Кәсіпкерлік шарт түрлеріне тоқталыңыз. Мүліктік кәсіпкерлік шарттардың белгілерін көрсетіңіз



Кәсіпкерлік Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

шартты жасау еркіндігі;

шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін

Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы шарттар

1. Мемлекеттік мүлік мынадай:

1) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);

2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару;

3) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану (несие);

4) мердігерлік;

5) мемлекеттік мүлік болып табылатын табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шарттарының негізінде пайдалануға берілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде жол беріледі.

3. Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық объектілер мен мемлекеттік мүлікті немесе тек қана мемлекетке тиесілі мүлікті пайдалануға беруге концессия шарты, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.

4. Мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға беру осы тарауда белгіленген ерекшеліктер мен шектеулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының қағидаларына сәйкес шарттардың немесе әкімшілік актілердің негізінде жүзеге асырылады.

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!