ИМАЛАРДЫҢ СТАТИКАЛЫҚ МОМЕНТТЕРІ



Қиманыңкезкелген X, Үосьтерінеқарағандағыстатикалық, моменттерідеп, төмендегі интегралдармен анықталатын геометриялық сипаттамаларды айтады:

II.01, a

мұндағы dF — шексіз кіші аудан; х, у — шексіз кіші ауданның координаталары (ІІ.2-сурет).

 

Бұл тарауда фигуралар, осьтер мен нүктелер бір жазықтықта жатады деп қарастырылады.

Егер қима ауданын, шартты түрде, қима жазықтығына перпендикуляр күшпен алмастырып, (II.01,а) интегралдарын X, Ү осьтеріне қарағандағы күш моменттерінің қорытындысы ретінде қарастырсақ, онда теориялық механиканың қорытынды момент туралы теоремасы бойынша

II.01,б

Мұндағы хс, ус — қиманың ауырлық центрінің координаталары. Статикалық момент хс, ус координаталарының таңбаларына байланысты оң, теріс және жеке жағдайларда нөлге тең болуы мүмкін, өлшем бірлігі — см3.

Ауырлық центрі арқылы өтетін осьтерді центрлік осьтер деп атайды. Қиманың центрлік оське қарағандағы статикалық моменті нөлге тең. Қиманың белгілі бір оське қарағандағы статикалық моментін табу үшін оны қарапайым фигураларға (үшбұрыш, тіктөрбұрыш, дөңгелект. б.) жіктеген ыңғайлы.Сонда қиманың статикалық моменті оның қарапайым бөліктерінің статикалық моменттерінің қосындысына тең. Мұндай қималарды күрделі қима немесе күрделі фигура деп атайды.

Статикалық моменттердің (II.01, а, б) формулаларын пайдаланып, кез келген күрделі фигураның ауырлық центрінің координаталарын табуға болады.

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!