К оммутатор ды пайдалану мысалы 1 страница



Модульдік принципі

Модульді көбінесе жүйенің аяқталған және қабылданған модуль арасындағы интерфейстерге сәйкес орындалған функционалды элементі ретінде түсінедіреді. Модуль өзінің анықмасын бойынша берілген интерфейстер арқылы оңай ауысу мүмкіндігін береді. Операциялық жүйелердің құрама бөліктерін жекелеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ функционалдық белгілері бойынша ажыратылады.Жүйелердің модульдерге бөліну деңгейі операциялық жүйелерде қолданылатын жобалау әдісімен байланысты.

Операциялық жүйені құру кезіндегі маңызды модульдерге ерекше құқықты, қайта кіретін және реентерабелді модульдер жатады, олар есептеуіш жүйенің ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Реентерабелдiктiң табысы әр түрлi әдiстермен жүзеге асырылады. Кейбір жүйелерде бағдарламалардың реентерабельдігі автоматты түрде алынады. Әрине, ол үшін үйлесімді аппараттық қолдау қажет. Басқа жағдайларда бұл арнайы жүйелік модульдерді қолданатын бағдарламашылар көмегімен жүзеге асады.

Модульдік принципі жүйенің технологиялық және қолданушылық қасиетін көрсетеді. Оның қолданыунан үлкен тиімділікті принцип операциялық жүйеге, қолданбалы бағдарламаға және аппаратураға бірдей таратылғанда алуға болады.

Функционалды іріктеу ұстанымы.

Операциялық жүйеде, неғұрлым тиімді ұйымдардың есептеуіш процессі үшін, жедел жадыда тұрақты орналасуға тиісті маңызды модульдердің бөлімі ерекшеленеді. Операциялық жүйенің бұл бөлігін ядро деп атайды,себебі ол шынымен де жүйенің негізі болып табылады. Ядро құрамын құру кезінде екі қарама-кайшы талапты ескеру керек. Ядро құрамына неғұрлым жиі қолданылатын жүйелік модульдер кіруі керек. Модульдер саны мынадай болуға тиісті, яғни ядро жадының алатын көлемі аса көп болмауы керек. Ережеге сәйкес ядро құрамына жүйелік үзулерді басқару, шоттар бөлімінен куту бөліміне аудару құралдары, даярлық және кері қайту, жедел жады және процессор сияқты негізгі қорлар құралдарын тарату модульдері кіреді. Бағдарламалық модульдерден басқа, ядро құрамына кіретін және тұрақты түрде жедел жадыдан орын алатын, басқа да көптеген, транзиттік атты алып жүрген, жүйелік бағдарламалық модульдер болуы мүмкін. Транзиттік бағдарламалық модульдер жедел жадына тек қажеттілік жағдайда және бос орын болмаған жағдайда басқа транзиттік модульдермен алмастырыла отырып жүктеледі. "Транзитті" терминінің синонимі ретінде "диск-резидентті" терминің қолдануға болады.

Операциялық жүйедегі генерация ұстанымы.

Осы ұстанымның негізгі жағдайы негізгі ұсынудың орталық жүйелік басқару бағдарламасы (оның ядросы және негізгі қомпоненттері тұрақты түрде жедел жадта орналасуы тиіс) шешілуші мақсаттардың шеңберінен және нақты конфигурациядан нақты есептеуіш кешеннен шыға отырып жүйелік супервизорлы бөлікті жөндеуге мүмкіндік беретін операциялық жүйелерді анықтайды. Бұл процедура операциялық жүйенің созылмалы период эксплуатациясы алдында сирек өткізіледі.

Генерация үрдісі машина конфигурациясын және жүйенің бағдарламалық мүмкіншілігін сипаттауға мүмкіндік беретін генератордың арнайы бағдарлдамасының және осы бағдарламаға арналған лайықты кіріс тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Генерация нәтижесінде операциялық жүйенің толық болжамы шығады. Операциялық жүйелердің генерацияланған болжамы берілгендер мен модульдердің жүйелік терімдерінің жиынтығын ұсынады. Бұрын соңды ұмытылып қалған модульдер ұстанымы, операциялық жүйе генерациясы нәтежиесінде жағымды жағынан көріне бастады. Қазіргі кезде дербес компьютерлерді қолдануда операциялық жүйенің генерируемость ұстанымын, тек Linux-пен жұмыс жасағанда ғана көруге болады. Бұл UNIX жүйесінде тек қана операциялық жүйенің қандай да бір дайын ядросын пайдалану ғана емес, сонымен қатар, айтылмыш нақты дербес компьютерге және онда шешілетін есептерге үйлесімді болатын, өзіне де сондай ядроны генерациялауға мүмкіндік бар. 

Linux-те ядро генерациясынан басқа қосымша жүктемелі драйверлер жиынтығын және қызметтерін көрсетуге мүмкіндік бар, яғни жүйе ядросына кірушілермен, ал бөлім- модульдермен, транзиттік және жүктемелі статусына иелене отырып функциялардың бөлімі модульдермен жүзеге аса алады.

Қалған қазіргі жиі қолданылатын операциялық жүйелерде дербес компьютерлердің конфигурациясы үшін операциялық жүйе лайықты жабдықтар құрамымен инсталляция кезеңінде жүзеге асады, ал кейін драйверлер құрамы және операциялық жүйедегі кейбір параметрлердің өзгерісі файлдар конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Функционал артықшылық ұстанымы.

Функционал артықшылық ұстанымы: Бұл принціп бірдей жұмыстардын әртүрлі тәсілдермен өткізілу мүмкіндігін ескереді. Операциялық жүйе құрамына бірнеше мониторлар типтері кіре алады (супервизор модульдері, осы немесе басқа ресурстар түрлерімен басқару), есептеуіш үрдістер мен ұйымдар коммуникациясы арасында әртүрлі тәсілдер қолданылады. Бірнеше мониторлар типі, файлдардың бірнеше басқару жүйесі қолданушыларға операциялық жүйенің есептеуіш жүйесінің нақты конфигурациясына тез және неғұрлым икемді бейімделуге мүмкіндік береді, нақты белгіленген класс тапсырмасының орындалуы арқылы максималды эффектілі жүктелудің техникалық тәсілін қамтамасыз ету, берілген тапсырмалар тобын шешу арқылы максималды өнімділік алу

Виртуализация ұстанымы.

Виртуализация ұстанымы: виртуалды ресурстардың құрылуы, олардың таратылуы мен қолданылуы қазіргі кезде барлық дерлік операциялық жүйелерде қолданылады. Бұл ұстаным процесс жоспарлаушыларының және ресурс топтастырушыларының жүйе құрылымын нақты жиынтық түрінде ұсынуға және ресурстарды топтастырудын бірыңғай орталықтандырылған схемасын қолдануға мүмкіндік береді. Виртуалдылық концепциясының көрінуінің неғұрлым шынайы және аяқталған болуы виртуалды машина түсінігін береді. Виртуалды машина , пайдаланушыларға ұсынылатын, нақты машина сәулетін ұдайы өндіреді, бірақ бұндай ұсынуда сәулетшілік элементтер жаңа немесе жақсарған мінездемелермен алға шығады , ережеге сәйкес, жүйемен жұмыс оңайлатылады. Мінездемелер өз бетімен бола алады, бірақ көптеген жағдайда барлық пайдаланушылар келесі құрамда болатын өзінің жеке мінсіз архитектуралық мінездемеге сәйкес келетін машинасы болғанын қалайды:

- жұмыс логикасы біркелкі, көлемі бойынша шектелмеген виртуалды жады .

- виртуалды процессорлардың жеке саны, паралельді және жұмыс уақытына бірлесіп әрекет етіп жұмыс істеуге қабілетті.

- сыртқы виртуалды құрылғылардың жеке саны , виртуалды машина жадының паралельді немесе жүйелі түрде жұмыс істеуге қабілеті, бұл осы не басқа виртуалды машина жұмысына қарағанда асинхронды немесе синхронды ынталандырылған құрылғылар жұмысы.

Виртуализация аспектілерінің бірі, басқа да операциялық жүйеде өндірілген, берілген операциялық жүйе қосымшаларында орындалу мүмкіндігін ұйымдастыру болады. Басқаша айтқанда, бірнеше операциялық орталарды ұйымдастыру туралы айтылған.

Бағдарламалардың сыртқы құрылғылардан тәуелсіздік ұстанымы.

Сәйкестендіру ұстанымы.

Сәйкестендіру аспектілерінің бірі басқа операциялық жүйелер үшін жазылған немесе берілген операциялық жүйенің алғашқы жазылған версиясы, сонымен қатар басқа да операциялық платформалар үшін операциялық жүйе бағдарламаларын орындау қабілеті болып табылады. Екілік сәйкестікті қосымшалардың негізгі мәтіндерінің деңгейінде бөлу қажет .

Орындалып жатқан бағдарламаны алуға болған жағдайда және оны басқа операциялық жүйеге жібреген кезде, екілік сәйкестендіруге жетеді.

Ол үшін процессор командаларының деңгейіндегі сәйкестік және жүйелік шақырулар деңгейіндегі тіпті динамикалық байланыста болған жағдайдағы кітапханалық шақырулардың деңгейіндегі сәйкестік қажет. Негізгі мәтіндердің деңгейіндегі сәйкестік жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету құрамындағы транслятордың лайықты көрсетілімін, сонымен қатар кітапханалар деңгейі мен жүйелік шақырулардың болуын талап етеді. Сонымен қатар жаңа орындалатын модульге бар болатын негізгі мәтіндерді перекомпиляциялау қажетті . Әртүрлі архитектураларға негізделген процессорлар аралығында екілік сәйкестікке жету, анағұрлым қиынырақ.

Бір компьютер басқалардың бағдарламаларын орындау үшін (мысалы, IBM PC типіндегі ПК бағдарламасын Macintosh типіндегі Apple фирмасына арналған бағдарламада орындау қажет), мұндай компьютерлер өзіне басынан түсініксіз машиналы командалармен жұмыс істеуге тиісті.

Мұндай жағдайда 680×0 типті процессор (немесе PowerPC) 80×86 процессорына арналған екілік кодты орындауға тиісті.

80×86 процессорында озінің 80×86 екілік кодын иеленеді, сондықтан оның не үшін арналғаның анықтау үшін, содан соң 680×0 үшін жазылған эквиволентті бағдарламаны жүзеге асыру әрбір команданы тандауға тиісті.

Бағдарламалық және пайдаланушылық интерфейстердің сәйкестікті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып, бір жүйеден басқа жүйеге жеңіл көшірілу нәтежиесінде UNIX стилінде бағдарламалар жасауға рұқсат ететін POSIX стандартымен сәйкестігі болып табылады.

ТАҚЫРЫП 2. UNIX ОЖ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛІК

ШАҚЫРТУЛАРЫ

Мақсаты: UNIX ОЖ негізгі жүйелік шақыртуларын ұйымдастыру тәсілдерін қарастыру

Кілттік сөздер: файл, каталог, метадеректер, виртуалды файлдық жүйе, команда, шақырту, уақытты бөлу ядросы, ресурс, үрдіс, командалық интерпретатор, ядро, пароль, аутентификация, идентификация

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Файлдар, каталогтар, бағдарламалық каналдармен жұмысқа арналған жүйелік шақыртулар.

2. Файлдық жүйелердің әр түрлі типтерінде деректердің және метадеректердің сақталуын ұйымдастыру.

3. UNIX, Linux ОЖ файл типтері. Магниттік дискілерде томдарды ұйымдастыру. UNIX, MS DOS/Windows ОЖ файлдармен жұмысқа арналған жүйелік шақыртулар.

4. Файл метадеректерін өзгертуге арналған ОЖ жүйелік шақыртулары мен командалары. Linux және Solaris ОЖ виртуалды файлдық жүйелері(VFS).

UNIX – бұл амалдық жүйенің уақытты бөлу ядросы, яғни есептеуіш машинаның ресурстарына иелік ететін және оларды қолданушыға жеткізетін бағдарлама. Ол қолданушыға оз бағдарламасын іске қосуға және перифериялық құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді, файлдық жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді. UNIX көптапсырмалы, көпқолданбалы амалдық жүйе болып табылады.  

UNIX АЖ-нің жұмысын көптеген өзара байланысты үрдістерді функциялау ретінде көрсетуге болады. Жүйені іске қосқан кезде алдымен shell (үрдіс 1) командалық интерпретаторын іске қосатын ядро (үрдіс 0) іске қосылады.

Қолданушының UNIX жүйесімен үйлесімділігі командалық тіл құралымен интерактивті режимде орындалады. Амалдық жүйенің қаптамасы - shell – енгізілетін командаларды интерпретациялайды, сәйкес бағдарламаларды (үрдістерді) іске қосады, жауапты хабарламаларды қалыптастырады және шығарады. 

UNIX-тің негізгі құрылымдық бөлімі болып файлдық жүйе табылады. Ол файлдар мен каталогтар ағашынан тұратын иерархиялық құрылымға ие. Түбірлі каталог "/" символымен ерекшеленеді, каталог ағашына жол "/" символымен ажыратылатын каталогтар аты бойынша беріледі, мысалы: 

/usr/include/sys

 

Әр уақытта кез келген қолданушымен ағымдағы каталог байланысты, яғни қолданушының иерархиялық файлдық жүйеде орналасуы.

UNIX АЖ-нің әрбір файлы файлдарды жазушы (дескриптор) деп аталатын деректердің кейбір құрылымымен анықталуы мүмкін. Онда файл жөніндегі барлық ақпарат бар: файл типі, қатынау режимі, қолданушы идентификаторы, өлшемі, файл адресі, сонғы қатынау және соңғы модификация уақыты, құру уақыты және т.б.

Файлға қатынау аты бойынша орындалады. Файлдың локальді аты 1-ден 14-ке дейінгі өлшемі бар System V нұсқасында таңбалар жиынынан тұрады. Таңбалар ретінде сандарды, латын алфавитінің әріптерін және ‘_’ таңбасын қолданған жөн. Файлдың локальді аты сәйкес каталогта сақталады. Түбірлі каталогтан файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады. Егер файлға қатынау "/" таңбасынан басталса, онда толық ат көрсетілген деп есептеледі және оны іздеу түбірлі каталогтан басталады, ал басқа жағдайда файлды іздеу ағымдағы каталогтан басталады.

Кез келген файлда бір неше ат болуы мүмкін. Жалпы файл аты оған сілтеме болып табылады.

Жүйеде тіркелу

Қолданушының жүйеде жұмыс жасауы қолданушыдан аты мен паролін сұрайтын login бағдарламасын іске қосатын getty терминалды рұқсат серверінің активизациялануынанбасталады.

Одан кейін қолданушының /etc/passwd файлында сақталатын ақпаратпен аутентификациясы тексеріледі. Бұл файлда келесі жазбалар сақталады:

- қолданушының тіркелген аты;

- шифрленген пароль;

- қолданушы идентификаторы;

- топ идентификаторы;

- парольдің минималды қолданылу мерзімі жөніндегі ақпарат;

- қолданушы жөніндегі жалпы ақпарат

- қолданушының бастапқы каталогы

- қолданушының shell тіркелімі

Егер қолданушы жүйеде тіркелген болса және дұрыс пароль енгізсе, login /etc/passwd - қолданушының shell тіркелімінде көрсетілген бағдарламаны іске қосады.

Жүйе қолданушылары  және файл иелері

Жүйені қолданушы – бұл бағдарламаның іске қосылу мүмкіндігін анықтайтын және файлдарға иелік ететін негізгі құқықтарға ие объект. Шексіз құқықтарға ие жалғыз ғана қолданушы, ол – суперқолданушы немесе жүйе администраторы.

Жүйе қолданушыларды қолданушы идентификаторы (UID - User Identifier) бойынша идентификациялайды. Әрбір қолданушы ұқсас тапсырмалары бар қолданушылар тізімінің бір немесе бірнеше топтарының мүшесі болып табылады. Әрбір топтың өзінің ерекше топтық идентификаторы (GID - Group Identifier) бар. Топқа жату осы топ мүшелеріне тән ортақ құқықтарды анықтайды.

UNIX қолданушысының құқығы – бұл ең алдымен файлдармен жұмыс істеу құқығы. Файлдардың екі иесі болады – қолданушы (user owner) және топ (group owner).

Сәйкесінше файлдарды қорғау атрибуттары файлдың қолданушы-иесінің (u), құқығын, топ-иесі (g) мүшесінің құқығын және басқаларының (o).құқықтарын анықтайды.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 19; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!