Комплемент жүйесінің жағдайын бағалау



Комплемент жүйесінің компонентгерін және ингибиторларын анықтауы, негізінен осы жүйенің генетикалық ақаулары кезінде жүргізеді. Бірақ соңғы уақытта бұл сынамаларды иммундық кешен аурулардың ағымын және терапиясының тиімділігін бағалауда кеңінен колданады.

Бұрын комшіемент жүйесінің жағдайын, көбінесе, гемолитикалық жүйені қолдану арқылы бағалады. Бұл кезде қан сарысуының концентрациясын қолданған, ол 50%-100% гемолитикалық жүйеде гемолиз тудырған. Ол тек комплемент жүйесінің белсенділігі туралы жалпы көрініс берген. Қазіргі кезде комплемент жүйесінің жеке факторларын моноклонды антидене көмегімен ИФТ (иммунды ферменттік талдау) арқылы анытау тиімді болды.

NК-жасушаның санын анықтау үшін СD56+ және СD16+ -жасушаларын цитофлюорометриялық анықтау қолданады.

Кейбір жағдайда екі реттік флюоресценттік бояулар қолданылады: бір уақытта СD56 және 3, СD56 және 57, СD56 жэне 16 экспрессиясын және басқа да комбинациядарды анықтайды. Классикалық NК-жасушалардың CD56+CD57+ фенотипі болады. К-жасушалардың субфракциясы үлкен гранулярлы СD16+СDЗ- лимфоциттер ретінде идентификациялайды. СD56+СD16+ - жасушалары бір уақытта К-киллерлік (антиденетәуелді жасушалық цитотоксиндік эффекторы) белсенділік қабілеті бар, табиғи киллердің фракциясы түрінде қарастырады. Бір уақытта СDЗ және СD16/СD56 алып жүретін жасушалар, арнайы емес киллерлік белсенділігі бар (NTK-жасушалар) әр түрлі Т-лимфоциттер ретінде қарастырады. Мембраналық фенотипті анықтаумен қатар, 51Сr шығысымен тіркелген 4-сағаттық жасушалы-ортақтастыратын цитолиз сынамасында NK-жасушаларының функционалдық белсенділігін анықтаған жөн.

Келтірілген әдістер қандағы лейкоциттер құрамының толық сандык; сипаттамасын береді, бірақ ол көбінесе жеткіліксіз. Ағзаның қорғаныс қабілеті лейкоциттердің санына ғана емес, сонымен бірге функционалдық жарамдылығына, микроорганизмге және олардың антигендеріне адекватты түрде жауап қайтаруымен байланысты.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!