Сұрақ. Нүктедегі кернеулі күй және оның түрлері. Жанама кернеулердің жұптық заңын бағалаңыз



Нүктедегі кернеулі күй — нүктеден өтетін барлық жазықтықтардағы кернеулердің жиынтығы. Басы қарастырылатын нүктеде орналасқан тікбұрышты координаттар жүйесіндегі кернеулі күй, құраушылары арқылы толық анықталады.

 

 

Сурет

Брустың центрлік созылуы немесе сығылуы дене деформациясының ең қарапайым түрі болады.Оның барлық нүктесінде кернеулі күй бірдей деп есептелінеді.Жалпы жағдайда денеде кернеулі күй біртекті емес, ол әр нүктеде өзгеріліп отырады.Сондықтан осы дененің m-m қимасында кернеулер біртекті таралмайды. Демек кез келген A нүктеде кернеулі күйді зерттеу үшін сол нүктенің маңынан ойша dx,dy,dz қабырғалары бар параллепипедті кесіп қарастырамыз. Параллелепипед өте кішкентай болғандықтан оның барлық нүктесінде кернеулі күй біртекті, әрі ол A нүктесінің кернеулі күйіне сәйкес деп санаймыз. Сондықтан, барлық жақтары бойынша және кез келген қималарында кернеулер біртекті таралған деп саналады.

Параллелепипедтің жақтарында кернеулер белгіді деп саналады, ал оның көлбеу алаңдарында әсер ететін кернеулердіқималар әдісі арқылы, яғни параллелепипедтің тілінген бөлігінің тепе-теңдік шартынан анықтаймыз.

Күш түсірілген дененің кез келген нүктесінде барлық жақтарына жанама кернеулер әсер етпейтін қарапайым параллелепипедті бөліп алуға болатындығын көреміз. Бұл жағдайда қарапайым параллелепипед 1, 2, және 3 өзара перпендикуляр бағыттарында созылуға (сығылуға) байланысты нүктеде сызықтық, жазық көлемдік кернеулі күйлерді ажыратады.

Кез келген күш жүйесі түсірілген жұқа пластинканы қарастырайық. Күш пластинканың жиегіне әсер етіп, оның жазықтығында жатсын. Zy жазықтығына параллель пластинкаларда болмайды. Пластинканың қалыңдығы өте аз болғандықтан, оның ішіндегі бетке параллель алаңдарда да кернеулер болмайды деп санаймыз. Сондықтан пластинка нүктелері жалпы жағдайда жазық кернеулі күйде болады. Дәл осындай күйде, мысалы, салыстырмалы жұқа пластинкалардан жасалған стерженьдер мен арқалықтар болады. Бойлық екі mm,n1n1 қималарымен бөлінген қос таврлы арқалықтың тік қабырғасына контуры бойынша тік және жанама кернеулер түсірілген. Сонда оның нүктелері жазық кернеулі күйге ұшырайды.

Кернеулер таңбасын мынадай ережемен созылудың тік кернеуі – оң, ал сығылудыкі – теріс деп саналады. Жанама кернеулердің белгісі координаттар осінің бағыттарына байланысты: егер алаңның сыртқы нормалі координаттар осінің бағытымен үйлессе, онда бұл алаңда кернеу сәйкес осьтің бағытымен үйлесіп оң болады.жазық кернеулі күйді талдау кезінде нүктелеріндегі кернеулер берілген деп есептеледі, сондықтан олар бастапқы кернеулер деп аталады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!