Теориялық биология – биология ғылымдарының негізі.



Теориялық биология – жалпы биологияның негізгі теориялық мазмұнын құрайтын тірі материяның ұйымдасуының және дамуының эаңдылықтарын қарастыратын пән. Теориялық биология адам, жануарлар организміндегі жасушалар, ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесінің дамуын, құрылысын, қызметін зерттейтін, олардын пайда болғанынан өлгенге дейінгі тіршілік әрекетін, іс-тәжірибе мүддесіне сай, дамуға бағытты ықпал жасау мүмкіндігін қарастырады. Аталған пән жалпы биологиялық заңдылықтарды жүйелі және тарихи тұрғадан талдау жасау арқылы қарастырады. Теориялық биология пәні биолог мамандарын дайындау саласында іргелі пәндердің біреу болып саналады. Организм тіршілігінің әр деңгейіндегі құрылым жүйесі мәнін айқындау;

Теориялық биологияның негізгі мақсаты: ұлпаларының құрылымдарын, олардың өзара тіршілік байланыстарын, күрделі қатынастығы жеке жүйе екендігін түсіндіреді. Ағзаның тұтас жүйе ретінде қызмет атқару заңдылықтарын, макро және микроэволюцияның соңғы жылдардағы жетістіктерімен таныстыру. Жалпы биологияның негізгі бөлімдері бойынша биологиялық теориялық білім беру және оларда теориялық ойлау процестерін қалыптастыру. Теориялық биологияның пәнаралық және іргелі ғылым болуына байланысты оның мазмұны жекелеген заңдар мен болжамдарды ғана есте сақтаумен қанағаттанбай, керісінше оларды түсіну физикадан, математикадан, информатикадан, химиядан, биофизикадан, биохимиядан, молекулалаық биологиядан, генетикадан, физиологиядан, ботаникадан, генетикадан студенттердің алған теориялық және тәжірибелік мәліметтермен тығыз байланыста болуы керек. Теориялық биология- үлгілі-жүйелі ғылым. Ырғақтылық, энергия, ақпарат, уақыт, функция, құрамы, генетика, эволюция ұғымдары олардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділіктері тек функционалдық, гетерогендік арнаулылық, кез-келген тірі жүйенің динамизмі жөніндегі айтылып қойма, оқу процесі барысында көптеген ұғымдарды теориялық жағынан байыту керек.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!