Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері талдау жасаңыз.



Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi:

1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің құқықтары:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;

5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;

6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;

7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;

8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;

9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;

10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;

11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;

12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.

2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;

2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсiпкерлiктің түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және рұқсаттар алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!