Тест тапсырмаларын құрастырушы ф.ғ.к. доцент С.Қ.Қожағұлов



К/б 411, с/б 511 топтары үшін

Дебиет теориясы” пәнінен тест сұрақтары

Тест тапсырмаларын құрастырушы ф.ғ.к. доцент С.Қ.Қожағұлов

Алғы сөз

 

Әдебиет теориясы – әлемдік және ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мақсаты – әдеби теориялық зерттеу методологиясын, әдеби процесс, әдеби ағым мәселелердің дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Қазақ әдебетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады.

Бұл пәнге арналған тест тапсырмалары төмендегідей бөліктерді қамтиды:

- әлемдік және ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін теориялық бөліктегі білім мазмұнын, көрнек өнерінің ежелгі тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының ХІХ ғасырдағы әлемдік өркениет дамуындағы маңызын, реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалдар жөнінде терең мағлұматтар береді;

- пәндік-мазмұндық бөліктегі білім мазмұны педагогикалық шеберліктің қазіргі даму деңгейі мен тенденцияларын қамтиды;

- дүниетанымдық бөліктегі білім мазмұны студенттердің дүниетанымдық көзқарасын қалаптастырады;

- пәндік-тәрбиелік бөлікте болашақ мамандарға қажетті білім мен дағды мазмұны қарастырылады.

 

1. Өзінің поэзия өнері туралы атақты еңбегін: “… поэзиялық туында тартымды болып шығу үшін фабула қалай құрастырылмақшы, бұған қоса ол қандай және қаншама бөліктерден тұруға тиісті, …” деп бастаған қай данышпан?
А. Сократ

Б. Әл-Фараби

С. Аристотель

Д. Гомер

Е. Софрон

 

2. “… көне дәуірлердің өзінде-ақ еліктеуге өте бейімді дарынды жандар болған, олар осы еліктеу қабілетін там-тұмдап дамыта отырып, импровизизациядан нақты поэзияны тудырды”, - деген пікірді айтқан ұлы ұстаз

А. Дионис

Б. Аристотель

С. Илиада

Д. Одиссея

Е. Ыбырай

 

3. Тұңғыш рет поэзия өнері туралы: эпикалық және трагедиялық поэзия, комедия мен фабула туралы зерттеу еңбек жазған көне заман кемеңгері?

А. Демокрит

Б. Демосфен

С. Цицерон

Д. Аристотель

Е. Еврипид

 

4. Әл-Фараби “Өлең өнерінің қағидалары туралы” трактатында грек поэзиясын неше топқа бөлген?

А. 6

Б. 12

С. 3

Д. 2

Е. 9

 

5. Әл-Фараби “мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі” деп қай жанрды айтқан

А. сатира

Б. лирика

С. драма

Д. эпос

Е. акустика

 

6. Әл-Фараби табиғи дарынына, білім қасиетіне, еліктеуіне орай ақындарды неше топқа бөлген?

А. топқа бөлмеген

Б. 5

С. 7

Д. 9

Е. 3

 

7. “Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы” еңбегінің авторы?

А. Лессинг Г.Э.

Б. Вергилий

С. Вольтер

Д. Симонид

Е. Е.Франко

 

8. “Ақынның үнінен естілер әуенді музыка да жеткізе алмайды, картина да бейнелей алмайды. Бұл –поэзияның ешкім аңғармас мүмкіндігі” – деп пікір айтқан, поэзия мен кескін өнерінің арақатынасын айқындаған неміс ағартушысы, көркемөнер теоретигі?

А. Лесснер

Б. Вольтер

С. Лессинг

Д. Гете

Е. Лесков

 

9. Француз ақыны һәм ғылымы Никола Буалоны қай мектептің өкіліне жатқызуға болады?

А. Формализм мектебі

Б. Биографизм мектебі

С. Филологиялық мектеп

Д. Орта мектеп өкілі

Е. Эстетикалық догматизм

 

10. Дарвин теоиясын әдебиеттану ғылымына дәлелсіз түрде әкеп қолданған атышулы бағыт?

А. Мәдени – тарихи мектеп

Б. Филологиялық мектеп

С. Компаративизм ағымы

Д. Дидактикалық ағым

Е. Психологиялық мектеп

 

11. ХХ ғасырдың басында Австралияда психиатор, философ Зигмунд – Фрейд негізін салған мектеп

А. Формализм мектебі

Б. Психологиялық мектеп

С. Психо-аналитикалық меткеп

Д. Драматизм мектебі

Е. Шешендік өнер мектебі

 

12. Өнердегі басты нәрсе түр деп форманы зерттеуді бірінші орынға қойған формализм мектебінің өкілдері?

А. Кравченко, Морский

Б. Жирмунский, Эйхенбаум, Латман

С. Никола, Буало

Д. Белинский, Чернышевский

Е. Ысмайлов, Жұмашев

 

13. Қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып, метафизикалық жолға түскен, жазушы шығармасын оның таптық, тегімен байланыстыра қараған мектеп?

А. Филологиялық мектеп

Б. Тарихи салыстыру мектебі

С. Биографизм мектебі

Д. Социологиялық мектеп

Е. Жоғарғы мектеп

 

14. Адамдардың өзінің сезген-түйгендері жөніндегі көңіл-күй сезімін өзгелерге жеткізу мақсатынан өнер пайда болды. Автордың шығармадағы сезімі басқаларды әсерлендірсе, нағыз өнер деген міне сол деген пікірді айтқан ұлы суреткер?

А. Л.Толстой

Б. Е.Букетов

С. А.Пушкин

Д. С.Сейфуллин

Е. Д.Ысқақов

 

15. “Өнердің тегі - өндірістік еңбек” деп, өндірістік еңбек теориясын ұсынушы, “Еңбек және ритм” деген кітап авторы, неміс ақыны, әдебиеттанушысы?

А. Белгер

Б. Беуер

С. Шиллер

Д. Даньте

Е. Гимлер

 

16. Белгілі әдебиет теоретигі және тарихшысы, “Тарихи поэтика” еңбегінің авторы?

А. Егеубаев А

Б. Бешинский В.Г.

С. Жолдасбеков М.Ж.

Д. Банфа Антонио

Е. Веселовский А.Н..

 

17. Қазақ өлеңінің құрылысын, Абай, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші академик, “Өлең сөздің теориясы” еңбегінің авторы

А. Негимов С.

Б. Байтұрсынов А.

С. Базарбаев М.

Д. Ахметов З.

Е. Мақпыров С.

 

18. Пушкин шығармашылығына, өлең құрылысына, текстологияға байланысты көрнекті еңбектер жазған орыс әдебиеттанушысы, теоретик ғалым

А. Потебня А.А.

Б. Уоррен Остин

С. Томашевский Б.В.

Д. Достоевский Ф.

Е. Евтушенок Е.

 

19. Қазақ драматургиясы туралы көлемді еңбек жазған екі томдық “Арқау” зерттеу монографиясының авторы

А. Нұрғали Р.

Б. Байтұрсынов А.

С. Сәрсенбаев Ә.

Д. Дәдебаев Ж.

Е. Егеубай А.

 

20. Қазақ әдебиетін дәуірлеуде көне түркі әдебиетін,хандық дәуір әдебиетін зерттеуге ерекше үлес қосқан белгілі қазақ ғалымы

А. Кенжебаев Б.

Б. Қабдолов З.

С. Ысқақов Д.

Д. Сыдықов Т.

Е. Кияхметова Ш.

 

21. Шығармадағы бірыңғай дауысты дыбыстардың үйлесіп келуі

А. Аллитерация

Б. Ассонанс

С. Символ

Д. Үндестік заңы

Е. Сингармонизм

 

22. Баспадан шыққан шығармалардың мазмұны туралы қысқаша сипаттама

А. Рецензия

Б. Аннотация

С. Сілтеме

Д. Дискуссия

Е. Пікір

 

23. Кереғар ұғым, көріністерді шендестіре суреттейтін фигураның түрі

А. Параллелизм

Б. Антитеза

С. Метонимия

Д. Даттиль

Е. Метафора

 

24. Шығармада бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі

А. Антоним

Б. Ассонанс

С. Автология

Д. Аллитерация

Е. Арнау

 

25. Әдеби шығарма тексін зерттейтін әдебиеттану ғылымының жанама сапасы

А. Тарихнама

Б. Библиография

С. Текстология

Д. Әдебиет сыны

Е. Сюжет

 

26. Әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері неше циклдан тұрады?

А. 2

Б. 5

С. 7

Д. 3

Е. Циклға бөлінбейді

 

27. Өмір шындығын образды түрде бейнелеу, шығарманың әдеби көркемдік құрылымы, әдеби процесс әдебиеттану ғылымының қай саласының зерттеу объектісіне тән?

А. Әдебиет шежіресі

Б. Әдебиет тарихы

С. Әдебиет сыны

Д. Текстология

Е. Әдебиет теориясы

 

28. Әдебиет теориясының бірінші циклінде көркем әдебиеттің қандай ерекшеліктері қарастырылады?

А. Өмір шындығын образды түрде бейнелеу

Б. Шығарма құрылысы

С. Троп түрлері

Д. Әдеби процесс

Е. Композициясы

 

29. Шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, тип пен характер, сюжет пен композиция, тіл мен стиль мәселелері әдебиет теориясының нешінші циклында қарастырылады?

А. Қарастырылмайды

Б. 1

С. 3

Д. 5

Е. 2

 

30. “Қазақ романы және психологиялық талдау” зерттеу еңбегінің авторы

А.. Қабдолов С.

Б. Майтанов Б

С. Сыдықов Т.

Д. Дәдебаев Ж.

Е. Есімов Ғ.

 

31. Орта ғасырда француз, итальян, испан поэзиясында туған шағын сюжетті лирикалық жанр

А. Мадригал

Б. Сонет

С. Баллада

Д. Ода

Е. Эллегия

 

32. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды дамыта асыра түсетін айшықтау түрі

А. Литота

Б. Гратеск

С. Градация

Д. Эпитет

Е. Теңеу

 

33. Өмірде болған нақтылы жайларды ашық мәлімет, айқын деректерге сүйеніп бейнелейтін көркем жанр

А. Диалог

Б. Детектив

С. Деректі жанр

Д. Әңгіме

Е. Новелла

 

34. Шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма түрі

А. Детективті әдебиет

Б. Баллада

С. Очерк

Д. Новелла

Е. Эпос

 

35. Екі кітаптан (бөлімнен) тұратын көлемді көркем шығарма

А. Лирика

Б. Трилогия

С. Эпопея

Д. Дилогия

Е. Драма

 

36. Өлең жырды суырып салып айту өнері

А. Варианттылық

Б. Импровизация

С. Нәзирашылдық

Д. Интонация

Е. Интермедия

 

37. ХУІІ-ХІХ ғасырдың басында Европа әдебиеті мен өнерінде өріс алған әдіс

А. Сатира

Б. Символизм

С. Классицизм

Д. Юмор

Е. Компоративизм

 

38. Әдебиеттану ғылымында орын алған салыстырмалы тарихи әдіс

А. Компоративизм

Б. Метафора

С. Синегдоха

Д. Драматургия

Е. Эпос

 

39. Шығарманың үлкенді кішілі бөлшектерін бір-бірімен қисынды түрде қиюластыратын тұтастық бірлігі

А. Эпиграф

Б. Пролог

С. Экспозиция

Д. Драма

Е. Композиция

 

40. Драмалық шығарма жанры

А. Толғау

Б. Лирика

С. Баллада

Д. Комедия

Е. Терме

 

41. 11 буынды 4 тармақты а, а, б, а түрінде келетін ұйқас

А. Шалыс ұйқас

Б. Егіз ұйқас

С. Қара өлең ұйқасы

Д. Қайым өлең

Е. Жыр

 

42. Қазақ фольклорындағы бәдік, арбау, бақсы сарыны қай жанрға жатады?

А.

Б. Эпос

С. Драма

Д. Лирика

Е. Магиялық поэзия

 

43. Автордың өздері қатысқан, куә болған оқиғалар туралы көркем туынды жанры

А. Фельетон

Б. Мемуар

С. Символ

Д. Арнау өлең

Е. Ода

 

44. “Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек” дегенде қандай көркемдік тәсіл қолданған?

А. Эпитет

Б. Метафора

С. Метонимия

Д. Символ

Е. Теңеу

 

45. Ақын –от, лаулап жанар аспанға өрлей. Үзіндіде троптың қай түрі бар?

А. Метафора

Б. Антитеза

С. Теңеу

Д. Аллегория

Е. Эпитет

 

46. Расулдай, басым да жүр ашылмай,
Құсбегінің қолында лашындай.

Үзіндідегі троп түрі?
А. Еліктеу

Б. Антитеза

С. Синтаксис

Д. Дактиль

Е. Теңеу

 

47. Еділ бол да Жайық бол
Ешкімменен ұрыспа

Жолдасыңа жау тисе
Жаныңды аяп тұрыспа.

Ажарлаудың қандай түрлері

А. Гипербола, литота

Б. Теңеу, эпитет

С. Синегдоха, метонимия

Д. Аллитерация, ассонанс

Е. Антитеза, аллегория

 

48. Ай- айна, өзен-алқа жерге таққан. Үзіндіде шумақта троптың қай түрі кездеседі?

А. Эпилог

Б. Символ

С. Метафора

Д. Пролог

Е. Сюжет

 

49. Декаденттік және авангардтық сатылардан өткен өнердегі философиялық эстетикалық қозғалыс

А. Ерікті өлең

Б. Мифология

С. Символизм

Д. Деректі жанр

Е. Модернизм

 

50. Драмалық шығармадағы, басқа да көркем шығармалардағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғаныс сөзі

А. Диалог

Б. Монолог

С. Толғау

Д. Терме

Е. Ремарка

 

51. Оқиғаға құрылған лирикалық сарындағы ұзақ өлең

А. Сонет

Б. Баллада

С. Ода

Д. Бард

Е. Ән

 

52. Шығыс поэзиясында кездесетін қос тармақты өлең

А. Бәйіт

Б. Қара өлең

С. Қайым

Д. Рубан

Е. Ертегі

 

53. Текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім

А. Гимн

Б. Георгики

С. Гротеск

Д. Гнома

Е. Герменевтика

 

54. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ.басында пайда болған өмірден торығу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарыны басым әдеби құбылыс?

А Романтизм.

Б. Реализм

С. Декаданс

Д. Драматургия

Е. Ода

 

55. Көркем шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқу, тақпақтап айту

А. Детектив

Б. Декламация

С. Ода

Д. Арнау

Е. Ежіктеу

 

56. Афоризмнің баламасы ретінде А.Байтұрсынов енгізген термин?

А. Шешендік

Б. Риторика

С. Әліптеме

Д. Ділмар сөз

Е. Лирика

 

57. Өлең жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері?

А. Томас

Б. Шешендік

С. Риторика

Д. Интермедия

Е. Импровизация

 

58. Әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп, жан бітіргендей етіп ссуреттеу тәсілі

А. Кейіптеу

Б. Теңеу

С. Символ

Д. даралау

Е. Жинақтау

 

59. Өмірдегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды күлкілі етіп бейнелейтін драмалық жанр?

А. Фельетон

Б. Комедия

С. Трагедия

Д. Дактиль

Е. Ертегі

 

60. ХІХ ғ. 40-50 жылдарында пайда болған орыс сыншысы реализмнің бағыты?

А. Дидактикалық ағым

Б. Символизм

С. Футуризм

Д. Натуральдық мектеп

Е. Ағартушылық бағыт

 

61. Шығыс поэзиясында орта ғасрыларда қалыптасқан, белгілі бір ақынның өзіне дейінгі классикалық шығармаға “жауап” қатуы түрінде, өнер, өлең жарыстыру мақсатында пайда болған дәстүр?

А. Сонет

Б. Ода

С. Нәзира

Д. Новелла

Е. Бәйіт

 

62. Әңгімеге ұқсас бірақ өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын эпикалық жанр

А. Новелла

Б. Повесть

С. Сюжет

Д. Драма

Е. Очерк

 

63. Әдеби шығармалардағы жаратылыстың, табиғаттың көркем бейленуі

А. Пролог

Б. Портрет

С. Экспозиция

Д. Пейзаж

Е. Эпилог

 

64. Әдеби ұрлық

А. Поэзия

Б. Текстология

С. Памфлет

Д. Пародия

Е. Плагмат

 

65. Кейіпкердің сырт бейнесін, кескін-кейпін суреттеу

А. Поэзия

Б. Мүсін

С. Карикатура

Д. Породия

Е. Портрет

 

66. Оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, повестке жуық орта көлемді эпикалық жанр?

А. Очерк

Б. Поэма

С. Сатира

Д. Жыр

Е. Ертегі

 

67. Көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы?

А. Фольклор

Б. Поэтика

С. Логика

Д. Философия

Е. Риторика

 

68. Кейіпкер бейнесіне негізге алынған өмірде болған бастапқы тұлға

А. Мінездеу

Б. Характер

С. Прототип

Д. Тип

Е. Мемуар

 

69. Әдебиет пен өнердегі өмір құбылыстарын шынайы қалпында, жинақтап, көркемдеп бейнелеуді мақсат тұтатын көркемдік әдіс

А. Футуризм

Б. Романтизм

С. Натурализ

Д. Реализм

Е. Типтендіру

 

70. Көркем шығармаға талдау, баға беру, пікір қорыту мақсатындағы сын жанры

А. Рецензия

Б. Сатира

С. Породия

Д. Аннотация

Е. Эпилог

 

71. Көркем тексте, көбінесе өлеңде басқа бір шығарманы не жолдарды еске түсіретін нышан, автордың еркінен тыс жайт?

А. Перифраз

Б. Реминнсценция

С. Эпифора

Д. Қайталақтау

Е. Редиф

 

72. Көне Грекиядағы шешендік өнер туралы ғылым?

А. Поэтика

Б. Логика

С. Риторика

Д. Ділмар сөз

Е. Билер айтысы

 

73. Сыңғырлау, сылдырлау деген итальян сөзінен шыққан 14 тармақтан құралатын өлең түрі?

А. Эллегия

Б. Ода

С. Сонет

Д. Жыр

Е. Лирика

 

74. Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің басты көркемдік әдісі?

А. Романтизм

Б. Социалистік реализм

С. Сыншыл реализм

Д. Ағым

Е. Стиль

 

75. Талантты жазушының өзіндік бейнелеу шеберлігін, суреткерлік дара бітімін, өзгешелігін, жазу мәнерін, қолтықбасын айқындайтын көркемдік белгі, нышан?

А. Почерк

Б. Әдіс

С. Ағым

Д. Дербестік

Е. Стиль

 

76. Өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі?

А. Сюжет

Б. Экспозиция

С. Конфликт

Д. Мотивировка

Е. Пролог

 

77. Шығарма мазмұнының негізгі арқауы, сөз болатын басты, келелі мәселе?

А. Тартыс

Б. Піішін

С. Форма

Д. Тақырып

Е. Дәлел

 

78. Шығарма сюжетіне арқау болатын қайшылық, қақтығыс, тартыс?

А. Шешім

Б. Дәлел

С. Кульминация

Д. Дамыту

Е. Конфликт

 

79. Шығарма тексін қолжазбасымен салыстыра тексеретін, жариялайтын әдебиеттанудың жанама саласы?

А. Рецензия

Б. Текстология

С. Библиография

Д. Тарихнама

Е. Поэтика

 

80. Бірнеше халықтың сөз өнеріндегі, әдебиетіндегі әдеби ағым, бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы, жалғас жақындығы?

А. Текстология

Б. Символ

С. Типологиялық байланыс

Д. Толғау

Е. Архетип

 

81. Драмалық жанр түрі

А. Трагедия

Б. Лирика

С. Роман

Д. Эпопея

Е. Поэма

 

82. Өзара жалғасып, тұтасып жатқан үш кітаптан тұратын эпикалық шығарма

А. Баллада

Б. Дилогия

С. Ұштаған

Д. Трилогия

Е. Тристан

 

83. Әдеби шығарманың автор өзі жазған төлтума қолжазбасы?

А. Тізім

Б. Көшірме

С. Түпнұсқа

Д. Түйдек

Е. Тирада

 

84. Халық даналығын, халық шығармашылығын зерттейтін ғылым?

А. Риторика

Б. Поэзия

С. Эпос

Д. Герменовтика

Е. Фольклор

 

85. Көркем шығармадағы кейіпкердің мінез бітімі, ой сезім дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері?

А Образдылық.

Б. Композиция

С. Сюжет

Д. Характер

Е. Суретті сөз

 

86. Шығармадағы оқиғаның шиелінісіп, шегіне жетіп өрістеген кезеңі?

А. Шешім

Б. Шарықтау шегі

С. Байланыс

Д. Развязка

Е. Экспозиция

 

87. Шенеу, ащы мысқыл, сықақ

А. Трагедия

Б. Юмор

С. Әзіл

Д. Комедия

Е. Сарказм

 

88. Өлең жырларда, дастан поэмаларды өлең тармақтарының белгілі бір ретпен топтасуы

А. Бунақ

Б. Тармақ

С. Шумақ

Д. Өлшем

Е. Силлабика

 

89. Көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттау

А. Экспозиция

Б. Экспромт

С. Эпилог

Д. Пейзаж

Е. Панорама

 

90. Әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе шығарманың бас аяғы тиянақты бір бөлшегі

А. Эпизод

Б. Эпиграф

С. Эллегия

Д. Эпиграмма

Е. Экспромт

 

91. Заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз

А. Эпитет

Б. Символ

С. Аллегория

Д. Литота

Е. Эпиграф

 

92. Бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан-салалы эпикалық шығарма

А. Эпопея

Б. Повесть

С. Поэма

Д. Мемуар

Е. Академиялық басылым

 

93. Өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі

А. Эпифора

Б. Антитеза

С. Ассонанс

Д. Аллитерация

Е. Эпитет

 

94. Ойға шолу, қамығу, жабығу сарыны басым лирикалық мұңды өлең

А. Эллегия

Б. Эпиграмма

С. Сатира

Д. Терме

Е. Толғау

 

95. Хат түрінде жазылған көркем туындылар

А. Эпистолиярлық шығарма

Б. Эпизод

С. Мемуар

Д. Жылнама

Е. Шежіре

 

96. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” көрнек өнерін неше түрге бөлген?

А. 5

Б. 3

С. 2

Д. 10

Е. Тұтастай қарастырылған

 

97. ХХ ғасырдағы белгілі американ әдебиеттанушылары. “Әдебиет теориясы” еңбектерінің авторлары?

А. Шекспир. Хәмунгуэй

Б. Уэллек Рене, Уоррен Остин

С. Потебня, Якобсон

Д. Сентбев Шарль Огюстен

Е. Буш. Клинтон

 

98. “Роман және психологиялық талдау” ғылыми еңбегінің авторы қазақ әдебиетанушы ғалымы?

А. Негимов С.

Б. Мақпырұлы С.

С. Майтанов Б.

Д. Әшімов А.

Е. Мұқанов С.

 

99. Мағжан және оның ақындығы туралы сын мақала жазған белгілі қазақ жазушысы?

А. Әл-Фараби

Б. З.Ахметов

С. Т.Әлімқұлов

Д. Ж.Аймауытов

Е. Аристотель

 

100. Абай поэзиясын, аудармаларын діттей зерттеген жазушы, сыншы, “Жұмбақ жанның” авторы?

А. С.Н.Зенкин

Б. З.Қабдолов

С. Ғ.Есімов

Д. М.Дәулетбаев

Е. Т.Әлімқұлов

 

101. Жазушының ой елегінен өтіп, қорытылып баяндалған, көркем шығармаға айналған өмір шындығын қалай атаймыз?

А)көркемдік шындық

В)көркемдік түр
С)қөркемдік қиял
Д)көркемдік уақыт
Е)көркемдік тіл

 

102. “Сөз өнері-адам санасының үш негізіне: ақылға, қиялға, көңілге негізделеді”, - деген ғалым ұстаз?

А) Міржақып Д

В) Ахмет Б
С)Мағжан Ж
Д)Фариза О
Е)Айгүл Ш

 

103. Әдебиет дегеніміз...

А) шешендік өнер

В) философия саласы

С)тарих саласы

Д)логика саласы

Е) көркем өнер саласы

 

104. Әр күнгі оқиғаны, жай-жапсарды тізіп ажыратын жазу тәсілі

А) эпиграмма

В)мемуар

С) күнделік

Д)пародия

Е)сюжет

 

105. Шығарма ішіндегі шағын тартыстар, қақтығыс әрекеттер.

А) мотивировка

В) коллизия
С)шешем
Д)декорация
Е)акт

 

106. Бірінші, екінші, төртінші тармақтары ұйқасқан ұйқас өрнегі?

А) а-б-с-д

В)а-б-а-б
С) а-а-б-а
Д)а-а-б-б
Е)а-б-в-б

 

107. Поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның бейнесі?

А) лирикалық жанр
В)лирикалық шегініс
С)лирикалық түр
Д) лирикалық кейіпкер
Е)лирикалық күй

 

108. Ақын бейнесінің шығармаларынан тұтас тұлға ретінде көрінуі

А) лирикалық күй
В)лирикалық шегініс

С)лирикалық түр
Д)лирикалық жанр
Е) лирикалық қаһарман

 

109.Өлеңдегі ақынның өз бейнесі.

А) лирикалық мен
В)лирикалық шегініс
С)лирикалық түр
Д)лирикалық жанр
Е)лирикалық күй

 

110. Наным – сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатындағы бәдік, арбау, бақсы сарындарын поэзияның қай түріне жатқызамыз?

А) сатиралық поэзия
В)дидактикалық поэзия
С) магиялық поэзия
Д)мифологиялық поэзия
Е)эротикалық поэзия

 

111. Шығарманың ішкі қасиет-сипаты, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы.

А) шешімі
В)пішіні
С)сюжеті
Д) мазмұны
Е)тілі

 

112. Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой. Үзіндіде қандай көркем тәсіл бар?

А) анафора
В)эпитет
С)аллегория
Д)эпифора
Е) метонимия

 

113. Қызға қырық үйден тыю. Үзіндіде “қырық” сөзі қандай тәсілмен жасалған?

А)синекдохалық
В)теңеулік
С)метофоралық
Д)эпитеттік
Е) обалық

 

114. Ақтардың өзі кейіпкер ретінде баяндалатын проза жанры?

А) поэма

В) мемуар
С)эпопея
Д)драма
Е) эпиграф

 

115. “Жастықтың оты”, “жүректің көзі” қандай көркем тәсілмен жасалып тұр?

А) драма

В)метонимия
С)эпитет
Д) метофора
Е)эпиграмма

 

116. Үзіндіде қандай көркемдік тәсіл кездеседі?

Ақын-жел, есер гулер жүйрік желдей

Ақын от, лаулап жанар аспанға өрлей.

А) элипсис
В)аллегория
С)символ
Д)антитеза
Е) метафора

 

117. Халық шығармаларының ең көне жанрларының бірі, құдайлар мен рухтар, періштелер туралы аңыз-әңгімелер?

А) баллада
В) миф
С)поэтика
Д)дактиль
Е)ода

 

118. Белгілі бір тақырыпқа жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми- зерттеу еңбек.

А) сонет
В)модернизм
С) монография
Д)драма
Е) эпилог

 

119. Шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: өзімен сөйлесуі

А) ермектеме

В)пролог
С)эпиграф
Д)дәлел
Е) монолог

 

120. Өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалатын әңгімеге ұқсас жпикалық жанр?

А)новелла
В)эпос
С)сатира
Д)драма
Е) оба

 

121. “Тірі өлік, қыз теке, қарт оқушы” деген сөздер қандай тәсілмен жасалған.

А) полисемия
В) нәзира
С)сатира
Д) оксимарон
Е)сарказм

 

122. Ырғағы ұзын буын (-) мен қысқа буынның () кезектесуіне негізделген өлең жүйесі?

А)метрикалық өлең жүйесі
В)тоникалық өлең жүйесі

С)силлабикалық өлең жүйесі
Д)лирикалық өлең жүйесі

Е)эпикалық өлең жүйесі

 

123. Өлеңде буын санын тұрақты сақтайтын буынға негізделген өлең жүйесі. А) метрикалық өлең жүйесі

В) силлабикалық өлең жүйесі
С)лирикалық өлең жүйесі
Д)эпикалық өлең жүйесі
Е)тоникалық өлең жүйесі

 

124. Ырғағы екпін түсетін буындарға негізделген өлең жүйесі

А) метрикалық өлең жүйесі
В) силлабикалық өлең жүйесі
С) тоникалық өлең жүйесі
Д) лирикалық өлең жүйесі
Е) эпикалық өлең жүйесі

 

125. Өлең ырғағы екпінді мен екпінсіз буындардың кезектесуіне буынға және екпінге негізделген өлең жүйесі?

А) тоникалық өлең жүйесі

В)метрикалық өлең жүйесі
С)лирикалық өлең жүйесі
Д)эпикалық өлең жүйесі
Е) силабо-тоникалық өлең жүйеге

 

126. Қазақ өлеңі қандай жүйеге негізделген?

А)эпикалық өлең жүйесі
В)метрикалық өлең жүйесі
С)лирикалық өлең жүйесі
Д) силлабикалық өлең жүйесі
Е)тоникалық өлең жүйесі

 

127. Өлеңдегі троп түрін табыңыз.

Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!

Ауа мен күнге, ай менен нұрға малынып.

Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы

Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық

А)синекдоха
В)эпитет
С)символ
Д)эпос
Е) ода

 

128. Батты қанша күн қызарып

Атты қанша таң күліп.

А) символ

В)эпитет
С) кейіптеу
Д)эпос
Е) ода

 

129. Жолдардың шаңы жауыпты қара шашымды,

Кететін емес сіліксем қанша басымды
А) символ

В)синекдоха

С) Эпитет
Д)эпос
Е) ода

 

130. Троп түрін табыңыз.

Шаншылып Алатаудың ұршығындай,

Шабыттың шырқап биік ыршуындай.

Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,

Шытырман жақпар-жақпар жыр шыңындай.

А) символ
В) теңеу
С)сонет
Д)антитеза
Е)эпос

 

131. Ал күзі-алып бір ақ қырман,

Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған.

А) антитеза
В)символ
С)сонет
Д) эпитет
Е)эпос

 

132. Көктемнің балғын кезі еді,

Әнші құс көкте ағылған

Жемнің де жасыл өзегі

Көгілдір мұнар жамылған.

А) сонет
В)символ
С) эпитет
Д)антитеза
Е)эпос

 

133. Алып – ұшқан бала бар

Ала құйын жазықта

Ақ жаулықты аналар

Ақ құйып жүр қазыққа...

А)ассонанс
В)аллитерация
С)аллегория
Д)антитеза
Е)аруз

 

134. “Алтай жақта аяз,-дейді,-қар қалың”

Аяз сорып арықтады-ау арманым

Арманыма аман-есен қол жетсе,

Айналдырып көрер едім ар жағын

А) эпос
В)символ
С)сонет
Д)антитеза
Е) теңеу

 

135. Жанарың жаз өлген

Жасыл әлем қалды аспан

Жеті басты ажалмен

Жеті жылдай арбасқан

А) аллегория

В)ассонанс
С) аллитерация
Д)антитеза
Е)аруз

 

136. Құландай жортқан жаралы

Құлақта мәнді сарыны

Қоштаспай кетіп барады

Қазақтың ғажап сары ұлы.

А антитеза)
В)ассонанс
С)аллегория
Д) аллитерация
Е)аруз

 

137. Балқытып гүлді деміне,

Сүйді жаз әбден беріле:

Әкетпек еді ұзатып,

Өзінің жылы жеріне...

А)кейіптеу
В)мазмұндау
С)суреттеу
Д)дамыту
Е)эпифора

 

138. қызғаншақ қыс келді де,

Сілтеді суық қанжарын

Жас жігіт қыршын өлді де,

Қалдырып кетті жан жарын.

А) дамыту
В)мазмұндау
С)суреттеу
Д) психологиялық параллелизм
Е)эпифора

 

139. Отырмын теңі бойында

Ойнайды дауыл ойымда

Соғады толқын шың, жарды,

Шертеді көңлім мұңлы әнді.

А) суреттеу

В)мазмұндау
С) символ
Д)дамыту
Е)эпифора

 

140. Көкала бұлт сөгіліп

Күн жауады кей жақта

Өне бойым егіліп

Жас ағады аулақта

А)омонимдік параллелизм
В)синтаксистік параллелизм
С)синонимдік параллелизм
Д)антонимдік параллелизм
Е) психологиялық параллелизм

 

141. Поэзияның ақындық өнер шыңының символы.

А) памфлет
В)пародия
С) парнас
Д)дактиль
Е) ода

 

142. Неше тармақты шумақ?

Әлдеқалай жолым түсіп туған жерге барыппын,

Туған ауыл, ой шұңқырың-бәрісіне қанықпын.

А) 6
В)3
С)4
Д)5
Е) 2

 

143.Неше тармақты шумақ?

Әлем –дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай сағыңдар,

Ей адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

А)3
В)5
С)2
Д)1
Е) 4

 

144. Неше тармақты шумақ?

Сен менің жүрегімді жазалама,

Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,

Жүрек деген – сезім ғой, сезіміме

Сезіммен кел, болмаса мазалама.

А) 2
В)3
С) 4
Д)1
Е)5

 

145. Неше тармақты шумақ?

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт, не біледі?!

Бабалардың баласы-қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

А) 2

В)4
С)3
Д) 5
Е)1

 

146. Неше тармақты шумақ?

Жанның бәрін жаныңа дос санадың,

Дос санадың...

Қалмады басқа амалың

Ал, жүрегің?

Жүрегің тулап жатыр

Қирата алмай кеудеңнің тас қаламын.

А) 2
В)12
С)7-8
Д) 6
Е)1

 

147. Неше бунақты тармақ?

Батар күн,

Келер түн,

Атар таң,

Шығар күн

А) 11 бунақты тармақ
В)2 бунақты тармақ
С)3 бунақты тармақ
Д)10 бунақты тармақ
Е) 1 бунақты тармақ

 

148. Неше бунақты тармақ?

Сұқтанып тұрып жанарың,

Сұрыма неге қарадың?

Солай да, солай, қарағым,

Отыздан асып барамын.

А)8 бунақты тармақ
В)3 бунақты тармақ
С)2 бунақты тармақ
Д)11 бунақты тармақ
Е)1 тармақты тармақ

 

===============================================================================================================================================================================================================

149. Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі

Ешкім оған қоя алмайды нүктені,

Өмір деген сөйлем емес өйткені.

Неше бунақты тармақ?

А)3
В)5
С)7
Д)11
Е)14

 

150. Неше бунақты тармақ?

Аруана жаудың қолына түссе ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп...

А) 5
В) 4
С)3
Д)2
Е) 1

 

151. Өлеңнің ұйқасын көрсетіңіз?

Уақыт бар ма ұлы өмірді жеңбеген

Бақыт бар ма адам бұрын көрмеген

Ғалым бар ма оқып, ойы кернеген

Ғылым бар ма дүниеге келмеген.

А) егіз ұйқас
В) шұбыртпалы ұйқас
С)жай ұйқас
Д)шалыс ұйқас
Е)ұйқас жоқ

 

152. Иек артқан теңізге мүйістейін,

Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?

Иіскейін тек қана, тиіспейін,

Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?

А) жай ұйқас
В)егіз ұйқас
С) шұбыртпалы ұйқас
Д)шалыс ұйқас
Е)ұйқас жоқ

 

153. Өлең ұйқасы қандай?

Жігіттер, дем алайық тауға барып,

Балақты жүреміз бе шаңға малып?!

Алматының қарайық төбесінен,

Алды мен көк майсаға аунап алып.

А) шалыс ұйқас
В)егіз ұйқас
С)жай ұйқас
Д) шұбыртпалы ұйқас
Е)ұйқас жоқ

 

154. Өлең қалай ұйқасқан?

Алып – ұшқан бала бар

Ала-құйын жазықта

Ақ жаулықты аналар

Ақ құйып жүр қазыққа

А) екпінді ұйқас
В)кезектес ұйқас
С)ақсақ ұйқас
Д)дара ұйқас
Е) шалыс ұйқас

 

155. Ұйқасын анықтаңыз.

Бәрін де ексе салады,

Балаң шағым баяндап,

Әкем кетіп барады,

Торы айғырмен аяңдап …

 

А) шалыс ұйқас
В)егіз ұйқас
С)қосарлы ұйқас
Д)қайталама ұйқас
Е)қара өлең

 

156. Жаутаңдап екі жағаңда

Тамыры тандыр жер жатты:

Талатып көшін заманға

Қабағы қату ел жатты

А) шалыс ұйқас
В)егіз ұйқас
С)қосарлы ұйқас
Д)қайталама ұйқас
Е)қара өлең

 

157. Ұйқас түрі қандай?

Ризамын жастыққа, текке өтпеді

Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі

Жастық маған ақыл-ой, сана берді

Амал не, жастық өзі қалады енді.

А) шалыс ұйқас
В) егіз ұйқас
С)сыңар ұйқас
Д)дара ұйқас
Е) еркін ұйқас

 

158. Ұйқасын көрсетіңіз.

От пенен от, су менен су бірігіп,

Бар болмысқа кеткен болар кірігіп

Арман қуып, қуанышты сағалар

Әй кішкентай балалар-ай, балалар

А) сыңар ұйқас
В)шалыс ұйқас
С) егіз ұйқас
Д)дара ұйқас
Е) еркін ұйқас

 

159. Көркем шығармадағы табиғат көрінісі, бейнесі.

А) әуезе

В)портрет
С)әліптеме
Д) пейзаж
Е)романтика

 

160. Ақындық өнердің символы саналатын мифтік бейне, қанатты ат?

А) ғират
В)тұлпар
С)сәйгүлік
Д)кентавр
Е) пегас

 

161. Неше буынды өлеңге жатады?
Қон болды жаным

Сен сіз не менің күнім

Бек бітті халім

тағдырдан келген зұлым

Тағдыр етсе алла

Не көрмейді пендә?

А) аралас буынды

В)7 буынды

С)6 буынды
Д)4 буынды
Е) 1 буынды

 

162. Ұйқасты табыңыз

Шаң шығармас жолдағы

Сілкіне алмас жапырақ

Тыншығарсың сен-дағы

Сабыр қылсаң азырақ

А) сирек ұйқас
В)егіз ұйқас
С) шалыс ұйқас
Д)еркін ұйқас
Е) аралас ұйқас

 

163. Ұйқасты анықтаңыз

Елге сәлем, бәрі болар дегенмен,

Бірлік пенен тірлік әркез көгерген

Қара бастың қамын ғана күйттемей,

“Халқым” деген қасиетке бөленген

А) сирек ұйқас
В)егіз ұйқас
С) қара өлең
Д)еркін ұйқас
Е) аралас ұйқас

 

164. Тармақ неше бунақты?

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

А) 5

В) 2
С)4
Д)7
Е) 11

 

165. Плагиат дегеніміз …

А) әдеби өсек
В)әдебиобраз
С)әдеби тіл
Д) әдеби ұрлық
Е) әдеби жала

 

166. Ұйқас түрін анықтаңыз

Ашу деген-ағын су

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген-дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

А) шұбартпалы ұйқас
В)шалыс ұйқас
С)егіз ұйқас
Д) кезекті ұйқас
Е)ерікті ұйқас

 

167. Плеоназм дегеніміз …

А)басы артық керексіз сөз
В)мәтіннен түсіп қалған сөз
С)ауыспалы мағына
Д)қысқарған сөз
Е)дәйек сөз

 

168. Көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту.

А) реализм
В)реминисцения
С) рецензия
Д)рапсод
Е) роман

 

169.Шешендік өнер туралы ғылым?

А) әдебиеттану
В) риторика
С)философия
Д)дефектология
Е) рисалом

 

170. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман?

А)Бақытсыз Жамал
В)Шолпанның күнәсі
С)Әнші
Д)Қорғансыздың күні
Е) Қамар сұлу

 

 

171. Шығыс поэзиясындағы төрт тармақты ғибратты философиялық өлең?

А) бәйіт
В) рубай
С)нәзира
Д)мәснәум
Е) қасида

 

172. Қара өлең ұйқасын анықтаңыз.

Айттым сәлем, қаламқас

Сағанг құрбан мал мен бас

Сағынғаннан сені ойлап

Келер көзден ыстық жас

А шалыс

В. егіз

С. қара өлең.

Д. ерікті

Е. Екпінді

 

173. Өлең тармағы неше бунақ.

Сенен артық жан тумас

Туса туар артылмас

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас

А. 5

В. 3

С. 4

Д. 2

Е. 6

 

174.Эпитетті табыңыз?

Асыл адам айнымас

Бір бетінен қайрылмас

Көрмесем де, көрсем де

Көңілім сенен айрылмас.

А. эпитет жоқ

В. адам

С. айнымас

Д. бір бетінен

Е. асыл

 

175. Ұйқасты анықтаңыз?

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы

Жаңа өспірім, көкөрім

Бейне қолдың саласы

А. кезекті ұйқас

В. шалыс ұйқас

С. егіз ұйқас

Д. қосарлы ұйқас

Е. жалқы ұйқас

 

176. Ұйқасты анықтаңыз?

Балам закон білді деп

Қуанар ата-анасы

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы

А. шалыс ұйқас

В. кезекті ұйқас

С. егіз ұйқас

Д. қосарлы ұйқас

Е. жалқы ұйқас

 

177. Ұйқасты табыңыз?

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы

Нан таппаймыз демейді


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!