Средства, влияющие на дыхательную систему.   



Демікпеде қолданылатын дәрілер. Демікпе - аутоиммундық аллергиялық ауру болып таблыда. Тұншығу бара-бара ұстамалы ауруға айналады, сондықтан тек көрсеткіштік жедел көмек керек. Қолданылатын дәрілер келесі топтарға бөлінеді.                    I . Бронхолитикалық дәрілер. 1/ нейротроптық әсері бар дәрілер   а) Адреномиметик тер – селективтік емес  β 1, β 2 - Изопреналин (изадрин),                                                                                                      - селективті   β 2 - Сальбутамол (саламол), Фенотерол (беротек),                                               Тербуталин     б) М-холиноблокаторлар - Ипратропия бромид (атровент), Тиотропия                                           бромид т.б.    2/ миотроптых әсері бар дәрілер Аминофиллин ( Эуфиллин), Теофиллин т.б.   2. Антиаллергиялых дәрілер:                                                                  а) глюкокортикоидтар - Беклометазон,  Флунизолид (ингакорт), Будесонид                                       (бенакорт), Флутиказон т.б.                                                                                                                                                                                                                 б) бұлтша жасушалардың түрақтандырушылары – Кромоглициелық қышқылы  (Интал, Кромолин), Недокромил (тайлед. тиларин ), Кетотифен (Задитен)                                                                                                                          1. b - адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрілер.   Осы топқа жататын дәрілердің әсер ету механизміне келсек, бұлар кеңірдек тарамының b2–адренорецепторларын белсендіріп, жасуша ішіндегі ц-АМФ-ты көбейтіп, тегіс бұлшық еті қимылының қысымын төмендетеді. Сонымен қатар үлкен жасушалардан гистаминнің шығуын тежейді.   Изопреналин (изадрин)   β1 және β2 - адренорецепторларын қоздырады.    Қолдану.Қолқа демікпесі, бронхылық демікпе, атриовентрикулярлық бөгет кезінде сублингвально 2,5 – 5 мг 3 – 4 рет қолданылады.  Кері көрсеткіштері.Екіқабат әйелдерге   және бала емізуінде. Жанама әсерлері. Жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек айну, құсу. Шығарылу түрі.5 мг тіл астына салуға арналған таблеткасы.   Сальбутамол (саламол).   β2 – адреномиметик, адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрі, әсері ұзаққа созылады, бронхтың қысымын босатады және жатырдың жиырылуын бәсеңдетеді. Қолдану. Миометрийдің жиырылуын төмендетеді және бронхолитик ретінде демікпеге де қолданылады. 1–2 доз (100–400 мкг) ингаляция арқылы 2–4 мг  күніне 3–4 рет. Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері.  Изадринге ұқсас келеді. Шығарылу түрі. Аэрозоль 25, 100 мкг/доз (120, 200, 400 доз)   флакон;   2, 4, 6, 7 мг таб.; 0,04% сироп және т.б.     Фенотерол(беротек) β2-адренорецептерге тікелей әсер ететін және қоздырғыш ретінде демікпеге және жатырдың жиырылуын төмендетуге қолданылады. Мөлшері 0,1-0,6 мг   аэрозоль ретінде және 10-30  тамшы 0,1% ерітіндісі 1-4 рет тәулігіне.                                                                                   Тербуталин      химиялық құрлысына қарай  сальбутамолға ұқсас келеді.   Қолдану – демікпе, бронхит, жедел толғақтық, мөлшері 2,5-5 мг 3-4 рет тәулігіне; ингаляция ретінде  0,25-1,5 мг   4  - 6 рет  тәулігіне.        2. М–холинді бөгегіштерге: Ипратропия бромид (атровент), Тиотропия бромид, Тровентол (трувент) және т.б. дәрілер жатады.   Бұлардың әсерлік механизмі М-холинергиялық жүйке жүйесін тежеуімен байланысты. Бұл кезде ц-АМФ азайып, содан соң М-холинергиялық ұшынан шығатын  медиаторды тоқтатады. Ипратропий бромид(атровент) шеткі   М-холинорецепторлық тежегіш,   антихолинергикалық әсерінен болады. Қолдану. Созылмалы бронхит, демікпе, жедел ринит. Ингаляция ретінде 0,4-2 мл  ерітіндісі тәулігіне 3-4 рет беріледі. Кері көрсеткіштері.  Глаукома, екіқабат әйелдерге   және бала емізуінде.  Жанама әсерлері.  Бас ауру, жүрек айну, ауздың кебуі, қақырықтың баттасуы. Шығарылу түрі.  Аэрозоль бүркуге арналған баллоны – 10 мл (21 мкг/ мөлшер; 200 мөлшер);  0,025% ерітіндісі тамшы ретінде егуге 20, 40 және 100 мл флаконы; 5 мг капсула үнтағы ерітіп бүрку ретінде (0,2 мг/мөлшер) т.б.   Тиотрпия бромид (спирива) кеңірдектегі М3 – холинорецепторды тежейді   ипратропия бромидпен салыстырғанда әсері жоғары, созылмалы және быраз уақытқа дейін созылады.  Қолдану.  Өкепенің созылмалы қабыну аурулары. Ингаляция ретінде күніне 1 капсуладан. Кері көрсеткіштері.   Глаукома, екіқабат әйелдерге, 18 жасқа дейін. Жанама әсерлері. Ауыздың кебуі, іш қату, жүректің тез соғуы, жөтел, зәр жүрістің кемуі, глаукоманың асқынуы, аллергиялық белгілері. Шығарылу түрі. Ұнтақ ретінде капсуласы 18 мкг бүркуге арналған.                              Тровентол (трувент)   антихолинергикалық дәрі,   бронхтың М – холинорецепторларына тежейді, әсері атропинге қарағанда күшті және быраз уақытқа созылады.  Қолдану.Созылмалы бронхит, бронхтың тарылуы, өкпенің созылмалы қабынуы, демікпенің жеңіл және орташа басым кезінде беріледі.  Аэрозоль түрінде 40-80 мкг (1-4  дем алу) тәулігіне 2-3 рет.   Кері көрсеткіштері.  Глаукома, екіқабат әйелдерге. Жанама әсерлері. Ауыздың кебуі, аккомодацияның бұзылуы, ішкі көздің қысымының көтерілуі. Шығарылу түрі. Мөлшерлі аэрозоль бүркуге арналған баллоны (40 және 80 мкг/ мөлшер; 200 мөлшер)                                3. Салалы бұлшық етке әсер ететін спазмолитиктерге Аминофиллин (Эуфиллин),Теофиллин  және т.б. дәрілер жатады.     Аминофиллин ( Эуфиллин)    фосфодиэстеразаны басады, ц-АТФ-ты көбейтеді. Талшық ішіндегі калий йоны азайып, кеңірдек тарамының салалы бұлшық еті босайды. Кіші тамырдың қан қысымын төмендетіп, жүректің, бүйректің, мидың қан айналысын жақсартады. Шамалы зәр айдайтын қасиеті бар. Қолдану.Бронх демікпесі, бронхитте, өкпе эмфиземасында бронхоспазмдрдың күпеленуі; тыныс алу орталығы жағынан бұзылыс; өкпелік-жүрек; ми қан айналымының бұзылысы; қан айналу жетіспеушілігі, жүректік және бүйректік ісіктерде.    Кері көрсеткіштері. Эпилепсия, миокард инфарктінің өткір фазасы, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылысы,   сезімталдығының жоғарылауы. Балалар 3 жасқа дейін қолдануға болмайды.    Жанама әсері. Жүрек айну, құсу, диарея, бас ауыруы, мазасыздану, ұйқысыздық, тері бөртпесі, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, гипотензия.      Шығарылу түрі.  Таб. - 150 мг; 2,4% ерітіндісі 5, 10 мл ампуласы күре тамырға егуге; 24% ерітіндісі 1 мл ампуласы  бұлшық етке егуге.   Теофиллин(эуфилонг) орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әрекет етеді, кофеинге қарағанда әлсіз; миокард жиырылуын күшейтеді.    Қолдану.Бронхолитикалық зат ретінде, сонымен қатар жүректік және бүйректік тоқырау кезіндегі кардиотоникалық және диуретикалық зат ретінде қолданады.   Кері көрсеткіштері.  Қалқанша бездің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында,   стенозда, экстросистолияда, эпилепсияда, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында байқап қолдану.   Жанама әсері. Қыжыл, жүрек айну, құсу, іш өту, бас ауыруы.  Тік ішек арқылы бергенде күйдіру сезімі болуы мүмкін.   Көп  мөлшермен қолданғанда эпилепсиялық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.   2. Антиаллергиялых дәрілер:                                                                  А. глюкокортикоидтар - Беклометазон, Будесонид (бенакорт), Флунизолид (ингакорт), Флутиказон т.б.          Беклометозон(бекломет) қабынуға, ісінуге және аллергияға қарсы,  демікпеге.   Қолдану.Бронхиальдық астма, аллергиялық ренит. Ингаляциялық жолмен ересектерге 100-200 мкг және балаларға 50-100 мкг 2-4 рет тәулігіне қолданады. Интроназальды   әр мұрын кіреберісіне тәулігіне 2-4 рет беріледі. Кері көрсеткіштері.Жүктілік (1 триместр), омыраумен емизу. Жанама әсерлері.Дауыстың қырылдауы, мұрынның кебуін және мазалауын сезіну, мұрыннан қан ағу, атрофиялық ренит, фарангит, көздің ішкі қысымының   көтерілуі, лейкоцитоз, лимфопения, эозинопения, ауыздық және мұрындық кандидоз, аллергиялық реакциялар. Шығарылу түрі.  Мөлшерлі аэрозоль   50, 100,200 и 250 мкг/доз (80 и 200 доз);  ұнтағы 100, 200 и 400 мкг/доз (200 доз)  ингаляцияға арналған.                            Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005                                D.S. 1–4 доз тәулігіне   2–3 рет.                                           # Будесонид(пульмикор) қабынуға, аллергияға қарсы және бронхты кеңейтуші арналған дәрі. Қолдану. Аллергиялық ренит, бронхтарылғандағы  жағдай, атропиялық дерматит, экзема, пиориаз, Крон ауыруы. Ингаляциялық жолмен ересектерге 1-4 мөлшерінде, балаларға 1-2 мөлшерінде (0,2-0,8 мг тәулігіне), мұрынға 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр мұрын жолына) 2 рет тәулігіне, сыртқы мазь немесе крем теріге 1-2 рет тәулігіне, ішуге 3 мг капсула түрінде Крон ауруында тәулігіне 3 реттен қолданады.  Кері көрсеткіштері.Өкпе туберкулезінің белсенді сатысы тыныс жолының саңырауқұлақтық инфекция, бүйрек қызметінің күрделі бұзылысы, балалық шақ. Жанама әсерлері.  Ішке қабылдау кезінде диспептикалық бұзылыстар тромбтүзілуінің қатері, артериялық қысымның төмендеуі, ульцерогендік қозғалыс, бүйрекүсті қабығының қызметінің төмендеуі және т.б. Шығарылу түрі.  0,025% мазь и крем   15 г тубік түрінде; мөлшерлі аэрозоль     50 мкг/доза – 200 доз; 0,0125, 0,025, 0,05% суспензия   2 мл; 0,05% - 5 мл   флаконы интраназалдық еңгізу.                          Rp.: Budesonidi 0.003                              D.t.d N.30 in caps.                                 S. 1 капсула тәулігіне 3 рет.                                           # Флунизолид(ингакорт) құрамында фторы бар қабынуға  және аллергияға қарсы қолданылатын дәрі. Қолдану. Бронхиальді астма, созылмалы обструктивті бронхит, аллергический ринитер. Ересектерге 8 рет тәулігіне (мг), балаларға 2 рет (500мг) ингаляциялық жолмен қолданылады. Кері көрсеткіштері.Вирустық интербактериалдық және саңырауқұлақтық инфекциялар ауызқуысында және брохтарда туберкулездің белсенді сатысында, жүктілік, 5 жасқа дейін аралықта. Жанама әсерлері.Кандидоз ауыз-жұтқыншақтық, дисфания, жөтел. Шығарылу түрі.Мөлшерлі аэрозоль боллонда 250 мкг/доза – 120 доз.                             Rp.: Aerosoli Flunisolile 0,000025                                D.S 1–3 рет ингаляцияға (2 - 8 доз тәулігіне)                                           # Флутикозон(кутивейт) құрамында фторы бар қабынуға, аллергияға және қышымаға қарсы зат. Қолдану. Брохиальдық астма, аллергиялық ренит, экзема, псориаз, нейродерматоздар. Ересектерге 100-1000 мкг, балаларға 50-100 мкг 2 рет тәулігіне ингаляциялық жолмен, ересектерге 100 мкг, балалаға 50 мкг мұрынаралығына қолданады. Кері көрсеткіштері.Вирустық, бактериальдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, омыраумен емізу. Жанама әсерлері.Жұтқыншақтың кебуі және тітіркенуі мұрын аралығы, бас ауруы, мұрыннан қан ағуы. Шығарылу түрі.  Мөлшерлі спрей ( су суспензия) 50 мкг/доза – 60, 120 и 150 доз   флаконы интраназалды еңгізу; мөлшерлі аэрозоль 25, 50, 125 и 250 мкг/доза – 60 и 120 доз;   0,05% крем, 0,005% мазь   15 г в тубікте.                          Rp.: Ung.Fluticosone 0,005% - 15,0                              D.S.  Жергілікті жараға жағуға.                                           #     Толық жасушаның дегрануляциясына кедергі келтіретін дәрілер. Кромоглициелық қышқылы (Интал, Кромолин), Недокромил (тайлед, тиларин), Кетотифен (Задитен)                                                                                                                       Кромогликат натрийі (интал, кромолин) аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын зат.  Клеткалардың мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, дегрануляцияны және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің босатылуын   және басқа да биологиялық заттар.   Рецепторларды бөгелтеді, қабыну медиаторларын ерекшелеу қасиеті бар. Қолдану. Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, астмалық бронхитте, пневмосклероз ентігу ұстамасымен, әсіресе аллергиялық құрамдас (компонент), аллергиялық ренит пен конъюктивитта. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 рет тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг) күніне 4 рет. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, екіқабат әйелге, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін, бауыр және бүйректері ауыратын науқастарға байқап қолдану керек. Жанама әсері.  Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін. Шығарылу түрі.     Мөлшерлі аэрозоль   боллонда 10 мл (5 мг/доза – 112 доз) және 15 мл (1 мг/доза – 200 доз); 2%  көз тамшы 5, 10   мл флаконда;   2%  спрей ерітідісі 15, 26 және 28 мл (2, 2,6 и 2,8 мг/доза)   флаконда интраназалдық егуге.                             Rp.: Sodium cromoglycate 0,02                              D.t.d N. 6 in caps.                              S.   1 капсулдан бүркуге тәулігіне 4-8 рет.                                           # Недокромил (тиларин)астмаға қарсы зат. Әр түрлі клеткалардың (эозонофилдар,   нейтрофилдер, макрофактар, моноциттер және тромбоциттер) босатуын бөгелтеді. Ингаляциядан кейін   кешкі астмалық реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті нервтерге әсерін тигізеді. Қолдану. Бронхо обструктивті (даурығу) синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі,   бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бранхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы доза – 2 инголяция (4мл) тәулігіне 4 рет, керек жағдайда тәулігіне 6-8 рет, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәлігіне 2 рет. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Екіқабат әйелдерге (І триместр) және бала емізуінде. Жанама әсері. Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхспазмы, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айну, диспепсия және т.б. Шығарылу түрі. Аэрозоль   баллонда (2 мг/доза – 56, 82 и 112 доз); 1% спрей   15 және 30 мл   флаконда   интраназалды егуге; 2%  көз тамшы 5 и 10 мл   флаконда.                            Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml                              D.S. 1–2  тамшы тәулігіне 5–8 рет.                                           # Кетотифен(задитен)   Н1-гистамин бөгелту  белсенді қасиеті бар, гистамин шығуын тежейді, лейкотриендерді базофильдерді және нейторофильдерді, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар кезінде бастау және кешкі  демікпені басады. Брохоспазмды алдын алуын ескертеді, бронходилатация әсері жоқ.  АТФ-ті тежейді, нәтижесінде цАМФ клеткалары майлы тәндерде көбейеді. Қолдану. Аллергиялық аурулардың алдын алу: атропиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит лихорадка, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 рет тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға. 6айға дейін – сироп 0,05мг/кг, 6 айтан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 рет тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 рет тәулігіне. Кері көрсеткіштері.Гиперсезімталдық, екіқабат әйелдерге, бала емізуінде байқау керек. Эпилепсия, бауыр жетіспеушілік. Жанама әсері.Ұйқышылдық, бас айналу, седативті эффект, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айну, құсу, гастролгия, дизурия, запор, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене массасының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары. Шығарылу түрі.  Таблетка және капсула   1 мг; 0,02% сироп   100 және 200 мл   флаконда  ішуге.  2.Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер.                  1.Аналептиктер (жан сақтағыштар). Бұлар жалпы орталық жүйке жүйесін қоздыратын және тікелей тыныс алу жүйесі мен қан-тамыр айдау орталығына (сопақша мида) жедел әсер тигізетін дәрілер. Бұларға кордиамин (Cordiaminum), камфорлық май (Camphora oleosae) және т.б. тыныс жүйесіне әсер ететін дәрілер (бемегрид, кофеин және т.б.) жатады. Бұлар, көбінесе наркоздық, ұйықтататын дәрілермен және этил спиртімен уланғанда, тыныс алу бұзылуы, жүрек-тамыр жетіспеушілігі кезінде қолданады. Кордиамин (Никетамид және т.б.) тікелей тамыр орталығына, содан кейін тыныс орталығына әсерін тигізеді. Тыныс орталығы каротидті синустың (тыныс артерияларының аймағындағы жүйке торшалық рецепторлары) хеморецепторларын (сол тамырлардың ішіндегі рецепторлар) қоздырады. Мөлшері тым асып кетсе улық әсері көрініп, клоникалық тырысулар (бүкіл дененің тырысу) пайда болады, сондықтан тағайындау кезінде сақ болу керек. Кордиаминнің 25% ерітіндісі 1 және 2 мл ампуласы тек жедел көмек үшін коллапс (күш кету), асфиксия (тұншығу), шок (естен тану) және осындай өлім халіндегі жағдайда тері астына немесе бұлшық етке егуге, ал күрделі жағдайда көк немесе күре тамырға күніне 1-2 реттен егу үшін қолданылады. 15 және 30 мл флакондағы кордиамин ерітіндісін тамшы ретінде әлсіреп күші кетіп жатқанда: операциядан және уланғаннан (ересекті, барбитуратты және т.б. улы заттар) кейінгі кезде, 15-тен 40 тамшыға дейін күніне 2-3 реттен береді. Қояншық және тырысқақпен сырқат науқастарға мұқият тағайындау керек немесе мүлдем қолданбаған жөн. Rp.: Sol. Cordiamini 25%-2 ml    D.t.d. № 10 in amp.    S. 1 мл тері астына.                    # Камфора (Камфор) және әртүрлі дайындық дәрілері (Камфора майы 20% егуге; Камфора майы сыртқа жағуға; Камфор спирті ысуға және сүртуге арналған; Камфоцин– қоспалы дәрі (камфора, салицил қышқылы, кастор майы, скипидар, бұрыш және т.б.). Камфора жүрек пен тыныс орталығын, шеткі жүйке жүйе рецепторларын қоздырып отырады, бірақ созылмалы жүрек-тамыр және тыныс жетіспеушілігіне, олардың созылмалы қабыну аурулары кезінде қолданылмайды. Миалгия, артрит, ревматизм аурулары кезінде жергілікті жағуға пайдаланады.                                   Rp.: Sol. Camphorae oleosae 20%-2 ml                             D.t.d. № 10 in aml.                      S. 2 мл бұлшық етке егу ретінде .                        # Бемегрид (Глютамизол және т.б.) тікелей орталық миды, көбінесе ұйқы орталығын қоздырады, сондықтан бұл дәрі наркоздық, ересекті және ұйықтататын дәрілермен (барбитураттар) және т.б. улармен (орталық жүйкені тежейтін) уланғанда жақсы әсерін тигізеді. Бұның 10 мл ампуладағы 0,5% ерітіндісін қан тамырға баяу енгізу керек. Психомоторлық қозу немесе құсу басталса қолдануға болмайды. Бемегридті енгізу өте қажет болған жағдайда тыныс жолдарын, алдын ала асқазанды жуып тазалаған жөн.   Кофеин - натрий бензоаты - ең көп қолданатын және психиканы жақсы қоздыратын дәрі. Мөлшері: 0,1; 0,2 және 0,075 г-нан ұнтақ және түймедақ түрінде; 10% ерітіндісі 1 мл және 20% ерітіндісі 2 мл ампулада шығарылады. Кофеинді психиканы және денені қоздыру, орталық жүйке жүйесін қуаттау үшін, жүрек жеткіліксіздігінде, коллапс, гипотония, наркотикалық және ұйқы келтіретін дәрілермен уланғанда, бас айналып, ауырғанда қолданады. Мөлшері көп асып кетсе ұйқы қашу, жүрек соғу және айну, тынышсыздану, жүрек аритмиясы, қозулық байқалады.            Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoates 10% - 1 ml                    D.t.d. № 10 in amp.                                                                           S. 1-2 мл ден тері астына.                                                                                         #

        

     2. Тыныс алу жүйесін қуаттаушы дәрілер.

 

  Тыныс алу жүйесін қуаттаушылар үш топқа бөлінеді:

1. Тікелей тыныс алу жүйенің орталығының белсенділігін арттыратын дәрілер: бемегрид, кофеин, этимизол (Aethimizolum).

2. Тыныс алуды рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер: цититон, лобелин.

3. Аралас түрде қуаттаушы дәрілер: кордиамин, көмір қышқылы (карбоген), камфора.

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Этимизол - 0,1 г түймедақ түрінде және ампуласы 1 % ерітіндісі - 3 мл; 1,5% ерітіндісі - 5 мл егуге пайданылады. Наркотиктермен және анальгетиктермен уланғанда, содан соң нәрестенің асфиксиясында тыныс орталығын қоздыру үшін қолданылады. Адренокортикотроптық гормон арқылы қабынуға қарсы әсері болғандықтан артриттер, бронхылық демікпеде, өкпе ателектазында және аллергиялық ауруларында пайданылады. 

Біраз қолданғаннан кейін жанама әсерлері де байқалады: құсу, диспепсиялық көрініс, бас айналу, ұйқының бұзылуы және т.б. өзгерістер пайда болады. 

Этимизолды қолдануға болмайды: қимыл және психикалық белсенділігі жоғары ауруларда, ұйқы қашқанда, артериялық гипертензияда, жүрек-тамыр жүйесінің органикалық ауруларында.

               Rp.: Sol. Aethimizoli 1,5% - 5ml    

                       D.t.d. № 10 in amp.                                                

                       S. 3-5 мл тері астына егу.     

                                    #

     Бемегридпенкофеин алдыңғы тақырыпта талданды. Бұлар бірінші топтағы дәрілер анальгетиктермен және ұйықтататын (барбитураттар) дәрілермен уланғанда қолданылады. 

 

         Рефлекторлы түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер синокаротидтік аймағының Н-холинорецепторларын қоздырып, ол жерден афференттік импульстер сопақша миға келіп, тыныс алу орталығы белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Оның әсері қысқа бірнеше минут қана. Цититонменлобелинді морфинмен, барбитураттармен, көмір қышқыл газымен уланғанда, жарақаттанғанда, операцияларда, шокта, коллапста қолданады. Бұларды Н-холиномиметик тақырыбында анықтадық (бұл дәрілер холинергиялық тақырыпта берілген).

 

                    Аралас түрде қуаттаушы дәрілер.

Бұл топқа жататын дәрілер каротидтік түйіршіктік хеморецепторына әсер етеді. Медициналық тәжірибеде қолданатын 5-7 % көмір қышқылы және 93-95% оттегі екеуінің қосындысын карбоген деп атайды. Бұны ингаляция дем алдыру арқылы береді. Бұл кезде тыныс алу орталығында көмір қышқылының жиналуынан тыныс алуды қоздырады.

 Кордиамин алдыңғы тақырыптарда берілді.

 

           3.Жөтелге қарсы дәрілер.

Жөтелге қарсы қолданылатын дәрілер үш топқа бөлінеді:

1/ Сопақша мидағы жөтел орталығына әсерін тигізетін дәрілер. Оларға наркотикалық анальгетиктер жатады: кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphini hydrochloridum).

2/ Қосымша әсері бар дәрілер: глауцин гидрохлориді (Glaucini hydrochloridum) және тусупрекс (Tusuprex).

3/ Сыртқы тыныс жолына әсер ететін дәрі - либексин(Libexin).

 

         1. Жөтел орталығына әсер ететін дәрілер.

Кодеин фосфаты (  Кодеин қосымша күрделі дәрілердің құрамына кіреді: Коделак, Терпинкод, Пенталгин, Седалгин, Кодтерпин   және т.б.) - опийдан алынған алкалоид, морфинге ұқсас, бірақ ауырсынуды басатын әсері біршама төмен келеді. Морфиннен артықшылығы тікелей сопақша мидағы жөтел орталығына тежеулік әсері жоғары келеді.

Кодеин фосфат тыныс жүйесін аздап болса да тежеп отырады және ұзақ қолданғанда құмарлыққа, яғни тәуелдікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, артериялық гипотензия, ішек және қуық босауы, жүрек аритмиясы және аллергиялық өзгерістер болады.

Бұл дәріні қолдануға болмайды: тыныс жетіспеушілігінде, қан қысымы төмендегенде, бас-ми жарақатында, жүкті әйелдерге, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Кодеин фосфат түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 10-20 мг жөтелді тыныштандыру үшін қолданылады.

 Rp.: Codeini phosphatis 0,015

    D.t.d № 10.

    S. 1 ұнтақтан жөтелге.

              #

Этилморфин гидрохлориді (Дионин, Диолан және т.б.) - морфиннен алынған жасанды дәрі, кодеинге ұқсас, бірақ жөтелдің әсерін төмендету үшін қолданады. Бұл дәрі көбінесе созылмалы тыныс жолдарының қабыну ауруларында (созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі және т.б.) жөтелуді және ауырсынуды басу үшін қолданылады.

Этилморфин негізі офтальмологиялық тәжірибеде көп қолданылады (жергілікті жансыздандыру және тыныштандыру үшін). Көптеген көз ауруларында ісіну, қабыну (кератит және т.б.) асқынып бара жатқанда пайдаланып отырады.

Бұл дәрі түймедақ және ұнтақ ретінде мөлшері 0,01 және 0,015 г жөтелді тыныштандыру үшін, ал көз ауруларына 1-2 % май және тамшы түрінде қолданылады.

Rp.: Ung. Aethylmorphini hydrochloridе 2% - 10,0

   D.S. Жатарда көзге тарту ретінде беріледі.

                            #

             2. Қосымша әсерін тигізетін дәрілер.

Глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Бұлардың наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар. Бұл дәрілер сопақша мидың орталындағы жөтелу рефлекстерін басып отырады.

Глауцин гидрохлориді (Глаувент және т.б.) наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар және жергілікті тыныс жолымен бірге сопақша мидың орталығында жөтелу рефлекстерін басып отырады. Бұл опий тұқымдастығы өсімдіктерінен алынған алкалоид. Жөтелдік қарсы әсері жақсы, тыныс жүйесіне әсер етпейді, қанша қабылданса да құмарлық пайда болмайды.

 Глауцин гидрохлоридін көбінесе өкпе және тыныс жолдарының қабыну ауруларындағы жөтелге қарсы пайдаланып отырады.

Біраздан кейін қан қысымын төмендетуі мүмкін. Гипотензия және миокард инфарктында қолдануға болмайды.

 Бұны күніне 2-3 түймедақтан немесе дражеден тамақтан кейін береді. Мөлшері 50 мг қапталған сары 20 түймедақтан шығарылады.

Rp.: Dragee Glaucini hydrochloride 0,05

   D.t.d. № 20.

   S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

                 #

Тусупрекс (Окселадин, Пакселадин және т.б.) –   орталық жөтел рефлексін тежейді, ал тыныс алу жүйесіне және тыныс орталығына әсері жоқ. Қанша пайдаланса да құмарлыққа келтірмейді. 10, 20 және 30 мг   қапталған қызғылт түймедақ түрде шығарылады.  

 

    3. Шеткі тыныс жолдарына әсер ететін дәрілер.

Бұған либексин жатады. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатын жансыздандырады, орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, сонымен бірге тәуелділік шақырмайды.

Либексин (Тибексин және т.б.) – жасанды дәрі, күштілігі кодеин фосфатымен бірдей. Тыныс алу жүйесіне әсері жоқ және құмарлыққа келтірмейді. Жергілікті жансыздандыру және тыныс алу жолдарының спазмын басады.

    Тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында (бронхит, бронхопневмония, демікпе, эмфизема және т.б. қабынулық өзгерістер) жақсы әсерін тигізеді.

Бұның мөлшері 100 мг күніне 3-4 рет беруге болады, тек түймедақты шайнамай жұтып жіберу керек, ол ауыз ішінде ери бастаса кілегейлі ауыз қабығын жансыздандырып жібереді.

           Rp.: Libexini 0,1

                   D.t.d № 20 in tab.

                   S. 1 түймедақтан күніне 3 рет.

                                  #

                    

         4. Қақырықты шығаратын дәрілер.

Қазіргі кезде қақырықтың шығаруын жеңілдететін дәрілер екі топқа бөлінеді:

1/ Тыныс алу жолының секрециясын белсендіретін дәрілер, яғни жергілікті рефлекстік әсерімен қақырықты тебіндіріп сыртқа шығарып отырады (термопсис ( Herba Thermopsidis), алтей тамыры (Radices Althaeae), мия тамыры (Radices Glycyrrhizae), анис жемісі (Fructus Anisi vulgaris) және т.б. шөптен алынған дәрілер мен натрий бензоаты (Nаtrii bеnzoas) т.б. да химиялық заттар). Бұлар асқазанның шырышты қабықшасын тітіркендіріп, содан кейін тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Осы әрекеттердің тыныс және құсу орталықтарымен байланысы бар, сондықтан кейбір құстыратын дәрілер (апоморфин және т.б.) тым аз мөлшерімен қақырықты айдап шығаруға болады. Осы дәрілердің ішіндегі тез қанға сорылатын дәрілердің (натрийжәне калий йодидтері,   натрий гидрокарбонаты және т.б.) кейін резорбтық (сорылу) әсері күшейеді. Олардың құрамындағы эфирлік майлар тыныс жолына шыға бастайды. Содан соң олар жергілікті жабысып қалған қықырықты жібітіп және сұйылтып сыртқа шығуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде бұл дәрілер жанама әсерлері болғандықтан және тиісті әсерінің жеткіліксіздігінен сирек қолданылады. Бұлардың орнына көбінесе муколитикалық заттар пайданылады.

2/ Жергілікті қақырықты сұйылтатын, яғни муколитикалық заттар. Бұған біріншіден, ертеден қолданып келе жатқан ферменттік дәрілер (кристалдық трипсин, хемотрипсин(Trypsinum crystallisatum), рибонуклеаза (Ribonucleasum)және т.б.), екіншісі қазіргі кездегі шығарылған жасанды заттар (ацетилцистеин (Acetylcysteinum), бромгексин (Bromhexinum), амброксол (Ambroxolum) және т.б.). Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жергілікті эндогендік сурфактантты белсендіретін амброксол болып табылады.

 

 1. Жергілікті рефлекторлық әсерімен қақырықты шығаратын дәрілер.

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

   Natrii hydrocarbonatis 0,25

   D.t.d. № 10 in tab.

   S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

                #

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин(Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

  Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

     Sir.Althaeae 20 ml

     M.D.S. 1 шай қасықтан

                      #

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам(Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

   D.t.d. № 50 in tab.

   S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

              #

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

   D.S. 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет.

                          #

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады.

 

2. Жергілікті қақырықты сұйылтатын (муколитикалық) дәрілер.

Кристаллдық трипсин(ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

 Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

    D.t.d. № 6 in amp.                              

    S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.    

                   #

Рибонуклеоза –ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

 Rp.: Ribonucleasae 0,01

    D.t.d. № 6 in amp.

    S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.

                   

Aцетилцистеин (Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, Мукомист, Туссиком және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.

Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да қолданып отырылады.

 Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20% ерітіндісін күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 мл-ден 10% ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке егу ретінде 10% ерітіндісін күніне 2-3 реттен.

                Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml

                        D.t.d. № 10 in amp.

                        S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне 4-5 (2 жас балаларға).

                                           #

                                                                                                                                                                                                                                              

Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл ампуласы бар.

Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап болса да жөтелді басады.

Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда қолданылады.

Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.

Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.

Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml                  

   D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 рет.

                     #

Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.

Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады.

 Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 мл         

    D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.

                              #                                   

          

            5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.

Жүрек-тамыр жүйесінің, бүйрек, ми ауруларда, әртүрлі жұқпалы ауруларда, химиялық заттармен өкпе зақымданғанда пайда болатын өкпе ісінуінде емдеу үшін қолданылатын дәрілер бірнеше топқа бөлінеді.

 

 5.1. Опиоидтық анальгетиктер. 

Морфин, фентанил, таламонал. Бұлар шеткі қан тамырларын кеңейтіп, гемодинамиканы күшейтеді.

 

5.2. Ганглиоблокаторлар (тежегіштер).

Гигроний, пентамин, бензогексоний және т.б. ганглиотежегіштер әсерінен ірі тамырлар кеңіп, өкпе ісінуі басылады.

 

5.3. Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер.

 Натрий нитропруссиді, эуфиллин жәнет.б. миотроптық спазмолитиктер тамырдың салалы бұлшық еттерін босатады, содан кейін тамырлар кеңейеді.

 

5.4. a - адренотежегіштердың беленсенділігін арттыратын дәрілер.

Фентоламин және одан да басқа дәрілер аминазин, дипразин жатады. Бұлар артериялық қысымды төмендетіп, жалпы гемодинамиканы қалыптастырады. Жүректің қызметі жоғарылап, кіші шеңбердегі қысым төмендейді. Өкпедегі ісінуді басады. Өкпе тамырларынан сұйықтық шығуы төмендеп, сіңірілу көбейеді.

Егер артериялық қысым қалыпты жағдайда болса, өкпе ісінуін азайту үшін осмостық зәр айдайтын дәрілерді қолданады.

 

5.5. Дегидратация жасайтын дәрілер.

Маннит, мочевина – осмостық зәр айдайтын дәрілер. Бұлар денедегі артық сұйықтықты қан-тамыр арқылы сыртқа шығарады. Басқа тез зәр айдайтын дәрілер – фуросемид, этакрин қышқылы қан айналымының көлемін төмендетеді.

 

5.6. Тыныс алу жолын көбіктен ашатын дәрілер.

Альвеола ісініп, көбік жиналғанда оны жоюға этил спирті және антифомсилан ингаляция түрінде қолданады.

 

5.7. Өкпе ісінгенде глюкокортикоидтарды (преднизолон және т.б.) қолданады. Олардың қабынуға қарсы және иммунодепрессантық қасиеті бар.

 

5.8. Барлық жағдайларда өкпе ісінгенде ең тиімді емнің бірі –оксигенотерапия.

 

5.9. Кейбір жағдайда жүрек және қан-тамырдың гемодинамикалық күшін жоғарылату үшін жүрек гликозидтерін (Строфантин К) қолдануға болады. 

 

5.10. Сурфактанттар – Куросурф, колфосцерил пальмитат (экзосурф нәрестелік), альвеофакт және т.б. шала туған нәрестелердің дистресс-синдромы байқалғанда тыныс алу жолының белсенділігін көтеруге қолданылады. 

Rp.: Suspensionis Curosurfi 8% - 3 ml

   D.t.d. № 5                                    

  S. Кеңірдекке 2,5 мл 1 кг салмағына енгізуге арналған.

                                 #

     

 

 

Средства, влияющие на дыхательную систему.   

   


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1544; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!