Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы мен құру тәсілдерін көрсетіңіз.



Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа қатысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды; кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды, коммерциялық ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілліктерін, кәсіпкерлер бірлестіктерін – холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, консорциумдарды (жай серіктестіктерді) және заңды тұлға құрмаған басқа да бірлестіктерді жатқызуға болады.

Кәсіпкер дегеніміз – ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.

Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкелік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға тиіс.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін, мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы жігерлі қызметі қажет. Егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты мұндай тәсілдер үшеу:

1. өкімдік – мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен құрылады;

2. рұқсат беру – заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;

3. алдын ала шешу (тіркеу) – заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы қажет: 1) мұндай заңды тұлға құру тәртібі заңда алдын ала көзделуге тиіс; 2) заңды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).

Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.

 

 

21. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қайта құрылу ерекшеліктерін және айырмашылықтарын тоқталыңыз.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.

Қандай жағдайларда компанияларды қайта ұйымдастыру қажет?

біріккен жағдайда: 2 және одан да артық заңды тұлғалар бір заңды тұлғаға қосылғанда;

қосылу жағдайында - бір немесе бірнеше заңды тұлғалар басқа заңды тұлғаға қосылғанда;

заңды тұлға екі немесе одан да артық заңды тұлғаларға бөлінген жағдайда;

бөліну (бірінші заңды тұлға әрекетін жалғастырып, заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде);

қайта құру (бір ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға басқа ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаға өзгергенде).

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәсілдері

Құқық мирасқорлығын қайта ұйымдастыру нысанына байланысты (мүліктік құқықтар және міндеттердің ауысуы) әр түрлі тәсілдермен іске асырылады:

заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері біріккенде әрқайсының құқықтары мен міндеттері бірігу туралы шарт және өткізу актісіне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға ауысады;

заңды тұлға басқа заңды тұлғаға қосылғанда соңғысына қосылу туралы шарт және өткізу актісіне сәйкес қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады;

бөлу теңгеріміне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға ауысатын оның құқықтары және міндеттерін заңды тұлғаны бөлгенде;

заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде олардың әрқайсысына бөлу теңгеріміне сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады;

бір түрдегі заңды тұлғаны басқа түрдегі заңды тұлғаны қайта ұйымдастырғанда (ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертуде) өткізу актісіне сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері қайта туындаған заңды тұлғаға ауысады.

Осылайша, екі маңызды құжат бар, оларды қайта ұйымдастыруды тіркеуде ұсыну қажет – өткізу актісі және бөлу теңгерімі. Беру актісі және бөлу теңгерімі, сондай-ақ бірігу және қосылу туралы шарттар қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған заңды тұлғаның немесе органның мүлік иесі бектіеді және барлық оның несиегерлері және борышкерлері, соның ішінде міндеттемелерге қатысты қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның барлық міндеттемелері, соның ішінде тараптар даулайтын міндеттемелер бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелерді қамтуы тиіс.

Осыларсыз қайта туындаған заңды тұлғаларды тіркеу немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгертулер енгізу мүмкін болмайтын осы құжаттарды құрастыру арнайы бухгалтерлік есепті қалыптастыру және ұйымдастыру іс-шараларының тұтас кешенін өткізуді талап ететіні сөзсіз.

Осы жағдайларды ескерумен, сондай-ақ қайта ұйымдастыруды жүргізу мәселелерін неғұрлым оңтайлы шешу мақсатында, ең алдымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бірінші басшысының бұйрығымен оны жүргізу бойынша комиссия құру қажет.


Қайта ұйымдастырудан өткеннен кейін сізде мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) заңды тұлғалар біріккенде, қосылғанда, бөлінгенде, шыққанда және қайта құрылуы барысында құрастырылатын құжаттардың толық пакеті;

2) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының жаңа редакциясы;

3) қайта ұйымдастыруды жүргізу туралы заңды тұлғалардың өкілетті органдарының шешімдері;

4) қайта ұйымдастыру туралы шарт;

5) беру акті, бөлу теңгерімі;

6) жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

7) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!