Сұрақ. Қималар әдісін және оның қажеттілігін түсіндіріп, сипаттаңыз.



Құрылыста немесе машина өндірісінде қолданылатын конструкциялық материалдар атомнан тұратыны, ал атомдар өзара атомдық күшпен байланысып тепе-теңдік күйде болатыны физика курсынан мәлім. Материалдардың беріктігі, атомдардың атомдық күш шамасына байланысты. Атомдық күш неғұрлым үлкен болса, материал солғұрлым берік, кіші болса — осал. Сыртқы күш әсерінен денеде атомдық күш қаңдай да бір қосымша шамаға өзгереді. Бұл қосымша шама, материалдар кедергісі ғылымыңда ішкі күш деп аталып, конструкция элементтерінің сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілетін көрсетеді. Сондықтан, "Материалдар кедергісі" пәнінде атомдық күш емес, тек ішкі күштердің өзгеру заңдылығы зерттеледі. Ішкі күштің өзгеру мөлшері, сыртқы күштің өзгеру мөлшерімен тең болғанда ғана, конструкция элементтері жұмыс істеу қабілеті мен тепе-теңдік күйін сақтайды. Бұл күштердің өзара теңсіздігі конструкцияның орнықтылығын жоғалтуына немесе, қирап сынуына әкеліп соқтырады.

Ішкі күштерді табу үшін қию әдісі қолданылады. Бұл әдіс —"Дене тепе-теңдік күйде тұрса, онда оның кез келген бөлігі де тепе-теңдік күйде болады",— деген механика заңдылығына негізделген. Қию әдісін пайдалану жолы келесі мысалда көрсетілген.

Берілген брус бір жазықтықта жатпайтын бірнеше сыртқы күштердің әсерінен тепе-теңдік күйде тұрсын(I, 6, а-сурет). Брусты АА жазықтығымен В мен С бөліктеріне бөлсек, бұл бөліктердің көлденең қима ауданы арқылы бір-біріне тигізетін әсері, яғни ішкі күштері, шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы. Дененің В немесе С бөліктеріне әсер ететін ішкі және сыртқы күштер өзара тепе-теңдік күйде. Сондықтан, ішкі күштерді дененің кез келген бөлігі үшін құрылған тепе-теңдік теңдеулерінен анықтауға болады. Көрсетілген көлденең А қимасындағы ішкі күштерді табу үшін сыртқы күш факторлары аз С бөлігін қарастырған ыңғайлы, өйткені, бұл бөлік үшін құрылған тепе-теңдік теңдеулері В бөлігі үшін құрылатын теңдеулерден гөрі алдеқайда ыкдшамды.

Брустың В бөлігінен А қимасы арқылы С бөлігіне ішкі күштер үздіксіз жайылып таралып беріледі (І.6,б-сурет). Жалпы жағдайда, бұл ішкі күштер қиманың ауырлық центрі арқылы өтетін, басты вектор деп аталатын К күшіне және басты момент деп аталатын М моментіне келтіріледі (І.6,в-сурет). Басты векторды ОХ, ОY, OZ осьтерінің бойында жатқан , , құраушы күштеріне, ал бас моментті , , құраушы моменттеріне жіктейік. Бұл құраушы күштер менмоменттер ішкі күш компоненттері немесе факторлары деп аталады. — көлденең қимаға перпеңдикуляр бойлық ось бойымен әсер етеді, сондықтан оны бойлық күш деп, ал ОХ, ОҮ осьтеріне параллель әсер ететін , ішкі күштерін көлденең немесе жанама күштер деп атайды. Мх, Му моменттерін ию, ал моментін бұрау моменттері деп ажыратады.

Сыртқы күштердің әсерінен пайда болған денедегі серпімді деформадия дененің өлшемдеріне қарағанда шексіз кіші, сондықтан, дененің бөліктері үшін теориялық механиканың келесі тепе-теңдік теңдеулерін қолдануға болады

1) , 2) , 3) ,

4) , 5) , 6) . I.03

Бірінші үш теңдеуден , , ішкі күштері, ал соңғы үшеуінен , , ішкі моменттері анықталады. Бұл мысалда брусқа әсер ететін сыртқы күштер бір жазықтықта жатпайды деп жалпы жағдайды қарастырдық. Енді іс жүзінде жиі кездесетін қарапайым жағдайларды атап өтейік.

Егер дененің кез келген көлденең қимасында:

1) тек қана пайда болса, онда мұндай деформация созу немесе сығу ( күшінің бағытына байланысты) деп аталады;

2) тек қана немесе пайда болса, деформация ығысу делінеді;

3) тек қана Мх немесе Му пайда болса, деформация таза иілу деп аталады;

4) тек қана , Мх пайда болса, деформация вертикаль жазықтықтаеы иілу (немесе тік иілу) делінеді;

5) тек қана , Му пайда болса, деформация горизонталь жазықтықтағы иілу (көлденең иілу) делінеді;

6) тек қана пайда болса, деформация бұралу деп аталады.

Конструкция элементтері күрделі деформацияланған да, олардың көлдденең қималарында бір мезетте бірнеше ішкі факторлар пайда болады.

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!