Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы мен құру тәсілдерін көрсетіңіз.



Қазқстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік іс-әрекеттерде толық пайдалануына құқықтары бар. Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті.

ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар:

- заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады;

-кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады;

- мүлік саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға;

- өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; және т.б

Кәсіпкерлердің міндеті: - белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу;

- бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу;

- салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру;

- белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз етужәне т.б.

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!