Кофермент липой қышқылы.

Кофермент ФАД және ФМН

ФАД және ФМН флавиндік коферменттер. ФАД- флавинадениндикулеотид, ФМН – флавинмононкулеотид. Бұлар әртүрлі апоферменттермен байланысады да, флавопротеинді ферменттер- флавинд- флавиндік дегидрогеназа түзеді.

Кофермент ТПФ (ТДФ)

ТПФ- тиаминпирофосфат, ТДФ- тиаминдифосфат. ТПФ коферменті В витаминінің туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар.

Кофермент липой қышқылы.

Липой қышқылы коферменті- құрамында дисульфидтік топ бар, ол топ тотығып екі сульфгидрильдік топ құрайды да, дигиролипой қышқылына айналады. Осының нәтижесінде липой қышқылы оңай тотығады және оңай тотықсызданады. Липой қышқылы өзінің карбоксил тобы арқылы лизиннің ɛ- амин тобымен апоферментпен пептидтік байланыс жасайды және декробаксилаза ферменті түзіледі.

 

 

10. Ферменттің активті орталығы. Ферменттердің өзіндік қасиеттері.

Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерге активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.

Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин қышқылдары кездеседі.

1. Цистеин, оның құрамында сульфгидрильдік топ- SH бар.

2. Серин, оның құрамында гидроксильдік топ- ОН бар.

3. Гистидин, оның құрамында имидазол сақинасы бар.

4. Аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы, ол екеуінің құрамында екінші карбоксильдік топ – COOH бар.

5. Триптофан, құрамында индол сақинасы бар

6. Гидрофобты амин қышқылы, ондай амин қышқылдары құрамында субстарттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты бүйір топтар болады.

Активті орталық фермент молекуласының бетіндегі шағын ғана бөлік. Ферменттегі амин қышқылдары қалдықтарының үлкен бөлігі орталық активтілігіне әсер етпейді.

Активті орталық нүктеде емес, сызықшаға да ұқсамайды, кеңістіктік пішінді, ол ферменттің полипептидік тізбегінде бірінен- бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!