К оммутатор ды пайдалану мысалы 11 страница



Шартты айнымалы (conditional variable) – wait және signal операцияларымен АЖ-де қолданылатын синхрондалатын объект.

 

Көпағындылық (multi-threading) –компьютердің паралельді архитектурасының кең тарауына байланысты бағдарламалаудың қазіргі заманғы бағыты. Ағын – жалпы адресті кеңістікте ата-ана үрдісімен орындалатын үрдістің ерекше түрі.Ағын өзінің стегімен, басқару ағынымен және регистр мағыналарымен сипатталады.

 Облегченный процесс (lightweight process) – АЖ-дегі ағын іске асатын механизм.

Алғашқы процесс ұғымы қазіргі ағын концепциясына жақын болды, яғни 1970 жылдың аяғында "Эльбрус" жүйесінде іске асқан. Көпағындылық UNIX-та, содан кейін Solaris-та және Windows NT-да пайда болды. Әр түрлі АЖ-дегі кітапхана архитектурасын қолдайтын көпағындылық бір-бірінен ерекшеленеді. Алғашқы көпағындылықтың тілдік және базалық кітапхана деңгейдегі іске асуы Java-технологиясында артынан .NET-та іске асты.

Ағындар архитектурасы – көп деңгейлі:жүйелік ағын(ядро ағыны) көмегімен қолданушылық деңгейінде ағынның іске асады. Көпағындылықтың әр түрлі модель түрі бар(жүйедегі қолданушылық ағынның көрсетілуі) – бір-бір, бір-көп, көп-бір.

Көпағындылық қызықты проблемаларды қарастырады: fork және exec жүйелік семантикалық шақыруларын; ағынның тоқталуы; сигналдарды өңдеу;топтағы ағын құрылымын; жергілікті ағын деректерін қолдау (TLS);ағын синхронизациясы; тығырықтар және олардың тоқталуы

POSIX threads (Pthreads) –API АЖ-нің UNIX типті көпағындылықты қолдайтын стандартизациясы.Ағын өзінің дескрипторы және атрибуттарымен сипатталады. Ағындарды синхрондау үшін мьютекстер мен шартты айнымалылар қолданылады.  

Solaris АЖ-дегі ағын жүйелік және қолданушылық түсінігімен қоса жеңілдетілген процесс түсінігі арқылы ерекшеленеді.Әрбір дәстүрлі үрдіс құрастырылған жеңілдетілген үрдісі бар тізімді сақтайды. Көпағындылықтың "көп-көп" моделі қолданылады. 

       Windows 2000 "бір-бір" көпағындылық моделін қолданады. Әрбір ағын өзінің нөмірін, регистр жинақтарын, жүйелік және қолданушылық процедура үшін жеке стектерін, жергілікті ағын жадын(TLS) сақтайды.).

 Linux ағындары тапсырма (tasks) деп аталады және clone жүйелік шақырулары арқылы и құрылады.

Java-дағы ағындар тілдік және базалық деңгейдегі кітапханасын қолдайды. Thread объект класстарымен және классастымен көрсетіледі. Виртуалды Java машинасымен басқарылады. Ағын тобын құруға болады. АЖ қолданатын ағындар жағдайы аналогті болады.

ТАҚЫРЫП 12-13. ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҮРДІСТЕР

КОММУНИКАЦИЯСЫ

Мақсаты:  Желілердегі үрдістер коммуникациясының құралдары мен хаттамаларынының ерекшеліктеріне тоқталу

Кілттік сөздер: желі, жүйе, байланыс жүйесі, коммуникациялық модуль, ақпараттық арна, логикалық элемент, хаттама, хабарла, дыбыстық байланыс, модем, сандық сигнал, аналогтық сигнал, софт-модем, байланыс протоколдары

Дәріс жоспары (2 сағат)

1. Желілік жүйелік құралдар. OSI моделі.

2. Деңгейлік хаттамалар. TCP/IP желілеріндегі адрестелу. Транспорттық хаттамалар.

3. Үлестірілген жүйелерде үрдістерді синхорндау.

4. Үлестірілген жүйелердің тұйықталған түйіндері (тығырықи).

5. Үлестірілген жүйелерде үрдістерді үлестіру және жоспарлау.

 

Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі (коммуникационная система, система связи) — мәліметтерді жеткізу кешенін қүрайтын аппараттық құралдардың, бағдарламалық жасақтамалардың және сол мәліметтерді жеткізу арналарының бірлестігі.

Коммуникациялық модуль (коммуникационный модуль) — ақпаратты бағдарлауды және ақпараттық арналарды басқаруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық элементі.

Коммуникациялық сервер (коммуникационный сервер) — терминал, компьютер және принтер сияқты құрылғылардын желіге қосылуын жеке коммуникациялық хаттамасыз-ақ іске асыратын, байланысқа сәйкес бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілгей компьютер. Жергілікті желілерде — жұмыс станцияларының үлкен электрондық есептеу машина- ларына, модемдерге, факс-модемдерге және басқа құрылғыларға қатынас құруын қамтамасыз ететін компьютер де осылай аталады.

Коммуникациялық хаттама (коммуникационный протокол) — қысқа мерзімде стандартгы пішімді пайдаланып, мәліметгерді желінің бір торабынан (түйінінен) екіншісіне жеткізуді атқаратын мүмкіндіктер (спецификациялар) жиыны.

Коммуникациялық бағдарлама (коммуникационная бағдарлама) — компьютер мен модемнің басқа компьютермен және модеммен қатынас құруына мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама. Ол компьютерлер арасындағы байланыс түзілімін ұйымдастыратын телефон нөмірлерін жадында сақтап, оларды автоматты түрде теруді жүзеге асырып, жалпы қатынас қүруды оңайлатады. Байланыс орнатылған сон, бұл бағдарлама келіп түскен мәліметтерді дискіде сақтап, қажетті файлдарды дискіден әрі карай жөнелтеді.

ДК-ң коммуникациялық құрылғылары компьютерлер, компьютер және өшірілген енгізу-шығару құрылғылары арасында деректер алмасуға, сонымен қатар деректерді локальді(Local. Area Network, LAN) немесе глобальді (Wide Area Network , WAN ) желілерге (Интернетті қоса алғанда) біріктіруге арналған. Деректерді алмастыру түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін: перифериялық құрылғылардың ортақ пайдаланылуындағы файлдарды жіберу (мысалға, принтерлер), Интернеттің және жергілікті желілердің түрлі ақпараттық қызметтеріне қатынау, факсимильді хабарламаларды жіберу және қабылдау, пейджерлер және мобильді телефондарға хабараламалар жіберу, дыбыстық байланыс орнату ( IP -телефония), дыбыстық видеобайланыс және желі бойынша ортақ ойындарды орындау.

 Коммуникациялық құрылғылар: желілік және желілік емес локальді желілердің модемдері және адаптерлері. Компьютерлер арасындағы байланыс басқа да құрылғылармен орнатылуы мүмкін LPT -порттар, FireWire бірізде шиналар және USB .

Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары

       Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады.

Сенсорлық дисплей, сервер (сенсорный дисплей, сервер; the touch display, server) ол:

 1) өз дискілерін, сондай-ақ сыртқы құрылғыларын, мысалы, принтерлер мен модемдерін, ұжымдық пайдалануға

Беретін желі торабы. Сонымен қатар, онда көп пайдаланылатын бағдарламалар да орындалуы мүмкін;

 2) клиенттік бөлімнің сұраныстарын орындайтын үлестірілген қосымша бағдарламаның бөлігі.

 Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді.

       Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді.

Модем (ағылш. модем) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

       Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

       Коммутациялық модем (номер терімі бар модем) (коммутационный модем (модем с набором номера) — жұмыс істеу үшін жеке немесе арендалық телефон желілерін пайдаланбай, қарапайым коммутациялау желісін пайдаланатын модем.

 Софт-модем, винмодемдер (ағыл. Һост басед софт-модем) – аппараттық модемде, алайда микробағдарламасы бар тұрақты есте сақтау құрылғысы болмайды. Мұндай типті модемнің микробағдарламасы компьютер жадысында сақталады, оған модем жалғанған болады. Сонымен бірге модемде аналогтық сұлба мен түрлендіргіштер болады: АСТ (аналогты-санды түрлендіргіш), САТ (санды-аналогты түрлендіргіш), интерфейс контроллері(мысалы ҰСБ). Драйверлер болған жағдайда ғана жұмыс істеуге қабілетті, олар сигналдарды кодтау бойынша, қателерге тексеру және протоколдарды басқару барлық операцияларды өңдейді, сәйкесінше бағдарламалы түрде жүзеге асырылады және компьютердің орталық процессорымен өңделеді.

Жартылай бағдарламалы (Цонтроллер басед софт-модем) – модем функцияларының бір бөлігін модем қосылған компьютер орындайтын модемдер. Қосылу типі бойынша:

 Коммутацияланатын телефондық желілер үшін модемдер – модемдердің ең тарағын түрі.

• ISDN – сандық коммутацияланытын телефондық желілер үшін модемдер

• DSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады, және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.

 Кабельдік – арнайы кабельдер бойынша ғана мәліметтермен алмасу үшін қолданылады – мысалы, ДОЦСЫС протоколы бойынша ұжымдық телекөрсетілім кабелі бойынша.

 Ұялы – тек қана ұялы байланыс протоколдары – GPRS, 3Г, 4Г және т.с.с бойынша ғана жұмыс істейді. Жиі ҰСБ-салпыншақ(брелок) түрінде келеді. Мұндай модемдер ретінде көбінесе ұялы байланыс терминалдары қолданылады.

    xDSL Технологиялар:

xDSL технологиялары қарапайым телефон желісінің абоненттік желісінің аналогтықтан сандыққа айналуына негізделеді. (Digital Subscriber Line — сандық абоненттік желі).

ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) – ассиметриялық технология, абоненттік жылдамдығы (downstream) 6,1 Мбит/с дейін, абоненттен — 16–640 Кбит/с. Жылдамдық абоненттік желі ұзындығына және оның сапасына байланысты.

UADSL технологиясы (Universal ADSL), яғни DSL Lite, — кішкене жылдамдықтағы ADSL-дің жақсартылған нұсқасы (желі ұзындығы 3,5 км дейін болса — жылдамдық 1,5 Мбит/с және 384 Кбит/с түрлі бағыттарда; при желі ұзындығы 5,5 км — 640 және 196 Кбит/с). Құрылғылар оңай орнатылады және салыстырмалы түрде қымбат емес.

RADSL (Rate Adaptive Digital Subscriber Line) — желі (линия) сапасына тәуелді деректерді беру жылдамдығы адаптивті өзгерісті технология. 

HDSL (High Data-Rate Digital Subscriber Line) — жоғары жылдамдықты технология, 1,536 немесе 2,048 Мбит/с жылдамдықпен қамтамасыз етеді. Желі ұзындығы — 3,7 км дейін, төрт сымды желіні талап етеді.

SDSL (Single-Line Digital Subscriber Line) — симметриялы жоғары жылдамдықты (1,536 немесе 2,048 Мбит/с) технология, екі сымды желі, з км-ге дейін.

VDSL (Very High Data-Rate Digital Subscriber Line) — өте жоғары жылдамдықты (56 Мбит/с дейін), симметричная технология. Қашықтық —1,5 км. Дейін. Технология айтарлықтай қымбат, бірақ желіні коллективті түрде қолдануға арналған.

Желімәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған бағдарламалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Бағдарламалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған бағдарламалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбала р– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы бағдарламалық кешендер (пошталық бағдарламалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.).

Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс)  берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

Желіге қойылатын талаптар:

- Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;

- Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;

- Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;

- Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;

- Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі :

- географиялық қамтылу аймағына қарай;

- өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

- топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

- басқарылуына байланысты.

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

- Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).

- Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

- Аймақтық, интранет (региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:

- бөлімдер желісі;

-  кампустар желісі;

-  корпоративтік желілер тәрізді топтарға бөлінеді

Топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай желілердің жіктелуі:


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 134; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!