Созылуы және сығылу кезіндегі бойлық және көлденең деформацияларды бағалаңыз (Гук заңы. Пуассон коэффициенті).



Брусты бойлық осінің бойымен созғанда оның ұзындығы шамасына ұзарады (созылады), ал ені шамасына қысқарады (сығылады) (III.3-сурет). Брустың ұзындығының ұзару шамасын абсолюттік ұзару, ал енінің қысқару шамасын абсолюттік қысқару деп атаймыз.

Абсолюттік ұзару шамасының брустың бастапқы ұзындығына қатынасы бойлық салыстырмалы деформация

ал қатынасымен анықталатын шама, ендік салыстырмалы деформация делінеді. Салыстырмалы бойлық пен ендік деформациялар арасында мынадай қатынас болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген

III.02

Мұндағы μ — Пуассон немесе ендік деформация коэффициенті деп аталады, ол материалдың қасиетін сипаттайды. Пуассон коэффициентінің мәні әр түрлі материалдар үшін 0-ден 0,5-ке дейін

өзгереді. Тәжірибелердің көрсетулеріне қарағанда барлық серпімді конструкциялық материалдарда пайда болатын деформация кернеуге тура пропорционал

. III.03

Бұл заңдылық Гук заңы деп аталады. Мұндағы Е — материалдың бірінші текті серпімділік модулі, ол тәжірибе жүзінде анықталады. Серпімділік модулі, материал қасиетін сипаттайтын коэффициент; өлшем бірлігі — Н/м2.

Енді, және екендігін ескере отырып, (III.03) өрнегін түрлендірейік, сонда III.04

абсолюттік ұзару үшін Гук заңын аламыз. Мұндағы ЕҒ брустың созылғандағы немесе сығылғандағы қатаңдығы деп аталады.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!