Кәсіпкерлік шарт ұғымы мен белгілерін атап көрсетіңіз.



Кәсіпкерлік шарт - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.Кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болын табылады);

шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).Кәсіпкерлік шарт кызметтеріне мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2) келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;

3) кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру кызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін және т.б. өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);

4) келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды камтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және т.б.). Бұл қызметтер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады.Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережелермен, сонымсн қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік кызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік керсеткіштен асатын сомаға жаслатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиісҚР Азаматтык заңымен шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәселе тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401-бабы). Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзылуы елеулі деп танылады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!