Бірлестіктер экологиясы – синэкология



1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе ұғымдарына түсінік.

2. Экожүйелердегі ағзалардың байланыстары және қоектік тізбек.

3. Экологиялық пирамидалар.

4. Экологиялық жүйедегі энергия ағыны.

5. Экожүйелер  динамикасы.

6. Экологиялық жүйедегі ағзалар арасындағы қарым-қатынас формалары

7. Экожүйедегі ағзаларды әртүрлі белгілері бойынша экологиялық топтастыру.

1. Биоценоз. Табиғатта әр түрлі түрлердің поггуляцияла-ры бірегей жүйелерге бірігіп, ірі бірлестіктер құрайды. Оларды ғылым тілінде" бірлестіктер"немесе "биоценоздар"деп атайды. Биоценоз (biоs - өмір, kоіпоs - жалпы) табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроағзалардың жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы К. Мебиус(1877ж.). Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Биоценоз құрамындағы ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені кез келген биоценоз өзімен өзі жеке дамымайды. Ол әрқашан да өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан түрады. Яғни, биотоп - тірі ағзалардың жиынтығы, тіршілік ететін орта. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда боиценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді.

Биогеоценоз. Ғылымға бүл терминді алғаш рет 1940 жылы В.Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз - биоценоз + биотоптың диалектикалың бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер, екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроағзалар) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компонентер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады. Биогеоценоз үғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер кез-келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік інінен бастап, мүхиттардың биомассасын камтитын табиғи бірлестіктер.

Экожүйе терминін ғылымға А.Тэнсли (1935 ж.) енгізген. Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас тіршілік ететін кез-келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе - ағза мен абиотикальқ ортада әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табигаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуін тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты. Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метаболизмінің (зат алмасуы) өнімдері туралы акпарат алады. Табиғаттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен шектеледі. Экожүйелердің негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі - олардың әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі - биосфера мен ноосфера. Қарапайым экожүйелер биосфераның ғылыми тұрғысынан біркелкі болып келеді. Әсіресе, ондағы өсімдік бірлестіктері, жануар бірлестіктері физикалық, химиялық және биологиялың жағдайлары, сонымен бірге түрақты энергия ағымы мен зат алмасулары біртұтас жүйе ішінде әрекет етеді.

Экологиялық жүйелер функционалдық және қүрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің қүрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафтың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері - геологиялың және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Кең қолданылып жүрген қүрылымдың жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1. Құрлық экожүйелері - тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.

2. Тұщы су - ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері.

3. Теңіз экожүйелері- теңіздер мен ашық мұхит.

2. Қандай күрделі экожүйе болмасын, ол үш бөліктен түрады: өндірушілер (продуценттер), тұтынушылар (консументтер), ыдыратушылар (редуценттер) және өлі биосфера компоненті.

Өндірушілер (бірінші ретті өнімді өндірушілер) -автотрофты ағзалар - планетаның бүкіл тірі дүниесін органикалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктердің жинағы.Консументтер (латын тілінен аударғанда - пайдалану) өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді. Оларға жануарлар, микроағзалардың көпшілігі, бунақденеқоректі өсімдіктер жатады.

Консументтер - бейорганикалық заттардан органикалық зат түзбейді, бірақ бір органикалық затты басқа затқа айналдырады.


консументтер

бірінші /екінші катар


продуцснттср


Өлген бадіктер, қалдыктар, эліктер



редуценттср


Қоректік байланыстың және энергия тасымалдауының сызбасы


Редуценттер (латын тілінен аударғанда - reduceus, reducentis қалпынакелтіруші, деструктуралар) органикалың заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы ағзалар. Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, сапрофагтар, копрофагтар, некрофагтар және т.б. жатады. Олар заттардың био-логиялық айналымының соңғы бөлігі болып табылады. Әр кезде жекелеген бөліктің қайсысында болмасын жүздеген, кейде мыңдаған түрлері бар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бір-бірімен параллельді, қарама-қайшы, не шым-шытырык шиеленіскен бағытқа негізделуі мүмкін. Мүндай күрделі биогеоценоздағы тұрақтылық оның өзінде компоненттердің өзара қаты-настарымен шешіліп отырады.

Биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылады, мұндай қатарларды қоректену тізбегі деп атайды. Қоректену тізбегінің жеке звенолары трофтық деңгейлер деп аталады. Күннен энергияны бірдей сатылар арқылы алатын ағзалар бір трофтық деңгейге жатады. Жасыл өсімдіктер-бірінші трофтық, бірінші ретті консументтер-екінші трофтық, биоқоректілермен қоректенетін бірінші реттік жыртқыштар- үшінші трофтық, екінші ретті жыртқыштар- төртінші трофтық деңгейді құрайды. Қоректік тізбектің екі түрін: жайылымдық және детритті бөліп көрсетуге болады. Жайылымдық тізбектер – жасыл өсімдіктерден басталып,одан әрі жайылымдардағы фитофагтарға, содан соң жыртқыштарға жалғасады. Детриттік тізбектер – өлі органикалық заттардан детритофагтарға, содан соң жыртқыштарға жалғасады. Жайылымдық тізбектердің құрамына өз кезегінде жыртқыштардың қоректік тізбектері және паразиттердің қоректік тізбектері кіреді. Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты.Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полифагтар, яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады. Нақты қоректік тізбектерде өсімдіктекті тамақтағы энергияның берілетін мөлшерін есептеуге және тасымалдануын бақылауға болады.

Қоректік тізбек мысалдарын кез келген биогеоценоздан көруге болады. Мысалы, кейбір жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ал олардың қиы мен өлекселерін өз кезегінде бунақденелер, ұсақ ағзалар қорек етеді. Табиғатта қоректену тізбегі дәл осындай карапайым жолмен жүрмейді, оның өзі бірнеше аралық сатылардан түрады да, күрделі қоректену тізбегін қүрайды. Мысалы, жануарлар арасындағы коректік тізбек бірнеше сатыдан түрады. Оған жануартекті қорекпен қоректенетін жыртқыштар мен паразиттер жатады.

Қоректік тізбектің қай сатысы болса да ең соңында органикалық қалдықтан түзеледі. Оны бактериялар мен үсақ ағзалар одан әрі ыдыратады, сөйтіп қоректік тізбек түйық жүйе бойынша жүреді. Биогеоценоздардағы тіршілік өте күрделі, оларда қоректену тізбегі кейде бірімен-бірі қатарласа, кейде айкыш-ұйкыш бағытта жүреді және әрбір биогеоценоз құрамында жалпы түрлердің саны жүздеп, тіпті мыңдап саналады.

Шын мәнінде, қоректену тізбегін құрайтын барлық түрлер жасыл өсімдіктер түзген органикалық заттардың есебінен ғана тіршілік етеді. Мүнда қоректену кезінде энергияны пайдалану және оны екінші түрге айналдыру белгілі бір заңдылық бойынша жүзеге асады. Өсімдікке түскен Күн сәулесі энергиясының 1 % -дайы ғана синтезделген органикалық заттардың химияльқ құрамдағы энергиясына айналды да және оны кейін гетеоротрофты ағзалар қоректену кезінде пайдаланады. Жануарлар өсімдікпен қоректенген кезде ондағы энергияның көбі жануарлардың әр түрлі тіршілік әрекетіне жұмсалады да жылуға айналып, айналадағы қоршаған ортаға таралады. Тек қорек энергиясының 5-20 % -ы ғана дене затын құрауға жүмсалады, егер өсімдік пен қоректенетін жануар басқа бір жыртқышқа жем болса, қоректің құрамындағы энергияның көпшілігі тағы да зая кетеді. Пайдалы энергия шығынының осындай көп болуына байланысты қоректену тізбегі онша үзын емес,әдетте олар 3-5 саты.

Құрлықтағы биогеоценозда өсімдіктер биомассасы сол өсімдіктермен қоректенетін жануарлармен салыстырғанда әлдеқайда көп болады. Ал жануарлардың биомассасы олармен қоректенетін қоректену тізбегінің келесі сатысындағы жануарлар биомассасынан бірнеше көп болады. Қоректену тізбегі міне, осылай жалғаса берсе, әрбір келесі қоректену деңгейінде биомасса мөлшері орта есеппен 10 еседей кеми береді. Бүл заңдылық экологиялық пирамида ережесі деп аталады.

3.Экожүйедегі қоректік тізбектегі қоректің барлығы бірдей ағзаның өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы ағзаның энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің бір биомассасы екіншісіне дейін толық өнделмейді. Егер солай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әр бір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады, нәтижесінде бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы жәнет энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты Ч.Элтон зерттеп, оны «экологиялық пирамида» түрінде көрсеткен. Экологиялық пирамида ережесі бойынша биосферада биогендік заттар мен энергияның айналымын нақты және жан-жақты көрсетуге болады. Биосфераның көлемімен алсақ, ол заң ешуақытта бұзылуы тиіс емес. Ч.Эльтон 1927 жылы экологиялық пирамиданың негізгі 3 типін көрсетті:

1. Сандық пирамида-ағзаның жеке сандық көрсеткішін айқындайды. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент-ағаш,ал бірінші ретті консумент-бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен аслыстырғанға байланысты. Бұл кезде андар пирамидасы кері болады.

2. Биомасса пирамидасы – жалпы құрғақ салмақты немесе «өнімділікті» анықтайды. Өндірушілер өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде оңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

3. Энергия пирамидасы – энергия энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын айқындайды. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.

 4. Энергия әрқашан белгілі бір жұмысты орындауға немесе қозғаушы күш ретінде пайдаланылады. Термодинамиканың (жылулық қозғалыстық дененің физикалық қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттейтін бөлім) бірінші немесе энергияның сақталу заңы бойынша энергия жоғалмайды немесе жаңа пайда болмайды, тек оны басқа түрге өзгертуге болады. Мысалы, энергияның бір түрі болып табылатын сәулені (жарықты) жылулыққа өзгертуге, жұмыс істейтін күш ретінде пайдалануға, ағзаларға қорек болатын энергия түріне айналдыруға болады. Сәуленің бастапқы энергиясы жоғалмай, тек басқа түрдегі энергияға айналады.

Термодинамиканың екінші заңы немесе энтропия (entropia – гректің өзгеру,бұрылу деген сөзі) заңы энергияның бәрі жылулық энергиясына айналмайды, бір бөлігі үнемі шашырап кетеді. Сондықтан кинетикалық энергияның өздігінен потенциалды энергияға өзгеру коэффиценті әрқашан 1-ден кем болады. Заттың молекуладан, молекулалық атомдардан тұратыны физикадан белгілі. Молекулалар аралығында бос кеңістіктер болады, онда атомдар үздіксіз және ретсіз қимылдар жасап жатады. Оның себебі молекулалар құрамында дұрыс және теріс зарядтардың болуында, бір түрлі зарядтар кері тебетін, әртүрлі өзіне тартатын болғандықтан молекулалар қимылы үздіксіз ,әрі ретсіз болады. Осы қимылдар кезінде атомдар мен молекулалардың жылуы да осы кеңістікте тарайды. Осылай тараған жылуды кинетикалық энергия деп атайды. Кинетикалық энергия барлық заттарда бар. Егер заттың жылуы көп болса, молекула шапшаң қозғалып, кинетикалық энергияны көп таратады, керісінше зат салқын болса, қимылдар баяулап, кинетикалық энергия да азаяды.

Молекула құрамындағы өзіне тартып және кері тебу қимылдары жұмсалатын күшті потенциалды энергия деп атайды. Тұрақты кинетикалық энергия ең аз потенциалды энергиядан кем болса (Етұрақтыаз) , онда зат қатты түрде болады, егер тұрақты кинетикалық энергия ең аз потенциалды энергиямен тең болса (Етұрақтыаз), онда зат сұйық түрде болады, егер тұрақты кинетикалық энергия ең аз потенциалды энергиядан көп болса (Етұрақтыаз), онда зат газ түрінде болады.

Зат бөліктерінің кинетикалық және потенциалдық энергияларының жиынтығын осы заттың ішкі энергиясы деп атайды. Сонымен, термодинаимканың екінші заңы өздігінен, кинетикалық энергия түгелдей потенциалды энергияға айналмайтын, ол энергияның бір бөлігі шашырап,жылу ретінде пайдаға аспайтынын дәлелдейді. Мысалы, күн сәулесінің табиғи ортаға шашыраған энергиясын емен ағаштың жапырағы 2% пайдаланады, ал қалған 98% жылу ретінде ортаға тарап кетеді.

Сонымен, термодинамиканың бірінші заңын мынандай формула арқылы өрнектеуге болады: А=Б+В. Мұнда: А-күн сәулесі, шашыраған энергия түрі, Б-жылу, өсімдіктер пайдаланбай қоршған ортаға шашырап кеткен энергия, В-өнім өндіруге жұмсаған энергия (жинақталған түрі). Термодинамиканың екінші заңы мынадай формуламен жазылады: А>В. Басқаша айтқанда, жинақталған энергия (В) әрқашан күн сәулесінен шашыраған энергиядан (А) аз болады. 

Экожүйе қоршаған ортадан тек энергия емес, зат та келіп тұратын жағдайда ғана сақталына алады, яғни нақтылы экожүйелер- энергетикасы мен құрылымы бойынша ашық жүйелер болып табылады. Бір – бірімен және жансыз ортамен жылжымалы тепе – теңдік күйінде болатын компоненттердің әрекеттесуі арқасында барлық экожүйелер бір бүтін құрылымға айналған. Экожүйені сипаттайтын энергияның жалпы ағыны күн сәулесінен және жақын орналасқан денелерден таралатын ұзын толқынды жылу сәулесінен құралады. Сәулелердің екі түрі қосылып, ортаның климаттық жағдайын (температураны, судың булануы мен ауаның қозғалу жылдамдығын және т.б.) анықтайды, бірақ экожүйенің тірі компоненттерін энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтезге тек күн сәулесінің энергиясының шағын бөлігі ғана пайдаланылады. Осы энергияның есебінен экожүйенің негізгі және бастапқы өнімі түзіледі.

Жалпы бастапқы өнімділік дегеніміз – фотосинтез процесінде органикалық заттардың жинақталу жылдамдығы. Органикалық заттардың өлшеу жүргізілген уақыт аралығында тыныс алуға жұмсалатын бөлігі де соның ішіне кіреді. Оны Рg деп белгілеп, аудан бірлігіне келетін масса немесе энергия бөліктері арқылы немесе уақыт бірлігіне шаққан көлем бірлігі түрінде өрнектейді.

Таза бастапқы өнімділік – зерттеу жүргізілген кезеңде өсімдіктердің өзінің тыныс алуына жұмсалған бөлігін (R) есептеп шығарып тастағаннан кейінгң, органикалық заттардың өсімдік тканьдеріне жинақталу жылдамдығы: Рп= Рg –R

Туындаушы өнімділік – органикалық заттардың консументтер деңгейіндегі жинақталу жылдамдығы. Трофикалық деңгейіне қарай ол Р2, Р3 және т.с.с. арқылы белгіленеді.

Қауымдастықтың таза өнімділігі – гетеротрофтар пайдаланбаған органиикалық заттардың жинақталу жылдамдығы, яғни зерттеу жүргізілген аралықта гетеротрофтар пайдаланған бөлігі шығарып тасталған таза бастапқы өнім: Рn (Р2+Р3+Р4+…)

Қауымдастықтың әрбір уақыт кезеңіндегі таза өнімі нақтылы биомасса арқылы көрінеді. Оны басқаша орылмаған өнім деп атайды. Орылмаған өнім үнемі өзгеріп тұрады: көктемде өте аз, ал күзде өз максимумына жетеді. Орылмаған өнімді, яғни берілген сәттегі өнімді жылдық цикл ішіндегі өнімнен ажырату қажет. Нақтылы биомассаны немесе орылмаған өнімділікпен шатастыруға болмайды. Мысалы, мал күнделікті өрістеп жүрген бай жайылымдықтағы шөптердің орылмаған өнімі шөп шығымы нашар, бірақ өлшенер кезде мал түспеген жайылымдықпен салыстырғанда әлқайда төмен болары анық.

5. Кез-келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың арақатынасы өзгеіріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктк, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы.

Тәуліктік динамика. Әрбір биогеоценозда тіршілігінің белсенділігі тәуліктің әр түрлі уақытына сәйкес келетін ағзалар тобы болады. Біреулері түнгі уақытта белсенді, ал күндіз тығылып жатады. Басқалары түнде пассивті. Олай болса, экожүйенің жеке популяциялық арақатынасы мен құрамында периодты өзгерістер болып тұрады. Тәуліктік динамиканы тек жануарлар ғана емес, өсімдіктер де қамтамасыз етеді. Тәуліктік ырғақтар барлық белдеулердің, тропиктерден тундраға дейінгі бірлестіктерден байқалады.

Экожүйелердегі тәуліктік өзгерістерде неғұрлым күн мен түн кезіндегі температура, ылғалдылық және басқа да факторлардың айырмашылығы көп болса, соғұрлым күштірек көрінеді.

Маусымдық динамика. Тек белсенділік күйінің өзгеруі ғана емес, көбею циклі, маусымдық миграциялар және т.б. байланыстыжеке түрлердің сандық арақатынасы өзгеруі арқылы көрінеді. Жыл мезгілінің ауысуы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік қызметіне әсер етеді (гүлдеу кезеңі, жеміс беру, белсенді өсу, жапырақ түсіру, өсімдіктердің қыстық тыныштық күйі, жануарлардың қысқы және жазғы ұйқыға кетуі, миграциясы).Маусымдық динамикаға экожүйенің белдеулік құрылымы да ұшырайды.

Көпжылдық динамика. Кез-келген экожүйенің өміріндегі қалыпты құбылыс. Ол жылдар бойынша бірлестікке әсер ететін климаттық және басқа да сыртқы факторлардың өзгеруіне байланысты болады. Сонымен қатар, көпжылдық, периодтылық эдификатор-өсімдіктердің тіршілік циклінің көпжылдық циклінің көпжылдық периодтылығына, жануарлар мен өсімдіктер үшін патогенді микроорганизмдердің жаппай көбеюінің қайталануына және т.б. байланысты болуы мүмкін.

Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Мысалы, вулканнан кейінгі аралдағы бірлестіктің даму моделін қарастырайық. Ағаштар мен бұталар жалаңаш, жартасты жыныста өсе алмайды. Себебі оларға қажет топырақ жоқ. Ал балдырлар мұндай территорияларға қоныстанып, пионерлік бірлестік түзуге қабілетті. Ағзалардың біртіндеп жиналуы мен тау жыныстарының эрозияға ұшырауынан топырақ қабаты түзіледі. Мұндай топырақ қабаты мүктер мен папортниктердің өсуіне мүмкіндік береді. Кейін аталған өсімдіктерден соң қоректік заттарға сұранысы жоғары өсімдіктер-тұқымды өсімдіктер, соның ішінде шөптесін өсімдіктер, бұталар, ағаштар қоныстанады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессия деп атайды. Сукцессия ұғымын, 1898 жылы Г.Каулсон ғылымға енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік-климаксты бірлестік деп аталады. Климакс-берілген орта жағдайындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. Климакс ұғымын 1916 жылы Ф.Клементс ұсынған.

6. Биоценоз ағзалардың бір – бірімен қарым – қатынас жасай отырып, белгілі бір биотопта тіршілік ету нәтижесінде қалыптасады. Бұл қарым-қатынастар бірлестіктердегі түрлердің негізгі тіршіліік жағдайын анықтайды. В.Н. Беклемишевтың классификациясы бойынша түрлер арасындағы тікелей немесе жанама қарым-қатынастарды 4 типке бөледі:

І. Трофикалық қарым-қатынас-түрлердің әртүрлі қоректі тұтыну дәрежесіне байланысты

ІІ. Топикалық қарым-қатынас-бір түрдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде басқа бір түрдің мекен ету жағдайының химиялық, физикалық өзгерісімен сипатталады. Бұл қарым-қатынас алуан түрлі болып келеді. Мысалы, паразитизм, індегі комменсализм.

ІІІ. Форезиялық қарым-қатынас-бұл бір түрдің таралуына екінші бір түрдің әсер етуі. Мұнда тасымалдаушы жануарлар болып келеді. Жануарлардың өсімдіктер тұқымын, спорасын, тозаңын тасымалдауын зоохария деп атаса, ал ұсақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады.

ІV. Фабрикалық қарым-қатынас-бұл биоценотикалық типтегі байланыс. Мұнда түр басқа түрдің өлі қалдықтарын, не тірі мүшелерін мекені ретінде пайдалануы. Мысалы, құстар ұя салуда ағаш бұталарын, сүтқоректілердің түктерін, жапырақтарды басқа құстардың қауырсындарын пайдаланады.

Тірі ағзалар арасындағы өте көп, алуан түрлі қарым-қатынастарды әртүрлі систематикалық топтағы ағзалардың көптеген ортақтығына байланысты нақты байланыс типтерін бөлуге болады:

- жыртқыштық-популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқыш өлтіріп, қоректенеді. «Жыртқыш-жемтік» қатынасы негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп біржақты қарауға болмайды, себебі олар табиғатта жемтіктер арасында табиғи сұрыпталуға септігін тигізеді.

- паразитизм-бір түр (паразит) екіншісінің (иесінің) денесінің ішіне, не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түраралық байланыс.

- комменсализм-бір түрдің тіршілік әрекеті басқа түрге(комменсалға) қорек әкеледі немесе мекен бола алады. Сонда бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Мысалы, жабысқақ балық акулаға бекініп, онымен бірге қозғалады, оның қорегінің қалдықтарымен қоректенеді.

- мутуализм-табиғатта түрлер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты мутуализм деп атайды. Өзара пайдалы бірігіп тіршілік ету уақытша, сондай-ақ міндетті және міндетті емес болуы мүмкін. Соның ішінде екі түрдің бір-біріне пайда келтіріп, бөлінбей тіршілік етуі-симбиоз(селбесу) деп аталады. Мысалы, қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде түзіледі.

- аменсализм-түрлердің өзара бірігіп тіршілік етуінде бір түр үшін бұл жағымды болса, екінші түр үшін жағымсыз болып келеді. Бұл байланыс формасы өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Мысалы, шырша түбінде өсетін жарық сүйгіш өсімдіктерге жарық жетіспей, жағымсыз болса, ал шырша үшін ешқандай әсері болмайды.

- нейтрализм-бір территорияда екі түрдің бірге тіршілік етуі екі жаққа да жағымды да және жағымсызды да әсер етпейді. Нейтрализмде түрлер бір-бірімен байланыста болмайды, бірақ бірлестіктің бірдей жағдайына тәуелді болады. Мысалы, тиін мен бұғы бір орманда мекен етеді, бірақ бір-бірімен еш байланыспайды.

- бәсекелестік-азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын түрлер арасындағы байланыс немесе қарым-қатынас. Экологиялық қажеттіліктері бірдей түрлер бірге тіршілік еткенде олардың әрқайсысы үшін бұл тиімсіз болады. Бәсекелестік- өзара әрекеттесуші екі жаққа да жағымсыз болып келетін жалғыз экологиялық қарым-қатынас формасы.

Табиғаттағғы әрбір түрдің қоршаған ортада белгілі бір орны болады.Түрдің абиотикалық ортаға қажеттіліктерін түрдің экологиялық қоймасы деп аталады немесе экологиялық қойма дегеніміз-ағзаның табиғаттағы орнын, қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақытысы мен әдісіне, көбейетін орнына, т.б. қатынасының жиынтығы.

7. Қазіргі өсімдік және жануарлар систематикасы ағзалардың туыстық деңгейіне негізделеді. Ал, экологияда ортаға бейімделу жолдары мен тәсілдерінің әртүрлілігіне қарай классификациялаудың көптүрлілігін енгізуді талап етеді. Экологиялық классификацияның негізіне әртүрлі көрсеткіштер алынады: қоректену сипатына, қозғалу, температураға, ылғалдылыққа, орта тұздылығына, қысымына және т.б. байланысты. Осының ішінде ағзалардың қоректену сипатына қарай мынадай топтарға бөледі:

1. автотрофтар-бейорганикалық қосылыстарды пайдаланатын ағзалар.

2. гетеротрофтар-шығу тегі органикалық қоректі пайдаланатын барлық тірі ағзалар.

3. миксотрофтар-аралас қоректену әдісі тән ағзалар.

 

 

Автотрофтар

                                    ↓                                                            ↓

 

                          Фототрофтар                                  хемотрофтар 

(органикалық молекулаларды                   (органикалық молекулаларды

синтездеу үшін күн сәулесінің                  синтездеуде химиялық байланыс

 энергиясын пайдаланады)                         энергиясын пайдаланады)

 

 

Гетеротрофтар

                                    ↓                                                            ↓

 

                          сапрофиттер                                 галозалар  

(қарапайым органикалық қосылыстар    (күрделі кешенді асқорыту

ерітінділерін пайдаланады)                     ферменттері бар және күрделі

                                                               органикалық қосылысты қоректі                     

                                                                пайдаланады)

Галозалардың өзі сапрофагтарға (өлі өсімдік қалдықтарымен қоректенетіндер), фитофагтарға (тірі өсімдіктермен қоректенеді), зоофагтарға (тірі қоректі қажет ететіндер), некрофагтарға (өлген жануарлармен қоректенеді), полифагтарға (әртүрлі қоректі пайдаланатындар), детритофагтарға (ағзалардың қалдықтарымен, органикалық өлі денелермен қоректенеді) бөлінеді.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Биоценоз ұғымы нені білдіреді?

2. Биогеоценоз дегеніміз не?

3. Экожүйе және биогеоценоздың айырмашылығы қандай?

4. Құрылымдық белгілері бойынша экожүйелер қалай жіктеледі?

5. Қоректік тізбектегі ағзалардың жіктелуі?

6. Қоректік тізбектің қандай түрлері бар?

7. Термодинамиканың І заңы бойынша энергияның қасиеті?

8. Сукцессия және климакс түсініктері?

9. В.Н. Беклемишевтың классификациясы бойынша түрлер арасындағы тікелей немесе жанама қарым-қатынастарды қандай типтерге бөлінеді?

10.  Қоректену әдістеріне байланысты ағзаларды қандай топтарға бөледі?

 

Дәріс № 5

Биосфера және оның тұрақтылығы

1. Биосфера туралы түсінік. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

2.  Биосфера функциясы.

3. Биосферадағы биогенді заттар айналымы.

4. Биосферадан ноосфераға дейін: коэволюциялық стратегия.

1. 1875 жылы Австрия геологы Э.Зюсс жер қабықшасының әртүрлілігінің айту барысында биосфера терминін ең алғаш рет пайдаланды. Биосфера туралы ілімді жан – жақты ірі ғылыми негізде терең зерттеген ғалым – В.И.Вернадский. Оның биосфера жөніндегі ілімі жаратылыстану ғылымына қосылған өте ірі ғылыми жаңалықтың бірі болды. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы негізгі ғылыми ой – пікірлері 1926 жылы жарық көрген «Биосфера» атты құнды еңбегінде жан – жақты айтылған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Ағзалардың маңызы олардың алуан түрлілігімен, барлық жерлерде таралуымен, жер тарихындағы тіршілігінің ұзақтығымен, биохимиялық қызметінің таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компоненттерімен салыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен сипатталады. Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын Вернадский тірі зат (микроағзалар,саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар) деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Биосфера эволюциясында, тіршілік үшін тірі ағзалардың тіршілік әрекеті негізінде жүреді. Тіпті биосфераның қазіргі қалыпқа келуінде тірі ағзалар басты рөл атқарады. В.И.Вернадскийдің ілімі бойынша, тірі ағзалардың тіршілік етуі оларды қоршаған «өлі заттардың» болуы шарт. Ол «өлі заттар» деп тау жыныстары мен шөгінді жыныстарды атады. Вернадский тұжырымдаған константалық заң бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылады. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы, әсіресе күнмен. 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Ол биосфераға шекарасы  атмосфера қабатының төменгі бөлігі (20-25 км биіктікке дейінгі аралығы), гидросфера (оның барлық қабатын түгел қамтиды), литосфера (жер қыртысының 2-3 км тереңдіктегі қабаты) және педосфера (топырақ қабаты) жататындығын айқындаған. Сонымен бірге тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады физико-химиялық жағдайларды анықтады:

1. Көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы;

2. Судың міндетті түрде сұйық күйінде жеткілікті болуы;

3. Температуралық режим тым жоғары немесе тым төмен болмау керек;

4. Минералдық қоректік элементтеерінің жеткілікті болуы;

5. Су ортасының белгілі бір тұздылығы.

В.И.Вернадский биосфераны материяның ерекше ұйымдасқан формасы ретінде анықтады және оның қалыптасуы төмендегі қағидалар негізінде жүрді деп тұжырымдады:

1. Биосфераның тұтастық қағидасы: биосфера механизміндегі барлық тірі заттар біртұтас бүтінді құрайды.

2. Биосфеарның үйлесімділік қағидасы.

3. Жердің эволюциясында тірі заттардың рөлі маңызды болды.

4. Энергияның тасымалдауда биосфераның ғарыштық рөл атқаруы.

5. Тіршіліктің таралуы оның геохимиялық энергиясының көрінуі болып табылады

6. Автотрофтылық қағидасы.

7. Ғарыштық энергия-тіршіліктің негізі.

8. Биосферада химиялық элементтердің болуы.

9. Тіршілік толығымен өсімдіктердің тұрақтылығымен анықталады.

10. Биосфераның барлық жерінде тіршіліктің болуы.

В.И. Вернадский бойынша биосфера заттары өзіндік физико-хиимялық құрамы жөнінен әртекті. Олар төмендегі категорияларға бөлінеді:

1. Тірі зат – барлық тірі ағзалар жиынтығы;

2. Биогенді заттар-үздіксіз биогенді ағын арқылы тірі заттан биокосты затқа және керісінше костық заттардан тірі затқа өтетін атомдар;

3. Костық заттар-атмосфера, газдар, тау жыныстары және т.б.;

4. Биокосты заттар-топырақ, лай, жер үсті су және биосфраның өзі, яғни күрделі костық- тірі құрылымдар;

5. Радиоактивті заттар;

6. Шашыранды атомдар;

7. Шығу тегі ғарыштық заттар.

Осылардың ішінде биосфераның негізін құрайтын тірі заттар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.

1. Биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады;

2. Тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан  көрінеді;

3. Тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар-ақуыздар, ферменттер және                          т.б. тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады;

4. Ерікті қозғалу биосферадағы кез-келген тірі затқа тән белгі;

5. Тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары мофологиялық және химиялық көптүрлілікпен сипатталады;

6. Биосферадағы тірі зат мөлшері әртүрлі жеке ағзалар түрінде болады.

2. Биосфера эвлюциясының нәтижесінде оның негізгі биогеохимиялық функциялары қалыптасты. В.И: Вернадский әртүрлі элементтердің миграциясын және планетадағы заттардың түзілуінде міндетті түрде бір ғана түр немесе топтың емес, ал әр түрлі ағзалардың қатысатындығын анықтады. В.И. Вернадский алғаш рет биосфераның негізгі биогеохимиялық функциясын тұжырымдаған:

 Энергетикалық функция. Биосфералық-планеталық құбылыстардың космостық сәулеленуімен, негізінен күн радиациясымен байланысын жүзеге асырады. Бұл функцияның негізінде жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қызметі жатыр. Фотосинтез пароцесінде күн энергиясының жинақталуы және оның биосфераның жеке компоненттері арасында таралуы жүзеге асырылады. Күн энергиясының жинақталуы есебінен жердегі барлық тіршілік құбылыстары жүреді;

Газдық функциясы. Газдардың миграциясы мен өзгеруін жүзеге асыра отырып, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді. Жердегі газдардың басым бөлігінің шығу тегі-биогенді тірі заттың тіршілік процесінде негізгі газдар, азот,оттегі, көмірқышқыл газы, күкіртсутек, метан және т.б. түзіледі;

Концентрациялық функция. Қоршаған ортаның биогенді элементтерін тірі ағзалардың жинауынан көрінеді. Тірі заттың құрамында жеңіл элементтердің атомдары:сутегі,көміртегі,азот,оттегі,натрий,магний,калий,кальций,кремний,күкірт,хлор,алюминий басым болады.Бұл элементтердің тірі ағзалар денесіндегі концентрациясы сыртқы ортамен салыстырғанда жүздеген және мыңдаған есе артық. Биосфераның химиялық құрамын біртексіздігі мен оның өлі заттан айырмашылығын осы себеппен түсіндіруге болады;

Тотығу – тотықсыздану функциясы.Тотығу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық өзгерістері. Жер бетінде тотығу мен тотықсызданудың биогенді процестері басым болады;

Деструктивтік функция. Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процестер. Бұның нәтижесінде органикалық заттың минералдануы жүреді. Нәтижеде биосфераның биогенді және биокостық заттар түзіледі;

Орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физико-химиялық өлшемдері де өзгереді. В.И.Вернадский : « Ағза ортаға тек өзі бейімделіп қана қоймайды, ол да ағзаға бейімделеді »-деді;

Тасымалдаушы функция. Ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануын жүзеге асырады. Тірі заттардың кері – төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдауын қамтамасыз ететін бірден – бір фактор. Осының нәтижесінде олар биохимиялық циклдің «жоғарғы» бұтағын жүзеге асырады.

3. Миллиардтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі,планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты. Тірі заттың химиялық құрамына өлі табиғатты құрайтын атомдар кіреді, бірақ олар басқаша қатынаста болады. Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтердің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді.Миллиардтаған жылдар барысында фотосинтездеуші ағзалар күн энергиясының орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бір бөлігі көмір кен орындары және басқа да органикалық заттар-мұнай,торф т.б. түрінде жиналады. Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жер дамуының ертедегі кезеңдерінде атмосферада басқа газдар басым болды: сутегі, метан, аммиак, көмірқышқыл газы. Оттегіден озон қабаты пайда болды. Тіршіліктің өзі ультракүлгін сәулелердің басым бөлігін ұстап қалатын атмосфераның қорғанғыштық қабатын жасады. Тіршілік әсерінен құрлықтың бетінде топырақ қабаты қалыптасқан. Топырақтағы минералдық компоненттер, ыдырап жатқан органикалық заттар мен көптеген микро және макро организмдердің бір-бірімен тығыз баййланыстылығы сонша, В.И.Вернадский оны ерекше, табиғаттың биокосты заты деп атайды. Әлемдік мұхиттың суларында да осындай биокосты зат болады. Тіршілік биосферадағы биологиялық зат айналымын жүзеге асыра отырып, өзінің және адамның тіршілік етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан биорганикалық материяға өтіп отырады. Бұд циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттардың айналымы. Біріншісінде элементтеердің негігі көзі атмосферада (C, N2, O2), екіншісінде –таулы шөгінді жыныстар (P, S т.б.) болып табылады. Экожүйедегі органикалық заттектердің синтезі мен ыдырауына сүйенген биогенді элементтердің айналымын заттектердің биоталық айналымы деп атйды. Биогенді элементтерден басқа биоталық айналымға биотаға өте қажетті минералды және әртүрлі көптеген қосылыстар да тартылады. Сондықтан тіршілік пен тығыз байланысты, негізінен көміртек, су, азот, фосфор, күкірт және биогенді катиомдар сияқты химиялық заттектердің алмасу циклдерінен тұратын биологиялық айналымның бөлігін биогеохимиялық айналым деп атайды.

Көміртек айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы 3-4 жүз жылдыққа тең.

 

 

 

 

Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлар атмосфепалық азотты байланыстырып топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер ттүзетін азот-фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан аимосфераға қайтады.

Фосфор мен күкірттің айналымы. Бұлар тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де, оларды өсімдіктер пайдаланады. Редуцент-ағзалардың тіршілік қызмет нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге, одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында олар су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.

 

 Оттегі айналымы. Жердегі оттегінің циклы шамамен 2000 жылда. Жер атмосферасындағы оттек хлорофиллді ағзалармен қатар пайда болған. Алғашында олардан оттек газы ультракүлгін күн сәулесінің әсерімен озонға айналып, аспанда озон қабатын құрады. Оттек газының негізгі қорлары темір тотықтарында, көмірқышқыл тұздарында, тағы басқа органикалық заттарда сақталады, ал атмосферадағы ауада олардың жиырмадан бір бөлігі орналасқан. Ауадағы оттекпен қатар суда еріген оттектің де атқаратын рөлі үлкен. Бір литр суда 8-9мл еріген оттек болады. Теңіздің тереңдігі ұлғайған сайын, тау биіктеген сайын судағы және ауадағы оттек мөлшері азаяды.

 

 

 

Су айналымы. Биосферада ең көп тараған – су. Ол көптеген жануарлардың тұратын орны және барлық ағзалардың ішкі құрылысында да бар. Су айналымының «қозғаушы күші» - күн сәулесінің энергиясы. Теңіз, мұхит, көл беттерінен су буға айналып, жоғары көтеріледі де, желмен құрлық құрлық атмосферасына жетіп, қайтадан суға айналып, жаңбыр, қар түрінде жер бетіне түседі. Олардың бір бөлігі өзен суларымен теңізге қайта оралады. Екінші бөлігі топыраққа сіңіп, өсімдіктердің тамаыры арқылы жапыраққа көтеріліп,күн қызуымен буға айналып, аспанға қайта оралады. Үшінші бөлігі топыраққа өтіп, жер асты суларының қорларын толықтырады. Су айналымының желісін төмендегі кестеден көруге болады.

 

 

 

  Биосфера ұзақ даму кезеңін басынан өткізді. Бұл процесс тіршілік формасын өзгертіп, судан құрлыққа шығып, зат айналымының жүйесін өзгертті. Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600 миллион жылда зат айналымының жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді. Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де тіршілікке қолайлы жағдайларды жасайды.                                                          

4. Адам ойы және еңбегінің нәтижесінде биосфера жаңа жағдайға-ноосфераға (грекше noos-жаңа, sphaira-сфера) көшеді. Ноосфера терминін алғаш рет қолданғандар француз философы, математик, палеонтолог және антрополог Э.Леруа және П.Т.Шарден болды (1927ж.).Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Т.Шарден 1959 жылы өзінің жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «Жаңа қабат, ойлайтын қабат» деп атады. Басқа ғалымдар ноосфера түсінігін әр түрлі мағынада қолданады:

1) Адам күшімен өзгертілген планета жағдайы;

2) Ғылыми ойдың белсенді көріну аймағы;

3) Биосфераны өзгертетін және қайта құратын басты фактор.

Ноосферада адамның ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып есептелінеді. Вернадский бойынша ноосфера  «Адам санасының ролі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасы мен ғылыми ойдың ролін бағалай келе Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

1. Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2.  Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;

3.  Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;

4. Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи процесс.

Сонымен қатар В.И. Вернадский ноосфера қалыптасуы үшін міндетті алғышарттарды бөліп көрсетті:

1. Адамзат біртұтас бүтінді құрайды. Континенттің немесе мұхиттың кез-келген нүктесінде болып жатқан жағдайлардың салдары планетаның барлық жерінде көрінеді.

2. Ақпарат алмасу және бкайланыс құралдарын жетілдіру қажет;

3. Ноосфераның ең басты қажеттілігі-адамдар теңдігі;

4. Адам теңдігі жағдайын көтеру үшін жалпы өмір сүру деңгейін көтеру, сонымен қатар халықты мемлекеттік және қоғамдық жұмыстардағы рөлін артыру;

5. Энергетиканы дамыту, өмір сүру деңгейін көтеру үшін жаңа энергия түрлерін ашып пайдалану;

6. Қоғамнан өмірінде соғысты болдырмау;

Қазіргі дамудың негізгі стратегиясы мен қағидасы- табиғат пен адамның коэволяциясы, яғни үйлесімді дамуы болып табылады. Жалпы коэволюция дегеніміз – екі жүйенің бірлескен эволюциясы. Коэволюция түсінігі «адам-биосфера» жүйесінде жаңа сапалы қарым-қатынас деңгейімен анықталады.

Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой – сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш – қуатын және бар қабілетін барынша аша түсінуіне жағдай жасау болып табылады.

Ағылшын ғалымы Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды 4 заңға біріктірген:

1. Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп, соқтыруы мүмкін.

 2.Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез-келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскремэнттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктері үшін қорек. Ал өсімдіктер жануарлар тынысалуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады.

3.Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеде ке-келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды. Тірі ағзада жасалатын кез-келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинақтала береді. Яғни табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс.

4.Тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе бір тұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. В.И. Вернадский бойынша биосфера дегеніміз қандай қабат?

2. Биосфера шекаралары?

3. Тіршілік үшін анағұрлым қолайлы физико-химиялық жағдайлар?

4. Тірі заттың өлі заттан ерекшелігі?

5. Биосфера қандай заттардан тұрады?

6. Биосфера қандай биогеохимиялық функциялар атқарады?

7. Оттегі айналымы қанша уақытта жүріп өтеді?

8. Шөгінді жыныстар айналымына қандай биогенді элементтер айналымын жатқызуға болады?

9. Ноосфера қандай қабат?

10. Коэволюция дегеніміз не?

 

Дәріс № 6-7

Тұрақты даму тұжырымдамасы

1. Рим клубы

2. Тұрақты даму жөніндегі Стокгольм конференциясы.

3. Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық Брутланд комиссиясы.

4.БҰҰ-ның қоршаған орта және дамуы туралы Рио-де-Жанейро конференциясы.

5. Йоханнесбургтегі (2002 ж) бүкіләлемдік саммит

6. Халықаралық ынтамақтастықты кеңейту

1. Рим клубы (Club of Rome) – халықаралық үкіметтік емес қоғамдық ұйым. Оның қызметі дүниежүзілік экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл ұйымды 1968 жылы итальяндық менеджер, қоғам қайраткері Аурелио Печчеи құрды. Ұйым дүние жүзіндегі саяси, мәдени және ғылыми өкілдерді өз қанатының астына біріктірген. Рим клубы қоршаған орта мен адамзат арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, биосфераның дамуына үлкен үлес қосты.

Осы коммерциялық емес ұйымның Рим клубы деп атауы өзінің қызметін 1968 жылы Римде Деи Линч Академиясында кездесуден басталғандықтан аталды. Оның штаб-пәтері Парижде. Рим клубында штат және формальды бюджет жоқ, оның қызметі 12 адамнан тұратын атқарушы комитетпен үйлестіріледі. Ережеге сәйкес клуб мүшелері әртүрлі елдердің 100 адамнан артық болмау керек. Осы клубтың беделді мүшелерінің қатарында М.Горбачев, Е.К.Федров, Ш.Айтматов және т.б.

Рим клубы өзінің ең басты міндеті ретінде баяндамалар арқылы қоғамның дүниежүзілік экологиялық мәселелерді шешуге өз көзқарасын қалыптастыруды санайды, яғни таяу болашақты болжау және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық- экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындату. Егер де басында Рим клубы табиғат пен адам арасындағы қарама-қайшылыққа мән берсе, кейін ол әлеуметтік мәселелерді қарастыра бастады.

Рим клубының қоғамның көзқарасына ие болған кезі бұл 1970-1980 жылдар болды. 1990-2000 жылдары жаһандану идеясы ғылыми мәдениетке енді, бірақ Рим клубының мен қоғамның назары оған аумады. Әлемдік проблемаларды шешуде үлкен роль атқарататынын дәлелдеген Рим клубы қазіргі заманғы мәселелерді талқылайтын халықаралық ұйымдардың біріне айналды.

Әлемдік проблемалардың назары адамдар мен табиғат арасындағы қарама-қайшылыққа негізделген. Қазіргі дамыған технология заманында қоғам мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұру қиын болды. Осы қарым-қатынас бұзылатын болса, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды. Осындай жағдайда адам тірі қалғанның өзінде, бұрынғы қалпына орала алмайды.

Ұйым мүшелері ғаламдық экономикалық, техникалық, әлеуметтік және экологиялық біртұтас даму жүйесінің моделін жасауға тырысты. Рим клубы мүшелерінің ғаламдық қауымдастықты алаңдатқан баяндамалары мен еңбектері болды. Мысалы, 1971 жылы Дж.Форрестер «Әлемдік динамика» еңбегінде ғаламдық дамуда мүмкін болатын нұсқаулары туралы есептеу нәтижелерін келтірді. Мұнда табиғат ресурстарының тез сарқылуына, ортаның ластануына және басқа табиғи ортаның өзгерістеріне адамдар арасында өлім артып, 2020-2030 жылдары жердегі халықтардың саны 1,5-2 млрд қысқарады деп көрсетілген. Бірақ өте арада Дж.Форрестер болжамының мүлттіксіз екенідігі дәлелденді (халық саны 6,5 млрд-қа болжағандай 2030 жылы емес, одан ертерек 2006 жылы жетті.) Ресурстардың сарқылуы кейінірекке ысырылды. Бірақ Дж.Форрестер еңбегінде көрсетілген талдау әдістері қазіргі кезде өз мәнін жойған жоқ.

1972 жылы Д.Медоуздың басшылығымен Рим клубының алғашқы баяндамасы – «Өсу шегі» жарияланды. Баяндамада ресурстардың сарқылуы, ресурстардың шексіз еместігі, халық өсімі мен техногенездің шектелуі қарастырылды, сонымен қатар тоқырау мерзімі жақындағандығы және өнеркәсіптің қарқынды өсімі адамзатты ғасырдың аяғында апатқа әкелетіндігі айтылды.

М. Месарович пен Э.Пестельдің «Адамзат бұрылыс шегінде» еңбектері Дж.Форрестердің болжамын растады. Мұнда әлем 10 аймаққа бөлінді және әр аймақта әр кезде болатын апатты қауіптерді болжады.

Рим клубының осы бір және кейінгі еңбектері БҰҰ-ның қоршаған орта комиссиясының жұмысында көрініс тапты. Нәтижесінде 1970 жылдардың алғашқы жартысында осы ғаламдық болжамдар жан-жақты сынға алынды, бірақ дамыған елдерде табиғатты пайдалануға, энергия және ресурстарды үнемдеуге үлкен ықпал етті. 1980 жылдардан бастап дамудың ғаламдық және аймақтық үлгілері қалыптаса бастады. Сонда Рим клубының, нақты уақыт аралығында өркениеттің аяқталатыны туралы көңіл көншітпейтін болжамы-адамдардың биосфераны пайымсыз пайдалануын одан әрі жалғастыруға болмайтындығын түсіндіре білді. Осыған байланысты қоғам табиғаттың үйлесімділік заңдылықтарын зерттей бастады, адамдар табиғат ресурстарын пайдаланып қана қоймай, оларды сақтайтын тұрақты даму стратегиясына көшу керектігін түсінді. Нәтижесінде қоғамдық өмірді экологияландыру мақсатында әлеуметтік экология ғылымы 1972-1974 жылдары қалыптасты.

2. Рим клубының болжамдары, мәліметтері әлемдік қауымдастықтың табиғи орта жағдайына, өркениеттің даму болашағына алаңдаушылығын туғызды. Осыған байланысты 1972 жылы Стокгольмде қоршаған орта жөнінде І-Бүкіләлемдік конференция өтті. Оған 113 мемлекеттің өкілдері қатысты. Конференцияның бас хатшысы Морис Стронг «экодаму» түсінігін ұсынды. Экодаму-адамдардың игілігінің өсуі, табиғи ортаның сапасын нашарлатпайтын және табиғи жүйелерді аздырмайтын экологиялық бағыттағы әлеуметтік-экономикалық даму. М.Стронг алғашқылардың бірі болып адамзат қоғамы экономикалық жүйеден экологиялық-экономикалық жүйеге көшу керектігін айтты. Экодаму идеясы әлемдік даму бағытын түбірлі өзгертуді, ресурстарды пайдалануды экономикада және мемлекеттік қатынастарда күрделі өзгерістерді ұйғарады. Стокгольм мәлімдемесі әртүрлі елдерге экологиялық бағыттағы процесті іске асырудың жолдарын ұсынды. Экодамудың негізгі принциптерін қлыптастыру үшін зерттеулер мен бағдарламалар бірнеше бағытта жүргізілді.

Экодаму және табиғатты пайдаланудың басқару саласында ұлттық және аймақтық мәселелерін шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестіру қажет болды. Нәтижесінде БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы-ЮНЕП құрылды. ЮНЕП-тің алғашқы міндеті мына өзекті мәселелерді шешу болды: шөлейтті жерлердің артуы, топырақтың тозуы, тұщы су қорының сарқылуы, мұхиттардың ластануы, ормандардың оталуы, жануарлар мен өсімдіктердің құнды түрлердің жоюылуы.

Осындай жаңа уақыт талабына сай экодаму тұжырымдамасы қабылданды. Онда алғаш рет экономиканың дамуын табиғат жүйелерінің мүмкіндігіне сәйкестендіру идеясы, экологиялық және экономикалық талаптардың теңдігі қарастырылды. Тұжырымдаманың мәні-экологиялық-экономикалқ теңдестігі болғанда ғана даму болатын мойындату еді. Стокгольм конференциясынан кейін экодамуға байлансты көптеген еңбектер жарияланды, бірақ экодаму тұжырымдамасы ұзаққа жалғаспады, ол біртіндеп «тұрақты даму» тұжырымдамасына ауысты. 

3. 1983 жылы БҰҰ-ның бас хатшысының бастамасымен қоршаған орта және даму жөнінде халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оны Норвегияның премьер министрі Г.Х.Брунтланд басқарды. Брунтланд комиссиясы экологиялық бағыттағы дамудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жақтарын қамтитын, болашаққа бірден-бір жол болатын тұрақты даму қажеттілігі дәлелденді. Брутланд комиссиясының негізгі міндеттері :

- 2000 жылға дейін және одан кейінгі ұзақ мерзімде тұрақты дамуды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ мерзімдік стратегия ұсынды;

- халықтың саны, орналасуы, табиғат ресурстары, қоршаған орта жағдайын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі сатысында елдер арасында экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту;

- қоршаған орта мәселелерін шешуге көмектесу.

1987 жылы Брунтланд комиссиясы «Біздің ортақ болашағымыз» атты есебі жарияланды. Онда алғаш рет тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі ережелері мазмұндалды. Сонымен қатар мұнда күрделі экологиялық мәселелердің тек әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерімен бірге шешуге болатынын айтылды. Сонымен бірге ҚОДХК есебінде қазіргі адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі де айтылды: «Адамзаттың дамуы үшін, адамдардың қажеттілігін өтеу мақсатында, адамдар армандары үшін жұмсалатын күш-жігеріміз болашақта бос әурешілік болады. Өйткені дамыған және артта қалған елдер де табиғат ресурстарын тез, аса зор қарқынмен игеруде. Қазіргі ұрпақ үшін табиғат ресурстарын көп алғанымыз пайда әкелсе, болашақ ұрпаққа тек шығындар қалдырамыз. Сондықтан қазіргі ысырапшылдық болашақ ұрпақтың мүмкіндігін шектейді».

Брунтланд комиссиясының есебі жарияланғаннан кейін тұрақты даму түсінігі халықаралық қолданысқа енді. Тұрақты даму деп қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қауіп туғызбайтын даму.

ҚОДХК есебі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қаулысымен барлық елдер басшыларына өздерінің ұлттық бағдарламаларын жасау үшін және оны орындауға таратылды. Жалпы ҚОДХК мүшелері «Біздің ортақ болашағымыз» еңбегін жазуда мына мәселелерді: жақын жылдарда жердегі жүздеген миллион ашыққандарды тойдыру, әлемдегі кедейшілікті жою, болашақ ұрпақтың үлесін алуды тоқтатуды жүзеге асыруды қолға алды.

4. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму туралы конференциясы өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары, үкімет мүшелері, сарапшылар, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер қатысты. 1972 жылы Стокгольм конференциясынан осы 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен конференцияға дейін әлемде үлкен өзгерістер болды:

- Чернобыль апаты;

- Ұлы державалар арасындағы (АҚШ пен КСРО) әскери текетірестері;

- Тоталитарлық жүйенің ыдырауы (КСРО-ның ыдырауы).

 Осындай әлемде болған кері тарихи бетбұрыстар әлемдік қауымдастықты тағы да Стокгольмнен кейін Рио-де-Жанейро қаласында бас қосуға себепші болды.

Рио-92 конференциясында бірнеше маңызды құжаттар қабылданды:

- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;

- барлық орман түрлерін қорғау және оларды ұдайы өсіруді басқару жөніндегі әлемдік конвенция;

- климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенция;

- таяу болашақтың экология-экономика және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған-«ХХІ ғасырдың күн тәртібі» атты бағдарлама;

 «ХХІ ғасырдың күн тәртібі»-тұрақты даму тұжырымдамасы негізінде жасалды. Мұнда тұрақты дамуға жету үшін әлемдік қауымдастықтың негізгі қызметтерінің бағыттары көрсетілді. «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» барлық елдер үшін олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық жоспарларының негізін қамтамасыз ететін ұлттық тұрақты даму тұжырымдамасын жасауға кеңес берді. Бағдарламаның мақсаттарының бірі-әлеуметтік тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете отырып, табиғи ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

«ХХІ ғасырдың күн тәртібі» бағдарламасының қағидалары:

- адамдар салауатты және жақсы, табиғатпен бірге үйлесімді өмір сүруге құқылы;

- қазіргі даму болашақ ұрпақтың қоршаған ортасына кері әсер етпеуі қажет;

- мемлекет өзінің ресурстарын тәуелсіз өндіруге құқылы, бірақ қоршаған ортаға шығын келтірмеуі керек;

- мемлекет қоршаған ортаны қорғау үшін алдын алу шараларын қолдану қажет;

- қоршаған ортаны сақтауды дамытуда тұрақты дамуға жету үшін даму процесін толық қарастыру қажет;

- барлық тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін әлемнің әр бөлігіндегі кедейшілікпен күресу және өмір сүру деңгейіндегі теңдікті сақтау қажет;

- жердің экожүйелерінің тұтастығын қалпына келтіру, сақтау және қорғау мақсатында мемлекеттер ынтымақтастығы;

- мемлекеттер сапасыз өндіріс орындарын қысқарту және жою қажет;

- экологиялық сұрақтар барлық қызығушылығы бар азаматтардың қатысуымен шешілуі қажет;

- мемлекет экологиялық шығындарды өтеуде қоршаған орта жөнінде эффективті ұлттық заңдылықтарды қабылдауы қажет; 

- мемлекет барлық елдерде экономикалық даму және тұрақты дамуға әкелетін ашық халықаралық экономикалық жүйелер құруға қатысуы керек;

- қоршаған ортаны ластаушылар қаржылық жауапкершілікке тартылуы қажет;

- мемлекеттер бір-біріне зиянды трансшекаралы әсері бар стихиялы құбылыстар туралы ескерту қажет;

- тұрақты даму неғұрлым терең ғылыми түсінік, сондықтан мемлекеттер тұрақтылыққа жету мақсаты үшін жаңа технологиялармен және білім алмасу қажет;

- тұрақты даму үшін міндетті түрде әйелдерді жан-жақты қатыстыру қажет, сонымен қатар шығармалық күш, жастардың қайраттылығы және халықтың сауатты болуы қажет;

- соғыс-тұрақты даму процесіне қайтымсыз кері әсер етеді;

- қоршаған ортаны қорғау, оның дамуы бір-бірімен байланысты және бөлінбейді.

Рио-92 мәлімдемесі барлық елдерді қоршаған ортаға зиян келтіретін әрекеттердің барлық түріне жауапкершілікпен қарауға, елдер арасында техногендік және табиғи апаттар туралы ақпарат алмасуға, табиғатты қорғау заңдарының ұтымдылығын арттыруға, бір ел басқа елдердің территориясына экологиялық қауіптің өтуіне жол бермеуге шақырды. 

Рио-де-Жанейро конференциясынан кейін әлемдік дамудың жеке сұрақтары бойынша БҰҰ-ның басшылығымен бірнеше халықаралық крнференциялар өтті: мысалы, Венада адамдар құқығы туралы (1993ж), Копенгаген әлеуметтік даму туралы (1993), Каирде халықты қоныстандыру және оны дамыту (1994ж), Пекин әйелдер теңдігі, бейбітшілік туралы (1995ж) және т.б.

1997 жылы маусымда БҰҰ-ның «Рио+5» конференциясы өтті, мұнда әлемнің тұрақты дамуға көшудегі 5 жылдық жұмыстары қорытындыланды.

5. 2002 жылы 24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка Республикасы) Стокгольмнен кейін кезекті 2 Бүкіләлемдік саммит өтті. Бұған 191 елден шамамен 22000 адам қатысты. Мұнда адамзаттың тұрақты даму проблемасының негізгі бес тақырыбы талқыланды:

1) Су және санитария;

2) Энергетика;

3) халық денсаулығы;

4) ауыл шаруашылығы;

5) биологиялық алуантүрлілік.

Конференцияда 82 мемлекеттің басшылары баяндамаларын оқыды. Саммитте 2 құжат қабылданды: «Саяси декларация» (Тұрақты даму бойынша Йоханнесбург декларациясы) және «Тұрақты даму бойынша жоғары деңгейде бүкіләлемдік шешім қабылдау жоспары».

Саммит құжаттарындағы ең басты міндет-әлеуметтік тұрақсыздықтың негізгі көзі-кедейшілікті жою. Кедейшілік және материалдық дискриминация-бұл халық арасында алкоголизм, ұры-қарлық, жұмысқа құлықсыздығына әкеледі. Религия және әлеуметтік фанатизм, әсіресе осындай элементарлы өмір сүру жағдайы (үйі, жұмысы, әлеуметтік қорғанысы, медициналық көмегі) жоқ кедей халық арасында үстем алады. Жұмыссыз қалған қоғамнан ысырылған адам тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Сондықтан олар жұмыс істеуге құлықсыз болып, өздеріне бақылау жасай алмайды, барлығына қоршағандарды кіналай отырып, кез-келген заң бұзушылық әрекеттерге барады (ұрлық, жезөкшелік, бандитизм). Кедейшілік тікелей мемлекеттің экономикалық әлсіздігіне байланысты жұмыс орындарының жетіспеуі, тұрғындар арасында деградацияның ең басты көзі. Қазіргі әлемде жұмыс орнының саны-біліктілік пен білімге тәуелді. Сондықтан білімге қол жеткізу-кедейшілікті қысқартатын міндетті жағдай болып табылады. Йоханнесбург декларациясы және «Тұрақты даму бойынша жоғары деңгейде бүкіләлемдік шешім қабылдау жоспары» мемлекеттерді кедей тұрғындар арасында жер, су ресурстарына, жұмысқа орналасу мүмкіншілігіне, несиеге, білім алуға және медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұлттық тұрақты даму бағдарламасын жасауға шақырды.

Тұрақты дамуға көшудің екінші жағдайы-қоғамда білім алу және жұмысқа орналасуда әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау үшін халықты таза ауыз сумен және санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты саммитте 2015 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген тұрғындар санын екі есе азайту, осы тұрғындар мемлекеттік мекемелерден санитарлық талаптарды қоя білетіндей дәрежеде сауатты болуы қажеттігі туралы келісті. 2020 жылға дейін қала лашықтарында тұратын кем дегенде 100 млн адамға арзан баспана, не жер участогі, сонымен бірге тұрғын үй проблемасын шешу үшін несие беру шешілді. Ол үшін міндетті түрде осындай бағдарламаға кедергі келтіретін қажетсіз нормативтік-құқықтарды бір уақытта қысқарту және лашықтарды жоюда қала құрылысы жобасын жасауға жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету қажет.

Барлық мемлекеттер қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға зақым келтірмейтін өндірістің және тұтынудың тұрақты даму моделін жасауы керек, сонымен бірге дамыған мемлекеттер дамушы елдерге көмектесуі қажет.

Алғаш рет осындай конференцияда әлемдік процестердің ғаламдық проблемалары қарастырылды. Йоханнесбургте үкіметтік емес және үкіметтік ұйымдар және коммерциялық құрылымдар 300 жуық нақты жобалар ұсынды. Саммитте сумен қамтамасыз етілу, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және биологиялық алуан түрлікті сақтау проблемаларын шешу жоспары туралы келісімдерге келді.

6. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар қауырт дамыған қазіргі заманда және қоғамға әсер етіп отырған ғаламадық пробелмаларды шешуде әр алуан халықаралық ұйымдардың қызметі өте маңызды болып отыр. Қазір ондай 2,5 мыңға таяу ұйым бар және олар көбейе түсуде. Қазір халықаралық ынтымақтастықтың ұйымдастырылу формалары көбеюде. Олар халықырылық үкіметтік ұйымдар (МПО) және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар (МНПО) болып бөлінеді. Ең ірі халықаралық үкіметтік ұйым Біріккен Ұлтттар Ұйымы құрамына: ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), ФАО (Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы), ВОЗ (Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ВМО (Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйым), ЮНЕП (БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламалары).

Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта пайдалану және зерттеу облысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту міндеті 1957 жылы МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентства) құрылуына әкелді.

Экологиялық проблемаларды шешуде халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ролі ерекше болып келеді: ХТҚҰ (Халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау ұйымы), ХТҚҚ (Халықаралық табиғатты қорғау қоры), ХЖФ (Халықаралық Жастар Федерациясы), т.б.

БҰҰ-ң толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан жаһандық әріптестік негізінде тиімді экологиялық саясат жүргізу үшін халықаралық ынтамақтастықты жетілдіре отырып, пайдаланады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтамақтастықты одан әрі кеңейту мыналарды көздейді:

- Халықаралық шарттар мен келісім – шарттар бойынша міндеттемелер шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ң заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына талдау жүргізу;

- Еуропа Одағының елдерімен заңнаманың барынша жақындасуын қамтамасыз ету;

- Қазақстандағы табиғат қорғау халықаралық конвенцияларын іске асырудың құқықтық нормативті актілерді әзірлеу, жетілдіру;

- «XXI ғасырға арналған Жергілікті Күн тәртібін» қалыптастырудың ғылыми - әдістемелік негіздерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

- ҚР-сы бекіткен халықаралық конвенцияларды іске асыру жөніндегі ұлттық есептерді дайындау, бағалау, талдау;

- Қоршаған ортаның мониторингі бөлігіндегі Дүниежүзілік банк метеорологиялық ұйымның бағдарламаларына және Каспий экологиялық бағдарламаларының іс-шараларына қатысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Рим клубының баяндамаларының негізгі мақсаты қандай?

2. Ерлі-зайыпты Медоуздардың «Өсу шегі» баяндамасында қандай мәселелер қарастырылды?

3. М.Стронг енгізген «экодаму» түсінігінің мағынасы?

4. Брунтланд комиссиясында қарастырылған тұрақты даму ұғымы?

5. ҚОДХК мүшелері «Біздің ортақ болашағымыз» еңбегін жазуда қандай мәселелер қарастырылды?

6. Рио-92 қабылданған құжаттар?

7. Тұрақты дамуға көшу үшін қандай мәселелерді шешу қажет?

8. Мыңжылдық саммит-Йоханнесбургте қабылданған құжаттар?

9. БҰҰ-ның құрамындағы ұйымдар?

 

 

 

 

Дәріс№ 8-9

Табиғи ресурстар және табиғатты  ұтымды пайдалану – тұрақты даму

аспектілерінің бірі

1. Атмосфера-жердің сыртқы қабаты.

2. Гидросфера- биосфераның аса маңызды элементі.

3. Педосфераның негізгі ерекшелігі.

4. Табиғат ресурстары, оларды топтастыру, қорлары және қарқынды пайдалану барысында қоршаған ортаның ластануы.

 

1. Атмосфера - (грекше аtmos – бу, spaira - шар ) – Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтады.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабаттардан тұрады: тропосфера,стратосфера,мезосфера және термосфера. 1000 км және одан әрі қарай экзосфера болады, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады.

Атмосфераның Жер бетіне жақын қабаты тропосфера деп аталады. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар жарқылдауы мен күннің күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғары жағында 40 км-ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған, озон күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтап тұрады.

Стратосферадан кейін 50 км биікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі төмендеп, 80 км биіктікте 70˚С түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600км биіктікте температура +1600˚С жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа би-іктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді. Ең соңында Жерден ең алыста км қашықтықта экзосфера орналасқан.

Атмосфералық ауа – түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі, 0,93% аргон, 0,03 % көмірқышқылы газы, ал қалғаны 0,01% неон, гелий, метан,радон, ксенон, т.б, газдардң үлесіне тиеді. Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Өсімдіктер су мен көмірқышқылгазынан оттегін бөледі, ал басқа барлық тірі ағзалар оны пайдаланады. Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организмдердің тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әріесе мұхитпен байланысы жатады.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол, біріншіден, фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыны салу үшін оттектің көзі. Ол тірі ағзаларды космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климаты реттейді, зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процестер жүретін орын, ұшатын ағзалар үшін тіршілік ортасы болып саналады, топырақтың құнарлығына әсер етеді.

Ғалымдардың пікірінше , қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол Жерді қатты қабықшасынан планета түзілгеннен кейін бөлінген газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің атмосферасы түрлі факторлар: атмосфералық газдардың косчмос кеңістігіне бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың бөлінуі, күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюцияны басынан кешірді.  

Атмосфералық процестерге, әсіресе стратосфераның жылу режиміне озон үлкен әсер етеді. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Ендік пен жылдың мезгіліне байланысты озонның бір айдағы орташа мөлшері өзгеріп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшері экватордан полюстерге қарай жоғарлайды. Қазіргі кезде адамның шаруашылық тіршілік әрекетінің әсерінен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына әсер ететін фреондар деп аталатын галогенді заттар.

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. Өндірістің қарқынды дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарлауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады.

Атмосфера табиғи және жасанды жолмен ластанады. Табиғи ластану – атмосферада үнемі белгілі бір мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі. Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандардың атқылауы, орман, дала, трофтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар – бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктердің тозаңдары, т.б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық және бейорганикалық болуы мүмкін, олардың радиусы шамамен 10-3-10-4см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан атқылауы, орман, дала, трофтардың өртенуі немесе су беттерінен булану нәтижесінде түзілуі мүмкін.

Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса жауын - шашынныңтүзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар күн радиациясын сіңіріп, тірі ағзаларды күннің зиянды сәулелерінен қорғайды.

Жасанды ластану – атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымы Ж.Детридің есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы - 9%, көміртек оксиді-4%, көмірсутектер – 0,5%, оттек - 4%, сутек - 2%, альдегидтер – 0,004%, азот оксидтері – 0,06%, күкірт оксидтері – 0,006% барлығы 200 жақн компонентер барекенін анықтады. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар, мысалы 3,4 – бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді.

Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ, өңдеу өнеркәсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүреді.Бұлардың әрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шығарады.

Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне,т.с.с. көптеген ағзаларға зиянды әсерін тигізеді.

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары. Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеліп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, ағзаға бірден әсер ете қоймайды. Медициналық – санитарлық зерттеулер нәтижесінде адамның денсаулығына зиянды заттардың бірлесіп әсер етуі аса қауіп туғызатындығы белгілі болды.

Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, ағзаның жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Ультракүлгін сәулелердің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызатыны белгілі. Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы және мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабілеті төмендейді.

Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірттің, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал – арпа, көкөністерден – шпинат, орамжапырақ, салат, редис.

Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мәселесі күрделі, жан – жақты және үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет етеді. Дегенмен, ғылыми – техникалық прогресстің қазіргі заманғы даму деңгейі адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін және бөлінуін азайтып, ластанудың алдын-алудың іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шаралар төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:

1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу;

2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.

3. Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу.

2. Гидросфера - біздің планетемыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера Жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферемен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфера барлық бөліктерін бір – бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе: мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді. 

  Мұхитағы су гидросферасының барлық массасының 97 % құрайды және Жер планетесы бетінің ауданының 75 % аса бөлігін алады. Биосфра тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық реакциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдіктер организмдеріндегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Мұхиттардағы судың беткі бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде үзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз сундағы еріген тұздарының концентрациясы 3,5 %болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,9 – натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б. иондардың үлесіне тиеді.

Биосферадағы үш сфераның – ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым – қатынасттарды, негізгі заты көмірқышқыл газы болвп табылатын карбонаттық тепе – теңдік арқылы жақсы түсінуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмірқышқыл газы  60 есе көп. Көмірқышқыл газы суық суда жақсы еритін болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрізді тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстік пен солтүстік ендіктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшері артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшері де артады, нәтижесінде кальций карбонатының ерігіштігі жоғарылап, гидрокорбонат ерігіштігі жоғарлап, гидрокорбонат – иондар көбиеді. СО2 мөлшері азайғанда сутек иондарының концентрадциясы төмендейді де, кальций корбонатының көбірек тұнбаға түсуі байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көміртек иондары тұрақталып, атмосфераның антропогендік ластануынан жиналған СО2 артық мөлшері сіңіріледі. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негізгі роль атқарушы болып табылады, себебі тірі организімдердегі барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен тканьдерінің көп бөлігі судан тұрады.

Су - әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3 пайызы ғана. Таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болп отыр.

Жердегі су ресурстары жалпы алғанда, жер бетілік немесе континетальды суларға - өзен, көл, жабық теңіздер, батпақтар, атмосфералық жауын – шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкіл Әлемдік мұхитқа мұхитқа құятын теңіздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.

Судың химиялық құрамы бір – біріне байланыссыз екі фактордың – тарихи – табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік фактордің әсерінен қалыптасады.

Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті олады миниралдау дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады.

   Тұщы су----------1

   Тұздалу----------1 – 25

   Тұзды----------26 – 50

    Ащы ----------> 50

   Жер бетіндегі тұщы су қорының 97 % Антрактида, Гренландия, полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды Жердің бетіне бірдей етіп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану мүмкін болмай отыр.

Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондіқтанда тұщы судың жеиіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады.

Табиғатта су айналымы үздіксіз жүріп отырады. Күн сәулесінің әсерінен Мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдіктердегі транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде атмосфера су буларымен қанығады. Буланған су конденсацияланып, бұлттар түзіп, атмосфералық жауын – шашын болып жер бетіне жауады. Жерде оның біраз бөлігі топырақ пен өсімдіктер сіңіріледі, не топырақтың терең қабаттарына өтіп, оны грунт суларымен бірге қайтадан жер бетіне шығып, мұхиттарға қосылады. Жауын – шашынның біраз бөлігі топырақ беттерінде қалып, өзендерге қосылады.    Криосфера (қар, мұз, мәңгілік мұз аймақтары)- климаттық жүйенің компоненті болып, шағылдыру қабілеті (альбедо) жоғары, жылу өткізгіштігі төмен. Жаңа жауған қар түскен күн сәулесінің 90 пайызын шағылдырады. Қар мен мұздар планета беріне «жапсырылған» айна сынықтары тәрізді. Мұздардың 90 пайызы Антрактидада, бірақ планетадағы мұздардаң негізгі массасы теңіздердің мұзы мен қар түрінде болады. Солтүстік жарты шарда Солтүстік мұзды мұхит акваториясындағы мұз жазда 8 млн км2, ал қыста 18млн км2 созылып, көлемі Австралияның көлемінен 2 есе көп көлем алады. Оңтүстік жарты шарда Антрактида маңында қыстыгүні мұз 20 млн км2 алады.

Өздігінен тазару.

Су ресурстарының «мұхит – атмосфера – жер - мұхит» системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиет - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңіздерге, олардан қайтадан кері қарай қайта алып келетін алып «механизм» үнемі жұмыс істейді.

Гидросферадағы өздігінен тазару процесі заттардың айналымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тіршілік ететін тірі организімдердің тіршілік іс - әрекеттері нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

Әрбір су көзі – түрлі тірі организмдер, сол ортаға тән арнайы организмдер, өсімдіктер, микоорганизмдер тіршілік ететін, олар үнемі көбейіп, өліп отыратын тірі, күрделі экожүйе. Егер су көзінен бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетін болса, онда өздігінен тазару процесі тез жүріп, су өзінің бастапқы таза күйіне қайта келеді. өздігінен тазару процесіне әсері ететін факторлар түрліше. Оларды шартты түрде үшке бөлуге болады: физикалық, химиядық және биологиялық.

Судың өздігінен тазару працесіне әсері ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі роль атқарады. Өзен суының интенсивті ығысуы судағы ластаушы заттардың жақсы араласып, концентрацияларының төмендеуіне себеп болады. Судағы ерімейтін тұнбалардың су түбіне шөгуі ластанған судың өздігінен тазаруына жасай жасайды. Микроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе судағы органикалық және органикалық емес заттарға қосалып, олармен бірге су түбіне шөгеді.

Судың өздігінен тазаруына әсер ететін аса маңызды физикалық фактор Күннің ультракүлгін сәулесі. Бұл сәулелердің әсерінен су зарарсызданады. Ультрокүлгін сәулелер белокты коллоидтарды және микроб клеткалары протоплазмаларының ферменттерін жойып жібереді.

Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері – 1386 млн км3. Бұл судың  96,5 % Әлемдік мұхитқа тиесілі.

Мұхиттардың орташа тереңдігі 3704 м, ал ең тереңі – 11034 м  Жер қойнауының жоғарғы бөлігінді түрлі тереңдікте жер аста суының қоры бар. Тұщы сулар әдетте, 150 – 200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана береді.

  Жер астындағы тұщы судың 3000 км3 шамасындай жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайданылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1тонна күрішке – 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.

Соңғы жылдары өзен, көл, теңізбен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негізгі көздер төмендегілер:

 1) өндіріс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар;

 2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (оларың ішінде патогенді де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;

 3) суды көп пайдаланатын қара металлугия, химия, орман химия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің ағызынды сулар.

 Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердің бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайлып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, олардың көп массасы улы әсері болмаса да, су экожүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары бар ағызынды суларда биогенді элементтер әсіресе, азот пен фосфор көп болады, олардың әсерінін суда фитопланктон жаппай көбейіп дами басайды, әсіресе    

көк жасыл, қоңыр балдырлар тез көбейіп, жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінің қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл организмдер өсіп, дамып, өліп, нәтижесіндегі судағы органикалық заттардың массасы артады. Аэробты организмдердің оттекпен тыныс алуы нәтижесінде тез арада оттектің жетіспеушілігі туындайды. Сондықтан су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. Бұл процесс эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация дегеніміз – суда табиғи, не антропогендік факторлар әсерінен биогенді элементтердің жинақтауы нәтижесінде су объектілерінің биологиялық өнімділігінің артуы. Анаэробты процестер судың екінші реттік ластануы болып табылады. Эвтрофикация – суға оңай тотығатын минералды тыңайтқыштардың түсуі, не егістіктерден азот пен фосфор тыңайтқыштарының шайылуы нәтижесінде де болуы мүмкін.

Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы көбірек қауіп туғызатын себептерін төмендегіше деуге болады:

 1) сулы ортада өздігінен тазару, ауаға қарағанда әлдеқайда жәй жүреді;

 2) судың латану көздері өте көп;

 3) сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылады.

Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс ұзақ жүреді. Өндірістік – тұрмыстық қалдықтар мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ғылыми – техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқыны өте жоғарлап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, физико – химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Бұл әдісердің әрқайсысын таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қосылыстардың зияндыдылығына байланысты.

Суды тазартудың механикалық әдісі бойынша суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемі түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әртүрлі конструкциялы торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

Физико – химиялық әдісте ағызынды сулардан еріген органикалық емес қосылыстар бөлініп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбінесе электролиз қолданылады. Электролиз кезінде ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлініп алынады. Электролиттік тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту әсіресе, қорғасын, мыс өнеркәсіптері мен бояғыш заттар өндіріс орындарында тиімді. Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылыы тазартуға да болады. Ал химиялық әдісте суды тазарту үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор және оның хлорамин, хлорлы ізбес, натрий гипохлориді сияқты қосылыстары қолданылады. Суды тазартудың биологиялық әдісі сулардың биологиялық және физиологиялық өздігінен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негізделген. Ағызынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бірнеше типтері бар: биофилтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантенклер.

Аэротенклерге активті ил – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сулармен толтырады да, ағызынды суларды төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді. Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерде (ағызынды суда) активті илде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, бактериялар бір – біріне жабысып, кесектеліп, органикалық ластаушыларды жай миниралдық заттарғы дейін ыдырататын ферменттер бөле басайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді. Органикалық заттардың мол қоры мен қоректенген бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Тұнған таза суды бөліп алып, ал активті илдің суды тазарту функциясы әрі қарай жалғаса береді.

   Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі-нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының ағызынды сулардың көпшілігінің құрамында күкірт қышқылы, тұз және азот қышқылдары көп кездеседі. Осы қышқылдар болатын суларды нейралдау үшін магнезит, долмит, ізбестастар қолданылады. Әдетте химиялық тазарьудан соң биологиялық тазарту жүзеге асырылады.

Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндіріс орындарының жалпы сметалық құнының 10 – 15%, кейде 20 - 25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының өте қымбатқа түсуі, сол сияқты көбінесе тек қана тазарту қондырғылары арқылы үздіксіз даму үстіндегі өндіріс орындарының зиянды әсерінен биосфераны қорғау проблемасын шешу мүмкін еместігі су көздерін ластаудан қорғаудың неғұрлым тиімді жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ал мәселені шешу үшін экологиялық жағынан қауіпсіз, аз қалдық шығаратын, тіпті кейбір жағдайларда қалдықсыз технологиялық процестерді еңгізу қажет.

Суды ластаушылардан бөлу үшін этап арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші реттік тазарту. Ағызынды сулар ірі қатты қалдықтардан тұндыру арқылы тазарылады.

  Екінші реттік тазарту. Еріген органикалық заттарды бөлу. А.ызынды суларды биохимиялық тазарту әдісінде кейбір микроорганизімдер судағы еріген органикалық заттармен қоректеніп, өсіп, дамып, көбейеді. Осылайша, ағызынды сулар органикалық заттардан тазарады.

Екінші реттік тазартудың келесі бір көп таралған әдісі тамшылы биофильтрлер арқылы тазарту. Бұл әдісте судағы тек қана жүзінді органикалық қосылыстар емес, еріген қосылыстар да бөлінеді. Тамшылы биофильтрлер арқылы 80 – 85%  еріген органикалық заттар тазарады.

Бірінші және екінші реттік тазарту арқылы ағынды сулардан 90% органикалық ластаушыларды бөлуге болады.

Үшінші реттік тазарту. Үшінші реттік тазартудың негізгі мақсаты – ағызынды сулардың құрамындағы азот пен фосфор қосылыстарын бөлу. Осы элеметтердің қосылыстары суда балықтардың қарқынды өсіп, дамуына себеп болады. Үшінші реттік тазартуда ластаушыларды химиялық реагенттермен тұнбаға түсіру арқылы суды тазартады.

Тазартудың осы үш этапынан кейін суды ондағы қалған бактериялар мен вирустардан тазарту үшін хлорлап, жер бетілік суларға ағызады.

Суды ластанудан қорғауда оның санитарлық – гигиеналық жағдайы аса маңызды роль атқарады. Халықтың пайдаланатын ауыз суы таза, зиянды қоспасыз болуы керек. Сондықтан су көздерінің биологиялық, химиялық және бактериологиялық жағдайы үнемі бақылауда болады.

3. Литосфера – (грекше – lithos – тас + sphair – шар) – жердің қабығы құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Жер бетінде Күннің заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы – кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналымда бір – бірімен тығыз байланысты.

  Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

  Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қабілетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым – қатынас деп көрсетті.

Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы иен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процесінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақтар арқылы ғана жасалады. Топырақың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын – шашынды жинақтау мен су баланысын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоектік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргенизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасады.

Топырақтың құнарлылығы дегеніміз – онің өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзу процесі барысында және адам топыраққа әсер етуі нәтежиесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.

Топырақ – барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзіне жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи фактор (су тасқыны эрозия, құрғақшылық, т.б) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту,мал жаю,техниканы қолдану т.с.с.) ұзақ уақыт созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтығ құнарлығы адам іс әрекетіне де байланысты.

Топырақ – барлық материялық игіліктердің көзі. Ол азық түлік,малға жем, киім үшін талшық құрылыс түрлерін береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса топырақ анасы деген.

  Топырақ еш нәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әсері (гидропонды,пластопонды, аэропонды) топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Топырақ биосфераның басқа элементтермен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық системе. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсеріне соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды асерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлығы кемуде.

Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда – «төмендеу», «артақа кету») негізгі факторы: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

Топырақты қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда алде қайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи қздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып көбие береді.

Жел және су эрозиясы.

Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзелу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторларлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары мен эрозия деп аталады.

«Эрозия» термині латынның erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабыныныңт су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0,5 – 2,0 см/100 жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400 – 7000 жыл қажет болған болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20 – 30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтежиесінде болуы мүмкін.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтежиесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтежиесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.

Жылдам эрозия - табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланған территорияларда байқалып, бұл эрозия тез жүреді.

Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция – топырақың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозиясуармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді.                     

Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Өндірістік эрозия – пайдалы қзбаларды өндіру кезінде, әсіресе ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрлысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде (өзендер, басқада су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайыларын жерлердің ауданы кемиді.

Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.

Механикалык эрозия – ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасқан. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті – биологиялық белсендігіғі әлсірейді. Мысалы, АҚШ – да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі.

Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы – топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі – шаруашылык – ұйымдастыру жұмыстары. Бұл – территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ – эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ – эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс – шараларын жүргізеді.

Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденеңдеп жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын – шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман – мелиорадция жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандарды егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемі атап көрсеткен.

Эрозиямен күресу жолдары:

1. Айтарықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су мен жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде жел және су эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекриациялық қысымды төмендету болып табылады.

3. Егістік жерлерді қорғау шаралары:

– ауыспалы егістерді дұрыс пайдалану;

– топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасы мен алмастыру;

– шағын егіс талаптарын табиғи ландшафтармен кезектестіру;

– жиектік жырту (релефтің горизонттарымен);

– өңдеуден бұрын бұзылатын құмды және құмдақты топырақтарды шығару;

– танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

– топырақтың құрылымын түзеуге мүмкіндік туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

– топыраққа әсер ететін қысымды техниканы пайдалану;

Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн га жуық ирригациялық әрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні – танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң булану мен өсімдіктерге транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер астылық грунт суларына дейін жетіп, оның көтерілу деңгейіне себеп болады. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл), жақындап, интенсивті түрде булана бастайды, суда еріген тұздар топырақ бетінде жинақталады. Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады. Суарудың жоғарғы деңгейінде және каналдардағы судың топыраққа сіңіп кетуі арқылы грунд суларының мөлшері көбейеді. Суғару каналдарынан судың фильтратциялануынан және дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерінің көбейюі екінші реттік тұздану деп аталады. Ал бірінші реттік тұздану ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғы тұздану процесін атайды. Екінші реттік тұздану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстік аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсімдіктердің өсуәмен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуды айтады. Бұл құбылыс әсіресе, Египет, Ирак,Индия мен Пакистан , т.б. құрғақшылық климотты аймақтарды белең алып отыр. Жыл сайын жер шарында тұзданудан 200- 300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкіл әлемде қазіргі таңда 20-25 млн га жер тұзданып өнім беру қабілетінен айрылған. Бұл жағдай әсіресе Орта Азия мен Закавказье елдерінің топырақтарында көбірек байқалып отыр.

Тіпті тұзданудың аз ғана деңгейінде мақтаның өнімі 20 – 30 пайыз, жүгері 40-50 пайыз, бидай 50-60пайыз, қысқарады тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнімі екі есе төмендесе бидай тіпті өспейді.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау

Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрліше. Олардың бірі – құрғаған теңіздерден пайда болатын тұздың жел арқылы таралуы. Суда еріген тұздар атмосфералық жауын – шашын арқылы да таралады. Галофит - өсімдіктер тұзды ортаға жақсы бейімделіп, топырақтан тұзды сіңіруге қабілетті, соның нәтижесінде топырақтың жоғары қабаттарының одан әрі тұздануына себеп болады. Галофиттер тіршілігін тоқтатқан соң және олардың жапырақтары түсіп, олар минералданып, суда еритін тұздардың мөлшері көбейіп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкіншілік жасайды. Галофит - өсімдіктердің әсерінен суда еритін тұздардың топырақта жиналуы 1 га жерде 500 кг дейін жететін жағдайлар байқалған.

Көбінесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебінен жүретіндігі жиі байқалады. Егер олар тереңда болса, капилляр арқылы булану нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Кимат неғұрлым құрғақ және топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүреді.

Екінші реттік тұзданудың алдын алу шараларының бірі тереңдігі 1 – 1,8 м территорияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бірі. Тұзды топырақтарды натрийдің тұздарын гипстеу арқылы тазартады.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы және топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бірақ бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайда химиялық әдіс те жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс қымбат және қоршаған ортаның тазалығы үшін тиімсіздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтіретін үшінші бір фактор – жердің азуы.

Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың топырақан әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың аузының нәтижесінде, құнарлығы жойылып, шөлге айналады.

Өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды топыраққа қайтарудың ең тиімді әдісі органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, және т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның ішінде негізгісі қарашіріктің кемуімен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивті өңдеуге, ауыр ауыл шаруашылық техникаларды қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиімсіз пайдалануға байланысты туындап отыр. Топырақтың ластануы.

Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс - әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстың қалдықтарымен, жылу электор станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрлыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау – тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б. «индустриялық далалар» пайда болады.

  «Индустриялық далалардың» топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек, күкірт, молибден, мыс, кадмий, мырыш, алюминий, никель, вольфром, натрий, хлор, темір, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

Айта кететін бір жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірістің нәтижесінде де жүреді.

Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едәуір ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400 – 500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды сау өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар – жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады.Бұрғылау жұмыстары кезінде қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.

Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдығ үйінділерімен ластанады. Бұл үйінділерде тұрған үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б. толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестециттерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми – зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады, олардың топырақ ерітірдісіне шығып қалуына жағдай жасайды.

   Топырақта бұлардан басқа гельминтті инвазиялар, патогенді микрооргонизмдермен ластаушылар факелды массалар, өндірісік қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өліктері, т.б. болуы мүмкін. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиі байқалған.

Жерде рекультивациялау

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде бұл жерлер юасқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүргізу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады.

Адамның шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400 – 500 м болатын шұңқырлар түзіледі

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады.  

4. Қоғамның мәдени, материалдық, т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазіргі кезде және болашақта қолданылатын табиғи орта компоненттері мен табиғи құбылыстарды табиғи ресурстар деп аталады.оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер, жануарлар, т.б. жатады. Ресурстарды сарқылу жылдамдығына немесе қалпына келуіне байланысты сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Сарқылмайтын табиғат ресурстарына планетамызға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады: ғарыштық және климаттық ресурстар, мұхит, теңіз суларының толысуы мен қайтуы, күн сәулесі, жел, жердің ішкі энергиясы т.б.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған табиғат ресурстары жатады. Оынң өзі қалпына келетін, қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келетін ресурстарға жануар және өсімдік, топырақ құнарлығы жатады. Бірақ оларды тиімсіз пайдаланса, олардың кейбір түрлері мүлдем жойылып кетеді. Қалпына келмейтін ресурстар қолдану нәтижесінде жойылады: көмір, мұнай газ, металдар т.б.

Сонымен қатар табиғат ресурстарын шығу тегіне қарай: литосфера ресурстары (қазба байлықтар, жер және топырақ ресурстары), гидросфера ресурстары (мұздықиар, дүниежүзілік мұхит, құрлық сулары), атмосфера ресурстары (климаттық, рекреациялық, жел энергиясы), биосфера ресурстары (өсімдіктер, жануарлар) болып та бөлінеді.

Табиғат ресурстарының сарқылу проблемасы жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Оларды өндіру және пайдалану жылдамдығы артуда. Оларды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендемесе ғалымдардың болжауы бойынша мұнай қоры 30-40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір 70-80 жылға темір 150 жылға, мырыш 200-300 жылға жетеді екен.Темір кен орнының Лотарингиядағы, Оралдағы, Магнитогордағы қорларыөте төмендеген. Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылу салдарынан соңғы уақытта тұщы су, оттегі де қосылуда. Биоресурстар жағдайы да өте төмен, соңғы 4 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 130 түрі жойылған. Дүниежүзіндегі топырақ ресурстарының ¾ бөлігі жылу және ылғал жетіспеушілігінен өнімділігі төмендеп отыр. Жер шарының 60 жуық бөлігінде тұщы су мөлшері жетіспейді. Орман ресурсы да азаюда.

Қазіргі таңда адамзат табиғатты тиімді пайдалану жолында қоршаған ортамен үйлесімді әрекет жасауда. Табиғатты тиімді пайдалану үшін табиғат ресурстарын халық игілігіне жарату жолында оның қорларын барлау, анықтау, есепке алу, нәтижесінде оның сандық және сапалық құндылығын ғылыми негізде бағалау. Табиғатты тиімді пайдалану бағытында сарқылмайтын ресурстарды пайдалану және өндірісте қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану ең маңызды мәселе болып отыр.   

Сонымен қатар минералды ресурстар қорын сақтау мақсатында оларды қайта пайдалану немесе басқа материалдармен (пластмаса, керамика т.б.) алмастыру жолдары жүзеге асуда. Бірақ ыдырамайтын мұндай заттарды көптеп өндіру биосфераны ластап, экологиялық проблемаларды арттыруда. Сондықтан әр бір шикізат барынша толық пайдаға асырылуы керек. Себебі, өндіріліетін ресурстардың тек 20 ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады., ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлак, т.б.).

Адамзат өз тіршілігі үшін және ұлттық экономикасы үшін барлық қажеттілерін табиғат ресурстарынан қарқынды түрде зор көлемде алуы-қоршаған ортаға, су және ауаға кері әсер етеді. Олардың құрамындағы радиоактивті сәулелер тартатын элементтер мен әр түрлі аурулар тудыратын шаң-тозаңдар болуы қоршаған ортаны тым ластауда. Сонымен қатар Табиғат ресурстарын пайдалану жылу балансының бұзылуына, атмосфера шаңдануының артуына, өсімдік жабынының булануының өзгеруіне, топырақ пен су қоймаларының ластануына әкелді. Жалпы қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе ондағы заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлерді айтамыз. Ластаушы заттарға тек улы заттар ғана емес, ағазаға қажетті заттардың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфераның негізгі қасиеттері қандай?

2. Атмосфераны ластаушы көздер?

3. Атмосфералық ауаны жақсарту шаралары?

4. Судың негізгі қасиеттері қандай?

5. Суды ластаушы көздері?

6. Суды тазалау әдістері және олардың ерекшелігі?

7. Педосфераның негізгі қасиеттері?

8. Топырақ эрозиясы және оның түрлері?

9. Сарқылатын ресурс түрлері қандай?

10. Табиғат ресурстарының сарқылу проблемасы неліктен өзекті мәселеге айналып отыр?

 

Дәріс№ 10

Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік

Факторлары

1. Биосфера эволюциясы және адамзат қоғамының даму сатысындағы

биосфераның өзгеру сатылары.

2. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынстарының тарихи кезеңдері.

3. Биосфераны өзгертуші негізгі күш-адам және сол өзгерген ортаның адамға

қайта әсері.  

   

1.Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюциясы дегеніміз - түрлердің және олардың ара қатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген. Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылары:

1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі (шамамен 4,5 млрд жыл бұрын). Алғашқыда пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін болған, сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан, инертті газдардан құрылған, көміртек оксидінің,формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін.

 2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттектердің абиоталық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралды, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүреді.

3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртектің, азоттың, сутектің, оттектің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

4. Бұл төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады, себебі жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволюцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы. Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөлуге болады:

1. Адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған;

2. Адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған;

3. Табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған;

4. Жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;

 5. Биосфераның барлық экологиялық құраушылары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған. Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерімен биосферада болатын негізгі өзгерістер түріне мыналар жатады:

1. Жердің беткі қабатының құрылымының өзгеруі (даланы жырту, орманды кесу, жасанды көл т.б.);

2. Биосфера құрамын , оны құрайтын заттектердің балансы мен айналымын өзгерту (кен қазбаларды жер қойнауынан алу, үйінділер жасау, ылғалдылық айналымын өзгерту т.б.);

3. Кейбір организмдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы биотаға өзгерістер енгізу;

4. Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық балансты өзгерту.

    2. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастың тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

І. Биогенді кезең. Бұл кезең палеолит дәуірін қамтиды. Адам осы тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі терімшілік және аңшылық болды. Адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең ұзақ уақытқа созылған кезең осы палеолит дәуірі еді (2 млн жыл). Адамның биосфераға әсері осы кезең өзінен көріне бастады. Адамдар өсімдіктер жабынын өзгертіп, кейбір ірі шөпқоректі жануарлар түрлерін (мамонт, алып бұғы, түкті керік, т.б.) жойды.

ІІ. Аграрлық кезең (неолит дәуірін қамтиды, б.э.д.VII-VIII ғ.ғ.). Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда құл иеленушілік және федалдық қоғам кезеңі болып табылады. Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты адамдар биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, жануарларды жою нәтижесінде жердің орасан үлкен территорияларын өзгертті. Осы кезеңде адам белсенді түрде биосераны өзгерте бастады. Аграрлық кезеңнің соңында теңіздер мен мұхиттарда кеме қатынасы дамыды. Кеме қатынасының дамуы ұлы географиялық ашылуларға әкелді, адамдар бұрын адам аяғы баспаған жерлерге қоныстана бастады. Сонымен қатар кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер, теңіз жанаурларын аулау нәтижесінде теңіз сүтқоректілерінің саны кеми бастады.

ІІІ. Индустриалды кезең. Қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуір. Ол XVII-XX ғ.ғ.ортасын қамтиды. Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Тау-кен өндіру, металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау ластаушы заттардың көлемі артуы, ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға әсері күшті болды. Өндірістік іс-әрекеттердің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін төмендетті. ХХ ғасырдың ортасында өндірістің табиғатқа әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды, экологиялық дағдарыс байқалды.

VI Ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезең. Бұл кезең планета ресурстарының шектелуі екендігін түсінумен сипатталады. Ғылыми техниканың жоғары дәрежеде дамуы, техника мен өндірістік технологиялардың биосфераға зиянсыз әсері қолға алынуда. Осы кезең адамзаттың болашағын айқындайды.

3. Адам-жер бетіндегі тірі ағзалардың ең жоғары даму сатысы. Ол И.Т.Фроловтың айтуы бойынша «биосоциалдық нәрсе». Тіршіліктің басқа формаларымен генетикалық байланыста болғанымен, еңбек нәтижесінде, сана мен сөйлеу нәтижесінде адам табиғаттың ерекше бөлігі. Адам биологиялық түр ретінде де, әлеуметтік тұлға ретінде де екі жақты қарастырылады. Адам –тіршіліктің бір бөлшегі, ол биосферадан тыс жеке-дара өмір сүре алмайды. Адам кіретін гоминид тұқымдастар жердің экваторлы бөлігінде пайда болған. Ал адам туысы Оңтүстік Азия мен Африканың шығыс бөлігінде пайда болған. Бір түрі ғана сақталған. Ол –Homo sapiens (ақылды адам). Түр екі түрастыға бөлінеді: неандерталь және қазіргі заманғы адам. Адамның пайда болуы-3,5-5млн жыл бұрын. Адам да басқа түрлер сияқты ортадан тәуелді және оған әсер етеді. Адам маңызды экологиялық факторлардың бірі-қор ресурстарының жетіспеушілігінің жолын тапты. Ол ауыл шаруашылығын ұйымдастырды, мал шаруашылығын ұйымдастырды, жер жырту 10 мың жыл бұрын. Сөйтіп адам өзінің экологиялық жүйесін құра бастады.

Генетикалық бағдарлама. ДНҚ молекуласында жазылған Homo sapiens, оны биологиялық түр ретінде анықтайды және ең бағалы табиғи ресурстардың бірі болып табылады. Адам ДНҚ-сындағы генетикалық процестер басқа тірі организмдердегі сияқты:

1. Мутациялық процесс .Табиғи жағдайында радиация популяция өміріне әсер етпейді. Бірақ адам қоршаған ортаға ядролық энергия мен химиялық қосылыстарды (мутациялық белсенділігі күшті ), табиғатта кездеспейтін химиялық қосылыстарды ойлап шығарды.

2. Гендер миграциясы.

3. Гендер дрейфі (адам үшін қашықтық мәселе емес, сондықтан гендік дрейф популяция динамикасы сияқты өз мәнін жоғалтады).

4. Табиғи іріктеу. Медицина жетістіктеріне, әлеуметтік қайта түзілудің әсерінен, айтарлықтай төмендеп кетті. Дегенмен де адам биоәлеуметтік тұлға бола отырып, барлық тірі ағзаға тән жалпы биологиялық заңдылықтардан ажырап кетпейді, яғни шамамен 50 пайызы табиғи түрде сақлалады.

Генофонд-гендердің жиынтығы (кез-келген биологиялық түр үшін). Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар белгілі бір генотипі бар адамдардың қалыптасуына әкеледі. Гендердің ары қарайғы дамуы қоғам мен адамның өзіне байланысты. Бастапқыда Homo sapiens жануарлар әлемі сияқты экожүйенің реттеуші факторларына бағынды. Шектеуші басты факторлардың бірі-гипердинамия және тойып тамақтанбау болды. Өлу жағдайларындағы басты себеп-патогендік (ауру туғызатын ) әсерлер болды. Әсіресе инфекциялық аурулар көп орын алды. 

 Адамдардың жасанды ортаға бейімделуі аурулар арқылы өтеді. Аурудың пайда болуының басты себептері: гипердинамия, тойып тамақтанбау, стресс т.б. Медико-биологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтік-экологиялық факторлар мынадай тенденцияларға көбірек әсер етеді:

- акселерация процесі;

- биоритмнің бұзылуы;

- аллергия;

- онкологиялық аурулардың өсуі;

- инфекциялық патология;

- тіршіліктегі абиологиялық тенденция;

Акселерация-бұл биологиялық нормамен салыстырғанда жеке дене мүшелерінің немесе ағза бөлімдерінің тез,ерте дамуы.

Аллергия-ағзаның белгілі бір затты жағымсыз қабылдауы. Бұл зат-аллерген деп аталады (жай, күрделі минералды немесе органикалық заттар).

Ісік - жаңа түзіліс, ұлпаның артық патологиялық өскіні. Олар зиянсыз, зиянды болып екіге бөлінеді. Мысалы рак ауруы канцероген деп аталатын белгілі бір зат әсерінен пайда болады.

Қоршаған ортаға адамдар тастаған тірі ағзаларға зиянды бөгде заттар – ксенобиотиктер деп аталады.Бұл заттар келесі топтарға бөлінеді:

1. канцерогенді заттар (рак ауруын тудырады) немесе канцерогендер.

2. мутагендер (мутациялық өзгеру) хромосома санының және құрамының өзгеруін тудырады.

3. тератогендер-ағзаның жеке дамуында құбыжықтық жағдайға әкеледі.

4. эмбриогендер–эмбриондық даму сатысында патологиялық өзгерістер тудыратын заттар. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болған аурулар тобын – техногенді аурулар деп атады. Бұлар:сатуризм (қорғасынмен улану), ита-ита (кадмий әсері), минамата(сынап қосылыстарының әсері).

ХХ ғасыр барлық елдерде өзіндік ұзаққа созылатын әртүрлі аурулардың пайда болуымен есте қалды. Мұндай аурулардың пайда болу факторлары: қазіргі заманғы өркениет, стресс, ластану салдарынан тамақ құрамының бұзылуы, техногендік әсерлер, табиғи биоритмдердің бұзылуы т.б. Бір сөзбен, өркениет аурулары деп атайды.

Халық денсаулығы, генофондтың сақталуы белгілі бір дәрежеде шикізат пен тамақ өнімдерінің дұрыстығына байланысты. Адам мен табиғат арасында белгілі бір парадокс бар. Бір жағынан адам-табиғаттың бір бөлігі, екінші жағынан қоршаған ортаның біраз бөлігі адамның өз қолымен жасалған.Алайда адамның қоршаған ортаға араласуы, ақыр соңында биологиялық түр ретіндегі оның денсаулығының төмендеуіне әкеп соқты. Осыдан келіп адамды қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын медицина міндеттері туындайды. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары, хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы , поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид) және тетрахлорэтилен. Бұл топқа өте улы зат-диоксиндер де жатады. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ең күштілерінің бірі. Диоксин әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі шамамен қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған, сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Формальдегид химия өндірісінің мағызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адамнан басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. жатады. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзады жинақталуының негізгі көзі-отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар т.б. қорғасынның негізгі көзі-автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі , қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. Кадмий –ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. «Ита-ита» ауруын туғызады. Сынап қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүниежүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы және қауіпті. Асбест соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы-асбестоз ауруын туғызады. өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. Нитраттардың негізгі көзі- нитрат анионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе жылыжайларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдар түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин деп атайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтық қоспалар қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Сондай-ақ күкірт диоксиді де осындай әсер етеді. Оны кептірілген жемістер, шарап және басқа өнімдерге антитоксикант ретінде қосады.    

 

Бақылау сұрақтары:

1. 4,5 млрд жыл бұрын қандай процестер жүрді?

2. Заттектердің биотикалық айналымы қандай жағдайлардың нәтижесінде пайда болды?

3. Органикалық заттар ненің нәтижесінде түзілді?

4. Биосфера эволюциясында ІV саты неліктен антропогенді саты деп аталады?

5. Биогенді кезеңде адамның табиғатқа әсері қандай болды?

6. Аграрлық кезең қандай қоғамдық кезеңмен сәйкес келеді және бұл кезеңде қандай өндіріс саласы дамыды?

7. Неліктен индустриалды кезеңде экологиялық дағдарыс байқалды?

8. Ақпараттық кезеңнің басқа кезеңнен ерекшелігі?

9. Алғашқы адам туысы қайда пайда болды?

10. Медико-биологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтік-экологиялық факторлар қандай тенденцияларға көбірек әсер етеді?

11.  Техногенді ауруларға қандай ауруларды жатқызуға болады?

 

 

Дәріс№ 11-12

Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары

1. «Парниктік немесе жылулық» эффект мәселесі

2. Озон мәселесі

3. Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі

     4. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық

       ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары.

5. Шөлдену проблемасы

6. Биологиялық алуандылықтың кемуі

7. Әлемдік мұхиттың ластануы

 

1. Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын-парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ-көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышықыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50 %-дан 65 %-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, азот оксидтері, озон, фреондар (хлорфтор көміртек) және басқа да газдар жатады. ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, атмосферадағы көміртек диоксиді мөлшерінің өзгерісі айтарлықтай артқан.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфрақызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеп соғады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа температурасы 0,3-0,6-ға артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (метан-жылына1% , азот оксидтері-жылына 0,2%).                     Атмосферадағы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі ХХI ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда , әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,5%-ға артуына әкеледі. Болжамдар бойынша ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 метрге көтерілуі мүмкін. Бұл құрлықтың көп бөлігінің су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Полюстер мен экватордың температура айырмашылығының кему мүмкіндігі де ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл құбылыс негізінен полюстердің өте күшті жылынуы нәтижесінде болуы мүмкін. Бұл мәңгі тоңды топырақтардың ауданының кемуіне және олардан метанның бөлініп шығуына, ал мұның өзі парниктік эффектінің артуына әкеледі. Көмірқышқыл газының атмосфераға келіп түсуінің негізгі техногенді көзі-органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд т бөлініп шығады. ХХI ғасырдың бірінші жартысында оның мөлшері жылына 10 млрд т жетеді деп болжануда. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Тәжірибелерде көміртек диоксидінің ауадағы концентрациясының екі есе артуы өсімдіктердің (жүгері) ассимиляциялық аппаратының ауданының артуына және зерттелген дақылдардың өнімділігінің:мақта-124%, помидор мен баклажан-40%, бидай, күріш, күнбағыс-20%, бұошақ пен соя-43% артуына әкелген. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа да газдардың бөлініп шығуына әкеледі. Осыған байланысты парниктік эффект мәселесін шешу көбінесе табиғи-экожүйелік деңгейде қойылып отыр. Көптеген ғалымдар ауа райы мәселесін қарастыруда тек жылыну жағын ғана емес, оған қарама-қарсы құбылыстарды ескеру қажеттігін атап көрсетеді. Атап айтқанда шаңдану жер бетіне күн радиациясының келіп түсуіне кедергі келтіреді де, жылудың жетіспеуіне әкеліп соқтырады. Ауаның ылғалдылығы мен бұлттанудың артуы да ұқсас әсер етеді. Назар аудару қажет, фактордың біріне жер бетінің шағылыстыру қабілетінің өзгеруі де жатады. Оның артуы температураның төмендеуіне әкеледі.

2.Озон қабаты 10км 50 км максималды концентрациялы 20-25 км биіктікте. Планетаның әр бөлігінде атмосферадағы озон қабаты үнемі өзгеріп отырады. 1985 жылы Антарктида үстінде озон қабаты 50%-ға төмендеген кеңістік табылды. Бұл «озон тесігі» деп аталады. Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар:жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті озон тесігі деп атайды. «тесіктің көлемі» жылына 4% артып отыр. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. «Озон тесіктерінің» пайда болу себебі әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80- жылдарында байқалған. Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор–фреондар болып есептеледі. Бұл хлорфтор-көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде т.б. қолданылады. Тасымалдаушы газ ретінде фреондарды кеңінен пайдалану олардың өте тұрақты газ болуына байланысты. Фреондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомы катализатор ретінді озонның жүз мыңдаған атомын бұзуға қабілетті. Озон қабатына этан мен пропанды жіберу хлорды пассивті хлорлы сутегіне айналдырады. Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды, себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады. Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіреді. Соңғы жылдары ғалымдар «озон тесіктерінің» пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің 11 жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады. Мәңгі мұздықтардағы ауа көпіршіктерінің зерттеу фреондардың өндірістік дәуірге дейін де болғанын дәлелдейді. Озон қабатының бұзылуының тағы да бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның таралуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда. Космосқа ұшу аппараттарын шығару атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтеры мен кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатын бұзатыны тіркелген. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофиллді бұзады. Қолда бар мәліметтерге қарағанда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы озонның концентрациясы өндірістік дәуірдің басынан бері 2 есе артқан жәнежыл сайын 1,0-1,6% жоғарылап келеді. Бұл құбылыстың негізгі себебі фотохимиялық смогтар болып табылады.

3. Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі –күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітінді береді.Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Теріс температура кезеңінің ұзақтығы қышқылдық жауын-шашынның әсер ету ұзақтығын арттырады. Соңғылар біршама дәрежеде аммиакпен нейтралданады. Ал қоспа топырақтан органикалық заттар, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да қосылыстардан аммонификатор-микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы кемиді. Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, ФРГ, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән. Қышқыл жауын –шашын топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға т.б. зиянды әсер етеді. Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын-шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады, редуценттердің, азот фиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді. рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да, олардан бос күйде улы болып табылатын, алюминий бөлініп шығады. Қышқыл жауын-шашын ауыр металдардың да қозғалғыштығын арттырады. Кейбір жерлерде қышқыл жауын-шашын мен олардың әсер ету өнімдері грунт суларына, одан су қоймаларына және су құбырына түсіп, құбырлардан алюминий мен басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі. Бұл құбылыстың нәтижесінде ауыз судың сапасы төмендейді. Су қоймаларына түскен қышқыл жауын-шашын судың қышқылдығы мен кермектілігін арттырады. Қышқыл жауын –шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді. Қышқыл жауын-шашын өсімдіктерден биогендерді (әсіресе кальций, магний , калий), қанттар, ақуыздар, аминқышқылдарын ығыстырып зақымдайды. Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап, ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады. Мұндай әсердің нәтижесінде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп, кейде толық жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады. Бұл әсер алюминий мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады. Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды, оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартаюына әкеледі. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады . Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір сүруіне, ондағы улы заттардың жиналуына байланысты. Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады. Олар әдетте ең бірінші болып экожүйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады. Соңғы жылдарда орманның дәстүрлі ластаушылары (күкірт диоксиді,азот диоксиді) мен озонның бірлескен әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде. Озон негізінен фотохимиялық смогтың өнімі болып табылады. Озон әсерінен хлорофилл тікелей және хлорофилді тотығудан қорғайтын маңызды агент С витаминінің шектен тыс жұмсалуы арқылы бұзылады.

4. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-кез-келген экологиялық жүйенің, зат айналым, энергия ағымын және зат алмасу процестерін бұзатын немесе үзетін, өнімділікті төмендететін, сонымен қатар сол экожүйеге физикалық немесе құрылымдық өзгеріс әкелетін, тірі және өлі компоненттеріне тән емес кез-келген енгізілген бөгде заттар. Ластануды табиғи (табиғаттан туындайтын көбіне катастрофалық жағдайлар, мысалы, вулкандардың атқылауы, жер сілкінісі, т.б.) және антропогенді (адамның қызметінің нәтижесінде пайда болған). Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.:

- шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);

- пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б. б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден ентін).

- әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

- қоршаған орта элементтері бойынша: атмосфера, гидросфера, топырақ т.б.

- әсер ететін жеріне байланысты. Қала, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде т.б.

- әсер ету сипатына байланысты: химиялық, физикалық, физико-химиялық, биологиялық;

- әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смог қалдықтарының өнімдері);

- тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты-жүз және мың жыл тұратын, тұрақты-5-25 жыл, тұрақсыз.

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез-келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалайды: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн-нан астам қосылыстар бар. Адам қазір шамамен 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады.жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Антропогенді ластанудың өзі физикалық және материалдық болып бөлінеді.

Физикалық ластану.  Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас көптеген экологиялык қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.

  Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бүзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мүндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп түр.

Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген: физикалық, химиялық, биологиялық жэне т.б.

Қоршаган ортаның физикалық ластануыныц келесідей түрлері бар:

• жылумен ластану;

• шумен ластану;

• электромагнитті ластану;

•  радиоактивті ластану;

• жарықпен ластану;

Жылумен ластану

Көптеген үлкен калалар мен ірі өндіріс орындары орналасқан орталықтардың атмосфералық ауасы жылумен ластанады. Себебі, атмосфераға температурасы жоғары заттар көптеп шығарылады. Ірі өндіріс орьшдарының мұржаларынан, үйлерді жылумен қамтамасыз ету, орман өрттері салдарынан 60°С-ге дейін немесе одан да жоғары температурада қыздырылған заттар қоршаған ортаға бөлінеді. Атмосфералық ауаның орташа жылдық температурасы ірі калалар мен өндіріс орталыктарының үстінде болу керек көрсеткіштен 6-7 градусқа жоғары болып келеді. Мамандардың мэлімдеуінше соңғы 25жылдың ішінде тропосфераның орташа температурасы өз мөлшерінен 0,70 С-ге көтерілген.

Су көздерінің, теңіз акваторийлерінің жылумен ластануы жылу электр станцияларынан және кейбір өндіріс орындарынан шығарылған кайнаған ағынды сулардың кұйылуынан туындайды. Мұндай қайнаған ағынды сулардың құйылуынан, су қоймаларындағы температура 6-8 градусқа жоғары болады. Нәтижесінде, судың табиғи температурасы бұзылады. Бұл судағы жасыл балдырлардың дамуына кері эсер етіп, судың өзін - өзі тазарту қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар, су жәндіктеріне де зиянын тигізеді.

 Шумен ластану және оның адам денсаулығына әсері

Қала атмосферасының ластану түрлерінің бірі -шу. Атмосфераның шумен ластануы адам үшін зиянды ластану болып табылады. Шудың адамға жағымсыз эсері оның интенсивтілігіне, спектральді құрамына жэне эсер ету ұзақтығына байланысты болады. 30 дБ-ге дейінгі әлсіз шу

(жапырақтардың сытыры, жәй эн жэне т.б.) адамға жағымды эсер етсе 90-120 дБ шамасындағы шу (автокөліктердің, би кештерінің әні) адамға жағымсыз әсер етеді. Мұндай шу жүйке   жасушаларын бұзып, психологиялық қауіпті ауруларды туғызады.

Өте шулы жерде жұмыс жасау алғашқы кездері тез шаршағыштықты, әлсіздікті тудырады. Кейін адам мұндай шуға үйрене бастайды да, қатты шуды сезуге қабілеттілігі төмендеп, біртіндеп есту қабілеті нашарлайды. Кейіннен адам мүлдем керең болып қалуы да мүмкін. Шудың интенсивтілігі 145-140 дБ болған жағдайда мұрынның, тамақтың жұқа ұлпаларының, сонымен қатар бас сүйегінің және тістердің дірілдеуі байқалады. Егер шудың интенсивтілігі 140 дБ-ден жоғарыласа кеуде жасушалары, аяқ, қол бұлшық еттері дірілдеп, адамның құлағы жэне басы ауыра бастайды.

Дегенмен, шу тек есту мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар орталық нерв жүйесіне, жүрек жүмысына кері эсер етеді.

Шудың бірден бір көзі верталеттер және ұшақтар болып табылады. Самолеттерден таралатын шу әуежай қызметкерлерінің және жақын маңда тұратын тұрғындардың есту мүшелерінің және де басқа ауруларға әкеледі.

Соңғы уақытта шумен ластану өте қатты шу шығаратын ұшақтарды іске қосумен байланысты. Әуежай маңындағы үйлердің дірілдеуі осыған байланысты болып отыр.

Шудың әр түрлі мекемелер мен орталықтар үшін рұқсат етілген көрсеткіші бекітілген. Емханалар мен санаторийлерде - 35 дБ, тұрғын үйлерде, оқу орындарында - 40 дБ, стадиондар мен вокзалдарда - 60 дБ, автокөліктерден шығатын шу 80-85 дБ шамасында болуы тиіс. Дегенмен мұндай көрсеткіштер көп жерлерде сақталмайды.

Шудың интенсивтілігіне жэне оның таралу ауданына маңызды түрде метеорологиялық жағдайлар да эсер етеді: жел жылдамдығы, бұлттар, жауын-шашын және т.б.

Электромагнитті ластану

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар эртүрлі факторлармен үздіксіз қарым-қатынас нэтижесінде эволюцияға ұшырап, қазіргі күйіне жетті. Бұл факторалардың көбі электромагнитті кеңістікпен тығыз байланысты.

Электромагнитті кеңістікті зерттеу 60-шы жылдардан басталды. Дегенмен, әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Тек көптеген болжамдар ғана бар.

Электромагнитті кеңістіктер әсіреее балалар мен жатырдағы эмбрион үшін, сонымен қатар, жүрегі, орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар үшін қауіпті болып келедІ. Көптеген зерттеулер нэтижесі электромагнитті кеңістіккке эсіресе жүйке жүйесі сезімтал екенін көрсетті. Бұл адамдардың есте сақтау кабілетін төмендетеді.

Радиоактивті ластану

Атмосфераның радиоактивті ластануы адам, жануар, өсімдіктер үшін өте қауіпті болып келеді. Атмосфераның радиоактивті ластануы негізінен жарылғыш заттарды сынақтан өткізуден, өндіріс орындарында әртүрлі атомдық қарулар жасаудан, электр станциялары, радиоактивті заттар қолданатын өндіріс орындарында, атомдық жанармай жасайтын орындарда апаттардың болу салдарын болады.

Радиоактивті ластану өте қауіпті, себебі радионуклидтер ауа арқылы адам ағзасына түсіп тіршілік үшін аса маңызды мүшелерді зақымдайды. Радиоактивті ластану қазіргі үрпаққа ғана емес, келешек үрпаққа да қауіпті болып келеді. Себебі, адам баласы эртүрлі мутацияға ұшырайды. Аз мөлшерде радиоактивті ластанған аудалдардың тұрғындарының өзі эртүрлі аурулармен ауырады.

Дүние жүзіндегі ең үлкен апат Украина елінде, 1986 жылы 25 сәуір күні Чернобыль атом электр станциясында болды. Бұл апаттанннан соң жүргізілген тексерістер бұл станцияда қауіпсіздік ережесінің үнемі бұзылып отырғандығын көрсетті. Бұл апат кесірінен мыңдаған адам радиоактивті сэулеленуге ұшырады.

Қазақстаннның 30% террриториясында табиғи радиоактивті газ-радон бөлініп жатыр. Ал бүл адам денсаулығы үшін өте қауіпті болып табылады.

Халыцтыц радиоактивті заттармен улануын және цоргиаган ортаның ластануын тоқтату үшін келесідей шараларды жүзеге асыру керек:

• табиғи радиактивтіліктің әсері туралы толық зерттеп білу;

• жоғары радионуклидтті гидрологиялык скважиналарды жою немесе консервациялау;

•  радиоактивті сәулелену қаупі туралы халықты алдын ала хабардар ету;

•  табиғи су көздерінің радиоактивті заттармен ластануын қадағалап отыру;

• радиоактивті қалдықтарды консервациялау немесе қайта өңдеу және т.б.

Мұндай шаралар қоршаған ортаның радиоактивті ластануын жэне халықтың сәулелену қаупін біршама төмендетеді.

Материалдық антропогенді ластану: механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.

    Механикалық ластану дегеніміз-атмосфералық ауаға шаң, аэрозольдердің түсуі және су мен топыраққа қатты бөліктердің түсуі.

    Химиялық ластану дегеніміз- әртүрлі газ тәрізді, сұйық және қатты химиялық қосылыстар мен элементтердің атмосфераға, гидросфераға, топыраққа түсе отырып, қоршаған ортада өзара әсерлесуі немесе қарастырылып отырған кезеңдегі кез-келген заттың орташа көп жылдық ауытқу мөлшерінің артуы нәтижесінде ортаның табиғи химиялық қасиетінің өзгерісі.

    Биологиялық ластану дегеніміз-адам ағза үшін қажет емесағзалардың ортаға түсуі (саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар), сонымен қатар биологиялық ластануға қоршағн ортаның биогендік және микробиологиялық ластануында жатқызуымызға болады. Биотикалық ластану (биогенді)-адамдар үшін қажетсіз биогенді заттардың (бөлінулер, өлі денелер,т.б.) бұрын байқалмаған территориялар немесе акваторияларда таралуы. Микробиологиялық (микробтық) ластану-адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде микроағзалардың антропогенді субстраттарда немесе ортада массалы көбеюі нәтижесінде олардың санының өте көп мөлшерде артуы.

5. Дүниежүзі халқына азық-түліктің негізін, ал жеңіл өнеркәсіпте шикізаттың едәуір бөлігін беретін адамның ауыл шаруашылық қызметі жер ресурстарында жүзеге асырылады.Жер шарындағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер 4 млрд га астам (құрлық аумағының 30%). Мұның 1,5 млрд га өңделетін жерлер (егістік, плантация, бау-бақша, т.б.), 2,6 млрд га жерді шалғындар мен жайылымдар алып жатыр. ФАО-ның 1984 жылғы бағалауынша дүниежүзіндегі жер ресурстарының 70% өнімділігі аз жерлерде (20% тым салқын климатта, 20% тым құрғақшылықта, 20% тым еңіс беткейлерде, 10% топырақ қыртысы тым жұқа), ал қазіргі кезде өнімділігі аз жерлер көлемі артуда. Бұл әрине табиғи жағдаймен бірге адамның шаруашылық әрекеттерді дұрыс жүргізбеу салдарынан болып отыр. Мысалы, жыл сайын аса көлемді ауыл шаруашылық жерлері қысқаруда, эрозияның, сортаңданудың ұлғаюы салдарынан шөлді жерлер саны артуда.

Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адазат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айырылып отырады. Ал қазіргі кезде 50 млн құнарлы жер тозып бітті.

Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығына пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінін жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4 млрд тонна құнарлы қабаты жойылып, шөлді аудандар көлемі артып отыр. Антропогенді шөлдер ауданы шамамен 10 млн км2  жетті. Шөлдену процесі жылына 6,9 млн гектар жылдамдықпен өсіп келеді. Оның ареалы біртіндеп аридті зоналар ландшатарының шегінен шығып келеді. Құрлық бетінің 19%-ін, яғни 30 млн км2 ауданына  шөлдену қаупі төніп тұр.

Жерорта теңізінің жағалауларында орналасқан елдердің топырақтарының қатты бұзылу салдарынан осы аймақта да шөлдену процестері қатты байқалуда. Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далаларының ауданы одан әрі алға жылжуда, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар жерлері шөлді аудандарға айналған.  

Сонымен қатар жердің шөлдені процесіне әкелетін тағы бір фактор топырақты шектен тыс ылғалдандыру. Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттілік өз мүмкіндіктерін топырақтың тұздануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Мысалы, Ніл аңғарында қазірде суанмалы жерлердің 70 пайызы тұзданған. Ғалымдардың пікірінше, ертедегі Вавилон өркениеті топырақың екінші реттік тұздануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн га жердің 50 – 60 млн га жуығы екінші реттік тұздануға, шамамен 25 пайызы ұшыраған.

    Еліміздегі шөлдену жағдайына келетін болсақ, Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66% түрлі деңгейде шөлдену процестеріне бейім. Шөлдену процесі жайылымның тозуынан, егістік эрозиядан, екінші ретті тұзданудан және басқа да себептен болып отыр. Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлдену мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізу нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.  

6. Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі — табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.

Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялың ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азың-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200—250-ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көишілігін 12—15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.

1960—1970 жылдардағы «Жасыл революция», жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауда жабайы түрлерді,  Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты. Тек Азия елдерінің өзінде ғаыа «Жасыл революция» нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард доллорға, күріш — 1,5 миллиард АҚШ долларына артқан. Жабайы түрлер — дәрі-дәрмектердің маңызды көзі. Қазіргі кезде осы мақсатга шамамен 5 мың өсімдіктердің түрлері қолданылады. Олардың жалпы бағасы 40 миллиард доллар. Шипалы қасиеттері бар өсімдіктердің көптеген түрлері әлі медицинада қолданылмай келеді.

Биоалуантүрлілік — адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырса, оның ең маңызды қасиеті — тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оны құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады, ал ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

  Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосфераның алуантүрлілігі, олай болса оның тұрақтылығы және т.б. қасиеттері түрлердің, популяциялар мен экожүйелердің санына ғана емес, тіршілік ету орталарына, рельеф формаларына, климаттың типіне, табиғат бел-деулеріне, геохимиялық аймақтар, ландшафттар және басқа да кұрылымдық бірліктердің ерекшеліктеріне де байланысты.

Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, кышқылдык жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10—30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және үзақ өмір сүретін түрлер — «тірі қазбалар» да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн. жыл (силур дәуірінен бері), жалаңаш тұқымды ағаш — гинкго дәуірінен бері 150 млн. жыл тіршілік етіп келеді Жануарлардың ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Жалпы алғанда жердің геологиялың тарихында бір түрлер жойыльш, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлгайған сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялың табиғи кұбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бүл цроцесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

П. Ревелль мен Ч. Ревелльдің (1994) болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар  мекен ету ортасының өзгеруі немесе бүзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35%), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік (2%) тұр.

Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың (барлық санының 8%) африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интродукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мүндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бүзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500—100 дара, ұсақ омыртқалыләр үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметнің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.

1988 жылы Солтүстік теңізінде түлендердің жойылуы байқалды. Болжамдар бойынша, мұның себебін табиғаттағы тепе-теңдіктің бүзылуынан іздеу керек: теңіз суларының биогенді элементтермен байытылуы алтын балдырлардың күрт артып кетуіне әкелді. Осының нәтижесінде судағы оттегінің мөлшері кеміп кеткен (өлген балдырлардың ыдырауының нәтижесінде), ал мұның өзі түлендердің өліміне әкеліп соқтырған.

Көптеген жануарлар автомобиль жолдарында өледі Автомобилист 10 мың км жүріп өткенде 1,5 млн.-га жуық бунақденелілердің дараларын жояды. Транспорт дөңгелегінің астында жылына 6 млн. бақалар, 120 мың қояндар, 100 мың кірпілер өледі.

Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10—12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконьерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улануы, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр.

Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен арналарын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетті ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.

Түрлердің толық жойылуьшың нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.

7. Әлімдік мұхит дегеніміз-Жер шарының едәуір бөлігін алып жатқан құрлықты материктер мен аралдарға бөліп тұрған су қабығы. Жалпы ауданы 361 млн км2 , яғни жер бетінің 78,8%-ы.

Әлемдік мұхит-азық-түлік, энергетика және минералды ресурстар көзі, қатынас жолы. Теңіздер мен мұхиттар әзірше нашар әрі шала-шарпы пайдаланып отырған биологиялық, химиялық, минералдық энергетикалық қорларға өте бай. Осы қорлардың ішінде өзгелеріне қарағанда биологиялык қорлар толығырақ пайдаланылады. Әлемдік өнімдердің аса ірі бөлігін балық аулау, теңіз сүтқоректілері және теңіз моллюскілер кәсіпшіліктерін әлемдік мұхит береді.

Мұхиттың биологиялық қоры деп ондағы пайдалы ағзалардың потенциялдык өнімін айтамыз. Пайдаланылатын биоқорлардың басым бөлігін нектон кұрайды, ал оның 80-85%  балықтар, 10-15% кальмарларга тиесілі. Бұлармен қатар шаян тәрізділер және сүтқоректілер де ауланады, бірақ олар өте аз калды.

Су өсімдіктері де қазір өндірілуде. Теңіз ағзаларының жылдық өндірілуінің жалпы көрсеткіші казір шамамен 70-75 млн тоннаны құрап отыр . Бірақ та әлемдік мүхит бөліктеріндегі олардың үлес салмағы өте  әр түрлі.

Мұхиттардағы екінші ірі қоры- геологиялық пайдалы қазбалар. Осының ішінде мұнай-газ қорлары континенттік қайраңдарда жинақталса, газ гидраттардың ішінде метанның қоры мұхит қайраңдарында ондаған триллион тонна деп бағалануда (құрлық газ қорынан біршене есс артық). Тынық мұхиттың терең қазан шұңқырларында темір-марганец қыртысытары бар. Қазір оларды өндіру проблемалары қарастырылуда. Сульфитті рудалар мұхит жоталарында кездеседі, ал маргенец, мыс, полиметалл рудалары Қызыл теңіз түбінде Тынық мұхитының шығыс бөлігінде, Үнді мұхитының орталық жоталарында табылған. Қалайы, алтын, циркон, рутилдің кен орындары қайраңдар шегінде шашыраңды таралған.

Мұхиттың энегетикалық қорына-толқьндар куаты, айдың тартылыс күшіне байланысты толу-қайту қуаты, судың түрлі кабаттарындағы температура айырмашылығы жатады.

Адамның белсенді шаруашылық әрекеті әлемдік мұхитқа да өз әсерін тигізді. Біріншіден, адамзат теңіз бен мұхит кеңістігінің шеткі және ішкі суларын транспрот магистралі ретінде пайдаланса, екіншіден, азық-түлік, минералды ресурс ретінде, ал үшіншіден, қатты және сұйық химиялық, радиоактивті қалдықтарды сақтаушы орын ретінде қолдануда. Осы көрсетілген барлық әрекеттер көптеген экологиялық проблемалардың туындауына себепші болды. Сонымен қатар құрлықпен салыстырғанда әлемдік мұхит неғұрлым тұйық жүйелі ғаламдық табиғи кешен ретінде континенттен келетін әртүрлі қалдықтар мен еріген қосылыстардың тұндырушысына айналды.

Өзендер-мұхиттар мен теңіздерге көп мөлшерде өндірістік қалдықтарды, пайдаланылған лас суларды, ауыл шаруашылығында пайдаланатын химиялық препараттарды ағызып әкеледі. АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Академиясының деректеріне қарағанда 1970 жылдары мұхиттарға кұйылатын жанармайдың мөлшері жылына 10 млн тоннаға жеткен. Мұхиттар мен теңздерде болатын танкерлердің апаттары, бұрғылау қондырғыларының істен шығуынан төгілетін жанармайлар мұхиттағы тіршілік үшін өте зиянды. Мұндай апаттар саны жылдан жылға өсе түсуде. АҚШ жағалауларында 1976-77 ж. өзінде шамамен 12 мың апатты жағдай болған. 1978 ж. 17 наурызда «Амоко Кодис» атты аса ірі танкердің жарылып суға батуынан 220 мың тонна жанармай су айдынына жайылды. Жалпы, осындай апаттар нәтижесінде 1 тонна мұнай су бетінде 12 км2 ауданды жұқа қабықшамен жабады. Мұнайлы қабықша күн сәулесін өткізбейді және фотосинтез процесіне кедергі келтіреді. Мұнай өнімдерімен ластану аймақтар бойынша әртүрлі болып келеді. Ең төмен мұнай өнімімен ластану – Тынық мұхитта байқалады (0,2-0,9мг/л), Үнді мұхиты ең жоғары деңгейде ластанған, оның жеке аудандарында мұнай концентрациясы 300 мг/л дейін жетеді. Соңғы 25 жылда әлемдік мұхитқа шамамен 3,5 млн тонна ДДТ түсті. Ол майда жақсы ериді, ағзалардың ұлпаларында жинақталып, көп жыл бойы улы әсер етеді. 1984 жылға дейін әлемдік мұхитқа радиоактивті қалдықтарды көміп келді. Қазіргі кезде халықаралық келісім бойынша радиоактивті қалдықтарды сақтайтын контейнерлердің қауіпсіздігі бірнеше онжылдыққа дейін сақталатындығына байланысты, қалдықтарды көму тоқтатылды, дегенмен әлемдік мұхиттың радиоактивті ластану қауіптілігі атомдық су асты кемелерінің апаттарынан, атомдық мұз жарғыштар апаттарынан, су үсті кемелерінің апаттары, т.б. салдарынан әлі де артуда. Әлемдік мұхитқа ластушы заттар, сонымен бірге ауа ағындарымен немесе қышқылдық жауын түріндегі атмосфералық жауынмен түседі. 

Осы келтірілген дәйектердің бәрі теңіз, мұхит экологиясына нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге атмосфера мен мұхит арасындағы газ және энергия алмасуын бұзады, суға төгілген мүнай әсіресе мұхиттың полярлық аудандарына да өте қауіпті. Ол жерде температура төмен болғандықтан жанармайдың ыдырауы өте баяу жүреді. Суға түскен өндіріс қалдықтары судағы өттегінІң еруін баяулатады. Бұл теңіз өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі үшін өте зиянды.

Жерорта теңізі-жер жүзінде ең лас теңіз болса, ал Адриат теңізі экологиялық жағыдайының өте төмен болуынан теңіз тіршілігінің жойылу қаупі төніп тұр. Себебі. Италияның 64%-і өндіріс қалдықтары және құбырлардан шыққан қалдық судың тең жартысы Адриат теңізіне төгіледі.

       Сонымен, Әлемдік мұхиттың ластануы ғаламдық қауіп-қатер болып табылады. Антропогендік факторлар Әлемдік мұхитпен өзара байланысты барлық жүйелерді өзгерте отырып, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне және адамдарға қауіп төндіреді. Оның ластануы тек қана улы заттардың таралуына септігін тигізіп қана қоймай, оттегінің ғаламдық таралуына да барынша әсер етеді. Себебі, өсімдіктер арқылы түзілетін оттегінің төрттен бір бөлігі Әлемдік мұхиттың үлесіне тиесілі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Парниктік газдарға қандай газдар жатады?

2. Парниктік эффектінің салдары болашақта қандай болмақ?

3. Озонның негізгі функциясы?

4. Озонның жұқару себептері?

5. Қышқылдық жауындар түзілуіне әкелетін негізгі газдар?

6. Қышқылдық жауындардың фитоценозға әсері қандай?

7. Қоршаған ортаның ластануы қандай белгілері бойынша жіктеледі?

8. Физикалық ластану түрлері?

9. Материалдық ластанудың түрлері?

10.  Шөлдену проблемасы қандай жағдайларға байланысты туындап отыр?

11.  Қазіргі таңда биологиялық алуандылықтың кедейлену себебі?

12.  Биологиялық алуандылық неліктен экожүйедегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді?

13.  Дүниежүзілік мұхиттың жер геосферасындағы негізгі функциясы?

14.  Дүниежүзіліктің мұхиттың ластастаушы көздері?

Дәріс№ 13

Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары және

тұрақты даму

1. Халық санының өсуі

2. Ашаршылық және азық – түлік проблемалары.

3. Энергетикалық дағдарыс және шикізат проблемасы.

4. Урбандалу проблемалары.

   

1. Халық санының өсімі-бұл тек географиялық таралу және халық тығыздығы, жастық құрылымы, миграция деңгейі мен бағыты, демографиялық саясат қана емес, сонымен бірге халықтың денсаулығы мен жақсы тұрмыс құруы. Неғұрлым халық саны өскен сайын, соғұрлым төменгі қабықтарға ауыртпалық түседі де, жердің табиғи ресурстары интенсивті пайдаланып, тез сарқылады.

Ең алғаш рет халық санының өсуі табиғи факторларға әсер етіп және топырақ ресурстарының азаюы мен өнімділігінің төмендеуінен тамақпен қамтамасыз ету мүмкіншілігінің төмендейтінін ағылшындық экономист, оқымысты-діндар Томас Р.Мальтус көңіл бөлді. Ол 1798 жылы өзінің «Халық санының заңдылығы туралы тәжірибе» атты еңбегінде-өнімдердің өсімі халық санының өсімінен неғұрлым төмен екенін айтты. Т.Р.Мальтустың бұл заңына сүйене отырып француздық экономист А.Р.Тюрго өзінің «топырақтың өнімділігін жоятын заңын» көрсетті. Бұл заң бойынша әр бір қосымша өңделген топырақ, бұрынғысынан да төмен өнім береді.

  Халық саны үздіксіз және ұдайы өсуде. Бұрын адам санының 1 млрд-тан 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 жж.), 3 млрд-қа жету үшін 32 жыл (1959ж.), 4 млрд-қа 15 жыл (1994ж.), 5 млрд-қа 13 жыл (1987ж.), 6 млрд-қа 12 жыл (1999 ж.), ал халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет екен. Бұдан біз халық санының қарқынды өсуі ХХ ғасырдың екінші жартысында болғанын көреміз. Осы ғасырға дейін халық саны 3,5 есеге артса, ал оның екінші жартысында Жер шары халқы екі есе өскен. дегенмен, тұрғындар санының абсалютті өсімі келешекте жыл өткен сайын біртіндеп қысқарады деп күтілуде.

Неліктен халық саны өсімі тұрақтануы керек? Белгілі демограф Ф.Ноутштайнның (АҚШ) пікірінше экономикалық және әлеуметтік прогресс өсімге әсер ете отырып, демографиялық өтпелі процесті қамтамасыз етеді. Осы теорияға сәйкес әлем елдері 3 категорияға бөлінеді: І категорияға-туылу да, өлім де жоғары елдер жатады. Мұнда халық саны өсімі баяу жүреді немесе мүлдем өспейді. ІІ категорияға өмір сүру жағдайының жақсару салдарынан және медициналық қызмет көрсетудің кең таралуынан өлім азайып, ал туылу жоғары деңгейде қалатын елдер жатады. Бұл елдерде халық саны тез өседі. Бұл категорияға дамушы елдер жатады. ІІІ категорияға әлеуметтік және экономикалық жетістіктер нәтижесінде, соның ішінде балалар арасындағы өлімнің азаюынан отбасы саны азайып, халық саны практикалық тұрғыдан мүлдем өспейтін елдер жатады. Ескерте кететін жағдай, ХХ ғасырдың басында барлық Батыс Европа елдері І категориялы елдер қатарына жатса, қазір ІІІ категориялы елдерге жатады, яғни Европаның көптеген елдері, сонымен бірге Жапония халық саны тұрақтанған елдер қатарында.

Жер шары халқының өсімі негізінен дамушы елдер есебінен жүрді, қазіргі таңда халықтың 75% осы елдер үлесіне тиесілі, ал 2030 жылдары шамамен Жер шары халқының 85% осы елдерде тұратын болады. Сонымен бірге жас шамасы бойынша халық санының таралуы өте ала-құла болып отыр. Дамыған елдерде жас шамаларының топтары бойынша тұрғындар үлесі шамамен тең болса, ал дамушы елдерде бұл қатынас бірдей емес. Бұл елдерде жастардың үлесі өте жоғары ал бұл келешекте халық саны өсімімен бірге табиғи ландшафтар мен ресурстарға антропогенді ауыртпашылықтың өсетінін көрсетеді.

Ноутштайннан басқа демографтар да халық саны 6 млрд-тан 10 млрд-қа жетіп тұрақтанады дейді. Ресей ғалымы Г.Н.Голубевтің пікірінше қандайда-бір елдің халық саны белгілі бір шектен тыс өссе, онда сол елдің қажеттілігі табиғи пателциалдан асып түсіп, халық өзінің табиғи базасын тікелей немесе жанама бұза бастайды. Міне осы жағдай демографиялық қақпан деп аталады. Қазіргі бірқатар дамушы елдер осындай хал үстінде. Нәтижесінде халықтың тұрмыс тіршілігі нашарлап, өлім артады да І категориялы елдер қатарына қосылады.

Қазіргі таңда халық неғұрлым қоныстанған аймаққа Оңтүстік-Шығыс Азия (Қытай, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия) жатады, мұнда Жер шары халқының шамамен жартысы тұрады және осы территория неғұрлым антропогенді қысым мен трансформацияға ұшыраған. Сонда қазір белгілі болғандай халық санының өсімі қоғамда тамаққа, киімге, баспанаға, білім алуға және медициналық қамтамасыздықтың суммарлы қажеттілігін анықтауда. Бұл өз кезегінде көптеген табиғи ресурстарға антропогенді қысымның күшеюіне және деградацияға әкеледі. Әсіресе, табиғи ресурстарды пайдалану өсімінің артуы көптеген геоэкологиялық проблемалар мен күйзелістерге әкеледі.    Себебі адамзат алдында халық санының өсімі шикізат проблемасын шешумен қатар, Жер тұрғындарының өмір қауіпсіздігімен байланысты көптеген экологиялық проблемаларды шешу тұр. Сонымен бірге халық санының өсуі тек шикізаттың және таза ауыз суының жетіспеуімен бірге геоэкологиялық проблемаларға да әкелді.

2.Адамзаттың бірден-бір ең басты өзекті проблемасы ашаршылық проблемасы болып табылады. Өз кезегінде ашаршылық пробелмасы азық-түлік пробелмасымен тығыз байланысты. Азық-түлік адам өмірінің ең қажетті және алмастырылмайтын бөлігі болып табылады. Азық-түлік бағдарламасы шиеленіскен жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына, шаруашылық механизмінің бір қалыпты жұмыс істеуіне зор қауіп төндіреді. Жер шарындағы көптеген халықтың, әсіресе дамушы елдердегі аштық пен толыққанды тамақтанбау қазір ғаламдық проблемаға айналды.

Егін шаруашылығының негізі құнарлы топырақта жүргізіледі. Адамдарға азық беретін құнарлы топырақ жамылғысы шайылып және ұшып өте жоғары жылдамдықпен азаюда. Көптеген ауыл шаруашылық аудандары тез қарқынмен өсіп келе жатқан қалалар құрылыстарына, жолдарға, өнеркәсіп объектілеріне берілуде. Осылардың нәтижесінде егістік жер аудандары қысқарды. Адамзат тарихи кезеңде 2 млрд  гектарға жуық құнарлы жерді жоғалтқан. Антропогендік шөлдердің ауданы шамамен 10 млн км2  немесе барлық құрлық бетінің 6,7 % құрады. Есептеулер бойынша жылына бір адамға 1 гектар жерден 1 тонна дәннен келсе, ашаршылық проблемасы болмайды. Қазір планетаның алты миллиард  тұрғынына 6 млрд тонна дән қажет болса, ал қазір барлығы 1,5 млрд тонна дән жиналады. Бұдан көргеніміздей әлемде бір адамға қазір небәрі 0,28 га егістік жерден келеді және ондағы өнім де өте төмен. Басқа да есептеулер бойынша сандық пирамида заңына сәйкес адамзат трофтық тізбектің жоғары этапында орналасып, биосфераның барлық тірі зат массасының елеулі аз биомассасын түзеді. М.Е.Виноградов (1994 ж.) егер бір адамға 250 т/жылына тірі заттан келетін болса биосфераның тұрақтылығы сақталады деп есетеген. Биосфераның суммарлы өнімі 5*1023 т/жыл құрайды. Байқағанымыздай барлығы 3-4 млрд адам болғанда ғана биосфера тұрақтылығы бұзылмайды екен. Міне, сондықтан да ғаламдық экологиялық проблемалар халық саны осы шектен шыққаннан кейін көріне бастады және әр жыл өткен сайын халық өсімімен бірге осы проблемалардың өткірлігі де өсуде. Қазір жер шарында тамаққа жарымаған және аштыққандар саны артуда. Қазіргі әлем картасында ашаршылық жайлаған үлкен территориялар экватордың екі бірдей жағынан барлық Африканы дерлік, Азияның оңт-шығыс бөлігін, Кариб елдері мен Оңтүстік Американы қамтуда. Әлемде барлығы тойынбағандар мен аштыққандар 1 млрд адамға жетті. ФАО-ның мәліметі бойынша тамағының калориялығы нормадан өте төмен (1400-1600 кал/күн) адамдар саны 650-700 млн құрайды. Жылына 13-18 млн адам аштықтан қырылады. Оның 75% балалар. ВОЗ-дың зерттеуіне сүйенсек, Латын Америкасындағы өлімнің жартысы 5 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиеді екен.

Әрбір елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жөнге келтірмей, азық-түлік проблемасын ойдағыдай шешу мүмкін емес. Ғаламдық азық-түлік проблемасын шешуде: аштыққа ұшыраған елдер, тамақтанудың толық және үйлесімді құрамына жетуге ұмтылатын елдер, азық-түліктің молшылығына жеткен және тамақ өнімдерін артық тұтынумен күресуші елдердің біріккен іс-әрекеттері қажет. Ең алдымен ауыл шаруашылығында алдыңғы қатарлы жаңашыл әдістерді пайдалану, өнімнің шығындылығын көтеру, мал тұқымдарының жаңа сорттары кеңінен енгізу, мелиорация жұмысын жүргізу, минералдық тыңайтқыштарды орнымен пайдалану міндеттері тұр.

Тағы бір жолы-мұхиттың биоқорларын кеңінен пайдалану.

    3. Өндірістік революция-адам қазба жанғыш энергиясын пайдалануды үйренгеннен басталды. Оның бастауы 1830 жылы-Англияда теміржол құрылысы кезеңінде болды. Содан кейін шамамен 150 жыл өткен соң өндірістік революция орнына ғылыми-техникалық революция келді. Қазір адамзат шамамен көмірден, мұнай мен газдан 1013 ВТ/т энергия алады. Минералды жанғыштар есебінен барлық әлемде 95% энергия өндіріледі. Сондықтан адамзаттың энергетикалық проблемасы тікелей Жердің жанғыш-энергетика потенциалына тәуелді. Жанғыш қазбалардың қорлары көп болғанымен және энергия үнемдеуші технологиялар болғанымен ерте ме кеш пе олар сарқылады. Дегенмен, В.Г.Горшковтың бағалауынша қазіргі кезде төніп тұрған энергетикалық дағдарыс энергияның жетіспеуінен болып отырған жоқ, ал биосфера энергетикасынадағы антропогендік үлестің өсуінен туындап отыр және биосфераның тұрақтылығына қауіп төндіруде.

    Бірінші ретті өнім өсімдіктер жылына 1-1014 Вт энергияны Күн сәулесі энергиясын пайдалану есебінен алады. Табиғи экожуйеде алғашқы өнім негізінен гетеротрофты ағзалар арқылы өңделеді (органиканың бір бөлігі тау жыныстарында сақталып қалады), бұл биосфераның фукционалдық, тұрақтылығын қамтамасыз етудегі биотикалық айналымның тұйықталуын қамтамасыз етеді. Құрлық экожүйелерінде шамамен өсімдік өнімінің 90%-ін редуцент-бактериялар және сапрофаг-саңырауқұлақтар пайдаланса; шамамен 10%-ін құрттар, моллюскалар және буынаяқтылар пайдаланады. Барлық омыртқалы жануарлар, адамды қоса есептегенде өсімдік өнімінің 1%- ғана пайдаланады (Уиттекер, 1980 ж.). Міне осындай ара қатынаста өсімдік өнімі пайдаланса экожүйелер тұрақты болады. Қазіргі биосферада адамдар мен үй жануарлары түзген антропогенді каналға В.Г.Горшков есептеуі бойынша шамамен 1,6*1013  Вт, яғни барлық бірінші ретті өнім өсімдіктің 25%-ті түседі. Осындай адамдар тұтынатын бірінші ретті өнімнің 25 есе өсімі Күн энергиясы есебінен ғана емес, сонымен бірге қосымша энергетика көздері есебінен болып отыр.

    Қазіргі адамдардың антропогенді қажеттілігін сақтап тұру үшін және табиғи-шаруашылық жүйелерде биотикалық айналымның тұйықтығын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде табиғи экожүйелерде 1015 ВТ-қа барабар қуаттылықты жасап шығару қажет. В.Г.Горшков осындай масштабта қосымша энергия тұтыну, тіпті сарқылмайтын энергия көзін пайдаланса да (термоядролық энергия) Жер климатының тұрақтылығы бұзылады деп есептейді.

    Шикізат проблемасы. Адамзаттың дамуы үшін қажетті материалдардың басым бөлігі жер шарындағы кен байлықтардан тұрады. Бұл кен байлықтары шикізат болып табылады. Шикізат одан әрі өндеуді қажет ететін материал.көп жағдайда минералдық ресурстар шикізат ретінде қолданылады. Минералдық шикізат ресурстары шектеулі, тұтынудың артуына байланысты болашақта сарқылуы мүмкін. Жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд тоннадан астам әр түрлі шикізат және отын алынады.осындай іс-әрекеттер барысында кейбір елдер мен аймақтарда табиғат ресурстарының түрлері азаюда, бұл көптеген мемлекеттердің экономикасының дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайына кедергіболады. Жер, су және минералдық ресурстардың ғаламдық шикізат проблемасындағы мәні-дүниежүзілік шаруашылықты шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі шикізаттық проблеманы шешу- шикізат пен энергияны қатаң үнемдеумен, оларды үнемдеуші технологияны жетілдірумен байланысты өз жолын табуға ұмтылуда.

    4.ХІХ ғасырдың сонында жалпы ғаламдық проблемалардың алдыңғы қатарында урбанизация немесе қалалар саны мен ондағы халық саны болды. Бұлш қоршаған ортаны әлемдік сапалық жағынан қатты өзгеріске ұшыратты. Қала дегеніміз өндірістік шаруашылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, мәдениет, транспорттық тіпті ауыл шаруашылық функцияларын анықтайтын ірі қоныс орны. Бірнеше қалашықтардан тұратын күрделі кешендер қала агломерациясы болып таблады. Ал жақын орналасқан бірнеше агломерацияларды-мегаполис деп атайды. Қазіргі кездегі адамның экологилық ортасы-қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе-бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы әсерінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала-күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ қала өркениеті-қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері-тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы-оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның , судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы-осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық қысым артады да, олар қаланың жалғасына айналады.

  Ең алғашқы қалалар б.э.д. ІІ мыңжылдықта Хуанхэ, Мекконг, Ганг, Тигр және Ефрат өзендері маңында пайда болған. VІІ ғасырда б.э.д. Вавилонда миллионға жуық адам өмір сүрсе, ал ІХ ғасырда б.э.д. Римде 2 миллион адам тұрған. Қалалар мен қала халқы саны өндірістік революциядан кейін тез өсті. ХІХ ғасырдың басында қалалықтардың саны бүкіл жер халқының 5 %-ін, ХХ ғасырдың басында 20 %-ін , 1980 жылы 50 %-ін ,, ал ХХ ғасырдың соңында қала халқының саны 2,5 %-ке тағы өсті.

Сонымен қатар-гигант қалалар (мегасити) саны да артуда. Егер 1950 жылы әлемде 2 гигант қала болса: Нью-Йорк (12,3 млн) және Лондон (7 млн) , ал ХХ ғасырдың соңында 8 млн халқы бар 23 қала тіркелді:

1)Токио-27,0 млн; 2)Мехико-16,6; 3)Сан-Паулу-16,5; 4) Нью-Йорк-16,3; 5)Бомбей-15,1; 6) Шанхай-13,6; 7) Лос-Анджелес-12,4; 8) Калькутта-11,9; 9) Бойнес-Айрес-11,8; 10) Сеул-11,6; 11) Пекин-11,3; 12) Осака-10,6; 13) Лагос-10,3; 14) Рио-де-Жанейро-10,2; 15) Дели-9,9; 16) Карачи-9,7; 17) Каир-9,7; 18) Париж-9,5; 19) Тяньцзинь-9,4; 20) Манила-9,3; 21) Москва-9,3; 22) Джакарта-8,6; 23) Дака-8,5.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Белгілі демограф Ф.Ноутштайнның (АҚШ) пікірінше неліктен халық саны өсімі тұрақтануы керек?

2. Қазіргі таңда халық неғұрлым тығыз қоныстанған аймақтар?

3. Халық санының өсімі қандай проблемаларға әкеледі?

4. Неліктен азық-түлік проблемасы туындап отыр?

5. Азық-түлік проблемасын шешу жолдары?

6. Шикізат проблемасы мен халық саны өсімі арасындағы байланыс қандай?

7. Қазіргі шикізат проблемасын шешу жолдары?

8. Неліктен урбанизация ғаламдық проблемалар қатарына жатады?

9. Гигант қалалар және олардың санының арту себептері?

 

 

Дәріс№ 14

Табиғатты қорғау және тұрақты даму

1. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі

2. Биосфералық резерваттар

3. Қызыл кітап және оның биологиялық алуандылықты сақтаудағы рөлі

4. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың    тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі

 

1. Мемлекеттік табиғи қорық қоры дегеніміз- табиғат эталондары, уникумдар және реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту және рекреация нысанасы ретінде қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, ерекше мемлекеттік қорғауға алынған объектілердің жиынтығы.

   Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектілерін пайдалану ісінде тыйым салу шектеулер белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

   Ал, ерекше қорғалатын табиғи территориялар дегеніміз-ерекше қорғаудың құқықтық режимімен не шаруашылық қызметтің мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері. Қазақстан Республикасында мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін құру мақсаттарына, қорғау режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ерекше қорғалатын табиғи территориялардың мынадай түрлері құрылған:

- биосфералық қорықтарды қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар;

- мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

- мемлекеттік табиғи резерваттар;

- мемлекеттік табиғи парктер;

- мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

- мемлекеттік қорықтар өңірлері;

- мемлекеттік табиғи қорғалымдар;

- мемлекеттік зоологиялық парктер;

- мемлекеттік ботаникалық бақтар;

- мемлекеттік дендрологиялық парктер;

- мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер.

  Осы ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды обьектілері кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығы болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрудағы жалпы міндеттер мынадай:

- мемлекеттік табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлілікті және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды нысаналы пайдалану;

- ғылымды, мәдениетті, ағарту мен білім беру ісін дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи территорияларды ұтымды пайдалану;

- әлеуметтік-экономикалық факторларды және жергілікті халықтың мүдделерін ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау;

- ерекше қорғалатын табиғи территориялар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау,

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды ақып төлеп пайдалану,

- халықтың және қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи территориялар саласына қатысуы;

- мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жай-күйі туралы ақпаратпен еркін танысу;

- халықаралық құқық негізіндегі халықаралық ынтымақтастықты арттыру.

  Ерекше қорғалатын табиғи территориялар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің құндылықтарына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар болып екіге бөлінеді. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи территориялар тізбесін жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган шығарады, ал республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи территориялар тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметі шығарады. Мұндай аймақтарды негізінен ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу, туристік-рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланады. Мысалы, мынадай негізгі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі мүмкін: табиғи процестердің табиғи ағымын және қорғау режимдерінің экологиялық жүйелерге әсерін зерттеу, мониторингтің экологиялық және басқа түрлері, «Табиғат жылнамасын» жүргізу, қорық ісінің қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу, жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің көбеюін қалпына келтірудің ғылыми негіздерін әзірлеу және т.б. сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи территориялар туристерді табиғи және тарихи-мәдени көрікті орындармен таныстыру, халықтың белсенді демалысы үшін де пайдаланылады.

   Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында еліміздің заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи территориялардың өзге түрлері де көзделуде. Осы ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимдері, олардың қызмет жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.

    Жалпы Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы заңы 1997 жылы 15-шілдеде қабылданды. Кейін 1999, 2001 жылдары өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осы заң ерекше қорғалатын табиғи территориялар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялар саласындағы заңдары мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи территорияларды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейді. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңынан және басқа да заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Биосфералық қорықтар.Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорықЖердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады, Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жалпы база больш табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жыды ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдардамасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО,   МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойыша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгресстің жұмысы нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жердің жоғаргы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылады. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласьшда өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық Қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы, «Кластерлік»және трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет»  жүзеге асыруда. Биосфералық қорықтар туралы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилъя стратегиясын жасады.

Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:

• генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функңиясы;

• тұрақты экономмкалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;

• зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды  дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1.Қорықтық белдеу.Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзаң уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

2. Буферлі белдеу.Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық кдуіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялың білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

3. Өтпелі белдеу.Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, түрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеру мен тиімді пайдалану  мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мұмкін.

1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жагдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудыңмүмкіндігін көрсетеді.

3. Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп,  ендігі жерде. Оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамаға келді. Ол үшін көптеген мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылды. Кейін 1948 жылы Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы (МСОП) құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі құрып бара жатқан немесе саны күрт азайып кеткен ағзаларды, құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен бір жола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Тетер Скотт айтқан болатын. «Қызыл кітап» шықпастан бұрын ХТҚҰ саны сирек немесе құрып   бара жатқан жануарларды қорғау комиссиясын құрды. Комиссия құрамына дүние жүзіндегі белді – белді биолог ғалымдар енді. Олар 1948 – 1954 жылдар аралығында жер шарында өте сирек кездесетін жануарлар туралы    құнды мәліметтер жинап, жедел қорғауға алынатын жануарлардың тізімін жасады. Бұл құжат «Қызыл кітап» деп аталды. Оның бұлай аталуының себебі қан қызыл түс арқылы бүкіл дүние жүзі халықтарына – «саны   сиреп кеткен мына аң – құстарды қорғау керек» деп дабыл қаққандай. Сонымен бірге бұл кітапқа дүние жүзінде өте сиреп бастаған өсімдіктер түрлері туралы мағлұматтар енгізілген.

1971 жылы «Қазақстан қызыл   кітабында» сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287 түрі тіркелді және оған қорғауға алынған қосмекенділердің 34, бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі енгізілген. Сол кезде кітапта жануарлардың қай жерде мекендейтіні, өніп - өсуі және санының қаншалықты мөлшерде сақталып қалғаны көрсетілген. Тағы бір қызығы – бұл кітапта құрып кетуге айналған жануарлар туралы деректер қызыл қағазға, ал саны күрт азайып кеткен жануарлар мәліметі сары қағазға жазылған.

Міне, 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында бес томы жарық көрді. 1972 жылдан бастап жаңа категория – қалпына келтірілген түрлер енгізілді. Мұндай мәліметтер жасыл бетке басылды. 70 жылдардан бастап ұлттық кітаптар шығарыла бастады. 1978 жылы КСРО – ның «Қызыл кітабы» шықты. 

Ал Қазақ КСР – ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, (!) ал 1981 жылы өсімдіктерге арналаған бөлігі жарыққа шықты. (!!) жалпы қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылып, ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлағаг түрлер мен толықтырылады. Міне осыған байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып шықты. 

«Қазақстанның Қызыл кітабы» ұйымдастыру үшін ҚР – ң Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми – зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастьырда, онда «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды – одан соң жануарлар туралы қарар қабылданып отырды.

(!) Оған Республика территориясында мекендейтін сирек және жойылып бара жатқан сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстар түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қосмекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізілді.

(!!) Онда өсімдіктердің 306 түрі енгізілді. «Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың немесе өсімдіктердің 5 категориясын анықтаған. Осы категорияға сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілді. Ол категориялар:  

І Категория – жойылып бара жатқандар. Бұл туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы: қызыл қасқыр, қара күзен, қобылан, қызыл құм арқары т.б.

ІІ Категория – саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы: балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан т.б.

ІІІ Категория – сирек түрлер (қазіргі таңда жойылып қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы: қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан т.б.

ІV Категория – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы: шұбар кесіртке, қара шұбар жылан т.б.

 V Категория – қалпына келгендер (қорғау жұмыстарының нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы: кіші аққу, көкқұс т.б.

4.Экологиялық білім-білім, ағарту және тәрбиелеу ұйымдарында немесе өздігігінен мақсатты түрде ұйымдастырылатын және жүйелі жүргізілетін экологиялық білімді, шеберлік пен ептілікті меңгеру және алу процесі, құралы және нәтижесі. Экологиялық білім-бұл табиғатты пайдаланудың іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесімен-табиғатты қорғау білімімен толық түйіседі және тығыз байланысты. Білім беру бірыңғай экологиялық тәрбие-экологиялық ағарту-экологиялық білім үштағанының бөлігі болып саналады. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және халық арасында экологиялық көзқарасты қалыптастырудың негізін құрайды-жердің барлық биосферасы болған адамзаттың мекендеу ортасын өмір сүруге оңтайлы сақтау қажеттігін сезіндіреді.

Экологиялық білім беру мен ағартудың мақсаты тұрақты даму принциптеріне негізделген азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымдарын және қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал негізгі міндеттері:

1) экологиялық білімінің мазмұнын өзекті ету, білім беру ұйымдарын қазіргі заманғы оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы экологиялық білім берудің сапасын жақсарту;

2) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөніндегі ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалар мен іс-шараларды дамытуды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін кәсіби кадрлар даярлауды қамтиды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. ЕҚТТ негізігі маңызы?

2. ҚР-да кездесетін ЕҚТТ негізгі категориялары?

3. ЕҚТТ-дың түрлі категорияларға бөлінуі қандай критерийлер негізінде жүзеге асады?

4. Биосфералық резерваттың басқа ЕҚТТ түрлерінен ерекшелігі?

5. Қызыл кітапқа енетін түрлер қандай категорияларға бөлінеді?

6. Қазіргі таңда экологиялық білімінің қоғамда алатын орны?

Дәріс№ 15

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық

Проблемалары

1.  Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық проблемалары.

 2.  ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге

де полигондар.

3. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

4. Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтық – нормативті құжаттары.

5. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері.

1. Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

Арал теңізі-Өзбекстан мен Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе обылысы жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін 1960-1970 жылдары дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 метр биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдының ауданы 66,1 мың км кв аралдарымен қоса, судың көлемі 1064 км куб, орташа тереңдігі 16,1, ең терең жері 67м, ұзындығы 428км, ені 235км, су жиналатын алабының ауданы 69 мың км кв болған. Алабындагы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998ж теңіз деңгейі 18м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз екі суқоймаға-Үлкен Арал және КІші Аралға бөлініп қалды.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмідария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшелІктерін ескермеу;

- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау жэне сіды үнемді пайдаланбау;

-табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда 60 %,Қазақстанда - 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі, әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

     Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалык-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі Арал өңірінде тиісті өз орындарын алады.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер экелмек. Ал әлемдік климат тың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралык конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония және т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды.Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді.

Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол кұрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу киынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, қүрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылды.

Арал апаты-Арал теңізінің тартылуына байланысты. Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы халыққа, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы-Арал айдынының аумағын,көлемін, тереңдігін азайтты.Ауаның ылғалдылығы жаз, күз, айларында 9%-ға дейін азайып, жазы құрғақ та ыстық шілдеде 45°С-қа шейін,қысы суық 47°С-қа шейін Өзен жағалауындағы суармалы егістіктерде негізінен мақта мен күріш және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне кұйылып, теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен жыл сайын көтерілген 70 млн тонна улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді.Бағалы балықтардың түрлері бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға т.б. құрып кетті.Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбір болды. Ғарыштан карағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бүлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайытты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «қызыл кітабына» енген, жануарлардың кейбір түрлері, итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б. құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.

2. 1949 жылдың 29 тамызында, Семей ядролық сынақ полигонында Кеңес Одағының алғашқы атом бомбасын жер үстінде жару арқылы ядролық қаруларды сынау басталды.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бүл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бүның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әсері жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі - Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей -21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

    Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе эуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролык зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмегенде еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

    Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен кабырғаларды көрді.

   Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүрғізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бүл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

    1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың түрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

  Семей полигонына жақын аудандарда ақыл-есі кем,дене мүшелері кемтар құбыжық балалардың дүниеге келуі көптеп кездеседі. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған куаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бүл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп түрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздерІ жартастардан күралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.

1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде куаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радноактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бүл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған - белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО жэне АҚШ президенттеріне үндеу қабылданды.

Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, теледидар мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халыктың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу - мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда еліміз ядросыз аймақ деп жарияланды. 1991 жылдың 28 тамызы Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлық шығарды. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом каруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.

3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық негіздері:

1) адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;

2) қоршаған ортаны қорғау және биоалуандылықты сақтау;

3) ҚР-ның өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;

4) қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;

5) өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;

7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру мақсатында жаһандық әріптестік;

10) қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

ҚР-ның тұрақты даму мәселелерін шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік концепциясында» қарастырылған (ҚР Президентінің шешімімен 1996 ж.30-сәуірде бекітілді). Ал, ҚР-ның экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін ҚР-ның «Экологиялық білім және тәрбие беру» тұжырымдамасы қызмет атқарады. Сонымен қатар тұрақты дамуды құқықтық-нормалаумен ҚР-ның қоршаған ортаға байланысты барлық заңнамалары және басқа да құқықтық заңнамалар қамтамасыз етеді. Себебі еліміздің тұрақты даму мәселелесі тек экологиялық бағытта ғана емес, сонымен бірге: саяси-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық қырынан да шешіледі.

4. Экологиялық құқық-экологиялық заңдылық нормалардың жиынтығы. Елімізде халықаралық нормаларға сай мемлекеттің экологиялық қатынастарын реттеуде жалпы бағытты ҚР-ның конститутциясы анықтайды. Онда «ҚР-ның азаматтары өзінің өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» делінген. Еліміздің экологиялық құқығының заңдарының базасы 1993 жылдан бастау алды деуге болады. Осы жылы «су кодексі», «Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы» заң, «Орман кодексі» жарық көрді. 1995 жылы ҚР-ның Конститутциясы қабылданды, онда 31-бапта:»Мемлекет қоршаған ортаны қорғауды өзіне мақсат етіп қояды» деп көрсетілген. Сонымен қатар осы жылы ҚР-ның Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заң жарыққа шықты. 1996 жылы «Пайдалы қазбалар және оларды пайдалану туралы» Президент жарлығы, ҚР-ның «экологиялық қауіпсіздік концепциясы», 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң, «ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» заң, «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» заң, «экологиялық экспертиза» т.б. заңнамалар қабылданды. 2007 жылы 9-қаңтарда ҚР «Экологиялық кодексі» жарыққа шықты.

5.Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 ж, маусым) «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи фактордың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың, температураның, қысымның, ылғалдылықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыттқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды. 

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыт ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық эколлогиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосфералық т.б.) жүйелер жүргізеді. Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:

1. антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау

2. антропогендік әсер факторларын бақылау

3. антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау

4. табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау

5. антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады:

1) жағдайды бақылау

2) бағалау

3) болатын өзгерістерді болжау

Мониторинг обьектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құраушылар) жатады. Бақылау обьектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық, топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындардың денсаулығының мониторингі т.с.с. Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады:

Әсер факторларының мониторингі- әртүрлі химиялық ластаушылардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электромагниттік сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы(көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттар ендіретін егістік жерлер) көздер. Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді. Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:

1. ғаламдық (биосфералық)-халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру.

2. базалық (фондық)-жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау.

3. ұлттық-бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг.

4. аймақтық-халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау.

5. жергілікті (локальды)-елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу.

6. импактылық-ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970ж құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:

1) Қоршаған ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингімен бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;

2) Мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету;

3) Атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату;

Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялары жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан. Мониторинг жүйесін қолданылатын тәсілдерге сүйене отырып топтастыруға да болады:

Химиялық мониторинг - атмосфераның, жауын-шашындардың, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпкі тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.

Физикалық мониторинг- қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартаулардың атқылауы, жер сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясыт.б.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг-биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни, ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг-қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген.

Дистанциялық (аралық) мониторинг-зерттейтін обьектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар. Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі. Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта обьектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті, аймақтық және фондық болып бөлінеді. Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады:

1. бақылау обьектісін белгілеу;

2. бақылауға белгіленген обьектіні тексеру;

3. бақылау обьектісіне информациялық модель құрастыру;

4. өлшеуді жоспарлау;

5. бақылау обьектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру;

6. бақылаудағы обьектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;

7. мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап, қолданушыларға тарату.

Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған мәліметтерді негізге алып:

1) адам тіршілік ететін ортаның және экожүйенің жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер мен функционалдық бүтіндігінің сақталуына баға беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау.

2) Осы көрсеткіштердің өзгеруі себептерін анықтау және осы өзгерістердің тигізетін зардаптарын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді түзетуге қажетті шараларды белгілеу.

3) Зиян тигізілмей тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамсыз ету.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Арал теңізінің тартылуына әсер еткен жағдайлар?

2. Арал теңізінің тартылуынан туындаған негізгі экологиялық және әлеуметтік проблемалар?

3. Семей ядролық сынақ алаңдарында қандай жарылыс түрлері болды және саны қанша?

4. Неліктен Семей ядролық полигон зардаптарының келешектегі салдары анықталмай отыр?

5. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы қандай экологиялық негіздер арқылы жүзеге асады?

6. ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі заңдар жүйесі?

7. Мониторинг және оның түрлері қандай?

8. Қоршаған орта жағдайын жақсарту және сақтау мақсатындағы экологиялық моиторингің орны?

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.

Алматы, Ғылым, 1997.

2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ

университеті», 2006.

3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы,

Қайнар, 1990.

4. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии

Алматы, «Қазақ университеті», 2007.

5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану ж.не топырақ

географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.

6. Акимова Т.А., Хаскин В.В.. Экология. Человек-экономика-биота-среда.,

М., «ЮНИТИ», 2007.

7. Шилов И.А. Экология. М.: Высшая школа, 2001.

8. Ильин В.И.. Экология, М., «Перспектива», 2007.

9. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР-

ПРЕСС»,2003.

10. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО,

«Книга сервис», 2003.

11. Марфенин Н.Н. Концепция «устойчивого развития» в развитии / Россия

в окружающем мире: 2002 (Аналитический ежегодник) // Под общей

редакцией: Данилова-Данильяна В.И., Степанов С.А. - М.:Изд-во МНЭПУ,

2002.

12. Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в

Республике Казахстан в 2000-2006 г.г.. Алматы, 2001-2007 г.г.

13. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО,

«Книга сервис», 2003.

14. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО»,

1997.

15. Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому

развитию, Рио-де-Жанейро, 1992. Том 1, Нью-Йорк, 1993.

16. Ермолаев Б.В. Основные положения о ноосфере. Единство биосферы и

человека. – М., 1999.

17. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. Алматы: Ғылым, 1998.

18. Родзевич Н.Н., Пашканг К.В. Табиғатты қорғау және көркейту. Алматы: Мектеп 1984.

19.Чистякова С.Б. Охрана окружающей среды/С.М.Чистякова.-М., 1998.

20. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. –Алматы:Санат, 1995

Мамбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. Алматы: Ғылым,

1998.

21.Алексеев В.А. 300 вопросов и ответов по экологии/ В.А. Алексеев.- Ярославль: Академия развития, 1998

22. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология», Алматы: Экономика,2002.

23. Иштаева Ф.Қ., Костарева Л.Г., Набидоллина Ш.С., Молдағалиева Ж.Е. «Экология», Астана: Фолиант,2008.

Қосымша:

1. Хандогина Е.К, Герасимова Н.А., Хандогина А.В.. Экологические

основы природопользования, М., «Форум», 2007.

2. Вернадский В.И. «Философские мысли натуралиста», М., «Наука», 1988.

3. Вернадский В.И. «Живое вещество», М., «Наука», 1969 г.

4. Гутенев В.В., Денисов В.В., Камышев А.П., Москаленко А.П., Нагибеда

Б.А., Осадчий С.Ю., Хорунжий Б.И. Промышленная экология, М., «МарТ»,

2007.

5. Маркович Д. Социальная экология. Москва «РУДН», 1998.

6. Медоуз Д.Х., Медоуз Д.Л., Рандерс Й., Беренс В.В. Ш. Пределы роста.

Москва: МГУ, 1991.

7. Концепция экологического образования Республики Казахстан. Астана,

2002.

8. Концепция экологической безопасности Республики Казахстан. Астана,

2002.

9. Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому

развитию, Рио-де-Жанейро, 1992. Том 1, Нью-Йорк, 1993.

10. Экологический кодекс РК, Астана 2007 г.

11. Экология. Под ред. Денисова В.В. Ростов-на-Дону: МарТ, 2002.

12. Арустамов Э.А., Левакова И.В., Баркалова Н.В. Экологические основы

природопользования. М.: 2001.

13. Ермолаев Б.В. Основные положения о ноосфере. Единство биосферы и

человека. – М., 1999.

 

 


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 29; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!