Кәсіпкерлік шарт мазмұны мен нысанына тоқталыңыз



Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендейекі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдықфакт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердіңбірі болып саналады.

Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады[45].

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәмілеболып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады.

Шарттың мазмұныноны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.

Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.

ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма),тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті[76].

Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды

 

Кәсіпкерлік шартты жасау тәртібіне және ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Кәсіпкерлік шартты өзгерту және бұзу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді.Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Кеңестік шаруашылық құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері:

 арнайы субъектілік құрам;

 шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру;

 шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты болып табылған.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

1. шартты жасау еркіндігі;

2. шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

3. жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

4. тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

5. тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!