III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 7 страница



284. Аралас тістесу кезінде алмалы протездерді ауыстыру керек:

A. 6-8 айда

B. 8-10 айда

C. +10-12 айда

Д. 12-14 айда

Е. 14-16 айда

285. Тұрақты тістесу кезінде алмалы протездерді ауыстыру керек:

A. 0,5-1 жаста

B. +1-1,5 жас

C. 1,5-2 жас

Д. 2-2,5 жас

Е. 2,5-3жас

286. Балалар үшін сауыт шеті орналасады:

A. Қызылиек астында 1,5мм-ге дейін

B. Қызылиек астында 1 мм-ге дейін

C. Қызылиек астында 0,5мм-ге дейін

Д.+ Қызыл иек қырына дейін

Е. 0,5 мм-ге қысқа

287. Уақытша тіс сауыттарының көлемді бұзылысында қолданылады:

А. қайта қалыпқа келтіретін металлы сауыттар

В. қозғалмалы көпіртәрізді протездер

С.+жұқа қабырғалы гильзамен сауыт дайындау

Д. комбинирленген сауыттар

Е. пластмассалы сауыттар

288. Фронтальды бөлікте көпіртәрізді протездерді қолдануға болады:

А. 12-14 жаста

В. 14-16 жаста

С. +16-18 жаста

Д. 18-20 жаста

Е. 20-22 жаста

289. Бүйір бөлікте көпіртәрізді протездерді қолдануға болады:

А. 12-14 жаста

В. 14-16 жаста

С. 16-18 жаста

Д. +18-20 жаста

Е. 20-22 жаста

 

290. Төменде көрсетілгендердің барлығы 10 тістен артық адентияның асқынуы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Тістердің ығысуы мен иілуі

В. Тіс-альвеолярлық ұзару

С. Төменгі жақ сүйегінің ығысуы

Д. Тістесу биіктігінің төмендеуі

Е. +Физиологиялық өсу

 

291. 16 жасқа дейін балаларда алдыңғы тістер аймағында тістерге орын жеткіліксіздігінде келесідей алынбайтын протездерді қолданады:

A. тірек тістерге сауытпен көпіртәрізді протезде жасау

B. бүйір күрек тістердің болмауында консольды протезді жасау

С. Мерефильд бойынша көпіртәрізді протез жасау

Д. +жылжымалы көпіртәрізді протез жасау

E. құймалы көпіртәрізді протез жасау

 

292. 6 жасар баланың ата-анасы баласында тістерінің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

A. қалыптаспаған остеогенез

B. бас сүйек-бұғаналық дизостоз

C. Петерс-Хавельс синдромы

Д. Майер-Швикерат-Вейерс синдромы

Е. +Ангидротикалық эктодермальды дисплазия

 

293. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыт бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі ең ықтимал?

A. ортогнатиялық

B. тік

C. дистальды

Д. +мезиальды

Е. терең

 

294. Бала 4 жаста, ата-анасы эстетикалық дефектке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, бала 3 жасында әткеншектен құлап, жарақат нәтижесінде 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістерін жұлдыртқан. Ауыз қуысында 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістері жоқ, екінші азу тістері артында төмпешіктің ½ нен көп мезиальды баспалдақ байқалады. Төменде көрсетілген тістесулердің қай түрі ДАМУЫ МҮМКІН?

A. ортогнатиялық

B. терең

C. дистальды

Д. +мезиальды

Е. тік

 

295. Бала 4 жаста, ата-анасы эстетикалық дефектке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, бала 3 жасында әткеншектен құлап, жарақат нәтижесінде 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістерін жұлдыртқан. Ауыз қуысында 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістері жоқ. Балада тілін альвеолды өсінді мен төменгі күрек тістердің арасына қоятын зиянды әдеті пайда болған.

Төменде көрсетілген тістесулердің қай түрінің ДАМУЫ МҮМКІН?

A. ортогнатиялық

B. терең

C. дистальды

Д. мезиальды

Е. +ашық

 

296. Бала 6 жаста, кариестің асқынуы нәтижесінде 5.5 тісі жұлынған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы профилактикалық іс-шараларды уақытында жүргізбегеннен пайда болады?

A. тіс доғасының тарылуы

B. тіс доғасының ұзаруы

C. +тіс доғасының қысқаруы

Д. тіс доғасының тегістелуі

Е. тіс-альвеолалық ұзаруы

 

297. Бала 7 жаста, мектеп стоматологы дәрігер-ортодонтқа жолдама берген. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістерінің сауыттарының эмаль гипоплазиясы нәтижесінде бүтіндігі бұзылған.

A. тіс-альвеолалық ұзаруы

B. +тістесу биіктігің төмендеуі

C. бүйірлік ығысу

Д. тіс қатарының ұзаруы

Е. тіс қатарының қысқаруы

298. Бала 8 жаста. Тіс формуласы аралас тістесудің бірінші кезеңіне сәйкес келеді, тек 4.1, 3.1 тістерінен басқа.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі 4.1, 3.1 тістер ұрығының болмауында және профилактикалық іс-шараларды өз уақытында жүргізбегенде ДАМУЫ МҮМКІН?

A. ортогнатиялық

B. тік

C. +терең

Д. мезиальды

Е. ашық

 

299. Бала 4 жаста. Ата-анасының айтуы бойынша, алғашқы тістері 8 айлығында жарып шыққан. 3.5 жасында 7.4 7.5 тістері ауырған, емделінбеген. Ауыз қуысында 7.4 7.5 тістерінің сауыты түгелімен бұзылған.

Төменде көрсетілген патологиялық өзгерістердің қайсысы дамуы МҮМКІН?

A. тіс қатарының ұзаруы

B. тіс-альвеолдық қысқару

C. тіс енінің өзгерісі

Д. тістердің протрузиясы

Е. +кешігіп жарып шығу

300. Бала 4 жаста. Ата-анасының айтуы бойынша, алғашқы тістері 8 айлығында жарып шыққан. 3.5 жасында 7.4 7.5 тістері ауырған, емделінбеген. Ауыз қуысында 7.4 7.5 тістерінің сауыты түгелімен бұзылған.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі дамуы МҮМКІН?

A. дистальды

B. мезиальды

C. +айқасқан

Д. ашық

Е. терең

 

301. 5 жасар баланың ата-анасы баланың төменгі жағында көптеген тістерінің болмауына және тағам қабылдаудың қиындығына шағымданады. Анамнезден төменгі жақ сүйегінің бүйір тістері жарып шыға салысымен бүтіндігі бұзылғанын, 4 жасында барлық уақытша азу тістері жұлынғанын анықтаған. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз қуысында жоғарғы уақытша азу тістері аймағында денто-альвеолярлық ұзару айқын байқалады.

Төменде көрсетілген тістесу түрінің қайсысы сәйкес келеді?

A. ашық

B. +терең

C. мезиальды

Д. дистальды

Е. айқасқан

302. Бала 9 жаста, ата-анасы баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жаста төменгі жағындағы барлық төрт уақытша азу тістері, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы орналасқан, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыты бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі дамуы мүмкін?

A. ашық

B. терең

C. +мезиальды

Д. дистальды

Е. айқасқан

 

303.Бала 7 жаста. Созылмалы периодонтиттің асқынуы нәтижесінде 8.5 тісі жұлынған.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?

А. динамикалық бақылау

В. көпіртәрізді протез

С. алмалы пластинка

Д. +распорка

Е. Консольды протез

304. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Бірінші кезекте қай қосымша зерттеу әдісін қолданған ЖӨН?

А. антропометриялық

В. фотометриялық

С. биометриялық

Д. +рентгенологиялық

Е. телерентгенографиялық

305. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Баланың жалпы емі қандай мамандық иесінің құзырында?

А. трапевтте

В. хирургте

С. травмотологта

Д. ортопедте

Е. +генетикте

306. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған ЖӨН?

А. динамикалық бақылау

В. көпіртәрізді протез

С. имплантқа бекітілетін алмалы протез

Д. толық алмалы протез

Е. +жартылай алмалы протез

307. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыт бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Бірінші кезекте қандай емдік іс-шара жүргізілуі тиіс?

А. динамикалық емдеу

В. +тістесу биіктігін қалыптандыру

С. миогимнастика

Д. ауыз қуысын санациялау

Е. альвеолды өсіндіге массаж жасау

308. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6, 4.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Төменде көрсетілген қай пластина-протезді қолданған ЖӨН?

А. жасанды тістері бар

В. тістесу биіктігін көтеретін

С. +ылди жазықтықпен

Д. ретракционды доғамен

Е. бұрандамен

 

309. 5 жасар баланың ата-анасы баланың төменгі жағында көптеген тістерінің болмауына және тағам қабылдаудың қиындығына шағымданады. Анамнезден төменгі жақ сүйегінің бүйір тістері жарып шыға салысымен бүтіндігі бұзылғанын, 4 жасында барлық уақытша азу тістері жұлынғанын анықтаған. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз қуысында жоғарғы уақытша азу тістері аймағында денто-альвеолярлық ұзару айқын байқалады.

Төменде көрсетілген диагностика әдістерінің қайсысы шайнау функциясын бағалауға мүмкіндік береді?

А. миотонометрия

В. электромиография

С. +мастикациография

Д. палатография

Е. пародонтография

310. 9 жасар баланың ата-анасы эстетика бұзылысына шағымданып келген. Ауыз қуысында: 1.3, 1.2, 2.2, 2.3 тістері жоқ, диастема, кері күрек тістік жабылу.

Төменде көрсетілген диагностикалық әдістердің қайсысы емдеу жоспарын құрастыруға мүмкіндік береді?

А. Телерентгенография

В. антропометрия

С. биометрия

Д. +рентгенологиялық

Е. графикалық

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!