Каналдар агрецияларын конфигурациялау 9 страница



► Қауіпсіздік архитектурасы. Командалық қатар деңгейінде және графикалық интерфейс деңгейінде процесстер оларға рұқсат жоқ ресурстарға бара алмайды. Мұнда файлдық жүйедегі рұқсаттың шектелуі қауіпсіздіктің үлкен бөлігіне жауап береді. Бірақ жүйелік артықшылықтар бұл керек кезде ғана рұқсат етіледі. Осының әлдеқайда анық мысалы бір пайдаланушыдан артық қолданылатын программалық қамтамасыз етілуді орнату үшін әкімшілік қуаттауға талап етілетін Installer қосымшасы болып табылады. ОЖ-ға қондырылған қауіпсіздік архитектурасы Мас компьютерлері еркіндігінің зиянды программаға қатысты негізгі себептерінің бірі болып табылады.

► Код қолтаңбасы. Mac OS X vl0.5-та қол қойылған қосымшалар мен процесстер кодын қолдауы енгізілген. Қол қойылған қосымшалар мен процесстер программалық код пен ресурстың негізі мен бүтіндігін тексеру үшін жүйемен қолданылатын сандық қол таңбадан тұрады. Код дискте ғана емес орындау кезінде де тексеріледі. Сондықтан тіпті егер қосымша мен процесс кодының белгілі бір бөлігі жұмыс уақытында лайықсыз бейнесімен өзгерсе, жүйе осы процессті автоматты түрде аяқтауы мүмкін. Код қолтаңбасы жаңартудан кейін қосымшаларды тексеру үшін кілттердің тізбегін (keychain), дербес брандмауэрді, Parental Controls және Managed Cli­ent аталық бақылау құралдарын қолданады. Сонымен қатар, Mac Арр Storeтан алынған барлық қосымшаларға қол қойылуы керек.

► Қосымшалар карантині. Егер пайдаланушы сыртқы көзден жүктелген қосымшаны ашуға талпынса, ескертуді көрсететін қосымшалар карантині Mac OS X vl0.5-та енгізілген. Егер оның қауіпсіздігіне қатысты белгілі бір күмәндар болса, бұл пайдаланушыға жаңа қосымшаны ашу ашпау керектігін ойлануға мүмкіндік береді. Mac OS X vl0.6-та осы мүмкіндік белгілі зиянды программалардың тізімін енгізу жолымен одан ары кеңейтілген. Егер пайдаланушы осы тізімнен кез келген программаны ашуға талпынса, онда жүйе ескерту диалогты терезесін шығарады және осы нысанды Себетке (Trash) орналастыруды ұсынады.

► Қосымшаға арналған құмсағат. Операциялық жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жаңа қызметі қосымшалар мен процесстерге арналған толықфункционалды құмсағатты (sandbox) қолдау болып табылады. Өз атауына ере отырып, бұл функция ОЖ-дағы қосымшалар мен процесстерге жүйенің басқа бөліктеріне аз әсерін тигізетін қорғалған ортаның ішінде ойнауға мүмкіндік береді.  Құмсағат технологиясын құру алдында қосымша файлдық жүйенің кеңейтілімдерімен шектелген, бірақ сонымен қатар ол пайдаланушының барлық мәліметтерге рұқсаты бар. Құмсағатты қолдану кезінде қосымшалар оларға керекті нысандарға рұқсатты ұсынады. Бұл көпшілікгі Apple компаниясының өндірушілерімен анықталған ережелердің үлкен жиынтығы арқылы жасалады, бірақ осы ережелердің бірі пайдаланушымен түрленеді. Егер соңғысы нақты құжат болса, онда пайдаланушыға осы файлдың құрамына қарауға рұқсат беріледі, осы себептен қосымшаға құмсағат шегінде осы файлға рұқсат беріледі.

                                                                   8.3 Қосымшаның жұмыс ортасы

       ОЖ қосымшасы жұмыс ортасының кең диапазонын қолдайды. Олардың біреуі Мас ескі қосымшаларымен кері сәйкестілікті ұсыну үшін керек, қалғаны UNIX негізінде танымал құралдарға арналған құралды қосады. Сонымен қатар қарапайым қолданушыға қандай жұмыс ортасын қосымша қолданатынын – жүйе сәйкес ресурстарды автоматты түрде ұсынатынына уайымдаудың қажеті жоқ.  ОЖ қосымшаларының бес негізгі жұмыс ортасы Cocoa, Carbon, Java, BSD және XI1 болып табылады.

Cocoa

Cocoa Lion-ға қарағанда ерекше қосымшаның жұмыс ортасы болып табылады, өйткені  қосымшалар негізінде тек iOS мен Мае OS X орындалады. Cocoa Objective-C программалауының нысанды-бағытталған тіліне негізделеді. Егер оларға Мас компьютерінің соңғы мүмкіндіктерінің артықшылықтарын қолдану талап етілсе, онда көбінесе өндірушілер Cocoa ортасын қолдануға мәжбүрлі. Мысалы, тек Сосоа- қосымшалары біруақытта графикалық интерфейсті және 64-разрядты қызметтің артықшылықтарын қолдана алады. Осыған байланысты кіріктірілген жүйелік программалық қамтамасыз етудің үлкен бөлігі мен көлденең өндірушілердің жаңа программалық қамтамасыз етуі Cocoa жұмыс ортасы үшін өндіріледі.

Carbon

Carbon қосымшасының жұмыс ортасы Mac OS ОЖ алдыңғы жұмыс ортасының жаңартылған және қарапайым нұсқасы болып табылады. Өндірушілер Mac OS Xта орындау үшін Mac OS операциялық ортаға (көбінесе бұл үшін кішкене түзетулер керек) арналған өзінің ескірген қосымшаларын жаңарта алады. Carbon ортасы С және C++ программалаудың салалы стандартты тілдеріне негізделеді. Сырттай Carbon және Cocoa қосымшалары арасында айырмашылық тіптен жоқ.

Mac OS X әрбір жаңа нұсқасымен Cocoa мен Carbon арасындағы айырмашылық азаяды. Көптеген заманауи қосымшалар екі жұмыс ортасының артықшылықтары қолданатын кодтан тұрады. Бірақ Apple компаниясы Mac OS X 10.6та Carbon графикалық қосымшалары үшін емес, Cocoa графикалық қосымшалары үшін 64-разрядты толық қолдауды қоса отырып шектеу жүргізді. Apple ОЖ ға арналған жаңа программалар  тек Cocoa ортасында өндірілуі керектігін анық түсіндірді.

Java

Java платформаға тәуелсіз қосымшаларды құру мақсатында Sun Microsystems компаниясы құрған қосымшаның жұмыс ортасы болып табылады. Өндіруші Java виртуалды машинасын қолдайтын кез келген ОЖ-де орындалатын программалық кодты құра алады. Дегенмен ОЖ Java орындау уақытының ортасын қолдайды, ол жасырын түрде Java ортасын орнату бағдарламасын қоспайды. ОЖ-де Java апплетін немесе қосымшасын қосудың бірінші мүмкіндігінде программалық қамтамасыз етілуді жаңарту (Software Update) программасы Apple компаниясының серверімен OS X  арналған Java ортасын автоматты түрде жүктейді және оны орнатады.

Кез келген басқа программалық қамтамасыз етілуді жаңарту жағдайындағыдай Java орындаудың уақыт ортасын орнату үшін администратордың тіркеу мәліметтерін енгізу керек. Сондықтан егер сіз сіздің пайдаланушыңызға Java-қосымшаларға қол жету керек болса, онда ОЖ стандартты құрылым бөлігі ретінде OS X ОЖ-ға арналған Java ортасын жүктеп және орната аласыз.

BSD

Mac OS X vIO.5-тан бастай отырып, жүйе Posix және 03-пен сәйкес болды. Lion көптеген UNIX программалармен сәйкес келеді. «Darwin» атты Mac OS X жүйесінің (ядро) негізі Free Berkeley Software Distribution (FreeBSD) UNIX ашық коды бар операциялық жүйенің командалық қатар интерфейсіне құрылған. Командалық қатарға көбінесе Программалар/Утилиттар/ Терминал (Mpplications/Utilities.Terrntnnl} қосымшасы арқылы назар аударуға болады. Командалық қатардың әр түрлі утилиттері бүкіл осы басшылық бойынша қарастырылады, ал Б қосымшасы осы ортаға кіріспе ретінде қызмет етеді.

Х11

XII - UNIX жұмыс станциясы үшін графикалық қосымшаның бірыңғай платформасын қамтамасыз ететін ВSD ортасының кеңейтілуі. Apple компаниясының XII жүзеге асуы XFree86 ашық негізгі кодты танымал жобасына негізделген. XII-қосымшаларына қол жеткізу үшін олардың орындалатын файлдарына екі рет шерту керек немесе Программалар/Утилиттер/ орналасқан Х11интерфейсін ашуға болады.

Классикалық (Classic) және Rosetta ортасы 

Мас OS X-тың алдыңғы нұсқалары Мас OS ОЖ мен PowerPC процесстері үшін құрылған қосымшаларды қолдайды. Пайдаланушыларға Мас OS ОЖ үшін арналған программаларды орындауға мүмкіндік беретін Классикалық (Classic) сәйкестілігінің жұмыс ортасы Мас OS X 10.5-тен бастап қолданылмайды. PowerPC процессорлары үшін құрылған программаларды пайдаланушыларға қосуға мүмкіндік беретін Rosetta сәйкестілік ортасы ОЖ Lion-нан бастап қолданылмайды.

Ашық негізгі кодты программалық қамтамасыз ету.

ОЖ-ның үлкен бөлігі кейде “ашық негізгі кодты программалық қамтамасыз етілу” (open source soinvare) деп аталатынын сіз байқаған шығарсыз. Ашық негізгі код – бұл программалық қамтамасыз етудің негізгі кодына өзгерістер енгізу мен бос таралу негізінде программалық қамтамасыз етілуді құру тәсілі. Басқаша айтқанда, бұл – код қарапайым қолдануға және ары қарайғы модификация үшін кез келген пайдаланушыға еркін қол жетімді программалық қамтамасыз ету.

Apple компаниясы ашық негізгі кодты көптеген жобаларға қатысады. Мұнда біз тек ашық кодтың алыс-берісін ғана емес жобалар салымы мен ашық негізгі кодты жаңа жобаларды құруын көздеп тұрмыз. Негізінен «Darwin” атын алып жүрген ОЖ ядросы ашық негізгі кодты 200-ден астам жеке жобалардан тұратын толығымен ашық негізгі кодты операциялық жүйе болып табылады. Mac OS X-та Apple компаниясы өзінің жеке жабық программалық шешімдерін қолданады. ОЖ-ның жеке бөліктерін құру Apple-ға олар үшін төлемақыны алуға итермелейді, бірақ бұл компанияға ерекше программалық қамтамасыз етуді құрумен айналысатын жүздеген дарынды өндірушілердің еңбегін өтеуге мүмкіндік береді.

Ашық негізгі кодты прогаммалық қамтамасыз ету көлемінің жылдам артуы алдыңғы онжылдықта тек керемет программалардың құрылуына ғана емес, жаңа операциялық жүйенің – Linux-тің көтерілуіне алып келді. Дамығын танымалылығымен Linux-тің ашық негізгі кодты жоғарысапалы қосымшалары да белгілі болды.

Ашық негізгі код ОЖ мен UNIX-тің арқасында пайдаланушылар өздерінің Мас компьютерлерінде ашық негізгі кодты қосымшалар мәліметтерін қолдана алады. Кейбір ашық негізгі кодты қосымшалар командалық қатарда жұмыс істейді, ал басқалары X11 ортасы арқылы жұмыс істейді, ал кейбіреулері толық қызметті Мас қосымшаларына конверттеледі. Сізге ашық негізгі кодты тегін шешімдердің мәліметтерін зерттеуге біраз уақыт бөлу керек, сондықтан олар коммерциялық программалық қамтамасыз етуге сәйкес келетін алмастыру болуы мүмкін.

  

9 Дәріс. Қосымшалар мен процесстер мониторингі

                Mac OS ОЖ процесстер мен қосымшаларды басқару мен идентификациялау үшін бірнеше тәсілдерді ұсынады. Процесстердің қолданылатын архитектурасын қоса отырып, Қосымшалар мен командалар индентификациясы үшін Finder немесе Жүйе туралы ақпарат (System Information) қолдануға болады. Жүйе мониторингі (Activity Monitor) қосымшасы және ps пен top командалары компьютерде орындалатын барлық процесстермен басқару үшін қолданылады.                                                                                9.1 Қосымша идентификациясы

         Finder утилитінен базалық ақпаратты жылдам табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1.Finder-ден идентификациялау талап етілетін қосымшаны таңдаңыз, одан кейін Сипаттамалар (Get Info) немесе инспектор (In­spector) терезесін ашыңыз.

Сипаттамалар (Get Info) терезесін ашудың бірнеше тәсілдері бар:  мәзірлер панелінен Файл > Сипаттамалар (File >Get Info) таңдаңыз;I Command 1+ПП басыңыз; қалқымалы мәзірден Сипаттамалар (Get Info) командасын таңдаңыз. Finder теезесінде құрал-саймандар панеліне таңдалған нысандармен (Action) әр түрлі әрекеттер жүргізіледі; нысанды тышқанның оң жақ түймесін басып немесе 1 Control 1 басып тұрыңыз және жылдам қол жеткізу мәзірінен Сипаттамалар (Get Info) командасын таңдаңыз.

2.Сипаттамалар (Get Info) терезесі ашылған кезде, қосымша туралы жалпы ақпаратты ашу үшін Жалпы (General) ашатын үшбұрышын шертіңіз.

Бұл таңдалған қосымша осы үш түрдің біреуіне жататынын білдіреді.

Application (Intel). Intel процессорлы Мас компьютерінің Mac OS X үшін арналған қосымшалары.

Application. PowerPC процессоры бар компьютерлерінде Mac OS X үшін арналған қосымша.

Applications кез келген қосылатын том түбірінде. Қандай қосымшалар System Information утилитінен анықталатынын көру үшін Contents тізімінен алынған Программаларды (Applications) таңдаңыз. Тізімнен қосымшаны таңдаған кезде, оның аты, нұсқасының номері, модификациялау уақыты, қосымша түрі мен ол Арр Store-дан сатылып алынғаны шығарылады. Lion-мен бірге орнатылған қосымшалар  Арр Store-да жасалған сияқты көрсетілмейтініне назар аударыңыз.                               

 9.2 Жүйе мониторингі (Activity Monitor) көмегімен процесстерді мониторингтеу

Олардың орындалуы уақытындағы процесстердің мониторингіне арналған Mac OS ОЖ негізгі қосымшалары Жүйе мониторингі (Activity Monitor) болып табылады. Бұл аса тиімді құрал кез келген қазір орындалып жатқан процесстер жүйелердің негізгі көрсеткіштерін шығарады. Егер қосымша жауап бермесе немесе ақырын жұмыс істей бастаса, жүйе мониторингі (Activity Monitor) көмегімен тексеріңіз. Сонымен қатар егер барлық жүйе ақырын жұмыс істемесе6 Жүйе мониторингін (Activity Monitor) қолданыңыз. Бұл утилит жүйелік жадының немесе процесстер ресурсының үлкен пайызын қолданатын қосымшаны немесе фондық процесстерді ұқсатуға көмектеседі.

Жүйе мониторингі (Activity Monitor) көмегімен Мас компьютерінің процесстерін қазір орындалып жатқанын көру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Программалар/Утилиттар/Жүйе мониторингін (/Applications/ Utilities/Activity Monitor) ашыңыз.

Процесс идентификаторы (PID). Әрбір процесстің жүйені жүктеу кезінен бастап оның қосылу ретіне сәйкес таңдалатын бірегей идентификаторы бар.

Процесс аты (Process Name). Осы процессті құрушы таңдаған ат.

Пайдаланушы (User). Әрбір процесс белгілі бір пайдаланушы атынан қосылады. Сондықтан әрбір қосымшада өзіне берілген тіркеу жазбаларына сәйкес файлдық жүйеге рұқсаты бар.

% ЦП (% CPU). Бұл сан орталық процессор ресурстарының процессін қолданудың жалпы пайызын көрсетеді. Максималды мүмкін мәні жүйедегі процессордық ядро санына көбейтілген 100%-ға тең.

Ағындар (Treads). Әрбір процесс әрі қарай орындау ағынының қатарына бөлінеді. Процесстерде бірнеше ағындарды пайдалану реакциясының жылдамдығын арттыруға көмектеседі, сондықтан процесс біруақытта бірнеше тапсырмаларды орындай алады. Мультиағындық өнімділікті аттырады, өйткені бір процестің әрбір ағыны процессордың жеке ядросында орындала алады.

Физикалық жады (Real Mem). Бұл мағына қазір процесс алып тұрған оның физикалық жады көлемін көрсетеді.

Түрі (Kind). Бұл баған қандай процессор архитектурасына қосымша жазылғанын көрсетеді: Intel (64 bit), Intel немесе PowerPC.

2.Осы баған бойынша процесстер тізімін реттеу үшін бағанның тақырыбын шертіңіз.

Іріктеудің артатын және кемитін ретіне қосылу үшін тағы бір рет тақырып бағанын шертіңіз. Сонымен қатар, бағандар санын және Түрі (View) мәзірінде жаңарту жиілігін үйлестіруге болады.

3. Жүйе мониторинг (Activity Monitor) утилиті қазір тіркелген пайдаланушы үшін орындалатын процесстерді ғана көрсетеді. Барлық белсенді процесстерді көру үшін Көрсету (Show) қалқыма мәзірден Барлық процесстерді (All Processes) таңдаңыз.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 518; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!