қол қойылғанға дейін міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау,денсаулық сақтау және санитарлық, жер қойнауын қорғау, тау – кен бақылауы мәселелері мен айналысатын арнаулы атқарушы органдармен келісіледі. Келісім мерзімі тиісті органдардың контракт құжаттарын алған күннен бастап 15 күннен аспауға тиіс.

Контракт оған қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес тиісті мемлекеттік органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс. Келісім мерзімі контрактілік құжаттардың ұсынылған күнінен бастап 30 күннен аспауға тиіс. Құзыретті орган өзінің қалауы бойынша оған қол қойғанға дейін контрактіге тәуелсіз сараптама жүргізуді тағайындауға құқылы.Бұл ретте ондай сараптама жүргізудің мерзімі контрактілік құжаттарды берген кезден бастап 30 күннен аспауға тиіс.

Егер контрактіде кшіне енгізуге өзге, анағұрлым кешірек мерзімдері ескерілмеген болса, кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндіруге контрактіні қоспағанда, контрактіні тіркеу туралы сертификатты міндетті түрде бере отырып, контрактіні құзыретті орган тіркейді және ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.

Контрактілер жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Контракті мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1. сот тәртібімен құзыретті органға осы тұлғамен контракт жасауға шешім қабылдауға ықпал еткен көренеу жалған ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда;

2. сот тәртібімен конкурсты жүргізуге не жер қойнуын пайдалану құқығын алуды ұтып алған үміткермен оған басқа үміткердің алдында заңсыз басымдылықтар беру мақсатында контракт жасасуға қатысушы лауазымды адамдардың арасында сөз байласу, бюджетке төленетін төлемдердің шарттарын ырықтандыру және олардың мөлшерін азайту фактілері анықталған жағдайда;

3. қолдану контракт жасасуға тікелей ықпал еткен шарттың күшін сот тәртібімен жою кезінде жарамсыз деп табылады.

Контрактіні жарамсыз деп тану үшін соттың осы көрсетілген фактілердің болғандығын растайтын шешімінің немесе үкімнің заңды күшіне енуі негіз болып табылады. Контракт ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледі.

Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезінде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілерді тұрғындардың өмірі мен денсаудығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруі қажет.Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуді уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзімнің барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшін кен орны консервациялануға тиіс. Барлауды немесе өндіруді тоқтату немесе барлауды және өндіруді тоқтата тұрғанда, сондай – ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуда және пайдалануда,жұмыс аяқталған кездегі геологиялық және өзге де құжаттар ЖҚ – Жарлықтың 69 бабында белгіленген тәртіппен сақталуға өткзіледі.

Жер қойнауын пайдалану құқығын, контрактар шартын бұзғаны үшін жер қойнауын пайдалану немесе жер қойнауы операцияларын тоқтатуды экология құқығында қолданылатын жауапкершілік шаралары ретінде қаралады.Олардан басқа Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтың 68 бабында пайдалы қазбаларды реквизициялауға байланысты жер қойнауын пайдаланушыларға тән пайда қазбалардың барлығын немесе бір бөлігін алып қоюы, яғни олардың осы қазбаларға құқығы тоқтатылады.Пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылардан реквизициялау ЖҚ Жарлығының 68 бабына сәйкес қолданылады.

Жер қойнауын пайдалану, оның ішінде жер қойнауы операцияларын жүргізу құқығы жер қойнауын пайдаланушының еркімен де тоқтатылуы мүмкін.

Құзыретті орган не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Мердігер:

1) контрактіде көзделмеген қызметті немесе оны контрактінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;

2)контрактіде көзделмеген бағдарлама бойынша қызметті жүзеге асырған;

3) ол қызметін жүзеге асыру процесінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді не барлаумен және өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және пайдалануды алты айға дейін мерзімге тоқтата тұруды талап етуге құқылы.

Барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру не барлау және өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және пайдалануды жүргізу тоқтатыла тұрған жағдайда құзыретті орган не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушыға мұндай тоқтата тұрудың себептері туралы жазбаша түрде хабарлайды және оларды жою үшін қисынды мерзім белгілейді.

Барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді не барлаумен және өндіруімен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және пайдалануды тоқтата тұруды тудырған себептер жойылған кезде құзыретті орган не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган мердігерге барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді не барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және пайдалануды жүргізуді жалғастырудың мүмкіндігі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Құзыретті орган және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган, егер жасалған контрактіге сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға тәуелсіз белгілі бір жағдайларға байланысты адамдардың өміріне қауіп немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін жағдайда, барлауды, өндіруді немесе бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуді тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушыға осындай жағдайлардан туған қолайсыз зардаптардың тәуекелін болдырмайтын не оны төмендететін шаралар қолдану жөнінде атқарылуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды тоқтата тұру үшін негіз болатын мән – жайлардың туындағаны үшін қандай да бір жауапкершіліктен босатылады.

Құзыретті орган контрактіні мынадай жағдайларда:

1) мердігер барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру не барлау мен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және пайдалануды жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға әкеп соққан себептерді жоюдан бас тартқан жағдайда, не осы себептер оларды жою үшін жеткілікті мерзімде жойылмаған жағдайда;

2) жер қойнауын пайдаланушылар осы Жарлықтың 70 – бабында көзделген шараларды қолданбаған жағдайда;

3) осы Жарлықтың 45 – 1 4 – тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою мүмкін болмайтын жағдайда;

4) мердігер контрактімен не жұмыс бағдарламасымен белгіленген міндеттемелерін айтарлықтай бұзған жағдайда;

5) мердігер осы Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы кепіл нысанасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес банкрот деп танылған жағдайда біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

Құзыретті орган контрактіні бұзу туралы тиісті шешім қабылдағанға дейін мердігерге хабарлама жіберу арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді дереу тоқтатуды талап етуге құқылы, ал мердігер мұндай талапты дереу атқаруға міндетті.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы алғашқы шарт жасау түрі концессия болады Пайдалану үшін жер қойнауы телімдерін берудің қазіргі заманғы концессиялық жүйенің негізгі бастамалары алғаш Афина мемлекетінде қаланды. Жер қойнауы мемлекет меншігінде болатын, барлық қалаған адамдарға пайдалы қазбаларды зерттеуге мүмкіндік берілетін, ал табылған пайдалы қазбалар туралы хабарлау бойынша және жер қойнауын пайдаланғаны үшін мемлекет қазынасына төленетін біржолғы жарна үстіне алынған пайданың бір бөлігі төленген жағдайда, мемлекет пайдалы қазбаларды шығару үшін, белгілі бір ауданды беретін. Демек, сол кезеңде жер қойнауын пайдаланудың тау еркіндігі, жер қойнауын пайдаланудың ақылы ұстанымы және алғашқы ашушының құқықтары сияқты негізгі ұстанымдар қалыптасты.

 

Жер қойнауын пайдалануға қатысты кәсіпкерлік шарттардың ұғымы мен белгілеріне тоқталыңыз. Жер қойнауын пайдалануға қатысты кәсіпкерлік шарттардың мазмұны мен тараптарына талдау жасаңыз.

Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2. Жерді, суды (жерасты сулары мен емдік балшықтан басқа), орманды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері

 

1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуін және мүдделері мен табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері:

1) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі қатынастарды реттеу;

3) республикалық және өңірлік мүдделер үйлесімін қамтамасыз ету;

4) минералдық-шикізаттық базаны молықтыруды қамтамасыз ету;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде құқықтық негізді қамтамасыз ету;

6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

 

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының принциптері

Жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:

1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы;

4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!