Кәсіпкерлік қатынастардағы мүлік ұғымы мен құрамына талдау жасаңыз.



Мүліктің түсінігі ҚР АК-нің 115бабының 2 тармағында берілген. Мүлік ұғымына: заттар, аұша, соның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектілендірілген нәтижесі, фирмалық атау, тауар белгілері мен өнімді дараландыратын өзге де құралдар, мүліктік құқықтаржәне өзге де мүліктер енгізілген. Қазіргі цивилистикалық әдебиеттерде мүлік терминінің бірнеше мағынасы қолданылады. Е.Суханов мүлікті «азаматтық құқық субъектілеріне тиесілі мүліктердің, мүліктік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы» ретінде анықтайды.

А.П.Сергеев мүлік құрамына:

1) Жекелеген заттарнемесе олардың жиынтығын;

2) заттар, ақша және бағалы қағаздар

3) тек жоғарыда көрсетілген объектілер ғана емес, сонымен қатар мүліктік құқықтарды

4) қолда бар заттардың,ақшалардың, бағалы қағаздардың, мүліктік құқықтарын, сонымен қатар субъектілер міндеттерінатайды.

М.Сүлейменов мүлік көп қырлы түсінік деп жазады. Ол көбінесе:

1) белгілі тұлғалардың меншік құқығындағы немесе басқа да заттық құқығындағы заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы.

2) заттардыалуға немесе басқа тұлғалардан басқа да мүлітік қанағаттандыруға заттардың әне мүліктік құқықтардың жиынтығы

3) әмбебап мирасқорлық-ұстанушының мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың, мүліктік құқықтар мен мінддеттердің жиынтығы ұғымдарын ашуда қолданылады.

«Мүлік» термині кәсіпкерлік қызмет объектісін анықтауда маңыздымәнге ие, себебі кәсіпкерлік қызмет субъектісі өз қызметін жүзеге асыру үшін белгілі бір экономикалық ресурстар жиынтығына, яғни экономикалық құқықтар өндіруге қолданылатын элементтерге ие болуы қажет.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті экономикалық ресурс деп тауарлар мен қызметтерді өндіру үрдісінде пайдаланылатын барлық ресурстар түсіндіріледі.

- Табиғи ресурс: жер, жер қойнауы, су,орман

- Еңбек ресурстары: тауар және қызмет өндіру қабілеттілігі бар адамдар

- Капитал: ақша нысанындағы, яғни шынайы капитал

- Кәсіпкерлік қабілеттіліктер: тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастырудағы адамдардың қабілеттілігі

Субъектінің мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік емес құндылықтары және құқықтары, олардың құндау бағасы активдеген терминмен анықталады. Субъектінің активтері оның міндеттемелерін есептеп шығара отырып, өзіндік капиталын қалыптастырды.

Өзіндік капитал – субъектінің міндеттемелерін есептемегендегі активтері, бұл жердегі міндеттеме дегеніміз тұлғаның екінші бір тұлғаның пайдасына белгілі бір әрекет жасауы.

Кәсіпорынның өзіндік капиталы әртүрлі қайнар көздерден: жарғылық немесе жинақ жарнасынан, әртүрлі төлемдер мен қайырмалдықтардан, кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді кірістерден қалыптасады. Ерекше рөлді жарғылық капитал атқарады.

Жарғылық капитал – кәсіпорынды құру барысында оның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылтай құжаттарында анықталған мөлшерде құрылтайшылардың мүлікерге салған қаражаттарының жиынтығын білдіреді.

Қарыздық капитал – кәсіпорынмен сырттан несие, қаржылық көмек, кепілге салу барысында алынған сомма түрінде және қандай да бір кепілдікке анықталған жағдайларда, нақты мерзімге сыртқы қайнар көздерден тартылатын капитал болып табылады.

 

26. Жылжымайтын мүлік құқықтық режиміндегі ерекшеліктеріне тоқталыңыз

Жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатында шамадан тыс зиян келтірмей көшірілуі мүмкін болмайтын нысандар.

Жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі мемлекеттік тіркеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының 26.07.2007 жылғы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» № 310 Заңының өзгеде заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауын өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де нысандарын мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі болып табылады. Бұрын жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу ерікті түрде болған кезде жылжымайтын мүлік объектілерінің жаңа иелері көбінесе құқығын тіркеуге өтініш етпейтін. Бұл жылжымайтын мүліктің жаңа иесі үшін келеңсіз салдарға әкеліп соғуы мүмкін еді. Себебі оның мүлігіне қатысты үшінші тұлға тарапынан алаяқтық әрекеттер жасау мүмкіндігін туғызатын. Сондықтан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті мемлекеттік тіркеу ережесі енгізілді және жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуге өтініш ету мерзімі белгіленді. Осы аталған Заңның 9-бабына сәйкес, тұлғаға құқықтың пайда болуына негіз болған заңдық факт басталған сәттен, яғни, нотариат куәландырған келісім шарттар, күшіне енген сот шешімдері, аяқталған құрылысқа берілетін қабылдау актісі, өзгеде құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап 6 айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Ал, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру сот тәртібімен жүзеге асырылады, яғни, тіркеуші орган ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 354-3 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Осыған орай тіркеу мерзімі бұзылғаны үшін жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде, заңды тұлғалар үшін жиырмадан отызға дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілік қаралған.

Осылайша қабылданған Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды бекітуге және қорғауға, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қолайлы жағдайларды жасауға, халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жоғарлату, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жеңілдетуге бағытталған.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!