Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттардың жіктелуіне талдау жасаңыз



Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар өндірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және өтемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады.
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық қатынасы ретіндегі міндеттеме шарттан, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
1) Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы).
Консенсуалды шарт тараптардың барлық мәнді бөліктер бойынша келісімге қол жеткізген сәтінде жасалды деп есептеледі. Нақты шартты жасау үшін келісімге кол жеткізуден басқа тараптардың заттарды немесе ақшаны беру өткізу түріндегі нақты іс-қимылы талап етіледі. Осылайша заем, тауар жеткізілімі және т. б. шарттар жасалады.
Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!