Жеке тұлға кәсіпкерлік құқық субъектісі ретінде айырмашылықтарын көрсетіңіз.



Жеке тұлға –

1. әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. 2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:

1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;

2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;

3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:

жұмыскерлердің жылдық орташа саны;

жылдық орташа табысы.

4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:

мемлекеттік статистика;

мемлекеттік қолдау көрсету;.Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады. Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады.

 

12. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қарым-қатынастардың субъектісі ретінде негізгі белгілеріне тоқталыңыз Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:

1. ұйымдасқандық бірлігі;

2. мүліктік оқшаулығы;

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлға – мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект.Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады.Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады.

Қазақстандық азаматтық құқық жөніндегі әдебиетте коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кеңеюін көбінесе 1994 жылғы АК-тің қабылдануымен байланыстырады.[17.117б] Бірақ бұл теріс кетушілік болар. 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңының өзі ұйымының құқық қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ережені бекітті: жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрлерін, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаса, олардың құрылтай немесе тіркеу құжаттарымен көзделген бе, жоқ па, соған қарамастан жүзеге асыра алады (аталған Заңның 13бабы, 1 тармағы).

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!